Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары


Анықтамалар
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Ампиокс- ампициллиннің натрийлі тұздары мен оксациллиннен тұратын (2:1) қоспалы препарат. Ақшыл сарғыш түсті, ащы дәмі бар, иіссіз, борпылдақ зат. Суда оңай ериді; "Б" тізімі бойынша құрғақ жерде 20"С - тан төменгі температурада сақтайды.
Экмоновоциллин - бензилпенициллин (6 Ә. Б. ) мен экмолиннің (0, 25 % - 5 мл) новокаинді тұзы. Қолданылуы пенициллиннің натриилі тұзына ұқсас. Бұлшық етке егіп қолданылады.
Тетрациклиндер - төрт ядролы гидроароматты қосындылардың конденсациялық туындылары. Бұл топтың негізін тетрациклин, хлортетрациклин және окситетрациклин құрайды.
Тетрациклин - бұл препарат құрылысы жөнінен тетрациклин қосындыларының ішіндегі ең қарапайымы, бірақ оларға тән микробтарға қарсы әсерімен бірге биологиялық белсенділігі толық сақталған.
Морфоциклин - тетрациклиннің синтетикалық туындысы. 1 мг-да 600 ӘБ бар. Әсері тетрациклинге ұқсас, бірақ суда жақсы еритін болғандықтан, тез нәтиже алу үшін қолданылады.
Эпидемиология - медициналық індеттану.
Эпизоотология- ветеринарлық індеттану.
Инфектология - жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығы.
Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары» атты курстық жұмысым 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 1 кестені қамтиды.
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . ……… . . . ……. 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Қозының анаэробтық дизентериясы . . . 9
1. 2Қозы қылауы . . . 10
1. 3Диплококкоз. . ……12
1. 4Жыбырлақ . . . ……13
1. 5Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 15
1. 6 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 17
1. 7 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 18
1. 8 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 19
2 Өзіндік зерттеу . . . 22
3 Техника қауіпсіздігі . . . 27
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Қысқартулар мен белгілер
м 2 -шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
Ә. Б. - әсер ету бірлігі
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. )
Бұл аурумен көбінесе жас қозылар ауырады. Байқалатын кезі - қой қоздайтын мезгіл. Індеттін, коздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ететіндіктен ауру қайта-қайта өрши беруі мүмкін.
Індет сау төлге ауру қойдан жұғады. Өйткені дизентерия қоздырғышы бар қойды қозы емеді де, ауру енесінің сүті арқылы төлге енеді. Сонымен катар, ауру қоздырғышымен ластанған қой қоралар, қой қоздайтын бөлмелерден індет жаңа туған қозыларға тарайды.
Аурудың қоздырғышы ішек куысында уын шығарады да, оның іріткіш қасиетінің салдарының ішектің кілегей қабығы қабынады. Соның әсерінен пайда болған токсин қозы организмін улайды.
Сонымен қатар, токсин қанның ақ түйіршігін уландырып, олардың фагоцитарлық қызметін жояды. Осы уланудың салдарынан ыдырағаи тканьдер кеселді одан сайын өршіте түседі [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - анаэробтық дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Қозының анаэробтық дизентериясы
Ауруға негізінен жаңа туған, мерзімі 5 күнге жетпеген қозылар шалдығады, ауру өте жіті түрде өтеді. Ал 10-15 күндік қозылар бүл ауруға сирек шалдығады.
Қ о з д ы р ғ ы ш ы - клостридиум перфрингенс деген ауа жоқ жерде тіршілік ететін микробтың В типі.
Эпизоотологиясы. Бұл аурумен көбінесе жас қозылар ауырады. Байқалатын кезі - қой қоздайтын мезгіл. Індеттің қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ететіндіктен ауру қайта-қайта өрши беруі мүмкін. Індет сау төлге ауру қойдан жүғады. Өйткені дизентерия қоздырғышы бар қойды қозы емеді де, ауру енесінің сүті арқылы төлге енеді. Сонымен катар ауру қоздырғышымен ластанған қой қоралар, қой қоздайтын бөлмелерден індет жаңа туған қозыларға тарайды.
Аурудың өршуі. Аурудың қоздырғышы ішек куысында уын шығарады да, оның іріткіш қасиетінің салдарының ішектің кілегей қабығы қабынады. Соның әсерінен пайда болған токсин қозы организмін улайды. Сонымен катар токсин қанның ақ түйіршігін уландырып, олардың фагоцитарлық қызметін жояды. Осы уланудың салдарынан ыдырағаи тканьдер кеселді одан сайын өршіте түседі.
А у р у д ы ң нышаны. Ауру жасырын және баяу, созылмалы түрде өтеді. Жасырын кезеңі 5-12 сағатқа созылады. Ауру қозы енесін ембейді, іші өтеді, нәжісі сұйылып сарғыш тартады. Біраз уақыттан соң ол қоюланып, қоңырланады. Кейде нәжіске қан араласады. Ауырған қозы әлсін-әлсін күшене береді, соның салдарынан қозының белі бүкірейіп, іші қабысады. Қозы селқос тартады, жүні үрпиіп, бір жерде бұйығып ұзақ тұрып алады, енесін ембейді. Дене қызуы 41 градусқа дейін көтеріледі. Тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді, қиналады. Әбден арықтап ақырында өлім-жітімге ұшырайды.
Ауру баяу, созылмалы түрде өтсе қозы көп кешікпей аурудан сауығады. Ауырған қозы- лардың 80-100 процентке жуығы өлім-жігімге ұшырайды.
Өлекседегі өзгерістер. Сойып қарағанда елексе өте арык, болады. Ішекте ерекше патологиялық өзгерістер байқалады. Ол қабынған ішек қуысы қан аралас жынға толып, ішектің кейбір тұстарынан жара көрінеді. Шажырқай бездері қалыптьі кәлемінен үлкейгені, қанталап, талаурағаны байқалады. Бауырыныд үлкейгені, қанға толып босаңсығаны айқын көрініп тұрады. Жүрек етінін, жұмсарғаны анық білінеді. Үлпершегі сары, қоймалжың сұйыққа толып тұрады.
Бұл қозы ауруы клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістеріне және бактериологиялык зерттеудің нәтижесіне қарап анықталады. Қозының анаэробтық дизентериясының клиникалық нышаны кокцидиозбен сальмонел лез диареясының белгілеріне ұқсас келеді.
Сондықтан аталған індеттерді бір-бірімен ажырата білу қажет.
Кокцидиозбен көбінесе марқайған - 6-12 ай аралығындағы қозылар ауырады. Індет күз (89, 1%) және көктем (83%) айларында байқалады (профессор С. К. Сыбанбаев) . Кокцидиозбен ауырған қозыны сойып қарағанда оның ішек қабықтарының едәуір қалыңдағанын байқауға болады. Қозы ішегінің шырынын лабораториялық тексеру әдісімен анықтағанда кокцидидің көптеген ооцистерін байқаймыз.
Диарея іидетімен де көбінесе марка қозылар ауырады. Ауырған қозылардың ішек - қарнында айтарлықтай патологиялық өзгеріс болмайды. Паренхиматозды органдарды лабораториялық әдіспен тексеру нәтижесінде сальмонеллез қоздырғышын ажыратуға болады.
Аурудың алдын алу шаралары. Шаруашылықта қозы басын аман сақтау үшін қойларға берілетін азықтың құнарлы, сіңімді, витаминді болуына баса назар аудару қажет. Қой жаппай қоздайтын мезгілде зоогигиеналык ережелерді бұлжытпай орындау керек. Қораны уақытылы дезинфекциялайды. Шаруашылықта ауру білінісімен ауырған және ауру нышаны анық білінбей жүрген қойларды бөліп емдеу керек. Егер індет байқала қалса туғаныиа 2 сағат болған қозылардың тері астына дизентерияға қарсы 5 мл мөлшерде арнайы қан сарысуы егіледі. Ауру шыққан шаруашылықта барлық саулықтарға жыл сайын вакцина егу кажет. .
Анаэробтық дизентерияға қарсы қозы үшін поливалентті ГНКИ вакцинасы қолданылады. Буаз саулықтар үшін вакцинамен бірге арнайы қан сарысуы егіледі. Ауырған малды емдегенде де осы қан сарысуы қолданылады.
Қозыны иммундау үшін қозы дизентериясына қарсы бивалентті ((ГНКИ) қан сарысуын пайдаланады. Ем неғұрлым ертерек басталып, күтім айтарлықтай жақсы болса, нәтиже де соғұрлым жақсы болады.
1. 2Қозы қылауы
Қозы қылауы - жас қозының жұқпалы ауруы. Індетке шалдыққан қозылардың
60 проценті өледі.
Қ о з д ы р ғ ы ш ы - сальмонелла бактериясы.
Төзімділігі. Креолиннің 5 проценттік эмульсиясы сальмонелла бактериясын үш сағатта қырып тастайды. Ксилонафтың 4 проценттік ерітіндісі мен нафтолизолдың ыстық (60-70 градустық) эмульсиясы, күйдіргіш натрийдың 2 процентті ерітіндісі қоздырғышты 2 сағатта жояды.
Аурудың эпизоотологиясы. Қылаумен барлық мал ауырады, бірақ көбінесе 5 күндік жас қозылар шалдығады. Қылау індеті бір жерде тұрақты болмайды. Қей шаруашылықта осы індетпен тек буаз саулықтар ауырса, басқа шаруашылықта жас қозылар арасында байқалады.
Індет айналаға ауырған және ауырып жазылған қой арқылы тарайды. Сонымен қатар ауруды қолдан ұрықтандыру кезінде қошқарлар да таратады және микроб түскен шөп, су арқылы жұғады. Індетті шопандар иттерінің де таратуы мүмкін.
Аурудың шығуының бірнеше себебі болады. Бірінші - буаз саулықтың күтімінің нашарлығы, екінші - азықтың құнарсыз болуы минералды-витаминді заттардың қажетті мөлшерде азық құрамында болмауы. Үшінші-қыс мезгілінде мұздаққа жаю, суаттың ластануы және т. б.
А у р у д ы ң н ы ш а н ы. Қылауға шалдыққан буаз саулықтар буаздығының 4-айлығында жаппай іш тастайды. Қозы туған соң 5 күн өтісімен ауырады, яғни қоздырғыш қозыға енесінің құрсағында жатқанда жұғады. Ауырған қозы денесінің температурасы көтеріледі, өкпесі қабынып, жүрек қызметі нашарлайды, іші өтеді, қиналады. Қозының жалпы организмі әлсірейді. Ауру меңдеп 2-4 күн ішінде қозы өледі.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген козыны сойып қарағанда шелдің ісінгенін, оган фибрин аралас қызыл түсті жалқаяқ жиналғанын көреміз. Өкпесінде фибрин тұнған сілемдер кездеседі. Ішек қуыстарының қанталағаны, бүйректерінін, жұмсарғаны білініп тұрады.
А у р у д ы а н ы қ т а у. Қозының қылауы аурудың эпизоотологиясына, ауру нышанына, өлекседегі өзгерістеріне, бактериологиялық зерттеудің қорытындыларына карай ажыратылады.
Е м і. Қылаумен ауырған төлді белгілі мнлшерде алыиған синтомицин, неомицин, мономицин, левомицетин, фуразолидон дәрілерімен емдейді.
Іш тастаған саулықтарды дереу бөліп алып, жеке күтім жасап, тиісті дәрілермен емдеу керек. Қылаудың салдарынан өршіген эндометритті (жатырдың ішкі бетінің қабынуы) жатынды мұқият тазартып, дезинфекциялайды. Дезинфекция үшін ашутастың 0, 25-1процентті ерітіндісін, 1 : 1000 перманганат, соданың 1-2 процентті ерітіндісін, ас тұзының 5-10 процентті ерітіндісін, 1:1000 ривонол қолданылады. Жатыр қуысындағы эксудатты сыртқа шығару үшін саулыққа тері астына 0, 5-1 мл прозерпин егеді. Екі тәулік өткен соң тағы еккен мақүл. Жүрек қызметін жақсарту үшін камфора майы, кофеин, глюкоза қолданылады.
Қой қорасы жаңа сөндірілген әктің 3-5 процентті ыстық эмульсиясымен, қи биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Аурудан әбден айыққан соң қораға ақырғы рет дезинфекция жасалынып, карантинді ашуға болады.
Сақтандыру шаралары. Төл арасында қылау ауруын шығармас үшін алдымен саулыктардың күтімін жақсарту қажет. Малды қүнарлы азыкпен азыктандыру, олардың қораеын, өрісін, суатын таза ұстау керек. Саульіқ қойларды қыс кезінде мұздақ жерге жаюға, жауын-шашынды күндері өріске шығаруға болмайды. Малды көгерген, иістенген, борсыған пішенмен, үсіген сүрлеммен азықтандырмау қажет. JIac суаттан суаруға рұқсат етілмейді.
Індет таратушы қойды тауып алып оқшаулап, жеке емдеу керек. Оны табу үшін РА әдісін және басқа да бактериологиялық зерттеулерді ұдайы жүргізіп отыру қажет. Қылау ауруы байқалған отарлар жаз не күз айларында серологиялық әдіспен түгелдей тексерілуі тиіс.
Сақтандыру ретінде қойға қылауға карсы гипериммундық сарысу қолданылады. Ауру байқалған шаруашылықта бойдақ қойларды саулық отарына қосуға болмайды. Бұл отардағы саулықтарды вакцинациялайды. Іш тастаған қойдың қағанағы, шуы жиналып алынып, көміп тасталады. Аула, қора, күту бұйымдары дезинфекцияланады.
Төлдейтін қоралар өте таза, қозы тұратын бөлім жылы, ауасының таза, жаңа болып тұруы осы індетті болдырмаудың бірден-бір кепілі.
1. 3Диплококкоз
Диплококкоз - қозының өкпесін, асқазанын, буындарын зақымдайтын және өте жіті өтетін індет.
Аурудың микробы сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Қой нәжісімен араласып сыртқа шықкан микроб күн сәулесінде екі айға дейін, қаранғы жерде бірнеше ай бойы өмір сүреді. Микроб 50-60°С ыстықта 10 минуттың ішінде өледі.
А у р у д ы ң э п и з о о т о л о г и я с ы. Індеті козыға ауру қойдан жұғады, яғни ауырған саулықтың жыныс органдары, желіні қабынады да, енесін емген қозы ауруға шалдығады. Ауруға көбінесе 2-3 айлық қозы бейім келеді. Күтімі нашар қой ауруға тез шалдығады. Індет Қазақстанның оңтүстік аймағында көктем, жаз мезгілінде шығады.
А у р у д ы ң н ы ш а н ы. Ауырған тел қызуы 40-41° С-қа дейін көтеріледі. Қозының тыныс алуы қиындап, тамырының соғуы жылдамдайды. Қөздері қызарады. 3-4 күн өткен соң жөтел пайда болады, қозы ыңқылдап, жүні жығылады. Төлдің іші өтіп, танауынан маңқа ағады. Нәжіске қан, жалқаяқ араласады, екі күннен кейін қозының буындары ісінеді. 3-4 күн өткен соң төл әбден арып, қиналып өледі. Өлер аядында қозы денесінің қызуытөмендейді.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген төлді сойып қарағанда кілегейлі және сыртқы қабықтары, ішкі органдары қанталағанын, лимфа бездерінің үлкейгенін, іштің кеуде және үлпершек куыстарында қан аралас жалқаяқ іркілгенін кереміз. Талақтың үлкейгені, бауырдың ісініп босаңсығаны, өкпенің қабынып, қарайғаны айқын білініп, тіліп жібергенде екпе ұлпасы алапестеніп тұрады. Қозы буындарының іскені байқалады.
Ауруды анықтау. Індет эпизоотологиясына, клиникалық белгілеріне, өлекседегі езгерістеріне қарай анықталады. Ауруды ажырату қиынға түссе, бактериологиялық зерттеу, биологиялық сынау әдістері қолданылады.
Емі және алдын алу жолдары. Ауырған төлді бөліп алып, диплококкозге қарсы 5-10 мл мөлшерде арнаулы қан сарысуы егіледі. Жүрек қызметін жаксарту мақсатымен күніне 2-3 рет кофеин, камфора жіберіледі. Қозының әр кг салмағына 0, 02- 0, 05 ЕД есебімен норсульфазол ішкізген дұрыс. Бұлшық етке малдың 1 кг салмағына 1000- 2000 ЕД есебімен 2-3 тәулік бойы күніне 2- 3 рет пенициллин жіберіледі. Стрептомицин 2000 ЕД есебімен 2-3 тәулік бойы күніне 1 рет егіледі.
Індетке қарсы антибиотиктерді қан сарысуымен қатар қолданса нәтижелі болады.
Қора, төл күтуге қолданылған ыдыс-саймандар күйдіргіш натрдың ыстық ерітіндісімен зарарсыздандырылады.
Шаруашылықта диплококк індеті бұрын байқалғанболса жаңа туған төлге аурудан сақтандыру мақсатымен 5-10 мл қан сарысуы егіледі. Ал бір апта өткен соң төлдің бұлшық етіне диплококк формолвакцинасы жіберіледі. Вакцина екі рет егілуге тиіс.
Аурудың алдын алу үшін төл азығының құнарлы, сіңімді болуына баса көңіл бөлу керек. Қораның тазалығы, жылылығы, жарықтығы ауруды болдырмауға үлкен септігін тигізеді.
Жыныс органдары зақымдалған ұрғашы малды шағыстыруға болмайды. Ондай қойдан алынған төлді де 2-3 аптаға дейін кеп төлге қоспай бөлек ұстау қажет.
1. 4Жыбырлақ
Жыбырлақ - қозы мен тоқтының жұқпалы ауруы. Індетке сақа қойлар да шалдығады.
Ауру қоздырғышы шөп, ішкен су аркылы ішке енеді де (қоздырғыш әдетте малдың ішек-карнында тіршілік етеді, өзіне қолайлы жағдай туғанда микроб өте жылдам көбейіп, токсин шығарады. Токсин ішек арқылы сорылып, қан тамырларымен барлық организмге жайылады. Содан соң организмнің клеткаларына сіңіп, бүкіл денені улайды.
Қ о з д ы р ғ ы ш ы - клостридиум перфингенс микробының «Д» және «С» типі болып табылады. Олар ауа жеткіліксіз жерде өсіп - өнеді. Сыртқы ортада төзімді, жер қыртысында жылдар бойы тірі сақталады. Ыстыкка төзімді, қайнаған суда 90 минуттың ішінде өледі.
Эпизоотологиясы. Індетке тоқтылар мен козылар шалдығады. Ауру көбінесе күз мезгілінде жиі байқалады. Қөктемде буаз, қоздаған саулықтар ауырады. Жыбырлақ қыста туған қозыларды жайылымға шығарған кезде жиі кездеседі. Төлдің күзде ауыратын себебі оларды қысқы жайылымға көшіргенде асқазанның ас қорыту процесі нашарлайды. Көктемде саулықтардың буаздығына, тууына байланысты физиологиялық жағдайы ауытқиды.
Жыбырлақ ауру қой, өлексе, азық, су арқылы жүғады. Бір рет індет шыққан жерде оның жыл сайын қайталана беруі мүмкін.
А у р у д ы ң н ы ш а н ы. Індет өте жіті, жіті, созылмалы түрде өтеді. Қозы, тоқты өте жіті түрімен ауырса шөп, суға қарамайды. Қатты қиналып еліреді, аяқтары, буындары босайды. Төлдің тұмсығынан серозды немесе серозды геморролды сілекей ағып, басын шалқайтып, бір бүйірлеп құлайды. Аяғын сермеп, дірілдейді. Ауру білінген соң денесінің қызуы көтерілмейді. Мал 2-3 сағатта өледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz