Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары


ХҰН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОРЫҚТАРЫ
Хұн империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады. Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың айтуынша, б. з. д. III ғасырда хұндар түркіше сөйлеген. Хұн тайпаларына: қыпшақтар, 'едқлылар (кангюйлер), үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша: сә) жатады. Хұндар жұртының ^жер аумағы үш бөлікке бөлінген.
Біріншісінің іщінде сюннулар болды, олар біздің заманы-мызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасынан бастап, Хуанхә взенінің орта тұсы мен төменгі ағысывдағы - қазіргі Қытай Ікерінің жөне Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.
Хұндардың екінші бөлігі - біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықга сырткы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер. Кейіннен Сөнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған (386-534 жж. ) .
Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға I Дейінгі жерлерді мекендеген хұн тайпалары калыптаса бастайды. Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған, бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған.
Хұн мемлекетінің құрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. д. V-IV ғасырларда жун (хүн) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хүн державасы көршілес тайпа одактарымен жөне қытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.
Қатал билік жүргізген елбасын "тәңірқұты" деп атаған. Ол "Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хұн - Тәңір деген арнайы лауазымға ие болған. Оны "Көк ұлы" деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:
а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару міндеті, осы аумақты қорғау функциясы;
ә) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы;
б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы;
в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауап-тылық міндеті.
Мемлекетте Тәңірқұтынан кейінгі лаузымды кісілер - сол және оң жақтағы (батыс, шығыс) "дана басшылар", яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын, әскердің сол және оң қанатын басқарды. Бұлардан кейін Төңірқұтының белгілі бір жер аумаганда басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі өр түрлі лаузымға ие болды және "он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар" деп аталды. Бұлардың жалпы саны им-перияның батыс, Ійығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басшылардан құрал-ды. Бұл орындарға Тәңірқұтына туыстық жақындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңірқұты өзі белгіледі, ол әр басшы-ның иелігіне сонда мекендеуші тұрғындарымен бірге аумақ-тар бөліп берді. Төңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың басқа жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.
Басшының билігі мең әскери күші оның әскер үлесіне емес, тұрғындарының санына қарай анықталуына көбірек мән берілді. Оның қол астында он мың жауынгер болды, "24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше он мыңға дейінгі әскерге ие болды", - дейді Сыма Цянь.
Басшы өз иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктерді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі тұрғындары бар жер берді. Басшыны ауыстыруға не жазалауға тек Тәңірқұтының әлі жетті. Кейін басшы сайлау қатаң мұрагерлік жүйеге ауысты. Мемлекетте барлық ер адамның негізгі борышы әскери қызмет болды. Әр хұн жауынгер атанды және өскери міндетті орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлық ер адам балалық шағынан өмірінің соңына дейін қатал бекітілген әскери бөлімшелерге жазылып қойды, әрқайсысы өз басшысының бұйрығымен соғысты. Хұн империясы ертедегі қытай патшаларының саяси өміріне ұдайы араласып отырған. Олар кейде өзара шайқасып не болмаса өзгелерге қарсы бірігіп соғысып, әрқилы қатынаста болған.
Соғыста шабуыл жасау, олжа алу аталмыш хұн империясы-ның өмірінің ең басты мақсаты болған. Қытай сановнигінің сөзіне қарағанда, хұндардың шабуылы салық төлеумен не болмаса берілген сыйлықпен, көсемдердің құлқын сатып алу-мен, қыздарын әйелдікке берумен тоқталып отырған.
Сыма Цянь жазған "Сүй патшалығының тарихы" деген кітаптың "жағрапиялык дерек" деген бөлімінде былай делінген: "Беспалык құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы түсында (б. з. д. 223-203 жж. ) үйсіндердің дуньхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. д. 225-220 жж. ) хұндардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хүндардың әскери лагері мен өскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хұндардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хұндардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бұған Моде: " Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірә?" - деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, со-ңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжыды. Дуньхуларға, үйсіндерге тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талқандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды". Хұн Тәңірқүтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Б. З. Д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел ба-сына Хань династиясы келді. Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысьш, б. з. д. 202 жылдың қысында хұндарға қарсы соғы-суға әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған хұндар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен им-ператорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. "Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань ескерлері бір-бірінен азық-түлік көмегін де, әскери көмек те алмады, - деп жазады тарихшы Сыма Цянь. - Батыстағы сюннулар атты әскері ақ аттарға, ал шығыс беттегілер тұмсығында ақ дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар жирен аттарға мінген".
Соғыста жеңілген император Гаоди хұндармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол таппады және Модеге император үйіндегі ханшайымды беріп, өз өмірін сақтауға келісті.
Біздің заманымыздың 48 жылы хұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хұндардың тағдыры, негізінен, Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік хұндар - Енисей (ежелгі кырғыз) тайпаларынан, әсіресе дуньхулар - үйсін ұрпақтарынан, сәмбилер - Манчжуриядан айрыла бастады. Хұндардың ставкалары (ордалары) Батыс Монғолияға, Солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хұн тайпаларының миграциясы әуелі Қазақстан-ның шығысына - Тарбағатайға және Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хұндар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хұндар Батыс Сібір тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды.
Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Хұн одағы екі топқа жарылып, бірі Шығыс Хүн мемлекеті. екіншісі Солтүстік-батыс Хұн мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуін де түркі тайпалары билеп отырған, бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстік-батыстағы хұн мемлекеті біздің заманымыздың IV ғасырында өйгілі болып, Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. IV ғасырдың 70 жылдарының аяғында хұндар Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастады. Хұндардың соққысына бірінші болып жығылғандар - Азов теңізі өңірін мекендеген алавдар еді. Көшпелі алаңдардың біраз бөлігі қазіргі Кубань езені бойындағы хұндарға бағынды. Хұндар екі бағытта ілгері жылжыды. Біріншісі - қыста мұзды жолмен яғни Перекоп және Тамань түбегі арқылы қазіргі Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Мың жылдан аса өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі - батыс және солтүстік батыста орналасқан сарматалан және гот немесе швед тайпасына бет түзеді. Сонымен, батыс хұндарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген түрлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін 376 жылы хұндар Рим империясымен көршілес Мемлекет болып, көп ұзамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хұндар Закавказье мен Месопотамия ай-мағында шабуыл жасады. V ғасырдың басывда олар Дунай жерін басып алды. Поннонияны басып алып, хұн держава-£ын құрды, орталығы қазіргі Венгрияның жері болды. Олар басып алған жерлерінің алтын және тағы басқадай бағалы заттарын тонап, адамдарын өздеріне бағынышты етті. 433 жылы қартайған хұн патшасы өзінің билігін немерелері Белде мен Аттилаға береді. Олар 12 жыл патшалықты бірге басқарып, Герман тайпаларын бағындырды. Осы бірігіп басқар-ған 12 жылда Бургун корольдығын Рейн бойында талқанда ды. 455 жылы Аттила ағасын өлтіріп, енді жеке өзі биледі. Ол туралы гот тарихшысы Иордан тектен-текке былай демеген: "Бұл адам өмірге келгенде халықты тік тұрғызу үшін, дірілдету үшін жаралған".
Тарихшылардың айтуынша, Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді. Мүны римдіктер де мойындаған болатын. Римдіктердің жазып қалдырған деректерінен Аттиланың қандай екенін айқынырақ білуге болады: "ол орта бойлы, кең кеуделі, үлкен басты, қысыңқы көзді, сирек сақалды болған". Сонымен бірге Аттила дострын сыйлай, тыңдай, еркелете де білген. Аттила қымбат қазынаның иесі бола тұра, қатардағы әскері сияқты киініп, олармен бірдей тамақ ішкен. Ол кәдімгі ағаш ыдыспен тамақтанған.
Аммиан Марцелин хұндарды былайша деректейді: "Олар ешқашан ақсақалдарының айтуынан шықпайды. Ақсақалдарының бір ауыз сөзі үшін олар жан беруге дайын.
Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңберлене құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп-оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін калай алғанын бақылау мүмкін емес. Олар кас қағым сәтте-ақ дүниенің астан-кестеңін шығарады.
Әскери өнері жаганан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян-қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының кашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады" (1-құжатты қараңыз: 24-25-беттер) .
Хұндардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино ІІІ-ден қарындасы Гонорияны езіне әйейдікке және Рим мемлекетінің байлЫғы мен билігінің біраз бөлігін беруін талап етті. Гонорияның өзі Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі Гонория көп жылдар бойы өз туыстарымен Римде билікке таласқан еді, сондықтан ол Аттилаға құпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді. Римдіктер мұны біліп қалып, қатты дүрлігеді. Мұны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық әкелді, Римге опасыздық жасады" деп - жазды. Аттиланың Рим қызымен кесілер некесі Рим патшасы-ның мұрагері болуға мүмкіндік беретін еді. Римдіктер Гонорияны қамауға алған соң, Аттила өзіне тәуелді тайпалардан Римге қарсы жорыққа шығуға әскер жинай бастайды. Хұндар, осто-готтар, геруілдер, гепидтер, ругийлер қосылған сансыз әскер Римге бет алды.
Аттила өзінің алғашқы соғысын сәтті бастады. Шығыс Рим империясының Дунайға дейінгі калаларын бірінен соң бірін қиратып, Балканға келе жатып, жол бойындағы бекіністердің бәрін талқандады. Алғашқы шайқастың өзіңде Рим әскері талқ-андалды. Греция қаңырсып бос қалды, 70 қаласы әртеніп, мың-даған адамы құлдыққа түседі. Енді Аттила Константинопольді оп-оңай басып алмақ бола тұрып, "Алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіруге болмайды" дейді. Бұл "мейіршапағаты" үшін қала басшылары оған алты мың фунт алтын ақша беріп, жыл сайын Аттилаға екі мың бір жүз сом мелшерде салық төлеп отыратын болған.
451 жылы Аттила алып державаның әміршісі бодды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Ол қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген. Аттилаға ба-ғынбаған Рим ғана қалды. 451 жылы Аттила Рейн өзенін ба-сып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің өскер басы Аэци деген адам еді. Ол жас кезінде хұндардың тұтқыны болған, сол жерде Атгиламен кездескен болатын, ол хұндар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астында весьтоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 ж. маусымда Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила әскерімен шешуші шайқас болды. Мұндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі соғысты бұдан сон тарихта XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот тарихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқастағы қайғыны суреттеген. Алғашқы шайқас Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен бірге күшті лагерьге тасалануға (бекінуге) мәжбүр болды. Шабуылды күту кезінде, ол хұндардың дәстүрі бойынша, жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Римдіктер құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздык басталды. Аттила өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп ұзамай, ол өзінің әскер қатарын толыктырып, Италияның оңтүстігіне - Римге қарай бет алды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Ве-рона, Монтуя және Бергамоны басып алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны өзі ашты. Аттила сол үшін қайрымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz