Ұйғыр қағандығы



КІРІСПЕ
1. Тарихы
1.1 Ұйғыр қағандығы
2. Ұйғыр тілі
3. Ұйғыр жазуы
4. Өнері
4.1 Ұйғыр музыкалы комедия театры
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автоном районының тұрғын халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн. адам (2001). Ұйғыр - Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қазіргі ҚХР, Шыңжаң ұйғыр автоном. ауданының тұрғын халқы. Аздаған бөлігі Қазақстанда тұрады. Тілі - түркі тілінің оңтүстік -шығыс тобына жатады. 15 ғасырда Жетісуға қоныс аударған Ұйғырларды тараншы (дихан)деп атаған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде ертеректе Енисей жағалауларынан Алатауға келген көшпелі халықтар (қырғыздардың ағайындары) тағдыры туралы: «Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті» деген құнды мағлұматтар береді. Одан әрі қырғыздардың арғы тегін талдай отырып: «Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Шабуыл кезінде олардың атты әскері алдымен ұрысқа кірісетін болғандықтан ұйғыр хандары «Пруттарды» қырғыз атандырыпты» деген дерек келтіреді. Абайдың бұл мағлұматынан қырғыздардың бір кездерде Ұйғыр хандығының қарамағында болғанын білеміз.
Ұйғырдың ата қонысы ерте кезден-ақ Шығыс Түркістан аталған. 1760 ж. бұл өлкені Цинь империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын Синьцзян (Шыңжаң) (жаңа жер, жаңа шекара) деп өзгертті. Кейіннен өлке атауы ШҰАР (Шыңжаң — Ұйғыр Автономиялы районы) деп өзгертілді. Қытайлар Ұйғырды басқа да мұсылман ұлыстарымен қосып хуэйцзу, хуэйхуэй деп, кейде чантоу деп те атаған. Моңғолдар Ұйғырды хотан деп атайды. “Ұйғыр мемлекеті”, “Ұйғыр жазуы”, “Көне ұйғыр тілі” деген тарихи атаулар туралы қазіргі Ұйғырдың этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастық туралы әр қилы пікірлер бар. Көне ұйғыр тілі — Қарахан әулеті дәуіріндегі түркі тіліне қарағанда Орхон түріктерінің тіліне жақын (5 — 9 ғ-лар). Ал қазіргі жаңа ұйғыр тілі өзбек тілімен бірге түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс тобының қарлұқ бұтағын құрайды. Ұзақ жылдар Ұйғыр шет ел басқыншыларының қол астында болып, ішінара қақтығыстарға ұшырады. Осының салдарынан 15 ғасырда этнонимі сирек естіліп, оның орнына — тұрағына байланысты қашғарлық, хоталик, ақсулық, т.б. деп аталды. Ал Жетісу мен Орта Азияға қоныс аударған Ұйғыр тараншы (диқаншы) делінді. 19 ғ. мен 20 ғ-дың басындағы Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде осы атау жиі ұшырасады. 1921ж. Ташкент қаласында өткен зиялы қауымның бас қосқан мәжілісінде түркітанушы проф. С.Е. Маловтың ұсынысымен ұйғыр атауы жалпы халықтық атау ретінде қалпына келтірілді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың
Шыңжаң ұйғыр автоном районының тұрғын халқы. Сондай-ақ Қазақстанда,
Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5
млн. адам (2001). Ұйғыр - Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі.
Қазіргі ҚХР, Шыңжаң ұйғыр автоном. ауданының тұрғын халқы. Аздаған бөлігі
Қазақстанда тұрады. Тілі - түркі тілінің оңтүстік -шығыс тобына жатады. 15
ғасырда Жетісуға қоныс аударған Ұйғырларды тараншы (дихан)деп атаған. Абай
Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы деген тарихи еңбегінде
ертеректе Енисей жағалауларынан Алатауға келген көшпелі халықтар
(қырғыздардың ағайындары) тағдыры туралы: Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді
халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр
халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті деген құнды
мағлұматтар береді. Одан әрі қырғыздардың арғы тегін талдай отырып:
Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Шабуыл кезінде
олардың атты әскері алдымен ұрысқа кірісетін болғандықтан ұйғыр хандары
Пруттарды қырғыз атандырыпты деген дерек келтіреді. Абайдың бұл
мағлұматынан қырғыздардың бір кездерде Ұйғыр хандығының қарамағында
болғанын білеміз.

1. Тарихы
Ұйғырдың ата қонысы ерте кезден-ақ Шығыс Түркістан аталған. 1760 ж. бұл
өлкені Цинь империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын Синьцзян (Шыңжаң)
(жаңа жер, жаңа шекара) деп өзгертті. Кейіннен өлке атауы ШҰАР (Шыңжаң —
Ұйғыр Автономиялы районы) деп өзгертілді. Қытайлар Ұйғырды басқа да
мұсылман ұлыстарымен қосып хуэйцзу, хуэйхуэй деп, кейде чантоу деп те
атаған. Моңғолдар Ұйғырды хотан деп атайды. “Ұйғыр мемлекеті”, “Ұйғыр
жазуы”, “Көне ұйғыр тілі” деген тарихи атаулар туралы қазіргі Ұйғырдың
этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастық туралы әр қилы пікірлер бар.
Көне ұйғыр тілі — Қарахан әулеті дәуіріндегі түркі тіліне қарағанда Орхон
түріктерінің тіліне жақын (5 — 9 ғ-лар). Ал қазіргі жаңа ұйғыр тілі өзбек
тілімен бірге түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс тобының қарлұқ бұтағын
құрайды. Ұзақ жылдар Ұйғыр шет ел басқыншыларының қол астында болып,
ішінара қақтығыстарға ұшырады. Осының салдарынан 15 ғасырда этнонимі сирек
естіліп, оның орнына — тұрағына байланысты қашғарлық, хоталик, ақсулық,
т.б. деп аталды. Ал Жетісу мен Орта Азияға қоныс аударған Ұйғыр тараншы
(диқаншы) делінді. 19 ғ. мен 20 ғ-дың басындағы Ресей зерттеушілерінің
еңбектерінде осы атау жиі ұшырасады. 1921ж. Ташкент қаласында өткен зиялы
қауымның бас қосқан мәжілісінде түркітанушы проф. С.Е. Маловтың ұсынысымен
ұйғыр атауы жалпы халықтық атау ретінде қалпына келтірілді.

1.1 Ұйғыр қағандығы
'''Ұйғыр қағандығы''' (745 — 840) — Орталық Азияның шығыс бөлігінде
түркі тілдес тайпалар құрған ортағасырлық мемлекеттер Селенга, Орхон, Тола
өзендері бойында орналасқан. 8 ғасырдың бас кезінен бастап яглакар руы
бастаған тоғыз-оғыз тайпалар одағы Шығыс түрік қағандығына қарсы өз
тәуелсіздіктері үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бірте-бірте олар бір
мемлекетке бірікті. Жаңа мемлекет Ұйғыр қағандығы деп аталды. 744 ж. Шығыс
түрік қағандығының әскерін күйрете талқандаған олар саяси әскери билікті
тұңғыш рет өз қолдарына алды. Шығыс түрік қағандығының орнына жаңа мемлекет
— Ұйғыр қағандығы пайда болды. Оның астанасы — Орхон өзенінің бойындағы
Қарабаласағұн қаласына орналасты. Алғашқы қаған Пэйло (746) болды. Оның
кезінде қағандық аумағы Алтай тауларынан Үлкен Хинганга, Саян жоталарынан
оңтүстікте Гоби шөліне дейін созылды. Пэйло өлгеннен кейін оның баласы
Мойыншор таққа отырды (746 — 759). Ол мемлекетті нығайтып, Орта Азиямен
және Қытаймен қарым-қатынас орнатты. Мойыншор Тываны өз қол астына қаратты.
Ұйғыр қағандығының әскери және саяси қуатының артқаны соншалық 757 ж.
Қытайда соғдылық Ань Лу-шань бастаған көтерілісшілер бас көтергенде Қытай
императоры Мойыншордан көмек сұрады. Ұйғыр қағандығы түркі тектес көшпелі
тайпалардың одағынан тұратын ортағасырлық мемлекет болды. Бас билік
қағанның қолында шоғырланды. Халық негізінен мал шаруашылығымен және
егіншілікпен айналысты. Қала, бекініс, елді мекен салу дами түсті. Қолөнер
кәсібі өрге басты. Сирия алфавиті негізінде ұйғыр жазуы пайда болды.
Ұйғырлардың бір бөлігі буддизм дінін қабылдаса, 8 ғасырдың аяғынан манихей
дініне көше бастады. Дегенмен, халықтың негізі тәңіршілдікті ұстанды. Ұйғыр
ақсүйектерінің өзара қырқысулары мен тайпалардың қағанның билігіне қарсы
күресі салдарынан 8 ғасырдың аяғында қағандық әлсіреді. Ақыры 840 ж. Енисей
(Енесай) қырғыздарының соққысынан күйреді. Ұйғырлардың бір бөлігі (15
аймақ) Алтай мен Тарбағатай аралығындағы Қарлұқ қағандығына қашты. Қалғаны
Шығыс Түркістан мен Ганьсу аймағына қоныс аударды. Ұйғыр қағандығы жүз
жылдай Қытайдың Орт. Азияға шығуына күшті кедергі болды.
Халықтық этногенезіне қатысқан тайпалардың әр алуандығына сәйкес
бүгінгі Ұйғырлардың антрополиясының жағынан біртекті еместігі байқалады.
Қашғарияның оңтүстігінде еуропа нәсілдің памир тобы басым болса, Шығыс
Түркістанның солтүстігін мекендеушілерде еуропалық, моңғолоидтық элемент
тең түседі (тұранаралық нәсіл). Ұйғыр этнонимі 3 ғасырдан белгілі. Көне
заманда моңғол даласын мекендеген көшпелі Ұйғырлардың арғы тектері
ғұндардың тайпалық одақтарына енген. Кейіннен Жужан, Түрік қағандығының
құрамында болды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін (8 ғ.) Селенга, Орхон,
Тола өзендерінің бойындағы Ұйғырлар Ұйғыр қағандығын құрды. Ұйғыр атауы
Орхон жазба ескерткіштерінен де белгілі (8 ғ.). 840 ж. Ұйғыр қағандығын
қырғыздар күйретті. Содан кейін олар Шығыс Түркістан мен [Ганьсудың] батыс
бөлігіне қоныс аударып, Тұрфан ойпатында (847 — 1369), Ганьсуда (847 —
1036) дербес мемлекет құрды. Ганьсудағы мемлекетті таңғұттар жойды да Шығыс
Түркістан 14 ғ-да Шағатай ұлысына, кейін Моғолстанға қарады. Шығыс
Түркістанға ауып келген Ұйғыр қыпшақ, қарлұқ, шігіл, ячма, құман, т.б.
түркі тайпаларымен бірге жергілікті иран тектес халықпен араласып, бертін
келе бір этнонимді топқа бірікті. 9 — 10 ғасырларда Ұйғырда буддизм,
кейіннен оның жаңа тармағы — махаяна (Ұйғырларда 8 ғасырдың 60-жылдары)
тарады. 11 — 17 ғасырларда Ислам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйғыр тілі
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Орталық Азиядағы түркі халықтарының тарихы: Қырғыздар. Ұйғырлар. Өзбектер. Түркмендер. Қарақалпақтар
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Көне түркі тілі
Қимақ мемлекеті
Ұйғыр халқының материалдық және рухани мәдениеті
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Пәндер