Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1Қарасан ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Қараталақ ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... .23
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері ... ... ... ... ... ... ..25
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.)
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қарасан —ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Аурудың қоздырғышы — «клостридиум Шово» деп аталатын бактерия. Ол ауа жоқ жерде еседі, спора түзеді. Микроскоппен қарағанда пішіні кішігірім таяқшаға ұқсас болып көрінеді. Оның ұзындығы 2—8 микрон, ені 0,6 микрон шамасында болады. Грам әдісімен жақсы боялады.
Бұл ауру көпшілігінде жаз айларында жайылымдағы мал арасында кездеседі.
Ауру негізінен қарасаннан өлген малдың өлімтігінен таранды және оның қоздырғыш микробымен ластанған жайылымдағы пішеннен, сондай-ақ, суаттан жұғады. Қарасан ауруы кездескен жерде не жайылымда келесі жылдарда осы ауру қайта панда болады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты – қарасанның індеттік ерекшеліктері және емін зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 294 бет.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –201б.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 179с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-132с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-211с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 215б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Қарасанның індеттік
ерекшеліктері және емі тақырыбына жазылған курстық жұмыста аннотация,
нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер, кіріспе, негізгі
бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Курстық жұмыс 33 беттен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1Қарасан ауруы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Қараталақ
ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...13
1.3Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою
шаралары ... ... ... ... ... .23
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау
әдістері ... ... ... ... ... ... ..2 5
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
3Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Анықтамалар

Патологиялық реакция дегеніміз – организмнің кез келген
тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды
сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.
Этиология – бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы
ілім.
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит – белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық
ету
Анемия – қан аздық
Интоксикация – денені уландыру
Клостридий – спора түзетін анаэробты бактерия
Бацилла – спора түзетін аэробты бактерия

Қысқартулар мен белгілер

КБР - комплементті байланыстыру реакциясы
АР – агглютинация реакциясы
БР – бейтараптау реакциясы
нм – нанометр
км – километр
мкм – микрометр
мкл – микролитр
кг – килограмм
г – грамм
мг – миллиграмм
л – литр
мл – миллилитр
°C – градус
% - пайыз

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар. Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты – жөні,ғылыми
дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2013ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың
пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы
аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және
1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы
эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов -
халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-
ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен
мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген
салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы
аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу
заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір
ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған
малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да
жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке
шалдығуы, т.б.)
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты
агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған
байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және
инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қарасан —ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен
газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа
дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Аурудың қоздырғышы — клостридиум Шово деп аталатын бактерия. Ол ауа
жоқ жерде еседі, спора түзеді. Микроскоппен қарағанда пішіні кішігірім
таяқшаға ұқсас болып көрінеді. Оның ұзындығы 2—8 микрон, ені 0,6 микрон
шамасында болады. Грам әдісімен жақсы боялады.
Бұл ауру көпшілігінде жаз айларында жайылымдағы мал арасында
кездеседі.
Ауру негізінен қарасаннан өлген малдың өлімтігінен таранды және оның
қоздырғыш микробымен ластанған жайылымдағы пішеннен, сондай-ақ, суаттан
жұғады. Қарасан ауруы кездескен жерде не жайылымда келесі жылдарда осы ауру
қайта панда болады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты – қарасанның індеттік ерекшеліктері және
емін зерттеу.
1 Негізгі бөлім

1.1 Қарасан ауруы

Қарасан —ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен
газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа
дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Аурудың қоздырғышы — клостриднум Шово деп аталатын бактерия. Ол
ауа жоқ жерде еседі, снора түзеді. Микроскоппен қарағанда пішіні кішігірім
таяқшаға ұқсас болып көрінеді. Оның ұзындығы 2—8 микрон, ені 0,6 микрон
шамасында болады. Грам әдісімен жақсы боялады.
Бұл ауру көпшілігінде жаз айларында жайылымдағы мал арасында
кездеседі.
Ауру негізінен қарасаннан өлген малдың өлімтігінен тарайды және оның
қоздырғыш микробымен ластанған жайылымдағы пішеннен, сондай-ақ, суаттач
жұғады. Қарасан ауруы кездескен жерде не жайылымда келесі жылдарда осы ауру
қайта панда болады.
Бұл ауру қоздырғышының табиғаттың кейбір жерінде орын тебетінін
көрсетеді, сол себептен мал көктемде жайылымға шығарылар алдында вакцинамен
міндетті түрде егіледі. Жаз айларында ауру бір малдан екінші малға қан
сорғыш насекомдар (сона, бөгелек) арқылы да жұғуы мүмкін.
Аурудың белгілері. Қарасан ауруына шалдыққан мал ақсайды, жайылудан
қалады, кейде дене қызуы 41С, 42°С дейін көтеріледі. Аурудың ең негізгі
белгісі — малдын, мойнында, санында, белінде, не басқа жерлерінде бірнеше
томпайын тұрған ісік пайда болуы мүмкін. Бұл ісікті қолмен басып көргенде
сықыр естіледі және ол ыстық болып білінеді.
Осы себептен де ауруды қарасан деп атайды. Аурудың алғашқы белгілері
білінгеннен кейін, мал 12—48 сағат ішінде өледі. Қарасанмен анық ауырған
мал қайтып қатарға қосылмайды, бұл оның өте жіті түрде өтетін індет екенін
көрсетеді [1,2].
Өлекседегі өзгерістер. Малдың өлексесі сырт карағанда жай
көзге ісінген болып көрінеді. Өлексенің бір жерінде сықырлайтын ісіктер бар
екені байқалады. Оны пышакпен тіліп жібергенде ішінен көпіршіген газ
араласқан сарысу шығады. Сөл бездері үлкейгені қолға бірден байқалады. Бұл
ауруда қан жақсы ұйыды, бірақ түсі күнгірт, қызыл болып көрінеді.
Егер мал өлексесінің сыртқы түрінен қарасан ауруынан өлгені
анықталса, онда оны сойып керудін кажеті жоқ. Себебі, өлексені сойғанда қан
сарысумен ауру қоздырғыш сыртқы ортаға көп мөлшерде тарайды да, қауіпті
ауру таратқыш ошақтар құрады.
Ауруды анықтау. Қарасанды әдетте эпизоотологиялық деректерге, ауру
малдың клиникалық белгісіне сүйеніп, диагноз қояды. Ал өлген малдын ісік
бар жердегі зақымданған бұлшық ет кесігі 40 проценттік глицеринге салынып,
лабораторияға жіберіледі.
Қарасан ауруын қараталақ (сібір жарасы) індетінен дұрыс ажырата білу
қажет. Қараталақты ісікті қолмен басқанда онда газ жоқ екені байқалады.
Жалпы, бұл екі ауруды клиникалық белгілеріне қарап ажырату қиын, сондықтан
да лабораторияға өлексенің құлағын, зақымдалған бұлшық етті, не канын
тездеп жіберу керек.
Мал фельдшері мал арасынан осы ауру деп күдіктенсе, ауру деген сау
малдан бөліп, оның тұрған орнын дезинфекциялап, дереу бас мал дәрігеріне
хабар береді.
Сақтану шаралары. Шаруашылықта жыл сайын 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі
қара малы екі қайтара қарасанға қарсы формолвакцинамен егіледі. Бірінші егу
жұмысы көктемде малды жайылымға шығарудан 3 апта бұрын жүргізіледі, ал
екінші рет күзде жүргізіле; Соңғы жылдары көптеген шаруашылықтарда ірі қара
малы қарасан меі қараталаққа карсы бір мезгілде егу жұмысы кеңінен
қолданылуда. Бұл жұмыс мал дәрігерлік қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетеді,
егу жұмысының сапасы артады.
Мал фельдшері бұл ауру жөнінен төмендегі деректерді еске алып жүргені
дұрыс:
Жазда мал жанылымға шығарылғанда жеке меншіктегі, ірі қара малының
қоғамдық табынға мал дәрігерінің рұқсатынсыз қосылмауы тиіс.
Шаруашылықтың территориясында орналасқан ауыл мен селолардағы тұрғындар
малы қоғамдық малмен бірдей егіліп отырылуы тиіс.
Жайылымға шығарылған мал арасында 3 айға толған және 3 айдан асқан
бұзаулар қарасан ауруына қарсы формолвакцинамен егілуі тиіс.
Малды қарасанға қарсы егу жүргізілгеннен кенін 15—20 күн бойына табында
мүніз кесу, пішу сияқты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Малды вакцинамен егу кезінде сол препараттарды қолдану жөніндегі нұсқау
басшылыққа алынады. Вакцина егілген малда 14 күннен кейін иммунитет пайда
болады [1,2,3].
Егер табындағы малдың арасынан бір-екі ауру мал барлығы анықталса, онда
оларды дереу ауру малдан оқшаулап, ал қалған малдын дене
қызуын біліп, температурасы жоғары малды да оқшаулау қажет. Мүмкіндік
болса сау малды вакцинамен түгелдей қайта егуге болады.
Жалпы, қарасан қатерлі індет болғандықтан аурудың пайда болғаны жөнінде
шаруашылық басшыларына, мал дәрігерлік станцияға барлау керек.
Бұл ауру көпшілігінде жаз айларында жайылымдағы мал арасында
кездеседі. Ауру негізінен қарасаннан өлген малдың өлімтігінен таранды және
оның қоздырғыш микробымен ластанған жайылымдағы пішеннен, сондай-ақ,
суаттан жұғады. Қарасан ауруы кездескен жерде не жайылымда келесі жылдарда
осы ауру қайта панда болады. Бұл ауру қоздырғышының табиғаттың кейбір
жерінде қоныр тебетінін көрсетеді, сол себептен мал көктемде жайылымға
шығарылар алдында вакцинамен міндетті түрде егіледі. Жаз айларында ауру бір
малдан екінші малға қан сорғыш насекомдар (сона, бөгелек) арқылы да жұғуы
мүмкін.
Аурудың белгілері. Қарасан ауруына шалдыққан мал ақсайды, жайылудан
қалады, кейде дене қызуы 41С, 42°С дейін көтеріледі. Аурудың ең негізгі
белгісі — малдын, мойнында, санында, белінде, не басқа жерлерінде бірнеше
томпайып тұрған ісік пайда болуы мүмкін. Бұл ісікті қолмен басып көргенде
сықыр естіледі және ол ыстық болып білінеді.
Осы себептен де ауруды қарасан деп атайды. Аурудың алғашқы
белгілері білінгеннен кейін, мал 12—48 сағат ішінде еледі. Қарасанмен анық
ауырған мал қайтып қатарға қосылмайды, бұл оның өте жіті түрде өтетін індет
екенін көрсетеді [2,4,5,6].
Малдың өлексесі сырт карағанда жай көзге ісінген болып
көрінеді. Өлексенің бір жерінде сықырлайтын ісіктер бар екені байқалады.
Оны пышакпен тіліп жібергенде ішінен көпіршіген газ араласқан сарысу
шығады. Сөл бездері үлкенгені қолға бірден байқалады. Бұл ауруда қан жақсы
ұйыды, бірақ түсі күнгірт, қызыл болып көрінеді.
Егер мал өлексесінің сыртқы түрінен қарасан ауруынан өлгені
анықталса, онда оны сойып керудін кажеті жоқ. Себебі өлексені сойғанда қан
сарысумен ауру қоздырғыш сыртқы ортаға көп мөлшерде тарайды да, қауіпті
ауру таратқыш ошақтар құрады.
Қарасанды әдетте эпизоотологиялық деректерге, ауру малдың клиникалық
белгісіне сүйеніп, диагноз қояды. Ал өлген малдын ісік бар жердегі
зақымданған бұлшық ет кесігі 40 проценттік глицеринге салынып,
лабораторияға жіберіледі.
Қарасан ауруын қараталақ (сібір жарасы) індетінен дұрыс ажырата білу
қажет. Қараталақты ісікті қолмен басқанда онда газ жоқ екені байқалады.
Жалпы, бұл екі ауруды клиникалық белгілеріне қарап ажырату қиын, сондықтан
да лабораторияға өлексенің құлағын, зақымдалған бұлшық етті, не канын
тездеп жіберу керек.
Мал фельдшері мал арасынан осы ауру деп күдіктенсе, ауру деген сау
малдан бөліп, оның тұрған орнын дезинфекциялап, дереу бас мал дәрігеріне
хабар береді.
Сақтану шаралары. Шаруашылықта жыл сайын 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі
қара малы екі қайтара қарасанға қарсы формолвакцинамен егіледі. Бірінші егу
жұмысы көктемде малды жайылымға шығарудан 3 апта бұрын жүргізіледі, ал
екінші рет күзде жүргізіледі; Соңғы жылдары көптеген шаруашылықтарда ірі
қара малы қарасан мен қараталаққа карсы бір мезгілде егу жұмысы кеңінен
қолданылуда. Бұл жұмыс мал дәрігерлік қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетеді,
егу жұмысының сапасы артады.
Мал фельдшері бұл ауру жөнінен төмендегі деректерді еске алып жүргені
дұрыс:
Жазда мал жайылымға шығарылғанда жеке меншіктегі, ірі қара малының
қоғамдық табынға мал дәрігерінің рұқсатынсыз қосылмауы тиіс.
Шаруашылықтың территориясында орналасқан ауыл мен селолардағы тұрғындар
малы қоғамдық малмен бірдей егіліп отырылуы тиіс.
Жайылымға шығарылған мал арасында 3 айға толған және 3 айдан асқан
бұзаулар қарасан ауруына қарсы формолвакцинамен егілуі тиіс.
Малды қарасанға қарсы егу жүргізілгеннен кенін 15—20 күн бойына табында
мүйіз кесу, пішу сияқты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Малды вакцинамен егу кезінде сол препараттарды қолдану жөніндегі нұсқау
басшылыққа алынады. Вакцина егілген малда 14 күннен кейін иммунитет пайда
болады.
Егер табындағы малдың арасынан бір-екі ауру мал барлығы анықталса, онда
оларды дереу ауру малдан оқшаулап, ал қалған малдын дене
қызуын біліп, температурасы жоғары малды да оқшаулау қажет. Мүмкіндік
болса сау малды вакцинамен түгелдей қайта егуге болады.
Жалпы, қарасан қатерлі індет болғандықтан аурудың пайда болғаны жөнінде
шаруашылық басшыларына, мал дәрігерлік станцияға барлау керек [3,5,7].

1.2 Қараталақ ауруы

Қараталақ - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде
байқалатын жұқпалы ауру. Бұл ауру малдаң әр түлігінде өзінше аталып келді.
Топалаң атауы негізінде қой мен ешкіге тән. Жылқыда - жамандат, қараталақ
немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез қарасан
қазіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру, түйеде - шелек немесе ақ шелек
адамда - күйдіргі немесе текті сібір жарасы.
Қараталақ қоздырғышының таяқшаларының ұзындығы 5—6 микрон, ені 1,0—1,5
микрон. Бұл аэробтар Грам әдісімен де, сондай-ақ анилин бояуларының барлық
түрімен де боялады, патологиялық материалдарда көбінесе қос-қосынан немесе
тізбектеліп орналасады, организмде капсула құрайды. Капсуланы жасанды түрде
алуға болады. Ол үшін қараталақ таяқшаларын қан немесе қан сарысуы коректік
ортасында өсіреді. Топырақ пен өсімдіктерде де таяқшалар бактериялық спора
құрады.
Қабылдағыштығы. Қараталақ ауруына, көбінесе ірі қара жылқы, қой, түйе,
ешкі, бұғы жиі шалдығады.
Ал ит, шошқа, мысық, сол сияқты жыртқыш аңдар қараталақпен сирек
ауырады. Қараталаққа адам да шалдығады. Адамға көбінесе малдың терісін
өңдегенде немесе терісін сойған кезде жұғады.
Караталақ ауруының жұғу жолдары мен көздері. Аурудың негізгі жұқтырғыш
көздері — ауру мал мен ауру қоздырғышы түскен жөмшөп, жайылым, суат пен
қора-жай, сондай-ақ ауырған малдың қанын соратын маса, сона, шыбын-шіркей
арқылы да жұғуы ықтимал.
Аурудың белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2—5 күнге созылады. Ауру
кенеттен, жедел, жітілеу және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Ауру кенеттен келгенде малдың миына қан кетіп, ол күрт жығылады,
денесі құрысып - тырысады, аузы-мұрынынан қанды көбік ағып, тік шегінен
қара қан кетіп, тынысы тарылады. Бірнеше сағаттан кейін ауру мал өледі.
Ауру жіті немесе жітілеу түрінде өткенде малдың қызуы 40—420C дейін
көтеріліп, тек өлеріне 5—6 сағаттай уақыт қалғанда қалпына келе бастайды.
Ауру мал қимылсыз, күйзеліп, кейде албырттанып жатады.
Көз шеңберлері қанталап ісінеді де, ұрт, таңдай қабыршақтары көгеріп
кетеді. Іші қатып, соңынан өтеді. Қараталақпен ауырған малдың денесінің әр
жерінде қанталаған іріңді сарғыш ісіктер пайда болып, кейде оның түбінен
бетін іріген қабыршақтар бүркеген жара білінеді. Аурудың мұндай түрі 5—7
күнге созылады.
Созылмалы ауру кезінде, әсіресе, ірі қараның ауруы екі-үш аптаға
созылуы ықтимал. Ал шошқанын, қараталақ ауруы (ангина) баспа тәріздес
болып, құлақтарының төңірегі, тамақ-таңдайы мен басы мойнынан бастап, кеуде-
төсіне дейін ісініп тұрады. Аурудың тынысы тарылуының зардабынан ішкі
кілегей қабықтары көгеріп, терісінің сыртқы бетінде қара-күрең түсті
таңбалар пайда болады. Ауру мал көбінесе тынысы тарылып өледі.
Ет қоректі жануарлардың қараталақ ауруы ішек пен қарынның жіті
қабынуы тәріздес өтеді де, әдеттегі қараталақ ауруы кезінде белгі беретін
терідегі ісіктер мен таңбаланған сом түйіндер сирек байқалады.
Патолого - анатомиялық өзгерістер. Қараталақтан өлген малдың ауруын
қарап - бақылау арқылы немесе қанын микроскопиялық зерттеу арқылы біле
алмаған жағдайда, өлген малды сойып анықтайды. Әдетте өліктің сіресіп
қатқан денесінде аурудың белгісі білінбей, кілегей қабықтары көгеріп,
табиғи тесіктерінен қара қан ағады. Терінің ішкі клеткалары сарғайыңқырал,
қанталап тұрады да, арқа қуысындағы шажырқай мен бүйрек аумағы және
көмейдің айналасы білеуленіп тұрады.
Лимфатиялық түйіндері қанталап ісінеді, көкбауыр да ұлғайып, айнала
шеті тарамданып, ұлпа жантік тәрізді көрінеді. Бауыр мен бүйректер қанға
толған. Жүректің бұлшық еті босап кеткен. Ішектердің кілегей қабаты, жұқа
кілегей қабықтары ісініп қанталаған. Ішек түтігінің ішіндегі қатпарлы
табақшалар мен ірі фолликулаларда шар тәрізді немесе ұзынша келген ісіктер
байқалады да, оның бетінде тілмеленіп ұйысқан жара пайда болады. Аурудың
өкпесі мен миы қанға толып кетеді [1,2].
Ауруды анықтау. Жіті немесе созылмалы қараталақ сырқатын байқап
болжағанда аурудың клиникалық көрсеткіштерін (қызуының жоғарылығы, ісінуі,
инфильтраттануы, көршиқандануы, несеп пен нәжістің қандануы) негізге алады.
Мұны микроскапиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу
арқылы растайды.
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, қаннан жұғынды алып зерттеп
болған соң, оны Романов әдісі бойынша (су тектес көксұр) бояйды. Егер
жұғындыда қараталақ ауруының қоздырғышы болса, микроскоптан сырты жылтыр
қауырсынды қарасұр таяқшалар көрінеді.
Бактериологиялық зерттеу әдісі қоректік арнаулы затқа уыт жіберу
арқылы жүргізіледі. Қараталақ ауруының қоздырғышын желімге (желатин)
уколмен еккен кезде, кәдімгі арша тәрізденіп өседі, ал ет-пептонды сорпада
пробирка шынының түбінде 16—18 сағаттан соң, ақ мақта тәріздес тұнба пайда
болады.
Биологиялық зерттеу жүргізгенде өлген малдың денесінен алынып, арнайы
жасалынған қанды немесе суспензияны теңіз шошқасының терісі астына — 0,2 мл
мөлшерімен немесе ақ тышканға 0,03 мл мөлшерімен егеді. Егер қараталақ
ауруының қоздырғышы бар болса, суспензия немесе қан егілген зертханалық
жануарлар 24—36 сағат уақыт ішінде өледі.
Қараталақ ауруын анықтауда, өлген малдын терісінен тұнба преципитация
реакциясын пайдаланады. Бұл үшін зерттелінетін терінің өзінен сығынды
алады. Мұны қараталақ ауруына қарсы қолданатын сыворотка тұндырмасының
үстіне ұйытады. Ал бұл екі жасанды сұйықтардың аралығында ақ шеңбердің
пайда болуы — (заттың химиялық өзгерісі) оң реакцияны көрсетеді.
Емдеу. Қараталақпен ауырған малдарды емдеу үшін қараталақ ауруына
қарсы қолданылатын гипериммунды сыворотка қолданылады. Мұны тәулігіне бір
мәртеден мына мөлшерде: ірі кара мен жылқыға 250—300 мл, қой мен ешкіге
50—75 мл терінің астынан егеді.
Мұнымен қатар, қараталаққа қарсы сывороткаға қоса, ауру малдарға
мынадай мөлшерде пенициллин жіберуге болады: ірі қараға — 1 млн. ЕД, уақ
малдың әр қайсысына — 200 мың ЕД егіледі. Пенициллиннің орнына биомицинді
де қолдануға болады. Бұған қоса гамма-глобулин атты арнайы дәрілерді
қолдануға болады.
Сақтану және күрес жүргізу шаралары. Қараталақ ауруынан сақтану үшін
малға жақсы санитарлық жағдай жасалынады. Утильзаводтар мен биотермиялық
шұңқырларды және малдардың өлігін көмген орындарды үнемі таза сақтап,
сонымен қатар малдардың өлексесін дер кезіңде алып кету қажет.
Мал емдейтін пункттерде ауру шыға қалған жағдайда, бұл арадағы ауру
жұғатын малдардың барлық түріне көктемгі жайылымға шығар алдында
қараталаққа қарсы қолданатын СТИ вемесе ГНКИ вакцинасы егіледі. Мұнымен
қатар, сазды жайылым мен шабыңдық жерлер құрғатылады. Ағын су болмаған
жерлерде құдық қазылып немесе су тосқауылдары жасалынады [1,2].
Қараталақ аурулары жаңадан пайда болған жерлер есепке алынып , аурудың
эпизоотологиялық картасы жасалынады. Қараталақ пайда бола қалған жерде
аурудың неден шыққаны анықталынады, содан соң ауру мал тұрған қора-жайды
қашар мен жайылым жерлерді , сондай-ақ жемшөп қалдықтарын және шаруашылық
құрал-жабдықтарды пайдалануға дереу тиым салынады.
Ал, қараталақ ауруы орын тепкен шаруашылықта карантин қойылады.
Қараталақ ауруынан өлген малдардың өлігін, олардың жеген жемшөп қалдығымен,
ауру малды күту кезінде пайдаланған құрал-жабдықтарымен қосып өртеп
жібереді. Ауру мал тұрған жердің қыртысын 20 сантиметрдей аударып алып
тастап, дезинфекция жүргізеді.
Барлық малдың дене қызуын өлшеп білгеннен кейін, оларды екі топқа
бөледі:
1) ауру және күдікті мал;
2) ауру жұққан мал .
Барлық ауру малдарды және күдіктілерін бөлек ұстап, қараталаққа қарсы
сывороткамен қоса пенициллинмен немесе биомицинмен емдейді. Ауру мал тұрған
қора-жайды, күтуші адамдар ұстаған құрал-жабдықтар, киім-кешектер
дезинфекцияланады.
Ірі қара малына вакцинаны қылқа мойынынан, ал қой мен ешкіге, шошқаға
санының ішкі жағынан егеді.
Әр-әр жерден қараталақ ауруы шығып жатқан энзоотиялық кезеңде, мал
союға тиым салынады.

Салынған карантин ең соңғы мал өлгеннен кейін 15 күн өткен соң немесе
ауырғандары толық жазылған соң ғана алынады.
Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб дәрігерлері
"парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті күйдіргі" деп атаған.
Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия
елдерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде
қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков 1758 адам мен малда осы
дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.
Қараталақ қоздырушысын Германияда Поллендер 1849, Францияда Райне
мен Давен 1850 өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік
ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р.Кох бөліп алды да, оның спора
түзетіндігін анықтады. Л.Пастер 1881 бірінші болып жануарларды осы
микробтың әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін тәжірибе
жүзінде дилелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды Ресейде П.С.Ценковский
1883 іске асырды. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С.Г.
Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.
Қараталақ дүние жүзінде көптеген елдерде байқалып тұрады.
Қоздырушысы - ірі 3-10x1-1,5 мкм қозғалмайтын грамоң, спора түзетін
ауасы бағалы таяқша. Жануар организмінде және табиғи белогі мол қоректік
ортада қауашақ түзеді және бұл қасиет уытты штамдарына тән. Өсуіне қолайсыз
жағдайда, ауадағы оттегінің қатысуымен, 15-42° С температура аралығында
спора түзеді [2].
Сойылмаған өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб
өліп қалады. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы ортада
сақталады. Патологиялық материалдан алынған жағында бациллалар жеке-жеке
немесе жұптанып, сирек жағдайда қысқа ретінде орналасады. Боялған жағында
тізбектегі таяқшалардың шеті шорт кесілгендей, болмаса тіпті аздап
дөңестеніп бітеді, ал тізбектің өзі бамбук таяғы сияқты бунақтанып турады.
Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. ЕПА ( пептон
агарында өскенде R-формасына тән жатық, күнгірn сүр түсті, бұжырланған,
шеті жырымдалған колониялар ЕПС ет пептон сорпасында пробирканың түбінде
ұлпаланған бір шөкім мақтаға ұқсас тұнба береді.
Ет - пептон желатинасына пісіп еккенде аударылған шырша тәріздес
өседі. Пенициллин қосылған ЕПА-да өскенде домаланып, шарға ұқсайды.
"Меруерт моншағы құбылысы" деп аталатын бұл қасиеті топалаңға диагноз қою
үшін пайдаланылады. Өзіне тән бактериофагка аса сезімтал ү-МВА деп
аталатын бактериофаг авторлары Я.Е. Коляков пен В.А. Байрак
лабораториялық диагностикада қолданылады [2,3,4].
Қоздырғыштың төзімділігі. Микробтың вегетативтік түрі әртүрлі қолайсыз
жағдайларға төзімсіз. Сойылмаған шіріген өлекседе 7 тәулікте ыдырайды. 60°
С қыздырғанда 15 минутта, қайнатқанда – қолма - қол, тура түскен күн
сәулесінен бірнеше сағаттан соң өледі. Кәдімгі дезинфектанттардың
әсерінен тез арада өледі, -10º кезінде 24 күн, ал -15° С
жағдайында етте 15 күнге дейін сақталады.
Споралары өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілгін
сақтайды, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады.
Ет пен теріні тұздау, кептіру спораларынын сақталуына жағдай
жасайды. Құрғақ ыстық ауада 120-140° с кезінде споралары тек 2-3
сағаттан кейін, ал 120° С жағдайындай автоклавтау 5-10 мин. өткенде,
кайнату 15-30 мин сон, күйдіргіш натрийдын 10 %-ті ерітіндісі,
формальдегидтің 1 %-ті ерітіндісі екі сағат өткен соң өлтіреді, ал хлорлы
дезинфектанттар күштірек әсер етеді [2,3,4,5].
Індеттік ерекшеліктері. Қараталаққа қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы,
түйе, жабайы сүт коректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл
аурумен созылмалы түрде аурады. Ет қоректілер ит, мысық басқалардан
төзімді. Мысалы топалаңмен ауырту үшін үй коянына қоздырушысының 2 спорасын
тері астына жіберу жеткілікті, ал итке ол үшін 1 млн спора енгізу қажет.
Бір түрге жататын кейбір мал тұкымдарының топалаңға
бейімділігі әртүрлі болуы мүмкін. Қойдың алжирлік тұқымдары еуропалық
тұқымдардан әлдекайда төзімді. Сібірде өсірілетін сиырдың
жергілікті тұқымдарының бұл ауруға бейімділігі біршама төмен. Сондай-ақ
далалық, қызыл сиырлар , кара-ала тұқымдарына қарағанда төзімдірек
болады.
Қараталаққа әртүрлі жастағы жануарлардың бейімділігін салыстырғанда
мынандай заңдылық байқалады. Өте бейім жануарлардың жас төлі қозы, бұзау,
қодық ауруға ересек жануардан әлдеқайда төзімді. Керісінше бейімділігі аз
жануарлардың жас төлдері ауруға тез шалдығады. Ересек кезінде ауырмайтын
жануарлар жаңа туған кезінде топалаңға бейім (болады. Мысалы ересек ит
төзімді де, жас күшік өте сезімтал. Бұл ауруға адам да шалдығады.
Қараталақтың қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар
бациллаларды нәжіс, несеп, сілекей арқылы бөліп шығарады.
Микроб әсіресе өлер алдында жануардың табиғи тесіктерінен
аққан қанды сұйықтықта көп болады. Қоздырушының ең басты берілу
факторы - топалаңнан өлген малдың өлексесі. Оның барлық мүшелері мен
ұлпаларында бациллалар мейлінше көп. Мұндай өлексені союға болмайды.
Теріні тілгенде ауадағы оттегі қоздырушының спора түзуіне жағдай
жасайды, сүйтылған топырақ пен басқа да сыртқы ортадағы заттарды жаппай
микроб жайлап алуы мүмкін.
Ауырған малды лажсыздан союдың да қаупі мол. Сойылған малдың еті,
терісі, қаны, ластанған жемшөп арқылы ауру үлкен қашықтыққа апарылады.
Қоздырушының таралуына етқоректі жануарлар мен жыртқыш құстар да белгілі
дәрежеде қатысады. Олар өздері ауырмаса да микробтың спораларын ұзақ уақыт
бойы нәжісімен бірге бөліп шығарады [4,5,6].
Топыракка түскен топалаңнын спорасының тағдыры топырақтың түріне
байланысты. Микробтын ұзақ сақталуына гумусы мол, рН-ы бейтарап топырақ аса
қолайлы. Мұндай жағдайда тиісті температура мен ылғалдылықта спора
вегетативтік түрге ауысуы мүмкін. Спораның топырақта ұзақ сақталуы
топалаңның тұрақтылығын қалыптастырады. Бұрынғы уақытта микробпен ластанған
аймакта су және жел эрозиясының, өзендердің тасуынан, жер қазу
жұмыстарының, ін қазатын жануарлардың тіршілігінін, өсімдіктердің өнуінің
нәтижесінде микроб топырақ бетіне шығып, одан баска жерге апарылуы мүмкін,
бұдан барып жануарларға ауру жұғу каупі туады.
Қараталақ негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Қоздырушы микроб
жануар организміне ауру жайлаған жайылымда жем-шөп немесе су арқылы түседі.
Оның денеге бойлай енуіне ауыз бен жұтқыншақтың кілегей қабығынын,
зақымдануы, тістін тісеуі, гастрит, гастроэнтерит жағдай туғызады.
Организмнің төзімділігі жүдеген, ыстыққа ұрынған, авитаминозға шалдыққан
кезде күрт төмендейді. Аурудың аэрогендік жолмен жуғуын ескермесе болмайды.
Әсіресе қой коздырушы микроб бар шаңмен тыныс алғанда топалаңға шалдығуы
ықтимал.
Қан сорғыш жәндіктер сона, маса, көк шыбын көп болған жағдайда
трансмиссиялық жолмен де жұғуы мүмкін. Соналардың қоздырушы микробты ауру
малдан ғана емес өлекседен, ластанған су мен топырақтан да алатындығы
дәлелденді.
Негізгі жұғу жолдары топаланның маусымдык ерекшеліктеріне негіз болады.
Әдетте ауру жылдын жылы мезгілдерінде, малды шөбі сирек және куаң
жайылымдарда жайғанда байқалады. Бірақ топалаң жайлаған жерде дайындалған
жем - шөп, ауырған малдан алынған ет-сүйек ұны арқылы ауру қыс кезінде
қорадағы малда да ұшырасьш қалады [1,2,5,6].
Дерттенуі.Зақымданған кілегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру
қоздырушысы өзінін, агрессиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі
дененің қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп,
сөл түйініне, одан соң канға тарайды да фагоцитгермен тұтылады. Сөл арқылы
бүкіл денеге жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтерінді
бекітіледі. Бациллалар әсіресе көкбауырда шоғырланып, онда елеулі
патологиялык өзгерістер туғызады. Дерттену процесінде бацилланың қауашағын
құрайтын заттары, бөліп шығаратыи экзотоксині мен протеаза ферменті күшті
әсер етеді. Қауашақ топалаң қоздырушысының фагоцитозға ұшырауына тосқауыл
болады, ал микроб бөліп шығарған улы заттар оны бекіткен торшаларды
ыдыратады. Босанған бациллалар тағы да қан ағысына түсіп, септицемия мен
интоксикацияның өрлеуіне әкеліп соқтырады. Гипоксия байқалып, қышкыл-сілті
тепе-теңдіп бұзылады, қан ұю қасиетін жоғалтады.
Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия
өлі тию байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өліп қалады.
Қараталақтың коздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орыны қанталап
ісінеді де, карбункулға күйдіргі айналады. Карбункул бірден емес,
кейіннең, ауру қоздырушысының қан арқылы келуінен де болады. Бұл ошақта
микроб өніп - өсіп, токсинді бөледі де, организмді уландырады. Алдымен
таяудағы қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп ақыры мал сиптемициядан
өледі [3,6].
Өтуі мен симптомдары. Аурудың өтуі ұзақтығы ауырған жануардың
төзімділігі не уттылығына, мөлшеріне, денеге енген болады. Әдетте жасырын
кезеңінің ұзақтығы 1-3 күн.
Аурудың негізгі екі түрі бар: өлі тиген және күйдіргілі
(карбунулездік. Күйдіргі ретінде байқалған дерт процесінің орын тебуіне
байланысты топалаңның тері, ішек, өкпе, ангина түрлері болады. Мұндай
жіктеу шартты түрде ауруды сипаттау үшін қолданылады.
Іс жүзінде топалаңға шалдыққан жануардың бір ғана мүшесі не
ұлпасының дерттенуі өте сирек құбылыс. Алғашқында күйдіргі ретінде білінген
ауру сепсиске айналып, керісінше сепсистен кейін дененің әр жеріне
күйдіргі шығуы мүмкін. Бірнеше мүшеде орны шектелген зақымданудың
қатар білінуі жиі байқалады.
Қараталақ әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен
өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі.
Аса жіті қараталақ негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы мен
сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалық белгісі
байқалып үлгірмей-ақ өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дрілдеп-
қалшылдап кейде, орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде
өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағып жатады. Жылқы мен сиыр
еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем
алады, тамыры жиі соғып, кілегей қабықтары көкшілденіп, дене қызуы
41-42 С жетеді. Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң
ауырған малдың талықсып, денесі құрыстванып барып жаны шығады.
Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің қызуы
көтеріліп (41С дейін) тыныс алу мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшық
еттері дірілдейді. Мал жемшөптен қалып, ірі қара күйіс қайыруын
тоқтатып, сауын сиырлардың сүті қайтады [1,2,5].
Жылқының ішегі түйіліп, ірі қараның таз қарны кебеді. Кейде
іш қатып, не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарасан кезіндегі биопрепараттар жайлы
Қарасан
Қарасан ауруының анықтамасы, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, емі, алдын алу шаралары.
Қарасан кезінде қолданылатын биопрепараттар
Қой брадзоты қоздырушысы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Қойдың брадзоты
Қараталақ ауруын балау және сақтандыру шаралары
Қазақтың ақбас сиыры
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Пәндер