Індетке қарсы шаралар туралы



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Ұйымдастыру . шаруашылық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Мал басының иммундық жай . күйін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.5 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.6 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ...19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жққпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады.
Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұңдай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты – індетке қарсы шараларды зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –225б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 129 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 128с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-154с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-111с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.
9Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 176б .

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Індетке қарсы шаралар тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс 31 бетті қамтып, мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Инфекция лат. Іnfectio - жұқтырамын - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.
Індет ошағы - індет процесі өтетін оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігін айтады.
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Індет процесі дегеніміз осы аталған үш құрама бөліктің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс. Бұл - аурудың үздіксіз жануарларға бірінен-біріне жұғуы, қоздырушының ауру малдан сау малға берілуі.
Індет процесін індеттену деп, ал өте кең жедел тарағанда ландану деп атайды.
Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен катар, паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Паразит - белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Гермафродит - қосжынысты
Шистосомата - дара жынысты
Анемия - қан аздық
Интоксикация - денені уландыру
Холангит - өт жолының қабынуы
Холеоцистит - өт қалтасының қабынуы

Қысқартулар мен белгілер

нм - нанометр
км - километр
мкм - микрометр
мкл - микролитр
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
л - литр
мл - миллилитр
°C - градус
% - пайыз

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Мал басының иммундық жай - күйін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.5 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .18
1.6 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2013ж.

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:___________________________________ __________
Мамандығы:___________________________________ ______________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жққпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады.
Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұңдай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты - індетке қарсы шараларды зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты бір негізі -- олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру -- шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз -- індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі -- олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады.
Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек, Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады [1,2,3,6,7].

Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады.
Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұңдай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор.
Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халыкаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантин делінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар вакциналау, т.б. жүргізіледі.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көніл бөлетін мәселе - экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін типтері т.б. жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, әлде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы салынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі.
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине бұл шаралардың бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары көп.
Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топланаң секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт. Жұқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын әртүрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай арақашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жұқпалы аурудың таралуы үшін теріс бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылық тар ерекше қауіпті болып саналады. Өңдіріс орындарының ішіңде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейті кәсіпорындары тері заводы, ет комбинаты, т.б. тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс.
Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар қатары жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы бітеу немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180 см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1 м, терендігі 1,5 м ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына қатынайтын көлік, егер тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса мысалы жем-шөп әкелгенде деп тосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар ветсан өткелек арқылы өткізіледі.
Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін жұқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі. Карантин кезіңде жануарларды іңдет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешеңдерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың карантиңдеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.
Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретіңде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, жұқпалы анемия, т.б. жатады.
Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бұл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады [1,3,4,5,6].

1.2 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтануы мен су ішуін, қора жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар -- мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті шарттары болып есептеледі.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және малды ауруға тексеру иммундеу -- барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты.
Ауру малды бөліп алып оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, екі қабат және омырауында баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, лекциялар өткізу арқылы жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады [1,3,4,5,7,8].

1.3Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу

Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен яғни қолдан иммундеу белсенді және енжар әдістер арқылы іске асырылады. Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу үшін иммуноглобулин препараттары қолданылады.
Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Тірі вакциналар. Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар әлсіретілген және әлсіретілмеген деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сактайтыңдай дәрежеде болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалайтын дәрежеде болып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай әлсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни вакцина даярлау үшін қолданады.
Тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Тіпті бұл әдіс микробтардың ашылуынан да көп бұрын қолданылған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл аурулар қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әртүрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.
Адамға шешек егу вариолау вариолизация, лат.Variolla - шешек деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешек қолдан жұқтыру еді. Ал қойға қойдан шешекті егу овинала овинация деп аталады. Кейін 1902 ж. қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің негізінде алюминий гидрототықты формолвакцин даярланады. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халі тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді ұсынады. Бұл әдіс вакциналау вакцинация, лат. vасса - сиыр деп аталады да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.
Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта қалған жоқ. Мысалы қазір құс шешегіне қарсы вакцина реті тауық пен күрке тауықты егу үшін шешек вирусы көгершіннен алынған штаммы қолданылады.
Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егу өзіңдік ерекше әдістері бар. Бұл дәрмектер әдеттегіден микробтың денеге табиғи жолмен енуіне кереғар организмде белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы овинаны қойдың құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөл сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлі ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының ұясына фолликуласына жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәл аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.
Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолдану тағы бір әдісі пайдалана басталды. Бұл - гетерология иммунитетті гетероиммунитет пайдалану нәтижесі. Бұл иммунитетті айқын иммунитет деп те атайды, оның негізгі микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортаұ антигеңдер бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді.
Жоғарыда көгершін шешегі вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирус Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы ит обасының вирусын сиыр обасына қарсы эксперимент жағдайында, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмеңдеген штаммының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін мейлінше сақтауы қажет.
Екінші сөзбен айтқаңда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналык штамм организмге енгізілгенде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесіңде сол ауру қоздырушысына қарсы өзгеше иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуноморфологиялық болып табылады.
Әлсіретілген вакциналык штамм - ауру қоздырушының саналық жағынан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн. Вакциналық штамм ретіңде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы клоны пайдаланылады. Бұңдай клондарды табу үшін ауру жануарлардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын жүргізеді. Ал жасаңды жолмен алу үшін ұзақ уақыт коректік ортада өсіреді немесе әртүрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді пассаждау, не болмаса әртүрлі мутогендік факторлармен әсер етеді. Мұңдай жасанды мутанттар алудың әдістерін үш топқа бөлуге болады:
1. Химиялык әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету.
2. Физикалық әдістер: ультракүлгін сәуле, температура, радиация, т.б.
3. Биологиялық әдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организмі арқылы пассаж, т.б.
Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну тарихына аздап шолу жасасак, бұл әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробтың жоғары температурада 42,5-43° С өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы пассаж жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны арқылы үздіксіз пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус - фикс fixe - бекіту алды. Үй қоянының денесінен өткізген сайын құтырық вирусының уыты бұл жануарлар үшін артып, ит үшін кеми түсетіндігі айқындалды.
Аталған әдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін кеңінен пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін пайдаланған жануарлардың түріне қарап әртүрлі атауларға ие болды. Мысалы үй қояны арқылы пассаж жасалса, ондай штамм лапинделген lapinus - үй қояны, құс арқылы болса авинделген аvis - құс деп аталады. Ал үлкен өсіндісіне өсірілуге бейімделген штамм өскінділік, ал құс эмбрионында өсуге бейімделсе эмбриондық вакцина деп атау қалыптасты [1,2,5,6,7].
Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады. Жасанды енжар иммунитет құрамында антиденелер бар иммунді қан сарысуының немесе онан даярланған таза иммуноглобулин препараттарының көмегімен пайда болады. Мұңдай иммунитет енжар деп аталғанымен организм тіпті де бейтарап қалмайды, иммунитеттің қалыптасуына белсенді түрде қатысады. Вакцина еккеннен кейін организмде иммунитет 1-2 апта өткеннен соң барып қалыптасатын болса, енжар иммунитеттің пайда болуы үшін оңдай мезгілдің қажеті жоқ. Іс жүзіңде бірер сағат өткеннен соң-ақ жіберілген антиденелер өз әрекетін бастайды.
Екінші сөзбен айтқаңда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналык штамм организмге енгізілгенде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесіңде сол ауру қоздырушысына қарсы өзгеше иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуноморфологиялық болып табылады.
Вакцинаны гендік инженерлік әдіспен синтездеу құрастыру үшін ауру қоздырушысының антигендік детерминанта үшін жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот торша жүйесіне енгізеді. Бұл әдіспен әртүрлі ауру қоздырушы микробтардың антигендік құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микробқа ауру қоздыратын микробтың антигенін көшіріп қондыруға болады.
Өлтірілген вакциналар. Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы микробтарды әртүрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бактерияларды тығыз немесе сүтқоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс орындарына микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тарауы байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады. Алынған микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фемертиолат тиомерсал, ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады. Осыдан келіп формолвакцина, фенол вакцина, мертиолип вакцина тиомерсал вакцина қыздырылған вакцина дезинтеграцияланған ультрадыбыспен талқандалған вакцина т.т. атаулар пайда болған. Осы аталған заттардың ішінде формалиннің әсері ерекше. Ол микробты өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің улық қасиетін бейтараптайды. Формалинмен бейтараптанған токсин анатоксин деп аталады, ол иммуногендік қасиетін толық сақтайды. Француз ғалымы Г.Рамон ашқан бұл саналык сіреспеге, дифтерияға қарсы вакциналар даярлауға мүмкіндік берді. Мұңдай вакциналар анатоксин вакциналар немесе анавакциналар деп аталады. Олар әртүрлі ауруларға қарсы кең қолданылады.
Өлтірілген вакциналар тірі вакциналарға қарағанда иммуногендік қасиеті жағынан анағұрлым төмен. Бұл кемшіліктің аз да болса орнын толтыруға адъюванттардың көмегі бар. Адъюванттарды да Г.Рамон 1925 ұсынған болатын. Бірталай заттар: аллюминий гидрототығы, ашудастар квасцы өсімдік майлары, ланолин, лецитин, хлорлы кальций антигендердің иммуногендік қасиетін арттырады adjuvare - көмектесу. Адъювантпен араластырылған антиген кіргізілген орында қабынған түйіршік гранулема түзіледі, соның нәтижесінде антигеннің организмге сіңуі баяулап, ыдырайтын және әсер ететін мерзімі ұзарады. Сондықтан мұндай вакциналарды деполандырылған депо - қойма деп те атайды. Лимфалық элементтердің молынан шоғырлануына байланысты қабынған түйіршіктерде антиденелердің 80 % дейіні түзіледі. Адъюваттардың мутогендік қасиеті бар. Олардың әсерінен маңындағы және алыстағы сөл түйіндерінде, көк бауырда көптеген бұдырмақтар пайда болады. Бұл бұдырмақтар - белсендірілген лимфоциттердің шоғыры.
Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады, Ауруға қарсы иммунитет пайда болуы үшін олардың барлығының маңызы бірдей емес. Тек кана протективті қорғаушы деп аталатын антигендер ауруға қарсы иммунитет тудыра алады.
Энтербактериялардың протективалы антигендеріне VI- антиген, ішек таяқшасында К- антиген жатады. Осындай тазаратылған протективті антигеннен даярланған вакциналар химиялық вакциналар деп аталады. Мұндай вакциналар организмде жайсыз реакциялар тудырмайды, ондай препараттардың болашағы зор [1,2,6,7,8].

1.4 Мал басының иммундық жай - күйін анықтау

Иммундеудің нәтижесі қолданылтын дәрмектің иммуногендік қасиетіне ғана емес, оны қолдану әдісіне де байланысты. Сонымен қатар, жануарларды жаппай иммундеу оларды ауруға тексеру (аллергиялық тексеру, қан алу) сияқты көп еңбекті қажет етеді.
Жануарлардың негізінен екі түрлі жолмен: жекелей және жаппай иммундеуге болады. Жекелей иммундеу жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакцина жіберу арқылы, ал жаппай иммундеу жануарлардың тұтас бір тобына вакцинамен бірден әсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді. Бұл әдістерді парентеральдық деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, бірақ бұл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді. Энтеральдық жолмен яғни ішек арқылы, дәлірек айтқанда ауыз арқылы, яғни перораьлдық жолмен, вакциналау әдісі кеңінен қоланылады. Сонымен қатар, вакцинаны әр түрлі кілегейлі қабықтар арқылы да (танау қуысына, көз конъюктивасына, клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге болады.
Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік, физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері ескеріледі.
Жаппай вакциналау екі түрлі жолмен: ауыз арқылы (энтеральдық немесе пероральдық әдіс) және аэрозольдік (аэрогендік немесе аспирациялық) әдіспен іске асырылады. Бұл әдістер еңбек өнімділігін шұғыл арттырып, вакциналау жұмысын көп жеңілдетеді. Пероральдық әдіспен алиментарлық жолмен жұғатын, ал аэрозольдық әдіспен респираторлық жолмен жұғатын ауруларға қарсы егу жақсы нәтиже береді.
Аэрозольдық әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы аңдарды иммундеу жөнінде тәжірибе жинақталған. Құсты Нъюкасль ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің көлеміне байланысты.
Ірі аэрозольдар жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиололары мен альвеолаларына өтеді. Аэрозоль түйіршіктері майдаланған сайын вакцинаның реактогендігі арта түседі.
Пероральді иммундеу ең қарапайым және денеге бөгде заттың енетін табиғи жолы болып табылады. Бұл әдісті 30-жылдары Безредка бактериялық ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген болатын. Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. Кейінірек бұл әдісті медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, мысалы, полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске айналды.
Ветеринарияда Нъюкасль ауруының В1 және Ла - Сота штамдарынан даярланған вакциналары тауыққа сумен қосылып ішкізіледі.
Энтеральдық вакциналарды даярлағанда оларға қарын шырынының қолайсыз әсері ескеріліп, оларды таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральды иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аленовирустар. Жалпы ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморалдік, клеткалық және орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады.
Ерекше атап өтетін жағдай, антиденелер қанда ғана емес, секреттегі А иммуноглобулині ретінде сілекейде, ішек шырынында, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл атқарады [2,3,4,5,7,8].

1.5 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері

Зардаптылық патогенность ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. Бұл микробтың тұқымқуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық аукымы бар. Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті бір ғана мүмкіндікті, ал жануарлардьщ көптеген түрлерін зақымдайтьш микробты полипотентті көп мүмкіндіктідеп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де мұндай ауруларды уникварлық деп те атайды, аусылдың вирусы - полипотентті болып табылады.
Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылык вирулентность деп аталады. Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык - оның жекелеген штаммдарының дара касиеті. Бұл енді зардаптылыктың фенотиптік көрінісі. Уыттылық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен DLM - dosis letalis minima және төменгі жұқтыратын дозамен DIM - dosis infectiosis minima өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100 %-ін өлтіретін не ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек аныктау үшінжұқтырылған жануарлардың 50 % өлтіретін LD50, немесе ауыртатын ID50шаманы алады.
Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен туыңдайды. Бұлфакторлар екі топка бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы токсигендігі [3,5,6].
Инвазиялылығы- микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету кабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы, энтеробактериялардың колибактериоз, сальмонеллез қоздырушылары адгезиялылығы олардың өте нәзік жіпшелері - фимбриялары арқылы іске асады.
Организмнің ұлпа торшаларын микробтар бөліп шығаратын уыттылық ферменттері гиалуронидаза, ДНҚ-аза, РНҚ-аза, коагулаза т.б. зақымдаса, фагоцитоз бен басқа да қорғаныс реакциясьш тежеуге микробтың капсуласы, кабығындағы VI-, К-антигендері, агрессин типтес бөлінділері қызмет етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары
Індетке қарсы шаралар
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер