Иттің периоститі, оститі, остеомиелиті және оның емдері



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Сүйек аурулары, периоститтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Оститтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Остеомиелит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Сүйектің сынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5Жергілікті жансыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2 Өзіндік зерттеу . ауру тарихы ... 20
2.1Proanamnеsis ... .20
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Anamnesis morbi ... 20
2.4 Status praesens universalis : ... ... ... ... ... .21
2.5 Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.7 Decursus morbi et therapia ... .23
2.8 Epicrisis ... ... ..27
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын Ассирия мен Вавилондағы дәрігерлер денеге қадалған садақ оғын операция жасап алғаны белгілі. Ал біздің заманымыздың 19 ғасырында операция кезінде жансыздандыру және ашық жараны іріңдеуден сақтау жөнінде жаңа әдістер табылды. Бұл кезде хирургияның әрі қарай дамуына Н.И. Пирогов еңбектері үлкен әсер етті. Хирургияға қажет түрлі аспап, құралдар жасалды, операция кезінде наркоз қолданылды.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу. Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ, атақты Рим дәрігері Цельс және Гален болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосып, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Сонау ерте заманнан бастасақ, дүние жүзінің әртүрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегені де белгілі. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал иелері, бақташылар, ұсталар т.б. хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Еліміздің ветеринария саласында, оның ішінде мал дәрігерлік хирургиясының ұлттық тілде шығарылған оқулықтары жоқтың қасы. Республикамыздың егемендік алғанына және мүшелі жасқа толуына байланысты, ветеринариялық хирургияның жалпы мазмұнын, оның өсіп-өнуін, бүгінгі күні мен болашағын жазу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Н.И. Пироговтың хирургияда ашқан жаңалықтары өте көп. Атап айтсақ, 1852 жылы «шат қуысында болатын қызыл қан тамырының кеңеюін емдеу», «Іш қуысындағы қан тамырын байлау тәсілі» деген тақырыпта диссертация қорғаса, кейіннен «Тамырлар мен көк еттің хирургиялық анатомиясына» арнап кітап жазған. 1847 жылы Кавказ соғысында Н.И. Пироговтың алғашқы рет ашқан, жауынгерлерге эфир наркозы қолданылып операция жасалған.
Периоститтер – сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға ажыратады. Этиологиясы – сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан болады. Зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия, клеткалық – сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды – фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну созылмалы – фибринозды немесе оссифицирлеуші периоститке айналуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің периоститі, оститі, остеомиелиті ауруына дұрыс диагноз қойып, оны хирургиялық жолмен емдеу [1,2].
1 Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Несіпбаев Т. 2 – басылым. Алматы: «Ғылым» баспасы, 2005.-86б.
2 Қожабеков З. К. Малдың патологиялық физиологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қожабеков З. К., Өтенов Ә. М. Алматы, «Ана тілі» 1992.- 156б.
3 Сайдулдин Т. Орысша – қазақша малдәрігерлік сөздігі : оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин Алматы, 1993 .- 212б7
4 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Ілиясов Б.К. Алматы, 2001.-134 б.
5 Поваженко И.Е. Общая ветеринарная хирургия: учебник для вузов /Поваженко И. Е., Братюха С. И. Москва «Колос» -1971.-128с.
6 Маметов А.М. Препараты, используемые при лечений хирургических ран животных: учебник для вузов /Маметов А.М., Б.К.Ілиясов, А.А.Абдулла Москва, «Колос» -1971.-112с.
7 Оликов Б.М. Оперативная хирургия: учебник для вузов /Оликов Б.М./ Москва, 1941.- 127с.
8 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық көмек: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Б.К.Ілиясов, М.Жоланов/ Алматы 2004.- 126б.
9 Безсонов Н. А. Витамины: учебное пособие для вузов / Безсонов Н. А. 1931.-107с.
10 Қожанов Қ.Н./ Ветеринарлық фармакология: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қожанов Қ.Н. Алматы-2008. – 138б.
11 Повоженко И.Е.Частная ветеринарная хирургия: учебник для вузов /Повоженко И.Е и др. Ленинград, 1981.- 101с.
12 Абдірахманов Е. Хирургия: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Абдірахманов Е. Алматы 2000.- 114б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Сүйек аурулары,
периоститтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9
1.2
Оститтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3
Остеомиелит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Сүйектің
сынуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 12
1.5Жергілікті
жансыздандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 15
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы ... 20
2.1Proanamnеsis ... .20
Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Anamnesis morbi ... 20
Status praesens universalis : ... ... ... ... ... .21
2.5 Status prаesens
localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22
2.6
Diagnosis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Decursus morbi et therapia ... .23
Epicrisis ... ... ..27
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Аннотация

Ветеринариялық хирургия пәнінен жазылған Иттің периоститі, оститі,
остеомиелиті және оның емдері атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника
қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын Ассирия мен
Вавилондағы дәрігерлер денеге қадалған садақ оғын операция жасап алғаны
белгілі. Ал біздің заманымыздың 19 ғасырында операция кезінде жансыздандыру
және ашық жараны іріңдеуден сақтау жөнінде жаңа әдістер табылды. Бұл кезде
хирургияның әрі қарай дамуына Н.И. Пирогов еңбектері үлкен әсер етті.
Хирургияға қажет түрлі аспап, құралдар жасалды, операция кезінде наркоз
қолданылды.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу. Жалпы
хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ, атақты
Рим дәрігері Цельс және Гален болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосып,
мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Сонау ерте заманнан бастасақ, дүние жүзінің әртүрлі аймағында тұратын
халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның
кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп
емдегені де белгілі. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал
иелері, бақташылар, ұсталар т.б. хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір -
бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Еліміздің ветеринария саласында, оның ішінде мал дәрігерлік
хирургиясының ұлттық тілде шығарылған оқулықтары жоқтың қасы.
Республикамыздың егемендік алғанына және мүшелі жасқа толуына байланысты,
ветеринариялық хирургияның жалпы мазмұнын, оның өсіп-өнуін, бүгінгі күні
мен болашағын жазу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Н.И. Пироговтың хирургияда ашқан жаңалықтары өте көп. Атап айтсақ, 1852
жылы шат қуысында болатын қызыл қан тамырының кеңеюін емдеу, Іш
қуысындағы қан тамырын байлау тәсілі деген тақырыпта диссертация қорғаса,
кейіннен Тамырлар мен көк еттің хирургиялық анатомиясына арнап кітап
жазған. 1847 жылы Кавказ соғысында Н.И. Пироговтың алғашқы рет ашқан,
жауынгерлерге эфир наркозы қолданылып операция жасалған.
Периоститтер – сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға
ажыратады. Этиологиясы – сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан
болады. Зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия,
клеткалық – сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды –
фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді
және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну
созылмалы – фибринозды немесе оссифицирлеуші периоститке айналуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты – иттің периоститі, оститі, остеомиелиті
ауруына дұрыс диагноз қойып, оны хирургиялық жолмен емдеу [1,2].

1 Негізгі бөлім

1.1 Сүйек аурулары, периоститтер

Периоститтер – сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға
ажыратады:
1. Жарақаттанудан, қабынудан және токсикалық.
2.Патолого-анатомиялық өзгерістерге байланысты – сероздық, сероздық-
фибриноздық, іріңді, фибринозды.
3. Клиникалық ағымына байланысты – жіті және созылмалы.
4. Таралу дәрежесіне қарай – шектелген, диффузды және көптік.
Серозды және іріңді жіті өтеді, ал қалғандары созылмалы түрде жүреді.
Серозды периостит periostis serosa жұмсақ ұлпалармен әлсіз
қорғалған сүйектерде болады.
Этиологиясы – сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан болады.
Патогенез. Зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну,
гиперемия, клеткалық – сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің
серозды – фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат
сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде
жіті қабыну созылмалы – фибриноздыға немесе оссиферлеуші периоститке
айналуы мүмкін.
Клиникасы: ыстық, ауырсыну, ақсау пайда болады.
Емдеу: тыныштық, құрғақ суық, қысатын таңғыштар, одан кейін жылылық
процедуралар.
Іріңді периостит periostitus pirilenta сүйек қабығының балқып,
тесіліп, абцесс пайда болумен сипатталатын сүйек қабығының іріңді қабынуы.
Этиология: біріншілік және екіншілік.
Патогенез: Кішкентай абцесстерде ірің сорылып кетеді немесе сыртқа
ағып кетеді, қуыс грануляциялы ұлпаға толып, ол кейін остеоидты, содан
кейін сүйек ұлпасымен бірігіп әр түрлі қатты түзілістер түзеді.
Ауыр ағында өтсе кариеске, сүйек некрозына, тіпті остеомиелитке
айналуы мүмкін.
Клиникалық белгілері: температура көтерілуі, әлсіздік, жергілікті
ісік, қатты ауырсыну, ақсау.
Болжау: уақытында емдесе – емделеді.
Емдеу: антибиотиктермен бірге қысқа новокаинді блокада, спирттік
таңғыштар, артерия ішіне және сүйек ішіне антибиотиктер енгізу, өлі
ұлпалардан арылту, симптоматикалық емдеу.
Фибринозды периостит periostikus fibrosa сүйек қабығы жағынан
фибринозды дәнекер ұлпа өсуімен сипатталады. Көбінесе дистальді бөліктен
өсіп шығады.
Этиологиясы: сүйек қабығының ортаңғы және беткейлі қабаттарының
қайталап механикалық зақымдалуы, сіңір-байланыс аппаратындағы және жұмсақ
ұлпалардың сүйек қабығының тітіркенуін шақыратын созылмалы қабыну
үрдістері.
Патогенез: Тамырлар қабығынан ірі-дисперсті белок-фибриногендер
кіреді, шыққан экссудат сүйек қабығының фиброзды жіпшелеріне сіңеді, фибрин
шөгеді. Кейін жіті қабыну көріністері жоғалғаннан кейін фиброзды периостит
сақталған созылмалы түрге айналуы мүмкін.
Клиникалық белгілері: Тері астында аздап ауыратын ісінулер пайда
болады, температура көтерілмейді.
Емдеу: Жылылық процедуралар, сынап майымен ысқылау, иод
препараттарының ионофорезі, диатермия.
Оссифицирлеуші периостит periostitus ossificans - сүйек қабығы
жақтан сүйек ұлпасының өсуі.
Себептері: механикалық зақымдалулар, қабыну процестері.
Патогенез: остеобластардан остеоидты ұлпа дамиды, ол кейіннен жай
сүйектен қаттырақ сүйек ұлпасына ауысады.
Клиникалық белгілері: пальпация жасағанда қатты зат білінеді.
Болжам: Ақсақтық болмаса қауіпті емес.
Емдеу: парафинді және озокеритті апликациялар, тітіркендіргіш
мазьдармен ысқылау, тері астына иодтың спиртті ерітіндісін немесе сулеманы
енгізу. Оперативтік жолмен алып тастау.
Уытты токсикалық оссифицирлеуші остеопериостоз osteoperiostosis
ossificans toxica - сүйектің қабыну белгілері байқалмайтын пролиферативті
үрдіс. Трубка тәрізді сүйектің бетінде көптеген оссифирлеуші қабаттанулар
пайда болады, көбінесе иттер ауырады.
Этиопатогенез: себептері анықталмаған: зақымданған ошақтардың улы
заттарының тітіркендіріп әсер етуі нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық белгілері: сыртқы белгілері және жергілікті қабыну үрдістері
байқалмайды. Жылқыларда шынтақ сүйектерінде, иық және тізе сүйек
эпифизінде, саусақ және фалангтарда пальпация жасағанда гиперстоздар
байқалады [1,2,3].
Диагноз: рентгенографиямен бірге клиникалық.
Болжам: жазылмауы мүмкін.
Емдеу: негізгі ауруларды жою.

1.2 Оститтер

Оститтер – жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық
элементтері – сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады.
Клиникалық белгілері бойынша – жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай
– асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай –
конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.
Асептикалық остит оситис асептика - жұмсақ ұлпалармен әлсіз
қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші
ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.
Патогенез: қабыну үрдістері тамырлар гиперемиясымен және
лейкоциттердің жаппай көшуімен экссудаттың ағуымен өтеді.
Сүйек негізінің қабырғаларының бұзылуының нәтижесінде гаверс
каналдары үлкейеді, лакундар түзіледі, сүйек сиретіледі, сондықтан қабыну
үрдісі сиретілген остит деп аталады. Инфекция түспесе қабыну эксудаты
сорылып кетеді, лакундерге дәнекер ұлпа және остеоидті ұлпа толады, ол
кейін жаңа сүйек ұлпасына ауысады. Сүйектің осындай жаңа түрінің түзілуі
конденсирленген остит стадиясы деп аталады.
Клиникалық белгілері: Пальпацияда және перкуссияда ауырсыну реакциясы
байқалады, бұл сүйек қабығының зақымдалғанын көрсетеді, ақсақтық байқалады.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Болжам: жазылады.
Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті
қабыну үрдістері кеткеннен кейін жылытатын компресстер қою,
кондинсерленген оститте парафин, озокерит.
Іріңді остит оститус пирулента - біріншілік және екіншілік кокты
микрофлораның енуі. Жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Жіті іріңді остит оститус парулента акута - қабыну ошағында сүйек
ішілік тамырлар қысылады, қан және лимфа айналу бұзылады, микробтардан улы
өнімдер пайда болады, тамырлардың тромбозы және оның қабырғаларының
некрозы, сүйек аймағының өліеттенуі.
Клеткалық элементтер босаған ферменттермен бірге тірі және өлі
шекарасында сүйек ұлпасын бұзады. Жиірек қабыну үрдісі сүйек қабығына
ауысып оның қабынуын шақырады іріңді периостит немесе сүйек ішіне еніп
оның кемігін зақымдайды іріңді остеомиелит.
Көптеген жағдайларда ойықтар пайда болады, ол жерлерде қабыну болуы
мүмкін.
Клиникалық белгілері: ауыр ағында өтеді, жоғары температура, қатты
ауырсыну, ақсау, зақымданған сүйек қалыңдайды.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Болжам: күдікті және қауіпті.
Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, алғашқы сатысында спиртті –
кептіргіш таңғыштар, спиртті – қыздырғыш таңғыштар, новокаинді блокада,
оперативтік араласулар.
Кариес – сүйек жарасы түзілетін сүйек ұлпасының шектелген ұсақ дәнді
ыдырауы.
Этиология: сүйек ұлпасын қоршаған жұмсақ ұлпалардың қабынуы, Инфекциялық
аурулар туберкулез, актиномикоз.
Гиповитаминоз, жүдеу, зат алмасуының бұзылуы.
Патогенез: ұзақ ағында өтіп, сүйекті бұзады.
Клиникалық белгілері: іріңді ойықтар түзіледі, жітіде пальпация
жасағанда ауырсыну, созылмалыда – ауырмайды.
Емдеу: іріңді жарады, ірің ағуына жағдай жасайды. Кариозды тістерді
жұлады.

1.3 Остеомиелит

Остеомиелит остеомиелитис сүйек кемігінің қабынуы, асептикалық және
инфекциондық түрлерін ажыратады. Өту ағымына қарай жіті және созылмалы деп
бөлінеді.
Этиология: сүйек жарақаттануы, суу, жүдеу, гиповитаминоз.
Келесі себебі: жабық механикалық зақымдалу – асептикалық,
стафилококтардың немесе басқа микрофлораның сүйек кемігіне енуі.
Патогенез: асептикалық үрдісте өтсе жазылуы мүмкін. Іріңді түрде жіті
диффузды қабыну болып, ұлпа серозды – фибринозды сұйыққа толады.
Гематогенді остеомиелит – жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Клиникалық белгілер: жоғары температураның кенеттен көтерілуі,
зақымданған жерде ыстық ісіктер пайда болады, пальпацияда ауырсынады, қатты
ақсайды, жергілікті лимфа түйіндері үлкейген, рентгенографияда сүйек
деструкциясы көрінеді.
Диагноз: рентгеноскопия, клиникалық белгілер.
Болжам: күдікті және қауіпті.
Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, күтім. Сепсисті болдырмау үшін
антибиотиктер, сульфаниламидтер, Кадыковтың камфорлы сұйықтығы, новокаинді
блокада, қан құю.
Сүйек ішіне антибиотиктер қолдану эритромицин, кевзол, эпициллин.
Сүйекті қарқынды түрде бұзып жатқан остеомиелитте хирургиялық емдеу,
зақымданған аймақты алып тастау, іріңді экссудаттың ағуына жағдай жасау,
кюретаж. Қуысты фурацилинмен жуу эфир – спиртпен жуу, тыныштық [1,2,4,5].

1.4 Сүйектің сынуы

Сүйек сыну – жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен бірге жүретін,
механикалық әсерден сүйектің бүтіндігінің жартылай немесе толық бұзылуы.
Мысалы, соққы, ұрып алу, құлау т.б.
Уақытына қарай туа біткен және жүре келе пайда болған деп бөлінеді.
Сөзбен: жабық – егер тері бүтіндігі сақталса, ашық – терең ұлпалар мен тері
бұзылса. Трубкалы сүйектің локализациясына байланысты – эпифизарлы,
метафизарлы және диафизарлы. Зақым дәрежесіне байланысты – толық емес және
толық.
Клиникалық белгілер: Толық еместе: қызметінің бұзылуы, пальпацияда
ауырсыну.
Толық: ауырсыну, қызметінің бұзылуы, зақымданған сегменттің
дефигурациясы, сүйектер буыннан тыс қозғалады, сүйек крепитациясы.
Диагноз: клиникалық, рентгенография.
Емдеу: алғашқы көмек, иммобилизация.
Жабық сынықтарды консервативті емдеу: а) бөлектенген сынықтарды
орнына келтіру.
б) орнында салынған сынықтарды иммобилдеу.
в) жараның регенерациясына және стимуляциясына жағдай жасау. Шокты
болдырмау, бұлшық еттерді босаңсыту, жергілікті жансыздандыру.
Ірі жануарларда иммобильдеуші таңғышты 35-40 күннен кейін, ұсақ малда
20-25 күннен кейін шешеді. Гипсті таңғыштардың кемшіліктері сөзбен
айтылады.
Ашық сынықтарды емдеу: ауырсынуды азайту, өңдеу, гипс. Сынықты
оперативтік жолмен емдеу: сүйек сынықтарын бекіту:
1) оларды кетгутпен, жібекпен, сым темірмен тігу.
2) шұрыптар көмегімен металл пластиналармен бекіту.
3) сүйек – кемік каналына металл немесе пластмасс штифт енгізіп бекіту.
4) әр түрлі бекіткіш аппараттар қолдану – Илизарова, Гудушаури,
Рахимкулова т.б.
Алдыңғы аяқ сынықтары. Алдыңғы аяқ сынықтары сиырларда және ірі
қараларда кездеседі. Сиырларда алдыңғы сынық сүйектерінің эксплуатациялық
сынықтары аяқ сүйектері сынықтарының жалпы санының 5,5 құрайды.
Сүйектердің жарақаттануының түріне қарай сынықтар эпифизарлы,
метафизарлы болады. Иық сүйектерінің сынықтары толық емес, жабық және ашық,
қарапайым және күрделі болады.
Этиология: ұрылулар, қатты соққылар, таю және кенеттен қатты затқа
құлауы сынықтардың негізгі себептері. Бұл құбылыстарға себеп болатын сүйек
ұлпаларындағы патологиялық өзгерістер немесе олардың мықтылығын әлсірететін
ертеде пайда болған аурулар. Әсіресе, остеомилиелит, микоз, остеопороз,
остеомаляция, рахит, авитаминоз, және остеодистрофия.
Бурятск АССР аудандарында В.А.Матвеев, И.А.Ленец, Г.В.Иванов
остеодистрофиямен ауырған қойларда кенеттен болатын иық, сан және т.б.
сынықтарды тексерген. Авторлардың ойынша, қойлардағы остеодистрофияның
негізгі себебі ашығу болып табылған.
Сонымен қатар, Челябииск облысының Брединск ауданында А.А.Кабыш ірі
қараның кенеттен болатын жілік сүйектерінің сынықтары және басқа да
сынықтарды тексерген. Ол остеодистрофия азықта кобальт, марганецтің
жетіспеуі және магний, никель, стронций және барийдің көп болуынан болады
деген.
Клиникалық белгілері. Ұсақ малдарда күтпеген жерден ауыр дәрежеде
ақсақтық, иық аумақтарында ауыр ісіктер және сықырлау пайда болады.
Жануарлар толық диафизарлы сынық кезінде иіліп тұрған, жарақаттанған аяғына
тіреп тұра алмайды және алға сүйретіп жүре алмайды. Алдыңғы аяқ төмен түсіп
кеткен, қалыпты аяғына қарағанда ауру аяғы ұзынырақ болады. Эпифиз
сынықтары кезінде алдыңғы аяқ сүйектерінің қалыпты емес қозғалыс байқалады.
Клиникалық белгілері кенеттен болатын жілік сүйектерінің сынықтарын
қойларда жоғарыда аталған авторлар көрсеткендей: тексеретін жануарлардың
түрімен, төмен температурасымен және ауру реакциясымен ерекшеленеді.
Жануарларға зақымданған жерді пальпациялау және пассивті қозғалыстар
жүргізу әсер еткен жоқ.
Қойдың алдыңғы аяқ буындарының сынықтары кезіндегі қозғалысында ауру
аяғын алға сүйреп жүреді, ал басқа функциялары зақымданбауы мүмкін.
Диагноз: ұсақ малдарда алдыңғы аяқ сүйектерінің сынықтары клиникалық
белгілермен анықталады: кенеттен болатын ақсақтық, сүйектерінің қалыпты
емес қозғалуы, сықырлауы, сүйектердің деформациясы, ісіктер кезіндегі
ауырсыну. Ірі жануарларда диагностикалық мақсаттарға сай рентгенологиялық
зерттеулер жүргізіледі.
Болжам: толық емес сынықтар емдеу кезіндегі болжамы жағымды. Ұсақ
жануарларда болжамбайды. Ірі жануарларда толық сынықтар кезінде біріктіру
фиксациясы мүмкін емес, атап айтқанда жылқыларда, емдеу нәтижесіз, болжамы
жағымсыз.
Алдымен рентгенограмманы зерттеп сынықтың түрін, қаншалықты күрделі
екенін анықтап, сонан соң малдың сынған жерін, белгілерін зерттеп, олар
ісіну, ауырсыну, толық сынықтарда буынсыз жерден қозғалу, шықырлау, малды
жүргізгенде ақсау.
Емі. Сынықтарды консервативтік және оперативтік әдістермен емдейді.
Сүйектің сынған ұштары орнынан көп таймаған жағдайда, көбінесе жабық
сынықтарда оны сыртынан келтіріп, бекітіп таңып, консервативтік ем
қолданылады.
Алдын ала сынған жерді жансыздандырып, миорелаксант қолданып, осыдан
кейін сынған сүйекті орнына келтіріп, репозиция, сыртынан таңғыға қалақ,
гипс тағы басқа әдістермен қозғалмайтындай қылып таңып тастаймыз-
иммобилизация, малға тиісті жағдай жасап, құнарлы жем-шөппен С,Д
витаминдерімен қамтамасыз етіп, қан арқылы -10% кальций хлоридін беру керек
– консолидация.
Ашық сынықтарда гипсті саңылау қалдырып салады. Күрделі сынықтарда
оперативтік ем қолданады. Мұнда сүйектің өзегіне әр түрлі заттардан ағаштың
жас бұтағы, темір, сүйектің ұнтағынан жасалған таяқшалар т.б. жасалған
таяқшаларды енгізіп бекітеді, бұл операция остеосинтез деп аталады.
Көбінесе остеосинтез ортан жілік және тоқпан жіліктердің сынығын емдеуге
қолданылады [1,2,6,7,8].
Наркоз беріп жергілікті жансыздандыру. Операцияны сан аумағының
сыртқы жағынан жасайды. Операцияға дайындалған теріні оның астындағы
шандырды скальпелмен тіліп бұлшық етті бір-бірінен жігінен сүйекке ажыра
білуіміз керек. Саусағымызбен сүйектің сынған ұштарын тауып оның өзегіне 5-
7 мл 1% спиртке ерітілген новокаин жіберіп, сонан соң сүйектің жоғарғы
сынығының өзегінен бұрғылап тесеміз. Бұрғының ұшы ортан жіліктің басындағы
ойшықты, сол аумақтағы бұлшық етті, теріні тесіп шығады. Бұдан кейін
бұрғыны алып соның ізімен дайындалған таяқшаны енгізіп, тығыз жағдайда
балғамен соғып енгізеді. Таяқшаның ұшы сыртқы тесіктен шығып тұрады, ал
оның төменгі ұшын төменгі сынықтың өзегіне таяқшаны балғамен кері соғып
енгізеді. Осыдан кейін бұлшық еттің арасына антисептикалық ұнтақтар
қолданып етті шандырмен қоса кетгутпен тігіп, терісіне жібек жіптен тігін
жасадық. Малдың санын таңғыш қалақпен бекіттік.
Тоқпан жіліктің сынуында остеосинтез операциясын осы аумақтың сырт
жағынан жасайды. Жалпы тәсілі жоғарғы айтылғандай, бірақ жоғарғы тесікті
сүйектің жоғарғы сынығының жанынан жасайды, таяқшаны содан енгізіп төменгі
сынықтың өзегіне балғамен ұрып кіргізеді. Мұнда майысқан таяқшалар
қолданылады [1,3,8,9].

1.5Жергілікті жансыздандыру

Жергілікті жансыздандыру – операция жасалынатын жерде жергілікті
анестезиялық заттармен сезгіштікті уақытша жою өзіне тән спецификалық және
қайтымды әрекетімен перифиркалық жүйе жүйесінің элементтерінің қоздырғышын
өзгертеді, оларға терең дестуктивті өзгертулерді шақырмайды. Осы кезде
ауырсыну мен қатар тактильді, температуралық және басқа сезгіштердің
түрлері жойылады.
Жансыздандыру немесе наркоз жануарларға есірткі заттарды қолдану
салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз
кезінде сезгіштің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстың, шарттық және
кейбір бей шарттық рефлекстер жоғалады. Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі
байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, тамыр қозғағыш және
тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілетті
сақталады.
Есірткі заттарды енгізу алдында малды қозғалу қабілетінің қай уақытта
жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін
білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылықта осындай қажетті наркоздық күйді
есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуына және
оның өміріне қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды. Наркоздың қиындығы
осыдан тұрады.
Наркоз терең және беткейлік болып бөлінеді. Наркоз қалпына әртүрлі
химиялық препараттар енгізгенде фармакодинамикалық наркозға жетіледі.
Орталық жүйке жүйесін электр тогымен әсерлегенде – электронаркоз жасалады.
Медицина тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз өндіріледі.
Енгізу жолдарына қарай, яғни таңдалған есірткелік заттың практикалық
қолданылу түріне қарай наркозды 2 негізгі топқа бөледі: ингаляциялық (тыныс
алу жолдары арқылы) жәнеингаляциялық емес (парапульмональдық). Бірінші
түрде ұшқыш ерітінділер (фторотан, хлороформ, хлорэтил, эфир және т.б.)
немесе газ тәрізді заттарды (циклопропан, азоттың закисы, этилен және т.б.)
тыныс алу жолдары арқылы дем алғызады (инсульфациялық наркоз). Екінші түрде
ингаляциялы емес есірткілерді (ксилазин, кетамин, морфий, хлоралгидрат
алкоголь, барбитураттар – пентоталнатрий тиопентал – натрий калипсол т.б.)
организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді.
Оның кең тараған түрі, тез әсер ету және аз уландыртпайтын дозасы болу
үшін, тамыр ішінен енгізуді қолданылады. Кейбір есірткелік заттарды
асқазанға, тік ішекке, интраперитоналды, сүйек ішіне енгізу арқылы
наркоздың белгілі – бір тереңдігін тудыруға болады. Осыған байланысты
наркоздың тамыр ішіне, оральды, тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі)
және т.б. ажыратады.
Жансыздандыру немесе наркоз – жануарларға есірткі заттарды қолдану
салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз
кезінде сезгіштің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық, шарттық және
кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады. Қаңқа бұлшық еттердің алу, тамыр
қозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс
қабілетті сақталады.
Есірткі заттарды енгізу алдында малды қозғалу қабілетінің қай уақытта
жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін
білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылықта осындай қажетті наркоздық күйді
есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуына және
оның өміріне қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды. Наркоздың қиындығы
осыдан тұрады.
Наркоздың жіктелуі. Наркоз және беткейлік болып бөлінеді. Наркоз
қалпына әртүрлі химиялық препараттар енгізгенде фармакодинамикалық наркозға
жетіледі. Орталық жүйке жүйесін электр тогымен әсерлегенде электронаркоз
жасалынады. Медицина тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз өндіріледі.
Ендіру жолдарына қарай, яғни таңдалған есірткелік зхаттың практикалық
қолдану түріне қарай наркозды 2 негізгі топқп бөледі. Ингаляциялық (тыныс
алу жолдары арқылы) және ингаляциялық емес (парапульмональдық). Бірінші
түрінде ұшқыш газ тәрізді заттарды (циклопропан, этилен және т.б.) тыныс
алу жолдары арқылы дем алғызады. (инсульфациялық наркоз). Екінші түрде
ингаляциялы емес есірткелерді (ксилазин, кетамин, морфий, хлоралгидрат және
т.б.) организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді.
Оның кең тараған түрі, тез әсер ету және аз уландыртпайтын дозасы
болу үшін, тамыр ішінен енгізуді қолданады. Кейбір есірткелік заттарды
асқазанға, тік ішекке, сүйек ішіне енгізу арқылы наркоздың белгілі бір
тереңдігін тудыруға болады. Осыған байланысты наркоздың тамыр ішіне,
оральды тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі) және т.б. ажыратады.
Бұл наркотик енгізсе (мысалы эфир және фторотан) аралас мүмкін, сол
себептен бекемдеу мықты болып, көмекшілер малды мұқият қадағалауға
міндетті.
Наркоз тереңдегеннен кейін мал тынышталады, бұлшық еттер босаңсыйды.
Көздің қарашығы кішірейеді, ауру наркоздың үшінші кезеңіне кетеді.
Үшінші сатысы наркоздың ұйқы кезеңі немесе хирургиялық толеранттық,
мидың қыртысында және қыртыстың астында толық тежеу болып саналады.
Бірінші кезеңде наркоздың әсері тереңдейді, тыныс алуы бір қалыпты,
рефлекстер сақталғанымен әлсіз болады. Бездер секрециясы және бұлшық еттер
тонусы күрт әлсізденеді, рефлекстер жойылады.
Үшінші кезеңде рефлекстер жойылған толық наркоз басталады. Бұлшықеттің
қимылы жоғалады, тілі салбырайды, сол себептн арқасымен жатқан малдың тілі
көиейге түсіп тұншықпау үшін оны сыртқа шығарып бекемдейді.
Төртінші ең қауіпті кезеңде тыныс алу беткейлік болады, кілегей
қабықтарының цианозы пайда болады, қан қысымы төмендейді. Көз алмасының
ротациясы жойылып, кәдімгі қалпына келеді, қасаң қабағы құрғақтанады,
кеңейеді. Өмірге қатерлі құбылыстар туғызады. Осы кезеңде қарашықтың
қалыпты жағдайы өте маңызды: ол кішірейген түрде болса наркоз дұрыс өтіп
жатқанын көресетеді. Қарашық үлкейген жарыққа сезімталдық пайда болса ол
малдың тынысының тоқтауына қауіп туып тұрғаны берілген хабар. Дереу шаралар
қолданбаса мал өлімге душар болады.
Осы күнге дейін толық қауіпсіз жалпы жансыздандыру тәсілдері жоқ. Сол
себепті операция жасайтын жануардың ағзаларын және мүшелерін толық мұқият
зерттеп наркоздың қандай түріне қарсылығы және қолайлығын анықтау қажет
[3,8,9,10].
Жануарды наркозға дайындау екі кезеңнен тұрады: 1) алдын ала дайындау;
2) тікелей наркоз жасардың алдында даярлау. Алдын ала даярлауда есірткелік
заттар әсер ететін ағзаларды және мүшелерді толық тексеру. Егерде олардың
қызметінде нұқсан табылса оған лайықты ем тағайындау керек. Алдымен 18 – 24
сағаттық аштық диета қажет. Ет қоректілердің тамыр ішіне апоморфинді
енгізіп, жасанды құсуды шақыру арқылы асқазанды босатады. Операция жасайтын
күні малды мүлдем суармайды, себебі оның қаны сұйықталып, операция кезінде
және онан кейін қан ұюы төмендеп қан кетуі мол болуы мүмкін.
Қазіргі уақыт кездегі наркоздың ең маңызды кезеңі фармокологиялық
дайындық премедикация. Ол: а) наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді; б)
есірткенің жағымсыз әсерін жояды; в) қауіпті вегетативті рефлекстерін
азайтады және жояды. Премедикация есіртке емес бірақ наркозды тереңдету
және жақсарту үшін қолданылады. Премедикация қолданылатын прпараттардың
есіртке заттарынан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне етеді.
Олардың әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың
дозаларынан бірталай кемітуге болады.
Наркозды қолдануға болмайтын кездер. Ірі малдарға, әсіресе ірі қараға
жасалатын наркоз ең күрделі және ең қауіпті болып келеді. Сондықтан терең
наркозды тек ерекше жағдайда қолданылады. Сонымен қатар кейбір есірткі
заттар етке жағымсыз тұрақты иіс беретінін ескерту қажет. Егерде
операцияның кезінде қолайсыз жағдай келіп, малды союға мәжбүрлігі тууы
мүмкіндігінде хлороформ немесе эфирді наркозды қолдануға болмайды.
Безгектік жағдай, жүрек - тамыр жүйесінің (эндокардит, миокардит),
бүйректің, бауырдың, тыныс алу қызметті бұзылуы кезінде терең, әсіресе
инголяциялық наркозды қолдануға болмайды. Наркозды кәрі малдарға, жаңадан
туған және жас төлдерге қолданбайды. Арықтау, анемия және буаздық кезінде
әсіресе екінші кезеңінде тек қана жергілікті анестезия мен терең емес
наркозды қолдануға болады. Тура осындай наркозды ірі қара малдардың аяқ
сүйектерінде жарықтар болса қолданылады, себебі мал оянған кезде өзіне
бұдан артық зақым келтіруі мүмкін.
Коньюнктиваны, шырышты және синовальды қабықтарда жансыздандыруда
қолданылады. Көз конъюктивасын жансыздандыру үшін пипеткамен новакаин 5 –
10 % - тік ерітіндісін тамызады. Жансыздандырудың ұзақтығы 20 минутқа
дейін.
Ауыз, мұрын, кеңірдек, жыныс мүшелерін шырышты қабықтарын
жансыздандырғанда осы ерітінділерді тампонның көмегімен қолданады.
Ерітінділер жоғары концентрациялы болса оны байқап қолдану қажет, мысалы
қуықтың шырышты қабатын жансыздандыруы болғаннан кейін, қуықты босатып,
оның артына катетр арқылы 0,25 – 0,5 % - тік новакаин ерітіндісімен
толтырады.
Сүйектердің синовиалды қабығын, сіңір қынабын және бұрса қабықтарын
инемен тесіп синовальды сұйықтықты шығарып оның орнына 4 – 6 % - тік
новакаин ерітіндісін енгізіп жансыздандырады. Қуыстарды көлеміне қарай 5 мл
тен 20 мл дейін инъекциялайды, ал үлкен қуыстарды (тізе бөлімінің
сүйектері) 50 мл дейін негізеді.
Құрсақ қуысын инемен тесіп немесе лапоротомия кезінде ашылған қуысына
анестік құйып жансыздандырады. Әдетте ұсақ малдарға жансыздандырудың бұл
түрін 2 % - тік новакаин ерітіндісін 20 мл артық емес мөлшерде енгізеді.
Мына тәсілде 0,25 – 0,5 % - тік ал ірі малдарға кейде 1 % - тік
новакайн ерітінділерін қолданылады. Оларды қабаттап ұзын жіңішке инелермен
инъекциялайды. Инені алдымен тері қалындығына сыртқы бетіне паралельді
қадап, үлкен емес кампию пайда болғанша 2 – 3 мл дейін енгізеді, инені бері
қарай тартып жылжытып, қажетті ұзындықты инфильтрациялық домбышақ пайда
болғанша дейін инъекцияны жалғастырады. Содан кейін ине ұшын тері астына
орналастырып ерітіндіні қайта инъекциялайды. Сызықты инъфильтрациялық
анестезия. Қалың және дөрекі теріге инъфильтрацияны тері астылық дәнекер
ұлпаларын бастайды. Бұл жағдайда терінің сезгіштігі кйінірек басталады.
Сонымен қатар ерітіндіні тілік сызығының қарама – қарсы жағынан да енгізуге
болады. Сыртқы қабаттарын тілгеннен кейін ине мен пышақты кезектесіп терең
жатқан ұлпалардың инфильтрациясын жалғастырады.
Кең учаскелерге циркулярлық инфильтрацияны қолданады. Ерітінді бір –
біріне қарама – қарсы жатқан инфильтрациялық белгіленген нүктелерден
енгізеді. Бұл нүктелерден бұрыш астынан ұлпаларды анестетикпен сіңіртеді,
инъекция бағыты зақымдалған ошақты сыртын қоршап ромб пішініне келтіреді.
Ұлпа тереңдігіне ине ұштарын инфильтрация қалыпты пирамида немесе конус
пішініне келетіндей етіп жақындатады. Сонымен қатар әр түрлі нүктелерден
инъекциялайды. Инфильтрацияның бұндай тәсілмен ісіктердің, іріңді қаяулар
мен ойықтардың және т.б. патологиялардың экстрипациясында қолданылады.
Инфильтрациялық анестезияны сынықтарды орнына келтіргенде қолданады.
Ол үшін сынықтың орнына ұсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіс-жақ аймағының қабыну дерттері
Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы
Тіс жарып шығу процесі дерттері
Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы
Қойдың алдыңғы аяғының оститін емдеуге арналған ауру тарихы
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
Остеомиелит
Пәндер