Тауықтың оба ауруы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Құс обасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Құстың Ньюкасль ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... 16
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.6 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар, қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміз /нозологиялық балау/ қай ауру екенін анықтау болса /мысалы аусы, немесе топалаң/, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудын себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Құс обасына тауық, күрке тауық, цесарка, көгершін, қырғауыл, тотықұс, құр, қарға және басқа тауық тектес құстар шалдығады.
Тауық балапаны типтік емес обамен ауырады. 3—5 айлық балапан және одан сақа құс обаның типтік және типтіік емес түрлеріне шалдыға береді.
Сақа кұс неғұрлым егде тартқан сайын нағыз обаға шалдыққыш, ал типтік емес обаға төзімдірек келеді.
Оба асқазан, жараланған тері, тыныс органдарының кілегейлі қабығы, көздің дәнекер қабығының қабынуы арқылы жұғады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты – тауықтың оба ауруын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –122б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 111 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-128б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 197с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-118с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-164с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен жазылған Тауықтың оба ауруы атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін, 1 суретті қамтиды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Құс обасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Құстың Ньюкасль ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... 16
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
1.6 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Анықтамалар

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет
Перкуссия - өкпе тұсын саусақ үстінен саусақпен ұрып көру
Семиотика - аурулардың белгілерін тексеру
Синдроматика - жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын анықтау
Алиментарлы жолмен жұғу - зарарлы жемшөп пен су арқылы
Геморрагиялық диатез - қанталау
Тромбоз - (гр.thrombosis - ұйып қалу)

Қысқартулар мен белгілер

мл -- миллилитр
см -- сантиметр
% -- пайыз
мин -- минут
м -- метр
т.б -- тағы басқа
мм -- миллиметр
г - грамм
рН - ортаның қышқылдығы
мг - миллиграмм
ДПР- диффузды преципитация реакциясы
ГАЖР- гемагглютинация жанасу реакциясы
ИФТ- иммуноферментті талдау
АР - Агглютинация реакциясы
БР- бейтараптандыру реакциясы Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар, қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміз нозологиялық балау қай ауру екенін анықтау болса мысалы аусы, немесе топалаң, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудын себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Құс обасына тауық, күрке тауық, цесарка, көгершін, қырғауыл, тотықұс, құр, қарға және басқа тауық тектес құстар шалдығады.
Тауық балапаны типтік емес обамен ауырады. 3 -- 5 айлық балапан және одан сақа құс обаның типтік және типтіік емес түрлеріне шалдыға береді.
Сақа кұс неғұрлым егде тартқан сайын нағыз обаға шалдыққыш, ал типтік емес обаға төзімдірек келеді.
Оба асқазан, жараланған тері, тыныс органдарының кілегейлі қабығы, көздің дәнекер қабығының қабынуы арқылы жұғады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты - тауықтың оба ауруын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1Тауық обасы

Қоздырғышы -- арнаулы сүзгіден өтетін вирустардың А және Б штамдары.
Жасырын кезеңінің ұзақтығы 1 -- 4 күн, кейде 7 күнге созылады. Ауру бірнеше сағаттан 4, кейде 8 күнге дейін созылады.
Ауру құстың температурасы 43 -- 44 градусқа дейін көтеріледі; ол мең-зең болады, оны ұйқы басады, тәбеті нашарлайды; қауырсыны үрпиіп, қанаты салбырайды, қабағы ісінеді, көздері қанталап, айдары мен сырғасы бозарады. Көзі жасаурап, екі танауынан кілегейлі жалқаяқ ағады.
Басы, қабағы, мойыны, кеудесі, терісі және шел ісінеді. Құс қарқылдаған қатты дыбыс шығарады.
Тынысы тарылып, демігеді, көкірегінен сырыл естіледі. Ауыз бен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы кейде сәл қанталайды. Оған қоса құстар айналады, басын шалқақтатады, құрысады.
Ауырған құстың 90 -- 95 проценті өледі.
1-сурет. Шөжелердегі оба ауруы

Бұл вирустардың ауру қоздыру және иммунитет туғызу қабілеті түрліше келеді. Вирустың А штаммы нағыз құс обасын, ал вирустың Б штаммы кұстың шала обасын қоздырады.
Ауруға бейімділігі. Құс обасына тауық, күрке тауық, цесарка, көгершін, қырғауыл, тотықұс, құр, қарға және басқа тауық тектес құстар шалдығады. Тауық балапаны типтік емес обамен ауырады. 3 -- 5 айлық балапан және одан сақа құс обаның типтік және типтіік емес түрлеріне шалдыға береді.
Сақа кұс неғұрлым егде тартқан сайын нағыз обаға шалдыққыш, ал типтік емес обаға төзімдірек келеді.
Оба асқазан, жараланған тері, тыныс органдарының кілегейлі қабығы, көздің дәнекер қабығының қабынуы арқылы жұғады.
Белгілері. Жоғарыда айтылғандай, обаның типтік және типтік емес түрлері болады.
Құс обасының бұл түрінің клиникалық белгілері негізінен нағыз обаның белгілеріне ұқсас болады. Оның жасырын кезеңі 4 күннен 14 күнге дейін, кейде 25 -- 30 күнге дейін созылады. Ауру орта есеппен алғанда 3 -- 8, ал кейде 10 -- 12 күнге дейін созылады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Обаның таралуының негізгі көзі -- ауруға шалдыққан құс, олар ауру шыққан шаруашылықтан аурудан таза шаруашылыққа тасымалдаған кезде осы індетті таратады, сондай-ақ оба инфекцияланған қауырсын, жұмыртқа, азық, су, құрал-сайман және басқалар арқылы да таралады.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Типтік (классикалық) оба болса, бас, мойын, кеуде және аяқтары, тері асты клетчаткасы ісінеді.
Айдары мен сырғалары бозарады, кеуде іш қуысында және жүрек қабында сулы немесе фибринді жалқаяқ жиналады, өкпесі ісінеді және қабынады, сірі қабықтар, жүректің беткі қабығы және көмейдің, кеңірдектің және бронхтың кілегей қабықтары қанталаған.
Қалқанша без бен алқым безі ұлғайған, іркілдек және қанталаған.
Мекиендер жұмыртқасының сары уызы қабығының қан тамырлары ұлғаяды, кейде сары уыз төгіліп кетеді.
Бауыр бұзылып, кейде оның көлемі ұлғаяды.
Бүйректері ісінген. Өңеш, қарын және ішектердің қілегей кабықтары нүкте тәрізденіп қанталайды, қарынның бұлшық етке жуысатын жері шеңберленіп қанталап кетеді.
Ішектердің кілегей қабығы қанталаған және оны қоймалжың зат басқан.
Шала оба кезінде (типтік емес түрінде) құстың шелі ісінбейді, ішектердің кілегей кабығын көк сары фибринді зат басады. Басқа патологиялық-анатомиялық өзігерістері типтік обанікі сияқты болады.
Ауруды анықтау. Құс обасы эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілер, пат-анатомиялық өзгерістер және лабораториялық зерттеулер негізінде анықталады. Өсіру. Вирус тауық эмбриондарында, алғашқы, тұрақты клетка өсінділерінде жақсы өседі және құстарға жұқтыру арқылы да өсіруге болады.
Балау. Алдын ала балаудын әдістері:
1. Эпизоотологиялық - індеттің көзі - ауру құс. Вирус ауа арқылы және алиментарлы жолмен енеді. Құсты, олген құстың өлексесін, зарарланған ыдысты, жұмыртқаны тасымалдау кезде инфекция ауамен 15 км жерге дейін тарайды.
2. Клиникалық - аурудың клнннкалық белгілері әртүрлі - әлсіздену, тыныс алуының бұзылуы, жөтел, диарея, қанмен араласқан нәжіс.
3. Патологиялық -- анатомиялық өзгерістер - мұрын, ауыз қуыстарының кілегейлі қабықтарының қабынуы, қан құйылуы. Асқазанда қан құйылу, жіңішке ішекте некроз, эрозия ошақтары, көк бауыр, бауыр атрофияға ұшырағаны көрінеді.
Зертханалық балау. Патологиялық материал ретінде: бас, өкпе, көк бауыр, кеңірдекті зертханага жібереді.
Вирустың индикациясы:
1) 9-11 күндік тауық эмбриондарында - материалды аллантоис қуысына жұқтырады;
2) клетка өсінділерінде (тауық эмбриондарының фибробластарынан алынған) зақымдалған клеткаларда вирустыңбар жоғы ГАР, ГАдР-да анықталады;
3) 3-4 айлық балапандарға биосынама қою - бұлшық етіне материалды жұқтыру;
4) ГАР-да.
Вирустың серологиялық идентификациясы ГАТР-да, БР тауық эмбриондарында, ИФР-да, ИФТ, КБР. моноклональды антиденелер колдану әдісімен және т.б. жүзеге асырылады.
Рстроспективтік балау. Аурудың жіті кезінде ауру құстык қан сарысуындағы пайда болған антиденелерді ГАТР, БР. ДПР, ГАЖР, ЕLISA - әдістерімен анықтайды.
Емі. Емдеу әдістері белгіленбеген.
Аурудың алдын алу және сақтану шаралары. Оба ауруы шығысымен оның одан әрі таралуын болдырмау мақсатымен карантиндік шаралар жүзеге асырылады.
Барлық құсты қораға қамап, олардың әр тобына күтуші адамдарды бекітеді, бөгде адамдар құс қораға жіберілмейді.
Ауруды жоюға бағытталған барлық шаралар құс обасына қарсы күресу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

1.2 Құстың Ньюкасль ауруы

Ньюкасл ауруы - Newcastle disease (син. жалған оба) тауықтың аса жұғымтал инфекциясы, пневмониямен, энцефалитпен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылғанымен сипатталады.
Ауру көп елдерде кең тараған, үлкен экономикалық зиян келтіреді және аса қауіпты індеттерге жатады, өлім-жітімі 100% барады.
Алғашқы рет Ньюкасл ауруы Ява аралында 1927 жылы Краневельд анықтаған. Осы жылы Англияда Ньюкасл төңіректерінде бұл ауру туралы жазып шығарылды, індеттің аталуы осыған байланысты болды.
Аса қауіпті, жоғары контагиозды жұқпалы ауру. Негізінде тауық, индейка, цесарка т.б. тауық тұқымдасына жататын жабайы құстар ауырады.
Ньюкасль ауруы - азиат обасы, псевдочума, пневмоэнцефалит деп те аталады. Ауру барлық континентте таралған.
Құстың жаппай ауруына, өлуіне, қатаң карантин және шектеу шараларына көп қаражат кететіндігіне, кейде бүкіл аудан және облыстың шаруашылық қызметінің бұзылуына байланысты үлкен экономикалық шығын әкеледі [1,2].
Құстың Ньюкасль ауруының қоздырғышы
Қоздырушысы - парамиксовирустар туыстығына жатады. Бұл күрделі, пішіні полиморфты - көбінесе сфера тәрізді келеді, бірақ таяқша, жіпшелі, ракеткаға ұқсас плішіндері де кездеседі, капсид симметриясы спираль тәрізді. Вирустардың көлемі 100-200 нм, бұдан да үлкендері болады.
Сыртқы липопротеидты қабықшасында пепломерлері - талшықтары бар, олардың ұзындығы 8 нм, ені 1,0-1,5 нм, табиғаты-гликопротеидті - гемагглютинин және нейраминидаза. Геном - бір жіпшелі сызықшалы РНҚ-лы, Вирустың патогеидік және апатогендік түрлері байқалады.
Химиялық құрамы. Ньюкасл вирусының барлық штамдардың құрамында белоктардың 6 түрі бар: L, НN, Ғ, NР, М, С.
Суперкапсидте НА және NА - гликопротеидтері, вирустың ішіңде эндорибонуклеаза ферментті бар.
Төзімділігі. Вирустың төзімділігі ортаға байланысты. Күн жарығынан жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылады, ал гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада, мұздатылған жағдайда вирустың белсендыігі екі жыл бойы сақталады. Ал 560С-та вирустың патогендік, гемагглютининдік, иммуногеңдік қасиеттері бұзылады.
Вирус рН 2-10 төзімді. Формалиннің (1-2%), натрий гидрототығынын (1-2%), сабывдыкрезолдың (1%) және фенолдың (3-4%) ерітінділері вирусты тез арада өлтіреді.
Антигендік қасиеттері. Құрамында V (НА мен NА) және S-антигендері бар, бұлармен вирустың антигендік және иммуногендік қасиеттеріне байланысты. Организмде вирусқа қарсы вирусты бейгараптаушы, комплемент байланыстырушы, антигемагглютиндеуші антиденелер пайда болады. Қоздырушының патогендік және вируленттік қасисттеріне байланысты табиғи-әлсіретілген штамдары бар- Ғ, ВІ, Lа Sоtа, КО, Бор 74 ВГНКИ және б.
Гемагглютиндеуші қасиеттері - Ньюкасл вирусы құс, адам, теңіз шошқа, тышқан эритроциттерін агглютиндейді. 56°С-та вирустың гемагглютиндік белсенділігі 5 минутта жоғалады. Фильтрленген вирус.
Тоңазытылған және тұздалған тұз ұшаларында вирус 200 күнге дейін сақталады.
Құс қораның қабырғаларында, құрал- саймандарда, жұмыртқаның қабығында вирус 14-59 күнге дейін, құстың мамығында бөлме температурасында 192 күн, өлекседе 30 күн, парсы кенесінде 213 күн сақталады.
Тікелей күн түскенде 72 сағат 55-75 градуста қыздырғанда 30 минутта өледі, ультракүлгін сәулемен қыздырғанда бірнеше секунд [1,2,3].
Құстың Ньюкасль ауруының клиникалық белгілері
Тауықтар 4-7 күн, шөжелер 24 сағат инкубациялық кезеңнен кейін ұйқы басып, тынысы тарылып, температурасы 43-44 градусқа қуысында кілегей жиналады, ауыз арқылы дем алып, қарлыққан үн шығарады.
Ауру көбінесе жіті түрде 1-4 күн, сирек жітілеу түрде 7-10 күн, кейде өте жіті түрде өтіп, 1-3 сағатта ауруға тән белгілері білінбей - ақ өледі.
Созылмалы түрі 2-3 аптаға созылады, ол арықтаумен, аяқ-қолдарының салдануымен сипатталады, ал ересек тауықтар латентті түрде ауырып, клиникалық белгілері білінбей, жұмыртқалауы төмендейді.
Жітілеу және созылмалы кезеңінде құстардың сезімталдығы жоғарылайды, дірілдеп құсады, мойны қайырылады, теңселіп, айналып жүреді [1,2,3,4].
Құстың Ньюкасль ауруының патогенезі
Вирус организмге тыныс жолдары, зарарланған жем, су арқылы енсді. Ал ағзада гематогендік жолмен таралады да, паренхиматозды мүшелердің сүйек майының, мидың, бұлшық еттің, трахеальді сілекейдін, жінішке және жуан ішектін клеткаларында шоғырланады, көбейеді. Қантамырлары іргелершің саңылауы кеқейіп қан құйылады.
Құс организміне енген вирус қанмен барлық органдарға және ұлпаға тарап, гематоэнцефалит өткелінің өткізгіштігін бұзады.
Қан тамырларының қабырғалары нашарлап, өткізгіштігі бұзылады, содан қан айналымы нашарлап, жүрек дистрофия және мнодегенерацияға ұшырап, организмде ісіну, қызару, қанталаулар пайда болады.
Барлық органдар мен ұлпалар, әсіресе орталық жүйке жүйесі зақымданады [1,4].
Құстың Ньюкасль ауруындағы патанатомиялық өзгерістер
Өңештің, безді асқазанның және өңештің кілегей қабығында майда қанталаулар басты белгілері болып табылады. Безді асқазанның етті асқазанға өтетін жерінде геморрагиялық сақина түзіледі.
Теріде, жүректе, асқазанда және ішек қабырғасында қанталаулар бар. Ащы және тоқ ішектің кілегей қабығында фибринді-некрозды зақымдану және жара пайда болады. Етті асқазанның кутикуласында да қанталау болады.
Құстың Ньюкасль ауруының диагнозы
Эпизоотологиялық, клиникалық, пат-анатомиялық зерттеулер негізінде және лабораториялық тексеру негізінде қояды.
Лабораториялық тексеруді екі әдіспен жүргізеді: вирусты бөліп алу және серологиялық әдіс. Вирусты құстан аурудың бас жағында бөлуге болады.
Дифференциалды диагноз қойғанда ұқсас аурулардан ажырату керек. Оба, пастереллез, спирохетоз, ларинготрахеит, вирусты бронхит, улану.
Пастереллездің псевдочумадан айырмащылығы ол барлық құстардың және лабораториялық жануарлардың ауруы.
Өсіру. Вирус тауық эмбриондарында, алғашқы, тұрақты клетка өсінділерінде жақсы өседі және құстарға жұқтыру арқылы да өсіруге болады.
Балау. Алдын ала балаудын әдістері:
1. Эпизоотологиялық - індеттің көзі - ауру құс. Вирус ауа арқылы және алиментарлы жолмен енеді. Құсты, олген құстың өлексесін, зарарланған ыдысты, жұмыртқаны тасымалдау кезде инфекция ауамен 15 км жерге дейін тарайды.
2. Клиникалық - аурудың клнннкалық белгілері әртүрлі - әлсіздену, тыныс алуының бұзылуы, жөтел, диарея, қанмен араласқан нәжіс.
3. Патологиялық -- анатомиялық өзгерістер - мұрын, ауыз қуыстарының кілегейлі қабықтарының қабынуы, қан құйылуы. Асқазанда қан құйылу, жіңішке ішекте некроз, эрозия ошақтары, көк бауыр, бауыр атрофияға ұшырағаны көрінеді.
Зертханалық балау. Патологиялық материал ретінде: бас, өкпе, көк бауыр, кеңірдекті зертханага жібереді.
Вирустың индикациясы:
1) 9-11 күндік тауық эмбриондарында - материалды аллантоис қуысына жұқтырады;
2) клетка өсінділерінде (тауық эмбриондарының фибробластарынан алынған) зақымдалған клеткаларда вирустыңбар жоғы ГАР, ГАдР-да анықталады;
3) 3-4 айлық балапандарға биосынама қою - бұлшық етіне материалды жұқтыру;
4) ГАР-да.
Вирустың серологиялық идентификациясы ГАТР-да, БР тауық эмбриондарында, ИФР-да, ИФТ, КБР. моноклональды антиденелер колдану әдісімен және т.б. жүзеге асырылады.
Рстроспективтік балау. Аурудың жіті кезінде ауру құстык қан сарысуындағы пайда болған антиденелерді ГАТР, БР. ДПР, ГАЖР, ЕLISA - әдістерімен анықтайды.
Ажыратып балау. Ньюкасл ауруын құстын тұмауынан, инфекциялық бронхиттен, инфекциялық ларинготрахеиттен, микоплазмоздан ажырату керек.
Пастерелезде жүйке жүйесі зақымданбайды, бауыр жиі зақымданып, майда некрозды ошақтарды көруге болады.
Спирохетоздың псевдочумадан айырмашылығы тек тауықтар ғана емес, су құстары да ауырады.
Жұқпалы ларинготрахеиттің псевдочумадан айырмашылығы шөжелерді тері асты және тері ішіне еккенде теріс қорытынды береді, псевдочумаға тән клиникалық белгілері, қанталау және трахеяда іріңді тығын мен қан-кілегей аралас экссудат болмауы.
Вирусты бронхит биопробаның қорытындысына қарап, вирусты бөліп алу арқылы ажыратады.
Улануды биопробаның қорытындысына қарап ажыратады.
Ауырып жазылған және вакцина салынған құста иммунитет түзіледі. Иммунды құстар өздерінің ұрпағына жұмыртқа арқылы төмен иммунитет береді. Ол 15 күнге дейін сақталады.
Емі. Зерттелмеген.
Псевдочуманың алдын алуда арнайы вакциналарды қолданады. Тірі вакциналардың бірнеше түрі белгілі-Н. Комаров, Роакин, Ла-Сота, Банковского, ГНКИ.
ТМД елдерінде 3 тірі вакцинаны кеңінен қолданады. 6-7 күннен кейін иммунитет түзіледі [1,2,5,6].
Құстың Ньюкасль ауруымен күресу жолдары
Шаруашылыққа псевдочуманы әкелмеу үшін құс шаруашылығында вет - санитарлық және алдын-алу ережелерін қатаң сақтайды. Шаруашылықта псевдочума шыққан жағдайда барлық ауру және күдікті құстарды өлтіріп, жояды.
Ал қалған аурудан сау емес топтағы құстарды да өлтіріп, етін сол шаруашылықта 30 минут көлемінде қайнатып, ас ретінде қолданады. 2 айға дейінгі шөжелерді ересек тауықтардан бөліп, Ла-Сота және В1 вакцинасымен құстарға иммунизация жүргізу схемасы және қолдану туралы инструкциясына сәйкес егеді.
Аурудан сау емес шаруашылықтарға карантин қояды. Құстарды және олардың жұмыртқаларын шаруашылықтан шығаруға болмайды. Шаруашылыққа ауруға бейім құстарды, псевдочумаға вакцина салынғаннан кейін тек ветеринардың рұқсатымен ғана әкеледі.
Карантинді соңғы рет псевдочума шыққаннан және сойғаннан кейін, барлық бейім құстарды вакциндеп, клиникалық байқаудан өткізіп, қораларға мұқият қорытынды дезинфекция жасағаннан кейін 3 аптадан соң алады.
Құстың Ньюкасль ауруының иммунитеті және арнамалы дауалау
Құстың жасына вирустын штамдарына байланысты пайда болған табиғи және жасанды иммунитеттің ұзақтылығы әртурлі болады. Індетке қарсы көптеген тірі вакциналар бар -- Н, В, Ғ, ҒR, Комаров, Lа Sоtа, Rоаkіn және т.б. Жарып шыққан балапандарға сары уыз арқылы енжар иммунитет беріледі. Сонымен қатар, инактивтелген вакциналар да бар.
Ауырып жазылған және вакцина салынған құста иммунитет түзіледі. Иммунды құстар өздерінің ұрпағына жұмыртқа арқылы төмен иммунитет береді. Ол 15 күнге дейін сақталады [1,3,5,6,7].

1.3 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары

Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы бар) қауыпті зона делінеді, -- ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық деп бөлінеді. Мал дәрігерлік уставқа сәйкес аурудан таза емес шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді. Шаруашылыққа карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады. Карантин ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ.
Дезбарьер орнатып, күндіз түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т.б. кіріп шығады тоқтатады, ол үшін көрстекіш белгі қойылады, Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі.
Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң қортынды дизенфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.
Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі:
1) ауру мал
2) ауыруған күдікті мал
3) уақытша күдікті сау мал
Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда мал дәрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммуниды (сывороткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегі малдарды союға, кастрация жасауға, қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық құрал-саймандарды заласыздандырады, қора - қопсыны жөндейді, әктейді айналаны тазалайды.
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген) сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді. Эпизотияға қарсы шаралар - инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды болдырмау бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан бірінші реттен малдың жұқпалы ауруға қарсы тұратын қабілетін күшейту үшін жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және бейімді болуы қажет.
Сондай ақ микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап беріп, оған берілмеу керек. Сонымен қатар, мал тұратын ферманы, ауылды, жұқпалы аурудан қорғап, аурудың келіп қалмау жолын іздестіру қажет.
Малды жұқпалы аурудан корғау үшін өте қатаң түрде зоогигиеналық және малдәрігерлік санитарлык ережелерді сақтау керек. Оған мына төмендегілер жатады:
1) Профилактикалық қорытынды сактау. Фермаға, шаруашылыққа келген мал 30 күн карантинде тұру керек. Оны бөлек ұстап сол 30 күн бойы қадағалап, оны күнде тексеріп аурудың жасырын түрін анықтау қажет.
Малды тек жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан алу қажет. Ол аудандық мал дәрігердік станция дәрігері мал алатын жердің аурудан таза екенін анықтайтын (вет.свидетельство) беру керек, алу қажет, тек содан соң ғана малды ол жерден алуға болады.
Жаңадан келген малды, бөлек ұстап, оған арнайы күтуші адам қойып, күнде (таңертең және кешке) температурасын өлшеп, отырып оны күнделікке жазып қою керек.
Мал аурудың белгісін сәл берсе оны тез изоляторға жабу керек.
2) Малдарды үнемі жақсы құнарлы азықпен таза сумен азықтандыру қажет. Малды тайдырмай азықтандыру сансыз шіріген шөп, сабан, сасыған жем азық беру, малды нашарлатып, оның жұқпалы ауруға қарсы төзімділігін төменде де. Сапасыз азық шөп, сабан, жем және нашар суда ауру тудыратын микробтар көп болады.
Азықты дайындауды жұқпалы аурудан таза жерден, шаруашылықтан дайындалу қажет.
3) Малды дұрыс пайдалану керек. Мысалы: атты шамадан тыс арбаға қосу, көкпар шабу тағы сол сияқты, сиырды сүт алу үшін азықтандырмай пайдалану, оның организмінің төзімділігін төмендетеді.
4) Мал ұстайтын жер қора, жай орын зоогигиеналық талапқа сай болуы
керек. Микроклимат ылғалдың, ауа құрамы (О2, Со2, NH3) нормада, жарық өз нормасында болуы қажет. Уақытылы тазалау дезинфекция жасалып, желдету үнемі болу керек.
5) Өлген малдың өлігін, сойылған малдың қалдықтарын уақытылы жойып отыру қажет оны жоғарыда жазғандай малдың өлігін көметін молаға не Беккери шұңқырында көму не утиль установкада жою қажет.
6) Мал ферма бөтен кісі кірмеу керек. Есік алдына дезо барьер, дезо
коврик, дезомат жасау қажет.
7) Малдарды уақытылы клиникалық тексеруден өткізіп және диагностикалық тексеру жүргізу (қан алып лабораторияға жіберу, аллергиялық тексеру), жоспарлы түрде вакцинация (емдеу) жүргізу керек.
8) Малдың қиын жинап, оны сақтау биотермиялық өңдеу және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау ең маңызды шаралардың бірі болып есептеледі [2,3,7,8].

1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс өлер алдындағы клиникалық белгілері
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні
Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі
Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Ньюкасл ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Үй құстары мен жабайы құс еті
Пәндер