Кәсіпорын қаржысының түсінігі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары . . . 5

1. 2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты . . . 16

1. 3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 23

2 ҚМКК «ЖЕТІСУ СУ ҚҰБЫРЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 29

2. 1 ҚМКК «Жетісу су құбыры» жалпы сипаттамасы . . . 29

2. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау . . . 39

2. 3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 43

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 57

3. 1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру . . . 57

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру . . . 63

3. 3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін мемлекеттік қолдау . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

КІРІСПЕ

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тат басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Бұл жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздеу үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталы:

-теориялық білімді және өндірістік практикада жинаған тәжірибені пайдалану;

-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Талдау объектісі ретінде ҚМКК «Жетісу су құбыры» алынды. Оның негізгі қызметі жобалык, құрылыс, консалтингілік пайдалану және басқа да жұмыстарды орындау; тапсырыс берушінің, мердігердің және қосалқы мердігердің тапсырыстарын орындау; құрылыс, өңдеу материалдарын және конструкцияларын өндіру дайындау және қайта өңдеу құрылыс жұмыстарын атқару; құрылыс жұмыстары: өндірістік - азаматтық құрылыс және тағы басқа қызметтері болып табылады.

Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды қамтиды.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі ҚМКК «Жетісу су құбыры» қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Жұмыстың теориялық базасы болып А. К. Мейірбекговтің, А. Д. Үмбеталиевтің, Ғ. Е. Керімбектің, В. В. Ковалевтің, А. Д. еңбектері болып табылады.

Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және «Талдыкорган жолдары» ЖШН-нің қаржылық есебі пайдаланылды.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорын қаржысының түсінігі және қызметтері

Нарықтық экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз.

Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті барысында қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:

  • өзге кәсіпорын және ұйымдармен;
  • өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;
  • қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас.

Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, кұрылыс-құру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатаңы. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпоран іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Кәсіпорынішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.

Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.

Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастырудың басты да маңызды міндеті - бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу, күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау және салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды қамтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.

Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымен арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т. б. сақтандырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды ұйымдастырудан құралады.

Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әр түрлі банктер қызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айырысу банктердің қорреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру арқылы іске асады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.

Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:

-лизинг;

-факторинг;

-форфейтинг;

-траст және т. б.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т. б. іске асырылады.

Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:

  • жарғылық капитал,
  • төленген қосымша капитал;
  • төленбеген қосымша капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген табыс;
  • басқа қорлар.

Аталғандардан бөлек, кәсіпорын мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салықтарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке төленетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.

Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті - ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:

  • еңбекақы төлеу;
  • салық төлеу;
  • несиелік пайыздарды өтеу;
  • ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру және т. б.

Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорының оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында қаржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржы тетігі қаржының өз қызметін толыққанды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынды қажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы қаржы тетігі көмегімен қол жеткізеді.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік өлшерлемелердің тым жоғары болуы, төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т. б. ), сол себепті дәл қазір кәсіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:

  1. Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде таңдау.
  2. Кәсіпорынның стратегиялық қаржы саясатын әзірлеу және оны іске асыру.
  3. Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
  4. Кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу.
  5. Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.
  6. Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне карай бейімдеу.
  7. Қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие берушілер мен инвесторлармен қарым-қатынасты дамыту.
  8. Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.
  9. Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап, кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.

Кәсіпорынды кешенді талдау негізінде, оның борышын орындауға бағытталған кәсіпорынның бірыңғай кешенді даму стратегиясына сәйкес оның жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы жетуге болады.

Нарықтық экономикада қаржылық жағдайдың беталысын анықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы - бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортаға тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты.

Қаржы стратегияларын басты және оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндет-терді орындау стратегиясы деп бөлінеді. Басты қаржы стра тегиясы деп кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңге арналған қаржылық іс-әрекетін айтады.

Егер кәсіпорын өз тәжірибесінде ұзақ мерзімді, кыска мерзімді және агымдық қаржылық жоспарлау жүйесін қолдана-тын болса, онда жоспарлау көлемі де тиісінше бөлшектелінеді. Отандық тәжірибеде ол, негізінен: ұзақ мерзімді жоспарлау-да - үштен бес жылға дейін, орта мерзімді жоспарлауда - бір жылдан үш жылға дейін; ағымдық (оралымды) жоспарлауда-тоқсанға, бір айға немесе, егер қажет болса, одан да қысқа мерзімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі - мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығын қаражаттары қамтылады. Табыстар мен шығындарды осылай мұқият есептеп жоспарлаған жағдайда ғана ақша ағынын дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі - кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Қаржылық стратегия басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін тәсілдер мен іс-әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарды кұру және оны орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару; шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең-кезеңмен қол жеткізу; қаржылық іс-әрекеттің кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; әрбір уақыт шегін-де кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын шынайы түрде ескеріп отыру; стратегиялық резервтер кұру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін есепке алу; бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс-амалдар қолдану.

Демек, кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі. Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорынішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі - отандық тәжірибеге бизнес-жоспар жүйесін ендіру болып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорынішілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін мәселелерді сараптап, соған қоса қаржылық-шаруашылық мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру - өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі - төлемдер күнтізбесін салыстырма түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын ала көріп-біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер кезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорынішілік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқы экономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі - қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім (қаржылық жоспар) қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл - қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т. б. кұжаттар жасау деген сөз.

Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз - бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың баска бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелер болжамы нақты болады. Мысалы, сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерітеулерге негізделуі тиіс. Болжамдық есептеу дәлдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдар мен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есептеулерді бірнеше нұсқада жасау қажет. Сатылым көлемін, сатылған өнімді өндіруге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығынды болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек. Мұндай косымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұсқада жасау қажет.

Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын акша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын кұн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісін құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әр-қашан кәсіпорын есепшотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есепшотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.

Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті - ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуын ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болап табылады.

Бизнес-жоспарды бағалау инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді. Осы арада жобаны жүзеге асыру барысында (бұл - нөлдік уақыт сәті) инвестицияға жұмсалған ақша қаражаттарының орны кейінгі жылдары сол инвестициядан түскен ақшалай табыс есебінен толтырылатындығын есте ұстау керек. Осы сомалар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін нөлдік уақыт аралығында жобаны жүзеге асыру кезеңі ішінде инвестицияның қосымша қаражаттар кұнына түзету енгізіледі. Аталған үдеріс дисконттау деп аталады. Нөлдік уақыт аралығындағы ақша қаражаттары мөлшері ағымдық (дисконтталған, келтірілген) құнын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Корпорация табыстарын қалыптастыру және пайдалану
ҚР-сында АҚ-дарының қаржылық ресурстарын басқару ерекшеліктері
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Мемлекет қаржысының мәні мен қызметтері
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz