Миксоматоз


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Миксоматоз» атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 1 кестені қамтиды.

.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Қояндардың миксоматозы - көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, сыртқы жыныс мүшелерімен дененің басқа да телімдерінің тері асты шелінің домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

Мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады

Көтерінкі реактивтілік күйі - гиперергия

Бәсең - гипоергия

Қалыптан тыс - дизергия

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету

Гермафродит - қосжынысты

Шистосомата - дара жынысты

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Холангит - өт жолының қабынуы

Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Геогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық суларда, шөп сабақтарында, азықтарында кездеседі

Биогельминттер - жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада немесе аралық ие денесінде болады

Қысқартулар мен белгілер

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

°C - градус

% - пайыз

.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Миксоматоз ауруы . . . 10

1. 1. 1Қояндардың миксоматоз ауруының алдын алу шаралары . . . 10 1. 1. 2Қояндардың миксомотоз ауруы шыққан жағдайда қолданылатын іс шаралар . . . 10 1. 1. 3Қоянның миксоматоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі . . . 11

1. 2 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері . . . 13

1. 3 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары . . . 15

1. 4 Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы . . . 17

1. 5 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 18

1. 6 Індет ошағы туралы түсінік . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады.

Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты.

Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) . Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады.

Қояндардың миксоматозы - көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, сыртқы жыныс мүшелерімен дененің басқа да телімдерінің тері асты шелінің домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

Қояндардың миксоматозын ауруға тән клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер, індеттанулық деректер және зертханалық тексерудің (биосынама, микроскопия) нәтижелеріне негізделеді.

Аурудың жасырын кезеңінің соңында қан сарысуында антиген - антидене - комплемент кешендері пайда болады.

Ауруды анықтау үшін 10-15 процент формалиндегі ерітіндіде патматериал алынады, барлық ауру індеті таралмауының шарасы қарастырылады. Патматериалды гистологиялық тексеру үшін, мұз салынған термос арқылы зертханаға тасымалдайды. Егер тексеру нәтижесіз болса немесе ауру белгілері байқалмаса, онда биосынама қойылады.

Миксоматоздан сау шаруашылықта шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, мал егелері - азаматтар, қоянның егелері, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшылары, мамандары аурудың алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге міндетті [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - миксоматоз ауруын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Миксоматоз ауруы

Қояндардың миксоматозы - көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, сыртқы жыныс мүшелерімен дененің басқа да телімдерінің тері асты шелінің домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

Қояндардың миксоматозын ауруға тән клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер, індеттанулық деректер және зертханалық тексерудің (биосынама, микроскопия) нәтижелеріне негізделеді.

Аурудың жасырын кезеңінің соңында қан сарысуында антиген - антидене - комплемент кешендері пайда болады.

Ауруды анықтау үшін 10-15 процент формалиндегі ерітіндіде патматериал алынады, барлық ауру індеті таралмауының шарасы қарастырылады. Патматериалды гистологиялық тексеру үшін, мұз салынған термос арқылы зертханаға тасымалдайды. Егер тексеру нәтижесіз болса немесе ауру белгілері байқалмаса, онда биосынама қойылады.

1. 1. 1Қояндардың миксоматоз ауруының алдын алу шаралары

Миксоматоздан сау шаруашылықта шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, мал егелері - азаматтар, қоянның егелері, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшылары, мамандары аурудың алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге міндетті.

1. 1. 2Қояндардың миксомотоз ауруы шыққан жағдайда қолданылатын іс шаралар

Миксоматоз ауруының белгілері байқалған шаруашылықта, елді мекенде ветеринариялық маман клиникалық белгілері бар және күдікті қояндарды бөліп алып, оқшаулайды. Ол жөнінде жергілікті ветеринариялық инспекторға және аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға болған жағдайды хабарлайды.

Аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор болған жағдаймен хабардар болғаннан кейін, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенін және ауруды болдырмаудың шаралары жөнінде тапсырма береді.

Алынған патологиялық материалды (өлген қоянның денесін немесе жараланған терінің бір бөлігін), сынама алудың ережелерін қатаң сақтай отырып, ветеринариялық зертханаға (ветеринариялық органның - облыстық, қалалық, аймақтық, республикалық) немесе тиісті ғылыми зерттеу институтына тез арада миксоматоз ауруына тексеру жүргізу үшін жолдайды.

Карантиндік шаралар

Жіберілген патматериалдан қоянның миксоматоз ауруының балауы анықталғаннан кейін, шаруашылық субъектісіне Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 - бабының 1- тармағына сәйкес шектеу жариялау шығарады.

1. 1. 3Қоянның миксоматоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі

Осы қоянның миксоматоз ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 - бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

Жалпы ереже Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
Биологиялық сынама - балау және ауыру қоздырғышын бөліп алу үшін лабораториялық жануарларды жұқтыру.
Қауіпті аймақ деп кояндардың миксоматоздық вирусы ене алатын елді мекен бекеті, жануарлар фермасы, қояндар бағатын мекенді және басқа аймақты санайды. Қоянның миксоматоз ауруын жою жөнінде
атқарылатын іс шаралар

Қолайсыз бекетте миксоматоз ауруын жою үшін келесі шаралар атқарылады:

1) қоян шаруашылық аумағынан кіре берісте 3 процентті күйдіргіш натрий ерітіндісі бар дезбарьер орналастырады. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшін барлық шаралар қолданылады;
2) күнделікті қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа насекомдарды құрту үшін дезинцекция жұмыстарын жүргізеді;
3) қояндарды күтуші-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға таза жұмыс киімдері және аяқ киімдері ауыстырылып беріліп отырады;
4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, азықтарды, жем шөпті және басқа заттарды ары-бері тасымалдау тоқтатылады;
5) Мамандардың киетін жұмыс киімдері және аяқ киімдері пароформалиндік камерада залалсыздандырады.

Қолайсыз бекетте орналасқан барлық қояндарды екі топқа бөледі:
- бірінші - миксоматоз ауруы деп танылған және ауруға сезікті жануарлар.

Бұл топқа мынадай клиникалық белгілері танылған қояндар жатады: конъюнктивит, ринит, жануарлардың басында, құлағында, аяқтарында опухоль немесе қауіпті ісіктің болуы және басқа;

- екінші - миксоматоз ауруына бейім жануарлар, бірақ клиникалық белгілері байқалмаған, қоян бағатын орындарда, оңашаланған кешеннің секторында, бөлек қорада, елді мекенде, оның бөлімшесінде ауру мал шыққан, сақталған және онымен бір бағым күтімде болған жануарлар.

Бірінші топқа жататын жануарларды сол тұрған жерінде сояды, сол жердің өзінде өлтіріп, жояды. Сойған немесе өлген қоянның денесін терісімен қоса утилге жібереді. Қоражайға дезинфекция жүргізіледі.

Екінші - миксоматоз ауруына бейім жануарлар, бірақ клиникалық белгілері байқалмаған жануарларды, қолайсыз бекеттің өзінде қоян бағатын орындарда, оңашаланған-оқшауланған оңтайлы орында ауру қоздырғышының таралуына жол бермеу мақсатында, ветеринариялық санитариялық ережелерді сақтай отырып сою жұмыстарын атқарады.

Қояндарды және оның өлекселерін шаруашылықтан оны жоятын орындарға жеткізу үшін, арнайы дайындалған автокөлік арқылы, жол жөнекей сыртқы ортаны ластанудан, індеттен қорғаудың ережелерін сақтай отырып, ветеринария мамандарының бақылауымен атқарылады.

Ауру жұққаны күдікті қояндарды сойып, етін қайнатқан соң пайдалануға жібереді, ішкі ағзаларын осы нұсқаудың 15 тармағына сәйкес жояды.

Қоян терісін дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейін және шектеу кезінде, қоян терілерін бромды метилмен вакуум камерасында залалсыздандыруға жібереді.

Қолайсыз бекетте барлық қалған аурудан таза, клиникалық белгілері байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцинамен егеді, ауруды таралмас үшін, барлық кешенді ветеринариялық-санитариялық шараларды атқарады.

Әрбір мал басына ветеринариялық бақылау күнделікті жүргізіледі. Қауіпті аймақтағы атқарылатын шаралар.

Миксоматоздан сау емес қауыпты аймақта шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, мал егелері - азаматтар, қоянның егелері, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшылары, мамандары және мемлекеттік ветеринариялық қызметтің мамандарының міндеті:
- аурудың алдын алу үшін, елді мекендегі шаруашылық аймағында ауру қоздырғышын жібермеу мақсатында, жалпы ветеринариялық - санитариялық сақтық шараларының жоспарын жасайды;
- миксоматоз ауру ошағы орналасқан қауыпты елді мекендермен, шаруашылықтармен шаруашылық қарым-қатынасты шектейді;
- қояндарды бағып-күтуде ветеринариялық-санитариялық режимді қатаң сақтап, қалыптастырады және қояндардың денсаулығын күнделікті қатаң бақылап отырады.

Қояндарды бағып күту үшін, күтуші адамдар бекітіледі. Олар күнделікті жұмыс киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырып отырады.

Және жеке басының тазалық гигиеналық құралдармен (сүлгі, сабын, дезинфекциялық ерітінділермен) қамтамасыз болады.

Миксоматоздан сау емес қауыпты аймақта, барлық насекомдарды, эктопаразиттерді және кеміргіштердің ошақтарын тауып, оларды жоюдың барлық шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

Шаруашылықта, оның қай меншікке жататынына қарамастан, қояндардың нақты есебін жүргізеді, шаруашылық субъектілерінің басшыларына жазба түрінде, мал егелері - азаматтарға, қоянның егелеріне, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшыларына, мамандарына іс-қағаз жүзінде, шаруашылықтан қояндарды және оның өнімдерін алыс-беріс, алып сату, кіріп-шығуды, қозғалысты, жәрмеңке ұйымдастыруды тоқтату туралы ескерту жасалынады.

Миксоматозға қауыпты аймақта, барлық қояндарды миксоматозға қарсы вакцинамен, оның тиісті қолдану туралы нұсқамасына сәйкес егу жұмыстары жүргізіледі.

Карантинді алу және шектеуді тоқтату

Қояндардың миксоматоз қолайсыз бекетінен шектеуді Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 - бабының 3- тармағына сәйкес шектеу шаралары тоқтатылады.

1. 2 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері

Ал кейбір аурулар мен-барлық малдың түрі және адамдарда ауырады, қауіпті-оны зооноздар және антропозооноздар дейді. Олар бруцеллез, туберкулез, құтыру, күйдіргі және басқалар.

Соған байланысты әрбір малдәрігернің басты міндеті жұқпалы аурулармен күресу, жұқпалы ауруды болдырмау, және малдар арасына таратпау болып табылады. Ондай күресу әрекетін ескерту, болдырмау немесе профилактика (алдын алу, сақтандыру) дейді.

Ең басты мәселе шарушылықта, ауылда, әкімшілікте ауруды болдырмау, ауруды уақытылы білу ауру малды анықтау болған жагдайда оны әрі қарай таратпау, ол ауру шыққан жерде (ауру ошағында) ауруды жою болып табылады.

Ауру тудыратын себебіне (ауру қоздырғышына) организмге байланысты ауруды инфекциялық (жұқпалы микроб, вирус, саңырауқұлақ, риккетсий) аурулар, ал қоздырғышы (кұрттар, жай жануарлар, шыбын-шіркейлер) жануарлар болса - инвазиондық аурулар деп бөледі.

Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Бұл ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан-жақты қолданылады.

Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты індеттің адамдар мен жануарлар арасында таралуын бірге қарастыруға тура келеді. Малдан адамға, керісінше, адамнан малға жұғатын аурулар біршама. Бұдан келіп медициналық індеттану (эпидиомиология) мен ветеринарлық індеттанудың (эпизоотология) тікелей байланыстылығы туады.

Жұқпалы ауруды зертханалық зерттеуге, бактериологиялық, серологиялық, биологиялық тексерулер жатады.

1. Бактериологиялык тексеру

Жұқпалы аурудың қоздырғышын табу үшін, зертханаға ауру малдың өлігін

ішкі органдарын, немесе ауру малдан бөлінген зәр, қи, тыныс мүшелерін жыныс мүшелеріннен, асказан мүшелеріннен бөлінген заттарды жібереді.

Жіберілген материал өте жаңа болу шарт. Материалды зерттейтін кұрал-саймандарда таза стерильді болуы шарт.

Алынған материалды жіберер жақсылап орау керек. Ол микроб далаға түспеу керек.

Егер микроб далаға түссе ауру тарауға себепші болады. Ауыру тараудың көзі болуы мүмкін.

Бактериологиялык тексеруде микроскоп коданылады микроскоппен микробтың іздейді және микроб табса одан себіс (посев) жасайды. Тағыда себістен жалақ жасап микроскопта тексереді. Сонымен, қатар зертханалык малдар; колдан ауртады. Одан соң о лмалдарды сойып тағыда микроскоппен көреді. Микробтың формасын, көлемін, микробтың орналасуын т. б ажыратады.

Сондай-ақ микробтың боялу қасиетін (граммоң, граммтеріс боялу) қасиеттерін анықтайды.

2. Жұқпалы ауруларды серологиялық жолмен тану әдісі

Серологиялық ауру тану әдісі деп ару малдың канындағы сарысудағы Арнайы денешікті (антителаны) табуды, аныктауды айтады. Ол үшін дайын арнайы кан сарысуындагы антигенді пайдаланылады Қазыргі кезде бұл әдіс кеңінен колдануда. Оның ішінде аглютинация реакциясы (РА), коплемент байланыстыру реакциясы (РСК) және преципитация реакциясы (РП) әдістері кеңінен колдануда. Ол үшін ауру малдан пробикада қан алып лабораторияға жібереді.

Зертханада дайындалған нұскау (инструкция канды реакцияға қойып олардың қорытындысын хабарлайды осындай әдіспен бруцеллез, туберкулез, Ауески т. т. тексеріледі.

Ауру шыкса онда ауруды таратпау үшін іс шара жасалынады. Оны осы кітапшадан окып білесідер.

Агглютинация реакциясы-бруцеллез, паратиф, құс пуллорозы т. б. анықтау үшін колданылады. Ол ауру малдың қан сары суындағы антителаны -агглютининді белгілі антиген (бұрынан дайындап койған қоздырғышпен) реакциясы арқылы анықтайды.

Егерде тексерілетін ауыру малдың қан сары суында антитела болса антигенмен агглютиннацияға түсіп (жабысып-склейвания) болады. Оң реакция кезінде пробиркада тұнба пайда болады. Оны сәл сілкісек тарап кетеді. Сары судағы антителаны мүмкіншілігінше сұйылтады, (талаусырау) пайда болады. Былайша айтканда аурудың ерекше клиникалық белгілері терінің қызаруы, бөртуі, күлдіреу, демігу, жүрек қызметінің нашарлауы, әр жерлерде ісіну пайда болады.

Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің күшейуі. Мысалы туберкулезбен ауырған малға туберкулин - (ол туберкулез микробын бульонда сорпада) өсіріп, оны сүзіп (фильтрден өткізіп) алынған сұйық (фильтратты), парентеральды ексе, организмде аллергиялық реакция пайда болады.

Кей жағдайда аллергиялық реакция пайда болмай қалады - оны анергия - дейді.

Анергия-екі жағдайда болуы мүмкін. Бірінші организмде қорғаныс күштер күшті (антитела күшті болғанда), екінші, аурумал организмі өте нашарлап кеткенде, егілген аллергнеге организм жағдаиы жауап болады.

Аллергендер (туберкуллин, маллеин, бруциллолизат) жэне басқада түрлері өндірісте жиі қолданылады. Мысалы, аллергиялық тексерулер жүргізу қолданамыз.

1. 3 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары

Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы бар) қауіпті зона делінеді, -ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық деп бөлінеді.

Мал дәрігерлік уставқа сәйкес аурудан таза емес шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді. Шаруашылыққа карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады.

Карантин ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ. Дезбарьер орнатып, күндіз түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т. б. кіріп шығуды тоқтатады, ол үшін көрсеткіш белгі қойылады, Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі.

Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң қорытынды дезинфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.

Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі: 1) ауру мал 2) ауыруған күдікті мал 3) уақытша күдікті сау мал. Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда мал дәрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммунды сывороткамен вакцинация жасайды. Ауру шыққан жердегі малдарды союға, кастрация -қан алуға болмайды.

Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық құрал -саймандарды заласыздандырады, қора - қопсыны жөндейді, әктейді, айналаны тазалайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лабораториялық жануарлар
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
Көжек азықтандыру нормасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz