Қараталақ ауруын балау және сақтандыру шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған "Қараталақ ауруын балау және сақтандыру шаралары" тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Қараталақ ауруы . . . 9

1. 2 Қоздырғыштың төзімділігі . . . 12

1. 3 Індеттік ерекшеліктері . . . 13

1. 4 Дерттенуі . . . 14

1. 5 Өтуі мен симптомдары . . . 15

1. 6 Балау . . . 17

1. 7 Емі . . . 18

1. 8 Дауалау және күресу шаралары . . . 18

2 Өзіндік зерттеу . . . 20

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 28

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Анықтамалар

Бацилла - спора түзетін бактериялар

Аэробты - оттегі бар жерде өсетін бактериялар

Анаэробты - оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар

Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою

ЕПА - ет - пептонды агар

ЕПС - ет - пептонды сорпа

ЖСА - жартылай сұйық агар

ПР - преципитация реакциясы

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.

Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.

Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциалды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.

Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.

Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.

Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.

Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.

Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.

Бұл оқу құралында жұқпалы ауру шыққан жағдайда, алдын алу және күресу шараларына басты назар аударылған.

Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.

Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.

Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде, оның тиімділігін арттыруға болады.

Қараталақ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, қараталақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез /қарасан қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру/, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті сібір жарасы.

Курстық жұмыстың мақсаты - қараталақ ауруына дұрыс диагноз қойып, сақтандыру шараларын жүргізуді үйрену [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1 Қараталақ ауруы

Қараталақ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, қараталақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез /қарасан қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру/, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті сібір жарасы.

Қараталақ қоздырғышының таяқшаларының ұзындығы 5-6 микрон, ені 1, 0-1, 5 микрон. Бұл аэробтар Грам әдісімен де, сондай-ақ анилин бояуларының барлық түрімен де боялады, патологиялық материалдарда көбінесе қос-қосынан немесе тізбектеліп орналасады, организмде капсула құрайды. Капсуланы жасанды түрде алуға болады. Ол үшін қараталақ таяқшаларын қан немесе қан сарысуы коректік ортасында өсіреді. Топырақ пен өсімдіктерде де таяқшалар бактериялық спора құрады.

Қабылдағыштығы. Қараталақ ауруына, көбінесе ірі қара жылқы, қой, түйе, ешкі, бұғы жиі шалдығады.

Ал ит, шошқа, мысық, сол сияқты жыртқыш аңдар қараталақпен сирек ауырады. Қараталаққа адам да шалдығады. Адамға көбінесе малдың терісін өңдегенде немесе терісін сойған кезде жұғады.

Караталақ ауруының жұғу жолдары мен көздері. Аурудың негізгі жұқтырғыш көздері - ауру мал мен ауру қоздырғышы түскен жөмшөп, жайылым, суат пен қора-жай, сондай-ақ ауырған малдың қанын соратын маса, сона, шыбын-шіркей арқылы да жұғуы ықтимал.

Аурудың белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2-5 күнге созылады. Ауру кенеттен, жедел, жітілеу және созылмалы түрде өтуі мүмкін.

Ауру кенеттен келгенде малдың миына қан кетіп, ол күрт жығылады, денесі құрысып - тырысады, аузы-мұрынынан қанды көбік ағып, тік шегінен қара қан кетіп, тынысы тарылады. Бірнеше сағаттан кейін ауру мал өледі.

Ауру жіті немесе жітілеу түрінде өткенде малдың қызуы 40-42 0 C дейін көтеріліп, тек өлеріне 5-6 сағаттай уақыт қалғанда қалпына келе бастайды. Ауру мал қимылсыз, күйзеліп, кейде албырттанып жатады.

Көз шеңберлері қанталап ісінеді де, ұрт, таңдай қабыршақтары көгеріп кетеді. Іші қатып, соңынан өтеді. Қараталақпен ауырған малдың денесінің әр жерінде қанталаған іріңді сарғыш ісіктер пайда болып, кейде оның түбінен бетін іріген қабыршақтар бүркеген жара білінеді. Аурудың мұндай түрі 5-7 күнге созылады.

Созылмалы ауру кезінде, әсіресе, ірі қараның ауруы екі-үш аптаға созылуы ықтимал. Ал шошқанын, қараталақ ауруы (ангина) баспа тәріздес болып, құлақтарының төңірегі, тамақ-таңдайы мен басы мойнынан бастап, кеуде-төсіне дейін ісініп тұрады. Аурудың тынысы тарылуының зардабынан ішкі кілегей қабықтары көгеріп, терісінің сыртқы бетінде қара-күрең түсті таңбалар пайда болады. Ауру мал көбінесе тынысы тарылып өледі.

Ет қоректі жануарлардың қараталақ ауруы ішек пен қарынның жіті қабынуы тәріздес өтеді де, әдеттегі қараталақ ауруы кезінде белгі беретін терідегі ісіктер мен таңбаланған сом түйіндер сирек байқалады.

Патолого - анатомиялық өзгерістер. Қараталақтан өлген малдың ауруын қарап - бақылау арқылы немесе қанын микроскопиялық зерттеу арқылы біле алмаған жағдайда, өлген малды сойып анықтайды. Әдетте өліктің сіресіп қатқан денесінде аурудың белгісі білінбей, кілегей қабықтары көгеріп, табиғи тесіктерінен қара қан ағады. Терінің ішкі клеткалары сарғайыңқырал, қанталап тұрады да, арқа қуысындағы шажырқай мен бүйрек аумағы және көмейдің айналасы білеуленіп тұрады.

Лимфатиялық түйіндері қанталап ісінеді, көкбауыр да ұлғайып, айнала шеті тарамданып, ұлпа жантік тәрізді көрінеді. Бауыр мен бүйректер қанға толған. Жүректің бұлшық еті босап кеткен. Ішектердің кілегей қабаты, жұқа кілегей қабықтары ісініп қанталаған. Ішек түтігінің ішіндегі қатпарлы табақшалар мен ірі фолликулаларда шар тәрізді немесе ұзынша келген ісіктер байқалады да, оның бетінде тілмеленіп ұйысқан жара пайда болады. Аурудың өкпесі мен миы қанға толып кетеді [1, 2] .

Ауруды анықтау. Жіті немесе созылмалы қараталақ сырқатын байқап болжағанда аурудың клиникалық көрсеткіштерін (қызуының жоғарылығы, ісінуі, инфильтраттануы, көршиқандануы, несеп пен нәжістің қандануы) негізге алады. Мұны микроскапиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу арқылы растайды.

Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, қаннан жұғынды алып зерттеп болған соң, оны Романов әдісі бойынша (су тектес көксұр) бояйды. Егер жұғындыда қараталақ ауруының қоздырғышы болса, микроскоптан сырты жылтыр қауырсынды қарасұр таяқшалар көрінеді.

Бактериологиялық зерттеу әдісі қоректік арнаулы затқа уыт жіберу арқылы жүргізіледі. Қараталақ ауруының қоздырғышын желімге (желатин) уколмен еккен кезде, кәдімгі арша тәрізденіп өседі, ал ет-пептонды сорпада пробирка шынының түбінде 16-18 сағаттан соң, ақ мақта тәріздес тұнба пайда болады.

Биологиялық зерттеу жүргізгенде өлген малдың денесінен алынып, арнайы жасалынған қанды немесе суспензияны теңіз шошқасының терісі астына - 0, 2 мл мөлшерімен немесе ақ тышканға 0, 03 мл мөлшерімен егеді. Егер қараталақ ауруының қоздырғышы бар болса, суспензия немесе қан егілген зертханалық жануарлар 24-36 сағат уақыт ішінде өледі.

Қараталақ ауруын анықтауда, өлген малдын терісінен тұнба преципитация реакциясын пайдаланады. Бұл үшін зерттелінетін терінің өзінен сығынды алады. Мұны қараталақ ауруына қарсы қолданатын сыворотка тұндырмасының үстіне ұйытады. Ал бұл екі жасанды сұйықтардың аралығында ақ шеңбердің пайда болуы - (заттың химиялық өзгерісі) оң реакцияны көрсетеді.

Емдеу. Қараталақпен ауырған малдарды емдеу үшін қараталақ ауруына қарсы қолданылатын гипериммунды сыворотка қолданылады. Мұны тәулігіне бір мәртеден мына мөлшерде: ірі кара мен жылқыға 250-300 мл, қой мен ешкіге 50-75 мл терінің астынан егеді.

Мұнымен қатар, қараталаққа қарсы сывороткаға қоса, ауру малдарға мынадай мөлшерде пенициллин жіберуге болады: ірі қараға - 1 млн. ЕД, уақ малдың әр қайсысына - 200 мың ЕД егіледі. Пенициллиннің орнына биомицинді де қолдануға болады. Бұған қоса гамма-глобулин атты арнайы дәрілерді қолдануға болады.

Сақтану және күрес жүргізу шаралары. Қараталақ ауруынан сақтану үшін малға жақсы санитарлық жағдай жасалынады. Утильзаводтар мен биотермиялық шұңқырларды және малдардың өлігін көмген орындарды үнемі таза сақтап, сонымен қатар малдардың өлексесін дер кезіңде алып кету қажет.

Мал емдейтін пункттерде ауру шыға қалған жағдайда, бұл арадағы ауру жұғатын малдардың барлық түріне көктемгі жайылымға шығар алдында қараталаққа қарсы қолданатын СТИ вемесе ГНКИ вакцинасы егіледі. Мұнымен қатар, сазды жайылым мен шабыңдық жерлер құрғатылады. Ағын су болмаған жерлерде құдық қазылып немесе су тосқауылдары жасалынады [1, 3] .

Қараталақ аурулары жаңадан пайда болған жерлер есепке алынып, аурудың эпизоотологиялық картасы жасалынады. Қараталақ пайда бола қалған жерде аурудың неден шыққаны анықталынады, содан соң ауру мал тұрған қора-жайды қашар мен жайылым жерлерді, сондай-ақ жемшөп қалдықтарын және шаруашылық құрал-жабдықтарды пайдалануға дереу тиым салынады.

Ал, қараталақ ауруы орын тепкен шаруашылықта карантин қойылады. Қараталақ ауруынан өлген малдардың өлігін, олардың жеген жемшөп қалдығымен, ауру малды күту кезінде пайдаланған құрал-жабдықтарымен қосып өртеп жібереді. Ауру мал тұрған жердің қыртысын 20 сантиметрдей аударып алып тастап, дезинфекция жүргізеді.

Барлық малдың дене қызуын өлшеп білгеннен кейін, оларды екі топқа бөледі:

1) ауру және күдікті мал;

2) ауру жұққан мал .

Барлық ауру малдарды және күдіктілерін бөлек ұстап, қараталаққа қарсы сывороткамен қоса пенициллинмен немесе биомицинмен емдейді. Ауру мал тұрған қора-жайды, күтуші адамдар ұстаған құрал-жабдықтар, киім-кешектер дезинфекцияланады.

Ірі қара малына вакцинаны қылқа мойынынан, ал қой мен ешкіге, шошқаға санының ішкі жағынан егеді.

Әр-әр жерден қараталақ ауруы шығып жатқан энзоотиялық кезеңде, мал союға тиым салынады.

Салынған карантин ең соңғы мал өлгеннен кейін 15 күн өткен соң немесе ауырғандары толық жазылған соң ғана алынады.

Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия елдерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А. Эшке және Н. Ножевшиков /1758/ адам мен малда осы дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.

Қараталақ қоздырушысын Германияда Поллендер /1849/, Францияда Райне мен Давен /1850/ өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р. Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. Л. Пастер /1881/ бірінші болып жануарларды осы микробтың әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін тәжірибе жүзінде дилелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды Ресейде П. С. Ценковский /1883/ іске асырды. 1944 ж. Н. Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.

Қараталақ дүние жүзінде көптеген елдерде байқалып тұрады.

Қоздырушысы - ірі /3-10x1-1, 5 мкм/ қозғалмайтын грамоң, спора түзетін ауасы бағалы таяқша. Жануар организмінде және табиғи белогі мол қоректік ортада қауашақ түзеді және бұл қасиет уытты штамдарына тән. Өсуіне қолайсыз жағдайда, ауадағы оттегінің қатысуымен, 15-42° С температура аралығында спора түзеді [1, 2, 3] .

Сойылмаған өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб өліп қалады. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы ортада сақталады. Патологиялық материалдан алынған жағында бациллалар жеке-жеке немесе жұптанып, сирек жағдайда қысқа ретінде орналасады. Боялған жағында тізбектегі таяқшалардың шеті шорт кесілгендей, болмаса тіпті аздап дөңестеніп бітеді, ал тізбектің өзі бамбук таяғы сияқты бунақтанып турады.

Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. ЕПА ( пептон агарында/ өскенде R-формасына тән жатық, күнгірn сүр түсті, бұжырланған, шеті жырымдалған колониялар ЕПС /ет пептон сорпасында/ пробирканың түбінде ұлпаланған бір шөкім мақтаға ұқсас тұнба береді.

Ет - пептон желатинасына пісіп еккенде аударылған шырша тәріздес өседі. Пенициллин қосылған ЕПА-да өскенде домаланып, шарға ұқсайды. "Меруерт моншағы құбылысы" деп аталатын бұл қасиеті топалаңға диагноз қою үшін пайдаланылады. Өзіне тән бактериофагка аса сезімтал ү-МВА деп аталатын бактериофаг /авторлары Я. Е. Коляков пен В. А. Байрак лабораториялық диагностикада қолданылады [2, 3, 4] .

1. 2 Қоздырғыштың төзімділігі

Микробтың вегетативтік түрі әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімсіз. Сойылмаған шіріген өлекседе 7 тәулікте ыдырайды. 60° С қыздырғанда 15 минутта, қайнатқанда - қолма - қол, тура түскен күн сәулесінен бірнеше сағаттан соң өледі. Кәдімгі дезинфектанттардың әсерінен тез арада өледі, -10º кезінде 24 күн, ал -15° С жағдайында етте 15 күнге дейін сақталады.

Споралары өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілгін сақтайды, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады. Ет пен теріні тұздау, кептіру спораларынын сақталуына жағдай жасайды. Құрғақ ыстық ауада 120-140° с кезінде споралары тек 2-3 сағаттан кейін, ал 120° С жағдайындай автоклавтау 5-10 мин. өткенде, кайнату 15-30 мин сон, күйдіргіш натрийдын 10 %-ті ерітіндісі, формальдегидтің 1 %-ті ерітіндісі екі сағат өткен соң өлтіреді, ал хлорлы дезинфектанттар күштірек әсер етеді [2, 3, 4, 5] .

1. 3 Індеттік ерекшеліктері

Қараталаққа қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт коректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл аурумен созылмалы түрде аурады. Ет қоректілер /ит, мысық/ басқалардан төзімді. Мысалы топалаңмен ауырту үшін үй коянына қоздырушысының 2 спорасын тері астына жіберу жеткілікті, ал итке ол үшін 1 млн спора енгізу қажет.

Бір түрге жататын кейбір мал тұкымдарының топалаңға бейімділігі әртүрлі болуы мүмкін. Қойдың алжирлік тұқымдары еуропалық тұқымдардан әлдекайда төзімді. Сібірде өсірілетін сиырдың жергілікті тұқымдарының бұл ауруға бейімділігі біршама төмен. Сондай-ақ далалық, қызыл сиырлар, кара-ала тұқымдарына қарағанда төзімдірек болады.

Қараталаққа әртүрлі жастағы жануарлардың бейімділігін салыстырғанда мынандай заңдылық байқалады. Өте бейім жануарлардың жас төлі /қозы, бұзау, қодық/ ауруға ересек жануардан әлдеқайда төзімді. Керісінше бейімділігі аз жануарлардың жас төлдері ауруға тез шалдығады. Ересек кезінде ауырмайтын жануарлар жаңа туған кезінде топалаңға бейім (болады. Мысалы ересек ит төзімді де, жас күшік өте сезімтал. Бұл ауруға адам да шалдығады.

Қараталақтың қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар бациллаларды нәжіс, несеп, сілекей арқылы бөліп шығарады. Микроб әсіресе өлер алдында жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады. Қоздырушының ең басты берілу факторы - топалаңнан өлген малдың өлексесі. Оның барлық мүшелері мен ұлпаларында бациллалар мейлінше көп. Мұндай өлексені союға болмайды. Теріні тілгенде ауадағы оттегі қоздырушының спора түзуіне жағдай жасайды, сүйтылған топырақ пен басқа да сыртқы ортадағы заттарды жаппай микроб жайлап алуы мүмкін.

Ауырған малды лажсыздан союдың да қаупі мол. Сойылған малдың еті, терісі, қаны, ластанған жемшөп арқылы ауру үлкен қашықтыққа апарылады. Қоздырушының таралуына етқоректі жануарлар мен жыртқыш құстар да белгілі дәрежеде қатысады. Олар өздері ауырмаса да микробтың спораларын ұзақ уақыт бойы нәжісімен бірге бөліп шығарады [4, 5, 6] .

Топыракка түскен топалаңнын спорасының тағдыры топырақтың түріне байланысты. Микробтын ұзақ сақталуына гумусы мол, рН-ы бейтарап топырақ аса қолайлы. Мұндай жағдайда тиісті температура мен ылғалдылықта спора вегетативтік түрге ауысуы мүмкін. Спораның топырақта ұзақ сақталуы топалаңның тұрақтылығын қалыптастырады. Бұрынғы уақытта микробпен ластанған аймакта су және жел эрозиясының, өзендердің тасуынан, жер қазу жұмыстарының, ін қазатын жануарлардың тіршілігінін, өсімдіктердің өнуінің нәтижесінде микроб топырақ бетіне шығып, одан баска жерге апарылуы мүмкін, бұдан барып жануарларға ауру жұғу каупі туады.

Қараталақ негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Қоздырушы микроб жануар организміне ауру жайлаған жайылымда жем-шөп немесе су арқылы түседі. Оның денеге бойлай енуіне ауыз бен жұтқыншақтың кілегей қабығынын, зақымдануы, тістін тісеуі, гастрит, гастроэнтерит жағдай туғызады. Организмнің төзімділігі жүдеген, ыстыққа ұрынған, авитаминозға шалдыққан кезде күрт төмендейді. Аурудың аэрогендік жолмен жуғуын ескермесе болмайды. Әсіресе қой коздырушы микроб бар шаңмен тыныс алғанда топалаңға шалдығуы ықтимал.

Қан сорғыш жәндіктер /сона, маса, көк шыбын/ көп болған жағдайда трансмиссиялық жолмен де жұғуы мүмкін. Соналардың қоздырушы микробты ауру малдан ғана емес өлекседен, ластанған су мен топырақтан да алатындығы дәлелденді.

Негізгі жұғу жолдары топаланның маусымдык ерекшеліктеріне негіз болады. Әдетте ауру жылдын жылы мезгілдерінде, малды шөбі сирек және куаң жайылымдарда жайғанда байқалады. Бірақ топалаң жайлаған жерде дайындалған жем - шөп, ауырған малдан алынған ет-сүйек ұны арқылы ауру қыс кезінде қорадағы малда да ұшырасьш қалады [1, 2, 5, 6] .

1. 4 Дерттенуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір жарасын балау және дауалау шаралары
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Қараталақ ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Сібір жарасы. туберкулез туралы ақпарат
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер
Вакцина және оның түрлері
Иттердің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz