Әдіскер-маманның жүргізетін қызметін, үйде оқитын балаларды есепке алудағы күрделі жүйесін автоматтандыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (Өскемен қаласы әкімдігінің «ҚжБОМ-РО» КММ) қызметі туралы түсінік. 2004ж. 15 сәуір «Білім берудегі Өскемен қаласының жаңа технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» облыс әкімдігінің қаулысы.
Аналитикалық есеп және мониторинг тобының мақсаты қала мектептерінің материалды-техникалық базасын мониторингілеу, тестілеу теория мен методологиясы, сонымен қатар аналитикалық қызметімен, мүмкіншілігі шектеулі үйден оқитын балаларды арнайы бағдарламалық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Дипломдық жобаның басты мақсаты - қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурстық орталығының аналитикалық есеп және мониторинг тобының мониторинг бойынша бас маман-әдіскерлеріне арналған мүмкіншіліктері шектеулі, уйден оқитын балаларды есепке алу бойынша автоматтандырылған ішкі жүйесін құру.
Мақсатқа жету үшін қойылған талаптар:
- мүмкіншілігі шектеулі арнайы техникалық жабдықпен жабдықталған оқушыларды есепке алу үрдісін зерттеу және талдау;
- мәліметтер қоймасын басқару жүйесін және клиенттік қосымшаларды құру үшін инструментталды құралды таңдау;
- мүмкіншілігі шектеулі арнайы техникалық жабдықпен жабдықталған оқушыларды есепке алу ішкі жүйесін құру;
- қолданушының сұраныстарын өңдеу үшін жүйеге қатынауды және жүйенің дайындығын қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік жүйесін құру. Ақпаратқа қатынауды шектеу және жүйелендіру.
Осы талаптар арқылы мақсатында автоматты-бағдарлама құрылады.
1 Бағдарламалық-техникалық құралдармен (БТҚ) қамтамасыз етілген оқушыларды есепке алу автоматтандырылған ішкі жүйесін құру
- Пәндік аймақты зерттеу және талдау
Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (Өскемен қаласы әкімдігінің «ҚжБОМ-РО» КММ) қызметі туралы түсінік. 2004ж. 15 сәуір - «Білім берудегі Өскемен қаласының жаңа технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» облыс әкімдігінің қаулысы.
2004ж. 19 сәуір - Қалалық білім басқармасымен «Білім берудегі Өскемен қаласының жаңа технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің жарғысы және құрылымы бекітілген.
2006ж. 15 мамыр - «Білім берудегі Өскемен қаласының жаңа технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесі «Өскемен қаласының ресурс орталығы» мемлекеттік мекемесі атауына ауыстырылған.
2010ж. 15 маусымда Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысымен «Өскемен қаласының ресурс орталығы» ММ және «Оқушыларды еңбекке үйрету және кәсіптік дайындау мектебі» ММ қосылу жолы арқылы «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурстық орталығы» КММ болып қайта құрылды.
Қызмет мақсаттары және құрамы. “Қазақстан Республикасындағы білімді жетілдірудің Концепциясы” мен “Білім туралы” Заңына сәйкес “Қашықтықтан және бейіндік оқыту мектебі - ресурс орталығы” КММ орта білімнің жоғарғы сатысының функционалды қызметінің құрамдық бөлігі болып табылады.
ҚжБОМ-РО оқудың негізгі мақсаттары:
- “Технология” пәнін оқу;
- оқушыларды мамандыққа дейін тереңдетіп дайындауда профильді оқытуды жүзеге асыру;
- кәсіптік курстар шегінде бастапқы кәсіптік оқу бойынша қосымша білім беруді ұйымдастыру;
ҚжБОМ-РО оқу қызметінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- еңбек қызметінің әр түрінде, олардың қызығушылықтары, мүмкіншіліктері мен бейімділіктеріне қарай әр оқушының жеке тұлға ретінде дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
- оқушыларды нақты, шын өндірістік қатынастарға кірістіру, маркетингтің, менеджменттің және кәсіпкерліктің негіздерін үйрету;
- ақпарттық, компьютерлік және өндірістік технологияларды басқару мен ұйымдастыру, оқушыларды тез ауысатын прогрессивті технологияның принциптерімен таныстыру;
Кәсіптік бағдардың жұмысының мақсаттары мен міндеттері оқушылардың еңбекке деген түсініктерін терең қалыптастырудан тұрады, тәрбиеде еңбектің адам үшін бірінші қажеттілік екендігін ұқтыру, кез-келген ой мен дене еңбегін сыйлау, өз еңбегін ұжым еңбегімен үйлестіре білу жатады. Таңдаған мамандығының еңбектік мазмұны туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Үзіліссіз өмірлік білімге дайындықтарын қалыптастыру, таңдаған мамандықты тереңдетіп үйрену, оларды мамандықты саналы түрде таңдауға әкелу, қызметтің оларға лайық ортасы туралы көбірек кеңес беру, өзінің таңдаған мамандығы туралы ойлауды, оқушылардың қызығушылықтарын, мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін зерттеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
«Қашықтықтан және бейіндік оқыту мектебі - ресурс орталығы» КММ қызметтік мақсаттары болып мыналар табылады:
- біріңғай білім беру ақпараттық ортаны дамыту саясатын жүзеге асыру, ақпараттық білім беру үдерісінің ары қарай дамуын үйлестіретін және қолдайтын функцияларды орындау;
- Өскемен қаласының білім беру мекемелеріне әдістемелік, кеңестік және техникалық қолдау көрсету;
- білім беру мекемелерінің оқушылары мен педагогикалық жұмысшыларының қашықтықтан және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, азаматтардың ақпараттық қоғам жағдайында білім беруге кіру мүмкіндігін жоғарлату.
1) Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру мекемелерін және ақпараттандыру аясында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
2) Қашықтықтан және кәсіптік білім беру, білім беру үдерісін сапалы оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін жүзеге асыру бойынша басқару органдарды, әдістемелік қызметтерді, жас оқушыларды, педагогикалық кадрлар мен қоғам ұйымдарды бірігуін қамтамасыз ету.
3) «Ресурс орталығының шарттары бойынша мұғалімдердің ақпараттық мәдениеттерін дамыту» тақырыбы бойынша тәжірибелі-экспериментальді бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру; зерделенген теориалық материалдар бойынша жариаланым дайындау, топтардың қызметтік талдауы.
4) Ақпараттық технологияларды қолдану аясында барлық деңгейдегі білім беру мекемелеріне және білім беруіндегі нақты қызметкерлерге кеңестік, әдәстемелік және технологиялық қолдау көрсету.
5) Аппараттық-бағдарламалық құралдарды техникалық ілесуімен желісін дамыту.
6) Білім беру ақпараттық кеңістікті құру және білім беру ресурстарына кіру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін қолданылған аппаратты-бағдарламалық құралдарды ілесу механизмін құру арқылы ақпараттандыру құралдарын дамыту.
7) Қашықтықтан білім беру ұйымдары үшін тьютор сертификаттарын алу мақсатында ресурс орталығының қызметкерлерін оқыту.
8) Оқушыларды кәсіп алдында дайындау, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік дайындау, педагогикалық жұмысшылардың біліктілігін жоғарлату үшін қашықтықтан курстар, жобалар, әдістемелік ұсыныстарды дайындау және жүзеге асыру.
9) Moodle негізінде білім беру порталында жұмыстарды іске асыру.
10) Қалалық медиатеканы толтыру:
- медиа-ресурстардың компьютерлік каталогтау;
- әр-түрлі сақтаушылардан ақпаратты тауып алу әдісін қолданушыларға оқытуды ұйымдастыру;
- жаңа ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық қажеттіліктерін табу және білім беру мекемелерінің сұраныстарын қанағаттандыру;
- медиа-ресурстарын әдістемелік қамтамасыз ету;
11) Әртүрлі пәндердің салалары бойынша сайтотеканы, интернет ресурстардың базаларын толтыру мұғалімдерге глобальді желіде ыңғайын табуға көмектеседі:
- қалалық білім беру мекемелеріне медиа-прокатты ұйымдастыру;
- медиатека қорын ресурс орталығындағы компьютер сыныбының базасында немесе мектептің өз базасында уақытша пайдалануға (мұғалімдерге және қала оқушыларына) беру;
- бар ресурстарды қолдану бойынша әдістемелік кепілдеме құру;
12) Ғылыми білім беру ресурстарының ағымдағы жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін және оларды тиімді қолдануға жағдай жасайтын қалалық білім беру ресурстарының мониторингі.
13) Білім беру контентін құру және бақылау.
14) «Өскемен қаласының білім беру сапасының бағасы» автоматтандырылған жүйелерді ендіру.
15) Өскемен қаласының білім беру ұйымдарын ақпараттандыру индикаторларын өндеу.
16) Өскемен қаласы мектепке арналған біріңғай ақпаратты білім жүйесі ендіру.
17) Шығарылған өнімдерге (ЭОБ, әдістемелік пособия т. б. ) авторлық құқықтарын тіркеу.
18) Жұмысшылардың қызметін іс-қимылға жұмылдыруына арналған топтардың рейтингі.
19) Мектеп оқушыларының жақсы нәтижелері мен сәтсіздіктері туралы ата-аналарына тез хабарлау үшін СМС-мектебінің жобаларын өндеу және ендіру.
20) ҰБТ, АМБ және бөлек сабақтар бойынша «қағаз» тестілеуді тексеруін автоматтандыру үшін RCU TestReader енгізу.
21) 9 сынып оқушыларының кәсіптік бағыттарын анықтау автоматтандырылған жүйелерін өндеу.
22) Ақпараттық қоғамдағы өмірге азаматтардың бейімделуі.
23) Жеке жұмыс жасауды дамытуға арналған шарттарды құру арқылы жеке адамның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, парасатын байыту.
24) Азаматшылық пен патриотизмге, Қазақстан Республикасы - еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін сыйлау, кез келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге шыдамдылықсыз таныту.
25) Республиканың қоғамдық-саясаттық, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатысу қажеттіліктерін қалыптастыру, жеке адамның өз құқығы мен міндеттеріне деген қатынастарын білу.
Ұжымның алдындағы тұрған міндеттерді шешу үшін:
- балалар мен олардың ата-аналарының ықластары бойынша, бірақ алдын-ала алынған тестілеу мен анкеттеудің қортындыларын ескере отырып, бастапқы кәсіптік оқудың топтарын жинақтау;
- өз жұмысында қазіргі заман талабына сай дифференциация, интеграция мен кәсіптік бағдардың негіздерінде әзірленген оқудың әдістерін пайдалану;
- тұлғалық білім берудің тиімділігіне аса көңіл бөлу;
- болашақ мамандыққа қатысты өзін-өзі анықтау, оқушы тұлғасының социалануына мектептің әсерін күшейту, оны жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу.
1. 1. 3 Қашықтан білім беру және кәсіптік оқыту тобы
Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығының кадрлық құрамы алты топқа және мектепке бөлінген:
1. 1. 4 Әдістемелік жұмыс тобы
Әдістемелік жұмыс тобы келесі бағытта жұмыс атқарады:
- білім беру саласында инновациялық технологияларды, білім беру сапасының менеджмент негіздерді ендіру;
- қала мектептерінде оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру мақсатында оқытушыларға компьютерде жұмыс істеу негіздерін оқытуды ұйымдастыру;
- білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату мақсатында қазіргі білім беру бағдарламаларын енгізу, сонымен қатар ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша әдістемелік кепілдемелерін жетілдіру;
- ақпараттық технологиялар саласында барлық білім беру деңгейіндегі білім беру мекемелеріне әдістемелік, кеңестік көмек көрсету;
- мұғалімдерді мұғалім-оқытушылардың шығармашылық топтарымен жұмыс істеу арқылы білім берудің жаңа түрін жетілдіру бойынша қызметіне қосу;
- санатты педагогикалық тәжірибені тарату, мектеп мұғалімдерімен ақпаратты алмасу, интернет - форумдарды, чаттарды ұйымдастыру;
- мұғалімдер мен қатысушыларды жаңа жағдайға қызықтыру мақсатында әртүрлі қашықтық жобаларды шығару.
1. 1. 5 Қашықтан білім беру және кәсіптік оқыту тобы
Қашықтық және кәсіптік оқытуды орындау үшін білім берудегі инновациялық жобаларды шығарумен айналысады:
- интернет-технологияларын қолдануымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған әртүрлі қашықтық курстар, оқытатын олимпиадаларын өткізу;
- кәсіптік оқыту сұрақтары бойынша информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық топтарының жұмыстарын ұйымдастыру;
- қала мектептерінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кәсіптік оқыту және қолданбалы курстар мен тандау бойынша курстарды құру сұрақтары бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
- кәсіптік оқыту сұрақтары бойынша мұғалімдердің санатты педагогикалық тәжірибесін зерттеп тарату;
- ресурс орталығының ресми сайтында Өскемен қаласының орта оқу орындарына берілетін электронды ақпараттық ресурстарды жаңарту.
1. 1. 6 Аналитикалық есеп және мониторинг тобы
Қала мектептерінің материалды-техникалық базасының мониторингімен, тестілеудің теория мен методологиясымен, сонымен қатар аналитикалық қызметімен айналысады:
- қала мектептерінің электронды поштамен жұмыс мониторингі;
- қала мектептерінің интерактивті сабақтарға қатысу мониторингі;
- мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс жасау бойынша білім беру мекемелеріне кеңес;
- Өскемен қаласының мектептері үшін бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесінде жұмыс жасау.
1. 1. 7 Ақпараттандыруды бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету тобы
Өскемен қаласының білім беру мекемелеріне келесі техникалық көмек көрсетеді:
- ақпараттық технологияларды қодану саласындағы білім берудің барлық деңгейіндегі білім беру мекемелеріне техникалық көмек беру;
- білім беру саласындағы информатизацияның аппаратты-бағдарламалық құралдарын толық сервистеу және техникалық қолдау;
- аппаратты-бағдарламалық құралдарды техникалық желісін құру және дамыту;
- жұмыс жасау және білім беру ұйымдардың бірігу мақсатында бірыңғай телекоммуникациялық инфражүйелерді дамытуға қатысу;
- Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде оқу-тәрбиелік үрдісін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, енгізу және іске асыру.
1. 1. 8 Білім беру контентін құру бойынша тобы (зертхана)
Білім беру контентін құру бойынша зертхана Өскемен қаласының білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулік, әдістемелік, техникалық функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Зертхананың құрушысы Өскемен қаласының .
Білім беру контентін құру бойынша зертхана Өскемен қаласының білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулік, әдістемелік, техникалық функцияларды жүзеге асыру үшін арналған. Өскемен қаласының әкімшілігі зертхананың құрушысы болып табылады. Зертхана «Өскемен қаласының ресурс орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі жұмысын атқарады.
Зертхананың қызметтік мақсаты, міндеті және түрлері: Білім беру саласындағы жиналған тәжірибені есепке ала отырып бірыңғай білім беретін ақпараттық саласының даму саясатын қолдау, ақпараттық технологиялар саласындағы Өскемен қаласының білім беру мекемелеріне кеңестік қолдау, ақпараттық білім беру просесінің онан арғы қолдау функцияларын орындауы негізгі мақсаты болып табылады.
Білім беру контентін жасау және шығару. Ғылыми-білім беретін телекомуникациялық желі және де басқа тарату түрлері арқылы нәтижелі қолдану. Оқу просесіндегі қазіргі электрондық оқу материалдарын, оқу процесін ақпаратты-техникалық қолдануының электрондық құралдарын қолдану үшін жасау және өндеу. Электрондық оқу материалдарды тәжірибелі мақұлдау. Білім берудің әртүрлі деңгейлерінің оқу процесін қамтамасыз етуге арналған электрондық оқу материалдар мен ақпаратты-техникалық құралдардың тізімін құру, оқу материалдардың электрондық кітапханаларын ұйымдастыру және оларға кіруге рұқсат беру. Оқу-білім беру саласындағы қолдану мақсатымен сыртқы оқу-әдістемелік материалдардың сынақтық бағасын қамтамасыз ету.
1. 1. 9 Ақпараттық ресурстарды және интерактивті жүйелерді қолдану бойынша тобы
Білім беру салаларының оперативтік, функционалдық және ақпаратты-аналитикалық қызметтерінің тиімділігін арттыру әдістерін шығару, андрагогика жөніндегі сұрақтар бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсету, электронды үкіметті енгізу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру аясында компьютерлік курстарды оқыту.
«Ақпараттық ресурстарды және интерактивті жүйелерді ендіру» тобының ұсыныстары оқытудың дәстүрлі үрдісіндегі ақпараттық технологиялар потенциалын максималды түрде қолдануға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау бойынша ұйымды-әдістемелік қызметтерді жүзеге асырады.
Өскемен қаласы әкімдігінің "Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы" КММ директоры Басқарма әкімшілік құрылымы (Сурет 1. 1 көрсетілген) .
Сурет 1. 1 - Басқарма әкімшілік құрылымы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығының» кадрлық құрамының құрылымы (Сурет 1. 2 көрсетілген) .
Сурет 1. 2 - Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығының құрылымы
- Бағдарламалық-техникалық құралдармен (БТҚ) қамтамасыз етілген оқушыларды есепке алуды автоматтандыру
Аналитикалық есеп және мониторинг тобы Өскемен қаласы әкімдігінің «ҚжБОМ-РО» КММ құрылымдық ішкі бөлімі болып табылады.
Аналитикалық есеп және мониторинг тобының мақсаты қала мектептерінің материалды-техникалық базасын мониторингілеу, тестілеу теория мен методологиясымен, сонымен қатар аналитикалық қызметімен, мүмкіншілігі шектеулі үйден оқитын балаларды арнайы бағдарламалық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.
Аналитикалық есеп және мониторинг тобының мониторинг бойынша бас маман әдіскердің автоматтандыруға жататын негізгі үрдісі 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңының 93 бабы бойынша «Үйден оқитын мүгедек балалардың жұмыс орындарын жабдықпен қамтамасыз ету: Жеке ерекшеліктерін, мүмкіншіліктерін және қажеттіліктерін ескере отырып компьютерлік техникалық және бағдарламалық жиындықтарымен қамтамасыз ету» болып табылады.
Топтың автоматтандыру бағыты бойынша негізгі міндеттері:
- Өскемен қаласынаң және қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен (П - МПК) білім басқармасының бекітілген тізімі бойынша мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балаларға арналған арнайы техникалық жабдықтардың берілуі және қамтамасыздандырылуы;
- жабдықтармен қамтамасыз етілген мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балалар туралы мәліметтер жиыны;
- мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балалардағы жабдықтардың инсталляциясы және жеткізуі бойынша маниторингі;
- мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балалардағы жабдықтардың техникалық күйі бойынша маниторинг;
- арнайы жабдықтар жиынының бір оқушыдан басқа оқушыға сол сиякты мектептердегі баланстың балансқа қозғалысы бойынша маниторинг.
2011 жылы мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балалардың тізіміне сәйкес, оқушылар арнайы жабдықтың 45 жинағын иеленді (Кесте 1. 1 көрсетілген)
Кесте 1. 1 - 2011 жылы қамтылған жабдықтар жинағы
Ал 2012 жылы мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын мүгедек балаларға арналған арнайы жабдықтар қамтылды.
Мекеменің тапсырмалары мен функцияларына бағына отырып деректер базасына келіп түскен мәліметтерді қосу, мәлімет ақпаратттарын жүйелі тіркеу, оларды өзгерту, іздеу жұмыстарын жеңілдету үшін Өскемен қаласы әкімдігінің “Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурс орталығы” КММ мекемесіндегі аналитикалық есеп және мониторинг тобының әдіскерлеріне арналған автоматты бағдарлама қажет болады.
Мекемеде автоматизацияға бағынатын концептуалды ақпараттық үрдістің үлгісі құрылады:
Сурет 1. 3 - Ақпараттық үрдістің концептуалды үлгісі
Мониторинг бойынша бас маман-әдіскерінің функциялары:
- үйден оқитын жабдықпен жабдықталған оқушыларды есепке алуды жүргізу;
- арнайы техникалық жабдықтардың бір оқушыдан екінші оқушыға берілуін, соған сәйкес бір мектеп балансынан екінші мектеп балансына ауысуын бақылау;
- нақты уақытта мәліметтер қорында ақпараттарды сақтау;
- нәтижелерді жинау, көрсету, сақтау және есеп беруді шығару.
1. 3 Инклюзивті білім беру және мүмкіншіліктері шектеулі үйден оқитын балаларға орнатылған арнайы техникалық жабдықтар түрлерінің жалпы сипаттамасы
1. 3. 1 Инклюзивті білім беру
Педагогикалық білімді нақты қайта құру көп жағдайда гуманитарлық үрдістер мен Қазақстан қоғамының әлеуметтік-гуманитарлық кезеңдеріне байланысты. Жалпыадамдық құндылыќтарды қоғам түсінігінде бекіту, ең алдымен дамуына проблемасы бар балаларға деген көзқараспен, оларды әлеуметтендіру, интеграцияда немесе инклюзивтік білім беру сқрақтарын шешумен байланысты.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға, отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталѓан тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, ер баланың қажеттілігін ескеруді айтады.
Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін педагог-дефектологтар жалпы білім беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар болулары керек.
Мүгедек жєне дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz