Электротехника пәні бойынша электрондық оқулық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1 Аналитикалық бөлімі5
1. 1 Қашықтықтан оқыту жүйесі туралы жалпы мәлімет5
1. 2 Электрондық оқулық туралы түсінік18
1. 3 Сайт құрудың әдістері24
1. 4 Denwer 3 Web - сервер эмуляторы27
1. 5 Maсromedia FLASH анимациялық ортасымен танысу29
1. 6 Camtasia Studio ортасымен танысу31
1. 7 Wordpress бағдарламасы туралы түсінік33
2. Жобалау бөлімі35
2. 1 «Электротехника» пәнінің сипаттамасы35
2. 1 «Электротехника» пәнінен электрондық ресурс технологияларын дамыту сипаттамасы36
2. 3 Тұтынушы нұсқаулығының сипаттамасы46
3 Экономикалық бөлімі53
3. 1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу53
4 Қауіпсіздік техникасы56
4. 1 Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы56
4. 2 Ақпараттық қауіпсіздік57
4. 3 Өрт қауіпсіздігі59
4. 4 ДЭЕМ қауіпсіздік техникасы61
Қорытынды65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67
Қосымша А69
КіріспеҚазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле бастады деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады. Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыратын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.
Компьютерлік техникалар құралдарын қолданудың жақсы тиімділігіне маман иесі пәндік облыста ақпаратты ұсынулардың құралдарын шектемей, коммуникациялардың және жұмыстың базалары мен білімдердің нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін.
Дипломдық жобаның мақсаты: «Электротехника» пәнінен электронды оқулық құру.
Дипломдық жобаның міндеті:
- пәндік саланы зерттеу;
- жоба бағдарламасына талдау жасау;
- таңдап алынған бағдарлама арқылы дипломдық жобаны жүзеге асыру.
Дипломдық жобада WordPress технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электрондық оқулық жасауда қарастырдық, сонымен қоса электрондық оқулықты, өзге бағдарламалармен (Flash MX) байланыстырып жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасадық.
Дипломдық жобаның өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
1 Аналитикалық бөлімі 1. 1 Қашықтықтан оқыту жүйесі туралы жалпы мәліметТүрлі стaтьяларды салыстыра отырып, қашықтықтан оқыту - бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден, оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан, оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннaн, әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады. Қашықтықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған. Cырттай оқу мен қашықтықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қaшықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелерінің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім - оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифференциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т. с. с) күндізгі оқудағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру eрекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтықтан оқыту - процесс. Қашықтықтан оқу - жүйе. Қашықтықтан оқыту саласындағы әлемдік тәжірибе көп жылдар бойы жиналды, ақпараттық технологиялар базасындағы қашықтықтан оқыту тәжірибесі өте аз. 90-жылдары қашықтықтан білім берудің маңызды идеялары, стратегиялары және технологиялары қалыптастырылды. Сонымен, оқыту үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау қашықтықтан білім берудің дамуының маңызды стратегиясы болып табылады. Білім беру құнын азайтуға кепілдік бере алады.
Дәстүрлі емес оқыту формасына көшудің әлемдік тенденциясы оқытудың қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша дайындаумен айналысатын оқу орындарының өсуін көрсетеді.
Батыстың дамыған елдерінде қашықтықтан білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші орында қашықтықтан оқыту жүйесінің екі концепциясы тұр: солтүстік америкалық және еуропалық.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі ұғымдары
Оқыту - білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі, ал білім беру - бұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.
Қашықтықтан оқыту - бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл - байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио, бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.
Қашықтықтан білім беру - қашықтықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылымда қашықтықтан білім беру - бұл білімді қолма - қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту - бұл білімді қабылдау процесі (бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптасқан. Қашықтықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді.
1- кесте Қашықтан білім берудің ерекшеліктері
1 кестенің жалғасы
1 кестенің жалғасы
Қашықтықтан оқытудың құралдары мен формалары
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі - қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық - коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланылады.
1) желілік технология - Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2) кейстік технология - студентке оқу - әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады. Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі.
Қашықтықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады.
- Баспалық шығарылымдар;
- Электрондық басылымдар;
- Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;
- Оқу - ақпараттық аудиоматериалдар;
- Оқу - ақпараттық бейнематериалдар;
- Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;
- Тренажерлер;
- Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;
- Электрондық кітапханалар;
- Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;
- Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;
- Компьютерлік жүйелер.
Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың түрлері:
- Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән) ;
- Аудио - бейнентаспаларды және СD - ROM жүйелерін тарату;
- Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;
- Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;
- Телеконференциялар, IRC, MOO, MUD (Internet жүйесі базасында )
- W W W арқылы тарату
Соңғы кездерде Internet технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құбылыс үш жағдайға байланысты:
- Кез - келген оқу моделін неғұрлым арзан және ыңғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internet - технологиялардың техникалық тұрғыдан дамуы;
- Internet жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы;
- Жүйеге қосылу құнының төмендігі.
2 - кесте Оқу жүйелері ақпараттарын алу тәсілдері
интерактивті теледидар;
бейнеконференциялар;
IRC;
MUD;
MOO.
баспалдық материалдар;
аудио және бейнетаспалар;
электрондық почта;
WWW, FTR курстары.
Телеконференциялар - бұл екі немесе одан да көп қатысушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың электронды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компъютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті дөңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады. Әрбір конференцияға тематиканың, этикетінің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді. Телеконференциялар - аудиоконференция, бейнеконференция және компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға қатысты айтылатын жалпы термин.
Аудиоконференциялар - қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі. Аудиоконференцияларды сандық, сонымен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай - ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Бейнеконференциялар - бұл қажетті аппараттық - бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да көп нүктелер арасында бейнекөріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір - бірін шынайы уақыт аралығында көре және ести алады. Сондай - ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып өңдей алады. Мынадай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым - қатынас кететін шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады. Іс жүзінде кез - келген ақпаратты тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескеріп, бейнеконференцияларды қашықтықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.
Компьютерлік телеконференцияларға - жүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияға қатысу технологиясы өте қарапайым - адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сөздері көрініп тұрады. Хабарлар мен пікірлер экранда өте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология өте үлкен көлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат көздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады. Керек болған жағдайда оған қайтып оралып, хабарламаларды қарап отыруға болады.
Білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолдарын қарастыратын болсақ, бүгінде информaция өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіc. Қазіргі мамандардың шығармaшылық тұрғыда ойлaй білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функционалдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оқу орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдaмасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің элементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz