Сиыр лейкозын балау, сауықтыру шаралары


Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Сиыр лейкозын балау, сауықтыру шаралары» тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс 31 парақты қамтып, мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Анықтамалар
Сиыр лейкозы - ішкі ағзаларда, қан түзетін ұлпаларда, сөл түйіндерінде зілді ісіктердің пайда болуымен, лимфоцитозбен сипатталатын, ұзақ уақыт латентті түрде өтетін инфекциялық ауру.
Цитогенетиқалық /метафазалық/ тәсіл хромосомнын саны, үлкендігі, пішіні және центромерлердің орналасуын анықтауға негізделген.
Тері лейкозы - бұл аурудың бірдең бір жазылатын түрі, негізінен 1 жастан 3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі.
Серологиялық реакциялардан лейкозды балау үш диффузиялық преципитадия реакциясы колданылады.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын, темпераментін анықтау
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Сиырдың лейкозы, тарихи деректер, қоздырғышы . . . 10
1. 1. 1 Эпизоотологиясы, аурудың өршуі және оның белгілері . . . 10
1. 1. 2 Төзімділігі және індеттік ерекшеліктері . . . 12
1. 1. 3 Дерттенуі, өтуі мен симптомдары . . . 13
1. 1. 4 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау, иммунитет . . . 15
1. 1. 5 Емі, сақтандыру шаралары . . . 18
1. 2Құстың лимфоидты лейкозы . . . 20
2 Өзіндік зерттеу . . . 23
3 Техника қауіпсіздігі . . . 28
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 - КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81-Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 -Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2013ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2013ж.
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. )
Лейкоз туралы алғашқы хабарлар Германияда бұл дертке адам /Р. Вирхов, 1845/ жылқы мен шошқа /Лейзеринг, 1856/, сиыр /Зидамгродский, 1876/ шалдыратындыры туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлық жануарларда, соның ішінде салқын қандыларда да /балық, рептилий/ анықталып отыр. Лейкоз дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталық және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиырдың лейкозы Қазақстанда 60-70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінген сиырлар арқылы тарады.
Осы уақытқа дейін бұл індет әр түрлі атпен аталып келді: аққандылық, лейкемия, қан ісігі, лейкоз т. б. Соңғы кезде бұл ауруды гемобластоз деп атайды. Лейкоздың барлық түрінде бездер әр түрлі көлемде ұлғаяды. Лимфолейкоз түрінде - бездердің бәрі бірқалыпты болады, сыртқы қабықтары жеңіл сыпырылады, пышақпен ортасын тіліп қарағанда ақ сары түсті, қойдьщ құйрық майына ұқсас келеді. Ал лейкоздың басқа турлерінде бездер бужырланып, сыртқы қабаттары нашар сыпырылады, бездің ортасы қанталаған, некроз (өліеттену) байқалады.
Лейкоздың барлық түрінде талақ өседі. Оның түсі қоңыр қызыл, ақ және қызыл тартып турады. Лейкоздың тек лимфоретикулосаркома түрінде талақта өзгерістер болмайды.
Сиырдың лейкозы - қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Лейкоз - созылмалы, жұқпалы, қан түзгіш тканьнің уытты ісігі. Бұл ауру қан құрамындағы клеткалар шұғыл көбейіп, қан түзгіш тканьнің ұлғайып кетуі, мал денесінің бір жерінде организмге жат құрылымдар - қан түзгіш ошақтар пайда болуы, қан клеткаларының шала жетілуі сияқты өзгерістермен сипатталатын қатерлі дерт. Лейкоз кезінде емдік шаралар жүргізілмейді. Ауру малдар сойылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - сиырдың лейкоз ауруына дұрыс диагноз қойып, сауықтыру шараларын жүргізе білу [1, 2] .
1 Негізгі бөлім
1. 1 Сиырдың лейкозы, тарихи деректер, қоздырғышы
Сиырдың лейкозы /Leucosis bоvит, лейкоз крупного рогатого скота/ - қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Лейкоз - созылмалы, жұқпалы, қан түзгіш тканьнің уытты ісігі. Бұл ауру қан құрамындағы клеткалар шұғыл көбейіп, қан түзгіш тканьнің ұлғайып кетуі, мал денесінің бір жерінде организмге жат құрылымдар - қан түзгіш ошақтар пайда болуы, қан клеткаларының шала жетілуі сияқты өзгерістермен сипатталатын қатерлі дерт.
Тарихи деректер. Осы уақытқа дейін бұл індет әр түрлі атпен аталып келді: аққандылық, лейкемия, қан ісігі, лейкоз т. б. Соңғы кезде бұл ауруды гемобластоз деп атайды.
Лейкоз туралы алғашқы хабарлар Германияда бұл дертке адам /Р. Вирхов, 1845/ жылқы мен шошқа /Лейзеринг, 1856/, сиыр /Зидамгродский, 1876/ шалдыратындыры туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлық жануарларда, соның ішінде салқын қандыларда да /балық, рептилий/ анықталып отыр. лейкоз дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталық және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиырдың лейкозы Қазақстанда 60-70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінген сиырлар арқылы тарады.
Қоздырушысы. Воvіпе leuсоsіs опсоvіrus. Rеtrоvіrіdае туыстастығының Опсаrпоvіridaе туыстық тармағына жатады. Құрамында РНК бар, көбейгенде ДНК көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындары хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі калпын өзгертіп, трансформацияға ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне жатқызылыл келді. Соңғы зерттеулер бойынша оның антигендік құрамы және жануар организмінде сакталу ереісшеліктері негізінде адамның Т-клеткалық лейкозының қоздырушысымен бірге онковирустардың ерекше Е типіне жатқызу ұсынылып отыр. Бұл вирустың сыртқы ортада тұрақтылығы нашар. Вирус клетка өсіндісінде 60 градусқа дейін қыздырғанда 1 минуттан соң өледі, күйдіргіш натрийдің 2-3 проценттік ерітінділері, формальдегидтің және басқа дезинфекциялық заттардың әдетте қолданылатын концентрациясы тез арада зарарсыздандырады. Ал сүтті 74 градусқа дейін қыздырса вирус 17 секунд ішінде уытын жояды [1, 3] .
1. 1. 1 Эпизоотологиясы, аурудың өршуі және оның белгілері
Лейкоз басқа малға қарағанда ірі қарада көбірек тарайтын ауру. Ол дүние жүзінде кең таралған. Әсіресе, Европа елдерінде, АҚШ-та жиі ұшырысады.
Лейкозбен көпшілік жағдайда 4-8 жастағы ірі қара тұқымдары және олардың будандары ауырады. Көбіне бул ауру қызыл және қараала тұқымды сиырларда жиі кездеседі.
Эпидемиологиялық және эпизоотологиялық зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, мал және адам лейкозының бір-бірімен байланыстылығы әзірге дәлелденген жок. Негізінен, қоздырғыштардың көзі лейкозбен ауырған мал. Аурудың алғашқы кезінде онкорновирус малдың уызы және сүтімен бөлінеді. Сондай-ақ вирус сілекей арқылы бәлінеді деген деректер де бар. Табындағы мал арасында індет қағанак, уыз, сүт арқылы, сонымен қатар жанасу, жемшөп арқылы да таралуы мүмкін. Сондай-ақ аурудың қан дорғыш жәндіктер, кұрал-саймандар, ұрық арқылы да жұғуы мүмкін деген болжамдар бар. Ауру таралуының негізгі себептерінің бірі, осы індет кездесетін шаруашылықтан сатып алынған ірі қараның аурудан таза шаруашылыққа әкелінуі. Мысалы, Қазақстанда ірі қара лейкозының шығу себебі 1960 жылдан бастап Балтық теңізі жағалауы республикаларынан әкелінген Эстонияның қараала, Латвияның бурыл, Литваның қызыл сиырларынан екені анықталды. 1966-1968 жылдардағы ғылыми - зерттеулерге қарағанда, республиканың 192 шаруашылығында ірі қараның лейкоз ауруы табылған [1, 3, 4] .
Аурудың өршуі және оның белгілері. Лейкоз ауруы көпшілік жағдайда жасырын түрде өтеді. Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың салдарынан денедегі қоздырғыштың күшею қабілеті артып, қан түйіршіктерін өндіретін органдардың қызметін бұзады. Осының салдарынан кан тамырларына өсіп-жетілмеген ауру қан түйіршіктері жиналып, бүкіл денеге тарайды. Организмдегі қан түйіршіктерін өндіретін клеткалардың жұмыстары бұзылады.
Ауруға шалдыққан малдың жалпы күйі төмендейді, тез болдырады, ас қорытуы және азықты сіңіруі нашарлайды, сүті қашады, мал ариды. Кей жағдайларда ауру малдың іші өтеді немесе қатады. Жүрек - қан айналу жүйесінің қызметі нашарлайды, тыныс алуы қиындайды. Кейбір малдың желіні, артқы аяқтары ісіп, зәр бөлінуі нашарлайды. Лейкоздың арнайы белгілеріне, тері астындағы (жауырын алды, құлақ түбі, тобық үсті, жақ асты, желін бездері т. б. ) және ішкі ағзалардағы бездердің көлемі улғаяды. Сонымен қатар бул ауруға көкбауыр (талак) көлемінің ұлғаюы және көздің шарасынан шыға өсуі тән. Лимфа бездерінің өсуі жаңғақтың көлемінен жас бала басының мөлшеріндей болады. Ондай бездер қолмен басканда ауырмайды, тері астында қозғалғыш келеді, тек қатты үлкейген кезде ғана мал ауырсынады.
Аурудың соңғы кезеңінде патологиялық процестер тез өршиді. Қан айналу жүйесінде ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер) аса көбейеді, талақ бірнеше есе ұлғайып, кейде оның жарылуы салдарынан мал өліп қалады.
Лейкоз жас малдың көпшілігінде жіті түрде өтеді. Аурудьщ белгілері білінген соң бірнеше айдан соң-ақ мал өледі. Ал сақа мал көп жағдайда әлгінде айтқандай талақ қабығының жарылуы салдарынан кенеттен өліп қалады. Лейкоздан өлген мал өлексесің сойып қарағанда қан түйіршіктерін өндіретін органдарда, кілегей қабықшаларында, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе және басқа да ағзаларда түйін ошақтар бар екені байқалады.
Айта кететін тағы бір жайт - лейкоздың негізгі лейкоз және ретикулез деген екі түрі болады. Негізгі лейкозға лимфомиелолейкоз және гемобластоз, ал ретикулезға - лимфорети кулосаркома, системалық ретикулез, лимфогрануломатоз және плазмоцитоз жатады.
Лейкоздың барлық түрінде бездер әр түрлі көлемде ұлғаяды. Лимфолейкоз түрінде - бездердің бәрі бірқалыпты болады, сыртқы қабықтары жеңіл сыпырылады, пышақпен ортасын тіліп қарағанда ақ сары түсті, қойдың құйрық майына ұқсас келеді. Ал лейкоздың басқа түрлерінде бездер бужырланып, сыртқы қабаттары нашар сыпырылады, бездің ортасы қанталаған, некроз (өліеттену) байқалады.
Лейкоздың барлық түрінде талақ өседі. Оның түсі қоңыр қызыл, ақ және қызыл тартып тұрады. Лейкоздың тек лимфоретикулосаркома түрінде талақта өзгерістер болмайды [1, 2, 3, 5] .
1. 1. 2 Төзімділігі және індеттік ерекшеліктері
Төзімділігі. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары температурара сезімтал. 56° С-та 15 минутта жойылады. Сүт пастерленгенде 74° С-та 15 сек., ашыған кезде /рН 4, 75/ зарарсызданады. Дезинфекциялау үшін күйдіргіш натрий, формальдегид және тары баска дезинфектанттар әдеттегі к. онцентрациясында пайдаланылады.
Індеттік ерекшеліктері. Сиырдың лейкозынын вирусына сиырмен қатар буйвол, енеке, қой және ешкі бейім. Қолдан жұқтырғанда қой сиырдан да гөрі тез ауырады. Вирусты жаңа туған қозылардың организміне пассаж жасау арқылы, оның лейкоз қоздыру кабілетін арттыруға болады. Адамның лейкозы мен сиырдың лейкозының арасында байланыс анықталған жоқ.
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады. Басқа тұқымдарынан гөрі қара-ала және қызыл тұқымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді.
Лейкоздың коздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Аурура шалдыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз арқылы бөліп шығарады. СЛВ табиғи жолмен жұққанда сиырлардың сүті мен уызындағы торшаларда орын тебеді, ал сілекей, танаудан акқан сора, несеп пен шәуеттен вирусты бөліп алу мүмкіндігі дәлелденген жоқ. Ауру бұқаның шәуетінде СЛВ болмайды, бірақ жыныс жолдарыда кабыну процесі болса, шәуетке вирус алып жүретін лимфоциттер өтіп кетеді [1, 2, 3, 4] .
Табиғи жағдайда СЛВ инфекциясы туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейін вирустың гамета арқылы /генетикалық немесе хромосомдық трансмиссия/, ал вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдық трансмиссия жолымен беріледі. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе жанасу арқыльг беріледі. Жанасу тікелей немесе аралық себепкер арқылы /жәндіктер, әр түрлі заттар мен аспаптар/ болуы мүмкін. Лейкоздын қоздырушысы кенелердің лейкоциттерінде ұза сакталып, осы жәндіктер арқылы сау малға берілуі ықтимал. Жатырдағы төлге енесінен буаздықтын соңғы 6 айында беріледі. Әйткенмен де жануарлар инфекцияға негізінен жанасу арқылы шалдығады. Вирус лимфоцитпен бірге болатындықтан қан жұққан аспаптар ауру таратуда өте қауіпті. Болымсыз ғана қаннын жұғыны инфекция беру үшін жеткілікті. Жаппай қан алу, туберкулинмен тексеру, т. б. шараларды жүргізгенде әрбір мағла жеке ине пайдалану қажет. Лейкоз сау шаруашылықтарра негізінен ауру тараған аймақтан өсімге әкелінген жас төл арқылы тарайды. Аурудың шығуы үшін малдың лейкозға генотиптік /тұқымы/, фенотиптік /сүттілігі/ бейімділігі айтарлықтай роль атқарады. Індеттің таралу деңгейіне өсіріліп отырған сиыр тұқымының ықпалы зор. Табиғат жағдайының, географиялық ортаның, жыл мезгілінің лейкоздың шығуы мен таралуына әсері жоқ. Лейкоз кең тарағанда кейбір шаруашылықтарда ауруға шалдығу көрсеткіші 10-20 %, ал өлім көрсеткіші 15 %-ке дейін жетеді [1, 2, 3, 4, ] .
1. 1. 3 Дерттенуі, өтуі мен симптомдары
Лейкоз вирусының геномы иесінің лимфойдтық торшаларында өмір бойы сақталып, өсіп-өнген торшалардың келесі ұрпактарына жетілген вирион стадиясына ауыспай-ақ беріле береді. Ал бір торшадан басқа торшаға "сеllulаr kissіпg" /торшалардын түйісуі/ деп аталған құбылыс арқылы беріле алады. Вирустың геномы мен торшаның хромосомының өз ара қатынасы, жалпы жануар организмінің лейкозға бейімділігі генетиқалық механизмдер арқылы реттеліп, іске асады. Әртүрлі экзогендік және эндогендік факторлардың әсерінен провирус белсенді қалыпқа түсіп, иесінің организмінде патологиялық құбылыстар тудырады. Нәтижесіңде қан түйіршіктерін түзетін ұлпалардың қалыпты көбеюі мен жетілуі бұзылады. Негізінен лейкобластық, торшалар зақымданып, соның әсерінен қан түзу ағзаларындағы: сүйек майы, көк бауыр және сөл түйініндегі әртүрлі лейкоциттерде жедел карқынды пролиферация өрбиды. Тежеусіз көбейген қан торшалары бүкіл денеге жайылып, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда іркіліп, ісік ошақтарын қалыптастырады. Қызмет аткаратын негізі торшалардың жетілуі кері кетіп, зақымданған ағзалардың құрылымы мен әрекеті бұзылады. Молекулалық, клеткалық, органдық деңгейдегі зиянды өзгерістер мен қан торшаларының түзілуін ретсіздендіріп, лимфоциттердің шектен тыс көбеюіне әкеліп соқтырады.
Өтуі мен симптомдары. Сиырдың лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоотиялық және спорадиялық. Энзоотиялық лейкоз бұл аурудың клиникалық және патологиялық анатомиялық, белгілері айқын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас аралығында жиі байқалады. Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 2-6 жыл, колдан жұқтырғанда 2 айдан 2 жылға дейін. Клиниқалық белгілерінің айқындалуы 3 кезеңге /байқалғанға дейінгі, бастапқы жайылған және титықтаған/ бөлінеді.
Лейкоздың байқалғанға дейінгі кезеңінде клиникалық белгілері болмайды. Серологиялық және вирусологиялық зерттеулер арқылы ғана диагноз қоюға болады. Бұл кезеңде гематологиялық өзгерістер байқала қоймайды.
Бастапқы кезеңінде қан торшаларының сандық және сапалық құрамында өзгерістер байқалады. Лейкоцитердің саны көбейіп, лимфоциттердің проценті артады, шала түрленген, жетілмеген, үлкендігі әртүрлі, дертке шалдыққан торшалар пайда болады [1, 3, 4, 5] .
Жайылған кезеңінде қанда гематологиялық өзгерістермен қатар, аурудың әртүрлі клиникалық белгілері байқалады. Жануардың жалпы жағдайы нашарлап, тез шаршайды, жемшөпті нашар қорытып, іші өтуі мен іштің қатуы алма кезек байқалады, іші кеуіп алдыңғы қарындардың атониясы мен тимпаниясы байқалады. Ауырған мал тез арықтап, жүрек қызметі бұзылады. Кілегейлі қабықтары көгеріп, сарғыш тартады. Тыныс алуы нашарлайды. Әукесі, төсі, кіндік тұсы домбығып, артқы бір немесе екі аяғы да аксайды. Несеп бөлуі қиындап, буаз мал іш тастайды, бедеу қалады. Желінінін бір немесе бірнеше бөлігі ісінеді. Лейкозға тән белгілер: үстіңгі сөл Түйіндері /жауырын алдыңдағы, құлақ түбіндегі, жақ жиынтығы, шабындағы, желін үстіндегі/, тік ішек арқылы еніп көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан тыс ұлғаяды, дененің әр тұсын ісік шалып, кілкілдеген телімдер пайда болады. Көзі бадырайып, бауыры мен көк бауыры ұлғаяды.
Лейкоздың соңғы титықтаған кезеңінде дерт процесі тым асқынып, жануардың әлі әбден бітеді. Қан түзу мүшелерінің қызметі мүлдем бұзылып, иммунитет жүйесі жұмыс істеуден қалады да, өліммен аяқталады.
Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жаска дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялық лейкоз 3 түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz