Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Құстың туберкулез ауруы . . . 9
1. 1. 1Құстың туберкулез ауруының шығуы мен жұғуы . . . 9
1. 1. 2Құстың туберкулез ауруының клиникалық белгілері . . . 9
1. 1. 3Құстың туберкулез ауруындағы өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер . . . 9
1. 1. 4 Құстың туберкулез ауруын анықтау . . . 9
1. 1. 5Құстың туберкулез ауруынан арылу және одан сақтану шаралары . . . 10
1. 2 Ірі қара туберкулезі . . . 10
1. 3Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 14
1. 4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 17
1. 5 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 18
1. 6 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 19
2 Өзіндік зерттеу . . . 21
3Техника қауіпсіздігі . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте, 2 сурет қамтылды.
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ПВС-поливинилді спирт
РНК - Рибонуклеин қышқылы
ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы
млн - миллион
т. б. - тағы басқа.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады. Оның бірі құс туберкулезі ауруы. Бұл ауру, малдардың көптеп ауырып, олардың өнім беруін төмендетіп, өлімді көбейтіп, құс арасында көптеген шығындарға душар етеді.
Туберкулезге үй құсы да, жабайы құс та шалдығады. Үй құстарынан жиі тауық, күрке тауық, сирек үйрек, өте сирек цесарка және қаз ауырады.
Індеттің таралуының негізті көзі - ауырып жүрген құс, микроб түскен су, азық, күту құрал-жабдықтары және басқа туберкулез қоздырғышын тышқан мен көртышқанның тасымалдауы мүмкін. Туберкулез асқазан және ауа арқылы да жұғады.
Жасырын кезең 2 айдан 12 айға дейін созылады. Ауру құс бірте-бірте арықтайды, оның тәбеті қашады, жалпы күйі нашарлайды. Айдары, сырғалары, аузының және көзінің кілегейлі қабығы бозғылт тартады, буындары жуандайды, ақсайды. Ауру созылмалы болады, 2-3 айдан бір жылға, кейде одан да ұзақ мерзімге созылады. Бауырының азғындауы босаңсып жұмсаруы салдарынан құс кенеттен өледі. Туберкулез құс өлгеннен кейін осы ауруға тән қатты түйіндер және зақымданған органдардан жұғынды алу негізінде анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Құстың туберкулез ауруы
Қоздырғышы - МуcоЬасtегіum tubегсulosis avium.
Ауруға бейімділік. Туберкулезге үй құсы да, жабайы құс та шалдығады. Үй құстарынан жиі тауық, күрке тауық, сирек үйрек, өте сирек цесарка және қаз ауырады.
1. 1. 1Құстың туберкулез ауруының шығуы мен жұғуы
Індеттің таралуының негізті көзі - ауырып жүрген құс, микроб түскен су, азық, күту құрал-жабдықтары және басқа туберкулез қоздырғышын тышқан мен көртышқанның тасымалдауы мүмкін. Туберкулез асқазан және ауа арқылы да жұғады.
1. 1. 2Құстың туберкулез ауруының клиникалық белгілері
Жасырын кезең 2 айдан 12 айға дейін созылады.
Ауру құс бірте-бірте арықтайды, оның тәбеті қашады, жалпы күйі нашарлайды. Айдары, сырғалары, аузының және көзінің кілегейлі қабығы бозғылт тартады, буындары жуандайды, ақсайды.
Ауру созылмалы болады, 2-3 айдан бір жылға, кейде одан да ұзақ мерзімге созылады. Бауырының азғындауы босаңсып жұмсаруы салдарынан құс кенеттен өледі.
1. 1. 3Құстың туберкулез ауруындағы өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер
Бауыры мен талағы 1, 5-2 есе ұлғайған және бұл органдарда үлкендігі көкнар мен тары дәніндей немесе олардан да көлемді туберкулез түйіндері кездеседі. Мұндай түйіндер өкпеде, ішектерде, жемсауда, бүйректе, аналық безде, аталық ұрық безінде, жүрек етінде, сүйек майында, жемсау безінде және басқа бездерде болады.
1. 1. 4 Құстың туберкулез ауруын анықтау
Туберкулез құс өлгеннен кейін осы ауруға тән қатты түйіндер және зақымданған органдардан жұғынды алу негізінде анықталады.
Құстың тірі кезінде туберкулез денеге туберкулин енгізу арқылы анықталады.
Құс туберкулині тауық сырғасының терісіне, ал үйрекке - жақ асты терісіне 0, 1 мл мөлшерінде жіберіледі.
Егер туберкулин егілген жерде ұсақ бұршақтың мөлшеріндей түйін пайда болса, ол туберкулиннің дұрыс енгізілгенін көрсетеді.
Туберкулин әсері 30-36 сағаттан кейін анықталады.
Осымен қатар туберкулезге шалдыққан құсты анықтау үшін агглютинация реакциясының қан тамызу әдісі (ККРА), онымен бір мезетте туберкулез антигені қолданылады.
Туберкулезді қоздыратын әдеттегі бактерияларға қоса тауықта қышқылға, төзімді келетін туберкулез бактериялары болады, олармен зақымданғанда, да аллергия құбылысы байқалады және туберкулин енгізгенде оң реакция алынады, бірақ туберкулезге тән патологиялық-анатомиялық өзгерістер болмайды.
Мұндай жағдайда туберкулинге оң реакция берген құстың туберкулезге шалдыққандығы жарып қарау нәтижесіне қарай анықталады.
1. 1. 5Құстың туберкулез ауруынан арылу және одан сақтану шаралары
Туберкулезбен ауыратын барлық құс, сою орнына жөнелтіледі. Сойылғаннан кейін бүкіл ұша жарып каралады және мал дәрігерлік бақылаудан өткізіледі.
Балапандарды сақа құстан бөлек күтіп, өсіріледі. Туберкулезден арылудың ең тиімді жолдарының бірі-сақа құстың орнына бөлек ұсталып, өсірілген балапандарды (күзде) қалдыру, құсты жақсы дезинфекцияланған қорада ұстау.
Туберкулезден сақтандыру мақсатында санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асырудың шешуші мәні бар.
Құсты дұрыс азықтандыру және жақсы күту, санитарлық-профилактикалық талаптарды орындап отыру - құстың туберкулезге төтеп беру қабілетін күшейтудің негізі.
1. 2 Ірі қара туберкулезі
Қоздырғышы -Мycobacterium tuberculosis. Мycobacterium bovium, Мycobacterium avium, Мycobacterium humanus.
Туберкулездің қоздырғышы жіп-жіңішке түзу немесе жіңішкелеу келген, ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1, 5-5 микрон таяқшалар болады. Бактериялық спора немесе сауытша немесе капсула түзбейді, Грам әдісімен боялады, жылжымайды.
Туберкулезді қоздыратын микобактериялар қышқыл мен спирт әсер етпейтін таяқшалар қатарына жатады. Олардың минералды қышқыл және спиртпен өңдегенде түсін өзгертпейді. Сондықтан мұның негізінде туберкулез таяқшаларын бояуда дифференциялды, Циль-Нильсен әдісін қолданады. Патологиялық материалда таяқшалар шағын-шағын топ-топ болып, қатар-қатар немесе ұштары түйісіп жатады.
Туберкулез қоздырғыштарының пайда болуына және патогендік қызметіне қарай, оларды үш түрге бөледі.
- Мycobacterium bovium - бұл көбінесе ірі қара туберкулезінің қоздырғышы.
Бактерияның бұл түрі күйіс қайыратын уақ түліктерде де, шощқа мен жылқыда және құстардан да кездеседі. Мұны адамнан да жиі табады.
Бактерияның бұл типтерінің әсерінен адамда және жануарларда пайда болған патологиялық процестер едәуір бүлінеді, кейде орасан зиян келтіретіні де жиі кездеседі.
2. Мycobacterium avium - бұл құстар туберкулезінің қоздырғышы. Мұны шошқадан да, кейде ірі қарадан да табуға болады. Кейбір жағдайларда, мұны адамнан да табады. Бірақ адам мен құс хайуанаттардың қоздырғышы, көбінесе туберкулез сырқаты шектен шықпай жеңіл түрде өтеді.
3. Мycobacterium humanus - бүл адам туберкулезінің қоздырғышы
Аурудың жұғатын көздері мен жолдары. Мал түліктері мен құстарға туберкулездің жұғатын көздері: ауру малдар мен одан алынатын (сүт) өнімдері, ауру малды сойған кезде қалатын қалдықтары, ауру малдардан қалған шөп, су, төсеніш, жайылым дәрімен тазартылмған жағдайда жүғады.
Туберкулезбен ауырған мал мен сау мал қосылып бірге тұрған кезде, ауру малдың өңешінен сілекейіне араласып, сыртқа шыққан туберкулез бактериясы ауыз қуысы мен танау кеңсірігінің кілегей қабығына, көз бен қабақтың арасындағы мөлдір қабығына түсуі ықтимал.
Сондай-ақ туберкулез таяқшалары залалданған жемшөппен суға араласып, ас қорытатын және ылғалды ауамен шаң-тозаңға араласып тыныс мүшелері арқылы ішке енеді.
Алайда, жыныстық қатынас жолдары мен сыртқы терінің ақаулануы арқылы туберкулездің жұғуы сирек кездеседі.
Бұдан гөрі санитарлық жағдай сақталмаған жерде, мал қоралары қапырық, тар және қажетті желдеткіші болмағанда, оның үстіне малға суық тиіп, бөгде бір сырқатқа ұшырап, организмі әлсіреген жағдайда, сондай-ақ таза ауада тынықпай, ұзақ уақыт жол үстінде тасымалдануда болып, қажетті белоктары, витаминдері аз, құнарсыз жемшөппен азықтанған жағдайда туберкулез ауруы асқынып өрши түседі.
Аурудың белгілері. Туберкулездің алғашқы жасырын кезеңі бірнеше айға созылуы мүмкін. Ірі қараның туберкулезге өкпесі, ішектері, желіні шалдығады. Басқа мүшелері сирек ауырады. Өкпесі туберкулезге шалдыққанда жөтел пайда болады.
Аурудың алғашқы кезеңінде жөтел қатты, үзілмелі және құрғақ болады. Өкпені туберкулез дендей бастаған кезде жөтелдің дыбысы ылғалданып, сырылдап шығатын болады. Күркілдеп қатты жөтелгенде өңештен сары-іріңді жалқық сыртқа шығады.
Өкпеде жара пайда болған кезде кеудесі сырылдап немесе дымқыл қырыл естіледі.
Туберкулез ошақтарына таяу тұрған лимфатиялық түйіндері қабынып, бұдырлана ісініп тұрады. Туберкулезге шалдыққан малдың қоңдылығы бірте-бірте төмендей бастайды.
Ішек туберкулезі баяу дамып, ауру малдың тәбеті қашады, әлсін-әлсін іші өтіп, жүдей бастайды. Мұндай ауруға шалдыққан малдың нәжісімен қанды іріңді жалқық араласып шығады.
Шошқаның туберкулезге, көбінесе жұтқыншақтағы, жақ сүйектегі және мойындағы сөл түйіндері ауырады. Бұлар - ісініп зардап шектіреді, жақ пен бастың қимылдауы қиындай түседі.
Ал, шошқаның басқа мүшелері туберкулезбен ауырғанда ірі қара ауруы сияқты, белгілері ұқсас болады.
Басқа түліктердің де туберкулез ауруының клиникалық белгілерінің жоғарыда көрсетілгендерден айырмасы болмайды.
Өлекседегі патолого-анатомиялық өзгерістер. Өкпе туберкулезіне шалдыққан малдың өңеш пен кеуде қуысының лимфатиялық түйіндері ұлғайып, қатайған дөңес болып тұрады.
Өкпенің тканьінен туберкулездің ошағы мен кавернасы көрінеді, олардың қуыстары ірімшік түстес немесе іріңге ұқсас затқа толы.
Сондай-ақ бүлінген ұсақ-ұсақ дүмпулер жылтырап тұр. Кеуде мен арқа қуысының туберкулезге ұшыраған сірі қабықтарының дәнекер тканьдері ісініп, оған туберкулездің түйіншектері шоқ-шоғымен іліп қойғандай тізіліп тұрады.
Ал, туберкулезге шалдыққан ішектің қатпарлы табақшаларынан және қыртыстарынан түйін бездер мен ойық жаралар табылды.
Бүйрек, бауыр және басқа органдар туберкулезге шалдыққанда бұл мүшелердегі жансызданған тканьдер ірімшіктей өзгеріп туберкулездің айқындалған ошағы пайда болады.
Ауруды анықтау. Туберкулез ауруын клиникалық белгілерге, потолого-анатомиялық өзгерістерге, микроскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге, сондай-ақ серологиялық және аллергиялық реакциялардың көрсетулеріне қарап анықтайды.
Ауруды анықтауда туберкулин көмегінің, оның ішінде терінің ішкі жағынан және көзден алынған туберкулиндік пробаны аллергиялык жолмеи қолданудың практикалық мәні зор.
Терінің ішкі жағына жіберетіи туберкулиндік пробаны үлкенді-кішілі сиырға, шошқа мен құсқа жасайды.
Тәжірибеге алған малға екі рет туберкулин егеді. Бірінші және екінші егудің арасында 42-72 сағат уақыт өтуге тиіс.
Малдың түлік түріне, жасына қарай туберкулиннің 0, 1-0, 2. мл мөлшерімен қалың теріге мына төмендегідей мөлшерде егеді; ірі қараға жуан мойынның жақтаулығына таяу, немесе құйрық жағындағы қатпарлардың арасынан, ал бұзау мен ешкіге жауырынның тұсынан, шошқа мен қойға негізгі құлақ қалқанының түбінен егеді.
Туберкулинді еккеннен кейін оның беретін реакциясын 48 сағаттан кейін одан соң 72 сағаттан кейін қарап, қорытындылайды.
Егер туберкулин егілген жердің орнына ешбір ауырғандығы білінбейтін қамыр тәріздес жұмсақ, мөлшерлі диаметрі 35-40-тан 100-120 мм-дей болып ісінген консистенция (ертінді және сұйық заттық жұмсақтық, қоюлық дәрежесі) пайда болса, мұны оң реакция деп, ал ісіну анық білінбесе, мұны күмәнді реакция деп, ал егер ісінген белгісі болмаса, мұны теріс реакция деп есептейді.
Күмәнді немесе теріс реакция берген малға бірінші рет егілгеннен кейін екінші рет, 48-72 сағат уақыттың арасында, сол бірінші рет егілген орынға алғашқы мөлшер бойынша, қайтадан (екі рет) туберкулин егеді.
Сөйтіп, екінші рет егілген туберкулиннің реакциясын 48 сағат уақыт өткеннен кейін, бірінші реттегі жағдайдағыдай көрсеткіштері бойынша қорытындылайды. Екі ретте де күмәнді реакция керсетілсе, оны оң реакция деп есептейді.
Көзді туберкулиндік жолмен сынау - ірі қара малына қолданады. Мұны екі рет қолданады. Туберкулинді бірінші рет және екінші рет қолдану аралығында 5-6 күн өткізеді.
Туберкулинді дәрі тамызатын пипетка арқылы екі-үш рет көздің дәнекер қабына тамызады. Туберкулинді қолданған соң әрбір 3, 6, 9, 12 және 24 сағаттан кейін реакциясын есепке алады.
Оңды реакция кезінде көздің дәнекер қабы ісініп, қатты қызарады, қабақтың астын іріңді жалқық кернеп немесе ол жарылып ағады. Күмәнді реакция кезінде көздің дәнекер қабы ісініп қызарғаны, сондай-ақ көзден жас ағуы онша байқалмайды.
Ал теріс реакция жағдайында, туберкулинді қолданғаннан кейін, ешбір өзгеріс болмайды.
Бірінші рет қолданған туберкулинге теріс немесе күмәнді нәтиже берген малдардың барлығына, алғашқыдағы сияқты сол көзге, бұрынғы мөлшер бойынша екінші рет туберкулин қолданады.
Сақтандыру және қарсы күресу шаралары. Туберкулезбен ауырған малдарды ертерек білу үшін, жыл сайын туберкулинизация жасалынады: ірі қараға жылына екі рет - көктемде және күзде, шошқа, ешкі және тауықтарға жылына бір рет жүргізіледі.
Туберкулиннің егілуіне оң реакция берген шошқа мен ешкілерді союға жөнелтеді. Сондай-ақ құстардан туберкулез шыға қалса, оларды да союға әкетеді.
Ал қора-жайды қолма-қол тазартып дезинфекциялайды. Тауықтардын, саңғырығын үш ай бойы биотермиялық әдіспен дезинфекциялайды. Қора-жайларды карбол қышқылының 3 %-тік ертіндісімен, креолиннің 5%-тік ерітіндісімен немесе хлорлы бордың 15-20 %-тік ерітіндісімен дезинфекциялап отырады. Туберкулезбен ауыратын ит, мысықтарды жояды.
Аурудан сақтандыру шараларының мақсаты - аурудан аман шаруашылықтарға таралып кетпеуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты отардағы мал басын толықтыру кезінде, туберкулез ауруына шалдықпаған шаруашылықтардан ғана мал алынуға тиіс.
Мұнымен қатар. шаруашылыққа жаңадан әкелінген малдардың бәрі түгелдей, 30 күндік сақтандыру карантинде тұрып, туберкулез ауруын зерттеуден өткізілуі қажет.
Аурудан сақтандыру жолында жүргізілген күрестің ішіндегі ең маңыздысы - малды құнарлы жем-шөпке тойдырып, санитарлық-гигиеналық жақсы жағдайда баптап ұстау.
Өйткені, бұл көрсетілгендер туберкулез ауруының жұқпауына кепіл бола алады.
1. 3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау
І ндеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады.
Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады.
Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау - індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады.
Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайдаланылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі.
Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады.
Соңымен саластырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz