Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы


Аннотация
«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы» атты курстық жұмысым 36 беттен тұрады.
Курстық жұмыс титул парағы, аннотация, мазмұны, нормативтік сілтеме, анықтама, белгілер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. қамтиды.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде жараның түрлері, жара процесінің биологиясы, жараның емі, жараны хирургиялық жолмен емдеу, жараны физикалық әдіспен емдеу, жараны химиялық әдіспен емдеу, новокаинді терапия қамтылған.
Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсетілген.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Жараның түрлері . . . 9
1. 2 Жара процесінің биологиясы . . . 12
1. 3 Жараның емі . . . 18
1. 4 Жараны хирургиялық жолмен емдеу . . . 19
1. 5 Жараны физикалық әдіспен емдеу . . . 20
1. 6 Жараны химиялық әдіспен емдеу . . . 22
1. 7 Новокаинді терапия . . . 23
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 24
2. 1Proanamnеsis . . . 24
- Anamnesis vitae . . . 24
- Anamnesis morbi . . . 25
- Status praesens communis:. . . 26
2. 5 Status prаesens localis . . . 27
2. 6 Diagnosis . . . 27
- Decursus morbi et therapia . . . 27
- Epicrisis . . . 32
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 34
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Анықтамалар
Жарақаттану - травма деген сөздің мәнісін түсіндіреді. Содан травматология деген тұтас ұғым келіп шығады.
Дегидратация - кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды.
Жара - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы.
Екінші зона - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену.
Бірінші зона - жара өзегі зонасы.
Ауырсыну - организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі және ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады.
Гидратация - бұл кезең жарада болатын морфо-функционалдық, биофизика-химиялық, иммуно-биологиялық процесстермен өтеді.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2013ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2013ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымықз ежелден малмен айналысқандықтан осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландырудың, қора-жай күтімдерінің, оның зоогигиеналық-санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этологиялық ерекшеліктерін де ескергеніміз жөн.
Тәуелсіздік алған жылдары Республикада мал басының өсуіне көңіл бөлінбеді, олардан алынатын өнімдерінің сапасына талдау жасалмай, тіпті кейде малға және басқа да жануарларға мезгілінде жедел ветеринарлық жәрдем көрсетілмей, олардың өлім-жітімге ұшырауы жиі кездесіп тұрды. Өміріне қауіп туғызарлық ауруға кенеттен шалдыққан мал мен жануарларға алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем көсетілу керек. Ветеринарлық жедел жәрдем мал дәрігерінің, орта және кіші ветеринария қызметкерлерінің тікелей міндеті.
Ветеринария саласында, оның ішінде малдәрігерлік хирургиясының ұлттық тілде шығарылған оқулықтары жоқтың қасы. Республикамыздың егемендік алғанына және мүшелі жасқа толуына байланысты, ветеринариялық хирургияның жалпы мазмұнын, оның өсіп-өнуін, бүгінгі күні мен болашағын жазу өзекті мөселелердің бірі болып саналады.
Сонау ерте заманнан бастасақ, дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегені де белгілі. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал иелері, бақташылар, ұсталар т. б. хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір-бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Жарақаттану жене жара жануарлар хирургиясының үлкен бөлімдерінің бірі. Жарақаттану - травма деген сөздің мәнісін түсіндіреді. Содан травматология деген тұтас ұғым келіп шығады.
Травматология дегеніміз - соққыдан жарадан пайда болған зақымды зерттейтін хирургия ғылымының бөлімі. Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте-бірте өлі етгерден тазарын, қуысы ұлпарларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін болатын жазылу процессінің биологиясы дейді. Бұл процесстің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ал жара бірінші жетілуімен немесе қабыршықтанып жазылғанда сыртқа белгісіз өтеді [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - иттің сан аумағындағы жарасын емдеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Жараның түрлері
Жаралар үш түрге бөлінеді - операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралары.
Операциялық жаралар малға әр түрлі асептикалық операция жасағанда (пішу, жарыққа операция т. б. ) жөне абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері - түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар.
Түйрелген жара. Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темір, біз т. б. ) жарақатгалғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Мүнда жараның ауызы тар болып, кейде бітеліп тұрады, көп қан ақпайды, бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан тамырлар жараланып гематома пайда болуы да ықтимал.
Тілінген жара. Өткір заттармен (пышақ, скальпель, ұстара, әйнектің сынығы т. б. ) жараланғанда болады. Мұнда жараның аузы ашылып тұрады, қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептері - балта, қыныш, күрек таш сол сияқты заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбірек жарақатғанады. тереңдігі сүйекке дейін жетіп кейде дененің шабынған бөлшегі салбырап тұрады [1, 2] .
Соғылған жара - жұмыр заттардың өсерімен пайда болады, мысалы балғамен, таспен, малдың тұяғымен т. б. заттармен. Мұнда жара пайда болуымен бірге оның айналасындағы тері, ұлпалар зақымдалады, сүйек сынуы да мумкін. Жарадан қан көп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе мүнда тері және шел жаралан-ғандықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы шектеулі болады.
Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темір ілгек, қармақ, бұтақ-шегелердің әсерінен пайда болады. Мұнда тері, оның астындағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады, сондықтан бұл жаралардың пішіні, терендігі бір емес, кейде жыртынған терісі салбырап тұрады, қан көп ақпайды.
Тістелген жара. Малдардың тістерінен пайда болуы. Мұнда ұлпалардың соғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседі. Тіспен жараға микробтар да енеді, басқа жараларға карағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусынан қауіп бар.
Жаншылған жара. Бұл жара өте ауыр жарақатта, мысалы мал ауыр машинаның трактор немесе құрылыс бетон қабырғаларының астында қалғанда пайда болады. Мұнда жара көлемді, еттері мыжылып жаншылған, шеттері жыртылып қан ақпайды, айналасы қанталап түрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупі бар, үсақ мал болмаса ірі малды емдеудің нәтижесі болмайды [2, 3] .
Уланған жара. Жараның беті улы химиялық заттармен. радиоактивтік элементтермен ластанып организмге қосымша зақымын тигізсе олар миксты деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт. шаянның шаққанъшан да болады. Бұл жаралар өте қауіпті, сондықған бұған жан-жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.
Түйдектелген жаралар. Бұл жарада жоғарыда айтылған екі-үш жараның түрлері кездеседі, мысалы үрылған. соғылған және жыртылған. Мұндай жараны соғынып-жыртылған жара дейді. Сол сияқты басқа да жаралардың араласқан түрлері кездеседі. Жаралардың үшіні түріне соғыста пайда болатын жаралар жатады.
Атпа- кару жаралары. Бытыра, оқ, жарқыншақтын әсерінен пайда болатын жаралар. Мұнда қаптатдаған соққының әсерімен тек жара ғана пайда болып қоймай, оның айналасыңдағы ұлпалар да жарақатта-нады. Бұл жаратардың ерекшелігі - денеге оқ және сол сияқгы қарулармен бірге тереңге микробтар, әр түрлі бөгде заттар (жаңқа, құм, жүн т. б. ) енуі мүмкін. Ғалым Борстың зертгеуі бойышпа бұл жарада оның өзегінен сыртқа қарай 3 зона болады. Олардың жарақаттануы әр түрлі, сондықған ем қолданғанда осыны ескеру керек.
"Бірінші зона" (жара өзегі зонасы) . Бұған жараның өзегі жатады. Оның қуысында жаншылған ұлпалар, бөгде заттар, микробтар, ұйыған қан болады.
"Екінші зона" (молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену) . Бұл екінші зонаның сыртқа қарай жалғасы болып келеді. Бұл жердегі ұлпалар өліеттенуге ұшырамайды, бірақ торша құрылымы өзгереді, ұлпа аралығы қанталайды, жүйкеленуі бұзылады. Кейіннен бұл ұлпалар жартылай өлі еттену мүмкін.
Кейбір ғалымдар "төртінші зонаны" да айырады (ареактивтік зона) . Мұнда қан тамырлары салдануы, жүйкелену жағынан өзгерістер, ұлпаның зақым-далуы байқалады. Бұл зона жарақатталмаған ұлпалармен шектеседі.
Атпап қару жараның айналасындағы терісі, еттері өлі еттеніп ісініп түрады. Жақын жерден атқан оқтың күйген іздері, оқ дәрінің иісі қалады. Мұнда жараның тесіп өткен түрлері кездеседі, оның кірер және шығар тесіктері болады. Кірер тесігі дөңгелек, үш бүрышты, жұлдыз төрізді болып, айналасыңцағы терісі ішіне бүктеледі [1, 2, 3, 4] .
Шығар тесігі жан-жагы жұлынып үлкен болады. Оқ немесе жарқыншақ денеге енгенде, ұлпалардың тығыздығына қарай бағытын өзгертеді, сондықтан жара өзегі тура болмайды. Мұндай жараларда сүйек сынуы, инфекция үрдісі дамуы мүмкін, сондықтан жазылу мерзімі ұзаққа созылады. Пайда болу уақытына қарай және организмнің оған реакциясына байланысты жараның үш түрін айырады:
а) жаңа пайда болған жара - пайда болған уақытынан 24-36 сағатқа дейін;
б) қабынып кеткен жара - қабынудың клиникалық белгілері айқын білінгенде;
в) инфекциямен асқынған жара - ірінді инфекциямен немесе газды инфекциямен асқынғанда.
Жараның белгілері. Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы.
Ауырсыну организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады. Әрине қатты және үзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигізеді. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңінде қатгы білінеді, кейінірек басылыңқырайды, кейде солқылдап ауырсынады.
Ауырсыну жараланған жердің жүйкеленуіне байланысты болады, неғұрлым жүйкесі көп жер жараланса соғүрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Тұлегіне қарай малдың сезімтал реакциясы әр түрлі болады. Ірі қара мал жылқыға қарағанда төзімді келеді, ал иттер, шошқалар, мысықтар өте сезімді болғаңдықтан, естен тануы да байқалады.
Құстардың ауырсыну сезімі өте төмен. Ауырсыну организмге зияндық әсерін де тигізеді. Ол қан -лимфа айналасына, жүрек қызметіне, тынысына. ішек-қарын қызметіне кері әсер етеді. Сондықтан қатты және үзақ ауырсыну организмге өте катерлі, мал естен танып өліп кетуі де мүмкін. Осыны ескеріп алдын-ала шара қолданып, ауырсынудың әсерін төмендеткен жөн [3, 4] .
Жараның негізгі бір белгісі - қан ағыс. Оның төмендегідей түрлерін айырады: сыртқы және ішкі, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиллярлы, аралас: уақытына қарай алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррезионды қан ағысты бөлек айтады. Мұнда қан тамыры қабырғасынан немесе бір мүшелердің сыртынан қан шым-шым пайда болып ағып түрады.
Сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын білінеді. Ішкі қанағыс сыртынан бідінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына (буын, кеуде, құрсақ т. б. ) жиналады, сондықтан оларды ұлпалардың немесе қуыс қан ағысы дейді. Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде (көкірек) куысына жиналса оны гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атай береді. Осындай қан ағыстарда мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиіленіп, көрінетін кілегей қабықтары бөзарыңқы болады, демікпе байқалады, мал теңселіп айдауға жүргісі келмей, жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы - жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін, ол қайталануы мүмкін. Оның себептері - алғашқы аққан қан жөнді тоқтатылмауында, пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі; қосымша жарақаттануы; жараяы таңған декені өрескел шешу, ауыстыру; жараның ішінде қалып қойған сүйек сынықтары мен және басқа бөгде заттармен жарақатғану; байланған қан тамырларының басқа жерден үзілуі.
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп - қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, вазо-конструкторларын жартылай салдануы (парез), организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Қансырау. Қансырау ірі қан тамырлар жарақат-талғанда кездеседі. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғылуы, тынысы жиілінеді, керінетін кілегей қабықтары бозарып көкшіл тартады, ол жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр түрлі болады. Ірі қара малмен иттер төзімді келеді, мысалы ірі қара денедегі 50% қаннан айырылғанда ғана өлуі мүмкін, ал жылқы қансырауды ауыр көтереді, ауру, арық малдар қансырауға төзімсіз келеді.
Емі. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолданады, мейілінше су береді. Қан тамыры арқылы 5% дейін глюкөза қосып хлор физиологиялық ерітіндісін жібереді, оны тері астына да жіберуге болады. Қан алмастырып сөйкес қан қүю, немесе оның орнын басатын ерітінділер - полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В. Н. Петров ерітіндісін қолданады.
Жара қабырғасының ажырауы. Бұл белгі тері астындағы бұлшық еттердің ұзынынан немесе көлденеңінен жаралануына байланысты болады. Ұзынынан жараланғанда жараның ауызы көп ажырамайды, ал көлденеңіңде -- ажырауы жақсы байқалады. Ауызы кең жараларды ластануы көбірек болады, сондықтан ұзаққа созылуы мүмкін. Мұндай жараларды емдегенде жартылай тігіп шеттерін жақындату керек. Ауызы тар жағдайда (мысалы түйрелген жараларда) анаэробты инфекцияның даму қаупі бар.
Қызметінің бұзылуы жараның пайда болған жеріне және ауырлығына байланысты болады. Егер өмірге жанды жерлер бас, жұлын әлде организмнің қимылдау мүшесіне әсер етілсе, мал ақсап жүре алмай қалады. Ал жеңіл-желпі және малға қатты өсерін тигізбейтін жараларда қызметінің бұзылуы айқын болмайды [3, 4, 5] .
1. 2 Жара процессінің биологиясы
Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте-бірте өлі етгерден тазарын, қуысы ұлпарларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін болатын жазылу процессінің биологиясы дейді. Бұл процесстің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ал жара бірінші жетілуімен немесе қабыршықтанып жазылғанда сыртқа белгісіз өтеді.
Клиникалық белгілеріне қарай Н. П. Пирогов жара процессінің үш сатысын айырады:
1) ісіну
2) тазару
3) грануляция сатысы.
Цитологиялық және патологиялық өзгерістеріне қарай Н. Ф. Камаев (1962) жара процессін келесі дәуірлерге бөледі:
1. Ерте пайда болған (12 сағат шамалы) - мұнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.
2. Дегенеративтік - қабыну дәуірі.
3. Регенерация дәуірі.
И. И. Кузин үш кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителийлену кезеңін ажыратады. Жарадағы биофизика-химиялық өзгерістеріне қарай И. Т. Руфанов жара процессін екі кезеңге беледі: гидратация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы; дегидратация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады. [1, 5, 6] .
Гидратация. Бұл кезең жарада болатын морфо-функционалдық, биофизика-химиялық, иммунобиологиялық процесстермен өтеді. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдалуларынан басталады, капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығады, тотығу - қалпына келу процесстері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, өттегімен қоректенуі төмендейді.
Қан тамыры арқылы өттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктармен байланысып, торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы (көбінесе, бұзылып аяғына дейін жетпейді) толық төтықпаған заттар көбейеді. Көмірсутек алмасуының бұзылуынан сүт, пировиноград тағы басқа қышқылдар, белок алмасуы бұзылуынан - амин қышқыддары кетон заттары; майлар мен липидтер алмасуы бұзылғаннан - май қышқылдары кебейеді. Сейтіп, жараның ұлпаларында қышқыл заттар көбейіп жергілікті ацидөз пайда болады. Егер қалыпты рн 7, 0-7, 1 болса, ацидөз рн 6, 8-6, 5 кейде одан да төмендейді. Осындай ацидөз және микробтар уыттары лейкоциттердің фагоцитоздық қасиетін төмендетеді, қырылуына себеп созылады. Өлген лейкоциттерден протеолдық ферменттер (протеаза, пепсиназа, оргиназа) бөлініп шығады. Осы ферменттердің және қышқылдардың өсерімен жарадағы өлі еттер ыдырап, езіліп сұйық затқа айналады, осылай ірің пайда болады. Ірің жараның қуысынан жара толық тазарғанша ағады [3, 4, 5, 6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz