Құстың туберкулез ауруы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Құстың туберкулез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Ірі қара туберкулезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Пастереллез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.5 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.6 Ұйымдастыру . шаруашылық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.7 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.)
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады. Оның бірі құс туберкулезі ауруы. Бұл ауру, малдардың көптеп ауырып, олардың өнім беруін төмендетіп, өлімді көбейтіп, құс арасында көптеген шығындарға душар етеді.
Туберкулезге үй құсы да, жабайы құс та шалдығады. Үй құстарынан жиі тауық, күрке тауық, сирек үйрек, өте сирек цесарка және қаз ауырады.
Індеттің таралуының негізті көзі — ауырып жүрген құс, микроб түскен су, азық, күту құрал-жабдықтары және басқа туберкулез қоздырғышын тышқан мен көртышқанның тасымалдауы мүмкін. Туберкулез асқазан және ауа арқылы да жұғады.
Жасырын кезең 2 айдан 12 айға дейін созылады. Ауру құс бірте-бірте арықтайды, оның тәбеті қашады, жалпы күйі нашарлайды. Айдары, сырғалары, аузының және көзінің кілегейлі қабығы бозғылт тартады, буындары жуандайды, ақсайды. Ауру созылмалы болады, 2—3 айдан бір жылға, кейде одан да ұзақ мерзімге созылады.
Туберкулез құс өлгеннен кейін осы ауруға тән қатты түйіндер және зақымданған органдардан жұғынды алу негізінде анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – құстың туберкулезін балау және сақтандыру шараларын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999. -195б.
2 Кононов И.В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И.В. Мәскеу, «Колос» баспасы, 1972.-125б.
3 Бердімұратов Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 188б.
4 Әмірбек Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -179б.
5 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-173б.
6 Төлеуіш Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-198б.
7 Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 166б.
8 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос , 1984.-282б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1Құстың туберкулез
ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...9
1.2 Ірі қара
туберкулезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
1.3
Пастереллез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.5 Індетке қарсы шаралар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.6 Ұйымдастыру - шаруашылық
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.7 Жұқпалы ауруларды зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
3Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Құстың туберкулез
ауруы тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 32 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1
кесте, 2 сурет қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
РНК - Рибонуклеин қышқылы
ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы
млн - миллион
т.б. - тағы басқа.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2013ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың
пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы
аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-
ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен
мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген
салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы
аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу
заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір
ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған
малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да
жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке
шалдығуы, т.б.)
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты
агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған
байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және
инвазиялық ауруларының алдын алу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің
сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең
таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады. Оның
бірі құс туберкулезі ауруы. Бұл ауру, малдардың көптеп ауырып, олардың өнім
беруін төмендетіп, өлімді көбейтіп, құс арасында көптеген шығындарға душар
етеді.
Туберкулезге үй құсы да, жабайы құс та шалдығады. Үй құстарынан жиі
тауық, күрке тауық, сирек үйрек, өте сирек цесарка және қаз ауырады.

Індеттің таралуының негізті көзі — ауырып жүрген құс, микроб түскен
су, азық, күту құрал-жабдықтары және басқа туберкулез қоздырғышын
тышқан мен көртышқанның тасымалдауы мүмкін. Туберкулез асқазан және ауа
арқылы да жұғады.
Жасырын кезең 2 айдан 12 айға дейін созылады. Ауру құс бірте-бірте
арықтайды, оның тәбеті қашады, жалпы күйі нашарлайды. Айдары, сырғалары,
аузының және көзінің кілегейлі қабығы бозғылт тартады, буындары жуандайды,
ақсайды. Ауру созылмалы болады, 2—3 айдан бір жылға, кейде одан да ұзақ
мерзімге созылады.
Туберкулез құс өлгеннен кейін осы ауруға тән қатты түйіндер және
зақымданған органдардан жұғынды алу негізінде анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – құстың туберкулезін балау және сақтандыру
шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Құстың туберкулезі ауруы

Қоздырғышы — Муcоbасtегіum tubегсulosis avium.
Ауруға бейімділік. Туберкулезге үй құсы да, жабайы құс та шалдығады.
Үй құстарынан жиі тауық, күрке тауық, сирек үйрек, өте сирек цесарка және
қаз ауырады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Індеттің таралуының негізгі көзі — ауырып
жүрген құс, микроб түскен су, азық, күту құрал-жабдықтары және басқа
туберкулез қоздырғышын тышқан мен көртышқанның тасымалдауы мүмкін.
Туберкулез асқазан және ауа арқылы да жұғады.
Белгілері. Жасырын кезең 2 айдан 12 айға дейін созылады. Ауру құс бірте-
бірте арықтайды, оның тәбеті қашады, жалпы күйі нашарлайды. Айдары,
сырғалары, аузының және көзінің кілегейлі қабығы бозғылт тартады, буындары
жуандайды, ақсайды. Ауру созылмалы болады, 2—3 айдан бір жылға, кейде одан
да ұзақ мерзімге созылады. Бауырының азғындауы босаңсып жұмсаруы салдарынан
құс кенеттен өледі.
Өлекседегі патолого - анатомиялықі өзгерістер . Бауыры мен талағы 1,5—2
есе ұлғайған және бұл органдарда үлкендігі көкнар мен тары дәніндей немесе
олардан да көлемді туберкулез түйіндері кездеседі. Мұндай түйіндер өкпеде,
ішектерде, жемсауда, бүйректе, аналық безде, аталық ұрық безінде, жүрек
етінде, сүйек майында, жемсау безінде және басқа бездерде болады.
Ауруды анықтау. Туберкулез құс өлгеннен кейін осы ауруға тән
қатты түйіндер және зақымданған органдардан жұғынды алу негізінде
анықталады.
Құстың тірі кезінде туберкулез денеге туберкулин енгізу арқылы
анықталады. Құс туберкулині тауық сырғасының терісіне, ал үйрекке — жақ
асты терісіне 0,1 мл мөлшерінде жіберіледі. Егер туберкулин егілген
жерде ұсақ бұршақтың мөлшеріндей түйін пайда болса, ол туберкулиннің дұрыс
енгізілгенін көрсетеді. Туберкулин әсері 30—36 сағаттан кейін
анықталады.
Осымен қатар туберкулезге шалдыққан құсты анықтау үшін агглютинация
реакциясының қан тамызу әдісі (ККРА), онымен бір мезетте туберкулез
антигені қолданылады.
Туберкулезді қоздыратын әдеттегі бактерияларға қоса тауықта қышқылға,
төзімді келетін туберкулез бактериялары болады, олармен зақымданғанда, да
аллергия құбылысы байқалады және туберкулин енгізгенде оң реакция алынады,
бірақ туберкулезге тән патологиялық-анатомиялық өзгерістер болмайды. Мұндай
жағдайда туберкулинге оң реакция берген құстың туберкулезге шалдыққандығы
жарып қарау нәтижесіне қарай анықталады.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Туберкулезбен ауыратын барлық
құс, сою орнына жөнелтіледі. Сойылғаннан кейін бүкіл ұша жарып каралады
және мал дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Балапандарды сақа құстан бөлек
күтіп, өсіріледі. Туберкулезден арылудың ең тиімді жолдарының бірі—сақа
құстың орнына бөлек ұсталып, өсірілген балапандарды (күзде) қалдыру, құсты
жақсы дезинфекцияланған қорада ұстау.
Туберкулезден сақтандыру мақсатында санитарлық-профилактикалық шараларды
жүзеге асырудың шешуші мәні бар, Құсты дұрыс азықтандыру және жақсы күту,
санитарлық-профилактикалық талаптарды орындап отыру — құстың туберкулезге
төтеп беру қабілетін күшейтудің негізі.

1.2 Ірі қара туберкулезі

Қоздырғышы —Мycobacterium tuberculosis. Мycobacterium bovium,
Мycobacterium avium, Мycobacterium humanus.
Туберкулездің қоздырғышы жіп-жіңішке түзу немесе жіңішкелеу келген,
ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1,5—5 микрон таяқшалар болады. Бактериялық
спора немесе сауытша немесе капсула түзбейді, Грам әдісімен боялады,
жылжымайды. Туберкулезді қоздыратын микобактериялар қышқыл мен спирт әсер
етпейтін таяқшалар қатарына жатады. Олардың минералды қышқыл және спиртпен
өңдегенде түсін өзгертпейді. Сондыіқтан мұның негізінде туберкулез
таяқшаларын бояуда дифференциялды, Циль-Нильсен әдісін қолданады.
Патологиялық материалда таяқшалар шағын-шағын топ-топ болып, қатар-қатар
немесе ұштары түйісіп жатады.

Туберкулез қоздырғыштарының пайда болуына және патогендік қызметіне
қарай, оларды үш түрге бөледі.
1. Мycobacterium bovium – бұл көбінесе ірі қара туберкулезінің
қоздырғышы. Бактерияның бұл түрі күйіс қайыратын уақ түліктерде де, шощқа
мен жылқыда және құстардан да кездеседі. Мұны адамнан да жиі табады.
Бактерияның бұл типтерінің әсерінен адамда және жануарларда пайда болған
патологиялық процестер едәуір бүлінеді, кейде орасан зиян келтіретіні де
жиі кездеседі.
2. Мycobacterium avium – бұл құстар туберкулезінің қоздырғышы.
Мұны шошқадан да, кейде ірі қарадан да табуға болады. Кейбір
жағдайларда, мұны адамнан да табады. Бірақ адам мен құс хайуанаттардың
қоздырғышы, көбінесе туберкулез сырқаты шектен шықпай жеңіл түрде өтеді.

3. Мycobacterium humanus – бүл адам туберкулезінің қоздырғышы
Аурудың жұғатын көздері мен жолдары. Мал түліктері мен құстарға
туберкулездің жұғатын көздері: ауру малдар мен одан алынатын (сүт)
өнімдері, ауру малды сойған кезде қалатын қалдықтары, ауру малдардан қалған
шөп, су, төсеніш, жайылым дәрімен тазартылмған жағдайда жүғады.
Туберкулезбен ауырған мал мен сау мал қосылып бірге тұрған кезде, ауру
малдың өңешінен сілекейіне араласып, сыртқа шыққан туберкулез бактериясы
ауыз қуысы мен танау кеңсірігінің кілегей қабығына, көз бен қабақтың
арасындағы мөлдір қабығына түсуі ықтимал. Сондай-ақ туберкулез таяқшалары
залалданған жемшөппен суға араласып, ас қорытатын және ылғалды ауамен шаң-
тозаңға араласып тыныс мүшелері арқылы ішке енеді.
Алайда, жыныстық қатынас жолдары мен сыртқы терінің ақаулануы арқылы
туберкулездің жұғуы сирек кездеседі. Бұдан гөрі санитарлық жағдай
сақталмаған жерде, мал қоралары қапырық, тар және қажетті желдеткіші
болмағанда, оның үстіне малға суық тиіп, бөгде бір сырқатқа ұшырап,
организмі әлсіреген жағдайда, сондай-ақ таза ауада тынықпай, ұзақ уақыт жол
үстінде тасымалдануда болып, қажетті белоктары, витаминдері аз, құнарсыз
жемшөппен азықтанған жағдайда туберкулез ауруы асқынып өрши түседі.
Аурудың белгілері. Туберкулездің алғашқы жасырын кезеңі бірнеше айға
созылуы мүмкін. Ірі қараның туберкулезге өкпесі, ішектері, желіні
шалдығады. Басқа мүшелері сирек ауырады. Өкпесі туберкулезге шалдыққанда
жөтел пайда болады. Аурудың алғашқы кезеңінде жөтел қатты, үзілмелі және
құрғақ болады. Өкпені туберкулез дендей бастаған кезде жөтелдің дыбысы
ылғалданып, сырылдап шығатын болады. Күркілдеп қатты жөтелгенде өңештен
сары-іріңді жалқық сыртқа шығады.
Өкпеде жара пайда болған кезде кеудесі сырылдап немесе дымқыл қырыл
естіледі. Туберкулез ошақтарына таяу тұрған лимфатиялық түйіндері қабынып,
бұдырлана ісініп тұрады. Туберкулезге шалдыққан малдың қоңдылығы бірте-
бірте төмендей бастайды.
Ішек туберкулезі баяу дамып, ауру малдың тәбеті қашады, әлсін-әлсін
іші өтіп, жүдей бастайды. Мұндай ауруға шалдыққан малдың нәжісімен қанды
іріңді жалқық араласып шығады.
Шошқаның туберкулезге, көбінесе жұтқыншақтағы, жақ сүйектегі және
мойындағы сөл түйіндері ауырады. Бұлар — ісініп зардап шектіреді, жақ пен
бастың қимылдауы қиындай түседі. Ал, шошқаның басқа мүшелері туберкулезбен
ауырғанда ірі қара ауруы сияқты, белгілері ұқсас болады.
Басқа түліктердің де туберкулез ауруының клиникалық белгілерінің
жоғарыда көрсетілгендерден айырмасы болмайды.
Өлекседегі патолого- анатомиялық өзгерістер. Өкпе туберкулезіне
шалдыққан малдың өңеш пен кеуде қуысының лимфатиялық түйіндері ұлғайып,
қатайған дөңес болып тұрады. Өкпенің тканьінен туберкулездің ошағы мен
кавернасы көрінеді, олардың қуыстары ірімшік түстес немесе іріңге ұқсас
затқа толы. Сондай-ақ бүлінген ұсақ-ұсақ дүмпулер жылтырап тұр. Кеуде мен
арқа қуысының туберкулезге ұшыраған сірі қабықтарының дәнекер тканьдері
ісініп, оған туберкулездің түйіншектері шоқ-шоғымен іліп қойғандай тізіліп
тұрады.
Ал, туберкулезге шалдыққан ішектің қатпарлы табақшаларынан және
қыртыстарынан түйін бездер мен ойық жаралар табылды. Бүйрек, бауыр және
басқа органдар туберкулезге шалдыққанда бұл мүшелердегі жансызданған
тканьдер ірімшіктей өзгеріп туберкулездің айқындалған ошағы пайда болады.
Ауруды анықтау. Туберкулез ауруын клиникалық белгілерге, потолого-
анатомиялық өзгерістерге, микроскопиялық және бактериологиялық
зерттеулерге, сондай-ақ серологиялық және аллергиялық реакциялардың
көрсетулеріне қарап анықтайды. Ауруды анықтауда туберкулин көмегінің, оның
ішінде терінің ішкі жағынан және көзден алынған туберкулиндік пробаны
аллергиялык жолмеи қолданудың практикалық мәні зор.
Терінің ішкі жағына жіберетіи туберкулиндік пробаны үлкенді-кішілі
сиырға, шошқа мен құсқа жасайды. Тәжірибеге алған малға екі рет туберкулин
егеді. Бірінші және екінші егудің арасында 42-72 сағат уақыт өтуге тиіс.
Малдың түлік түріне, жасына қарай туберкулиннің 0,1—0,2.мл мөлшерімен
қалың теріге мына төмендегідей мөлшерде егеді; ірі қараға жуан мойынның
жақтаулығына таяу, немесе құйрық жағындағы қатпарлардың арасынан, ал бұзау
мен ешкіге жауырынның тұсынан, шошқа мен қойға негізгі құлақ қалқанының
түбінен егеді.
Туберкулинді еккеннен кейін оның беретін реакциясын 48 сағаттан кейін
одан соң 72 сағаттан кейін қарап, қорытындылайды. Егер туберкулин егілген
жердің орнына ешбір ауырғандығы білінбейтін қамыр тәріздес жұмсақ, мөлшерлі
диаметрі 35—40-тан 100—120 мм-дей болып ісінген консистенция (ертінді және
сұйық заттық жұмсақтық, қоюлық дәрежесі) пайда болса, мұны оң реакция деп,
ал ісіну анық білінбесе, мұны күмәнді реакция деп, ал егер ісінген белгісі
болмаса, мұны теріс реакция деп есептейді.
Күмәнді немесе теріс реакция берген малға бірінші рет егілгеннен кейін
екінші рет, 48—72 сағат уақыттың арасында, сол бірінші рет егілген орынға
алғашқы мөлшер бойынша, қайтадан (екі рет) туберкулин егеді. Сөйтіп, екінші
рет егілген туберкулиннің реакциясын 48 сағат уақыт өткеннен кейін, бірінші
реттегі жағдайдағыдай көрсеткіштері бойынша қорытындылайды. Екі ретте де
күмәнді реакция керсетілсе, оны оң реакция деп есептейді.
Көзді туберкулиндік жолмен сынау — ірі қара малына қолданады. Мұны
екі рет қолданады. Туберкулинді бірінші рет және екінші рет қолдану
аралығында 5—6 күн өткізеді. Туберкулинді дәрі тамызатын пипетка арқылы екі-
үш рет көздің дәнекер қабына тамызады. Туберкулинді қолданған соң әрбір 3,
6, 9, 12 және 24 сағаттан кейін реакциясын есепке алады. Оңды реакция
кезінде көздің дәнекер қабы ісініп, қатты қызарады, қабақтың астын іріңді
жалқық кернеп немесе ол жарылып ағады. Күмәнді реакция кезінде көздің
дәнекер қабы ісініп қызарғаны, сондай-ақ көзден жас ағуы онша байқалмайды.
Ал теріс реакция жағдайында, туберкулинді қолданғаннан кейін, ешбір
өзгеріс болмайды.
Бірінші рет қолданған туберкулинге теріс немесе күмәнді нәтиже берген
малдардың барлығына, алғашқыдағы сияқты сол көзге, бұрынғы мөлшер бойынша
екінші рет туберкулин қолданады.
Сақтандыру және қарсы күресу шаралары. Туберкулезбен ауырған малдарды
ертерек білу үшін, жыл сайын туберкулинизация жасалынады: ірі қараға жылына
екі рет — көктемде және күзде, шошқа, ешкі және тауықтарға жылына бір рет
жүргізіледі. Туберкулиннің егілуіне оң реакция берген шошқа мен ешкілерді
союға жөнелтеді. Сондай-ақ құстардан туберкулез шыға қалса, оларды да союға
әкетеді.
Ал қора-жайды қолма-қол тазартып дезинфекциялайды. Тауықтардын,
саңғырығын үш ай бойы биотермиялық әдіспен дезинфекциялайды. Қора-жайларды
карбол қышқылының 3 %-тік ертіндісімен, креолиннің 5%-тік ерітіндісімен
немесе хлорлы бордың 15—20 %-тік ерітіндісімен дезинфекциялап отырады.
Туберкулезбен ауыратын ит, мысықтарды жояды.

Аурудан сақтандыру шараларыньщ мақсаты — аурудан аман шаруашылықтарға
таралып кетпеуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты отардағы мал басын
толықтыру кезінде, туберкулез ауруына шалдықпаған шаруашылықтардан ғана мал
алынуға тиіс. Мұнымен қатар. шаруашылыққа жаңадан әкелінген малдардың бәрі
түгелдей, 30 күндік сақтандыру карантинде тұрып, туберкулез ауруын
зерттеуден өткізілуі қажет.
Аурудан сақтандыру жолында жүргізілген күрестің ішіндегі ең маңыздысы
— малды құнарлы жемшөпке тойдырып, санитарлық-гигиеналық жақсы жағдайда
баптап ұстау.
Өйткені, бұл көрсетілгендер туберкулез ауруының жұқпауына кепіл бола
алады.

1.3 Пастереллез

Қоздырғышы — Раsteurella multocidae (Раsteurella аvium).
Ауруға бейімділік. Пастереллезбен барлық үй құстары жөне жабайы
құстың көбі ауырады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Пастереллезді ауру құс және осы аурудан
жазылған құс (бактерия тасығыш), кеміргіштер, сондай-ақ басқа жануарлар
(шошқа, қоян, кейде ірі қара) таратады. Сонымен қатар бұл ауру мал
сойылатын орындағы қалдықтар, микроб түскен азық, су, көң, құрал-жабдықтар
және басқа заттар арқылы да таралады. Құсқа пастереллездің кенелерден
жұғатыны жөнінде де деректер бар.
Пастереллез ауыздың, жұтқыншақтың, ішектің, танау мен көмейдің,
кеңірдектің кілегейлі қабығы және зақымданған тері арқылы жұғады.
Белгілері. Жасырын кезең бірнеше сағаттан 3—5 күнге дейін созылады.
Пастереллездің жіті және жітілеу түрінде құстың қауырсыны үрпиіп кетеді,
қанаты салбырайды, құс жем шұқудан қалады, шөлдейді, оның тынысы жиілейді,
оны ұйқы басады, топтан бөлініп қалады. Дененің температурасы 43— 44
градусқа дейін көтеріледі. Айдары мен сырғасы көкшіл тартады, көзі
қабынады, тұмауратады, кей кезде танауынан көпіршікті сілекей ағады. Дәреті
жиілейді, саңғырығы сұйылады, ол жасыл, қызғылт немесе қызыл түске боялады.
Пастереллезбөн ауырған құс көбіне шығын болады, ал аурудан жазылғандары
бактерияны бойында сақтап қалады.
Пастереллез созылып кетсе, құстың бір немесе екі сырғасы қабынады.
Қабынған сырға 3—10 есе ұлғаяды, қабыну таралғаннан кейін сырға қатаяды
және қыртыстанады. Саусақтарының түбіне бұршақтай, жаңғақтай, тіпті олардан
да үлкен бітеу жара шығады.
Өлекседегі патолого - анатомиялықі өзгерістер . Пастереллезге әсіресе
мынадай патанатомиялық өзгерістер тән: жүректің сыртқы қабығы (эпикардта)
оның астындағы бауыр, құрсақ, қуысын көмкерген көк шандыр, шажырқай, сары
уыз, торсылдақ, сондай-ақ ішектің, әсіресе он екі елі ішектің кілегейгі
қабығы қанталаған. Ішектің кілегейлі қабығы ісінген, кей жерінде ол
сыдырылған, ішектің іші қою кілегейге толы, кейде кілегейге қан араласады.
Бауырды май басады және оның бет жағының кей жері өлі еттеніп кетеді.
Бүйректері ісінген, қанталаған. Сары уыздың фолликулдары қанталап қабынған,
көптеген жағдайда фолликулдар үзіліп кеткен. Көбіне өкпе ісінген, қабынған,
фибринді плеврит жиі кездеседі. Жүрек қабы іркілдек жалқаяққа толы.
Пастереллез ұзаққа созылса, әдеттегіден өзгеше өтсе, қабынған жерлерде,
яғни саусақтардың түбінде, сырғаларда ірің немесе шіріп балқыған ткань
жиналады.
Ауруды анықтау. Пастереллез клиникалық белгілеріне, өлексені жарып қарау
нәтижелеріне және эпизоотиялық мәліметтерге (аурудың жіті өтуі, тауық пен
су құстарының бір сәтте ауруға шалдығуы, құстың өлім-жітімге көп ұшырауы)
қарай анықталады.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Пастереллез шықса,
шаруашылыққа карантин салады. Ауру шыққан қораға басқа құс жіберілмейді.
Әрбір кұс қораға күтуші адамдарды, құрал-жабдықтарды және басқа
қажет заттарды бекітіп қояды. Шаруашылықтық өз ішінде құстың бір орыннан
екінші орынға ауыстырылуына жол берілмейді. Ауруға шалдыққан құс бракқа
шығарылып, сойылады. Ауру құстың етін қуырып не қайнатып жейді. Аурудың
клиникалық белгілері білінбеген құсқа вакцина егіледі. Дәрілерден
спародозин, тауық пен үйрекке 0,1 г және күрке тауық пен қазға 0,2 г
мөлшерінде сульфадимезин, құс салмағының әрбір килограмына 20 мг мөлшерінде
арасына 3—5 күн салып террамицин, құс салмағының әрбір килограмына 1
мл мөлшерінде тетрациклин беріледі. Дезинфекция және дератизация
жүргізіледі, соңғы құстың пастереллезден жазылғанына немесе өлгеніне
бір ай толғаннан кейін және сақтандыру шаралары жүзеге асырылған соң
карантин алынады.
Пастереллездің созылмалы (көп таралған) түріне қарсы
қолданылатын күрес шаралары оның жіті және жітілеу түріндегі сияқты, бірақ
құс қораға, фермаға, шаруашылыққа карантин салынбайды, тек шектеу
шаралары жүргізіледі, ауру тоқталғаннан кейінгі бір айдан соң және
сақтандыру шаралары жүзеге асырылған соң шектеу шаралары жойылады.

1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте
індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау
қойылады. Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің
анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған
жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін
анықтайды. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының
қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында
клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған
мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп
індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес,
бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза
шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес
шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін
анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды
байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік
жағдай әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді
мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1
форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет
ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми
статистика материалдары. Аталған құжаттарды пайдалана отырып
ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың
динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда
салыстырмалы тарихи сипаттау — індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан
хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет
ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді.
Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан,
облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы
тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол
территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады.
Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері
белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді),
нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі.
Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы
ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Соңымен
саластырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі
моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент — тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы
жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.
Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес,
ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Бұндай тәжірибенің
індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер
беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында,
аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі.
Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Соңдықтанда
практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін
қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам
қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі
көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет
процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге
бөлінеді. Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық)
моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік
модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау — індет процесінің пайда болуына, өршу
кезеңдеріне ғылыми прогноз беру. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы
ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда
болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып
індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады. Қысқа мерзімді
болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды.
Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл
маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын
тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі. Орта мерзімді болжам бір жыл
уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары
жасалады. Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе
созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы
үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек. Біріншіден, аурудың табиғаты
мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт.
Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып,
статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық
модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын
статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп
індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру
қажет.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып
табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы Жұқпалы аурулар курсына келетін
болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға
байланысты, үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық,
патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық,
аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық
болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер
жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді.
Індеттану курсында карастырылатын ветеринариялық санитарияның негізгі
әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация. Балау, емдеу, дауалау
және ветеринариялық санитария әдістері келесі тарауларда жан-жақты
қарастырылады [1,2,4,6].

1.5 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына
жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын
алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру)
шаралары қарастырылады. Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары
және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы
болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге
кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек,
сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция
қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты
жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы
шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған
ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол
ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың
басты бір негізі — олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік
жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты
біртұтас ұйымдастыру— шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы
шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз — індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы
түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке
қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек.
Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі — олардың мемлекеттік сипаты. Бұл
шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың
қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе
шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі
арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік
органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан
сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес
шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек, Адам
мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге
асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады
[1,2,3,6,7].

1.6 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері
маңызды орын алады. Өйткені малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым
өрісін, азықтануы мен су ішуін, қора жайын тиісті талаптарға сай жолға
қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз
төлінен өсіру, мал басын толтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі
керек. Аталған шаралар — мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті
шарттары болып есептеледі.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту,
шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және малды ауруға тексеру
иммундеу — барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты.
Ауру малды бөліп алып оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен
шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру т.б. аурудың
шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан
шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған
жасөспірімдер, екі қабат және омырауында баласы бар әйелдер жіберілмейді.
Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-
шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен, жеке
басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді
насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына
олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы
түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде
көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, лекциялар өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Құс туберкулезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың туберкулезі
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Жұқпалы аурулар туралы
Тауықтың оба ауруы
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Мал сою цехы
Пәндер