Бұзау туберкулезі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Бұзау туберкулезі . . . 9
1. 2 Бірнеше түлікке ортақ туберкулез ауруы . . . 12
1. 3 Ірі қараның паратуберкулездік энтерит ауруы . . . 20
2 Өзіндік зерттеу . . . 23
3Техникалық қауіпсіздік . . . 26
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Қосымша А Туберкулезге оң реакция . . . 31
Қосымша Б Туберкулезде желінасты лимфа түйінінің ісуі . . . 32
Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Бұзау туберкулезі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» тақырыбына жазылған курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Бұзау туберкулезі - оның көптеген органдарын зақымдап оларда тарының көлеміндей төмпешіктер қалыптастырады, кейін аурудың барысына қарай осы төмпешіктер ыдырап, солардың әсерінен мал организмі уланып, күрделі патологиялық өзгерістер пайда болады.
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Гермафродит - қосжынысты
Шистосомата - дара жынысты
Анемия - қан аздық
Интоксикация - денені уландыру
Холангит - өт жолының қабынуы
Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Туберкулез ауру қоздырушы арқылы пайда болатын жұқпалы, созылмалы ауру. Кеселге ауылшаруашылық малдары мен жабайы сүтқоректілер және құстар бейім болып келеді. Адамға ауру тікелей малдан немесе ауру қоздырғышымен зарарланған малдан өндірілген сүт, ет, жұмыртқа және басқа да азықтарды пайдалану арқылы жұғады.
Ағзаның әртүрлі бөліктерінде бездерде, өкпеде, бауыр мен көкбауырда іруге бейім әк түйіршіктері секілді ірімшектелген арнайы түйіндер туберкулдердің пайда болуы туберкулез ауруына тән белгілер болып табылады. Ауру әлсізденіп, біртіндеп азады дұрыс тамақтандарылғанына қарамастан тәбеті жойылады, жөтеліп, дене қызуы тұрақсызданады. Ауру малдардың өнімділігі төмендеп, мал ерте жарамсыз болып қалады. Сауықтыру іс шаралары өте көп қаржы жұмсауды қажет етеді.
Соңғы жылдары республикамызда ірі қара мал туберкулезінің індеттік жағдайы бір қалыпға түсті және туберкулезден таза емес шаруашылықтардың саны күрт төмендеді. Алайда, туберкулезден таза шаруашылықтарда малдардың туберкулинге тән емес реакция көрсетуі және сойып қарағанда туберкулездің дәлелденбеуі, осы кеселге байланысты диагноз қоюды қиындатып, малды себепсіз союға әкеліп отыр.
Бұзау туберкулезі - оның көптеген органдарын зақымдап оларда тарының көлеміндей төмпешіктер қалыптастырады, кейін аурудың барысына қарай осы төмпешіктер ыдырап, солардың әсерінен мал организмі уланып, күрделі патологиялық өзгерістер пайда болады.
Қоздырғышы - микобактериум бовинус. Ол түзу немесе сәл иілген таспа тәрізді бактерия. Ұзындығы 1, 5-5 мк, жуандығы 0, 2-0, 5 мкн, қозғалмайды. Спора және капсула түзбейді. Туберкулез таяқшасы қышқыл мен сілтіге, спиртке өте төзімді. Ол анилин бояуларымен боялмайды. Туберкулез таяқшасы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ете шыдамды келеді. Мысалы, кепкен қақырықта, осы ауруға шалдыққан малдың ішкі органдарында ұзақ тіршілік ете алады.
Туберкулез ауруына барлық мал түлігі, сондай-ақ, адам да шалдығады. Әсіресе, бұл ауруға ірі қара және шошқа тез шалдығады. Сақа малға бұл ауру ауа арқылы, ал бұзауға ауру малдың сүтінен жүғады. Күтімі нашар, азығы құнарсыз сәл туберкулезге тез шалдығады. Ауру әдетте қыста, мал қорада тұрған мезгілде шапшаң өршиді. Жайылымда төл бұл аурумен көп ауырмайды. Өйткені күн сәулесі туберкулез таяқ- шасын тез қырып тастайды [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - бұзау туберкулезі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Бұзау туберкулезі
Бұзау туберкулезі - оның көптеген органдарын зақымдап оларда тарының көлеміндей төмпешіктер қалыптастырады, кейін аурудың барысына қарай осы төмпешіктер ыдырап, солардың әсерінен мал организмі уланып, күрделі патологиялық өзгерістер пайда болады.
Қоздырғышы - микобактериум бовинус. Ол түзу немесе сәл иілген таспа тәрізді бактерия. Ұзындығы 1, 5-5 мк, жуандығы 0, 2-0, 5 мкн, қозғалмайды. Спора және капсула түзбейді.
Туберкулез таяқшасы қышқыл мен сілтіге, спиртке өте төзімді. Ол анилин бояуларымен боялмайды. Туберкулез таяқшасы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ете шыдамды келеді.
Мысалы, кепкен қақырықта, осы ауруға шалдыққан малдың ішкі органдарында ұзақ тіршілік ете алады. Ағынды суда 5-6 ай, топырақта, малдың нәжісінде 1-2 жыл бойы өлмейді.
Қыздырса туберкулез таяқшасы тез өледі. Мысалы 55 градуста 4 сағатта қырылып қалады. Кейбір химиялық дезинфекциялық заттарға туберкулез таяқшасы өте төзімді.
Эпизоотологиясы. Туберкулез ауруына барлық мал түлігі, сондай-ақ, адам да шалдығады. Әсіресе, бұл ауруға ірі қара және шошқа тез шалдығады. Сақа малға бұл ауру ауа арқылы, ал бұзауға ауру малдың сүтінен жүғады. Күтімі нашар, азығы құнарсыз сәл туберкулезге тез шалдығады.
Ауру әдетте қыста, мал қорада тұрған мезгілде шапшаң өршиді. Жайылымда төл бұл аурумен көп ауырмайды. Өйткені күн сәулесі туберкулез таяқ- шасын тез қырып тастайды.
Клиникалық белгілері. Ірі қара төлі көбінесе өкпе туберкулезіне шалдығады. Аурудың жасырын кезеңі 2-6 аптаға созылады.
Бұзау туберкулезі негізінен жасырын және созылмалы түрде өтеді.
Аурудың сырт белгілері бұзауда әр түрлі болып білінуі мүмкін. Ауруға шалдыққан бұзаудың ең бірінші өкпесі зақымданады.
Ауырған мал алғашқы рет анда-санда жөтеледі, бірақ ауру асқына келе жөтел жиілей түседі. Төл туберкулезі ұзаққа созылса мал қатты жөтеліп, ауырсынады, аузынан сілекейі шұбырады.
Ауырған малдың өкпе тұсьн (аускультация) тыңдаған кезде сырыл және қырыл естіледі. Мал ауру созылған сайын арықтай түседі, басын салбыратып шөп, суға қарамай, бір орында тұрып алады.
Туберкулез ауруына шалдыққан малдың негізгі белгісі сөл бездерінің ұлғаюы. Мысалы, жақ асты безі, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі бездері ісініп қатаяды, қолмен сипап қарағанда мал ауырсынады.
Ауру күн өткен сайын асқына береді, ал асқынған сайын мал азып, құр сүлдесі қалады. Ақырында мал өледі.
Өлекседегі өзгерістер. Туберкулез ауруына шалдыққан малды сойып қарағанда негізгі өзгерістер өкпеден табылады. Әрине өкпемен бірге бауыр мен талақта да аздаған өзгерістер болады.
Өкпені тіліп қарағанда қатып қалған сарғыш қоңыр түсті туберкулез түйіндері табылады.
Сонымен қатар өкпе тканінің сыртын қаптаған капсулада көптеген тесіктер пайда болады. Басқа ішкі органдардан да көптеген өзгерістер табылады. Мысалы, қаңқа еттерінің семгені, асқазан жолдарынан өзгерістер, жаралар байқалады.
Ауруды анықтау. Ауырған малды бірден байқау қиын. Ол арықтап азады, шөп-суға қарамайды, сөйтіп күйі нашарлай береді.
Мұндай малдардың сырт белгілеріне қарап ауруын анықтай қою мүмкін емес. Алайда жөтеліп жүрген төлді оқшаулап, оларды туберкулезден тексеру керек. Ол үшін лабораториялык әдістер қолданылады. Лабораториялық әдістердің ішінде бактериологиялық зерттеу әдісі өте тиімді әдіс болып саналады.
Бактериологиялық зерттеу әдісіне қақырық, ірің, нәжіс, несеп пайдаланылады.
Қақырық арнайы аспаппен (трахеотубус) бронхтан алынады. Мұнан кейін ол төсеніш шыныға жағылып, Циль-Нильсен әдісімен боялып, микроскоппен анықталады.
Бірақ бактериологиялық, клиникалық әдіспен бұзау туберкулезін дәл анықтау үнемі ойдағыдай нәтиже бермейді. Сондықтан ауруды дәл анықтау үшін ауру малдың күдігі болса оны уақытында сойып патанотомиялық, гистологиялық тексеру әдістері жүргізіледі.
Төлдің ауру-сырқауын дәл анықтау үшін аллергиялық әдіс қолданылады. Қазіргі кезде ірі қара туберкулезін дәл анықтау үшін ППД (протен- пурифнездеват) әдісімен алынған құрғақ таза туберкулин және альттуберкулин қолданылады.
Біздің республикамызда олар тері ішіне және көзге екі дүркін жіберіледі. Атап айтқанда, туберкулин бұзаудың жауырын терісіне 0, 2 мл мөлшерінде егіледі. Туберкулин жіберерде ол жердің жүнін кырқып, 70° ректисфикат немесе 0, 5% карбол қышқылына ерітіндісімен сүртіледі.
Мал туберкулезге шалдықса туберкулин егілген соң 2 сағаттан кейін реакция бере бастайды. Егудің алғашқы нәтижесі белгілі болғаннан кейін дәл сол жерге тағы да (екінші рет) егіледі. 24 сағат өткен соң аурудың қорытындысы шығарылады.
Ауырған малдың туберкулин егілген жерінде қызарған ісік пайда болады. Ол жерді қолмен ұстап көргенде жұмсақ, ыстық екені сезіледі, мал ауырсынады.
Арық малдың туберкулин еккеннен кейін реакция бермеуі де мүмкін. Мұндай мал сойылған соң ғана анықталады.
Туберкулезді анықтаудың тағы бір әдісі- көзге туберкулин тамызу. Туберкулин көзге араға 5-6 күн салып 2 рет тамызылады. Ауру мал 3-6 сағаттан кейін реакция бере бастайды.
Сондықтан алғашқы реакция қорытындысын есепке алу үшін мал 3, 6, 9, 12 және 24 сағаттан кейін тексеріліп отырылады, ал екінші рет 3, 6, 9, жәие 12 сағаттан кейін тексеріледі.
Мал туберкулезге шалдыққан болса оның туберкулин тамызылған көзі жасаурап ісінеді, бара-бара іріңдеп кетеді.
Ажырату диагнозы. Туберкулез ауруын малдың басқа ауруларынан ажырата білу керек. Мысалы малдың гельминтоз ауруларынан, өкпе эхинококкозынан ажырату кажет.
Гельминтозға шалдыққан малдың қызуы көтерілмейді және өте қиналып жөтеледі. Оны дәл анықтау үшін жөтелген кезде пайда болған жалқаяқ микроскоппен тексеріледі.
Мал ауру болса, одан көптеген гельминттер, гельминт жұмыртқалары, личинкалар табылады. Өкпе эхинококкозына шалдыққан малдың қызуы көтерілмейді. Ол баяу, ауырсынбай жөтеледі.
Аурудың алдын алу жолдары мен сақтық шаралары. Қазіргі таңда республикамыздың көптеген шаруашылықтары туберкулез індетінен түгел дерлік арылып отыр.
Алайда кейбір шаруашылықтарда бұл ауру әлі де болса кездеседі.
Бұл індеттен құтылу үшін ұшан-теңіз жұмыс атқарылуы тиіс.
Ең алдымен осы аурудың шығуына жол бермеу керек. Ал шыға қалған уақытта тиісті мал дәрігерлік талаптарды бұлжытпай орындай отырып, осы аурудан арылуы тиіс.
Сырттан әкелінген мал туберкулезден мұқият зерттелуі қажет. Ал шаруашылықтағы барлық малдың оқтын-оқтын аллергиялық әдіспен зерттелініп отырғаны жөн.
Малдың ауруға төтеп беру қабілетін күшейту үшін оларға берілетін азықтың құнарлылығын арттыру қажет.
Жаңа туған төлдің күтімін алғашқы күннен бастап жақсарту керек. Оларды құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, мезгіл-мезгіл таза ауада серуендетіп, бой жаздырып отырған жөн.
Жаз айында бұзауларды өріске баққан дұрыс. Олар тұрған қора міндетті түрде дезинфекциядан өтуі тиіс.
Жалпы шаруашылықтағы мал жылына 2 рет (көктемде жайлауға шығарда және күзде қыстауға түсерде) жаппай клиникалық тексеруден өткізіліп, туберкулинмен егілу керек.
Бұзауларға берілетін көк сүтті тек қайнатып берген жақсы. Олар 2 айға толысымен туберкулинмен тексеру қажет.
Туберкулез шыққан шаруашылықта жаңа туған бұзаулардың бөлек бағылғаны жөн. Оларға сау сиырдың сүті немесе қайнатылған сүт қана беру керек.
Ауру бұзауларды емдеп, семіртіп, етке өткізген дұрыс [1, 2, 3] .
1. 2 Бірнеше түлікке ортақ туберкулез ауруы
Туберкулез /лат. Tuberculosis, грек. Phthisis/- созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелермен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған.
Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Греция мен Римде, туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ /б. э. д. IV/, Гален т. б. қалдырды.
Дәрігерлер сол кезден-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе орта Азиялық дәрігерлер Әбу Әлі Ибн Сина /XI ғ/ аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылми тұрғыдан туберкулез кезінде әртүрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу XVII-XIX ғасырларда кеңінен зерттелді.
Бұл зерттеудің ең биік нәтижесі 1882 ж. неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашу болып табылды. Сонымен бірге Р. Кох 1890 ж. Туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік кейіннен басқалай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды.
Қоздырушысы. Туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium туыстығына жатады. Бұл туыстыққа ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар: M. tuberculisis /адамды ауртады /, M. bovis /ірі қараны/, M. avium /құсты/.
Сирек кездесетін 4-ші түрі M. piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі өсу үшін ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді [1, 2, 4] .
Микробактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі.
Микробтың атиптік /өзіне тән емес/, яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микробактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларға параллергиялық реакциялар тудырады. Раньонның классификациясы бойынша M. avium атиптік микробактерияларға жатады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауа сыбағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі.
Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельбергтің қоректік орталары қолданылады.
Микобактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі 20-30 күн өткен соң, сиырға тән түрі 20-60, құсқа тән түрі 11-15 күннен соң өсіп береді.
Індеттік ерекшеліктері. Туберкулезге 50-ден астам үй және тағы хайуандар, 20 дан астам құстар шалдығады, олардың ішінен ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан- күзен тұрады. Сирек ауратын жануарларға ешкі /табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұқтырғанда жиі аурады/, ит, құстардан- қаз, өте сирек ауратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы- туберкулезбен аурған жануардар. Олар микробактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады.
Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларында жем, шөп, су, төсенгіш, көң, т. б. жатады.
Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстанған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сүйтсе де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайылымдағы малға да жаппай жұғады.
Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді. Дегенмен Бестужев тұқымы төзімді келеді де, керісінше қара ала сиырлар туберкулезге бейімрек.
Әдетте туберкулез табындағы малда баяу тарайды да, жаппай жұғуы үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңінің ұзақтығы және аурған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.
Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді.
Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибрннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылыт, фермасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады [1, 2, 4] .
Егер бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде /өкпеде, ішекте/ пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді.
Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің бір мезгілде зақымдануын алғашқы толық кешен деп атайды. Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп аталынады.
Ауру зілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалып, инфекция процесінің одан ары өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады.
Туберкулездің жаппай тарап кетуіне жол бермеу мақсатында бұл аурудан таза шаруашылыққа тек алдын-ала тексеріліп, бір айдай карантинде болған түйелер ғана жіберіледі. Аурудан таза келеге туберкулезбен аурып жүрген адамдарды жіберуге тыйым салынады.
Туберкулезді дер кезінде анықтау осы кеселмен күрес жолында шешуші орын алады. Ол індеттің ары қарай дамуына тосқауыл бола отырып, адамдардың зарарлануынан сақтайды.
Қазіргі кезде республикамыздың көптеген шаруашылықтарында сүт, ет өндіретін комплекстер жұмыс істеуде. Ал бұл комплекстерде осы ауруды болдырмау үшін жартылай карантиндік тәртіп орнатылған. Малды күтіп-бағу, азықтандыру кезінде тазалық сақтау ережесі катаң түрде сақталынады.
Аурудың белгілері. Малдың қай түрі болмасын көбінесе өкпе туберкулезіне шалдығады. Ауруға шалдыкқыш малда алғашқы кезде аса белгі болмайды, мал тәбеті нашарлап, біртіндеп қоңдылығы төмендей бастайды.
Аурудың қоздырғыш микробы малға жұққаннан бастап оның белгілері
айқын білінгенге дейінгі мерзімі - 15-40 күн аралығында болады. Алғашқы кезде малдың дене қызуы аздап көтеріледі.
Өкпесі азғана зақымдалған болса, мал анда-санда, бірақ қатты жөтеледі, ал егер өкпенің көп жері зақымдалған болса жиілеу жөтеліп, жөтелген кезде қатты ауырсынады. Малдың жөтелі ертеңгісін, кешкісін малды бір орыннан екінші орынға козғаған кезде қатты күшейеді [1, 2, 3] .
Созылмалы туберкулезге шалдыққан мал айлап жөтеледі, арықтай бастайды, жеткілікті мөлшерде сапалы жемшөппен азықтандырғанның өзінде коңдылығын жоғалтады. Қысқаша айтқанда жеген азығы бойына сіңбейді, мал қаусап арықтап кетеді. Ауру малдың жүні үрпиін, оның терісі табиғи созылғыш қасиетінен айрылын, қатып қаусап қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz