Маңқаны балау, дауалау шаралары



Мазмұны


Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... .10
1.1Маңқа ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2Аурудың шығуы мен жұғуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3Өлекседегі патолого . анатомиялықөзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Ауруды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5Аурудан арылу және одан сақтану шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.6 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері ... ... ... ... ... ... ..14
1.7 Індет процесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.8Індет ошағының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.9 Індет ошағын жою шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т.б.)
Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау – мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті – малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық – санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи – географиялық, әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға болады.
Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы мүмкін.
Жасырын кезең 2—15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа — етше маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3 аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпемаңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – маңқа ауруының балау және дауалау шараларын зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –225б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 176б .

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен жазылған "Маңқаны
балау, дауалау шаралары" тақырыбына жазылған курстық жұмыс 34 беттен
тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте
қамтылды.

Анықтамалар

Індет ошағы - індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы
күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім
жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік аталады.
Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу
шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша іңдет ошағына күзет посты
қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум
орнатылады.
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсендеуі қарым-қатынасты
тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай коймайтын жұкпалы
аурулар кезіңде мысалы, сарып, сакау қолданады.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус — ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.

Мазмұны

Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... .10
1.1Маңқа
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2Аурудың шығуы мен
жұғуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .10
1.3Өлекседегі патолого -
анатомиялықөзгерістер ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Ауруды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5Аурудан арылу және одан сақтану
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.6 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау
әдістері ... ... ... ... ... ... ..1 4
1.7 Індет процесі туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
1.8Індет ошағының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 18
1.9 Індет ошағын жою
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24
3 Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34

Белгілер мен қысқартулар

м2 -шаршы метр
м3 – метр куб, көлем
м – метр
% - пайыз
°С – температура
мг м3 – көлем
г – грамм
кг – килограмм

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04 – 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2013ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың
пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы
аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және
1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы
эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов -
халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-
ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен
мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген
салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы
аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу
заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір
ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған
малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да
жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке
шалдығуы т.б.)
Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және
арнаулы бағыт болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім
тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын
алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын,
клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын,
өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және
дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және
күресу шараларын білу керек.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал
шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау –
мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті – малдың
және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық – санитарлық
шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды
маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан
сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның
биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи – географиялық, әлеуметтік –
экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері
мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты
шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға
болады.
Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы,
сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға
өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат,
қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау
мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін
заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы
мүмкін.
Жасырын кезең 2—15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа — етше
маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай
жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3
аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы.
Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше
жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпемаңқасы өте жай дамиды, білінбей
ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі
температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу
қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда
қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – маңқа ауруының балау және дауалау
шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Маңқа ауруы

Қоздырғышы-Streptococcus mallei.
Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық
заттарға төзімді.Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша
төзімді емес, лас, шалшық суда 15—30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып
қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5—6 минут ішінде, ал қайнап тұрған
суда сол бойда қырылады.
Ауруға бейімділігі. Маңқамен жылқы, есек, қашыр, кейде мысық ауырады,
лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа
адамға да жұғады [1,2].

1.2 Аурудың шығуы мен жұғуы

Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы,
сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға
өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат,
қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау
мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін
заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы
мүмкін.
Жасырын кезең 2—15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа — етше
маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай
жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3
аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті
түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға)
созылуы (ауруы) мүмкін өкпемаңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады,
бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы
көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді
ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип)
естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі [1,4].
Ж і т і м а ң қ а. Мұнымен көбінесе құлын ауырады. Ауру малдың
температурасы қауырт көтеріліп, жүрек соғуы күрт әлсірейді, азыққа тәбеті
тартпай, жалпы күйі өте-мөте нашарлайды.
Танаудың кілегейлі қабығы қызарып кетеді, желбезектің бір не екі жағында
айналасы қызыл шеңбермен көмкерілген сарғыш-сұрғылт түсті қатты түйнекшелер
пайда болады. Келесі күндері бұл түйнекшелер ыдырап езіледі де, бүршікті
ткань шала жетілгендіктен олардың орнында ернеулері опырылып ирелендеген,
әрбіреуінің түпкі жағы ет майы тәрізді, түсі тоң майдың түсі тәріздес
көптеген сопақша жара пайда болады.
Жаралар бірімен-бірі ұласып, тез ұлғаяды да, көбіне кеңсірікті тесіп
өтеді, танау-маңдай қуысын закымдайды. Танаудың іші қан араласқан сасық
іріңге толады, екі танаудан, аққан ірің танаудың айналасына жиналып кебеді
де, қабыршаққа айналады. Тынысы тарылып мал пысылдайды. Алқым бездері
ұлғайған, адыр-бұдырлы келеді, сипалағанда ығыспайды.
Өкпесі зақымданса, мал демігеді, жөтеледі. Тыңдаған кезде кейде дымқыл
сырыл естіледі. Кеудесін нұқып қаққанда өкпенің кейбір жерлерінен әдеттегі
дүңкілдеген ашық дыбыстың орнына тықылдаған күңгірт дыбыс естіледі.
Терісі зақымданған жағдайда, ол көбіне малдың аяқтарында кездеседі, сөл
бездері мен қан тамырлары қабынады.
Алғашқы кезде сөл бездері қап-қатты нығыз келеді, ал кейін жұмсарып
ыдырайды, мұның нәтижесінде ойылған терең жаралар пайда болады, олардан май
тәрізді жабысқақ сары сұйық зат ағып тұрады. Көптеген жағдайда дәнекер
тканьінің шектен тыс қаулап өсуіне байланысты малдың зақымданған аяқтары
дүмпиіп жуандайды (ұра).
Клиникалық белгілері бірте-бірте жойылып, жіті маңқа созылмалы
маңқаға айналады. Ауру асқынса, маңқаның зардабы бүкіл денеге тарайды,
мұның салдарынан ауру мал әбден арып, өліп калады [2,3,4].
С о з ы л м а л ы м а ң қ а. Желбезекте түйнекшелер мен ойық
жаралар пайда болады, алқым бездері сәл зақымданады, олар ұлғайып,
нығыздалады және жөнді қозғалмайтын болып қалады. Қайсыбір жаралар жазылып
кетуі мүмкін, олардың орнын дәнекер ткань басып, жұлдыз тәрізді тыртыққа
айналады.
Маңқа ұзаққа созылса, өкпедегі зақымдану белгілері
білінбейді,оларды мал өлгеннен кейін ғана көруге болады. Терінің сөл
тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай жылға
созылады, әлсін-әлсін асқынып отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал
әбден арықтап өледі.

1.3Өлекседегі патолого - анатомиялықөзгерістер

Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен
ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған,
олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.
Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл
түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі
органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары
табылады.
Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ
жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа
түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.
Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі,
маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек.
Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен
паразиттер табылады [1,3,4,5].

1.4 Ауруды анықтау

Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық
зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы)
әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін
анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге
тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша анықтайды.
Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз шошқасының
еркегін биологиялық сынаудан өткізеді; осы хайуанныңқұрсағын көмкерген көк
шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит)
[2,4,5].
Емі.Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру. Дәрі-дәрмекпен емдегеннен
ешқандай нәтиже шықпайды. Жылқы өздігінен жазылып кетпейді.

1.5 Аурудан арылу және одан сақтану шаралары

Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа
бөлінеді.
Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы
жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.
Екінші топ—ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы;
олардыңқаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны өлтіреді
де, реакция бермеген жылқыларды маллеиншілер деп табады.
Үшінші топ — ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген
жылқылар. Олардыңқаны 1,6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет
тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып
жіберіледі.
Төртінші топ — күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық
бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы
топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа
жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана
жұмысқа пайдаланылады.
Ат қора құрамында 3 процент белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір)
хлор ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен
немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен
дезинфекцияланады. Ауру малдың көңі өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі
биотермиялықәдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен
ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.
Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп,
көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады [4,5,6].
Мұрын маңқасы. Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен
ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын
айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады,
тыныс алуды қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері
(төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага
айналады, жара айналысы, жайылған емес, ортасы саргыш май түсті болып
түрады.
Кейбір жаралар мұрын пердесін тесіп өтуі
мүмкін, жараның жазылуы, қиын, ұзаққа созылады. Жазылған жағдайда
дене тканьдер әсіп, тыртыққа (рубец) айналады.
Мұрын пердесін рефлектормен көру керек .
Лимфа түйіндері (жақ асты түйіні) үлкендігі, тауық
жұмыртқасындай болып, қатты, бұдыр-бұдыр, сипағанда өте салқын, ауырмайды,
іріңдемеген.
Тері маңқасында, лимфа (без) жүйесінде, теріде және тері
астына маңқа түйіндері пайда болады. Олар тез жорылып, орнына ортасы сары
майға ұқсас жараға айналады. Әсіресе артқы аяқтың терісі көп ауырады, Ауру
ұзаққа созылғанда артқы аяқ жуандап кетеді (слоновость).
Маңқаны анықтау үшін;
1) клиникалық белгісіне
2)Маллейнпробасы (тексеру) жасайды.
3) Бактериялық (патологиялық) материалды тексереді. Лабароторияға
жібереді.
Жылқының өлігін (адамға жұғатын болғандықтан) сойып қарамайды.
Көзге малленизация жасау (офтальмомалеинизация) үшін, 2-3
маллейн тамшысын, пипеткамен көзге тамызады.
Реакцияны оқу әр 3, 6, 9, 12 және 24 сағатта өткізеді.
Оң реакцияда, көздің айналасы қызарады, жас ағады және ірің (әрқанша
түрде) көздің ішкі бұрышынан ағады.
Күдікті реакцияда көз қыздырады ісінеді, жас агу, іріңсіз
болады.
Теріс реакциядакөздің клегей қабықтары өзгеріссіз болады. Күдікті
реакция болғанда, көзбен тексеруді 5-6 күннен кейін, дәл сол көзді
қайта тексеру керек.
Көзге малленизация жасайтын клетка стерильді болу керек. Малленизацияның
таңертең ерте жасау қажет, себеб реакция оқуға ыңғайлы болуы үшін.
Тері астына (внутрикожная) малленизация жасау:Маллейңді мойынның
орта бөлігіне егеді. Препараттың дозасы
инструкциядакөрсетіледі. Маллейін еккен соң, еккен жерде, шекарасы жоқ
кішкене ісік пайда болады, көлемі 100-120 мм ден реакцияны екі
рет, (48 сағат, 72 сағаттан соң) оң реакция берген малды жояды, өлігін
өртейді.
Күдік және теріс реакция бергендерді, қайтадан малленизация
жасайды. Реакцияны 24 сағаттан соң оқиды.
Қабынған ісік пайда болса, 40-45 күннен кейін тағы да тексереді және екі
рет көзге маллейн тамызып тексереді, одан соң барып қортынды жасайды.
Сап емделмейді, ауру жазылмайды. Аурудың алдын алу үшін мына
шараларды іске асыру қажет:
Шаруашылыққа бөтен жылқыны әкелмейді. Әкелген жылқыны малленизациядан
өткізу керек, 30күн карантинде ұстау қажет.
Жылына екі рет, тұрақты түрде көз мелленизациясын . өткізу керек.
Маңқаға күдіктенген жылқының (клиникалық аурудың белгісі бар) көзін жою
керек. Өлігін өртеп жібереді, малды соймайды, терісімен өртеу керек.
Тез арада СЭС-қа хабарлап, шаруашылыққа карантин салады.
Дезинфекция жасау үшін, хлорлы известтің 3 % ерітіндісін, едкии
натрийдың 4 % ерітіндісімен ғана пайдалану қажет.
Карантинді соңғы маңқамен аурған жылқының көзін жойған соң, 45-күннен
кейін ашады. Карантинді ашар алдында, қорытынды дизенфекция және ферманың
мал тұрған жерді тазалайды [1,3,5,6].

1.6 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері

Жұқпалы ауруды зертханалык зерттеуге, бактериологиялык, серологиялык,
биологиялық тексерулер жатады
Бактериологиялык тексеру
Жұқпалы аурудың қоздырғышын табу үшін, зертханаға ауру малдың өлігін,
ішкі органдарын, немесе ауру малдан бөлінген зэр, ки, тыныс мүшелерін жыныс
мүшелеріннен,асказан мүшелеріннен бөлінген заттарды жібереді.
Жіберілген материал өте жаңа (свежий) болу шарт. Материалдың ыдысы
кұрал-саймандарда таза стерильді болуышарт.
Алынған материалды жіберерде жақсылап орау(целлофанға) керек. Ол микроб
далаға түспеу керек.
Егер микроб далаға түссе ауру тарауға себепші болады. Ауыру тараудың
көзі болуы мүмкін.
Бактериологиялык тексеруде микроскоп коданылады, микроскоппен микробтың
іздейді және микроб тапса одан себін (посев) жасайды. Тағыда себінтен жалақ
(мазок) жасап микроскоппен тексереді. Сонымен қатар, зертханалык малдарды
қолдан ауыртады. Одан соң олмалдарды сойып, тағыда микроскоппен көреді.
Микробтың формасын, көлемін, микробтың орналасуын т.б ажыратады [2,3,6,7].
Сондай-ақ микробтың боялу қасиетін (граммотрицательный,
граммположительный боялу касиеттерін) қасиеттерін анықтайды.
Жұқпалы ауруларды серологиялык жолмен тану әдісі
Серологиялық ауру тану әдісі деп ару малдың канындағы сарысудағы арнайы
денешікті (антителаны) табуды,аныктауды айтады. Ол үшін дайын арнайы кан
сарысуындагы антигенді пайдаланылады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен
колдануда.Оның ішінде агглютинация реакциясы (РА), комплементті
байланыстыру реакциясы (РСК) және преципитация реакциясы (РП) әдістері
кеңінен колдануда. Ол үшін ауру малдан пробиркада кан алып лабораторияға
жібереді.
Зертханада дайындалған нұскау (инструкция канды реакцияға қойып олардың
кортындысын хабарлайды, осындай әдіспен бруцеллез, туберкуллез, Ауески т.т
тексеріледі.
Ауру шыкса онда ауруды таратпау үшін іс шара жасалынады. Агглютинация
реакциясы.—бруцеллез, паратиф, құс пуллорозы т.б. аныктау үшін колданылады.
Ол ауру малдың кан сары суындағы атителаны (агглютин)ді белгілі антиген
(бұрынан дайындап койған қоздырғышпен) реакцияга аркылы аныктайды.
Егерде тексерілетін ауыру малдың кан сары суында антитела болса
антигенмен агглютиннацияға түсіп (жабысып—склеивания) болады. Оң реакция
кезіде пробиркада тұнба (осадок)пайда болады.Оны сәл сілкісек тарап кетеді
[3,6,7].
Аллергиялық зерттеу. Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің
күшейуі. Мысалы, туберкулезбен ауырған малға туберкулин - (ол
туберкулез микробын бульонда сорпада) өсіріп, оны сүзіп (фильтрден өткізіп)
алынған сүйық (фильтратты)), парентерально ексе, организмде аллергиялық
реакция пайда болады. Былайша айтканда, аурудың ерекше клиникалық
белгілері - терінің қызаруы, бөртуі, күлдіреу, демігу, жүрек қызметінің
нашарлауы, әр жерлерінде ісіну пайда болады.
Кей жағдайда аллергиялық реакция пайда болмай қалады - оны анергией
дейді.
Анергия—екі жағдайда болуы мүмкін. Бірінші организмде қорғаныс күштер
күшті (антитела күшті болғанда), екінші, аурумал организмі өте нашарлап
кеткенде, егілген аллергнеге организм жағдаиы жауап болады.
Аллергендер (туберкулин, маллеин, бруцеллолизат) жэне басқада түрлері
өндірісте жиі қолданылады.

1.7 Індет процесі туралы түсінік

Індет процесі – індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс
нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет
процесінің ауқымы одан да анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір
территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы
емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны
жайлауы.
Жұқпалы ауруларға қатысты құбылыстарды үш түрлі деңгейде
қарастыруға болады. Оларды микросистема, мезосистема, макросистема,
яғни тиісінше мөлтек жүйе, орташа жүйе жәнее үлкен жүйе деп
атайды. Мөлтек (шағын) жүйе бұл құбылыстарды молекула, клетка
деңгейінде қарастырса, роташа жүйе ұлпа, мүше, организм деңгейінде
зерттейді. Ал үл кен және жүйе бұл мәселелерді популяция,
биоценоз, биосфера деңгейінде қарастыруға талдайды. Инфекциялық
процесс пен иммунитет алғашқы екі жүйе деңгейінде, ал індет процесі
соңғы үшінші жүйе деңгейінде қарастырылады [1,5,6,8].
Індет процесіне қазіргі көзқарас бойынша оны екі бір-біріне жат,
тіпті қарама-қарсы, жүйенің, бір жағынан микробтар тобының,
екінші жағынан жануарлар тобының өзара әсерінен туындайтын құбылыс
ретінде қарастырылады. Сонымен індет пргоцесі кезінде ауру қоздырушы
микроб бір жануардың организіміне енуімен шектелмей, басқа
жануарларға кезекпе-кезек ауысып, малға жұғады. Індет процесін
мақсат – ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады, індет басылып
екінші рет қайталағанша осы аралықта микроб қайда және қалай
сақталады, індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар
әсер етеді және т.б. анықтау болып табылады.
Организмнің сыртқы ортамен өзара қатынасы арқасында (зиянды факторлармен
қатынаста) пайда болған иммунобиологиялық қасиет (иммунитет,
невосприимчивость -қарсылық көрсету), кей кезде, қарсьшық көрсету емес, а
керісінше оның сезімділігін, күшейтіп немесе өзгертіп жіберетін жағдайлар
болады.
Індет процесі (эпизоотический процесс) дегеніміз осы аталған үш
құрама бөліктің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен
туындайтын құбылыс. Бұл аурудың үздіксіз, жануарларға бірінен біріне
жұғуы, қоздырушының ауру малдан сау малға беріледі. індет процессін
індеттену деп, ал індет өте кең жедел тарағанда лаңдану деп
атайды.
Жоғарыда келтірілген үш фактор індет процесінің негізгі құрамы,
негізгі немесе бастапқы қозғаушы күштері, немесе індет бағалауының
негізгі буындары деп аталады. Олардан басқа қосалқы немесе қосымша
қозғаушы күштері бар. Оларға табиғи геогра фиялық және әлеуметтік-
экономикалық шаруашылық факторлары жатады. Негізгі қозғаушы күштердің
бірі болмаса, жалпы індет процесі де болмайды, қосымша қозғаушы
күштері негізгі қозғаушы күштері арқылы індет процесінің барысына
әсер етеді.
Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау
жүргізіледі. Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауыктыру шаралары
белгіленеді.
Карантин және шектеу. Індет ошағының одан әрі
ұлғаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және
шектеу қолданылады.
Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу
шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша іңдет ошағына күзет посты
қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум
орнатылады.
Кейбір аса қауіпті індет кезінде баска елді мекендермен барлыққатынас
токтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыкқан кездекойылады.
Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте -аусыл топалаң,
бруцеллез, сиырда - оба, мәлік, қарасан, жылқыда - маңка,
мандам, жұқпалы анемия, делбе, койда - шешек, ешкіде - кебенек,
т.б. жатады. Карантиндік шараларәрібір аурудың індеттік ерекшеліктеріне
байланысты белгіленеді.
Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге, немесе араластыруғатиым
салынады. Кей жағдайда мал өнімдері мен дайындау, жем-шөпті әкету
токтатыльш, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым
салынады. Сиыр обасы, аусыл сиякты аса қауіпті аурулар кезівде барлық басқа
шаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді. Кей аурулар аусыл,
топалаң кезінде карантиңцелген ің ошағының манайында кауіп төнген аймақ
зона белгіленеді. Бүл аймакта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектв
қойылып, ветеринарлық бакьюау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау
жүргізіледі [1,7,8].
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсендеуі қарым-қатынасты
тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай коймайтын жұкпалы
аурулар кезіңде мысалы, сарып, сакау қолданады.
Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте
тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан
немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады. Олардың
алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінін және аурудан кейінгі
микроб алып жүру кезеңініңұзактығына байланысты. Жасырын және
микроб алып жүру кезендері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен
шекти кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң
карантин алынғаннан кейін тағы да белгілі мерзімге шектеу калдырылады.
Мысалы, аусылдан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге
шектеу сакталады.
Карантин мен шекгеуді алар алдында мал қораларын корытынды
дезинфекция мен санитарлық жөндеу жүргізіледі. Сонымен кабат
аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы
тиіс.
Катер төнген аймакка індет ошағын коршаған аймак жатады. Оның ауданы
табиғи-географиялык, экономикалық жағдайларға, қатынас жолдарының
орналасуына және олардағы козғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты
аныкталады. Қатер төнген аймакта жүргізілетін шаралар негізінде шектеу
шараларымен такылеттес болады. Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде аусыл,
обабұл шаралардын талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді.
Карантин мен шектеу індет буындарьшың ішіңде ауру
коздырушысыньщ берілу тетігіне әсер етеді. Ауру коздырушысының берілу
тетігіне қарсы бағытталған шараларға сонымен бірі дезинфекция,
дезинсекция, дератизация, калдыктарды өлекссні көнді, т.б.
зарарсыздандыру жатады [3,6,7].

1.8 Індет ошағының түрлері

Індет ошағы деп - індет процесі өтетін, оның негізгі үш
қозғаушы күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі
және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік
аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын
тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау
жануарларға берілу қауіпі сақталған аймақ.
Ошақ - қазақ тіліндегі байырғы сөз, оның мағынасы от жағатын
орын. Бұл ұғым халықтың індетті тілсіз жау – отпен салыстыруынан
туған. Орыс тілінде індет ошағы эпизоотологический очаг деп
аталады. Ошақ сөзінің іс жүзінде еш бір өзгеріссіз орыс тіліне
ауысуы алтын орда дәуірінде болса керек.
Індет ошағы ұғымын инфекция ошағы ұғымымен шатастырмау керек.
Індет ошғы аймаққа тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады.
Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке
шалдыққан дене мүшесі немесе ұлпаны айтамыз. Індетті ошағының
әрекентті және әрекетсіз түрлері болуы мүмкін.
Індет ошағын жою - жұқпалы аурулармен күоресудің басты мақсаты
мен негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция
қоздырушысының бастауын құрту және сыртиық орта объектілерін
түбейгейлі зарарсыздандыру. Бірақ кей жағдайда зардапты микроб қалай
да болмасын, сыртқы ортада сақталып қалады.
Індет ошағының түрлері.
Індет ошақтары жаңа өше бастаған тұрақты және табиғи болып
бөлінеді. Індет ошағы жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан
жануарлардың саны әлі де өсіп келе жатса, ол жаңа болып есептеледі.
Мұндай ошақтан аурудың одан әрі қарай кету қауіпі жоғары болады.

Өше бастаған ошақта жүргізілген індетке қарсы шаралардың
нәтижесінде немесе ауру әбден жұғып болады, аурудан малдардың
сауығуына байланысты індет бәсендей береді. Қоздырушының белсеңді
бастауларына азаюына байланысты аурудың одан әрі таралу қауіпі де
төмендейді.
Тұрақты деп аурудың тұтануы оқтын-оқтын белгілі уақыт аралығынан
соң үнемі байқалып тұратын ошақты атайды. Нақтылы бір себептердің
салдарынан мұндай ошақта аурулардың біліну мүмкіндігі сақталады.
Індет ошағының тұрақтануына жануарлардың арасында жасырын микроб алып,
жүргізушілердің болуы әртүрлі микроб тасымалдаушы кемірушілер және
зардапты микробтың сыртқы ортада ұзақ уақыты сақталуы себеп
болады. Листериоздың індет ошағының тұрақтануы оның қоздырушысының
сүлемеден кемірушілер арасында сақталуынан болса, топалаңның індет
ошағының ұзақ мерзімділігі қоздырушысының топырақта жылдар бойы
өлмеуінің салдары. Егер ауру қоздырушысының бастауы болмай
қоздырушы микроб сыртқы ортада ұзақ сақталған жағадайда мұндай жерді
індет ошағы дегеннен гөрі инфекцияланған аймақ деп атаған жөн.
Топалаңның қоздырушысы сақталған топырақ қоздырушының бастауына
емес таратушы факторларына жатады.
Табиғи індет ошағы деп - белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушының
тағы жануарлардың арасындағы айналымда болатын аймақты айтады.
Құтырық, тулеремия, листериоз, лептоспироз және т.б. аурулардың
табиғи ошақтары болады [2,6,7].
Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары
Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза
емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы
бар) қауыпті зона делінеді,—ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық
деп бөлінеді. Мал дәрігерлік уставқа сэйкес аурудан таза емес
шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді. Шаруашылыққа карантин
салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады. Карантин ережесі
ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал
әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ. Дезо барьер орнатып, күндіз түні кезекші
қояды, территорияға авто көлік, ат арба т.б. кіріп шығады тоқтатады, ол
үшін көрстекіш белгі қойылады, Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі. Ауру
шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың
жазылу сипатттмасына байланысты болады. Карантин біткен соң қортынды
дизенфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады. Ауру шыққан
жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі 1) ауру
мал 2) ауыруған күдікті мал 3) уақытша кудікті сау мал Бірінші
топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда
мал дэрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммуниды
(сывораткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегімалдарды союға,
кастрация -қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық
шараларды іске асырады тазалайды, дизенфекция жасайды, барлық құрал
саймандарды заласыздандырады, қара - қонсыны жөндейді әктейді айналаны
тазалайды
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген)
сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қортындыболып бөлінеді. Эпизотияға
қарсы шаралар-инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды
болдырмау бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан
бірінші реттен малдың жұқпалы ауруга қарсы тұратын қаблетін күшейту үшін
жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және
бейімді болуы қажет.
Сондай – ақ, микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап беріп, оған
берілмеу керек. Сонымен қатар, мал тұратын ферманы, ауылды, жұқпалы аурудан
қорғап, аурудың келіп қалмау жолын іздестіру қажет.
Малды жұқпалы аурудан корғау үшін өте қатаң түрде зоогигиеналық және
малдәрігерлік санитарлык ережелерді сақтау керек. Оған мына төмендегілер
жатады:
1) Профилактикалық қорытынды сактау. Фермаға, шаруашылыққа келген мал 30
күн карантинде тұру керек. Оны бөлек ұстап сол 30 күн бойы қадағалап, оны
күнде тексеріп аурудың жасырын түрін анықтау қажет. Малды тек
жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан алу қажет. Ол аудандық мал дәрігердік
станция дәрігері мал алатын жердің аурудан таза екенін
анықтайтьш (ветсвидетельство) беру керек, алу қажет, тек содан соң ғана
малды ол жерден алуға болады. Жаңадан келген малды, бөлек ұстап, оған
арнайы күтуші адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңқа ауруы
Маңқаның патогенезі, ауру эпизоотологиясы
Жылқы аурулары
Құс сальмонеллезі
Құс пуллорозымен ауырған балапандар
Індетке қарсы шаралар
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Туберкулезді балау әдістеріне қысқаша балау
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер