Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Торайлардың Ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Ауески ауруы - жіті өтетін, өкпе кабынған, орталык жүйке жұйесі закымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Иммунитет - латынның /міңдеттен босану/ деген сөзінен шыққан. Ол -организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішіңде зардапты микробтардан, корғану қабілеті.

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет калыптасуы

Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып калуы

Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет

Агаммаглобулинемия - жас туған төлінің қаныңда иммуноглобулиңдер пайда болмауы

Ретроспективті зерттеу - серологиялық еакциялар көмегімен зерттеу

Алиментарлы жолмен жұғу - зарарлы жемшөп пен су арқылы

Геморрагиялық диатез - қанталау

Індеттанулық болжау - індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру.

Қысқартулар мен белгілер

Г - грамм

Сағ - сағат

Мм - миллиметр

Квт - киловольт

Кг - килограмм

СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат

О - градус

Мкм - микрометр

Км - километр

Т - тонна

М/с - метр/секунд

ПВС -поливинилді спирт

Ә. б. - әсер бірлігі

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Торайлардың Ауески ауруы . . . 9

1. 1. 1Торайлардың Ауески ауруының қабылдағыштығы . . . 9

1. 1. 2Торайлардың Ауески ауруының жұғатын көздері мен жолдары . . . 9

1. 1. 3 Ауески ауруының індеттік ерекшеліктері . . . 10

1. 1. 4 Ауески ауруымен дерттенуі . . . 11

1. 1. 5 Ауески ауруын дауалау және күресу шаралары . . . 12

1. 1. 6 Ауески ауруының клиникалық белгілері . . . 13

1. 1. 7 Ауески ауруының өлексесіндегі патологоанатомиялық өзгерістер . . . 14

1. 1. 8 Ауески ауруының емі . . . 15

1. 2 Індет процесі мен індет ошағын сипаттау . . . 15

1. 2 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 17

1. 3 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 20

1. 4 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 21

1. 5 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 24 3Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.

Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - торайлардың Ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Торайлардың Ауески ауруы

Торайлардың Ауески ауруы жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж. сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески.

Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жыддардан бастап көптеген мемлекеттерде байкалады. Қазіргі уақытта оның мал шаруашылығына тигізер зияны айтарлыктай. Әсіресе төлдері өте сезімтал, 80-90 %-ке дейін қырылады.

Ересектері төзімді, ал баска жануарлардың жасы да, ересегі де өліп қалады. Ауырып жазылған шошқанын өсуі баяулап, тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.

Қоздырушысы - 1 - сызықшалы ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, клетка ядросында көбейетін вирус. Жетілген вириоңдары 180, I липопротеидті кабығы бар. Барлық ауылшаруашылык мал, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілерге зардапты. Қоздырғышы - сүзілгіш вирус. Оның көлемі 150-200 µ болады. Ол Шамберланның шырағынан да, Зейтцтің фильтрінен де өтіп кетеді. Бұл вирус тауықтың 8-10 күндік эмбрионында және ткань ішінде өсіп-өнеді.

Шошқа құрсағындағы торайдың өкпесінен әзірленген вирус егіндісінің көбеюі 1 : 80 000 000 жетеді. Басқа органдардан гөрі вирустарды мидан және өкпеден көбірек бөліп шығарады.

1. 1. 1Торайлардың Ауески ауруының қабылдағыштығы

Ауески ауруына ірі қара, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық, түлкі, қара күзен, борсық, саршұнақ сондай-ақ жабайы шошқалар шалдыққыш келеді.

Бұлардың ішінде ауруға өте бейім тұратыны шошқа және ірі қара, олар әсіресе жас кездерінде жиі ауырады. Бұл ауруға өте сирек түрде адам да душар болады.

1. 1. 2 Торайлардың Ауески ауруының жұғатын көздері мен жолдары

Аурудың жұғатын негізгі көздері - ауру мал мен вирус тасушы малдар болады.

Қабылдағыш малдарға ауру алиментарлы жолмен, яғни зарарлы жемшөп пен су арқылы, ал ет қоректілер көбінесе тышқандарды немесе зарарлы ет жеп, ауруға шалдығады.

Бұл аурудың көп тарауына себепші болатындар ұзақ уақыт ауырып, жұқпалы вирустармен жүргеннен кейін жазылған үй жануарлары мен жабайы аңдар [3, 5, 6] .

Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Тым уыттылығы жоғары әр түрлі пггаммдары кездескенімен, антигендік қасиеті жағынан біркелкі [1, 2] .

Төзімділігі жағынан оншама ерекшелігі байқалмайды, тура түскен күн сәулесінен 6 сағат, шашыранды күн сәулесінен 12-48 сағатта, ультракүлгін сәулесінен 1 минутта зарарсызданады.

Жем-шөп пен көңде, топырақта басқа заттарда қыста 21-60 күн, көктемде 35 күн, жазда 20 күнге дейін сақталады. Шіріген өлекседе 10-28 күн, ал кемірушінің кепкен өлексесінде 8-ден 175 күнге дейін сақталады. Биотермиялық зарарсыздаңдырғанда 8-15 күн ішінде жояды.

Күйдіргіш натрийдін 3 % ыстық ерітіңдісі, формальдегид, жанадан сөндірілген 20 % әк вирусты 5-20 ішіңде өлтіреді, ал креолин мен карбол қышқылы төмен дәрежеде әсер етеді [1, 3] .

1. 1. 3 Ауески ауруының індеттік ерекшеліктері

Табиғи жағдайда ауруға ең шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар.

Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.

Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несептік және сүтпен бірге бөліп шығарады. Бұл ауру сиыр, қой, сиыр, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі.

Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады.

Жазылу өткеннен сон, ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. Сондыктан сиырдың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.

Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы кызметін жайлаған жем, төсеніш, қора-жай, ет, өлексе атқарады. Ауру жұқтыруда әсіресе тышқандар мен егеукұйрықтар басты орын алады. Олардың арасында ауру індет ретінде тарайды да, індет табиғаттағы бұл індет ошағының негізгі қорламасы болып табылады [1, 2, 3] .

Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус жүруші шошқалармен немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің өлекселерімен ластанған жеммен, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарымен келеді. Ауру қоздырушысын сау емес шаруашылыктардан шұбырып келетін кемірушілер де әкелуі мүмкін.

Ірі шаруашылықтарда ауру әдетте індет ретінде жаппай білінеді, онын себептері: шошқаның үздіксіз сапырылыстырып ферма ішінде орын ауыстыруы және вирустың жұғымталдылығы ұсақ шаруашылыктарда ауруға 2-3 ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап калады.

Ірі бордақылайтын және торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар үздіксіз келіп жаткандықтан індеттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын жаппай қамтиды, 3-4 апталық торайларда ауру негізінен зілді өтеді де, әдетте өліммен тынады.

Одан ересек торайларда ауру тілді өткенмен көбі тірі қалады. Ересек торайлар мен үлкен шошкалар жеңіл, әдетте байқаусыз ауырады да, тек қана серологиялық зерттеу арқылы ғана анықталды. Ауырған шошқалармен жанасқан басқа мал түліктері де ауруға шалдығуы мүмкін.

Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы қатаң сауықтыру шаралары жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтаньш, оның энзоотиялық ошағы пайда болады.

Іңдет ошағы тұракты болу себептері: ұзақка созылатын вирус табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзіңде өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың саны молайтып отыруы.

Сондықтан бір басталған шаруашылыкта үздік-создық бірнеше рет кайталанып, көп жылдарға созылу мүмкін.

Кемірушілер арасында Ауески ауруы бірнеше қайталап ұзакка созылатын індет ретінде байқалады. Әдетте шошқа болатын індеттің алдында тышқандар мен егеуқұйрықтар жаппай қырылады және соның салдарынан арасында болған иттер мен мысық арасында ауру байқалады.

Терісі бағалы андардың арасында Ауески ауруы зарарсыздандырылмаған шошқаның қасапханадағы тастандылары арқылы аз уақыт қана қаулайды. Ал сиыр мен жылкыда бірен - саран малдың ауруымен шектеледі.

Ауески ауруының каулауына маусымдылык тән болмаса күздің қысқа ауысқан кезінде жиірек байқалады.

Оның бұл уақытта кемірушілердің мал қораларына қарай ауру жануарлардың күтімінің нашарлауы, ветеринарияльгк-санитариялық ахуалдың төмендеуі орын алады [1, 3] .

1. 1. 4 Ауески ауруымен дерттенуі

Вирустын денеге таралуы ену жолына, жануарлардың және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әртүрлі өтеді.

Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі кабыктары аркм енгеңде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, басқа жануарларда баяу көбейеді.

Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың көбеюі мен оның қабықтарының жіті қабынуына әкеп соғады. Бұндай жағдай жануарларда әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалык белгілері білінеді.

Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен мұнда онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде коздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар ауыр септицемия тудырады.

Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау /геморралдық диатез/ байқалады. Аурудың нәтижесінде минералдық заттық, белок және көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мөлшері өзгереді. Дене қышынады /гиперестезия/.

Ауылшаруашылык жануарларын иммундеу үшін шошқа және қойдың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған ВГНКИ вакцинасы қолданылады. Сау емес шаруашылық шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып егеді. Иммунитет еккеннен соң 5-7 күн өткенде қалыптасып, 1, 5 жыл сақталады.

Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммын даярланған вирус-вакцина қолданылады. Ол шаруашылықта арада сауықтырып, вирус алып жүруді тоқтатады.

Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаны белсенділігі жойған Ауески ауруына карсы өсінді вакцинамен егуге болмайды. Бұл препарат мүлдем зиянсыз, иммунитет аңдарда 6 ай, қой, шошқада 10 ай сақталады.

Ауески ауруына қарсы иммуноглобулиндік препарат арқылы қалыптаскан енжар иммунитеттің ұзақтығы 3-4 апта [1, 2, 4] .

1. 1. 5 Ауески ауруын дауалау және күресу шаралары

Аурудың алдын шаралары мал фермаларында және оның маңайында синантроптық және антропургиялық жасырын табиғи пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі.

Сондықтан ауруды дауалаудың манызды алғы шарты үй және жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы індеттанулық бақылау жүргізу. Әсіресе мұндай шараларды кемірушілерді камти отырып, шошқа шаруашылыктарының территориясында іске асырылуының маңызы зор.

Ондай шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке биосынама және серологиялык реакциялар аркылы тексереді.

Сау шаруашылыктағы жануарлардың қанында ауруға тән антиденелер болмайды.

Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл тұқымды малдар мен жемшөпті тек қана сау шаруашылыктардан ғана алу керек.

Ауески ауруы, шыққан шаруашылықтарда ауру малдарды бөлек ұстап, гипериммундық сывороткамен немесе гаммаглобулинімен емдейді.

Ал өзге малдарды қалайы суы қышқылының немесе эмбрионды-қалайы суы қышқылының формолвакциналарын бұларды қолдану әдісін көрсеткен ережеге сәйкес егеді.

Ауру малмен аурудан күдіктенген малдар тұрған қора-жайды көң-қоқыстан тазартып, 2 проценттік күйдіргіш натриймен немесе хлорлы әктің 20%-тік ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Көң-қоқысты биотермикалық тәсілмен залалсыздандырып, ал сұйық көң-қоқысты оның 1 текше метріне 12 кг хлор қосқан әкпен залалсыздандырады. Ауру шыққан шаруашылықтан 5 ай бойына, аурудан аман шаруашылықтарға мал тасуға тиым салынады.

Сиыр мен қой малында Ауески ауруы білінісімен оларды қорада ұстап азықтандырады.

Ауру малдан сауылған сүтті 30 минут бойы 85 градус ыстықта пастеризациялайды, немесе қайнатып залалсыздандырады. Тышқан сияқты кеміргіш жәндіктермен үнемі күрес жүргізіледі [4, 7] .

Жалпы Ауески ауруына серологиялық тексеруден өтпегеп малдарды бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына мейлінші тосқауыл қойған жөн.

Ауруды дауалаудағы ең басты шара кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бұралқы иттер мен мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен тамақтың қалдықтарын жануарларға әбден зарарсыздандырып барып қана беру керек.

Тамақ қалдықтарын пайдаланалатын шошқа бордақылайтын шаруашылыктарға шошқаны малдануға өсіретіп фермаларды жакын орналастыруға болмайды. Ауру шығу қаупі төнгенде шошқаларды жағдайда егеді.

Ауру басылған сон, ауырын жазылған малды түгел әкеткеннен кейін, барлық сауықтыру шаралары орындалған соң карантинді шаруашылықтарда 15 күн өткен соң алады.

Карантин алынғаннан сон, бір жыл бойы шектеу сақталып, барлық жануарлар егіледі. Жас төлге вакцинация, ересек шошқаға ревакцинация жасалып, кемірушілер түгел құртылады [2, 3, 5] .

1. 1. 6 Ауески ауруының клиникалық белгілері

Аурудың жасырын кезеңі 3-6 күнге созылады. Шошқаның әсіресе торайдың ауруы жіті болып, қызуы қатты көтеріледі. Ауру шошқа елеріп, тісін кайрап үні қарлығып, шыңғырады.

Аурудың аузынан көбікті сілекей ағады, бұлшық еттерінің кейбір жерлері құрысады, көмейдің және аяқтарының бұлшық еттері параличтенеді. Ауру басталған кезден бастап, торайдың сырқаты 12-36 сағатқа созылады, ал сирек түрде 3-5 күнге созылатыны болады.

Ересек шошқалардың ауруы онша қатал болмайды. Алғашқы 2-3 күнде тынышы кетіп, күйзеледі, жемге зауқы соқпайды.

Ауески ауруына душар болған жылқыда желік пайда болады, қызуы 40, 0-40, 5° дейін көтеріледі, қатты қышынады, бұлшық еті дірілдейді, паралич болады.

Сиырдың, қой мен ешкінің ауески ауруымен ауырады, бұлшық еттері қалшылдап, қатты қышиды, көмейі параличтенеді. Бұл малдардың ауруы бас-аяғы 2-3 күнге созылады.

Ауески ауруына шалдыққан иттер мен мысықтар тынышсызданып, өте тітіркенгіш келеді.

Вирус еккен жердің орны қатты қышиды. Ауырған ит пен мысық сол еккен жерді тілімен жалап, кейін оны тісімен қыршиды. Аузынан сілекей көбірек ағады.

Ақыры 22-36 сағат ішінде өледі. Қаракүзеннің ауруы өте жіті келеді де, көбінесе өліммен аяқталады [3, 7, 8] .

1. 1. 7 Ауески ауруының өлексесіндегі патологоанатомиялық өзгерістер

Ауырып өлген малдың денесінің сыртын қарағанда, шошқадан басқа түліктер денесінің терең тырналғанын, қабынып кеткенін, кейде терінің ішкі жағы және клеткаларының іріңдеп-шірігені байқалады.

Малдың қайсысы болмасын өкпесі ісініп, көбіктенген сұйық затқа толы болады.

Сондай-ақ шандыр қабықтың ішкі қырын, тері қыртысының клеткаларын және ми қабының қанталағаны байқалады. Шошқаны сойып қарағанда көмейі ісініп, кейде өкпесі қабынғаны көрінеді.

Ауруды анықтау. Ауески ауруын клиникалық белгілерге, эпизоотологиялық мәліметтерге және лаборатория зерттеу нәтижесіне сүйеніп анықтайды.

Клиникалық белгілердің ішінде ауруды анықтауда маңызды орын алатын белгілері: нерв жүйесі қызметінің бүлініп-құрысуы, бұлшық еттің қалшылдауы және паралич болып қалатыны сондай-ақ, шошқадан басқа барлық түліктердің қатты қышынатындығы.

Тканьнен алынған егіндіге лабораториялық анықтау әдістерінің ішінен өзіндік ерекше сывороткасы бар реакция қолданады.

Өлген малдың ми тканінің жағындысын немесе оның көшірмесін сәулелендіру әдісімен жүргізеді, өлген мал миының биологиялық пробасы-эмульсияны үй қояндарының бұлшық еттеріне жұқтырғанда, бұған уланған жануарлар 36-72 сағат ішінде өледі [3, 8] .

1. 1. 8 Ауески ауруының емі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудың жалпы сипаттамасы
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Өлексенің жалпы сипаттамасы
Торайлардың Ауески ауруы
Листериозды балау, дауалау шаралары
Аурудың қоздырғышы
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz