Паратуберкулез туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Паратуберкулез» атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 1 кестені қамтиды.

.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады

Көтерінкі реактивтілік күйі - гиперергия

Бәсен - гипоергия

Қалыптан тыс - дизергия

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Геогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық суларда, шөп сабақтарында, азықтарында кездеседі

Биогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада немесе аралық ие денесінде болады

Қысқартулар мен белгілер

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

°C - градус

% - пайыз

.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Паратуберкулез . . . 9

1. 2Қойдың паратуберкулезі . . . 10

1. 3 Қойдың энтеротоксемия індеті . . . 12

1. 4 Құстың паратуберкулездік энтериті . . . 13

1. 5 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері . . . 15

1. 6 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары . . . 17

1. 7 Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы . . . 19

1. 8 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.

Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - паратуберкулез ауруын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Паратуберкулез

Қоздырғышы - Мусоbасterium enteridis prtuberculosis. Бұл бактериялар қышқылға төзімді микробтар тобына жатады. Жер қыртысы мен көң-қоқыста 11 ай, несепте 7 күн өмір сүре алады, ал 70 градустық қыздыру кезінде 10 минут уақыт ішінде өледі. Салқын температурада бұл бактерия өмір сүре береді.

Қабылдағъштығы. Паратуберкулездік энтеритпен көбінесе ірі қара ауырады. Қой мен түйе сирек шалдығады, ал ешкі некенсаяқ ауырады. Жас малдар бұл ауруды өте қабылдағыш келеді.

Жұғудың көздері мен жолдары. Аурудың негізгі жұғатын көзі - ауру мал әсіресе, ұзақ уақыт бойына ауырып келе жатқан малдар. Сондай-ақ микроп жұққан жемшөп, жайылым мен суаттар және мал тұратын қора-жайлар ауру жұғудың негізгі көзі болады. Малдарға ауру ас қорытатын тракта арқылы жұғады [1, 3]

Белгілері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше айдан, бір жылға дейін созылады. Аурудың даму барысын клиникалық кезеңге дейін және клиникалық кезеңнен кейін де ажыратады, оның алғашқы кезі ешбір белгісіз өтеді, ал екінші кезеңінде, өткен іші тиылмай, бірте-бірте үдей түсіп, зақымданған ішектің кілегей қабықтарынан қабыршақ және кілегейдің кесек түйіндері жел көпіршіктер, іштен нәжіске араласа шығады. Ауру мал жемшөптен қалмайды, шөлдей береді, денесінің қызуы бір қалыпты болады, немесе сәл төмендейді, Арықтап көк жасық болудың салдарынан сауыры жіңішкеріп, сербек сүйек сорайып қалады. Екі жағының аралығына, кірпігі, төсі, іші төңірегінде ісік пайда болады. Мезгіл-мезгіл оңалып, онан соң ауру қайтадан үдейді. Ауру ұзаққа созылып өліммен тынады.

Сою. Ауырған малдың қаңқасы арықтаған, ішек-қарны, өкпе-бауыры түгелдей өзгеріске ұшыраған, әсіресе жүректің бұлшық еті өзгерген. Ащы ішектің әр бір жерінде ал сирек түрде бүйеннің кейбір жерінде едәуір ісік байқалады, ішектің кілегей қабықтары қатпарланып қалады. Ішектің кілегей қабықтарының қатпарланған түрлері ми қатпарларына ұқсайды. Ішектің ісінген кілегей қабықтарын сұрғылт-ақшыл түсті түйіршіктелген қою шырынмен бүркелген, ал кейде ішектің өн бойына жайылып кетеді. Мезентериалдың (шажырқайдың) лимфатиялық түйіндері ұлғайған, шырыны мол, бірақ туберкулезге тән казеоз ошақтары байқалмайды.

Ауруды анықтау. Ауруды клиникалық белгілері бойынша анықтайды. Мұны зақымданған ішектің жансызданып қалған кілегей қабығы мен кілегей түйіршіктерінің нәжіспен араласып сыртқа шыққан және Циль-Нильсен әдісімен боялған жағындының микроскоптық қорытындысымен растайды. Сонымен клиникалық және микроскоптық диагноздың дұрыстығын бактериологиялық және аллергиялық зерттеудің нәтижесімен дәлелдейді. Энтриттік (ащы ішектің қабынуы) туберкулез ауруы жұққан отардағы малдан аурудың жасырын түрін табу үшін аллергиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл үшін зерттелінетін малдың жасына қарай, мөлшері 0, 2 мл-ден 0, 5 мл-ге дейін паратуберкулин немесе құстар туберкулинін мойын терісінің қыртысына егеді. Реакцияның есебін ауруды анықтайтын препараттарды қолдану жөніндегі ережеге сәйкес жүргізеді. Шаруашылықта туберкулезді энтерит күдік туғызған кезде, ірі қара малдан туберкулез білінбеген кезде, екі сырқатқа бір мезгілде зерттеу жұмысын жүргізуге болады. Мұндай жағдайда туберкулин мен паратуберкулинді қолданады. Бұл препараттарды мойынның екі жағынан тері қыртысына жібереді. Клиникалық белгілері бар энтриттік паратуберкулезбен ауырған малдың реакциясы болмай қалу мүмкіндігін ескеріп, аллергнялық зерттеу жүргізбейді. Энтриттік паратуберкулез ауруын анықтаған кезде, ішек туберкулезін және жұқпайтын энтритті, сондай-ақ стронгилойдоз, кокцидиоз тағы басқа инвазиондық (мал паразиттерінің адамға жұғуы) ауруларын жою керек [1, 4] .

Сақтандыру және ауруға қарсы күрес. Паратуберкулез энтерит ауруы жазылмайды, бұған байланысты емдеу тиімді болмайды. Энтриттік паратуберкулез диагнозы анықталған малдарды бөліп алып, сояды. Етін жалпы ереже бойынша азық-түлікке пайдаланады. Зақымданған тканьдер мен органдарды кұрту қажет. Клиникалық белгілері байқалмай, жіберілген туберкулинге оңды реакция берген ауру малдарды сояды немесе энтриттік паратуберкулездің изоляторына жөнелтеді. Бұл малдардан туған төлдерді өсіріп-өндірмейді, тек азық-түлік үшін семіртіп бағады.

Сүтті ысытып немесе қайнатып пісіреді. Ауру малдың көң-қоқысын жояды, ауру жұқтыратын күдікті нәрселерді биотермикалық тәсілмен зиянсыздандырады. Мал қораларын күкірт-карболин қоспасының 10%-тік ыстық су ерітіндісімен немесе формальдегидтің 3%-тік ерітіндісімен, күйдірген натрийдің 3%-тік ерітіндісімен дезинфекциялайды. Бұдан кейінгі уақыттарда ауру шыққан мал табындарын сауықтыру ісін құс туберкулинімен немесе паратуберкулинмен, бұл препараттарды қолдану ережееіне сәйкес, үнемі тексеру жолымен жүргізеді. Бір жылдан кейін, жүргізілген аллергиялық зерттеуге теріс нәтиже көрсеткен соң, клиникадағы ауру малдар жазылған соң, бұл ферма сауықты деп жарияланады [1, 3, 4] .

1. 2 Бұзаудың паратуберкулезі

Бұл ауруды кейде паратуберкулездік энтерит деп те атайды, себебі осы ауруға шалдыққан малдың ішегі қабынып, созылмалы түрде іші өтіп, тездеп арықтап, кетерем болады. Ауруды микобактерия паратуберкулез деп аталатын микроб тудырады және осы микроб бір малдан екінші малға жұғады.

Қоздырғышы. Ол өте жіңішке, басы доғаланып келген таяқшаға ұқсайтын микроб, ұзындығы 0, 5-1, 5, ал көлденеңі 0, 2-0, 5 микрон. Оның қозғалу және спора, капсула түзу қабілеті жоқ, спирт пен қышқылдың әсеріне өте тезімді микроб. Оны микроскоппен қарау үшін Грам әдісімен және Циль-Иильсен әдісі бойынша боянды.

Паратуберкулез қоздырғыш микробы сыртқы ортаның әр түрлі қатерлі әсеріне, түрлі химиялық заттарға өте төзімді келеді. Мәселен, ол малдың қиында, топырақта 10-12 ай боны, тікелей түскен күн сәулесінде 9 ай бойы тіршілік ете береді. Карбол қышқылының 3-5 пррценттік ерітіндісінде 1-5 минутта, 5 процентте реолинде 2 сағаттан кейін, хлорлы 20 проценттік ерітіндісінде 20 минуттан кейін, күйдіргіш натрийдің 3 проценттік ерітіндісінде 20 сағаттан кейін өледі.

Оның осыншалық тезімділігі бұл аурудан оңайшылықпен арылуға болмайтындығын көрсетеді. Бұл микробтың әлсіз касиетінің бірі-ол сүтте және суда қатты қыздырылса тез өледі. Бұл аурудан таза емес фериаларда сүт қайнатылып таралуы керек. Паратуберкулез микробы антибиотиктер мен сульфаниламид дәрілерінің әсеріне өте шыдамды келеді.

Эпизоотологиясы. Паратуберкулезге ірі қара көбіне 3-4 жасында, ал бұзаулар 3-6 анлығында шалдығады. Қой, ешкі, түне, бұғы ірі қара малға қарағанда сирек шалдығады.

Малға ауру жемшөп арқылы жұғады. Ал ішке енген микроб малдық ішегіднде өсіп-өніп көбейіп, біртіндеп малдың нәжісімен және дәрімен сыртқа шығып, қораны, суды, азықты былғайды. Осыдан барып аурудың кең түрде тарауына мүмкіншілік пайда болады [1, 2, 3] .

Ауру белгілері. Қоздырғыш микроб мал организмінде баяу дамитындығына байланысты аурудың жасырын кезеңі 1-12 айға созылуы мүмкін. Жалпы паратуберкулез малда жасырын және айқын болып екі түрде кездеседі. Жасырын түрінде ауру үнемі малдың дене қызуын көтермей, белгілері байқалмай өтеді. Тек қана мұндан кезде малдың салмақ қосу, сүт беру қасиеттері біртіндеп азая бастайды.

Аурудың айқын түрінде тоқталмайтын іш өту болып, мал біртіндеп арықтай бастайды. Мал ұдайы шөлдеп, жем - шөпке деген тәбеті нашарламаған күйінде өнім беру қабілеті азайып, біртіндеп көтеремге айналады. Ауру асқынған кезде малдың сауыры меи аяқтарындағы еті азайып, кұр сүйегі қалады. Ал мұндай арық мал әдетте етке де жарамайды.

Жалпы паратуберкулез ауруының белгілері банқалған кезден 3-4 ай шамасында мал өлім-жітімге ұшырайды.

Паратуберкулез қойда әдетте жасырын, білінбей өтеді, ол малдың күтімі нашарлаған кезде анық білінуі мүмкін. Ауру қойдың нәжісі сұйық балшық тәріздес, ешқандай иіссіз болады [1, 3, 4] .

Өлекседегі өзгерістер. Жоғарыда айтып өткендей, бірінші - малдың өлексесі өте арық болады, екінші - аш және тоқ ішектердің кілегейлі қабығы 5-10 есе қалыңдайды, қалыңдаған жер өте қатты болып, пышақпен әзер кесіледі.

Егер ішекті ұзына бойына ақырындап тіліп керсе, онда оның кілегейлі қабығының қатпар-катпар болып жатқаны бірден байқалады. Бұл катпарлар ішекті созғанда жазылмай, сол қатпар-қатпар күнінде алады.

Ауруды анықтау. Паратуберкулезді анықтау үшін малдың терісіне «құс паратубкулин» деген аллерген жіберіледі. Бұл препаратті ік көмегімен жанадан ауыра бастаған мал тез анықталады. Егер бұл ауруға тән аллергиялық реакция берсе, онда мал дереу етке жіберіледі не созылады. Аллергиялық тексеру тек қана аурудың жасырын түрін анықтайды, ал ауру белгілері жаңадан біліне бастаған малдың нәжісін алып, оны бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ол үшін арнаны әйнекке, жұғынды жасап, оны Циль-Нильсен әдісімен бояйды да, микроскоп арқылы қарайды.

Егер осы кезде жаппай көк туске боялған шоғырлана орналасқан микробтар көрінсе, онда ол ауру деп есептеліп, дереу етке жіберіледі.

Жалпы паратуберкулез ауруына тәжірибесі көп мал дәрігерлер, фелдьшеглер оның клиникалық белгілеріне және эпизоотологиялық деректеріне сүйеніп қорытынды диагноз қояды.

Сақтық шаралары. Бұл ауруды болдырмау үшін шаруашылықтағы барлық ірі қара мал жыл бойына дұрыс күтіп-бағылуы кажет. Малды сапалы азықтармен жеткілікті мөлшерде қоректендіру, күнделікті мал қораларында тазалық сақтау сияқты жұмыстарға назар аударылады. Жас бұзауларды 20-30 күндік кезінен мамандандырылған фермада өнрудің езі осы аурудан сақтану шараларына жатады. Бузауларды кең жарық, ауасы құрғақ қораларда өсіру, жұқпалы ауруға шалдықпай өсуіне ықпал етеді [1, 2, 3, 8] .

1. 3 Қойдың энтеротоксемия індеті

Қоздырғыштары -індеттің желденген ісік, анаэроб деп аталған микробтар тобынан шыққан түрлері споралар құрайды, жер қыртысында және көң-қоқыста жылдар бойы сақталады. Дезинфекциялайтын заттарға да өте төзімді келеді.

Қабылдағыштығы. Энтеротоксемия індетімен қой және қозылар ауырады, көбінесе бұл індетке семіз малдар шалдыққыш келеді.

Жұғудың көздері мен жолдары. Індетті аурудың негізгі жұғатын көздері, микроб жұққан жайылым жердің қыртысы, мал айдайтын өрістер мен түнейтін қоралар және мал суаратын суаттар болады. Індет алиментарлық жолмен жұғады. Індетті сырқат жаз айларында кенеттен, қауырт пайда бола қалады. Аурудың басталу себебі, жоғарыда айтылған брадзот сырқатының пайда болуы сияқты қойдың тоңазыған жемшөп жеп, бойын суында алдыруынан болады. Суыққа шалдыққан шөктің баяу жиырылған кезінде қоздырғыштар тез көбейіп таксин (уды) шығарады, бұл ауру таратуға себепші болады.

Белгілері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағат қана. Сырқат қалшылдата немесе коматозды (қатты ұйқыға ұқсас ессіз) күйде өтеді. Сырқаттың алғашқы белгілері мынадай: мал тәлтіректеп зорға жүреді, алдыңғы аяғын баса алмайды, сілекейі көбірек шұбырады, тәбеті бұзылады, ауру мал былғаныш шөпті, қоқысты тіпті өзінің құмалағында жей береді. Дене қызуы тиісті нормада болады, тынысы демігеді, жүрегі нашарлайды. Аурудың коматозды күйінде мал қатты қалжырап, шыр айнала береді, есінен танып жығылады да, дереу өледі. Ауру мал қалшылдаған күйінде көзі аларып жығылады, тісін шықырлатады, қалшылдату сырқаты қатты ұстап, ақыры бүкіл денесіне жайылады. Мұндай жағдайда қой малы бірнеше сағатта өледі. Энтеротоксемия кейде ересек қойлардың дауығып кететіндері де болады.

Сою. Энтеротоксемия індетімен ауырып өлген малды союға болмайды. Басқа бір қолайлы әдіспен ауруды анықтау мүмкін болмаған жағдайда ғана өлікті союға болады. Өлік ісіп, кеуіп кетеді, аузы, мұрнынан қанды сарысу ағады. Ащы ішегі геморрагиялық жолмен қабынып кеткен, тоқ шегінің кілегей қабығы мен мезентериалды лимфатиялық түйіндерін қан кернеп ісінген. Әсіресе бір бүйрегі, кейде екі бүйрегі де қатты ісінеді. Ішкі құрылыстары босап, жұмсарған. Халық мұны «жұмсақ бүйрек» ауруы деп атайды. Бауыры сұрғылт балшық түстес болып, қан қатты кернеген, опырылып кететіндей осал күйде көрінеді.

Ауруды анықтау. Энтеротоксемия ауруын клиникалық, эпизоотологиялық және патологая - анатомиялық мәліметтер бойынша анықтайды. Анықтауды бактериялық зерттеудің нәтижесімен растайды. Дифференциялды анықтау кезінде, орталық нерв жүйесін зақымдайтын брадзот, топалаңның жіті түрін пастереллез, листериоз, уланған жемнен болатын ауруларды ажырата білу өте қажет.

Емі. Аурудың алғашқы кезеңінде емдеудің нәтижелі болуы мүмкін. Жүрек қызметін жақсартатын, тыныштандыратын және әлдендіретін дәрі-дәрмектер қолданылады. Ішекті тазартатын және сырқатты бәсеңдететін дәрі-дәрмектерді мүмкіндігінше тез беріп бұдан соң қайнатылған жемнің маңызын берген жөн. Венасына қолданылып жүрген мөлшер бойынша уротропин, хлорлы қальций, глюкоза араластырылған физиологиялық ерітінді жібереді.

Сақтандыру және күресу шаралары. Ауру және күдікті малдарды бөліп алып емдейді. Ауру шыққан табындағы малға поливалентті гидроокисьалюминді вакцина егіп, оларды аурудан таза жайылымдарға жаяды да, клиникалық бақылауға алады. Қора-жайларды күкіртті-карболин қоспасының 10 процентгік ыстық ерітіндісімен немесе күйдіргіш натриймен дезинфекциялайды. Ауру малдың көң-қоқыеын өртеп, күдікті малдардың көңін биотермикалық тәсілмен залалсыздандырады. Ауру әбден жазылған соң екі аптадан кейін салынған карантинді ашады. Ауру шыққан шаруашылықтардың жұқпалы ауруға ұшыраған жер көлемінде профилактика ретінде барлық қойға көктем кезінде брадзотқа және жұқпалы энтеротоксемияға қарсы бивалентті вакцина егеді.

1. 4 Құстың паратуберкулездік энтериті

Ауруға бейімділік. Қылауға үйрек, қаз, кейде тауық, күрке тауық, көгершін балапандары тіршілігінің алғашқы күнінен бастап 3-4 айлығына дейін және сақа құс шалдығады.

Аурудың шығуы мен жұғуы. Ауруды негізгі таратушы - ауру және ауырып жазылған құс, микраб түскен азық, су, жабдықтар, жабайы құстар, кеміргіштер. Ауырып жазылған құс бактерия таратқыш болғандықтан зақымданған жұмыртқа салады, мұндай жұмыртқадан ауруға шалдыққан балапан шығарылады. Ауру асқазан зақымданған, тері, тыныс жолы арқылы жұғады.

Белгілері. Жасырын кезеңнің ұзақтығы 1-2 күн. Құс мең-зең болады, жемнен қалады, қанаты салбырайды, қауырсыны үрпиеді, тынысы жиілейді. Аяқтары әлсірейді, жүрген кезде құс теңселіп тәлтіректейді. Ауру құс үрпиіп кетеді, жиналып бір жерге тығылады, олардың кейде көздері жасаурап іріңдейді, қабақтары жабысып қалады, тоқталмастан іші өтеді. Айналшық маңындағы қауырсын саңғырықпен ластанады. Үйрек балапандары кейде дірілдеп сіреседі. Жітілеу түрінде құстың буындары ісініп кетеді, ауырады, аяқтарының әлсіздігі айқын байқалады.

Қылаудың созылмалы түрімен 1, 5-4 айлық балапан және сақа құс ауырады. Ауру құстың өсуі тежеледі, ол әбден ариды, кейде қылау, өкпе қабынуы, шемен, сальпинит, оофорит сияқты аурулармен қосақтаса жүреді. Ауырып жазылған құс бактерия таратқыш келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паратуберкулез
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Жануарлардың туберкулезі
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде жылқылардың жұқпалы анемиясының шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Жануарлардың ішкі аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz