Сүйек және бұлшық ет жүйесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сүйек және бұлшық ет жүйесі.

Жаңа туған нәресте қаңқасының едәуір бөлігі, әсіресе омыртқасы, білезігі және жамбас сүйегі шеміршектен тұрады.

Емізулі баланың сүйек ткані химиялық құрамы жағынан судың көп және қатты заттардың аз болуымен ерекшеленеді. Оның құрылымы талшықты, қан тамырларына бай болады.

Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, иілгіш келеді.

Сүйек 2-3 жылдың ішінде тез өседі. Бұл орайда талшықты ткань дұрыс қалыптаспаған, пластика тәрізді құрылымы бар сүйек тканіне айналады. 12 жасқа таман баланың сүйек ткані құрылымы жағынан ересек адамдардікіндей болады. Баланың бас сүйегінің құрылымында бір қатар ерекшеліктер бар.

Бас сүйектің арасындағы тігістер жабылмай үлкен және кіші еңбектер құрады.

Жаңа туған нәрестенің омыртқасы шеміршектен тұрады, түп-түзу, қисаймаған, кейіннен физиологиялық қисаю байқалады.

2 ай - мойын лардозы.

6 ай - кеуде кифозы.

1 жас - бел лардозы.

Сколиоз - қолайсыз жағдайда тәрбиелеу. Кеуде қуысы бөшке формада немесе үшкір басы кесілген конус түрінде болады. Қабырғалар сияқты көлденең жағдайда, омыртқасы тік бұрыш жасап тұрады. Кеуде қуысы ішке ауа жұтқан сияқты болады. Мұның өзі қозғалуын шектейді және өкпенің созылуынан қиындатылады.

Дені сау балалар 6-7 ай толғанда тіс жарады, төменгі күре тістен кейін жарады. Үш жаста аяқ басқанда барлық 20 сүт тістері болады. 6-7 жасында сүт тістерінің тұрақты тіспен алмасуы басталады. Тістер 1-13 жаста алмасып бітеді. 12 жастан 14 жасқа дейін екінші азу тістері, 18-20 жаста соңғы ақыл тіс шығады.

Жаңа туған нәрестенің бұлшық ет жүйесі нашар дамыған. Бұлшық ет салмағы 23 %, ал ересек адамдарда 42 %. Баланың бұлшық ет талшықтары жіңішке болады. Жаңа туған нәрестеде бұлшық еттердің едәуір артуы байқалады. Жас кезінде баланың бұлшық ет күш-қуаты әлсіз болады. Өсе келе бұлшық ет күші артып жыныстық айырмашылықтар аңғарыла береді.

20-23 жасқа қарай бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы байқалады. Жас кезінде баланың бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы аяқталады.

Мешел ауруы.

Рахит сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттердің аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Мешел дымқылды жер үйлерге тән, сондықтан әлеуметтік ауру ретінде тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі. Мешелдің таралуы климаттық-географиялық жағдайларға байланысты, ауасы таза және ультракүлгін сәулесі жеткілікті аулдық жерлерге қарағанда, қалаларда жоғарыда.

Этиологиясы. Мешелдің пайда болуына әсер етеітін факторлар:

  1. Таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі;
  2. Сәбидің жедел өсуі;
  3. Полигиповитаминоз;
  4. Шала және егіз туу;
  5. Нәрсіз бірыңғай жасанды тамақтандыру;
  6. Диарея, ішек дисбактериоздары;
  7. перинатальдық энцефалопатиялар;
  8. ішектен ас бұзылысының синдромдары;
  9. экологиялық жағымсыз әсерлер;

Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Оған әсіресе ультракүлгін сәулесі жетіспеуінің мәні зор. Д витаминінің бірнеше түрі бар. Ең жоғары биологиялық белсенділігі бар - Д 2 (эргокальциферол) және Д 3 (холекальциферол) . Д 3 - баланың терісінде Д провитаминінен ультракүлгін сәулесінің әсері нәтижесінде пайда болады.

Патогенез.

Патогенезде фосфор-кальций алмасуының бұзылуы жетекші рөл атқарады. Бірте-бірте зат алмасудың барлық түрлері бұзылады. Витаминдер, әсіресе С және В топтарының алмасуында елеулі түрдегі бұзылыс орын алады, сондықтан полигиповитаминоз пайда болады. Микроэлементтердің (мыс, мырыш, темір, кобальт, калий), әсіресе, магнийдің, белоктың зат алмасуы бұзылады. Кальций мен фосфорды жеткілікті немесе тең түрде қабылдамау мешел патогенезде маңызды рөл атқарады. Бұл жағдай әсіресе мезгіліне жетпей туған балаларда жетпей туған балаларда жиі кездеседі. Мешелмен ауыратындардың қанында апорганикалық фосфордың мөлшері ауру өршіген кезеңде 0. 484-0, 646 ммоль/л дейін (қалыпта 2, 614-2, 739 ммоль/л) кемиді, сілті фосфатазасының белсенділігі артады. Бірақ қандағы фосфор мен кальций мөлшері аурудың кезеңіне байланысты юолғанымен, мешелдің клиникалық көріністеріне әрдайым байлансыт емес екндігін айтып кету керек.

Клиникасы. Ацырлығына қарай 3 дәрежеге бөледі. 1 дәрежедегі мешел (бастапқы кезең) вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бассүйек жігі, яғни, желке жұмсарады (краниотабес) . Бассүйектің жұмсақтығы қарақұстың (желке сүйегінің ) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершендік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі сияқты өзгерістерімен байқалады. Қандағы негіздік фосфотаза , зәрде аммиак, аминқышқылдары мен фосфор көбейіп, ащы иісті болады. 2 дәрежедегі мешел (дендеу кезеңі) сүйек жүйесіндегі анық өзгерістерімен сипатталады. Сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, 5-8 қабырғаларда «мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кейденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көкектің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайща Гаррисон сайы - мешелдің патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады.

Ауыр түрдегі мешелде ( 3 дәределі ) бассүйек онан әрі жұмсарып, ол мойын омыртқаларын қысады, кеңсірек батыңқыланып, маңдай және төбе сүйек бұдырлары сыртқа өседі, сөйтіп сәбидің басы «төртбұрыш» тәрізденеді (олимптік маңдай, «шыршы» бас) көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге ілгері майысып, құс төсі сиқтанып тұрады («тауық төсі») . Омыртқалар доғаланып, иіліп, мешелдік бүкірлік, қайқылық, қисаюлар (кифоз, лардоз, сколиоз) пайда болады. Бұдан кешірек, 6-8 айдан асқанда, түтікше сүйектердің өзгеруі - білек және балтыр сүйектерінің бас жағынын («мешелдік білезік»), саусақ буындарының жалпаюы («інжу жіптер») білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе жазғыш бұлшық еттер қуатының (тонус) бір жақты әсерінен О немесе Х қарпі тәріздес (coxa, Varac, Genu varum, genu valqum, genu recurvation т. б. ) өзгерістер дамиды. Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен қатар эмаль төмендеп, сіңірлер әлсізденеді. Құрғақ шандарының, ішектер тонусының нашарлануынан (атония) сәбидің іші үлкейеді («құрбақа іші») оның уақытында отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді.

Сүйек, жүйке және бұлшық ет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар қызметінің де өзгерісіне әкеледі. Сырқат балалардың тыныс алу қызметі бұзылады, ол көкірек қуысының өзгеруімен, көкет күшінің нашарлауымен, сондай ақ өкпенің қабынуына - пневмонияға бейімдік туғызады. Жүректе дифтериялық өзгерістер дамып, оның соғыу жиіленеді және әлсірейді. Элктрокардиограммада алмасу бұзылады. Q-Е интервалының ұзаруы және T-R тісшелерінің аласаруы байқалады. Көкеттің жиырылуы әлсіздігінен, қақпа венасында қанның іркілуі салдарынан бауырдың көлемі ұлғаяды. Балалардың біразында тек темір жетіспеушілігінен ғана емес, сондай ақ эритроциттер мембраналарының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне байланысты гипохромдық анемия (қаназдық) пайда болады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Миозит
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Бет бөлімінің сүйектері
Алдыңғы бұлшық еттер
Ұлпа
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
Ағзаның жүйесі: жүрек-қантамырлары, тыныс алу, сүйек-бұлшық ет, жүйке, асқорту. Жүрек қан тамыр жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz