Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1-тақырып. Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы

1. Ежелгі Египет

1. 1. Ежелгі Египет мемлекеті

1. 2. Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу

1. 3. Қоғамдық құрылысы

1. Ежелгі Египет мемлекеті - әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б. д. д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Оның Ніл өзенінің төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б. д. д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді.

Б. д. д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бірінші мемлекеттік құрылым - нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке - Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті.

Б. д. д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты.

2. Ежелгі Египеттің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:

Ертедегі патшалық кезеңі (б. д. д. 3100-2800 жж. ) ;

Ежелгі патшалық кезеңі (б. д. д. 2800-2250 жж. шамасы) ;

Орта патшалық кезеңі (б. д. д. 2250-1700 жж. шамасы) ;

Жаңа патшалық кезеңі (б. д. д. 1575-1087 жж. шамасы) .

Жаңа патшалық соңында Египет күйреуге ұшырады. Оны алдымен парсылар, кейіннен римдіктер жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты.

3. Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді.

Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды.

Бұрын Египетте басқа елдерге қарағанда таптық құл иеленуші қоғам қалыптасты. Бастапқы патшалық кезеңінің өзінде-ақ көптеген соғыстар жүргізу нәтижесінде тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға пайдаланылды.

Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды. Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды.

Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті шоғырлануымен бекітілді.

Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды.

Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді.

Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады.

Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді:

жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің жағдайы өзгерді;

ауыл қауымдарының бөлінуі жүрді, ол ұсақ меншік иелері - неджестерді қалыптастырды.

Неджестер тобы өз кезегінде, кедейлерге немесе кішкентайларға, неджестерге (ұсақ шаруа) және күшті неджестерге бөлінді.

Жаңа патшалық кезеңінде құлдық дамуын жалғастырды. Оған көптеген соғыстар әсер етті. Құл иеленуші қатынас қоғамға тереңдеп орнықты.

Құлдар еңбегі үй шаруашылығында ғана емес қолданылып қалған жоқ, олардың кәсіби санатқа бөлінуі жүрді. Тас қалаушылар, тас тасушылар, ұсталар, тігіншілер, құрылысшылар және т. б. осылардың арасынан шықты.

Шаруалардың басым бөлігі кедейленді. Жер өңдеушілерді еріксіз түрде патша және храм жерлері үшін пайдаланды.

Абыздықты ардақ тұту жалғаса берді. Жоғары абыздардың байлығы еселеп артты. Сөйтіп олар орталық билікке бағыныштылықтан босай бастады.

2. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы

2. 1. Ертедегі патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері

2. 2. Ежелгі патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері

2. 3. Орта патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері

2. 4. Жаңа патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері

2. 5. Әскер

2. 6. Сот жүйесі

1. Ертедегі патшалық кезеңінде мемлекеттік аппарат қалыптаса бастады. Осы кезеңде мемлекет басында патша болды, оны сарай қызметкерлерінен құралған көптеген сарайлар қоршап тұрды. Патша билігінің мәні құдайландырылды.

Ертедегі патшалық кезеңінде Ніл жазығындағы егіншілік ісін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға жоғарғы билік мемлекет қолында болды.

2. Ежелгі патшалықтың мемлекеттік құрылымының ерекшелігі басқарудың орталықтандырылуынан тұрады.

Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі перғауынның қолына шоғырланды. Мемлекеттің барлық маңызды істері - суару шаралары, сот, тағайындау және кешірім беру, әскери жорық, мемлекеттік құрылыс - соның жалпы басшылығымен жүргізілді.

Перғауынның беделі патшаны құдайдай дәріптейтін діни идеологиямен нығайтылды.

3. Ора патшалық кезеңінің басы номархтардың шексіз билігімен сипатталады. Мемлекетті біріктіру және орталық билікті нығайту перғауындардың номархтар билігін шектеуіне мүмкіндік берді. Осы реформаларды жүргізуде патшаға сарай маңындағылар, белгілі әулеттер, әскер сүйеніш болды.

4. Жаңа патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгісі орталықтандырылған бюрократиялық басқару жүйесінің нығаюы болды. Ел екі әкімшілік округқа бөлінді: Жоғарғы және Төменгі Египет. Олардың әрқайсысын перғауынның арнайы адамы басқарды. Бірінші және жоғары қызметші уәзір болды. Әкімшілік округтар облыстарға - номдарға бөлінді. Қалалар мен бекіністерді перғауын тағайындайтын бастықтар басқарды.

Одан кейінгі маңызды қызметке бас қазынашы және бүкіл патшалық қызметтерінің бастықтары саналды. Көптеген шенеуніктер бұйрықтар жазды, жер өңдеушілер мен кәсіпкерлердің жұмысына бақылау жасады, кірістерді есептеді.

5. Ежелгі патшалықты тұрақты әскер болмады. Әскери операциялар жасау кезінде әскер бейбіт кезеңде өз шаруаларымен айналысып жүрген еріктілерден жасақталды. Кадрлық офицерлер болмады. Әскери отрядтарды перғауынның өзі немесе ол тағайындаған адам басқарды.

Орта патшалық кезеңінде кадрлық офицерлік пайда болды. Египетте патша гвардиясы мен патшаның жеке күзет қызметі қалыптаса бастады.

Жаңа патшалық кезеңінде көршілес аумақтар есебінен мемлекет шекарасын кеңейту жүргізілді. Әскери іс-қимылдардың күшеюіне орай тұрақты әскер құрылды. Ол жер өңдеушілерден, қала тұрғындарынан жасақталып, перғауынның қаржыландыруында болды.

Офицерлер саны мен олардың беделі өсті. Скер сонымен бірге жалдамалылар арқылы да толықтырылып отырды.

Полицейлер қызметін бастапқыда әскер, Жаңа патшалық кезеңінде - арнайы полицей отрядтары атқарды. Олар каналдарды, астық қоймаларын, храмдарды, астананы күзетті.

6. Ежелгі Египетте сот әкімшіліктен бөлінбеді.

Ежелгі патшалықта жергілікті сот ретінде қауымдық өзін өзі басқару органдары әрекет етті. Олардың құзыретіне жер, су, отбасы және мұрагерлік қатынастар туралы даулар жатты.

Патша судьялары номдарда номархтар болды. Олардың қызметіне жоғарғы қадағалау функциясын перғауынның өзі немесе уәзір атқарды. Олар кез келген судьяның шешімін қайта қарай алды.

Египетте түрмелер қылмыскерлерді әкімшілік және шаруашылық тұрғыдан жазалау орындарын білдірді. Арнайы патша бюросы құқық бұзған адамдарды ауыр мәжбүрлі жұмыстарға жегуге бөлумен айналысты.

3. Ежелгі Египеттегі құқық

3. 1. Құқық бастаулары

3. 2. Меншік

3. 3. Міндеттемелер түрлері

3. 4. Неке-отбасы қатынастары

3. 5. Қылмыстық құқық және процесс

1. Ежелгі Египетте құқық бастаулары:

бастапқыда - әдет;

мемлекеттің дамуына орай - перғауындардың заң шығару қызметі;

2. Египетте жер иеленудің мынадай нысандары болды:

мемлекеттік;

храмдық;

жеке;

қауымдық.

Ең ірі жер иеленушілер храм шаруашылықтары мен патша вельможалары болды. Олар жермен әртүрлі мәмілелер жасай алды: сату, сыйлау, мұраға беру. Ауылдарда жеке меншік баяу жүрді. Өйткені қауым тежеуші фактор болды.

Жылжымалы мүлік (құлдар, малдар, құрал-саймандар) жеке және басқа меншікте болып, әртүрлі мәмілелер мәні бола алды.

3. Ежелгі Египет құқығындағы белгілі болған шарттардың түрлері:

заем шарты;

жалдау шарты;

сатып алу-сату шарты;

жер жалдау шарты;

поклажа шарты;

серіктестік шарты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Ежелгі Египет мемлекеті
Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы
Ежелгі мемлекетер тарихы
Египет мемлекеті және құқығы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Ежелгі Египеттің мәдениеті
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Ежелгі Египеттің мемлекеті жəне құқығы
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz