Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1Лептоспироз ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3Профилактикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.5Эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.6Дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.7Өтуі және симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.8Патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.9Балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.10 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т.б.)
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерініңқолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2006-2007 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оныңқұрамдас бөлігінің бірі – ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге еңқабілетті 50 елдіңқатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады. Оның бірі құс туберкулезі ауруы. Бұл ауру, малдардың көптеп ауырып, олардыңөнім беруін төмендетіп, өлімді көбейтіп, құс арасында көптеген шығындарға душар етеді.
Лептоспирозбен аурумен түліктердің барлығы және жабайы жануарлардың көбісі ауырады. Онымен ит пен мысық та ауырады. Біздің республика жағдайында онымен бұзаулар, торайлар көп ауырып, шығынға ұшырайды.
Буаз саулықтар мен қозылар, бұзаулар мен торайларға қарағанда сиректеу ауырады. Көпшілік жағдайда малдарға аурулар лептоспира түскен өзен – көлдің суы арқылы жұғады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – лептоспироз ауруын балау, дауалау және сақтандыру шараларын зерттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –225б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.
9 Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 176б .

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Лептоспироз
ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 10
1.2Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3Профилактикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4Індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..13
1.5Эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.6Дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.7Өтуі және
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
1.8Патологоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17
1.9Балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.10 Жұқпалы ауруларды зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
3Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Аннотация
Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Лептоспирозды балау,
дауалау және сақтандыру шаралары тақырыбына жазылғанкурстық жұмыс
аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер,
кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу әдістері, техника қауіпсіздігі,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Дезтосқауыл – ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит – белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Гермафродит – қосжынысты
Шистосомата – дара жынысты
Анемия – қан аздық
Интоксикация – денені уландыру
Холангит – өт жолыныңқабынуы
Холеоцистит – өт қалтасыныңқабынуы
Қысқартулар мен белгілер
нм – нанометр
км – километр
мкм – микрометр
мкл – микролитр
кг – килограмм
г – грамм
мг – миллиграмм
л – литр
мл – миллилитр
°C – градус
% - пайыз
Ф. 7. 04 – 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
__________________________кафедрасы
___________________________________ пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________
Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.
Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні
Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 – 04

______________________________кафед расы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2013ж.
№____Тапсырмасы
___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______
№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7
Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________
Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың
пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы
аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және
1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы
эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов -
халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-
ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен
мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген
салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы
аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу
заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір
ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған
малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да
жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке
шалдығуы т.б.)
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал
шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы
түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы
жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының
түгелдей жеке меншік иелерініңқолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен
сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2006-2007 жылдардағы өткізіп отырған ауыл
шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі
бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оныңқұрамдас бөлігінің бірі –
ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі
тиімді жүргізу.
Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.
НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің
ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай
болып, әлемдегі бәсекеге еңқабілетті 50 елдіңқатарына қосылу бағдарламасы
болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын
жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып
отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы
және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын
арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең
таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады. Оның
бірі құс туберкулезі ауруы. Бұл ауру, малдардың көптеп ауырып, олардыңөнім
беруін төмендетіп, өлімді көбейтіп, құс арасында көптеген шығындарға душар
етеді.
Лептоспирозбен аурумен түліктердің барлығы және жабайы жануарлардың
көбісі ауырады. Онымен ит пен мысық та ауырады. Біздің республика
жағдайында онымен бұзаулар, торайлар көп ауырып, шығынға ұшырайды.
Буаз саулықтар мен қозылар, бұзаулар мен торайларға қарағанда
сиректеу ауырады. Көпшілік жағдайда малдарға аурулар лептоспира
түскен өзен – көлдің суы арқылы жұғады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – лептоспироз ауруын балау, дауалау және
сақтандыру шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім
1.1Лептоспироз ауруы
Лептоспироз (Leptospirosis) – табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі,
несепке қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек – қарынның қимылы
нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы
ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды ең алғаш адамда Германияда Weil сипаттады.
Қоздырушысын Жапонияда Inado мен Ido (1914) ашты және осы елдің ғалымдары
Mani, Ido, Hoki (1916) адамға егетін вакцина жасады. Кейіннен бұл микробтың
иттің жұқпалы сары ауруын (1918), ірі қараның иктерогемоглобинуриясын (
С. Н. Никольский, 1935), шошқа, қой мен ешкінің осы тақылеттес ауруларын
қоздыратыны анықталды.
Сонымен, 20 ғ. бірінші жартысында лептоспиралардың жануарлар мен
адамның инфекциялық патологиясында орны анықталса, 50 – 60 жылдары
бұл зерттеулер жан – жақты жүргізіліп, қазіргі кезде де сондай
қарқынмен жалғастырылуда.
Қоздырушысы – Spirochetalisқатарының Leptospiraceae тұқымдастығы,
Leptospira туыстастығына жатады.
Leptospira туыстастығына екі түр енеді, паразит – L.interogans және
сапрофит - L.biflexa.
Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей: денесі жіп тәрізді,
екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады.
Олар бір – бірінен антигендік құрамы бойынша ажыратылады. Бұл қасиетіне
байланысты серологиялық варианттарға бөлінеді, өзара жақын серовар
топтарға бірігеді.
Қазіргі уақытта L.interogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал
L.biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді. Жүргізіліп жатқан
зерттеулер бұл санды одан ары көбейте түсуі әйдік.
Қазіргі кезде лептоспиралардың негізгі токсономиялық бірлігі серовар
болып есептеледі, сондықтан қоздырушы атауының соңында оның варианты
көрсетілуі тиіс.
Лептоспироздың қоздырушысы лептоспиралардың бір ғана түрі L.interogans
болғандықтан, арнайы әдебиеттерде серовар атауы ғана көрсетіледі.
Лептоспиралар сұйық, қоймалжың және тығыз қоректік орталарда
өсіріледі. Олардың жақсы өсуі үшін қоректік ортаға үй қоянының немесе
қойдың қан сарысуы қосылады, соңғы кезде сарысудың орнына альбумин
немесе белоксыз синтетикалық қорек заттарды пайдаланылады.
Қоздырушының өсуіне қолайлы температура 38 – 39 градус, бірақ
лабораторияда 28 – 30 градус жағдайында өсіріледі, өйткені бұндай
температурада микробтың өсуі баяуламайды және қоректік ортаның кебуі
бәсеңдейді.
Ауру қоздырушысы липтоспиралардың микробтың сапрофитті түрінен
айырмашылығы, олар 13 градустан жоғары температурада ғана өседі.
Қоректік ортаның жайлы қышқылдылығы рН 7,0 – 7,4.
1.2 Емі
Емдік шараларды іске асырғанда лептоспироздың жіті, жітіден
төмен және симптомсыз өтіп, оның барлығы да лептосира алып жүрумен
аяқталатынын ескеру қажет.
Жіті және жітіден төмен өткен кезде иктерогемаглобинурия және гематурия
байқалады да, ең нәтижелі шара – гипериммунды қан сарысуын қолдану болып
табылады.
Мұндай симптом байқалғанда антибиотиктер айтарлықтай нәтиже бермейді.
Қан сарысуы мен антибиотиктерді бірге қолданудың емдік әсері
жоғары болады. Симптоматикалық ем, әсіресе,
лептоспироздан болған мастит кезінде, міндетті шараға жатады.
Лептоспира алып жүруші жануарларды емдеу қиынға соғады да, әлі де
шешімін таппаған мәселе болып саналады.
Лептоспирозға қарсы поливалентті гипериммунды қан сарысуы өгізден
лептоспиралардан Pomona, Sejroe, Grippotyphosa, Tarassovi
серогруппаларымен иммундеу арқылы алынады.
Антибиотиктерден лептоспирозды емдеуге пенициллин, бициллин – 3,
стрептомицин, биомицин, окситетрациклин кең қолданылады. Қалыптасқан
пікір бойынша зардапты лептоспиралардың әр түрлі сероварларының
антибиотиктерге сезімталдығы біркелкі болып келеді [1,3,4].
Иммунитет. Лептоспирозбен ауырып жазылған жануарда өзіне тән иммутитет
қалыптасады. Ол бастапқыда стерильсіз кейіннен стерильді түрінде
байқалады да, ұзақ мерзімге сақталады.
Әр түрлі әсермен заттар қосу арқылы өлтірілген лептоспираларды
енгізгенде де денеде белсенді иммунитет пайда болады. Оның қалыптасуында
гуморальдік факторлар басым роль атқарады деп есептейді.
Иммунды жануарлардың қан сарысуы лептоспираларды бір – біріне
жабыстырады, ыдыратады, өсуін тоқтатады және де аурудан қорғайды.
Лептоспираның бір сероварынан ауырып жазылған жануар сол
серовардан қайталап ауырмайды.
Жануарлардың лептоспирозына қарсы тірі, өлтірілген және қоздырушының
торшаларының әр түрлі компоненттерінен даярланған вакциналар ұсынылды.
Зерттеулер вакцинаның дауалық әсері оның құрамына кіретін сероварларға
байланысты екенін көрсетті. Сонымен қатар, енжар иммундеу және
емдеу үшін лептоспирозаға қарсы поливалентті қан сарысуы
пайдаланылады.
1.3 Профилактикасы
Лептоспирозды болдырмау үшін басқа жақтан мал тұқымын асылдандыру және
малдану үшін жануарларды тек қана сау шаруашылықтан лептоспирозға МАР, АР
арқылы тексеріліп, теріс нәтиже берген жағдайда ғана әкелуге болады. Барлық
жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстап, лептоспирозға тексереді. Асыл
тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа лептоспироздан сау емес шаруашылықтан
мал немесе мал өнімдерін әкелуге болмайды және қан сарысуы
лептоспирозға МАР немесе АР беретін аталық малдарды шағылысқа қосуға тиым
салынады.
Лептоспироздың дауалау шараларының ішінде сонымен бірге
жоспарлы түрде лептоспирозға малды серологиялық тексеру, кемірушілерді
аулап тексеру, ашық су қоймасын бактериологиялық тексеру маңызды
роль атқарады. Малдың іш тастауы, төлді шала тууы, ауруға шалдығуы
мен өлімге ұшырауы үнемі қатаң есепке алынып, себебі анықталып
отыруы керек.
Лептоспироздың табиғи ошағы болып есептелінетін территорияда бұл ауруға
қарсы егілмеген малды жаюға тиым салынады. Аурудың табиғи ошағын
жоюға бағытталған шұғыл шаралар жүргізіледі. Ол аймақта
жүйелі түрде кемірушілер құртылып, батпақты және шалшықты жерлер
құрғатылады. Малды суару үшін артезиан құдықтары мен құбыр
жүйесінің сулары пайдаланылады. Жаздық мал лагерлерін құрғақ, дөңес
жерлерге орналастырады.
Лептоспироз байқалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, жануарларды
малдану мақсатымен әкетуге, лептоспирозға қарсы егілмеген малды әкелуге,
мал дәрігерінің келісімінсіз малды араластыруға, лажсыз
сойылған малдың қасаптық өнімдерін сатуға, ашық су көздерінен малды
суаруға, лептоспирозға қарсы егілмеген сау малды лептоспирозбен ауырған мал
жайылған жайылымға жаюға болмайды. Егер ондай жайылымның топырағы
құрғақ болса, күннің көзі ашық кезінде 7 күн өткізіп барып
жаюға болады. Ал топырақ дымқыл болса, ондай жерге текегілген мал ғана
жайылады. Малдың қора – жайын, оның төңірегіндегі ауланы ветеринариялық –
санитариялық талаптарға сай жағдайға келтіреді.
Ауру шыққан шаруашылықта ағымдағы шектеу дезинфекцияны
әрдайым ауырған мал бөлініп алынған соң жасап отырады да, аурудың
шығуы тоқталғаннан кейін әрбір 10 күн сайын шектеу алынғанға дейін
жүргізеді. Дезинфекция үшін 2 пайыз белсенді хлоры бар әк тұнбасы, 2
пайыз күкірт – карбол қоспасының ыстық ерітіндісі, 5 пайыз фенолды
креолин эмульсиясы және т. б. қолданылады.
Ауру сиырдың сүтін қайнатып малға береді, ал клиникалық белгісі
жоқ МАР және де АР беретін, бірақ титрі жоғарыламайтын сиырдың
сүтіне ешқандай шектеу қойылмайды. Лептоспироздан сау емес
шаруашылықта жануарларды түгел қарап шығып, ішін – ара ыстығын
өлшейді, ауру және дүдәмал малдарды оқшаулап, диагнозын анықтап,
емдейді, клиникалық белгілері жоқтарын вакцинамен егеді.
Шектеу бордақылау кешендері мен торай алатын шаруашылықтарда
барлық жануарларды етке өткізіп, мұқият тазалап, санитариялық жөндеу
және қорытынды дезинфекция жүргізген соң, ал асыл тұқымды мал
өсіретін шаруашылықтарда олардың сауықтырылғандығы зертханалық
тексерумен дәлелдеген соң екі ай өткенде, ал малды қолдан
ұрықтандыратын пунктерде тиісті лептоспироздан сауықтыру шаралары
түгелдей іске асқан соң үш ай өткенде алынады.
Лептоспироз шыққан шаруашылықта мал бағатын барлық адамдар лептоспирозға
қарсы егілуі және барлық еңбекті қорғау шаралары іске асырылуы
керек.
1.4 Індеттік ерекшеліктері
Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен
қатар, жылқы, қой ешкі, түйе, марал, сайғақ, ит, түлкі, қасқыр, әр түрлі
кемірушілер бейім. Итпен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, күзен де
сирек ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанымен, оның қоздырушысын ары
қарай тарату жолында биологиялық тұйықтық болып есептеледі де,
індеттенуде онша маңызы болмайды.
Лептоспирозбен кез келген жастағы жануар ауыра бергенімен, жас төл
ересек жануарлардан гөрі аса сезімтал. Сондықтан, тәжірибе жүзінде
жұқтырғанда енесін еметін жаңа туған жануарды таңдайды. Жұқтыру үшін
зертханалық жануарлардан сары атжалман, теңіз шошқаны, көжек, күшік
т.б. пайдаланылады.
Жануарлардың әр түрлілігі лептоспиралардың белгілі бір сероварларына
бейім келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары Pomona,
Tarassovi, сиырда Grippotyphosa, Tarassovi, Pomona, Hebdomadis, Sejroe,
қой мен ешкіде Grippotyphosa, Pomona, Hebdomadis,
Tarassovi.
Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы ауылшаруашылық
және жабайы жануарлар. Олардың денесінен ауру қоздырушысы сыртқы
ортаға несеп, нәжіс, сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен аққан сора, шәует
арқылы шығады. Әсіресе, жасырын білінбей ауыратын лептоспиралар алып
жүретін жануарлардың індеттік маңызы аса зор. Аурудан сау емес
шаруашылықтарда лептоспироз алып жүретін жануарлар сиыр мен қойда 14 – 20
пайыз, ал шошқада 30 – 38 пайызға жетеді. Лептоспира алып жүру мерзімі
сиырда 6 айға, қой мен ешкіде 9 айға, шошқада 2 жылға, итте 3 жылға
созылады. Кемірушілер өмір бойы лептоспираларды алып жүреді.
Ауру мен микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар
суды, жем – шөпті, жайылымды, топырақты, төсеніш пен басқа да
сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру факторларына
айналады. Лептоспироздың ең негізгі берілу факторы су арқылы жұғу.
Әсіресе кеппейтін шалшық, тоқтау су, батпақ, ағысы баяу бұлақтар, ылғал
топырақ ауру тарату үшін өте қауіпті.[1].
Жануарларға лептоспироз аурудың табиғи ошағында су ішкенде,
лептоспиралар алып жүретін кемірушілердің өлексесін немесе олардың
несебінен ластанған жем – шөпті жегенде жұғады. Терісі бағалы аңдарға
ауру торда бағылған кезде лептоспирозбен ауырған жануарлардан
алынған өнімдермен азықтандырғанда, жас төлге ауру малдың сүтінен,
шошқаға суға түскенде немесе балшыққа аунағанда жұғады. Сиыр мен қойда,
әсіресе шошқада лептоспироз жатыр ішінде де жұғады. Қоздырушының жыныс
жолымен берілуі де мүмкін.
Лептоспиралар жануар мен адам денесіне жарақаттанған тері, әртүрлі
кілегейлі қабықтар арқылы енеді.
Лептоспироз топырағы ылғалды, гумусы мол, реакциясы бейтарап
немесе сілтілі жерлерде жиі кездеседі. Ауру жылдың кез келген маусымында,
бірақ жайылымдағы мал жаз – күз мезгілінде жиірек байқалады. Лептоспироз
індет ретінде немесе спорадия түрінде өтеді. Б. Ілиясовтың деректері
бойынша соңғы кездерде бұл ауру ауыл шаруашылық малдарында көбінесе сыртқы
айқын клиникалық белгілерінсіз лептоспира алып жүру немесе иммундеуші
субинфекция ретінде тіркеледі.
Аурудың шығуына және таралуына жағдай туғызатын себептер: жайылымның
нашарлығы, суаттардың ластығы, малды сапасыз азықтандыру, оларды
антисанитариялық жағдайда ұстау, әр түрлі жұқпайтын аурулардың орын
алуы.
1.5 Эпизоотологиясы
Бұл аурумен түліктердің барлығы және жабайы жануарлардың көбісі ауырады.
Онымен ит пен мысық та ауырады. Біздің республика жағдайында онымен
бұзаулар, торайлар көп ауырып, шығынға ұшырайды.
Буаз саулықтар мен қозылар, бұзаулар мен торайларға қарағанда сиректеу
ауырады. Көпшілік жағдайда малдарға аурулар лептоспира түскен өзен –
көлдің суы арқылы жұғады. Әсіресе, бөлінген балшық су, тұйық сулы
шалғындар өте қауіпті болады. Бұл індеттің тез таралуына ауа райының
жауынды – шашынды, топырақтың өте ылғал болуы, малдардың күтімінің
нашарлауы үлкен әсер етеді.
Табындағы малдарға ауру жұққан кезде алғашында бірлі – жарымды
малдар ауырып, одан кейін індет тоқтағандай болады, ал біраз уақыт
өткеннен кейін ауру малдардың саны қайта көбейеді.
Лептоспиралардың химиялық және физикалық факторлардың әсеріне
төзімділігі онша емес. Жануарлардың несебінде 4 сағаттан 6 – 7
күнге дейін, бүйрегінде 12 сағаттан 12 күнге дейін, шошқаның тастанды
төлінде бірнеше күн, ет ұлпасында 48 сағат, жаңа сауылған сүтте 8 – 24
сағат сақталады екен. Лептоспиралар нағыз гидробионаттар, олар
өзен және көл суларында 200 күн, сарқын суда 10 күнге
дейін, садырада 24 сағат сақталады. Ылғал, бейтарап, сәл
сілтілі топырақта 43 – 279 күнге дейін сақталса, құрғақ
топта 30 мин – 12 сағат аралығында өледі. 76 – 96 градуста қыздыру
бірден, күн сәулесі мен кептіру 2 сағатта өлтіреді. Төменгі
температурада ұзақ уақыт сақталады. 2,25 пайыз белсенді хлор, 5 пайызды
карбол қышқылы, 0,25 пайыз формальдегид, 0,1 пайыз тұз қышқылы
ерітінділері лептоспираларды 5 мин ішінде, ал 1пайызды күйдіргіш натрий
бірден өлтіреді [1,3,5].
1.6 Дерттенуі
Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесінде
тез арада қанға және ағзаларға өтеді. Табиғи жолмен енгенде, алғашқы
денеге өткен жерінде, маңайындағы сөл түйіндерінде көзге ілгеріліктей
өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапқы кезінде аз уақытта дененің
ыстығы көтеріледі. Ауру қоздырушысының уыттылық факторларына эндотоксин,
гемолизин, фибринолизин, плазмакоагулаза, т.б. жатады. Олардың әсерінен
эритроциттер еріп, кейбір ұлпаларда және теріде өліеттену пайда болады.
Лептоспиралар бүйректің зақымдануы нәтижесінде несеппен ұзақ уақыт
бойы көп мөлшерде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Эритроциттердің еріп,
гемоглобиннің мол бөлінуі, оның салдарынан несепте гемоглобин пайда
болуы және билирубиннің көбеюі нәтижесінде кілегейлі қабықтардың сарғаюы
байқалады. Бүйрек зақымданғанда несепке гемоглобин ғана емес қан да
араласады.
Буаз жануарлар ауру жұққаннан кейін 2 – 5 апта өткенде іш тастауы
мүмкін немесе жетілмеген шалажансар төл туады.
Ауру жұққан организмнің иммундық икемдігі өз дәрежесінде болса,
қоздырушыға қарсы антидене түзіп, белсенді фагоцитоз байқалады.
Бұның нәтижесінде аурудың беті қайтып, ішкі ағзалардағы лептоспиралар
жойыла бастайды. Тек қана антиденелер өте алмайтын бүйректің
түтікшелерінде қоздырушылар сақталып қалады да, ұзақ уақытқа
созылатын микроб алып жүруге жағдай туады [1,3,5,6].
1.7 Өтуі және симптомдары
Аурудың инкубациялық кезеңі 3 – 5 күннен 2 – 3 аптаға дейін.
Лептоспироз кәдімгідей өзіне тән симптомдарымен және симптомсыз
кәдімгідей емес түрде өтеді. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен,
созылмалы болып кездеседі. Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі
қабықтың сарғайып, несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді.
Мұндай симптом кешенін бір сөзбен иктерогемоглобинурия деп айтада
және бұл атау кейде аурудың қосалқы синонимі ретінде қолданылады. Ауру
жіті өткенде бұл өзгерістер айқын байқалса жітіден төмен өткенде бәсең
байқалады. Ал, созылмалы, әсіресе, симптомсыз кәдімгідей емес түрде
өткенде аталған белгілері байқалмайды.
Лептоспироздың өтуі мен симптомдарының малдың әр түлігінде
өз ерекшеліктері болады.
Сиыр малында лептоспироздың симптомдары жас бұзауда жіті өтіп,
айқын білінеді. Ең алдымен ыстығы 2 – 2,5 градусқа көтеріліп, жануар
өте күйзеліп, жем – шөпке қарамайды, көзі жасаурап, іші өтеді.
Ауру қатты басталғанда гемолитикалық түсі сәл қызғылттан
қызыл қоңырға дейін өзгереді. Кілегейлі қабаттар мен
тері сарғыш тартады.
Қанды зерттегенде эритроцит саны күрт кеміп 1 – 3 млн, гемаглобин 10 –
30 пайызға төмендеп, үнемі дәрілік лейкоцитоз байқалады. Қант қалыптан 3 –
4, тіпті 8 – 10 есе төмендейді де билирубин күрт көбейеді.
Аурудың жіті өтуі 3 – 10 күнге созылып, өлім көрсеткіші 50 пайызға
дейін жетеді. Ересек ірі қарада ауру негізінен жеңіл өтіп, белгілері
көзге оншама түспейді. Бастапқы кезде ыстығы аздап қана көтеріліп, жануар
сәл күйзеліп, денесі шамалы сарғайып, несебінің түсі сәл
қызғылттанады.
Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі – буаз кезінде іш тастауы,
бұзауды өлі немесе шалажансар тууы, сонымен қатар аурудың салдарынан
малдың бедеу болып қалуы мүмкін.
Лептоспироздың жіті түрінде де, созылмалы түрінде де, нефрит
байқалады. Бұл жағдайда несептің меншікті салмағы төмендеп, кей
жағдайда оның түрі таза сумен бірдей болады.
Несепте үнемі лейкоциттер кездеседі. Ауырған сиырдың жүні үрпиіп,
сабалақтанып, көктемде түлейді. Терінің әр жері, әсіресе қыр арқасы,
сербектің ұшы қажалып, өліеттене бастайды.
Аурудың кәдімгідей емес үзілмелі түрі кезінде ірі қараның жалпы
күйі оншама күдік туғызбайды. Бастапқыда жануар аздап күйзеліске
ұшырап, кілегейлі қабықтары бозарып немесе аздап сарғаяды. Біраз
уақыт несебінде гемоглобин пайда болады да, бірнеше
тәуліктен кейін аурудың белгілері басылып, жазылып кетеді.
Шошқада лептоспироз негізінен ешбір симптомсыз жасырын өтеді.
Көпшілік жағдайда жануарлардың ауруға шалдыққандығының бірден – бір
белгісі серологиялық реакция болып табылады.
Клиникалық белгілері кейбір жағдайда білінеді. Олардың ішіндегі ең
бастысы – іш тастау. Лептоспироз кезінде іш тастау жаппай байқалуы
мүмкін.
Лептоспирозбен ауырған шошқаның ыстығы аз уақытқа көтеріледі.
Температурасы 40,5 – 41,5 градусқа дейін көтеріліп, қайтып кетеді. Күніне
бірақ рет өлшегенде байқалмауы да мүмкін. Өте жіті болмаса да
гемоглобинурия, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, терінің кейбір телімдерінің
өліеттенуі байқалады.
Жылқыда лептоспироздың белгілері негізінен сиырдағыдай. Сонымен
қатар, жануар тез шаршап, тершең келеді, аяқ еттері дірілдеп, жүрісі
бұзылад, аяғы ақсап, бұлшық еттері ауырсынады.
Ит пен терісі бағалы аңдарда лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп,
күйзеліп, тамаққа қарамайды, құсып, қатты шөлдейді, артқы аяғынан
ақсайды.
Қан аралас іші өтіп, кейде іші қатады. Ауызының іші
қолдырап, қабықшақтанып тұрады, жағымсыз иіс шығарады. Мойнындағы,
шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің ағады.
Ауру2 – 12 күнге дейін созылып, көбінде өліммен аяқталады. Өлім
көрсеткіші 50 – 90 пайыз. Өлер алдында жүйкенің зақымданған белгілері
байқалады [1,3,5,6,7].
1.8Патологоанатомиялық өзгерістер
Патологоанатомиялық өзгерістержануарлардың әр бір түліктерінде негізінен
ұқсас келеді де, дененің сарғаюы, анемия, геморрагиялық диатез,
тері мен кілегейлі қабықтардың өліеттенуі, үлпершекті ағзалардың
дегенеративті қабынуы арқылы сипатталады.
Бауырдың негізінен көлемі ұлғайып, келбеті өзгеріп кетеді. Түсінің
реңі бозғылт сарыдан қызыл күреңге дейінгі аралықта болады.
Консистенциясы тығызданып немесе болбырап, тіпті үгітіліп тұруға дейін
жетеді. Өт қабы ұлғайып, қоймалжың, желімше созылған қара – қоңыр яки
бозғылт жасыл түсті өтке толы болады. Кейде кілегейлі қабығының әр жері
немесе түгелдей қанталайды.
Бүйректің Левадити әдісімен күміс сіңірілген гистологиялық кесіндісінде
жалпылама алтын сары фонда иір түтікшелердің өзектерінде, эпителидің
беті мен цитоплазмасында негізінен үйме – жүйме шоғырланып
орналасқан қара қоңыр түсті ирек лептоспираларды көруге болады.
1.9 Балау
Лептоспирозды айқындау үшін жан – жақты індеттанулық, клиникалық,
патанатомиялық талдау мен қатар мұқият бактериологиялық, сериологиялық
және гистолоиялық тексерулер жүргізу қажет.
Тексеру үшін тірі малдың несебі мен қаны, ал өлексенің жүрегі, бүйрегі,
үлпершек ағзаның кесіндісі, көкірек, құрсақ және де жүрек қабындағы сұйық,
қуық ішіндегі несебімен алынады. Тастанды төл тұтастай немесе оның қарны
ішіндегісімен және үлпершек ағзасы зертханаға жіберіледі. Патматериал жазда
6 сағат, ал қыста 10 – 12 сағат ішінде тексерілуден өтуі керек. Сондықтан
да әсіресе, несепті микроскопия әдісімен тексеруді ферманың өз басында
жүргізген жөн.
Бактериологиялық зерттеу патматериалдан даярланған препаратты
қараңғы фонда, болмаса иммунофлуоресценция әдісімен немесе боялған
жағындыда көру, арнайы қоректік ортада оның өсінін бөліп
зертханалық жануарларға жұқтырып, биосынама қою арқылы іске
асырылады. Бұның ішіндегі ең бастысы – зардапсыз лептоспиралардың
да болатынын ескеріп, алынған өсіндінің нағыз ауру қоздырушысы
екенін айқындау болып табылады.
Серологиялық диагностикасы қан сарысуында телімді антиденелерді
микроагглютинация (МАР) немесе макроагглютинация (АР) реакциясында
айқындауға негізделген. МАР аса сезімтал әдіс, бірақ та, оны қою үшін
антиген ретінде үздіксіз қоректік ортада өсіріп ұстайтын тірі
лептоспиралар пайдаланылатындықтан көп еңбек қажет. Ал күн бұрын
биофабрикада даярланған өлтірілген микробпен қойылатын АР – ның
деректік қасиеті төмен. Лептоспирозбен ауырмаған кейбір малда
вакцинаның және иммундеуші субинфекцияның әсерінен МАР – да біршама жоғары
титрде антидене болатындықтан, ондай жануарды 7 – 10 күн
аралатын қайтадан тексереді. Ауруға экспресс диагноз мақсатымен ҚГАР
ұсынылған.
Ажыратып балау үшін шошқада лептоспира алып жүру жиі
байқалатынын, ал қанында антидене бар жануарлардың басқа аурулардан
да өлетінін ескеру қажет. Сиыр, қой, ешкіде лептоспирозды
бруцеллезден, кампилобактериоздан, қатерлі қызбадан, листериоздан,
пироплазмоздан, вирустық пневмоэнтериттен, ал шошқада бруцеллез.
Сальмонеллез, тілме, оба, дизентериядан, микотоксикоздан, белок,
витамин және минералды заттардың жетіспеушілігінен болатын аурулардан
ажырату керек. Жылқыда делбеден, ит пен терісі бағалы
аңдарда оба, жұқпалы гепатит, вирустық энтерит және
сальмонеллезден ажырату керек.
Лептоспираның қоздырғыштарының Lерtоsріга icterihaemorrhagiae ,
Lерtоsріга сапісоlа, Lерtоsріга tarassovi, Lерtоsрігаромоnа,Lерtоsріга
gгірроtурһоза,Lерtоsріга hebdemadis патогендік және антигендік құрылысы әр
түрлі болады.
Лептоспираның морфологиялық құрылысы білік жіпке тізгендей бірімен-бірі
қабыса бұйраланып, өте ұсақ спираль тәрізді көрінеді. Лептоспираның
ұзындығы — 5-18 микрон, ені — 0,2-0,3 микрон дейін болады. Бұл
микроорганизмнің басы қармақ сияқты иіліп келіп, ұшы түйме тәріздес
сүмбіленеді.
Лептоспиралардың тағы бір қасиеті, олар аналиндік бояумен боялмайды,
Романовтың әдісі бойынша көк сұр түске боялады, ал күміс жалатылса, қоңыр
немесе қара түске айналады.
Лептоспираларды патогендік және антигендік құрылыстарына қарап, мына
төмендегідей түрлерге бөледі:
Lерtоsріга icterihaemorrhagiae - бұл ірі қараның лептоспира ауруының
қоздырғышы;
Lерtоsріга сапісоlа — бұл иттің лептоспира ауруының қоздырғышы;
Lерtоsріга tarassovi —бұл шошқаның лептоспирасының қоздырғышы;
Lерtоsрігаромопа — малдың көпшілік түрлерінің лептоспирасын қоздырушысы;
Lерtоsріга gгірроtурһоза — бұл адамның лептоспироза — қоздырғышы.
Лептоспироза ауруы ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, бұйбол, есектерде
кездеседі. Бұл аурумен тауықтар, үйректер, қаздар және басқа құстар да
ауырады. Сондай-ақ бұл ауруға адам да шалдығады.
Жұқпалы аурудың негізгі көзі — ауру мал және ауырып жазылған мал. Бұл
малдар бірнеше ай бойына лептоспира — тасушы болып жүреді де, аурудың
қоздырғыштарын зәрмен сыртқа шығарады.
Лептоспира тасығыштық қасиет түлкіде 514 күнге дейін, сиырда 210 күнге
дейін, кеміргіш жәндіктерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz