Иттің түскен тік ішегінің оперативтік емі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Иттің түскен тік ішегінің оперативтік емі» атты курстық жұмысым 33 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Тік ішек аурулары . . . 9

1. 1. 1Тік ішек түсуі . . . 9

1. 2 Кіндік жарығы . . . 10

1. 3Жарықты операциямен емдеу. 10

1. 4Ұмашап жарығына операция жасау . . . 11

1. 5 Хирургиялық операция туралы ілім. . 13

1. 6 Операциялардың жіктелуі . . . 15

1. 7 Жергілікті жансыздандыру . . . 18

1. 8 Хирургиялық операциялардың элементтері . . . 21

2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 25

2. 1Proanamnеsis . . . 25

  1. Anamnesis vitae . . . 25
  2. Anamnesis morbi . . . 25
  3. Status praesens universalis . . . 25

2. 5 Status prаesens localis . . . 26

2. 6 Diagnosis . . . 27

  1. Decursus morbi et therapia . . . 27
  2. Epicrisis . . . 30

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 31

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Тік ішек түсуі - ішек қатары, копростаз, қуыққа тас байлану және туу кезіндегі күшенуден болуы мүмкін.

Ауырсыну - организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі және ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады.

Дегидратация - кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды.

Жара - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы.

Екінші зона - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену.

Бірінші зона - жара өзегі зонасы.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » факультеті

«»кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2013ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын сөзсіз екеніне құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты оперативтік хирургияны толық зерттеу үшін, студенттерге анатомия, физиология, дерттік физиология, фармакология және басқа да пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.

Дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегенді де білген. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен қолданылады. Мал иелері, бақташылар, ұсталар, тағы басқалар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.

Қазақстанның ветеринария хирургиясының дамуы, бұрынғы Кеңестер Одағы ғалым - хирургтардың еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу.

Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ (460-370 ж. ж біздің эраға дейін), атақты Рим дәрігері Цельс (1 ғасыр біздің эраға дейін) және Гален (130-200 ж. ж. біздің эраға дейін) болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосқан, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.

Хирургиялық операцияларды зерттеп жасау анатомиялық деректерге тікелей байланысты.

Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.

Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық және тағы басқа арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - иттің түскен тік ішегін оперативтік жолмен емдеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1Тік ішек аурулары

1. 1. 1Тік ішек түсуі

Тік ішек түсуі ішек қатары, копростаз, қуыққа тас байлану және туу кезіндегі күшенуден болуы мүмкін.

Белгілері. Ішектің түскен бөлімі домалақ не цилиндр төрізді болып келеді, оның кілегей қабығы қызыл және ісінген. Кейде қабықтың кейбір жері ойдым-ойдым болып шіріген.

Емі. Тік ішек түсісімен ішектің түскен бөлімін жуады және қайтадан орнына салады, содан кейін айқас тігіс жасайды. Ішек шірісе, ішектің зақымданған бөлігін тіледі және тігеді.

Тоқ ішекті орнына салу және кесу операциясын жасағанда жұлынға анестезин жасап, сол жерді жансыздандыру әдісін қолданады.

Тік ішек жарасы. Бұл жаралар беткей және тесіп өткен жара деп екі түрге бөлінеді. Көбіне жара дене қызуын өлшеу әдісін дұрыс қолда'баудан, тік ішек арқылы зерттеуді дұрыс жүргізбеуден не қарыннан ішекке өткір бөгде заттар түсуінен болады. Үстіртін жара әлде қайда оңай жазылады, ал тесіп өткен жара іріңді-шірік түрде өтеді және оның салдарынан парапроктит, іріңдік және жыланкөз пайда болады.

Белгілері. Нәжіс шығарғанда ауырады, нәжісіне қан араласады. .

Емі. Тік ішекті күніне 2 рет калий перманганатының сұйық ерітіндісімен жуады, жараға йод-глицерин жағады. Жара парапрокатит не іріңдік әсерінен өрши түссе, операция жасалады.

Тік шек қаяуы. Жара мен жарақат асқынғанда болады.

Белгілері і шек қуысы қаяу өзегімен сыртқы ортаға жалғасса толық қаяу, қаяу өзегі ішек қуысына ашылып, бірақ теріде тесігі болмаса жартылай қаяу деп, ал ішек қаяуының өзегі қынап қуысына ашылса онда мұны қынап қаяуы деп атайды.

Емі. Операция - каяу шеттерін кесу және тігіс салу.

Парапроктит. Тік ішек жарасына инфекция түскенде байқалады.

Белгілері. Артқы тесік айналасында нәжіс шығаруды киындататын тығыз, ауыратын ісік пайда болады. Артқы тесік арқылы зерттегенде тік ішек қабырғасында қатты не жұмсақ былқылдақ, ауыратын ісік байқалады.

Емі. Операция жасалады.

Тік ішек ісіктері. Малда зиянсыз (липома, фиброма, миома) және қатерлі ісік (саркома, мелано-саркома, карцинома) болады.

Белгілері. Тік ішекте ісік пайда болудан артқы тесік тарылады, онда капростаз, созылмалы шаншу пайда болады.

Емі. Операция - ісікті сылып тастау.

1. 2 Кіндік жарығы

Ішкі органдардың кіндік сақинасы арқылы сыртқа шығуы көбіне торайда, жылқыда және итте байқалады. Жарықтың туа болған (өте кең сақина) және тіршілік кезінде (зақымданудан) пайда болған, түскен ішек не шарбы май шат куысына оңай салынатын және түскен ішкі органдар қайтадан көкірек қуысына қиын салынатын түрлері бар.

Белгілері. Кіндік аймағында мөлшері әрқилы (грек жаңғағынан қауынның колхозница деген сортының мөлшеріндей) ісік білінеді, ішек түскенде оның жиырылып-созылып жатқаны байқалады, қолмен сипап қарағанда тесік (сақина) оңай білінеді.

Емі. Төлдің өзінен-өзі жазылуы мүмкін. Ересек малдарға Гутман, Оливков не Тарасевич әдісін қолданып, операция жасайды [1, 2] .

1. 3 Жарықты операциямен емдеу

Кіндік жарығының операциясы. Кіндік жарығы көбінесе шошқада кездесе-ді. Кіндік жарығымен ауырған торайлар баяу еседі, күні бұрын бракқа шығарылады немесе жарық сұйық затының қысылуынан я болмаса семуінен және жарық қапшығының тесілуінен еніп кетеді:

Шошқаның кіндік жарығына операция жасау әдісі. Операцияны төмендегі тәсілдердің бірімен жасайды.

Бірінші тәсіл. Жарық сұйық затын кұрсақ қуысына қайта енгізген-нен кейін жарық тесігін қайырма тігіспен қусыра тігеді. Тігіс жібін жарық тесігінің шетінен 1, 5-2 см жерден көкшандырға тимей, теріден жэне құрсак қабырғасынан өткізеді. Бұл тәсілмен жасалатын операцияны тек енесін еміп жүрген торайларға жасаған жен, өйткені ол кезде жарық шеңбері үлкен болмайды.

Е к і н ш і т ә с і л. Теріні тура бағытта немесе ұршық тәрізді етіп жарық-тьщ ең үлкен деңесін айналдыра кеседі. Жарық үлкен және қабысып кеткен жағдайда, сондай-ақ сыртқы беті өліеттенген болса, ұршық тәрізді кесу әдісі қолданылады. Жарықтың сірі қабын дәке тампонмен теріден жарық сақинасына дейін ажыратады. Сақина айналасындағы тканьдерді де жан-жаққа ығыстырады. Содан соң жарық қабын құрсақ қуысына салады да, жарық тесігін бүрінді, түйінді немесе ілмек тігіспен тігеді. Тігістің екінші қатарымен теріні тігеді. Бұл тәсіл қарапайым, бірақ аурудың қайталауы да мүмкін. Жарық қабын құрсақ қабырғасына қоса тіккенде де ауру қайталауы ықтимал.

Үшінші тәсіл. Жарық аузы жіңішке және жарық қапшығы өте қалың болған жағдайда, оны құрсақ қабырғасына жақын жерден тігіс лигатурасымен байлап, одан 1, 5-2, 0 см жердел алып кесіп тастайды. Лигатуранын, екі ұщын ине көзіне іліп, жарық шетінен өткізіп, жиырьш тігеді.

Төртінші тәсіл. Шошқаның жарығы үлкен болған жағдайда ең тиімді операция құрсақ қуысын жарып, жарық тесігін тіккен жөн. Сезімін жою үшін хлоралгидратты наркоз (вена арқылы) қолданылады. Малды қақ шалқасынан жатқызып, басын сәл салбыратып қояды. Артқы аяқтарын тірсегінен сәл бүгіп байлап, құрсағына қарай иіп, алдыңғы аяқтарын кейін қарай дене бойына тартып қояды. Бұлай бекіту құрсақтың бауыр бетін босаңсытуға көмек береді.

Жарық қапшығының ең үлкен төмпешігі үстінен теріні үзынынан кеседі, оньщ ұзындығы жарық тееігінің ұзындығынан сәл үлкен болуы керек. Айнала кесілген тері тіліндісін алып тастайды да, скалыіельдің тұтқасымен сірі қапшықты қоршап тұрған тканьнен ажыратады. Содан соң шекті құрсақ куысына салады, жарық қапшығын алдынан және артынан Пеан қысқышымен немесе корнцангпен ұстайды да, оны ортасынан көлденең тіледі. Пайда болған екі тіліндіні (алдьщғы және артқы) екі жағына тартып, құрсақтың бауыр қабырғасын сәл жапсыра басады. Бүл кезде жарық оақинасы аздап келденең бағытта созылады да сопақ түрге келеді. Осылай тұрғанда оны түйінді тігіспен, былайша айтқанда қүроақ қуысына өтетін тігіспен тігеді. Тігіс жібін ұзына бойына; құрсақ жігіне жарыспалы күйде өткізеді, сейтіп жарык тесігінің ал-дыңғы және артқы қабырғасын жақындатады. Тігіс жібі ретінде 6-8 жібек немесе иірілген жіп қолданылады. Көкшандырды жарық тесігінің қабырғасын бармақпен бақылай отырып, оның шетінен, 0, 5--10 см жерден инені шаншып, жарық қапшығыньщ тіліндерініқ түбінен тігеді. Жарык тесігінің көлеміне қарай 2-ден 8-10-ға дейін тігіс салады.

Егер жалпы наркозсыз, тек операция жасайтын жердіқ сезімін жоюмен операцияланатын болса, онда шек шығып кетуден сақтану үшін Ричардсон шарын қолдануға болады. Спиртпен сүртілген шағын баллонды құрсақ ішіне салып, жарық тесігінің қасына орналастырады да, онын, резинкалы түтігін сыртқа шығарады және оны Пеан қысқышымен қысып кояды. Шағын баллонды үрлеп ауаға толтырады, сөйтіп шекті жарық тесігінен әрі ығыстырады, бүл жарық аузын тігуді едәуіржеңілдетеді. Тігіп болған соң алдымен шағын баллонның ауасын шығарады да, құрсақ қуысынан суырып алады. Жарық тесігін тіккеннен кейін, оның қапшығының тілінділерін жоғары көтеріп, құрсақ қуысьінан 1, 5-2 см жерден кеседі. Тілінділердің қалған шетін үздіксіз немесе түйінді тігіспен қосып тігеді. Операцияны тері тігумен аяқтайды.

Құлынның және бұзаудың кіндік жарығына операция жасау әдісі. Опера-цияны жалпы наркоз беріп немесе сезімін жоюмен аралас жасайды. Малды шалқасынан жатқызып бекітеді. Теріні ұзынынан кескеннен кейін скальпельдің тұтқасымен одан жарықтың сірі қапшығын ажыратады.

Жарық сұйық затын құрсақ қуысына ығыстырып, жарық қапшығын корнцангпен ұстайды да, оны айналдыра бір бүрап жоғарғы жағынан үзын тігіс лигатурасымен байлайды. Лигатуранын. бір үшын инеге өткізіп, онң бармақ көмегімен жарық тесігінің шетінен 1-2 -см жерден өткізеді. Екінші жіпті осылай етіп қарама-қарсы жағынан өткізеді. Лигатураньщ ұштарын тартып жиыра бастағанда жарық қапшығы ішке түседі және жарық тесігі жабылады. Қажеті болса жарық тесігін қосымша 1-2 тігіспен тігеді. Тері тесігін түйінді немесе тұзақ тігіспен тігеді [1, 2, 3, 4, 5] .

1. 4Ұмашап жарығына операция жасау

Ұмашап жарығы көбінесе қабандарда кездеседі. Ол торайларда алғашқы 3-4 айлық кезінде пайда болады, ал А. Ф. Бурденюктің мәліметтері бойынша туғаннан. кейін бірнеше күнде немеое бірнеше апта өткен соң пайда болады. Бұл жарықтын, пайда болуына шошқаны күту және жемдеу жағдайлары көп әсер етеді. Ол көбінесе нашар күтілген, авитаминоз, мешел немесе кейбір басқа да аурулардың белгісі бар малда байқалады. Шошқада ұма-шап жарығынық қысылып қалуы сирек байқалғанымен, ауру малды операция жасап емдеу керек. Олай болмаса, жарық үлкейіп жетеді де, шошқаны бағып-күту және бордақылау қиындайды және бракқа ерте шығаруға тура келеді.

Қабанның ұма-шап жарығына операция жасаудьщ тәртібі мынадай: операциядан бір күн бұрын оған жем бермей ашықтырады. Жотасына жатқызып, басын төмен салбыратып байлап бекітеді. Асау, сондай-ақ жарық үлкен болса, наркоз қолданылады. Операция жасаған кезде мынадай тәсілдердің бірі колданылады.

Бірінші тәсіл. Жабық тәсілмен піштіреді. Қынаптық жалпы кабықты мүмкіндігінше толық тарта беліп, оны ен және енбаумен бірге бірнеше рет айналдыра бұрайды. Бүл кезде шек қуысына еніп кетеді. Егер жарық сұйық заты қынаптың жалпы, қабықпен жалғасуы салдарынан құрсақ қуысына кайта енбесе оны кішкене тіліндімен жарады да, жалғасқан жерін скальпельдің тұтқасымен немесе қайшымен бұзады. Бұрағаннан кейін қынаптық жалпы қабыққа және енбауға мүмкіндігінше жарықтын, сыртқы сақинасына жақын жерден тігіс лигатурасын салады. Лигатураны жараның түбіне ұма қоршауына бекітеді. Бұл тәсіл оңай болғанымен, соңынан ауру қайталауы мүмкін.

Екінші тәсіл. Теріні шаптың сыртқы сақинасының үстінен және одан әрі ұманың алдықғы бетімен тіледі. Тіліктің үзындығы 5-10 см болуы қажет. Теріні, тері асты қабатын және көк шандырды қынап каналына дейін тіледі. Қолды кесілген жерге енгізіп, қынаптық жалпы қабықты ажыратады да, оны енмен бірге сыртқа шығарады, бірак алдын ала қынаптық жалпы қабықпен ұма терісінің артқы - төменгі бөлігінің арасындағы сіңірді кеседі. Шекті құрсақ қуысына ығыстырады. Қынаптық жалпы қабықты енбаумен бірге бірнеше айналдырып бұрайды. Сыртқы шап сақинасынан 3-4 см жерден енбауға қынаптық жалпы қабығымен бірге тігіс лигатурасын салады. Лигатураның бір ұшын сыртіқы шап сақинасының шетінен, ал екіншісін - ішкісінен өтқізеді. Лигатураның үштарын тартып байлайды; бұл кезде лигатурадан жоғары жатқан енбау іщке қарай тартылады да биологиялық тампон ретінде шап каналын жабады. Енбауды лигатурадан 1, 5-2, 0 см жерден кеседі. Шап сақинасы, кең болған жағдайда оған қосымша 2-3 тігіс салынады. Теріні түгелдей тігеді немесе оның артқы бұрышынан аздап тесік қалдырады, одан ұма ішіне 3-4 күнге дәкелі дренаж салады (Чубарь) .

Бұлайша піштіру тәсілі сенімді және нәтижелі, бірақ жарық кезінде қы-наптық каналдын, қабырғасы ете жұқаратын болғандықтан, операция жаса-ғанда жарақаттануы мүмкін. Бұл шектін, сыртқа шығуына әкеліп соқтырады, ал мұның өзі операция жасауды қиындатады.

Үшінші тәсіл. Ұма терісін малды кәдімгі піштіру кезіндегідей етіо тіледі. Қынаптық жалпы қабықты ажьіратады және оны бұрап, шекті құрсақ қуысына ығыстырады. Жалпы ұя қабымен жабылған енбауға корнцанг салады. Одан 1, 5-2, 0 см жерден енбауды жеседі де, енді шығарады. Содан соң жоғарғы шап сақинасының үстінен екінші жерден теріні және көкшандырды тіледі, онда бұралған енбау анық сезіліп тұрады. Қорнцанг пен енбау осы кескен жерден тері астымен шығарып алынады. Шыққан енбауды басқа корнцангпен ұстайды да, біріншісін босатып, ұма кееілген жерден сыртқа шығарьш алады. Енбауды корнцангтан жоғары жерден, алдын ала тағы 1-2 рет бұрайды да, тітіс лигатурасымен буып байлайды. Лигатураның ұштарын екінші тәсілдегідей сыртқы шап сақинасының жиегінен өткізеді. Содан кейін корнцангты босатып алып, лигатураның ұштарын тартып байлайды. Шап сақинасының үстіндегі тілікті түгелдей тігеді, ал ұма тілігін ашық қалдырады (Алексеев) [4, 5, 7, 8, 9] .

1. 5 Хирургиялық операция туралы ілім

Хирургиялық операция - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық операциялар. Операция негізгі мақсаты оны жасағаннан кейін малдан алатын өнімділікті қайтадан қалпына келтіру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетін түзеп қалыптастыру үшін (пластинкалық) . Операцияларды үйде ұстайтын ұсақ малдарға (ит, мысық т. б. ) иесінің бұйрығы бойынша немесе адамгершілікті түсініктерден, физиологиялық тәжірибе қою үшін, сонымен қатар әшекейлеп әдемілеу үшін (косметикалық) мақсаттар қисынымен жасалады.

Операция жасауға немесе жасамауға көрсетулер. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық т. б. арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.

Операция жасауға абсолютті көрсетулер болады, мысалы, басталушы қатерлі ісіктер, ішкі мүшелері түсіп қалуы, ішкі мүшелердің орнынан жылжып немесе қысылып қалуы, тыныс жолдардың жіті бітеліп қалуы, қан кету, пневмоторакс, мес қарынның, ұлтабардың, соқыр ішектің тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың тығындалуы және басқа жіті дерттер. Салыстырмалы көрсетулер дерттің денсаулыққа маңызды зиянының жоғында, операция жасамау, малдан шығатын өнімділігін тәуекелсіз төмендетуге алып келмейтін жағдайда (қатерсіз ісіктер, қысылмаған жарықтар т. б. ) .

Операция жсауға қарсы дәлелдер, малдың жалпы күй - жағдайына байланысты: қоңдылығы, жасына (тым жас немесе ерекше егде), дерт құбылысы күшейген кезі, ауру кең тарап асқынып кеткен себепте, мал естен танып терең шок немесе коллапс жағдайына ұшырағанда, терең буаздық немесе күйлеген кезінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Аяқ ауруларын емдеу және оның алдын алу
Сепсистің этиологиясы
Иттің сүт безінің ісігінің оперативтік емі
Азықтардың қорытылуы
Иттің периоститі, оститі, остеомиелиті және оның емдері
Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы
Қара малдың кератиті және оның емдері
Ісіктердің жіктелуі жөнінде
Қуық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz