ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫ


ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫ
Бүгінгі күні кеңестік империя ыдырап, коммунистік қағидалар келмеске кетіп, уақыт әр нәрсені өз орнына қойып жатқан заманда бұрын бұрмаланып келген қазақ-жоңғар соғысы туралы шындықгы қалпына келтіру керек.
Қазақ елінід өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен 100 жылға жалғасқан қазақ-жоңғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көпшілігіне арналған еңбектерде 1729-1730 жылдардағы Аңырақай шайқасына дейінгі кезенде 1711, 1718, 1723-1727 жылдардағы қазактардың жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтардың елін, жерін қорғауын, ерен ерліктерін төмендетуге тырысушылықтың бар екенін байқаймыз. Тіпті қазақтардың жеңісін бұрмалап, қазақтар халық ретінде жоқ болып құрып кетер еді деп жазғандар да болған. Қазақ хандығы жойылды, қазақтар түгел босқын болды деп көрсетуге ыңғай білдіретін пиғылдар да болды. Мысалы, М. Тевкелев өзінің Ресейге жазған бір хабарламасында: "Қазақ елі Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген, ешқашан тыныштық көрмеген еді. Қашып, босып жүріп, малынан да, кейде тіпті қатын-баласынан да айырылып, өз бастарын сақтау үшін бас паналайтын жаққа кетті. Жоңғар қалмақтары шапқанда былай қашты, башқұрттар шапқанда кері қашты. Ал, Еділ бойындағы қалмақтар мен Жайық бойындағы орыс, Сібірдегі орыс-казактар бас салғанда, барар жер, басар тау таппай қалды" деген сөзі сақталып қалыпты.
Тевкелевтен кейін орыс тарихшылары қазақ-жоңғар соғысын жазғанда қазактардың мемлекеті жоқ болып кетті, қазақтар елін, жерін қорғаған халық емес, "Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген" деп, андарға теңеуден бастады.
Ал, жалпы алғанда, басаяғы жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы, Тевкелевтің пікірінше, тек Ресейге қосылудың алғы шарты болды делініп, қазақтың өз алдына дербес өмір сүре алмайтынының бір белгісі ретінде ғана карастыры-лады. Осы секілді жалған пікірлер Ш. Уәлихановтың еңбектерінде де кездеседі. Қазақ-жоңғар соғыстарының бірі болған 1723 ж. уақиғаны Ш. Уәлиханов тым әсірелеп: "Қан-құмар жоңғарлар өкшелей қуған қазақтар бейнебір үріккен киіктей жол бойы дүние-мүлкін, жүре алмай қалған жас балаларын, қартгарын, арык малдарын тастап . . . босып кетті . . . " -деп жазған еді.
Ал Қазақ ССР тарихының I томында: "1723 ж. жоңғар шапқыншылығынан Орта жүз бен Ұлы жүз руларының кепшілігі қатты күйзеліске үшырап, мал-жандары қырылды. Ел топ-топ болып бас сауғалап, Оңтүстік пен Шығысқа қарай қашты. Тек Ресеймен қарым-қатынастың күшеюі, орыстардың туысқандық қалтқысыз көмегі қазақ халқының азаттық күресіне көмектесіп, оларды жау тепкісінде қалу қаупінен құтқарып қалды", - дейді.
Ал анығына келсек, қазақтар "үріккен киіктей" немесе "ит қуған қояндай" қаша бермеген. Ол туралы архивтік де-ректер орыс ғалымдарының еңбектерінде, қазақтардың батырлар жыры және шежірелерде бар.
Бір айта кететін мәселе қазақтардың "ит қуған киіктей немесе қояндай қашқаны" туралы сөз жоқ. Архив құжаттарымен қоса, қазақтардың 1723 ж. өз жерін ерлікпен қорғағаны туралы орыс авторларының, соның ішінде "Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей под руководством Щербины Ф. А. (Том 1-12, Воронеж. 1898-1909 жж. ) деген еңбектің 1-12-томының барлығында қазақтардың өз жері мен елін ерлікпен қорғағанын көреміз. Мәселен, Ф. А. Щербина: "Шідерті өзенінің жоғарғы жағында уездің оңтүстік-батыс бұрышындағы "Шүршіт қырған" қыраты мен уездің оңтүстік-шығысындағы "Қалмақ қырылған" тауы -қазақтар мен қалмақтар арасындағы Павлодар уезінің жерінде болған сондай қырғындардан қалған мәңгілік ескерткіш", - дейді.
"Өтеген батыр" жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі дулат, жалайыр, албан, найман руларынан әскер жасақталғаны жайында айтылады. Дулаттардың біразы Сарысуға қоныс аударған кезінде Өтеген солармен бірге кетпекші болғанда, ақын Өтегенге арнап:
Ақтабан болган алыс жал,
Бул сапардан сескенем.
Атыңның басын кейін бур,
Кутеді көмек ел сенен, -
деген халықтың сөзінен Өтеген шыға алмай мойынсұнады. Орта жүз Ұлы жүзге, үйсіндерге көмекке келеді.
Екі жүздің баласы
Төмен қарай бір ықты.
Елін қоргап өлімнен,
Жауга қарай қал шықты.
Қалды бастап, найза устап,
Әтеген батыр ол шықты 2 , -
дейді. Қазақтардың жоңғарлармен соғысын айта келе, белгілі ғалым У. Шалекенов өз еңбегінде: "1723 ж. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға" көбірек ұшыраған Қазақстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген . кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны темендей көшіп, Мұғаджар тауына дейін барған". Олар онша көп болған жоқ деген қорытынды жасайды.
Шындығына келсек, 1723 ж. жоңғарларға іргелес отырған найман, керей, үйсін руларының ішінара жоңғарларға бағынуы қазақ елінің болашағына қатер бұлтын төндіргенімен, бірақ ол алғашқы кезеңде ел тағдырын шешетіндей басты оқиға бола алған жоқ. Өйткені 1723 ж. көктемде дулат, шымыр, жаныс рулары әлі қысқы қыстауында еді, дәлірек айтқанда, олардың қыстаулары Ташкент төңірегіндегі Сарыағаш маңайы болған. Қарақамыс аталатын жерде де шымырлар, жаныстар қыстаған еді. Ал Ұлы жүздің жаз жайлауы -Билікөл, Ақкөл, Шу маңайы. Арқадағы Ұлытауға дейін әлі көшіп келе қойған жоқ болатын.
Қазақ хандығының жасақтары (әскерлері) 1723 ж. Түркістан, Ташкентті тастап шегінгенімен, қазақ хандығы жойылған жоқ, қазақтар өздерінің мемлекеттігін сақтап қалды. Ал Ш. Уәлиханов айтқан " . . . Шошынған ел (қазақтар) сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашқаны, Орта жүз Самарқан маңына, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға дейін барып токтағаны"' туралы құжат жоқ. Ал Ш. Уәлихановтың бұл сөзі тарихи шындық емес, Ұлы жүз бен Орта жүз негізінен, өздерінің ата қонысында жоңғар шапқын-шылығы кезінде де қала берді. Сондағы аңғарғанымыз - 1723 ж. жоңғарлардың алғашқы шабуылында Ш. Уәлиханов айтқандай, Орта жүз Самарқан, Кіші жүз Хиуа мен Бұхара маңына шегінбеген, өздерінің ата қонысындағы қыстауында болып, әлі жайлауға көшпеген.
Тағы бір көңіл аударар мәселе, ол тарихшылардың тілге тиек етіп жүрген "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сүлама" сөз тіркесі мен "Елім-ай" өлеңі. "Ақгабан шүбырынды, алқакөл сұлама" тіркесін жер аты жок мақал-мәтелдерге ұқсас пайда-ланады. Ал "Елім-ай" жыр-өлеңіне келсек, ол ел бірлігін сақтап, азаттық жолында күш біріктіру, мемлекетті сақтау идея-сы. Өлең Түркістанды қорғау кезінде шыққан көрінеді. Сонымен, бұл өлең қазақтың "ит қуған қояндай қашқанын" емес, Отанды, жерді, мемлекетті, елді қорғауға шақырған үндеуі еді. Осындай Отанды жаудан қорғауға шақырған үндеулердің басқа түрлері де болған. Батырларды, азаматтарды жауға қарсы түрар ерлікке шақырып, бірлікті дәріптеу, батырларды намысқа шақыру үндеулері көп болған. Мәселен, соның бірі:
Қатын-бала, бауырың жауда кетті,
Қаратаудан к, атал жау бермен әтті.
Қайдасыңдар, қазақтың батырлары ?
Жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті, -
деп, жазықсыз қатын-баланың көз жасы үшін ата жаумен соғысқа аттан деген үндеу еді. Осындай үндеулер хундар заманынан бар. Ол халықты жауға тойтарыс беруге шақырады. Кейбір деректерге қарағанда, ел қорғауға үндеу түрі хундар заманынан бар десек, мөселен, біздің заманымызға дейінгі 121-жылы Хо Цюн-Бин басқарған қытай әскерлері хундарды Еңлік ("Яньчжн") тауы мен Цилянь тауы алқабынан ығысты-рып шығарғанда, туған жерінен босып келе жатқан хундар ата мекенімен қоштасып, өлең шығарғаны белгілі. Өлең мәтінінің қытай жылнамаларының жазбаларында сақталып қалған ("Қаратаудың басынан көш келедіге" ұқсайды) төрт жолы темендегідей:
Еңлік тауынан айыршдық,
Қыз-келіншектеріміз Еңліксіз қалды.
Цилянь тауынан айырылдық,
Алты тулік мшіымыз қысыр қшіды'.
Жау шапқыншылығының салдарынан тозған хундардың ұрпақтары қазақтардың "Қаратаудың басынан көш келеді", "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген тіркес сөздері тарихи өлеңге, термин үндеуге айналғанын да байқауға болады және бұл өлендердің композициялық құрылысы да бір-біріне қайшы келмейді. Тек "Қаратаудың басынан көш келеді", өлеңін өз алдына бір нұсқа, халыққа үндеу деп қарау керек.
Сонымен "Елім-ай" өлеңі қазақ халқының түгелдей бос-қынға ұшырағанын көрсетпейді. "Елім-ай" өлеңі өзінің көркемдік кестесі, бейнелеу әдісі мен тәсілі жағынан тарихи жағынан гөрі әсерлі сезім өрнегімен өріле келіп, лирикалық жанрға жақын деп атап көрсеткіміз келеді. Жалпы үндеу жырлары қазақтармен қатар қалмақтарға, орыстарға да тән болған. Қалмақтарда үндеуді аңырау, жылау жыры деген, орыстарда "Слово о полку Игореве" дейді. 1730 ж. Аңырақай шайқасында қазақтардан жеңілген жоңғарлардың да жылап-еңіреп, аңырау жырын айтқаны белгілі:
Ойхой-ойхой-ойхой-ай!
Қалың қалмақ жайлаган,
Мыңгырта мал айдаган,
Желілеп бие байлаган,
Сарыарқа сайран жер қайда?
Аққу-қаз қонган көл қайда?
Қалың қалмақ ел қайда?
Үзын аққан Шу қайда?
Сарысу, Балқаш су қайда?
Желкілдеген ту қайда?
Үзын аққан Шу кетті
, Сарысу, Балқаш су кетті,
А йдын көлден су кетті.
Желкілдек ту қулады,
Жайсаңдар тегіс сулады,
Жетім-жесір жылады.
Аналар қалды аңырап,
Иесіз мал жамырап,
Үйлер қалды қаңырап.
Куніміз шги тун болды,
Заманымыз сум болды,
Тірі қалмақ кім балды ?
Қалмақ улы қул болды,
Қалмақ қьаы куң болды,
Жігеріміз қум болды,
Ойхой-ойхой-ойхой-ай! 1 -
деп аңырайды. Елінің қайғылы тағдырын еске алатын осы бір қалмақ әйелдерінің жыры қазақтың "Елім-айын" қайталай-тын секілді. Ал орыстарға келсек, "Слово о полку Игореве" және оған қоса кешегі 1941 ж. соғыста шыққан "Священная война", "Вставай, страна огромная" сияқты үндеу-өлендерді еске алсақ та жеткілікті.
Сонымен, 1723 ж. қазақтар жоңғар шапқыншылығы кезінде "ит қуған қояндай кең далада безіп жүргені" туралы ешқандай дерек жоқ, тек жалған пікір бар. Қайта қазақ хан дығы бірлігін сақтап, сыртқы жаудан ел мен жерді қорғау үшін бір тудың астына жиналған. Қазақ халқының ұлттық са-насының қалыптасқанын, елдігін дәлелдеген кезең болды деуімізге толық болады.
Тарихнамаға қатысты екінші бір шешілетін мәселе ол - Абылай және қазақ әскерлерінің мыңбасыларының жоңғар соғысына қатысуына байланысты жазылған еңбектердегі кемшіліктеріміз туралы. Мәселен, "Қазақ өдебиеті" газеті (1989 ж. 1 қаңтарда) "1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақтың астанасы Түркістанды және Сауран қаласын жоңғарлардан босату соғысын басқарып" дегенді айтады. Ал тарихи фактіге жүгінсек, Абылай 1725 ж. бар-жоғы он төрт жаста. Әлі 15-ке толған жоқ, Төле бидің түйесін бағып жүрген кезі болатын. Абылай туралы ел есінде сақталған деректерде оның 1711 ж. Шыңғыс әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келгені айтылады. Олай болса, 1725 ж. Абылайды Бөгенбай батырмен бірге Түркістанды қорғауға қатыстыруымыз тым ертерек сияқты.
Бөгенбайдың Сабалақты (Абылайды) Төле биден сұрап алып, майданға қатыстыруы XVIII ғасырдың отызыншы жылдарының басы болса керек.
Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы өдебиет және өнер институты шығарған "Батырлар жыры-ның" I томының алғысөзінде әйгілі ғалымдарымыз Қ. Жұма-лиев пен М. Ғабдуллин: "1726 ж. Сарысудың батыс беті Бұланты өзенінің бойында Қанжығалы Бөгенбай батыр бастаған қазақ колы қалмақтарға қарсы соғыс ашып, үлкен жеңіске ие болды. Бұл жеңістің мәні зор, өйткені мықты жаудың беті кайтты, жеңушілердің көңілі өсті. Бұрынғы "оларды жеңуге болмас" деген жалған лақап, жалған сенімдердің күлі көкке ұшты", - деп жазған. Әрине, бұл ұрысқа Абылай қатыспаған.
Аңырақай шайқасын айта келе, белгілі тарихшы Рамазан Сүлейменов Абылайдың қазақ-қалмақ шайқастарына қатысып, батырлар сайысындағы жекпе-жекте Шарышты 1231 ж. жазын-да мерт қылғанын айтады 1 . Бұл уақытта Абылай 20 жаста, ал Абылайдың жекпе-жегі туралы Шәді төре Жәңгірұлы (1855- 1933) өзінің "Тарихат" деген дастанында төмендегі төрт шумақ жолдан тұратын өлеңінен аңғаруға болады:
Сажакөз сауытынық қойган нәмі,
Болаттан шыгыршықтың еді бәрі.
Абылай хан атқан огы тесіп өтіп,
Серіштіц тілге кеямей шықты жаны,
- дейді.
Сондай-ақ 1982 ж. "Ғылым" баспасынан шыққан Қазақ тарихының 3-томының 21-бетіндегі мәлімет бойынша 1723-1725 жж. халық жасақтарын басқарған батырларды айта келе, Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай батыр, Ұлы жүзден Саурық батырларды атайды және "Ақтабан шұбырын-ды, алкакөл сүлама" жылдарындағы күрестің қаһармандары болды дейді. Бұл шындық емес. Саурық батыр ол кезде туған жоқ. Саурық батыр шамамен 1814 ж. қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Саурық батыр - Қоқан хандарының шапқыншылығына қарсы күресте 1846 ж. қол бастаған қазақ батыры (қараңыз: ҚСЭ, 10-том, 61-бет) . Сол секілді Тайлақ деген батырдың да сол кезде өмірде болғаны туралы тарихи деректер жок. Бірақ әйтеуір осылай болу керек деген болжаммен бұл оклғадан жүз жыл кейін емір сүрген Саурық батырды да қосып жібергеніміз артық. Тағы да сол Қазақ ССР тарихының 3-томындағы 18-бетте: "1723 ж. шабуылдажоң-ғар әскерлерінің жалпы саны 100 мың адамға жетті", - дейді. Бұл - ақылға сиымсыз сан. Жоңғарияның гүлденген кезеңінде 600 мың адам өмір сүрді десек, 1723 ж. қазақ жеріне шабуылға үлкен екі тайпа Іле өзені бойындағы шорстар, Қара Ертіс бойындағы дөрбіттер қатысты. Әрқайсысында шамамен 200-250 мың адам болған. Ал торғауыттар Тарбағатайдан шамамен 250 мың адам Еділ өзенінің төменгі ағысына қоныстанған болатын. Ал хұшоуттар Үрімші маңынан Тибетке барып қоныстанған еді (шамамен 200 мың адам) . Бұл тайпалар 1723 ж. қазақ жеріне шабуылға пәлендей әскер косқан жоқ. Сонда қазақ жеріне шабуыл жасауға жоң-ғарлардан 28-30 мың адам қатысты. Бұны ха-лықтың 7-8 пайызы әскерге жарамды деген ғылыми қорытын-дыға байланысты беріп отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz