Сібір жарасын балау және дауалау шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Сібір жарасын балау және дауалау шаралары» атты курстық жұмысым 35 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Белгілер мен қысқартулар

м 2 -шаршы метр

м 3 - метр куб, көлем

м - метр

% - пайыз

°С - температура

мг/ м 3 - көлем

г - грамм

кг - килограмм

Ә. Б. - әсер ету бірлігі

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 7
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(күні, студенттің қолы)

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1 Сібір жарасы . . . 10

1. 2 Қоздырғыштың төзімділігі . . . 11

1. 3 Індеттік ерекшеліктері . . . 11

1. 4 Дерттенуі . . . 12

1. 5 Өтуі мен симптомдары . . . 13

1. 6 Балау . . . 15

1. 7 Емі . . . 16

1. 8 Дауалау және күресу шаралары . . . 17

1. 9Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 20

1. 10 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 23

1. 11 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 24

1. 12 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 24

2 Өзіндік зерттеу . . . 27

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 31

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » факультеті

«»кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2013ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. ) .

Өнеркәсіптік кешендерде, арнайы бағыттандырылған

шаруашылықтарда және фермаларда ауруларды емдеу және сақтандыру шараларын үйымдастыруда агротехника, мал азығын дайындау, азық дайындау технологиясы және мал гигиенасының ережелерін сақтау бағытындағы ғылыми жетістіктерді басшылыққа алған жөн.

Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды.

Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындар мен малшруашылығы енімдерін (сүт, ет, жүн жэне жүмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді әтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып-жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады.

Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Кей аурулардан, әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және азықтың бір түрімен ғана азықтандырғанын пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің (диетотерапия) мағынасы зор.

Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты бұзу технологиясын бұзған және малды бағып-күтуде, әсіресе, қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді. Сондықтан, агрономиялық және ветеринарлық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес сапалы және дұрыс азықтандыруды қадағалауда маңызы зор.

Сібір жарасына қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт коректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл аурумен созылмалы түрде аурады. Ет қоректілер /ит, мысық/ басқалардан төзімді. Мысалы топалаңмен ауырту үшін үй коянына қоздырушысының 2 спорасын тері астына жіберу жеткілікті, ал итке ол үшін 1 млн спора енгізу қажет.

Бір түрге жататын кейбір мал тұкымдарының топалаңға бейімділігі әртүрлі болуы мүмкін. Қойдың алжирлік тұқымдары еуропалық тұқымдардан әлдекайда төзімді. Сібірде өсірілетін сиырдың жергілікті тұқымдарының бұл ауруға бейімділігі біршама төмен. Сондай-ақ далалық, қызыл сиырлар, кара-ала тұқымдарына қарағанда төзімдірек болады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - сібір жарасы ауруын балау және дауалау шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Сібір жарасы ауруы

Сібір жарасы / сибирская язва/ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, талақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез /қарасан қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру/, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті жара.

Тарихи деректер. Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия еддерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А. Эшке және Н. Ножевшиков /1758/ адам мен малда осы дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.

Сібір жарасының қоздырушысын Германияда Поллендер /1849/, Францияда Райне мен Давен /1850/ өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р. Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. Л. Пастер /1881/ бірінші болып жануарларды осы микробтың әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды Ресейде П. С. Ценковский /1883/ іске асырды. 1944 ж. Н. Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.

Сібір жарасы дүние жүзінде көптеген елдерде байқалып тұрады.

Қоздырушысы - ірі /3-10x1-1, 5 мкм/ қозғалмайтын грамоң, спора түзетін ауасы бағалы таяқша. Жануар организмінде және табиғи белогі мол қоректік ортада қауашақ түзеді және бұл қасиет уытты штамдарына тән. Өсуіне қолайсыз жағдайда, ауадағы оттегінің қатысуымен, 15-42° С температура аралығында спора түзеді. Сойылмаған өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб өліп қалады. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы ортада сақталады. Патологиялық материалдан алынған жағында бациллалар жеке-жеке немесе жұптанып, сирек жағдайда қысқа ретінде орналасады. Боялған жағында тізбектегі таяқшалардың шеті шорт кесілгендей, болмаса тіпті аздап дөңестеніп бітеді, ал тізбектің өзі бамбук таяғы сияқты бунақтанып турады [1, 3, 4] .

Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. ЕПА ( пептон агарында/ өскенде R-формасына тән жатық, күнгірт сұр түсті, бұжырланған, шеті жырымдалған колониялар ЕПС /ет пептон сорпасында/ пробирканың түбінде ұлпаланған бір шөкім мақтаға ұқсас тұнба береді. Ет пептон желатинасына пісіп еккенде, аударылған шырша тәріздес өседі. Пенициллин қосылған ЕПА-да өскенде домаланып, шарға ұқсайды. "Меруерт моншағы құбылысы" деп аталатын бұл қасиеті топалаңға диагноз қою үшін пайдаланылады. Өзіне тән бактериофагка аса сезімтал ү-МВА деп аталатын бактериофаг /авторлары Я. Е. Коляков пен В. А. Байрак/ лабораториялық диагностикада қолданылады.

1. 2 Сібір жарасы қоздырғышының төзімділігі

Микробтың вегетативтік түрі әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімсіз. Сойылмаған шіріген өлекседе 7 тәулікте ыдырайды. 60° С қыздырғанда 15 минутта, қайнатқанда - қолма - қол, тура түскен күн сәулесінен бірнеше сағаттан соң өледі. Кәдімгі дезинфектанттардың әсерінен тез арада өледі, -10º кезінде 24 күн, ал -15° С жағдайында етте 15 күнге дейін сақталады [1, 4] .

Споралары өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілгін сақтайды, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады. Ет пен теріні тұздау, кептіру спораларынын сақталуына жағдай жасайды. Құрғақ ыстық ауада 120-140° с кезінде споралары тек 2-3 сағаттан кейін, ал 120° С жағдайындай автоклавтау 5-10 мин. өткенде, кайнату 15-30 мин сон, күйдіргіш натрийдын 10 %-ті ерітіндісі, формальдегидтің 1 %-ті ерітіндісі екі сағат өткен соң өлтіреді, ал хлорлы дезинфектанттар күштірек әсер етеді.

1. 3 Сібір жарасы ауруының індеттік ерекшеліктері

Сібір жарасына қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт коректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл аурумен созылмалы түрде аурады. Ет қоректілер /ит, мысық/ басқалардан төзімді. Мысалы топалаңмен ауырту үшін үй коянына қоздырушысының 2 спорасын тері астына жіберу жеткілікті, ал итке ол үшін 1 млн спора енгізу қажет.

Бір түрге жататын кейбір мал тұкымдарының топалаңға бейімділігі әртүрлі болуы мүмкін. Қойдың алжирлік тұқымдары еуропалық тұқымдардан әлдекайда төзімді. Сібірде өсірілетін сиырдың жергілікті тұқымдарының бұл ауруға бейімділігі біршама төмен. Сондай-ақ далалық, қызыл сиырлар, кара-ала тұқымдарына қарағанда төзімдірек болады.

Сібір жарасына әртүрлі жастағы жануарлардың бейімділігін салыстырғанда мынандай заңдылық байқалады. Өте бейім жануарлардың жас төлі /қозы, бұзау, қодық/ ауруға ересек жануардан әлдеқайда төзімді. Керісінше бейімділігі аз жануарлардың жас төлдері ауруға тез шалдығады. Ересек кезінде ауырмайтын жануарлар жаңа туған кезінде топалаңға бейім (болады. Мысалы ересек ит төзімді де, жас күшік өте сезімтал. Бұл ауруға адам да шалдығады [1, 4] .

Сібір жарасының қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар бациллаларды нәжіс, несеп, сілекей арқылы бөліп шығарады. Микроб әсіресе өлер алдында жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады. Қоздырушының ең басты берілу факторы - топалаңнан өлген малдың өлексесі. Оның барлық мүшелері мен ұлпаларында бациллалар мейлінше көп. Мұндай өлексені союға болмайды. Теріні тілгенде ауадағы оттегі қоздырушының спора түзуіне жағдай жасайды, сүйтылған топырақ пен басқа да сыртқы ортадағы заттарды жаппай микроб жайлап алуы мүмкін.

Ауырған малды лажсыздан союдың да қаупі мол. Сойылған малдың еті, терісі, қаны, ластанған жемшөп арқылы ауру үлкен қашықтыққа апарылады. Қоздырушының таралуына етқоректі жануарлар мен жыртқыш құстар да белгілі дәрежеде қатысады. Олар өздері ауырмаса да микробтың спораларын ұзақ уақыт бойы нәжісімен бірге бөліп шығарады.

Топыракка түскен топалаңнын спорасының тағдыры топырақтың түріне байланысты. Микробтын ұзақ сақталуына гумусы мол, рН-ы бейтарап топырақ аса қолайлы. Мұндай жағдайда тиісті температура мен ылғалдылықта спора вегетативтік түрге ауысуы мүмкін. Спораның топырақта ұзақ сақталуы топалаңның тұрақтылығын қалыптастырады. Бұрынғы уақытта микробпен ластанған аймакта су және жел эрозиясының, өзендердің тасуынан, жер қазу жұмыстарының, ін қазатын жануарлардың тіршілігінін, өсімдіктердің өнуінің нәтижесінде микроб топырақ бетіне шығып, одан баска жерге апарылуы мүмкін, бұдан барып жануарларға ауру жұғу каупі туады.

Сібір жарасы негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Қоздырушы микроб жануар организміне ауру жайлаған жайылымда жем-шөп немесе су арқылы түседі. Оның денеге бойлай енуіне ауыз бен жұтқыншақтың кілегей қабығынын, зақымдануы, тістін тісеуі, гастрит, гастроэнтерит жағдай туғызады. Организмнің төзімділігі жүдеген, ыстыққа ұрынған, авитаминозға шалдыққан кезде күрт төмендейді. Аурудың аэрогендік жолмен жуғуын ескермесе болмайды. Әсіресе қой коздырушы микроб бар шаңмен тыныс алғанда топалаңға шалдығуы ықтимал [1, 2, 4] .

Қан сорғыш жәндіктер /сона, маса, көк шыбын/ көп болған жағдайда трансмиссиялық жолмен де жұғуы мүмкін. Соналардың қоздырушы микробты ауру малдан ғана емес өлекседен, ластанған су мен топырақтан да алатындығы дәлелденді.

Негізгі жұғу жолдары сібір жарасының маусымдык ерекшеліктеріне негіз болады. Әдетте ауру жылдын жылы мезгілдерінде, малды шөбі сирек және куаң жайылымдарда жайғанда байқалады. Бірақ топалаң жайлаған жерде дайындалған жем-шөп, ауырған малдан алынған ет-сүйек ұны арқылы ауру қыс кезінде қорадағы малда да ұшырасьш қалады.

1. 4 Сібір жарасы ауруының дерттенуі

Зақымданған кілегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру қоздырушысы өзінін, агрессиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі дененің қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл түйініне, одан соң канға тарайды да фагоцитгермен тұтылады. Сөл арқылы бүкіл денеге жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтерінді бекітіледі. Бацилалар әсіресе көкбауырда шоғырланып, онда елеулі патологиялык өзгерістер туғызады. Дерттену процесінде бацилланың қауашағын құрайтын заттары, бөліп шығаратыи экзотоксині мен протеаза ферменті күшті әсер етеді. Қауашақ топалаң қоздырушысының фагоцитозға ұшырауына тосқауыл болады, ал микроб бөліп шығарған улы заттар оны бекіткен торшаларды ыдыратады. Босанған бациллалар тағы да қан ағысына түсіп, септицемия мен интоксикацияның өрлеуіне әкеліп соқтырады. Гипоксия байқалып, қышкыл-сілті тепе-теңдіп бұзылады, қан ұю қасиетін жоғалтады.

Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия /өлі тию/ байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өліп қалады.

Сібір жарасының коздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орыны қанталап ісінеді де, карбункулға /күйдіргі/ айналады. Карбункул бірден емес, кейіннең, ауру қоздырушысының қан арқылы келуінен де болады. Бұл ошақта микроб өніп-өсіп, токсинді бөледі де, организмді уландырады. Алдымен таяудағы қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп ақыры мал сиптемициядан өледі.

1. 5 Сібір жарасы ауруының өтуі мен симптомдары

Аурудың өтуі ұзақтығы ауырған жануардың төзімділігі не уттылығына, мөлшеріне, денеге енген болады. Әдетте жасырын кезеңінің ұзақтығы 1-3 күн.

Аурудың негізгі екі түрі бар: өлі тиген және күйдіргілі (карбунулездік/. Күйдіргі ретінде байқалған дерт процесінің орын тебуіне байланысты топалаңның тері, ішек, өкпе, ангина түрлері болады. Мұндай жіктеу шартты түрде ауруды сипаттау үшін қолданылады.

Іс жүзінде топалаңға шалдыққан жануардың бір ғана мүшесі не ұлпасының дерттенуі өте сирек құбылыс. Алғашқында күйдіргі ретінде білінген ауру сепсиске айналып, керісінше сепсистен кейін дененің әр жеріне күйдіргі шығуы мүмкін. Бірнеше мүшеде орны шектелген зақымданудың қатар білінуі жиі байқалады.

Сібір жарасы әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі.

Аса жіті с ібір жарасы негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалық белгісі байқалып үлгірмей-ақ өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дрілдеп-қалшылдап кейде, орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағып жатады. Жылқы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегей қабықтары көкшілденіп, дене қызуы 41-42 С жетеді. Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстванып барып жаны шығады.

Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің қызуы көтеріліп (41С дейін) тыныс алу мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшық еттері дірілдейді. Мал жемшөптен қалып, ірі қара күйіс қайыруын тоқтатып, сауын сиырлардың сүті қайтады [2, 5] .

Жылқының ішегі түйіліп, ірі қараның таз таз қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше қан аралас іш өтіп, несепте қан байқалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегей қабықтары көгеріп, қанталай бастайды. Жұтқыншақ маңында, мойынында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда бола бастайды. Аузы мен тілінің кілегей қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білінгеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан қанды көбік шығады.

Ауру жітіден төмен өрбігенде /6-8 кұнге дейін/ жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, оқтын-оқтын байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірақ артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді.

Созылмалы түрде /шошқада/ өткенде аурудың негізгі белгісі -жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан сон, ұшаны қарағанда, төменгі жақтың астында қанды жалқак, жақасты және жұтқыншак бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бүл аурудың ангиналык түріне сәйкес келеді, ұзақ өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтерілуі, ангина мен фарингит арқылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап тынысы тарылады, жөтел пайда болады.

Аурудың үзікті түрі кезінде дененін ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір жарасын зертханалық жануарға жұқтыру
Жылқылардың африкалық обасымен ауыратын малдар
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Қой мен ешкінің эктима қоздырушысы
Аусыл ауруының анықтамасы
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
Індетті аурулар
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz