Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары» атты курстық жұмысым 27 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 2 суретті қамтиды.

.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Реактивтілік - reаctio - қарсы әсер деген сөзден шыққан, реактивтілік - организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті, жәнеде бүкіл тіршілік атауының зат алмасу, өсу, көбею т. б.

Организмнің резистенттілігі - оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті.

Патологиялық реакция дегеніміз - организмнің кез келген тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.

Патологиялық процесс - құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.

Инфекциялық ауру - инфекцияның айқын көрінісі.

Карантин - індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.

Спорадия - жұқпалы аурудың бірен-саран жағдайда, яғни инфекциялық немесе инвазиялық аурудың бір-екі малда ғана байқалуы.

Уыттылық (вируленттілік) - микробтың зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі.

Шектеу - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.

Індет - індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.

Індет процесі - оның негізгі үш құрама бөлігінің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс.

Індеттанулық балау - жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап, індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау.

Індет ошағы - малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік.

Антигендер - иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффеторлармен телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар.

Антиденелер - телімді антигенмен әрекеттесетін глобулиндер.

Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою.

Вакцина - жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық препарат.

Дауалау - жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.

Дезинфекция - сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою.

Дератизация - зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар.

Зардаптылық - ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті

Инфекциялық процесс - макро және микро организмдер, қоршаған орта ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық патологиялық және иммундық - қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс.

Трансмиссивтік жолмен - аурудың шыбын - шіркей арқылы жұғуы

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1 Ботулизм . . . 10

1. 2 Дерттенуі . . . 11

1. 3 Патологоанатомиялық өзгерістер . . . 15

1. 4 Емі, дауалау және күресу шаралары . . . 15

1. 5Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 16

1. 6 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 18

1. 7 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 19

1. 8 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » факультеті

«»кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2013ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. )

Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.

Ботулизм - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру. Кернер 1820 - 1822 жылдары шұжықтан уланған адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 ж. Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Васillus botulinus (лат. botulinus - шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.

Қоздырушысы - Сlostridium botulinum - грам оң токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес . Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді. Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С, Д, Е, Ғ және О. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсендеу келеді, Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқын реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы болады.

Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7, 0-7, 6) . Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.

Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105° С - 2 сағ. кейін, 120° С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар споранын өнуін тоқтатады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - ботулизм ауруының сақтандыру шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Ботулизм ауруы

Ботулизм (Botulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.

Тарихи деректер. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 ж. Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Васillus botulinus (лат. botulinus - шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.

Қоздырушысы - Сlostridium botulinum - грам оң токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0, 5-1, 2 мкм) . Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.

Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1, С2), Д, Е, Ғ және О. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсендеу келеді, Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқын реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы болады.

Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7, 0-7, 6) . Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.

Төзімділігі. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105° С - 2 сағ. кейін, 120° С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар споранын өнуін тоқтатады.

Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин, ал тығыз ортада (ет, балық, жем) 2 саг. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (рН 8, 5-тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады [1, 3] .

Індеттік ерекшеліктері. Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топырақта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен құстардың ішек-қарнында, әртүрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарында кездестіруге болады. Әртүрлі сероварларының географиялық таралымы әртүрлі.

Табиғи жагдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.

Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасы бағасыз жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың түрі мен иісінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.

Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм улы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі. Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жандіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.

Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат болтулизмі» деп атайды.

Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95 % шамасында [1, 2, 3] .

1. 2 Дерттенуі

Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп 20 мин ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен бұлшық еттерде жоғарылайды.

Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5000-25 рет төмен. Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен қоспасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тәуелсіз.

Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын тәуелсіз кезеңге бөлуге болады.

1-кезең: токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембранасындағы рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен ішек торшасының рецепторында бір-біріне құрылысы жағынан сәйкес шартты түрде танитын немесе тауып алатын сайттар деп аталатын құрама бөлігі болады. Олардың бір-бірімен қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.

2-кезең: торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі. Алдымен токсинді пиноциттік везикулалар (көпіршіктер) бойына жинап алады да, ол везикулалардың кейбірі липосомолармен бірігіп белоктық заттарды ыдыратыды. Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық кеңістікке токсинді бөліп шығарады. Босаған токсин алдымен лимфада, одан кейін қанға өтеді. Бұл процесс ас қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.

3-кезең: токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі (механизмі толық зерттелген жоқ) .

Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының басқару қызметі бұзылады да, шектен тыс қозудың нәтижесінде жүйке торшалары әлсіреп, тіршілік қабылетінен айырылады. Сопақша мидың орталықтарының зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салданады. Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетил-холиннің бөлінуі тежеліп, бұлшықет-жүйке байланысы бұзылады. Соның нәтижесінде тұла бойы бұлшық еттері босансып, ширақтығы төмендейді. Дененің қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу бұлшық еттері салданып, тыныстың тоқтауынан жануар өліп тынады.

Өтуі мен симптомдары. Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де қысқа, аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте жіті, жітіден томен және созылмалы өтеді. Аурудың тұтануы әдетте 8-12 күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға шалдығу жоғары болады. Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде ауру 1-4 күнге, жітіден төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4 аптаға ұласады.

Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп үлгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.

Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жүргенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып қалады, күштегенде әзер түрегеледі. Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Ауру меңдеген кезде тамыр соғысы минутына 80-100-ге жетеді. Жүрегі әлсіз соғып, аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бәсеңдеп, бара-бара атонияға ұласып, іші қатады. Нәжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, онда индикан, белок және глюкоза байқалады. Қанда эритроциттердің саны сәл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді. Ауыздан сілекей ағып, астыңғы жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай, қайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады. Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мүлдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады. Ауру жітіден төмен өткенде жануар орнынан тұрып, қозғалғанымен жүргенде тез шаршап, сүріне береді де, қайтадан жатады. Онда да шайнауы мен жұтынуы қиындап, іші қатады, жүрек қызметі нашарлайды. Жұтынғанда аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына ұшырауы мүмкін.

1-сурет. Ботулизм кезінде жылқының тілінің салдануы

Созылмалы өткенде малдың орнынан тұруы, жүруі қиындап, ұзақ жатқаннан денесінің әрбір жері ойылады. Сезімі, тәбеті, күйіс қайтаруы сақталады. Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда жиірек байқалады.

Қой ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяктарын бауырына қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойны салданған кезде бір жағына қарай иіледі. Ауру жіті өткенде аузынан тілі салақтап, сілекей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал ұзақ уақыт дел-сал күйде болады.

Ешкінің жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға және жұтынуға қатысты бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.

Шошқа сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің қозғалысын дұрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жұтқыншағы мен жақтарының бұлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3 тәулікте өледі [1, 3, 4, 5] .

Құстар (тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып немесе ебдейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойны бүгіліп, басын иығына қарай бұрады. Сәл ашылған тұмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала алмайды. Ауру шегіне жеткен кезінде құс бауырлап, немесе бір жағына қисайып, жатып қалады. Мойнын созып, басын жерге салады. Судағы құс жүзгенде табиғи қалпын сақтай алмай, мойны мен басын дұрыс көтеріп ұстамайды. Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы ұлғайып, ашылып-жұмылатын жарғағы орнына бармайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботулизм ауруы
Дәрілік заттар түрлері
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Жылқылардың жұқпалы энцефаломиелиті мидың қабынуы және сарыаурудың пайда болуымен өтетін, жылқылардың жіті жұқпалы ауруы
Құстың туберкулез ауруы
Күйістілердің кебенек ауруы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz