Ботулизм жайлы


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Ботулизм» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Ботулизм (Воtulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.

Індеттанулық эксперимент - тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.

Инфектология - жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығы. Эпидемиология - медициналық індеттану.

Эпизоотология - ветеринарлық індеттану.

Індет ошағы деп - індет процесі өтетін оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігін айтады.

Экмоновоциллин --бензилпенициллин (6 Ә., Б:) мен экмолиннің (0, 25 % - 5 мл) новокаинді тұзы. Қолданылуы пенициллиннің натриилі тұзына ұқсас. Бұлшық етке егіп қолданылады.

Тетрациклиндер - төрт ядролы гидроароматты қосындылардың конденсациялық туындылары. Бұл топтың негізін тетрациклин, хлортетрациклиң және окситетрациклин тәрізді

Тетрациклин -- бұл препарат құрылысы жөнінен тетрациклин қосындыларының ішіндегі ең қарапайымы, бірақ оларға тән микробтарға қарсы әсерімен бірге биологиялық белсенділігі толық сақталған.

Морфоциклин--тетрациклиннің синтетикалық туындысы. 1 мг-да 600 ӘБ бар. Әсері тетрациклинге ұқсас, бірақ суда жақсы еритін болғандықтан тез нәтиже алу үшін қолданылады.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат

О-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

ПВС-поливинилді спирт

РНК - Рибонуклеин қышқылы

ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы

млн - миллион

т. б. - тағы басқа.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Ботулизм ауруы . . . 9

1. 1. 1Ботулизм ауруының қоздырушысы . . . 9

1. 1. 2 Ботулизм ауруының қоздырушысының төзімділігі . . . 10

1. 1. 3Ботулизм ауруының індеттік ерекшеліктері . . . 10

1. 1. 4Ботулизм ауруының дерттенуі . . . 11

1. 1. 5 Ботулизм ауруының өтуі мен симптомдары . . . 12

1. 1. 6 Ботулизм ауруының патологоанатомиялық өзгерістері . . . 13

1. 1. 7Ботулизм ауруын балау . . . 14

1. 1. 8 Ботулизм ауруының емі . . . 14

1. 1. 9 Ботулизм ауруының иммунитеті . . . 14

1. 1. 10 Ботулизм ауруын дауалау және күресу шаралары . . . 14

1. 2 Індеттанудың зерттеу әдістері . . . 15

1. 3 Індет процесі мен індет ошағын сипаттау . . . 19

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалықжағдайлар

МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов -халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең қаралуы.

Індет процесі - індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.

Індет процесіне қазіргі көзқарас бойынша оны екі бір-біріне жат, тіпті қарама-қарсы, жүйенің: бір жағынан-микробтар тобының, екінші жағынан -жануарлар тобының өзара әсерінен туындайтын құбылыс ретінде қарастырады. Сонымен індет процесі кезінде ауру қоздырушы микроб бір жануардың организміне енуімен шектелмей, басқа жануарларға кезек-кезек ауысып, малға жұғады. Індет процесін зерттегендегі мақсат - ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады, індет басылып екінші рет қайталағанша осы аралықта микроб қайда және қалай сақталады, індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар әсер етеді және т. б. Анықтау болып табылады.

Табиғи жағдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады.

Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді.

Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.

Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасыбағасыз жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың түрі мен исінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылығы малдарының ботулизм ауруын ауқымды түрде зерттеу [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1 Ботулизм ауруы

Ботулизм (Воtulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.

Тарихи деректер. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады.

1897 ж. Ерменгем қақталаған еттен спора түзетін ауасыбағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Васіllus botulinus (лат. botulus - шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.

1. 1. 1Ботулизм ауруының қоздырушысы

Қоздырушысы - Clostridion botulinum- грамон, токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0, 5-1, 2 мкм) .

Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.

Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген Бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (Сі, С2), Д, Е, Ғ және О.

Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е тинтері түзетін гоксиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бэсеңдеу келеді. Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқыш реакция береді.

Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар.

Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты.

Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, қүхта С, А және В типтері арқылы болады.

Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция(рН 7, 0-7, 6) . Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас түзы, нитриггер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.

1. 1. 2 Ботулизм ауруының қоздырушысының төзімділігі

Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105° С - 2 сағ. кейін. 120°С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар спораның өнуін тоқтатады.

Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин. ал тығыз ортада (ет, балық, жем) 2 сағ. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (рН 8, 5-тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады [1, 2, 3] .

1. 1. 3Ботулизм ауруының індеттік ерекшеліктері

Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топырақта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен құстардың ішек-қарнында, әртүрлі жэндіктер мен олардың балапан құрттарында кездестіруге болады.

Әртүрлі сероварларының географиялық таралымы әртүрлі.

Табиғи жағдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады.

Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.

Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасыбағасыз жағдайда, ылғалды, жылу түрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады.

Уланған азықтың түрі мен исінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.

Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады? Сүрлемге ботулизм уы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі.

Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады.

Құстар, жәндіктер мен олардың балапан - құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.

Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат ботулизмі» деп атайды.

Ауру көбінесе бірен-сараң спорадия түрінде немесе топырақта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95% шамасында [2, 3, 4] .

1. 1. 4 Ботулизм ауруының дерттенуі

Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сініп 20 мин ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен бұлшық еттерде жоғарылайды.

Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны қүрсақ қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5000-1 25 рет төмен. Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен қоспасының уыттылығы жоғары болады.

Бұл улы комплекс ас қорыту жолында ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тәуелсіз.

Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын үш кезеңге бөлуге болады.

1-кезең:токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембранасындағы рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен

ішек торшасының рецепторында бір-біріне құрылысы жағынан сәйкес шартты түрде танитын немесе тауып алатын сайттар деп аталатын құрама бөлігі болады. Олардың бір-бірімен қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.

2-кезең: торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі алдымен токсинді пиноциттік везикулалар (көпіршіктер) бойына жинап алады да, ол везикулалардың кейбірі липосомолармен бірігіп белоктық заттарды ыдыратыды.

Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық кеңістікке токсинді бөліп шығарады. Босаған токсин алдымен лимфаға, одан кейін қанға өтеді. Бұл процесс ас қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.

3-кезең: токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі (механизмі толық зерттелген жоқ) .

Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының басқару қызметі бүзылады да, шектен тыс қозудың нәтижесінде жүйке торшалары әлсіреп, тіршілік қабылетінен айырылады. Сопақша мидың орталықтарының зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салданады.

Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетилолиннің бөлінуі тежеліп, бұлшықет-жүйке байланысы бұзылады. Соның нәтижесінде тұла бойы бұлшық еттері босаңсып, ширақтығы төмендейді.

Дененің қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу, бұлшық еттері салданып, тыныстың тоқтауынан жануар өліп тынады [2, 3, 4] .

1. 1. 5 Ботулизм ауруының өтуі мен симптомдары

Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағатган 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғұрлым жасырын кезең де қысқа, аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.

Аурудың тұтануы әдетте 8-12 күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға шалдығу жоғары болады. Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде ауру 1-4 күнге, жітіден төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4 аптаға үласады.

Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп үлгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.

Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жүргенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып қалады, күштегенде әзер түрегеледі.

Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады.

Ауру меңдеген кезде тамыр соғысы минутына 80-100-ге жетеді. Жүрегі әлсіз соғып, аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бэсеңдеп, бара-бара атонияға ұласып, іші қатады.

Нәжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, онда индикан, белок және глюкоза байқалады. Қанда эритроциттердің саны сәл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді.

Ауыздан сілекей ағып, астыңғы жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жүта алмай, қайта- шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады.

Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мүлдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады.

Ауру жітіден төмен өткенде жануар орнынан тұрып, қозғалғанымен жүргенде тез шаршап, сүріне береді де, қайтадан жатады. Онда да шайнауы мен жұтынуы қиындап, іші қатады, жүрек қызметі нашарлайды. Жұтынғанда аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына ұшырауы мүмкін.

Созылмалы өткенде малдың орнынан тұруы, жүруі қиындап, ұзақ жатқаннан денесінің әрбір жері ойылады.

Сезімі, тәбеті, күйіс қайтаруы сақталады. Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда жиірек байқалады. [1] .

Қой ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяқтарын бауырына қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кейкитеді. Мойны салданған кезде бір жағына қарай иіледі.

Ауру жіті өткенде аузынан тілі салақтап, сілекей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал ұзақ уақыт дел-сал күйде болады.

Ешкінің жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға және жұлынуға қатысты Бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.

Шошқа сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің қозғалысын дұрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жүтқыншағы мен жақтарының бұлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3 тәулікте өледі.

Құстар (тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып немесе ебедейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойны бүгіліп, басын иығына қарай бүрады.

Сәл ашылған түмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала алмайды. Ауру шегіне жеткен кезінде құс бауырлап, немесе бір жағына қисайыи, жатып қалады. Мойнын созып, басын жерге салады.

Судағы құс жүзгенде табиғи қалпын сақтай алмай, мойны мен басын дұрыс көтеріп ұстамайды. Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы ұлғайып, ашылып-жұмылатын жарғағы орнына бармайды.

Ауырған иттің аяқтары салданып, көзі қимылдамай, дел-сал күйде болады. Ішектің қызметі бұзылып, жұтқыншағы жансызданады. Ақыры асфиксиядан тыныс ала алмай өледі.

Ауруға пневмония қабаттасуы мүмкін.

Күзенде токсин бойға енген соң аурудың белгілері 0, 5-4 күн шамасында білінеді. Сирақ еттері салданып, көздің қарашығы ұлғаяды. Аузынан сілекей ағып, еркінен тыс несеп бөлінеді.

Басы бір жағына қисайып, көз қарасы бір жерден аумайды. Ызаланғанан тістеп алуы мүмкін. Тыныстың тоқтауынан өледі. Өлім көрсеткіші 70-80%.

1. 1. 6 Ботулизм ауруының патологоанатомиялық өзгерістері

Өлексені сойғанда тері асты шелінің сарғайғаны, жүрек пен сірілі қабықтарының шашыранды қанталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою қара қошқыл қан шығады.

Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөп болады. Сиырдың алдыңғы қарындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әртүрлі жеуге жарамсыз заттар (сүйек, тас, темір, т. б. ) болады.

Жалбыршақ қарын құрғап, нығызданады. Аш ішектің, кейде тоқ ішектің кілегейлі қабықтарында қатарлы - геморрагиялық қабыну байқалады. Тік ішекте нығыздалған, жалқақтанған нәжіс болады.

Бүйрек, бауыр және көкбауырдың ұлпасы әдетте ешбір өзгеріссіз, тек күзен мен құстарда толыққанды болады.

Өкпесі домбығып, ауру асқынғанда пневмония мен гангрена байқалады. Ми домбығып, кейде қан тамырларының маңайы талмаурап тұрады [1, 3, 4, 5] .

1. 1. 7 Ботулизм ауруын балау

Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалык деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды.

Ондай зерттеу үшін зертханаға қарынды 100-200 мл ішіндегісімен, үлпершек ағзалардың бөліктерін және 100 г кем емес күдікті мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мұз салынған термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді.

Диагноз қойғанда топалаңнан, құтырықтан, , өсімдіктермен, қорғасын тұздарымен уланудан, бұзаулағаннан кейінгі салданудан, ми мен жұлынның қабынуынан, афосфороздан және В1 авитоминозынан, құста Ньюкасл ауруынан және Марек ауруынан ажырату керек.

1. 1. 8 Ботулизм ауруының емі

Негізінен симптоматикалық. Қарынды қоскөмірқышқыл содасымен жуып, іш жүргізетін дэрілер береді, жылы клизма қояды. Глюкоза мен кофеин жіберіп, аузын калий перманганатымен жуады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы мәлімет
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Ботулизмнің жасырын кезеңі
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ботулизм ауруы
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz