Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары


Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014 ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Қысқартулар мен белгілер
Осы курстық жұмыста төмендегі қысқартулар мен белгілер қолданылды:
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ПВС-поливинилді спирт
РНК - Рибонуклеин қышқылы
ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы
млн - миллион
т. б. - тағы басқа.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Европалық шіріме . . . 9
1. 1. 1Европалық шіріме ауруының клиникалық белгілері . . . 9
1. 1. 2Европалық шіріме ауруын анықтау . . . 9
1. 1. 3Европалық шіріме ауруынан арылу және одан сақтану шаралары . . . 10
1. 2Аэромоноз . . . 10
1. 3 Қызыл балықтардың фурункулезі . . . 13
1. 4 Жүзу жарғағының қабынуы . . . 14
1. 5 Сепсистік псевдомоноз . . . 16
1. 6 Бронхиомикоз . . . 16
1. 7 Күл . . . 17
1. 8Қылау немесе сальмонеллез . . . 18
1. 9 Індет процесі . . . 19
1. 10 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 21
2 Өзіндік зерттеу . . . 24
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалықжағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов -халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең қаралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады.
Алыс және жақын шетелдермен шекараның ашылып, сауда-саттықтың - оның ішінде мал импорты мен экспортының (оның өнімдерінің) қатынасы жолға қойылып қарқынды дамуда. Осыған орай мал дәрігерінің қызметкерлері жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік ережелерді бұлжытпай орындауға міндетті. Осымен бірге, үш мемлекеттің - Ресей, Беларуссия, Қазақстан Республикасының кедендік Одағының құрылуына байланысты жануарлар мен мал түліктері арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды емдеу мал дәрігерінің басты міндеттернің бірі болатындығы сөзсіз. Жоғарыдағы аталған мәселелерді шешуде індеттану ілімінің (эпизоотологияның) маңызы зор [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - европалық шіріме ауруын балау және сауықтыру шаралары туралы толық мағлұмат беру болып табылады.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Европалық шіріме
Бұл ауру бал арасының ұрығын зақымдайды.
Қоздырғышы - Str. рlutоn (Берги бойынша) .
Личинкалардан алынған жұғындыда бұл стрептококк таспа тәрізді диплококқа ұқсайды, ол культурада (белгілі бір қоректік ортаға сеуіп өсіргенде) тізбек түзеді. Бактериялық зерттеу жүргізгенде материалдан плутон стрептокогымен қатар субтерминальды сопақ экзоспора түзетін Вас. аlvei таяқшасы. кокк туысына жататын, Грам бойынша шамалы боялатын ұсақ микроб Streptococcus. аріs табылады.
1. 1. 1 Европалық шіріме ауруының клиникалық белгілері
Личинканың сарғыш түсі қара-қоңыр түске енеді, тканьдердің серпімділігі осалдайды, личинкалардың ұяшықтардағы отырысы әдеттегідей болмайды, жабық ұрық зақымданғанда қақпақша қара түсті болады, ол тесіліп кетеді, желімді емес шірінді зат ағады, оның қышқыл немесе сасық иісі болады, қабыршақ ұяшықтардың қабырғасынан оңай түсіп қалады.
1. 1. 2 Европалық шіріме ауруын анықтау
Ауру бактериологиялық зерттеу, яғни микроскоппен қарау және қоздырғыштың таза культурасын өсіру арқылы анықталады.
Микроскоппен қарау. Бес-алты шыныға жұғынды жағып алып, оларды Циль фуксинінің судағы ерітіндісімен 30 минут бойы бояйды. Личинкалардан жасалған жұғындыларда Грам бойынша боялатын таспа тәрізді диплококк Streptococcus рlutоn табылады.
Шіріген және қабыршақтанған заттарда әдетте Вас. аlvеі (көбіне спора түзу шағында) табылады, ал егер шіріген заттың қышқыл иісі болса, жұғындыда дөңгелек пішінді микробтар Streptococcus аріs басым болады.
Таза микроб шоғырын өсіру. Streptococcus рlutоn өсіру үшін глюкоза аралас картоп агарын пайдаланады.
Бұл үшін қабығы аршылған картопты ұсақтап кесіп суға салады да (1:2), 8-10 минут бойы қайнатады. Ол мақта арқылы сүзіледі, үстіне 2, 5% агар қосылады, бұдан кейін ол Кох аппаратында балқытылады, сүзіледі, 2% глюкоза қосады да, қыздырып зарарсыздандырады.
Стрептококк ауасыз жерде (оттегі 95%+5% СО2) үш тәулік бойы 370 жылылықта өсіріледі. Streptococcus рlutоn өсіру үшін глюкозаға араласқан картоптың 15%-тік сұйықтау агарын пайдалануға болады. Вас. аlvеі, Streptococcus аріs МПА-да рН 7, 4 дәрежеде ауалы жерде өсіріледі [1, 2, 3] .
1. 1. 3 Европалық шіріме ауруынан арылу және одан сақтану шаралары
Ауру байқалған омартаға және оның айналасындағы 5 км жердегі басқа омарталарға карантин салынады, ол ауру әбден жойылған соң бір жылдан кейін алынады.
Европалық шіру шықса, ауруға шалдыққан ара үйірлерімен бірге шартты түрде, ауруға шалдықпаған сау деп есептелетін үйірлер де аурудың алдын алу мақсатымен өңделеді.
Бұл ауруды емдеу және одан сақтандыру үшін мынадай дәрі-дәрмектер және әдістер қолданылады.
Емдік сироптар. Бір литр қант сиропына (1:1) мына сульфаниламид препараттардың немесе антибиотиктердің біреуі: натрий норсульфазолы 1 г, сульфантрол 2 г, натрий сульцимиді 2 г, стрептомицин және биомицин 500 мың ЕД, неомицин 400 мың ЕД мөлшерінде қосылады.
Алынған емдік препаратты алдын ала шағын мөлшердегі жылы суға ерітіп, қантты сироппен араластырады. Емдік сироп әрбір ара семьясына 1 л мөлшерінде дезинфекцияланған жеке оттықтарға жылы күйінде (30-37°) қойылады.
Әрбір 5-7 күн сайын үш рет емделеді. Егер ауру қайталаса, бұрынғы қолданылған дәрінің орнына басқа дәрі беріледі.
Антибиотик ерітінділерін бүрку. Жоғарыда айтылған антибиотиктердің біреуін көрсетілген мөлшерде алып, бір литр жылы суда (38°) ерітіп, оны бал арасы семьяларына бүркеді.
Ерітіндіні бүрку жұмысы бал арасы семьяларында балдың жеткілікті запасы болған жағдайда жылы шуақ күндері жүргізіледі. Қонып отырған аралармен бірге әр рамканы екі жағынан бірдей бүркеді. Бүріккенде ерітіндінің бал араларының үстін сәл ғана ылғалдауын, ерітіндінің ұрыққа тікелей тимеуін қадағалау керек.
Емдік дуст ұнтақтарымен тозаңдандыру. Жоғарыда аталған дәрілердің біреуі көрсетілген мөлшерде алынып, 20 г қант ұнтағымен араластырылады. Тозаңдандыру үшін әдеттегі ұнтақ шашқыш пайдаланылады [1, 3, 45] .
1. 2 Аэромоноз
Аэромоноз (қызамық, геморрагиялық септицемия, шемен) -балықтың терісі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршықтарының сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтық жиналып, көзі шарасынан шығып, кейде денесінде ойық жарақаттар пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. М. Белен (1904) тұқы балықтың зілсіз қызамығының коздырушысы ретінде
Ваcterium cyprinicida
микробын сипаттаса, В. Шеперклаус (1930)
Аchromobacter punctatum (Aeromonas punctata)
бактериясын тұқы балықтың «жұқпалы шеменінің»
қоздырушысы деп дәлелдеді.
Қазіргі уақытта қызамық (краснуха) үш дербес аурудың жиынтық атауы деп қабылданады. Бұл ауруларға аэромоноз, көктемгі вирус ауруы, сепсистік псевдомоноз жатады. Олар бір-біріне қабаттасып аралас инфекция ретінде де өтеді. Бұл аурулар тұқы балықты тоған суда қолдан өсіретін Европа, Азия. Онтүстік Америка елдерінде тараған.
Қоздырушысы - Aeromonas punctata (Аеromonas hydrophila) бактериясы. Ол қысқаша келген (1, 2-1, 8х0, 5-0, 6 мкм), грам теріс, қозғалмалы, шеткері орналасқан жіпшелері бар таяқша. Жартылай ауасыбағалы, спора мен қауашық түзбейді. Қарапайым кәдімгі коректік орталарда 20-30°С-та өседі.
Індеттік ерекшеліктері. Аэромонозбен тұқы балық, сазан және олардың будандары ауырады. Сонымен қатар табан балық, қара балық және басқалары шалдығады, әсіресе 2-3 жасар тұқы балықтар жиі ауырып, жаппай шалдығады да, зор шығынға ұшырайды. Аурудың байқалуы судың температурасына байланысты болады. Жылы аймақта 1-2 жасар балық ауырса, орталық және солтүстік өлкелерде 2 жастан жоғары балықтар ауырады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және микроб алып жүретін балықтар. Олар қоздырушыны экскременттері арқылы бөліп шығарады. Су қоймаларында бактериялар ұзақ уақыт сақталады. Бір су коймасынан екіншісіне микроб балықты бакылаусыз тасығанда, суменен зақымданған балықтар өздері жүзіп келгенде, балықпен коректенетін құстар арқылы, балық аулайтын жабдықтармен беріледі.
Қоздырушы балық денесіне зақымданған тері, ауыз және желбезек арқылы енеді. Сонымен қатар тоғыштар, шаяндар, сүлік арқылы берілуі де мүмкін. Аурудың таралуына балықтың тығыз орналастырылуы, жарақаттану, жайсыз гидрохимиялық жағдайлар (оттегінің жетімсіздігі, төменгі рН) әсер етеді. Аэромоноз әдетте көктем мен жазда байқалады. Кейде жаздың соңында да әсіресе бір жастағы балықтардың арасында кездеседі. Аурудан балықтардың шығыны 25-90% мөлшерінде болады [1, 2, 3, 4] .
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезең 3-30 күн. Ауру бір мезгілде әртүрілі балықтарда жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.
Жіті өткенде жүзу қанатының, денесінің кей жері немесе тұтастай терісі қабынып, ошақтанып қанталайды; құрсағында және бүкіл денесінде сұйық іркіліп шығып, қабыршықтары түсе бастайды.
Қабыршықтарының астында мөлдір немесе қан аралас сұйыққа толған қолдырауықтар кездеседі. Артқы тесігі томпайып, ішін басқанда одан созылып қоймалжың сүйық ағады.
Жітіден төмен өткенде экссудаттық процестер бәсең болады. Денесінің әр жерінде терісі өліеттеніп, әртүрлі ойылымдар пайда болып, олар астындағы бұлшық етті зақымдап, сүйекке, тіпті ішкі ағзаларға дейін, тесілуге әкеп соғады. Кейде ойылған жарақатты зең саңырауқұлағының жіпше желілері басып кетеді. Ойылымның шеті бастапкыда кызыл түсті, кейін ақшыл белдеумен көмкеріледі. Көбінесе жүзу қанатының жарғағы өліеттеніп, ортасындағы қылтанақтары жалаңаштанады.
Аурудың аталған екі түрінде де балық көп қозғалмай, таза су ағынына келіп, судың бетінде қалқып, сыртқы әсерді қабылдамай, денесін толық игере алмай, өліп қалады.
Аурудың созылмалы өтуі әдетте жаздың соңы мен күзде байқалып, ауырған балық көбінесе жазылып кетеді. Балықтың денесінде ойылымдар байқалып, олар дәнекер ұлпамен тыртықтанып, бітіп, орны көк теңбілденіп, уақыт өте келе білінбей кетеді. Жарасы жазылған соң, егер ол ауқымды болса, омыртқасы, көбінесе артқы жағы қисайып бітеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру жіті өткенде тұқы балықтың терісіне серозды-қанталаған қабыну болады. Бұлшық еттері домбығып, кескенде суланып тұрады.
Құрсақ қуысы мөлдір немесе қанды сұйыққа толы, кейде қоймалжың масса болады, іш пердесі мен ішкі ағзалары қанға кернеледі. Бауыр болбырап, сарғыш немесе сұрғылт, кейде жасыл түсті, кей жері өліеттенеді. Өт қабы өтке кернелген. Көк бауыр ұлғайып, қара кошқыл түсті болады.
Жүректе ноқатты қанталаулар кездеседі. Жүзу жарғағының қан тамырлары қанға толы. Бүйректері ісініп, ұлғаяды. Ішек қатарлы немесе қанталап қабынады. Аэромоноз жітіден төмен өткенде аталған өзгерістер оншама көзге түспейді. Ауру созылмалы өткенде ішкі ағзалар өзгеріске ұшырамайды, тек балықтың денесінде ойылымдар байқалады.
Балау бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша індеттанулық деректерді, клиникалық белгілері мен патологоанатомиялық өзгерістерін ескере отырып жүргізіледі. Бөлініп алынған А. рипсtatа өсінінің уыттылығын массасы 150-250 г тұқы балықтарға және ақ тышқандарға жұқтырып тексереді. Зардапты аэромонадаларды агглютиация реакциясы арқылы айқындауға болады.
Емі. Емдік және дауалық мақсатта әртүрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Жемге қосып биомицин, левомицетин, синтомицин, фуразолидон, жемдік антибиотиктер мен метилен көгін береді.
Әдетте балыққа 3 күн емдік азық, содан кейін 3 күн жай азық беріп, осылайша алмастырып отырады. Бұндай 10-15 күңдік емдік курсты вегетациялық маусымда 2-3 рет қайталайды. Антимикробтық препараттарды тағайындар алдында оларға ауру қоздырушысының сезімталдығын анықтау қажет. Балықты пайдаланудан 30 күн бұрын антибиотиктерді беруді тоқтатады.
Аталық және өсірілетін балықтарға құрсақ қуысына инъекция арқылы 1 кг массасына 20-30 мг левомицитинді 3 рет: көктемде қыстамадан кейін және санақ кезінде, күзде кыстама алдында береді. Дибиомицинді 25 мг/кг дозада экмолинмен қосып, 1 рет уылдырық шашардан 3 апта бұрын береді.
Дауалық мақсатпен ваннада тоғыту үшін левомицетинді 300 мг/л, экспозициясы 24 сағат, синтомицинді 600-1 000 мг/л, экспозициясы 24 сағат, метилен көгін 50-200 мг/л экспозициясы 16 сағат пайдаланады.
Дауалау және күресу шаралары. Аэромонозбен ауырып жазылған балықтарда қалыпты иммунитет қалыптасады.
Аурудың алдын алу үшін су қоймасын қоздырушы микробпен ластанудан сақтау керек. Ол үшін тасылатын өсіруге арналған балықтарға қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылау жасау қажет. Әкелінген балықтарды жергілікті балықтармен араластырмай, тоғанның жеке бөлігіне жібереді де, 30 күндей карантин жағдайында ұстайды.
Аэромоноз шыққанда балық шаруашылығына карантин қояды. Өлген балықтарды жинап, жояды. Күзде балықтарды ұстап алған соң, тоғандағы суды ағызып жіберіп, түбін тазалап 2 рет хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Сауықтыру үшін тоғанның орнына шөп немесе көкөніс өсіреді. Нәтижесінде тоған орны кұрғатылып, зарарсыздандырылады. Осындай шаралардан кейін тоғанды сумен толтырып, қайтадан балық жібереді [1, 2, 4, 5] .
1. 3 Қызыл балықтардың фурункулезі
Қызыл балықтардың фурункулезі (фурункулез лососевых) -септицемиямен және бұлшық етте абсцессалардың пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауру туралы алғашқы мәліметті Герминияда Эммерих пен Вайвель (1894) жариялады.
Қоздырушысы - Аeromonas salmonicida бактериясы, грам теріс, ұшы жұмыр, үлкендігі 1, 7-2, 7 х 1 мкм таяқша. Жағындыда жеке, қосарланып немесе тізбектеліп орналасады. Қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, жартылай ауасыбағалы өсуіне қолайлы температура 18-25°С.
Індеттік ерекшеліктері. Фурункулезге қызыл балықтың (арқан балықтың) барлық түрлері шалдығады. Ауру аталық балықтарда уылдырық шашу маусымы кезінде және одан кейінгі уақытта ауыр өтеді. Өсім беретін жас балықтар да ауырады, құрт шабақтар өте сирек ауырады. Фурункулезге балықтың басқа түрлері, тіпті бақа да шалдығуы мүмкін.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 15-21°С жағдайында 7 күн шамасында. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.
Фурункулез аса жіті өткенде, әсіресе коңы жақсы балық, аурудың белгілері білініп үлгермей өліп кетеді.
Жіті өткен жағдайда балықтың іші өтіп, нәжісіне қан араласады. Терісінде, желбезегінде, кеуде жүзу қанаттарының түбінде жолақты қанталаулар пайда болып кейіннен ісінеді. Балық 3 күн ішінде өледі немесе ауру жітіден төмен түрге ауысып, ісінген жерлері ойылып, іріңді өліет араласқан экссудат бөлінеді. Фурункулалар жарылғанда орнында қызарған ойылымдар пайда болады.
Балықтың желбезегі бозарып, көзі бадырайып кетеді. Процесс 4-7 күнге созылып, балықтар зор шығынға ұшырайды.
Ауру созылмалы өткенде дененің зақымданған телімдеріне теріні зақымдайтын саңырауқұлақтар түсіп, кейбір балықтардың денесінде, басында іріңді ойылымдар пайда болып, жүзу жарғақтары ыдырайды. Желбезектері бозарып, мәрмәр түсті болады. Балық өте жүдеп, денесі қараяды, жазылған жағдайда ұзақ уақыт бактерия алып жүреді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру аса жіті өткенде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Жіті және жітіден төмен өткенде құрсақ қуысында экссудат іркіліп, ішкі ағзалары мен асқорыту жолдары қанталап, қабынып, жүрегі мен бауыры өліеттенеді. Созылмалы өткенде бауыры бозарып немесе сарғаяды да, ішектерінде ақшыл-сары жалқақ болады, кейде ішкі ағзалары қанталайды.
Балау бактериологиялық зерттеудің нәтижелеріне сүйеніп, індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін және патологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізіледі.
Емі. Балықтың 100 кг массасына есептегенде 24 г сульфамедизин және 6 г сульфогуанидин 3 күн ішінде беріледі. Келесі 7 күн бойы бұл дәрілердің дозасы тиісінше 12 және 8 г болады. Сонымен қатар левомицетин немесе тетрамицин балықтың 100кг массасына 5-7, 5 г дозамен 2 апта бойы беріледі. Тоғандағы барлық балықты бір мезгілде емдеу қажет.
Дауалау және күресу шаралары. Қызыл балықтардың фурункулезі байқалған шаруашылыққа карантин қояды. Ауырған балықтарды, егер товарлық нұсқыны болмаса, жояды. Су қоймасы мен тоғандарды, балық аулайтын құрал-жабдықтарды тазалап, дезинфекииялайды [1, 4, 5, 6] .
1. 4 Жүзу жарғағының қабынуы
Жүзу жарғағының қабынуы (Воспаление плавательного пузыря) - тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы. Аурудың жұқпалы екендігі ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оның қоздырушысы осы күнге дейін дәл анықталған жоқ. Әртүрлі зерттеушілер аурудың қоздырушысы вирус, бактерия, саңырауқұлақ, тіпті балдыр деген пікірді жақтайды.
Індеттік ерекшеліктері. Жүзу жарғарының қабынуы (ЖЖҚ) көбінесе екі жасар тұқы балықта кездеседі, бір жастағы немесе бірен-саран екі жастан асқан балықтарда да ұшырасуы мүмкін. Сазан бұл ауруға біршама төзімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz