Жылқының іріңді пододерматиті және оның емі


Аннотация
«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Жылқының іріңді пододерматиті және оның емі» атты курстық жұмысым 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу - ауру тарихы, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер мен белгілер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1 Пододерматит . . . 10
1. 2 Іріңді пододерматит . . . 10
1. 3 Жарақатты дерматит . . . 11
1. 4 Химиялық дерматит . . . 11
1. 5 Удан болатын дерматит . . . 12
1. 6 Сүйелді дерматит . . . 12
1. 7 Гангреналы дерматит . . . 12
1. 8 Экзема . . . 13
1. 9 Хирургиялық операция туралы ілім . . . 14
2 Өзіндік зерттеу- ауру тарихы . . . 18
2. 1Proanamnеsis . . . 18
- Anamnesis vitae . . . 18
- Anamnesis morbi . . . 19
- Status praesens universalis: . . . 19
2. 5 Status prаesens localis . . . 20
2. 6Diagnosis . . . 21
- Decursus morbi et therapia . . . 21
2. 8Epicrisis . . . 28
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 29
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Анықтамалар
Пододерматит - тұяқтың және табанның терісінің қабынуы.
Анаэроб - ауасыз ортада өсетін бактерия
Некроз- шіру процесі
Жарақаттану - травма деген сөздің мәнісін түсіндіреді. Содан травматология деген тұтас ұғым келіп шығады.
Дегидратация - кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды.
Жара - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы.
Екінші зона - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену.
Бірінші зона - жара өзегі зонасы.
Ауырсыну - организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі және ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады.
Руменотомия - мес қарынды тілу;
Уретростомия - жасанды несеп шығаратын тесік жасау;
Энтероэктомия - ішек кесіп алу;
Колпотомия - қынап қабырғасын кесу;
Гистерэктомия - жатырды кесіп алу.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Белгілер мен қысқартулар
м 2 - шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
ЖК - жарақат
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын Ассирия мен Вавилондағы дәрігерлер денеге қадалған садақ оғын операция жасап алғаны белгілі. Ал біздің заманымыздың 19 ғасырында операция кезінде жансыздандыру және ашық жараны іріңдеуден сақтау жөнінде жаңа әдістер табылды. Бұл кезде хирургияның әрі қарай дамуына Н. И. Пирогов еңбектері үлкен әсер етті. Хирургияға қажет түрлі аспап, құралдар жасалды, операция кезінде наркоз қолданылды.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу. Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ, атақты Рим дәрігері Цельс және Гален болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосып, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Сонау ерте заманнан бастасақ, дүние жүзінің әртүрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегені де белгілі. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал иелері, бақташылар, ұсталар т. б. хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Еліміздің ветеринария саласында, оның ішінде мал дәрігерлік хирургиясының ұлттық тілде шығарылған оқулықтары жоқтың қасы. Республикамыздың егемендік алғанына және мүшелі жасқа толуына байланысты, ветеринариялық хирургияның жалпы мазмұнын, оның өсіп-өнуін, бүгінгі күні мен болашағын жазу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Н. И. Пироговтың хирургияда ашқан жаңалықтары өте көп. Атап айтсақ, 1852 жылы «шат қуысында болатын қызыл қан тамырының кеңеюін емдеу», «Іш қуысындағы қан тамырын байлау тәсілі» деген тақырыпта диссертация қорғаса, кейіннен «Тамырлар мен көк еттің хирургиялық анатомиясына» арнап кітап жазған. 1847 жылы Кавказ соғысында Н. И. Пироговтың алғашқы рет ашқан, жауынгерлерге эфир наркозы қолданылып операция жасалған.
Тері және тері асты жұмсақ тканьдерінің іріңді қабынулары кеңінен тарағандықтан хирургия саласында бұлар ең маңызды күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі.
Іріңді инфекцияны қоздыратын микробтар арасында өте жиі кездесетіні стафилококк. Соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің дәлелдегеніндей, мұндай дертті қоздырғыштардың ішінде спора түзбейтін микроорганизмдер өте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты клостридиалды емес инфекцияға қарсы кешенді ем шаралары қолданылады - хлорам феникал, метронидазол, клидамицин, метрагил.
Іріңді инфекцияның дамуы микрофлораның зияндылық әсер күшіне, тканьдердің өліеттеніп, олардағы қан айналысының нашарлауына және организмнің инфекцияға қарсы тұру күшіне байланысты. Антибиотиктер ұзақ уақыт қолданылғандықтан, іріңді қабынудың барысы және клиникалық белгілері айтарлықтай өзгеріп, көбінесе созылмалы, асқынған түрлері жиі кездесетін болды.
Дерматология тарихы - ертеден келе жатқан тері ауруларын зерттейтін ғылым. Біздің эрамызға дейін көп ғасыр бұрын Үндіде, Қытайда, Грецияда, Римде әдеби ескерткіштерде: проказа, қышыма, ихтиоз, тағы басқа тері ауруларының белгілері жазылған.
Әртүрлі тері аурулары туралы, әсіресе көп жазғандар: Греция мен Рим дәрігері Гиппократ (б. э. д. Vғасыр), Цельс (б. э. д. I - ғасыр) және Галлен (ж. э. II ғасыры), оларға ерекше атау берген, кейбіреулерін қазіргі күнге дейін қолданылып келеміз.
Тері ауруларының себебін олар ішкі орта және сыртқы орта факторларға байланыстырған, әсіресе организмнің сөлі бұзылуынан деп білді. Тері аурулары туралы көп анықтамаларды Авицена (б. э. д. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басы) өзінің «Медицина каноны» деген әйгілі еңбегінде берген. Ол алдыңғы жазған дәрігерлердің анықтамаларын толықтыра отырып, өз тарапынан бірқатар тері ауруларын суреттеп жазды: пемфигус, есекжем т. б.
Тері аурулары туралы бірінші кітаптар ХҮІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрді. Ол кезде ең көп тараған итальяндық Иеронима Меркуриалидің жинақтаған шығармасы еді. ХҮІІІ ғасырда тері анатомиясы туралы бірқатар жұмыстар жарық көрді. (Мальпигий және басқалардың еңбегі) [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының іріңді пододерматит ауруын анықтап, оны емдеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Пододерматит
Пододерматит - тұяқтың және табанның терісінің қабынуы. Пододерматиттерді 2 топқа бөлуге болады. Асептикалық және іріңді пододерматит. Олар жіті және созылмалы түрде өтеді.
Асептикалық пододерматиттің себептері - тегіс емес, тасты жерлермен ұзақ уақыт малды айдау, тұяғының ұрылуы, соғылуы, терінің бүтіндігі бұзылмай қысылуы.
Клиникалық белгілері. Жіті пододерматит малдың ақсаңдауымен сипатталады, тұяқ қабығы қысқашпен басқанда ауырады, зақымданған жерге перкуссия жүргізгенде ауырсынғандық сезіледі. Жергілікті температура көтеріледі. Ескі тұяқты қырыққанда қызыл түсті дақтар көрінеді (қанталау іздері) .
Емі. Малды қорада бөліп ұстайды, салқын аяқ ваннасын қолданады, тұяқты тазалау жүргізеді. Тұяқ аса қатты зақымданғанда, вена ішіне новокаин салады.
1. 2 Іріңді пододерматит
Іріңді пододерматит беткейлі және іріңді болып екіге бөлінеді. Беткейлі пододерматит терінің эпидермисінің зақымдануымен сипатталады. Ал іріңді пододерматитте тұяқ ұлпаларының барлық қабатыны зақымданады.
Себебі. Ірің тудыратын микробтардың тұяқ терісінен өтіп зақымдауы немесе басқа іріңді ошақтардан іріңнің өтуі.
Клиникалық белгілері. Мал ақсаңдайды. Аурудың сатылылығы терінің зақымдануына байланысты.
Жергілікті және жалпы температура көтеріледі, зақымданған жерді сынамалық қысқашпен қысқанда және перкуссия жасағандамалдан аса қатты ауырған реакциясын байқауға болады.
Беткейлі іріңді пододерматитте сұйық қанық сұр түсті экссудат бөлінеді, ал терең пододерматитте ашық сары түсті, қою іріңді экссудат бөлінеді.
Емі. Малдың тұяғын мұқият жуады, новокаин егеді. Емдеудің негізгісі - тұяқты жарып, іріңді толық алып тастап, тұяқтың мүжіліп бөлінген жерлерін және некрозданған бөліктерін алып тастайды. Қуысты антисептикалық ерітінділермен жуады, сонан соң бор қышқылы мен стрептоцидтің 1:1 қатынысындағы ұнтақ, перманганат калий мен стрептоцидтің 1:1 қатынасындағы ұнтақты себеді.
Н. А. Барсуков келесі компоненттерден тұратын линимент ұсынады: камора майы 10 пайызды - 100мл, кристаллды карбол қышқылы -3-5 г, тазартылған скипидар - 10 мл.
Таңғышты жергілікті процестің және организмнің жалпы жағдайына байланысты әр түрлі мерзімде ауыстырады (1 күннен 4-5 күнге дейін) .
Вишневский майын, қайың деготын қолдануға болады. Ультракүлгін сәулемен тазартылған аутоқанның реинфузиясын дәрілермен бір мезгілде қолдану емді тездетеді [1, 3, 4] .
1. 3 Жарақатты дерматит
Терінің негізгі қабатының қабынуы. Бұл дерматит терінің түрлі механикалық жарақаттануынан болуы мүмкін, олар: тұсалатын аймаққа қайыстың батуы, малды байлағанда арқанның батуы, мал аяғын дұрыс тұсамау не байламау, ер-тоқымның, қамыттың қажауы, қасыну, терінің жыртылуы, лас түсу және т. б. зақымданған теріге іріңдеткіш микроорганизмдер түссе іріңді дерматит пайда болады.
Белгілері. Мал ауырсынады, тері мен шелқабық қабынып ісінеді, іріңді жалқаяқ шығады, тері тесіледі, ал кейде терінің зақымданған жерлері өлі еттенеді, мал ақсайды.
Болжау. Терінің болмашы жері асептикалық қабынса мал айығады, терінің көп жері іріңді дерматитке ұшыраса - айығуы да, айықпауы да мүмкін.
Емі. Ауру себебін жояды. Зақымданған жерді сабынды жылы сумен жуады, жүнін қысқартып кеседі не ептеп жұлып тастайды. Қажалған, соғылған жерлерді және таяз, кішкене жараны йодтың не пиоктанинның 5 проценттік ерітіндісімен жуады. Іріңді дерматит болса, ұнтақ, ерітінді және май тәрізді антисептикалық дәрілер қолданады, парафин таңғышын тартады, емдік балшық пен шымтезек жағады. Ылғалды шіру басталса, өлі етке айналған теріні операция жасап кеседі. Уытты жаралы теріге эмульсия, май жағылады, ұнтақ дәрі себеді, не улы, заттар буымен әсер етеді [1, 2, 4] .
1. 4 Химиялық дерматит
Емдеу үшін ұзақ уақыт теріге түрлі май жағудан (дәрі-дәрмектік дерматит) не малдың аяғына күшті әсер ететін химиялық заттар-қышқыл, сілті сөндірілмеген әк және т. б. тиюден пайда болады.
Белгілері. Күшті дәрі-дәрмектік дерматитте тері қалыңдайды, оның созылғыштығы кемиді, мал ауырсынады, созылмалы түрінде тері қауызданады, жүні түседі не дұрыс өспейді. Химиялық дерматит кезінде, химиялық заттың концентрациясына және оның теріге қанша уақыт әсер етуіне қарай, тері қызарады не сол жер қабыршақтанып, жансызданады. Терінің зақымданған жеріне шіріткіш микроорганизмдер енсе, сүйкімсіз иісті іріңді жалқаяқ пайда болады.
Емі. Ауру себептері жойлады. Тері химиялық зақымдануға жаңадан шалдықса, бейтараптаушы ерітінділер қолданылады: сілті тисе, сірке қышқылының 1%-тік ерітіндісі, қышқыл тисе - екі көмір қышқылды соданың 1-2%-тік ерітіндісі пайдаланылады. Ауру асқынған жағдайда жарақатты дерматиттегідей ем қолданылады [1, 3, 5, 6] .
1. 5 Удан болатын дерматит
Мал картоп бардасын, көк жоңышқа, қарақұмық, шайқурай араласқан шөп жегенде (жылқының пигментті жоқ терісінде ашық күні байқалады), сол сияқты бөрі бұршақ және қастауышпен уланғанда болады.
Белгілері. Малдың тұсау буынында, көбіне жамбас белігінде қызыл бөріткен шығады, ол ауырады, кейін бөріткі орнында күлбірек пайда болады. Күлбірек біраздан кейін жарылып ылғал жараға айналады, кейін жараның беті қабыршақтанады. Кейде бөріткі тізе буынына дейін тарайды. Аурудың жалпы белгілерінен дерматит кезінде малдың тәбеті кемиді, денесі сәл қызарады, көздің дәнекер қабығы қызарады, аузынан сілекей ағады, іші өтеді, зақымданған жер қышиды. Удан болатын дерматит өршігенде тері гангренасы мен септицемия байқалуы мүмкін.
Емі. Улану себептерін жояды. Дерматитке ұшыраған жерге қарамай линиментін жағады (қарамай, жасыл сабын - аа 50, 0, шарап спирті - 500, 0) және таңғыш тартады. Малахит көгінің спирттегі 40%-тік ерітіндісін қолданған жақсы нәтиже береді.
1. 6 Сүйелді (веррукозды) дерматит
Сүйелді дерматиттің себептері осы кезге дейін толық анықталған жоқ. Ең алдымен ол малдың бір аяғының тұсау буынында пайда болып, содан кейін басқа аяқтарына тарайды.
Белгілері. Сүйел шықан жердің терісі қалыңдайды және қатпарланып сүйел басады, жүні үрпиеді, оны жаман иісті жалқаяқ жауып кетеді, ақсайды не жүрісі бұзылады.
Емі. Операция жасалады. Операция жасаудан 1-2 күн бұрын сол жердің жүнін қырқады, сүйел шыққан аяғын 3%-тік сода ерітілген жылы сумен не көк сабынмен жуады, содан кейін алмаз (1 : 500) не формалинмен (1 л суға 12 г формалин) екі рет сылайды. Операцияны жалпы не жергілікті наркоз беріп жасайды.
1. 7 Гангреналы дерматит
Бұл дерматит көбіне жылқыда, басқа түліктерде сирегірек, кездеседі. Бұл дерматит тұсау буынының жараланған, тесілген, сызат пайда болған жеріне микрофлора, көбіне некроз бактериялары (В. necrophorys) түсуден пайда болады. Мал зоогигиеналық нашар жағдайда (суық, лас, қи, және т. б. ) болса бұл ауруға тез ұшырайды.
Белгілері. Кенеттен ақсайды, дене қызуы жоғарылайды, мал мең-зең болады, жемшөп жемейді. Тұсау буынының іш жағында, май табанында не тұяқ кебесінде шеттері айқын көрінетін қоңыр ісік пайда болады. 2-3-күні гангреналы дерматит түскен жерді қанды-іріңді жалқаяқ басады. Бұдан кейін терінің өлі еттенген жерлері түседі, уытты жараға айналады, оның бетіне сүйкімсіз иісті жалқаяқ жиналады.
Ауру өршіген жағдайда некроз процесі сіңір, тарамыс жүйесіне майтабан шеміршектеріне, тұяқ түбіндегі терінің астына тұсау буынына және т. б. тарайды.
Емі. Гангреналы дерматит шыққан жерді қидан, ластан тазартады, сабын езілген жылы сумен жуады, содан кейін 1-2%-тік калий перманганаты, не 3%-тік креолин ерітіндісі, не алмаз ерітіндісімен (1:750) жылы ваннаны қолданады. Аурудың алғашқы сатысында алмаз-спирт (1 :250) компресін қояды, грамицин, нозокаин қолданады.
Ұлпада түскеннен кейін пайда болатын уытты жараға танинің 5-10%-тік судағы ерітіндісін не азот қышқыл күмістің (көк дәрі) 10%-тік судағы ерітіндісін, не хлорлы мырыштың 5-10%-тік ерітіндісін жағады, содан кейін вазелин жағып орайды.
Тұяқ түбінің терісі, майтабан шеміршегі және т. б. дерматитке ұшыраса, операция жасалады. Организмнің жалпы қабілетін көтеру үшін венаға малдың 1 кг салмағына 1 мл новокаиннің 0, 25%-тік ерітіндісін, 75-100 мл шарап спиртті ерітіндісін, 100; -150. мл хлорлы кальцийдің 10 %-тік ерітіндісін, 300-400 мл 0, 9%-тік физиологиялық ерітінді жібереді [1, 2, 5, 6, 7] .
1. 8 Экзема
Экзема - терінің негізгі қабатының, емізікше қабатының қабынуы. Теріде қышымалы дақ пайда болады.
Экзема сатылы түрде пайда болады.
1-ші сатысы эритематозды -теріде қызыл нүктелер пайда болады. Қызарған жерді бассаң, қызару кетеді, қайтадан пайда болады.
2-ші папулезді сатысы-түйін пайда болады.
3-ші везикулезді сатысы. Түйіннің ішінде сұйық пайда болады.
4-ші кезеңі пустулездік кезеңі, түйін пайда болады. Ішінде ірің пайда болады. Бұны ылғалды экзема деп атайды.
5-ші кезеңі қабыршақтану кезеңі.
Емі: кешенді түрде жүргізіледі. Организмге денсенвилизация жасаймыз. Венаға 10-20 ٪ натрий тиосульфидін егеміз.
Ірі малға 10-20 мл-н бастап 150 мл-ге дейін жеткізеді, күнде 15-20 мл инъекция жасайды.
Венаға 10 ٪ натрий бромидін, оған 10 ٪ кальций бромидін.
Ірі малға 100-150мл, күніне 5-7 рет.
1. 9 Хирургиялық операция туралы ілім
Хирургиялық операция - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық оггерациялар.
Операция негізгі мақсаты оны жасағаннан кейін малдан алатын өнімділікті қайтадан қалпына келтіру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетін түзеп қалыптастыру үшін (пластикалық) . Операцияларды үйде ұстайтын ұсақ малдарға (ит, мысық т. б. ) иесінің бұйрығы бойынша немесе адамгершілікті түсініктерден, физиологиялық тәжірибе қою үшін, сонымен қатар әшекейлеп әдемілеу үшін (косметикалық) мақсаттар қисынымен жасалады.
Операция жасауға немесе жасамауға көрсетулер. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораторлық), рентгенологиялық т. б. арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Операция жасауға абсолютті көрсетулер болады, мысалы басталушы қатерлі ісіктер, ішкі мүшелері түсіп қалуы, ішкі мүшелердің орнынан жылжып немесе қысылып қалуы, тыныс жолдардың жіті бітеліп қалуы, қан кету, пневматоракс, месқарынның, ұлтабардың соқыр ішектің тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың тығындалуы және басқа жіті дерттер.
Салыстырмалы көрсетулер дерттің денсаулыққа маңызды зиянының жоғында, операция жасамау, малдан шығатын өнімділігін тәуелсіз төмендетуге алып келмейтін жағдайда (қатерсіз ісіктер, қысылмаған жарықтар, т. б. ) .
Операция жасауға қарсы дәлелдер, малдың жалпы күй - жағдайына байланысты: қоңдылығы, жасына (тым жас немесе ерекше егде), дерт құбылысы күшейген кезі, ауру кең тарап асқынып кеткен себепте, мал естен танып, терең шок немесе коллапс жағдайына ұшырағанда, терең буаздық немесе күйлеген кезінде.
Операцияларды шаруашылықта жіті ауруларға (қарасан, аусыл, шошқалардың тілме және оба аурулары, жылқының сақауы, топалаң т. б. ) карантин салынған кезде, оны алынғанға дейін жасауға болмайды, тек қана шұғыл оқиғаларға малдың өміріне қауіп туған жағдайда, дербес гигиенаның барлық ережелерін сақтап және аурудың таратылуына тыйым салып, экстрендік операцияны жасауға болады.
Бұқаралық операцияларды шаруашылықтарда операциядан кейін малды шектеп, уақытша күтіп ұстауға арналған жағдайы болмаса жасауға болмайды. Малды айдаудың, көшіп - қонудың алдында немесе жалпы профилактикалық вакциналар жасағанда операция жасауға тыйым салынады. Малды егу алдында 2 апта ертерек немесе еккеннен соң сол уақыт өткенше жоспарлы операцияларды жасауға болмайды.
Әр операция малдың өміріне қауіп туғызады, сол себептен операция тек қана мал иесінің келісуімен жасалады. Малдың өміріне қауіп туса, операцияның қажеттілігі күмәнсіз болса иесін күтпей, оны өз жауапкершілігіне алып, жасауға болады. Барлық шүбәлі және қиын оқиғаларға консилиум жүргізу өте маңызды болады.
Операцияны жасар алдында оның жоспарын жақсылап ойластырып және құрастырып алу қажет. Жалпы операцияларды әр түрлі тәсілдермен жасауға болады, негізгі оқиға болған кезде, операцияның нақтылы ең жарамды түрін таңдайды. Осыған сәйкес малды бекемдеу, жансыздандыру әдістерін, қажетті құралдарды, операция кезеңдерінің ерекшеліктерін белгілейді. Сонымен қатар кейде душар болуы мүмкін асқынуларды ойластырып, оларға жол бермеу және жою тәсілдерін алдын - ала ескеру, операция жасаушының тікелей міндеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz