С.Қасымов көтерілісінің мәні



1) С.Қасымов көтерілісінің мәні
2) К.Қасымов басқарған көтерілістің кезеңдері
3) Ішкі Бөкей Ордасындағы көтерілістің сипаты.
Ғұбайдолла сұлтанды алыстағы сібір қалашығына жер аудару бүкіл Орта жүз бойынша өрістеп кеткен қозғалысты тоқтата алмады. Сонымен бір мезгілде Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқулар одан әрі күш ала берді, оған Қасым төре балаларының бірі Саржан сұлтанның қарамағындағы Қарпық болысының қазақтары ұйытқы болды. соның нәтижесінде Абылай ұрпақтарының ықпалы күшті болған Орталық Қазақстанда 1825 жылдың көктемінде үкіметке қарсы толқулар басталды.
Жүзбасы Карбышевтің инфантерия генералы П.М. Капцевичке хабарламаларының бірінде Саржан Қасымов «дала өңірлерінде алуан түрлі зорлық-зомбылықтарымен көптеген көзге түсіп жүрген» деп сипаттаған. Шексіз-шетсіз даланы кеңінен қамтыған отаршылдыққа қарсы күреске, шынына келгенде, Қасым Абылаев, Ғаббасов, Ғұбайдолла және басқалары сияқты көрнекті сұлтандардың бастапқыдағы қарсылықтарынақарамай, 1822 жылға Жарғыны қолданысқа енгізудегі «асығыстық» арандатты.
Патша жарғысы жөніндегі Ғұбайдолланың ашық оппозицияда екенін жақсы білетін Саржан Қасымов «басқа тұрлаусыз сұлтандармен, қарамағындағы қазақ тобырларымен келісіп» мылтықпен, семсермен, қылышпен қаруланып, керуенжолдарына бақылау орнатты да, округтік приказдарға шапқыншылық жасай бастады, соның өзінде де келте ойлайтындардың дүниеге деген қызығушылығынан туатын қазақтарды тонаушылық та» болмай қалмады. Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М.Капцевичті қаруланған жасақтардың керуен жолдарына тұтқиылдан шабуылдар жасауына байланысты экокалық шығындар онша көп мазасыздандырған жоқ, ол жаңадан құрылып жатқан округтік әкімшілікке бұл да күтпеген жерден біраз әбігершілік әкелген еді. Әсіресе дала өңірінде ашылып үлгірген екі округке – Көкшетау және Қарқаралы округтеріне «жыртқыштардың зиянды ықпалы» губерниялық кеңсенің абыржушылығын туғызды. П.М.Капцевичтің жаңа тәртіпке қарсыластар жөнінде «батыл да қатаң шараларды қолдануды» талап етуі Қарқаралы округінің болыстарында қимыл жасаған Саржанның бостандықты қымбат тұтқан көптеген ауылдарда күреске шақыруы үндестік тапқан Ғұбайдолламен бірігіп кету мүмкіндігінен қорқудың көрінісі болатын. Саржан жасақтарының бірінде жас сұлтан Кенесары қатардағы сарбаз болып жүрді, Кенесарының бойын басқалардан гөрі көбірек билеген бостандық сүйгіш ой-тілек оны Орта Азияның түркі халықтарының «тәуелсіздігі жолындағы жауынгер күрескер» жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1) С.Қасымов көтерілісінің мәні

Ғұбайдолла сұлтанды алыстағы сібір қалашығына жер аудару бүкіл Орта жүз
бойынша өрістеп кеткен қозғалысты тоқтата алмады. Сонымен бір мезгілде
Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқулар одан әрі күш ала берді, оған
Қасым төре балаларының бірі Саржан сұлтанның қарамағындағы Қарпық болысының
қазақтары ұйытқы болды. соның нәтижесінде Абылай ұрпақтарының ықпалы күшті
болған Орталық Қазақстанда 1825 жылдың көктемінде үкіметке қарсы толқулар
басталды.
Жүзбасы Карбышевтің инфантерия генералы П.М. Капцевичке
хабарламаларының бірінде Саржан Қасымов дала өңірлерінде алуан түрлі
зорлық-зомбылықтарымен көптеген көзге түсіп жүрген деп сипаттаған. Шексіз-
шетсіз даланы кеңінен қамтыған отаршылдыққа қарсы күреске, шынына келгенде,
Қасым Абылаев, Ғаббасов, Ғұбайдолла және басқалары сияқты көрнекті
сұлтандардың бастапқыдағы қарсылықтарынақарамай, 1822 жылға Жарғыны
қолданысқа енгізудегі асығыстық арандатты.
Патша жарғысы жөніндегі Ғұбайдолланың ашық оппозицияда екенін жақсы
білетін Саржан Қасымов басқа тұрлаусыз сұлтандармен, қарамағындағы қазақ
тобырларымен келісіп мылтықпен, семсермен, қылышпен қаруланып,
керуенжолдарына бақылау орнатты да, округтік приказдарға шапқыншылық жасай
бастады, соның өзінде де келте ойлайтындардың дүниеге деген қызығушылығынан
туатын қазақтарды тонаушылық та болмай қалмады. Батыс Сібір генерал-
губернаторы П.М.Капцевичті қаруланған жасақтардың керуен жолдарына
тұтқиылдан шабуылдар жасауына байланысты экокалық шығындар онша көп
мазасыздандырған жоқ, ол жаңадан құрылып жатқан округтік әкімшілікке бұл да
күтпеген жерден біраз әбігершілік әкелген еді. Әсіресе дала өңірінде ашылып
үлгірген екі округке – Көкшетау және Қарқаралы округтеріне жыртқыштардың
зиянды ықпалы губерниялық кеңсенің абыржушылығын туғызды. П.М.Капцевичтің
жаңа тәртіпке қарсыластар жөнінде батыл да қатаң шараларды қолдануды
талап етуі Қарқаралы округінің болыстарында қимыл жасаған Саржанның
бостандықты қымбат тұтқан көптеген ауылдарда күреске шақыруы үндестік
тапқан Ғұбайдолламен бірігіп кету мүмкіндігінен қорқудың көрінісі болатын.
Саржан жасақтарының бірінде жас сұлтан Кенесары қатардағы сарбаз болып
жүрді, Кенесарының бойын басқалардан гөрі көбірек билеген бостандық сүйгіш
ой-тілек оны Орта Азияның түркі халықтарының тәуелсіздігі жолындағы
жауынгер күрескер жасады.
П.М.Капцевичтің жеке өкімімен осынша дөрекі және зиянды қастандықтарды
болдырмау үшін Қарпық болысына жіберілген, оның үстіне артиллериямен
күшейтілген, іріктеп алынған 200 қазақтан тұратын жазалау отряды Саржан
батырдың алғы шептегі алғашқы жасақтармен ұрысқа түсті. Алғашқы табысқа
қуанған П.М.Капцевич өз бастықтарына бүлік шығарушылардың зұлымдық
пиғылдарының жойылғандары туралы жеткізді.
1826 жылғы 31 қаңтарда болған алғашқы ашық қақтығыс Саржан сұлтанның
соғыста жеңілуімен аяқталды; оның тұтқынға түскен пікірлестері
қарусыздандырлып, Омбы ордонансгаузы жанындағы әскери сотқа берілді. Сұлтан
өз серіктестерімен бірге көптеген ауылдарымен Орынбор шебіне қарай көшіп,
қудалаудан құтылып үлгерді, Троицк қаласына жақын Кидел-Қыпшақ болысында
қыстап шықты.
Көтерілісшілердің шоғырлану аясының өзгертілуі айқын мақсатқа –патша
өкіметі басқа бір Жарғыны – Орынбор қазақтары туралы жарғыны қолданысқа
енгізбекші болған Кіші жүз ауылдарында үкіметке қарсы пиғылды қоздыру
мақсатына байланысты болатын, ал бұған осы аймақта Кіші жүздің соңғы ханы
Шерғазының тұтқынға алынып, содан соң Кулага қаласына жер аударылып
жіберілуі негіз болған еді. Енді Батыс Сібірдің де, Орынбордың да генерал-
губернаторлары Саржан сұлтанға даладағы барлық мазасыздыққа басты кінәлі
деп қарады. Көтерілісшілердің этникалық құрамы қашқын орыстар, татарлар
қосылып, барған сайын интернационалдық сипат ала түсті; халық қозғалысы
қамтыған аудандарда ара-тұра Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхара әмірлігінің
өкілдері болып тұрды.
1825 жылдың ақпанында Сібір шептік қазақ әскерінің кеңсесін Саржан
сұлтанның ауыылынан жұзбасы Карбышев тауып алған Ертіс округінің шаруасы
Федор Серебренниковтің атына берілген төлқұжат қатты ұайан қалдырды.
Құжаттың бүлікшіл сұлтан ауылынан табылуының мән-жайын анықтау үшін хат
алысылды. Содан соң төлқұжат бұл жөнінде мәліметтер жинау үшін Пермь
азаматтық губернаторлығына жіберілді.
Жарғының VI тарауына сәйкес қазақтардың тәртіпсіздіктері мен бетімен
кетушіліктері үшін жауапкершілік ең алдымен сұлтандарға жүктелгенімен,
1826 жылдың бүкіл жазы бойында Саржан жасақтарының белсенді қимылы
әлсіремей, барған сайын жаңа болыстарды қозғалысқа тарта берді. Қазақтар
арасында ашу-ыза туғызу ниетін ойлаған көптеген сұлтардар округтік
приказдардың бастапқы құрылысын күйрету жөніндегі саяси талаптармен
шектелмей, жер-жерде қаруланған көп адамдық партияларды топтастырты, бұл
орайда отаршыл әкімшілікке адалдығын сақтап қалған ауылдарды қорқытудан да
тайынбады. Саржан жасақтарының бірін басқарған сұлта Абылай Ғаббасов өзінің
ерекше ымырасыздығымен көзге түсті, ол Қарқаралы приказына жақындап келіп,
бірқатар болыстарды зығырдады қайнататын әрекеттері арқылы өзіне ертіп
алды, өзінің сенімді адамдарын көрші аудандарға, ең алдымен Көкшетау
округіне жіберіп, оның сұлтандарына олардың өздері бағынатын заңды
өкіметке бағынбауға ақыл берді. Қарқаралы округі халқының Саржан батыр
жағындағы көп бөлігі округтен ғайып болды.
Көкшетау округінде өозғалысты Сартай Шыңғысов басқарды, ол да көтеріліс
басшысы Саржан Қасымовтың көзқарасына қосылатын. Қазақ жерлерін біріктіруге
ұмтылған атақты Абылай ханды ерекше құрмет тұтатын Қараулы болысының өкілі
Сартай Шыңғысов өз қимылын Ғұбайдолламен үйлестіріп, өзі жалпыхалықтық
жетекші Саржан батырдың билігіне толық бағынды. Халық қарсыласуының одан
әрі күшейуінен қорқу Омбы облыстық бастығы де Сент-Лоарнды 1825 жылғы 4
қыркүйекте құпия деген белгімен Қарқаралы округі әскери күзетінің бастығы
жүзбасы Карбышевке Саржан, Ғұбайдолла және Сартай сұлтандарды олар бір-
бірінен ұзап кеткен кезін күтіп, іздеп табуға және қолға түсіруге
кірісуді міндеттеуге итермеледі. Бұл орайда қиын кедергелер кездескен
жағдайда Карбышев олардың бірі – Саржан Қасымовты қолға түсіруге ұмтылуға
тиіс болды.
Сол кезде-ақ көтерілісшілерге қарсы қимыл жасап жүрген 200 казактан
басқа, Карбышевтің қарамағына орындарды алуға жіберілген офицерлері бар
150 казак келді. Сәті түскен жағдайда тұтқынға алынған сұлтандарды әскери
сотқа беру үшін ең қысқа жолмен айдауыл арқылы Омбыға жеткізу көзделді,
ал олардың әрекеттері 1822 жылға Жарғының Мемлекеттік опасыздық туралы
бабына жатқызылды, сондықтан Саржан сұлтанның Омбы бекінісінде өз
тағдырларының не боларын күтіп жатқан 12 серігі сияқты, олар да өлім
жазасына кесіліп, ең жақсы дегенде Сібірге, каторгалық жұмыстарға жіберілуі
мүмкін еді.
Сол кезде Омбыда қалалық ордонансгауз жанынан арнаулы комиссия құрылды;
колледж тіркеушісі Пиражковқа Саржан сұлтан қарақшыларының 12 қазағының
айғақтарын қазақ тілінен орыс тіліне аударумен айналасуға пәрмен
берілді. Көтеріліске қатысқандарды аяғандықтан болар, бәлкім, абақтыға
қамалып, торығып жатқан қазақтардың қайғылы тағдырына жан ашығандықтан
болар, қамаудағы 12 адамның үшеуі түрмеден кеплідікке бостылып, бұл болыс
кеңесінде нағыз әбігерлік туғызды. Заседатель Бубеннов, хатшы Елгин, бөлім
бастығының қызметін атқарушы Захаров сотқа берілді, бұл іске қатысы бар
облыстық кеңес шенеуніктеріне аса қатаң сөгіс жарияланды.
Аталған шенеуніктері үшін қатерлі, орындары қатаң айыптауы мүмкін
шешімге не үшін барғандары жөнінде пікір айту қиын. Едәуір көпшілігі Омбыда
да жер аударылу мерзімін өтеп жүрген декабристердің ықпалына ұшыраған бұл
адамдардың крепостниктікке қарсы қозғалыстың жалпы рухына сол арқылы үлес
қосуға, Сібірдегі бұратаналардың, соның ішінде қазақтардың ауыр жағдайын
әйтеуір бі жеңілдетуге ұмытылу әбден мүмкін. Болған оқиғаға облыс
бастықтарының ерекше мән бергенін, бұл жөнінде оның Батыс Сібір Бас
басқармасына дерей хабарлағанын дәлелдейді. Солай дегенмен, қарулы бой
көрсетулерді басып-жаныштауды ұйымдастыру міндеті жүктелген облыс
бастықтарының екі жақты көз қарас ұстанды: бір жағынан, халықтық
қозғалыстың оның жетекшісін тұтқынға алу жолымен басшысыз қалдыруды, екінші
жағынан, жер жағдайын жақсы білетін шағын топтарға бөлініп жасырын қимылдау
арқылы дұшпандық пиғылдағы ауылдардың шабуыл жасауы жағдайынада күрес
жүргізу тактикасын жүзеге асыруды көздеді, өйткені облыс бастықтары
көтеріліс басталысымен-ақ оның негізгі ошақтарын бастапқыда жойып жіберуде
өздерінің олқылық жіберіп, батылдық көрсете алмаған еді. Омбы облысының
бастығының міндетін атқарушы 1825 жылғы 24 тамызда-ақ Батыс Сібір Бас
басқармасына былай жазды: Мен Қарпық болысының сұлтаны Саржан Қасымотың
бетімен кетушілігі және теріс қылықтарынан болуы мүмкін қырсықты ертірек
көріп, оны болдырмау жөнінде соған сәйкес шаралар қолдану пайдалы болатынын
айтпай кете алмаймын.... Бұдан әрі ол: дереу қимыл жасау керек, алдын ала
белгіленген болжамдарды орындауға ешқандай жария етпей кірісу керек
деген ұсыныс айтады, ал ол болжамдар жалпыхалықтық жетекшіні ғана емес,
сонымен қатар мұндай ғадайда қазақтардың қауіптенуін туғыза алатын ашу-
ызаны болдырмау үшін қатаң талғампаздықпен...ең басты пікірлестерінің
бірнешеуін де қолға түсіруге келіп саятын. Көтеріліске өарсы күрестің
таңдап алынған еді. 1826 жылғы 24 маусымда Сыртқы істер министрлігінің
басқарушысы Көкшетау округтік приказына І Николайдың Саржан сұлтанға әзірше
ешқандай жеке қудалау қолданылмасын, оны қолға түсіруден бұл жөнінде
үкіметтің көзқарасы нақтыланғанға дейін тоқтала тұрсын деген әмір
жеткізілді. 1826 жылғы 9 шілдеде Петропавл бекінісінде жергілікті өкімет
органдарының көтерілісті басып-жаныштау жөніндегі іс-өимылына шек қойылатын
үкімет нұсқауы алынды.
20-ші екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орнады: үкімет 1824
жылдың өзінде-ақ ашылған Қарұаралы, Көкшетау округтерін нығайту жайын
ойластырып және 1826 жылы Баянауыл округін құрып, көтеріліске шыққан
ауылдардың ізіне түсу үшін ірі қазақ отрядтарын жабдықтаудан тартынды.
Алайда ол округтік приказдарға жақын жерлерде қарулы шолғыншылар күзет
күшейтілген қазақтардың егінші-отырықшылық қоныс тебуін едәуір кеңейтті,
олар есіл бойы, ертіс бойы және алтай бекіністерінің гарнизондарымен қатар
шарулардың отарлауын біртендеп кеңейте берді, бұл орайда далаға тереңдеп
баруға батылдық жасамады, ал онда нақты билік негізінен алынған бірте-бірте
әлсіреп, барған сайын екінші қатарға ығыса түскен бұрынғы хандық басқару
құрылымының қолында болатын. Бұл жағдай 1830 жылдарға дейін сақталды.
Ресейдің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіріп, империяның
Солтүстік Кавказда таулыұтарға қарсы соғыс қимылдары үшін ірі күштер бөлуі
арта түскен жағдайда аймақта саяси қатысуын әлсіреткен талай рет
керуендерді тонау фактісі етербург сарайында алыста жатқан және онша мәлім
емес азиялық шет аймақта отарлау проблемасын күш қолданып шешуді
жақтаушылардың көзқарасын барынша күшейте берді.
Оның үстіне Омбы облыстық басқармасының шенеуніктері жинаған
материалдар көтерілісшілер отрядтартарының көпестерден өз бетімен баж
жинаған фактісін растады.
1831жылдың қазанында Петропавлдың 3-гильдия көпесі Пакулев, мещан
Никита Лепетов Ташкент құсбегісінің  найзамен, айбалтамен, түйеге
артылған шағын зеңбіректермен қаруланған 3000 адамға дейін жететін әскері
жақындап қалғанын хабарлады. Ташкент билеушісінің Ресей бодандығына қараған
ауылдарды тонау ниеті айқын болатын, құсбегісінің Саржан сұлтанмен кездесуі
де осында өткен, құжаттардың толық болмауы себепті келіссөздің мән-мағынасы
туралы пікір айту қиын; Ресейдің аймақтағы әрікеттеріне екі жақтың да
алаңдаушылығы негізгі байланыстырушы фактор болды және тегінде, сол жолы
солтүстіктен төнген қауіпке қарсы бірлескен қимылдар туралы шешімге келісім
жасау мүмкін болды деп санау керек.
1831 жылдың аяғы – 1832 жылдың басында Батыс Сібір генерал-губернаторы
жергілікті жағдайлары ескере отырып, әр түрлі бағыттарды қимыл жаса, Саржан
ауылдарының кере-жарақатарымен, мал-жанымен қоныс аударатын аудандарын
тарылту және қайсар күрескерді күресін тоқтатуға немесе өкімет орындарына
берілуге мәжбүр ету үшін мұқият жабдықталған бірнеше шағын топтарды
аттандырды. Мұрағат құжаттарында оның негізгі күштерінің талқандалуымен
аяқтала жазылған қиын жағдайлардың бірі айтылады.
Шекаралық отрядтар бірінің бастығы полковник Лукин жасауыл Симоновқа
1832 жылғы 6 маусымдағы рапортында Саржанның қаруланған адамдарымен
күтпеген қақтығыс туралы былай деп хабарлаған: ...бүлікшілер ауылына 1
щақырымға жетпей жер қалғанда, ол күш көрсету мақсатымен көтерілісшілерді
қудалауда қажу дегенді білмейтін Карбышев бастаған 40 адамдардан тұратын
казактар отрядын жібереді. Таң алдында ол сұлтанның ауылына жетеді де,
қимыл жасап, табандарды тез арада айдап әкетеді. Жүзбасы Карбышевті
қолдау үшін екі взвод казактар бөлінген; жазалаушы күтердің өзара іс-қимылы
өз нәтижесін берген: тұрақты күштердің нысанға алып атқан оқтарына төтеп
бере алмай, көтерілісшілер өздері орналасқан жерден кетккен. Жазалаушылар
Саржан мен олардың төңірегіндегілерді 60 шақырымға дейін қуған. Бұл жолы
Сұлтанды туралап келген ажалдан оның жер жағдайын жақсы білуі және көп жер
жүріп келген казактар аттарының болдырғандығы, сондай-ақ қуғыншылардың
қатар түзеп, оқ ататын мылтықты қолдана отырып, атты әскерімен шабуыл
жасауына мүмкіндік бермей ұйытқи соққан топырақ боран құтқарған; ал Саржан
жүйрік тың аттары болып, көкжиектен тқас-қағымда ғайып болған, рас,
жазалаушылардың қолына тез жүре алмайтын, жүк тиелген түйелерін тастап
кеткен. Нақ осы Лукин сәл кейініректе, Сұлтанды ұстаудағы сәтсіздігі үшін
бастықтар алдында ақтылып, былай деп жазған: Саржан сұлтанның ауылдарымен
бірге тез кетіп қалуына кешкісін түйелерге жүк артылып, аттардың жүруге
ерттеліп қойылғаны себеп болды, келесі күні таң алдында офицер мырзалар
қаншама күш салғанымен Саржан сұлтан қолға түспей кетті. Алайда
көтерілісшілер де аз зиян шеккен жоқ: Карбышев пен хорунжий Попов 4000
жылқыны, жүк артылған 3000 түйені, 100-ге жуық сиырды, 30 мыңнан 40 мыңға
дейін қойды қолға түсірді.
Ал Сарыарқаның қақ ортасында көтерілісшілер қатарын барған сайын жаңа
рулар толықтыра түсті. 1836 жылдың жазында дала болып қайтқан молды Сәлім
Сағынов С.Б. Броневскийге бақанастық би Тәңірік Байтөрин, сондай-ақ
мемлекетке ешқандай жақсылық істемеген Ізбасар Алдабергенов, Мыңбай
Төлентаев, Онбай Төлентаев, Бұтанбай Шуашев айдап салған сарымсақ және шора
руларының зұлымдық ниетте жасаған әрекеттері туралы хабарлады.
1836 жылдың басында Ақтау бекінісінен майор Титяк басқарған 300
қазақтан тұратын әскер командасы шықты; майорға көтеріліске қатысқан
қазақтар жөніндегі қаскүнемдігі мен қатыгездігі үшін осы атақ біржола
тағылды; кейініректе, Кенесарының көтерілісі кезінде де ол Қамшы-майор деп
аталған.
Дегенмен Саржанның күресі жалғаса берді. Оған қоқанның құсбегісі уәде
еткен көмек сөз жүзінде қалды. Саржанның бүкіл далаға таралып кеткен атақ-
даңқы қоқандықтар тарапынан қастық туғызады, оның Ұлы жүздің кейбір
аудандарын қамтыған жігерлі іс-қимылын олар мазасыздана қадағалап отырған
еді, ол аймақтағы қазақ руларынан зекет жинап, бағынбаушылықтың кез келген
көрінісін аяусыз басып тастап отыратын ташкент билеушісінің де
алаңдаушылығын туғызды. Патша отрядтары ығыстырып, бұрынғысынша қоқан
ханының қолдауына үміттенген Саржан Ұлы жүз егіне көшіп барады, бқл орайда
қазақ аймақтарының бытыраңқы күштерін біріктіруге, ташкент құсбегісіне
бағынышты қазақтарды да өз жағына тартуға тырысқан еді, бұл сұлтанның
қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Саржанда ташкент билеушісі 1836
жылдың жазында зұлымдықпен өлтірді. Сұлтанның, оның інілері Ержанның,
Есенгелдінің, сондай-ақ оған еріп барған басқа да атақты қазақтардың қаза
табуы азаттық күреінің одан әрі өрістеуіне теріс әсер етіп, бұл орайда
қазақ-қоқан қатынастарына терең сына салды; оларды алдап қолға түсіріп,
көтерілістің даңқты көсемінің өмірін қиған қоқандық билеушілердің екі
жүзділігі мен зұлымдығы оған кейіннен қоқандықтарға қарсы да бағыт беріп,
басқасын былай қойғанда, Кенесары Қасымовтың ташкенттік билеушілерге
соншалықты жиіркенішпен қарауын туғызды.
Саржан сұлтанның есімі, оның он жылдам астам уақытқа созылған күресі
халықтың жадында, ауыз әдебиеті туындыларында сақталып қалды; дала
дарындары жырға қосқан оның істері мен идеялары патшалық отарлауға қарсы
шығушыларды күші тең емес күресті жалғастыруға жігерлендірді, ал ол күресті
оның інісі, Қасым төренің ұлы Кенесары жалғастырды.

2) К.Қасымов басқарған көтерілістің кезеңдері

Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетілулердің
алдыңғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта
жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатаң енгізілеуі жағдайында
отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, қазақ жерлерін
біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін
екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық
сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі – сұлтан, кейін
хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.
Кенесары Қасымов тарихи аренаға Қазақстанның 1822, 1824 жылдардағы
сібір және орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарасамтан
саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша
әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан қатер төнген жағдайда Абылай
ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған
сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақтанның аумақтық
шектерінің тұтастығын қалпына келтіру, дуандарды тарату, Ресей құрамына
әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды.
Бүлікшіл сұлтан күресінің негізгі талаптары оны император І
Николайға, орынбор губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, сібір
губернаторы, кінәз В.Д. Грачаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының
төрағасы А.Ф. Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын
анықталған. Ғұбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары
Қасымовпен бір қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол ақылы
жөнінен атасынан кем түскенімен, одан да, әкесінен де мінезінің өрлігімен
асып түсіп, бүкіл далаға әйгілі болды.
Айлакер, ерекше сипатты саясатшы ретінде Кенесары Қасымов сұлтан
құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін
біріктіруді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялық та күш-
жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысына бөлініп
қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін
аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды қатаң жазалағанмен, бәрі бір
патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізіненалғанда, бейбіт жолмен
шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде
орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті,
Ресей елшілерін сыпайлықпен қабылдады, қырғыздармен тайталас кезеңінде
мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді.
Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәрпіп бұзғандар
оның қаһарына ұшырап отыруы жиі болып тұрды.
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып,
титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор
әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін
көрсетті.
Орынбор генерал-губернаторы В.А. Перовскийдің атына жазған алғашқы
хатында-ақ ол Қазақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып
алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа
округтер құрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханның бейбіт жолмен
шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты құжаттар сақталған. Омбы қала
бастығына Үшбұлақ округтік приказының 1838 жылғы 26 желтоқсандағы
хабарламасында ханның жеке өкідері – Көкшетау, Ақмола және Баянауыл
округтерінің бес қазығы (Тобылды Тоқин, Жүсіп Жанкүшіков, Мәмберді
Қонысбаев, Тйтоқа Дөненлв және Қосымбай Қазанғапов) ұсталағаны туралы
хабарланған, оларға хан Ресей императоры мен Батыс Сібір генерал-
губернаторына арналған екі хатты жеткізуді тапсырған.
Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық бөлімшелерін біріктіруге
барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-1845
жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қол жетпеді.
Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге
бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің
қолдауын сүйеніп, омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі
пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге
ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының
ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші-сұлтандары Ахмет және Мұхаммед
Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршіленген күрес
жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз
туыстары, Абылай ханның балалары Әли; Сүйік, Әділдер көтерілісшілержөнінде
ымырасыз көзқарас ұстанды. Кейіннен қару кезеніп тұрғанда Ресей үкіметіне
көтерілісшілердің келгенін хабарлау туралы міндеттемеге қол қойған 27 би
мен сұлтанның көпшілік бөлігі сол кезде Жетісудағы көптеген ру бөлімшелерін
басқарға Абылай ұрпақтары болатын. Старшындардың, билердің, сұлтардардың
бңр бөлігі, соның ішінде Орта жүзде де қарсы әрекет жасағанына қарамастан,
Кенесары Қасымов үш жүз қазақтары руларының дуір бөлігін өз туы атына
біріктіре білді. Бір кездерде Кенесары әскерінің саны 20 000 адаға дейін
жетті. Көтерілісшілердің ұйытқысы Орта жүзлің қатардағы көшпелілер болды.
омбы облыстық басқармасының сот-жазалау мекемелері жинаған деректер
бойынша, Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде
ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, старшындар қолдаған.
Саржан бастаған азаттық қозғалысына 23 жасынан бастап белсене қатысып,
қоқандықтардың ағалары мен әкесінің қаза табуына соқтырған екі жүзді
көзқарасына көз жеткізген Кенесары өзін ара-тұра оқ-дәрімен, мылтықпен
жабдықтап отырған Бұхара әмірімен достық қатынаста болғанымен, Сырдарияның
төменгі ағысының қазақтарына қысым көрсеткен қоқан құсбегісімен
келіссөздерден бас тартты.
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. мемлекеттілікті
қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар да,
сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға, қоқан бектерінің
зорлық-зомбылықтарына қарсы жалпыға бірдей күрес көтеріліске азаттық сипат
берді. өкінішке қарай, Кенесарыны қолдау жөнінен билердің, старшындардың,
сұлтандардың бәрі бірдей дәйекті болмай шықты: негізгі күшердің басқа
аудандаға шоғырландыралуы мен үнемі жылжып отыруына қарай рулық белгілері
бойынша жинақталған жекелеген топтар негізгі ұйытқыдан бөлініп қалып
отырды.
Топ жетекшілерінің арасында атақты халық батырлары: Ағыбай, Иман
(Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәук, Сұраншы,
Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарабай және басқалар болды.
Қатысушылар құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен: қазақ, орыстар, өзбектер,
қырғыздар, поляктар және басқалардан құралды.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмолма приказын
қоршауға алып, өртеуден басталды. Бекініс коменданты әскери саршина
Карбышев пен Ақмоло округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген
бекіністен әрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай
даласы өңіріне қоныс аударды. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында
Кенесары бұл қадамды өзінің Орынборға жақындап көшіп барып, келіссөздер
жүргізуді жеңілдетуге деген тілегімен түсіндіреді. Ал жігерлі сұлтан іс
жүзінде 18396-38 жылдары Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс болған,
Ресейге тікелей іргелес жатқан Кіші жүз кеңістігіне көтерілісті таратуды
мақсат еткен еді. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралар, шөмекейлер,
табындар және басқа рулар көтерілісшілерге қосылды. Қозғалыс Кіші жүзді де
қамтыды. Күтілгеніндей, келіссөздер нәтиже бермеді.
1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүздің ықпалды билері, сұлтандары
Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі
қалпына келтірілді. 1841 жылдың күзінде көтерілісшілер қоқандықтардың
едәуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін
қоршады. Қоқандықтардың бірнеше бекіністерін алу бостандық жолындағы
күрескерлерді жігерлендірді. Тіпті қозғалыстың басты ошақтарынан алыста
көшіп жүрген төртқара және шекті руларды да оны бүкіл қазақ ханы деп
танитынын хабарлады.
Төртқара және шекті руларының Кенесары Қасымов жағында белсене қатысуы
жаында айта келгенде, ХІХ ғасырдың 30-жылдарының аяғы – 40 жылдарының
басында олардың іс-қимылын жандандыра түсуге түрткі болған факторларды
тәптіштей түскен жөн. Бұл арада номадтар аймақтарының Ресей империясының
төніп келе жатқан отаршылдық басып алу қатерінен қазақ жерлерінің
оқшаулығын жалпы қайта жаңғырту ісіне қосылуға деген ұмтылысы ғана емес,
сонымен қатар Сыр өңірі аймағы халқының қоқан бектерінің зорлық-зомбылыққа
толы билеп-төстеуінен құтылуға деген тілегі де айтылып отыр. Кенесарының
қоқан бектерімен өзара қатынастарының шиеленісуін қазақ сұлтанының жеке
себптері де туғызған еді.
Қоқан билеушілірінің 1836 жылы соның алдындағы кезеңдегі қазақтар
көтерілісі жетекшілерінің бірі, ағасы Саржанды қарақшылықпен өлтіруі, 1840
жылы әкесі Қасым төрені, сондай-ақ ағалары Есенгелді, Ержан сұлтандарды
және Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып салуы да қозғалыс
жетекшісінің қоқанға қарсы көзқарасын қатайта түскен-ді. Атап айтқанда,
Кенесары бұл жөнінде айқын бағыт – қазақтарды қоқан билеушілерінің
езгісінен азат ету бағытын ұстанды. Қазақ ханының Хиуа ханымен өзара
қатынастары тұрғысынан алғанда, оның саясаты біршема айрықша болды, онымен
Кенесары әбден сенімділік көзқарас ұстанды. Бұған қоса, Хиуа билеушісі
қазақ жасақтарын ара-тұра астықпен, зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап
отырды.
Осы мән-жайлардың бәрі Кенесарының өзбек хандықтары жөнңіндегі
саясатының сипатын, мәнін белгілі бір дәрежеде алдын ала анықтап берді,
хандықтың әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады.
Империяның отаршылдық билігі едәуір берік орныққан Ертіс, Есіл, Жайық
шептері бойындағы аудандарды қоспағанда, Кенесары құрған мемлекет болды.
Салық жинау: машылардан зекет, диқандардан ұшыр жинау тәртіпке
келтірілді. Патша отрядтарымен қантөгіскен қақтығыстардың жалғасуы
мтериалдық және өзге де құралдарды керек етті, әлбетте, бұл салық
ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты.
Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа
мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынан сауда жолдарын бақылау
қатайтылған жағдайларда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз
етудің қажеттігі талап етті. Көтеріліс аудандарына астық жеткізуші
керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленеді, ал көпестер,
саудагерлер қатаң жауапқа тартылды, мұның өзі көшпелі халық үнемі көшіп-
қонып отырған жағдайда да ханды егіншілікті көтермелеуге мәжбүр етті.
Үкіметтің қатаң шараларына қарамастан астық артылған керуендер жер-жерден,
тіпті алыстағы Кіші жүзден де келіп жатты. Ол егіншілікті бірден-бір және
күнкөрістің молшылық көзі деп білді.
Кенесарының сауда саясатының да өзіндік ерекшеліктері болды. Көпестер
керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды
тонауды тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені
үшін баж төлуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермұхан Бекмаханов
Кенесары хан
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
Жанқожа бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісІ
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы
Нұрмұхамедұлы Жанқожа
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасым ұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісінің барысын талдау
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
Пәндер