Қара малдың кеуде қуысының аурулары және оның емдері (пневмоторакс, гемоторакс)


Аннотация
«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Қара малдың кеуде қуысының аурулары және оның емдері (пневмоторакс, гемоторакс) » атты курстық жұмысым 33 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2013ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2013ж.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 10
1. 1 Көкірек жарасы (пневмоторакс, гемоторакс) . . . 10
1. 2 Шоқтық төңірегінің аурулары . . . 10
1. 3 Хирургиялық операция туралы ілім . . . 12
1. 4 Хирургиялық операциялардың элементтері . . . 14
1. 5 Жансыздандыру. Жергілікті жансыздандыру . . . 18
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 23
2. 1Proanamnеsis . . . 23
- Anamnesis vitae . . . 23
- Anamnesis morbi . . . 23
- Status praesens universalis: . . . 24
2. 5 Status prаesens localis . . . 25
2. 6 Diagnosis . . . 25
- Decursus morbi et therapia . . . 26
- Epicrisis . . . 30
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 31
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Анықтамалар
Жарақаттану - травма деген сөздің мәнісін түсіндіреді. Содан травматология деген тұтас ұғым келіп шығады.
Дегидратация - кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды.
Жара - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы.
Екінші зона - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену.
Бірінші зона - жара өзегі зонасы.
Ауырсыну - организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі және ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады.
Гидратация - бұл кезең жарада болатын морфо-функционалдық, биофизика-химиялық, иммуно-биологиялық процесстермен өтеді.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.
Дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегенді де білген. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен қолданылады. Мал иелері, бақташылар, ұсталар, тағы басқалар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Қазақстанның ветеринария хирургиясының дамуы, бұрынғы Кеңестер Одағы ғалым - хирургтардың еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу.
Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ (460-370 ж. ж біздің эраға дейін), атақты Рим дәрігері Цельс (1- ғасыр біздің эраға дейін) және Гален (130-200 ж. ж. біздің эраға дейін) болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосқан, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Алғаш ветеринариялық хирургияда топографиялық анатомияны Петербургта А. А. Январский, Мәскеуде А. А. Петров оқыса, кейіннен Петербург Зооветинститутының кафедрасын В. И. Всеволодов басқарды.
Хирургиялық операцияларды зерттеп жасау анатомиялық деректерге тікелей байланысты.
Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.
Ветеринария саласында, оның ішінде малдәрігерлік хирургиясының ұлттық тілде шығарылған оқулықтары жоқтың қасы. Республикамыздың егемендік алғанына және мүшелі жасқа толуына байланысты, ветеринариялық хирургияның жалпы мазмұнын, оның өсіп-өнуін, бүгінгі күні мен болашағын жазу өзекті мөселелердің бірі болып саналады.
Сонау ерте заманнан бастасақ, дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегені де белгілі. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал иелері, бақташылар, үсталар т. б. хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір-бірінен ұйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Жарақаттану жене жара жануарлар хирургиясының үлкен бөлімдерінің бірі.
Жарақаттану - травма деген сөздің мәнісін түсіндіреді. Содан травматология деген тұтас ұғым келіп шығады.
Травматология дегеніміз - соққыдан жарадан пайда болған зақымды зерттейтін хирургия ғылымының бөлімі.
Курстық жұмыстың мақсаты - қара малдың кеуде қуысының ауруларына дұрыс диагноз қойып, оны емдеу.
1 Негізгі бөлім
- Көкірек жарасы (пневмоторакс, гемоторакс)
Онша қауіпті емес беткей жара және көкірек қуысына тереңдеп кеткен күшті асқындайтын, кейде малды өлімге ұшырататын жаралар (пневмоторакс, гемоторакс, эмфизема және т. б. )
Белгілері. Көкірек қуысына тереңдеп кеткен жара болса, мал мазасызданады, бірте-бірте әлсірейді, жүрек қызметі осалдайды, демігеді, терлейді, бұлшық еттері дірілдейді және т. б.
Емі. Беткей жараны әдеттегідей емдейді. Ашық пневмоторакста жараға мығым таңғыш тартады, не көкшандырға және теріге тігіс салды, венаға хлорлы кальцийдің 10%-тік 200 мл ерітіндісін 20%-тік глюкозаның 300 мл ерітіндісін жібереді, өз қанын өзіне құяды. Көкірек қуысына қан не жалқаяқ жиналса, сұйықты шығару үшін көк шандырдың қажет болатын жерін теседі.
Қабырғаның сынуы
Белгілері. Қабырғаның сынған жері ісінеді, оны мал ауырсынады, ол жерді қолмен басқанда пышырлап тұрады мұрнынан көпіршікті қан ағады. Кейде тері астына ауа кіріп, теріні кернеп тұрады.
Емі. Жабық сынық симптоматикалық әдіспен емделеді, ал ашық болса сүйектің сынықтары алып тасталады, жара әдеттегідей емделеді.
Қабырғаның шіруі. Қабырға сынуынан және сүйек қабатының закымдануынан болады.
Белгілері. Қабырға тұсында қаяу жолы болады, іріңді жалқаяк ағады, секвестер түзіледі. Ауру созылмалы түрде өтеді.
Емі. Операция - қабырғаның зақымданған жерін кесіп тасайды.
- Шоқтық төңірегінің аурулары
Шоқтықтың жайылмалы жарақатты ісігі. Ер-тоқымның (қамыт, ер, ершік және т. б. ) жұмсақ тканьді ұзақ уақыт қысуынан пайда болады. Ауру жіті өтеді. Ісік әуелде асептикалық болады, кейін оған инфекция түседі.
Белгілері. Ер-тоқымды алысымен зақымданған жерде онша ауырмайтын, кең көлемді, жайылған ісік пайда болады. Ол алғашқы кезде тығыз, кейін қамыр сияқты болады.
Емі. Жіті өтсе, мұз қар тартады, 1-2 %-тік буров сұйығын жағады, сонымен қатар барлық жерді бірдей қысатын таңғыш салады. Қажалған және шағын жаралы жерге иодтың не пиоктаниннің спирттегі ерітіндісін жағады, Жіті құбылыстар қайтқаннан кейін (2-3 күндері) жылу тартады, спирт - ихтиол не камфорадан жылу компресс қояды. Бұдан кейін ихтнил не камфара майын, иодвазоген және т. б. жағады. Ісікке іріңді инфекция түсіп асқынса, операция жасайды.
Шоқтықтың лимфа экстравазаты. Сөлдің борпылдақ шел қабыққа құйылып, одан кейін қуыс пайда болуынан орын алады. Сөл экстравазатының себебі - ер-тоқымнан шықтықтың тканьдерінің ойысуы және сөл тамырларының үзіліуі.
Белгілері. Ер-тоқымды алғаннан сон, шоқтық аймағында шамалы, онша ауырмайтын, көлемі бірте-бірте үлкейетін ісік пайда болады. Тері асты сөл эстравазаты ер-тоқымды алғаннан соң бірнеше сағаттан, ал шандыр асты мен бұлшық ет аралық экстравазаттар бірнеше күннен кейін пайда бодады. Ісікті қолмен сипап қарағанда сөлдің қуыс ішінде еркін қозғалатыны байқалады.
Емі. Қуысты ине не троакар көмегімен сөлден тазартады, антисептикалық ерітіндімен жуады және қысып тұратын таңғыш тартады. Ісік асқынған жағдайда ісіктің төменгі жағын теседі, ісік қалтасын жояды, қуысты жұмсақ тампонмен толтырады, тампонға йодтың спирттегі 5 %-тік ерітіндісі не йодтың формалиндегі ерітіндісі (1 : 2000) сіңіріледі.
Шоқтықтың кілегей қалтасының жіті асептикалық қабынуы. Жалқаяқ сипатына қарай қалтаның серозды және серозды-фиброзды қабыну түрлері бар. Екінші және үшінші көкірек омыртқасы сабағының үстінде беткей орналасқан қалталар ауруға сирегірек шалдығады. Кілегей қалталардың қабынуының себептері - түрлі зақымдану.
Белгілері. Қалталар орналасқан жерде ауыратын, былқылдақ не қамыр тәрізді ісік пайда болады.
Емі. Алғашқы кезде әдеттегі емдеу әдістері (мұз басу, дезинфекциялайтын қою дәрілерді жағу, жылы басу, ісік қайыратын майлар жағу, емдік балшықпен, электр тогымен емдеу) қолданылады. Бұдан кейін, егер мал айықпаса, операция жасалады, жалқаяқты шығару үшін ісікті тіледі, қалта қуысына йодтың 1%-тік ерітіндісін не ляпистің 5%-тік ерітіндісін жібереді, бұдан кейін қалта қабырғасын кореткамен сылып жұлып алады.
Шоқтық кілегей калтасының созылмалы серозды қабынуы. Ұзақ уақыт тіркендіруден (көбіне зақымданудан) не жіті процестің созылмалы процеске айналуынан болады.
Белгілері. Қалта орналасқан жерде ауырмайтын, көлемі кішкене, былқылдақ ісік пайда болады.
Емі. Кәдімгі емдеу әдістері және операция жасалады.
Шоқтық кілегей қалтасының іріңді қабынуы. Алғашқы асептикалық ұра іріңді инфекциядан асқынғанда, сол сияқты лоққы, жарақат, желке құрты және шоқтық бруцеллезі кезінде пайда болады.
Белгілері. Терең қалта қабынғанда шоқтықтың алдыңғы жағында, мойын түбінде ауыратын ісік шығады, ал үстірт жатқан қалта қабынғанда шоқтықтың дәл үстінде былқылдақ ауыратын ісік пайда болады, іріңді жалқаяқ толған қалта өзінен-өзі жарылғаннан кейін бір не бірнеше қаяу пайда болады.
Емі. Қалтаны түгел сылып тастайды.
Шоқтықтың терең тканьдарындағы ірінді-шірікті кабыну. Жіті процестер лоққы, терең іріңді жара, бурситтер, инфекцияны енген гемо-лимфа экстравазаттар асқынуы салдарынан, сол сияқты шоқтық, желке құрт ауруына не бруцеллезге созылмалы ұшырауынан пайда болады.
Белгілері. Шоқтықта ауыратын ісік пайда болады, іріңді жалқаяқ көп ағатын бірнеше тар қаяу өзектері болады. Қаяу өзектерінің шеттері шорланған.
Емі. Операция жасайды.
Шоқтық желке құрты. Жұмыр жіңішке гельминтоздан Onchocerca cervicalis тарайды.
Белгілері. Шоқтықтың алдыңғы бетінде және жауырын үсті сіңірінде, кейбір жері жұмсарған, ауырмайтын ісік байқалады. Асқынған желке құрт ауруының клниникалық белгілері жіті асептикалық бурсит не шоқтықтың жайылған ісігі тәрізді болады. Қалтаны микроскоппен арқылы тексергенде одан кейде паразиттер личинкасы байқалады. Желке құрт ауруына ұшырған тканьге инфекция түссе, іріңді-шірікті процесс дамиды, зақымданған жер е өлген тканьдер мен паразиттер араласқан жалқаяқ ағатын қаяу өзектері пайда болады.
Емі. Процесс асептикалық түрде жүрсе, әдеттегі емдеу әдістері - жылу басылады, ихтиол майын жағады, емдік балшық, емдік шымтезек, диатермия, йод ионтофорезі, парафин және т. б. қолданылады. Іріңді инфекция түсуден асқынған желке құрт ауруын операция жасап емдейді, операциядан кейін жараға антисептикалық ерітінділер жағады (жара емдеу әдісін қара) .
1. 3 Хирургиялық операция туралы ілім
Хирургиялық операция - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық операциялар. Операция негізгі мақсаты оны жасағаннан кейін малдан алатын өнімділікті қайтадан қалпына келтіру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетін түзеп қалыптастыру үшін (пластинкалық) . Операцияларды үйде ұстайтын ұсақ малдарға (ит, мысық т. б. ) иесінің бұйрығы бойынша немесе адамгершілікті түсініктерден, физиологиялық тәжірибе қою үшін, сонымен қатар әшекейлеп әдемілеу үшін (косметикалық) мақсаттар қисынымен жасалады.
Операция жасауға немесе жасамауға көрсетулер. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық т. б. арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Операция жасауға абсолютті көрсетулер болады, мысалы, басталушы қатерлі ісіктер, ішкі мүшелері түсіп қалуы, ішкі мүшелердің орнынан жылжып немесе қысылып қалуы, тыныс жолдардың жіті бітеліп қалуы, қан кету, пневмоторакс, мес қарынның, ұлтабардың, соқыр ішектің тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың тығындалуы және басқа жіті дерттер. Салыстырмалы көрсетулер дерттің денсаулыққа маңызды зиянының жоғында, операция жасамау, малдан шығатын өнімділігін тәуекелсіз төмендетуге алып келмейтін жағдайда (қатерсіз ісіктер, қысылмаған жарықтар т. б. ) .
Операция жсауға қарсы дәлелдер, малдың жалпы күй - жағдайына байланысты: қоңдылығы, жасына (тым жас немесе ерекше егде), дерт құбылысы күшейген кезі, ауру кең тарап асқынып кеткен себепте, мал естен танып терең шок немесе коллапс жағдайына ұшырағанда, терең буаздық немесе күйлеген кезінде.
Операцияларды шаруашылықта жіті ауруларға (қарасан, аусыл, шошқалардың тілме және оба аурулары, жылқының сақауы, топалаң т. б. ) карантин салынған кезде, оны алынғанға дейін жасауға болмайды, тек қана шұғыл оқиғаларда малдың өміріне қауіп туған жағдайда, дербес гигиенаның барлық ережелерін сақтап және аурудың таралуына тыйым салып, экстрендік операцияны жасауға болады.
Бұқаралық операцияларды шаруашылықтарда операциядан кейін малды шектеп, уақытша күтіп ұстауға арналған жабайы болмаса жасауға болмайды. малды айдаудың, көшіп - қонудың алдында немесе жалпы профилактикалық вакциналар жасағанда операция жасауға тиым салынады. Малды егу алдында 2 апта ертерек немесе еккеннен соң уақыт өткенше жоспарлы операцияларды жасауға болмайды. Әр операция, малдың өміріне қауіп тудырады, сол себептен операция тек қана мал иесінің келісуімен жасалынады. Малдың өміріне қауіп туса, операцияның қажеттігі күмәнсіз болса иесін күтпей, оны өз жауапкершілігіне алып, жасауға болады. Барлық шүбәлі және қиын оқиғаларда консилиум жүргізу өте маңызды болады. Операцияны жасар алдында оның жоспарын жақсы ойластырып және құрастырып алу қажет. Жалпы операцияларды әр түрлі тәсілдермен жасауға болады, негізгі оқиға болған кезде, операцияның ең жарамды түрін таңдайды - todus operandi. осыған сәйкес малды бекемдеу, жансыздандыру әдістерін, қажетті құралдарды, операция кезеңдерінің ерекшеліктерін белгілейді. Сонымен қатар кейде душар болуы мүмкін асқынуларды ойластырып, оларға жол бермеу және жою тәсілдерін алдын - ала ескеру, операция жасаушының тікелей міндеті.
Операциялардың жіктелуі. Барлық операциялар негізгі екі топқа бөлінеді: қанды - терінің, шырышты қабықтарының бүтіндігінің бұзылуымен және тамырлардан қан кетуімен сипатталады. Қансыз - дененің сыртқы жамылғыларының бүтіндігі бұзылмайды (шыққан буынды орнына салу, зондирование, эндоскопия, катетеризация, таңғыштарды салу және т. б. ) .
Мақсатына байланысты операциялар емдік және диагноздық болады, олардың түрлері; экономикалық тек қана шаруашылық көрсеткіштермен (пішу) орындалады; эксперименталдық (тәжірибелік) аурулардың үлгілерін құрастыру, физиологиялық тәжірибелердің мақсатыменорганизмнің тіргшілік әрекеті немесе оның бөлек ағзаларының қызметін зерттеу үшін жасалынады. Емдік операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай тәуелді. Кідірмей шұғыл (экстрендік), жедел және жеделсіз етіп ажыратады.
Кідірмей шұғыл (экстрендік) операциялар малдың өміріне қатерлі құбылыстар келгенде істелінеді (асфиксия, қан кеткенде, мүшелер қысымға түскенде, іштегі мүшелер түсіп қалғанда немесе олардың бұғылап тескенде, жіті тимпанияда және т. б. ) .
Жедел опеарциялар сол жоғары аталған жағдайларда жасалынады, егер оларды жасамай ұзақ мерзімге қалдырса, ауру жылдам дамуы мүмкін. Оларға қатерлі ісіктер жатады, олардың дамуына байланысты метастаздар өршуі болады.
Операциялардың көбісі асығыссыз, жедел емес (жоспарлы) болады, оларды алдын - ала жоспарлап, шарушылық құндлығына және малдың денсаулығына зиян келтірмейтін мезгілде әдеттегідей өткізеді.
Операциялар бағытына қарай: радикалдық болады, олардың мақсаты - ауру себебін толық жою; паллиативтіктер олардың мақсаты әр түрлі жолмен аурудың қауіпті және ауыр симптомдарын жеңілдету немесе уақытша жойып ауру малдың өмірін және оның шаруашылық құндылығын ұзарту үшін. Сондай операцияларға трахеотомияны, шеменде жинаған сұйықтықты сыртқа шығару, невректомияны, уретротомия т. б. жатады. Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға операция жасалса оны «таза» немесе асептикалық дейді, басқа жағдайларда операциялар іріңді деп саналады.
Пластикалық операциялар - зақымдалған ұлпаларды немесе күйреген ағзаларды пішенін немесе қызметін қалыптастыру үшін.
Косметикалық операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан операциялардың бір түрі - иттерін құлағын немесе құйрығын кесу, дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т. б.
Операциялардың көпшілігі бір сатыда орындалады, бірақ мал әлсіз болғанда, қан кәп кету қауіпте, естен тану (шок) даму мүмкіншіліктерде және басқа асқынуларда, операцияны кейде 2 сатыда жасайды - екі кезеңді операция [1, 2, 8, 11, 12] .
1. 4 Хирургиялық операциялардың элементтері
Инъекция - сұйық дәрілік заттарды немесе биологиялық препараттарды ұлпа қалыңдығына, ағза қуысына, тамыр тармағына енгізу. Сұйықтарды үлкен мөлшерде (түрлі ерітінділерді, қанды, қанарластырғыштарды т. б. ) көбіне өз бетімен ендіруді құю дейді.
Инъекциялар және құюларды тек дәрілерді ішке енгізуге болмағанда, емдік әсерді тез алу үшін жасайды. Оларды шприц, инесіз инъектор немесе арнайы жүйелер арқылы істейді. Шприцтерді сиымдылығы 1, 2, 5, 10, 20 мл түрінде шығарады. Луер типті шприцтер (2, 5, 10, 20, 50, 100 мл) толығымен шыныдан жасалынады.
Әртүрлі ұзындықтағы және диаметрлі инъекциялық инелерді «Рекорд» жән Луер типті шприцтарды келесі сандарда шығарады. Бірінші екі цифрасы түтіктің диаметрінің милиметрдің ондық бөлігін, ал келесілерді - милиметрмен түтік ұзындығын білдіреді. Каналдарды тазарту үшін инелерді жұқа сым - мандренмен қамтамасыз етілген. Осы заманның ветеринария ережесіне малға инъекция жасауға тек қана бір реттік шприцтарды қолдану қатаң қадағаланады. Сол себептен шыны шприцтерді пайдалануға тиым салынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz