Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...5
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды. Менің таңдаған осы жұмысым қазіргі күні өте керекті, өйткені жақсы ақпараттық жүйе жетістіктер мен бәсекеге қабілеттіліктің кепілі ғана емес күшті бәсекелестік жағдайында аман қалу құралы болып табылады.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе дегеніміз ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объекте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардың алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процеспен байланысты. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функционалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі басқаруда жаңа әдістерді қажет етеді: бірінші кезекте тиімділіктің экономикалық және нарықтық критериялары, икемділікке деген талаптарда жоғарлауда. Ғылыми-техникалық прогресс және сыртқы ортаның динамикасы кәсіпорындарды күрделі жүйеге айналуға мәжбүрлейді, ал олар басқаруда жаңа әдістерді керек етеді. Осы жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жүйелер бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.
1. К.Нәрібаев, С.Жұмамбаев. Менеджмент Алматы1998ж.
2. Вейл П. Искусство менеджмента Москва 1993г.
3. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық Болашақ 1999ж.
4. Веснин В.Р. Основы менеджмента Мрсква 1996ж.
5. Қ.Р Азаматтық кодексі 75-бап. Алматы 2000ж
6. Герчикова И.Н. Менеджмент Москва1995г.
7. Гвашиани Д.М. Организация и управление Москва 1972г.
8. Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.
9. Речмен Д.Дж. Современный бизнес Москва 1995г.
10. Санталойнен т. Управление по результатам Москва 1993г.
11. Травин В.В. Основы кадрового менеджмента Москва 1995г.
12. Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.
13. Андреев В.Д. Практический аудит Москва1994г.
14. Андросов А.М. Бухгалтерскмй учет Москва 1996г.
15. Палий В.Ф. Палий В.В Финансовый учет Москва 1998г.
16. Баймуханова С.Б.,Балапанова А.Ж. Бухгалтерлік есеп Алматы 2003ж.
17. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит Москва 1994г.
18. Кеулімжаев Қ.К. Қаржылық есеп Алматы 2001ж.
19. Шишкин А.К. Учет, анализ, аудит на предприятии Москва 1996г.
20. Хорнгрен Ч.Т. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Москва 2000г.
21. Подольский В.И. Аудит Москва 1997г.
22. Павлова Л.Н. Финансовый менеджмент Москва 1995г.
23. Благодатских В.А. Экономика, разработка и использование программного обеспечения. Москва 1995г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...5
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорын басқару объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .11
2.
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17
2.1
Ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.2
Бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Кәсіпорын шығындарын басқару және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді
басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды
айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды. Менің таңдаған осы
жұмысым қазіргі күні өте керекті, өйткені жақсы ақпараттық жүйе жетістіктер
мен бәсекеге қабілеттіліктің кепілі ғана емес күшті бәсекелестік жағдайында
аман қалу құралы болып табылады.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын
қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға,
өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді
шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат
қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа
ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе дегеніміз ол басқарушылық қызметтегі
жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол
ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық
функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объекте қабылданған
басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардың
алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға
керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық
қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы
ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара
байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-
есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге
асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз ол ақпараттың
кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процеспен байланысты. Ол
басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай,
сонымен қатар кейбір жеке функционалды жұмыстарына, мысалы болжау және
бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі басқаруда жаңа әдістерді қажет
етеді: бірінші кезекте тиімділіктің экономикалық және нарықтық
критериялары, икемділікке деген талаптарда жоғарлауда. Ғылыми-техникалық
прогресс және сыртқы ортаның динамикасы кәсіпорындарды күрделі жүйеге
айналуға мәжбүрлейді, ал олар басқаруда жаңа әдістерді керек етеді. Осы
жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, сату мен сатып
алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйесі
негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жүйелер бизнестің негізгі
мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру,
өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз
бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық жүйені
тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді қарастыру.
Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
1) кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
2) Unity ERP жүйесінің жұмыс істеуін қарастыру;
3) қаржылық есеп берулер мен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын
талдау;
4) HEBS Report программасына кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық
есеп берулерді автоматтандыру.

1. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері
Басқарудың мәнін, оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай
ашу мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі
табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы
басқару (әлеуметтік басқару).
Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:
1) басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
2) басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.
Адамзат қоғамына тән басқару процестері мүлдем әр түрлі. Шартты түрде
саяси басқару, мемлекетті басқару және экономиканы немесе оның құрамдас
бөліктерін басқару деп бөлуге болады.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын
болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда
зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі
корпорацияларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша
айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін
анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.
Еңбек процесін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың
арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе
байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын
үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік
өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған.
Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы
қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының біртұтас
жүйесі пайда болды.
Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі
қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен
кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық
бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін,
ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспектілерді
ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процесінде адамдардың бірлескен
әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар
жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және
т.с.с. зерттейді.
Басқару адам қызметінің ерекше, өзгеше саласын құрғанмен, өз алдына
мүлдем дербес процесс ретінде қарауға болмайды. Ол басқарудың түр
ерекшеліктерін анықтайтын әлдеқайда кең жүйе құрамына кіреді.
Басқару формаларының түр ерекшеліктері басқару объектісіне байланысты.
Бұл оның барлық түрлеріне қатысты жалпы басқару принциптері, заңдылықтары
болмайды деген сөз емес. Өзімізге белгілі бұл басқарудың ортақ
заңдылықтарын, универсалды мәніне сүйене отырып, сапалық түрғыдан өзгеше
кез-келген жүйеде қолданылатын принциптерін кибернетика қарастырады.
Кәсіпорынды басқаруға, оның өзгешелігіне қарамастан, жалпы басқарудың
нысандары тән. Олар мейлі табиғатта, тірі организмдерде немесе қоғамда
болсын, басқару процестерінің бәрінен көрінеді. Бұл жалпы нышандарға:
жүйелік, анықтаулық, басқарушы параметр, кері-байланыс, бағытталғандық және
т.с.с. тән.
Жалпы нышандардан басқа кәсіпорынды басқаруға, әлеуметтік басқару
түрлерінің кейбір белгілері тән. Праксеология, ұйымдастыру теориясы және
тағы сол сияқты ғылымдардың тұжырымдары да кәсіпорынды басқару процестерін
ғылыми танып-білуге пайдалы.
Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше
нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін
асыра сілтеу дұрыс емес, әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады.
Кәсіпорынды басқарудың мәнін анықтай отырып, онда кез-келген басқа
жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын
естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін
толығырақ сипаттайды. Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің
жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және
т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның
өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан. Сөйтіп, басқарудың мәнін оның
жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін
зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға
болады. Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару
мақсаттарды, принциптерді басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды.
Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару
техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар:
жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен
процестері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік
ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-
техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп
отыру қажет. Басқару процесінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен
аспектілері оған қатысушылармен біртұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық
элементтердің біртұтас бірігуі процестерін зерттеу, басқаруды біртұтас,
кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды
зерттеу тақырыбы болып табылады. Басқару теориясында логикалық әдіс
қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін
қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған
орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық
әдістердің алатын орны ерекше.Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара
қатынасты қамтиды.

1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде
Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған
дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект);
өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен өнім өндіру,
жұмысты орындау, қызметтерді көрсету үшін құрылады және өндіріс құрал-
жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға
құқықтарына ие болады, шаруашылық есеп принципінде әрекет етеді және өзінің
құрлымында басқа заңды тұлға болмайды.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін,
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы
иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп
саналып, заңды тұлға құқығына ие болады. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру
туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және
басқа құжаттарды ұсынады. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның
келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық
жүргізуші субъектілер, сондай – ақ филиалдар, бөлімшелер, банкте шот ашу
құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган
арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде
шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік
нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас
меншіктегі, сондай – ақ қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында
құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген
серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық
кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс
істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық
бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, биржалар,
коммерциялық банктер құрудың тиімділігі пайда болды.
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар
құрылтайшылардың мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың
нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік,
сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел
экономикасына шетел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек
пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді,
еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін
алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның
жарғылық қоры серіктестіктердің салымы есебінен құралып, шаруашылық
қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым
немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның
бас директоры құрылтайшы мемлекетінің азаматы, не шетел азаматы болуы
мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы
төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшідігі кәсіподақпен
ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Еншілес кәсіпорын – заңды құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не
жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын.
Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік
кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жалгерлік кәсіпорын
тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге
жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін процент немесе тұрақты сома
түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар төленгеннен кейін шаруашылық
қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді.
Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шетел азаматы немесе
азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен
айырмашылығы мұнда заңды тұлға белгілері болатындығында. Оны меншік иесі
басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше
кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді
тағайындауы, оны өзара шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра
отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны
басқару органдарының өкілеттіліктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы.
Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі
қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп
пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі.
Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды өтеуін төлеп алған
жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда
құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік
қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның
мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның
ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің өсіміне
қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган
арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып, айқындалатын
мөлшерде процент есептеліп, төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда
бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін
қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі төленеді.
Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік инвестициялардан
құралған кәсіпорын. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық
айналымы белгілі-бір мөлшерлік критериймен шектелетін жаңадан құрылған
немесе бұлыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен
құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға,
басқа өндірістік салаларды 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін
жететін кәсіпорындар жатады.
Ірі кәсіпорын – не сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін
өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен,
өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп
саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – бір немесе бірнеше адам
құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттармен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел
етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны жүзден
аспауға тиіс. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың
саны жүзден асып кеткен жағдайда, ол бір жыл ішінде бөлінуге, не бөліп
шығарылуға, не өзге де шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе
өндірістік кооператив болып қайта құрылуға, ал бұл мерзім өткен соң, егер
қатысушылар саны жүзге дейін азайтылмаса, серіктестікті мемлекеттік
тіркеуде жүзеге асырған органның немесе өзге мүдделі адамның өтініші
бойынша сот тәртібімен таратылуға жатады.
Акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды түлға. Акционерлік қоғамның
акционерлері өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне
байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қатысушылары өздеріне тиесілі
акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік
қоғам болып табылады.Акциялары оның құрылтайшылары және алдын-ала
белгілінген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабык
акционерлік қоғам болып табылады.Жабык акционерлік қоғамның өз акцияларын
сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа қатысушыларына, ал олар бас
тартқан жағдайда – қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті.
1.3 Кәсіпорынды басқару функцияларын жоспарлау
Американдық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты
функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі
келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және
қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай
ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді
ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады. Жоғарыда аталған
этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста болса, соғұрлым
басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі-бір уақыт кезеңінде
болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік
беретін құрал болып табылады 8,95-бет.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер: сыртқы қоршаған
ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ
стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және
оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері
жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және
оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және
ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті
алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар
қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды
қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасында дұрыс бөледі. Белгілі
өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас
білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы
теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып,
әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты.
Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі
болып табылады 10,114-бет.
Жоспарлау мәні – кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды
пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі
шешімдер қабылданады:
1) ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
2) қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі
жағдайларды жеңіп шығатын ұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
3) бақылау жүргізу үшін оперативті қызметтердің стандарттарын
қалыптастыру;
4) өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының
әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ
іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына
мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету,
тауарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек
өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті
ырғақпен бір қалыпта жүргізу.
Фирманың басты мақсаты – белгілі-бір пайда көлемін табу – ұйым
қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген
жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады.
Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін. Ағаштың түбі
болып кәсіпорынның басты стратегиялық концепциялары табылады. Олар ретті
түрде бұтақ бойынша таратылып, басқарудың әр төменгі звеносы үшін нақты
және жеке мақсаттарды анықтайды. Мысалы, егер рыноктағы жағдайды нығайта
түсу стратегиялық мақсат болса, онда мақсаттар ағашының ең ұсақ бұтағы
ретінде фирманың құралдарымен жабдықтау бойынша бөлім құру болып табылады.
Осыған сай әр басқарушы өзінің нақты мақсаттарын анықтайды. Мақсаттар
қалыптасқаннан кейін, қойылған тапсырмаларды қай шамада орындағаны арқылы
басқарушы жұмысын бағалау үшін жағдай жасалынады . Жаңадан қойылған
мақсаттар ұйым қызметін, оның құрлымын қайта құруды көп ретте талап етеді.
Қойылған мақсаттар нақтылы және өлшенуге көнуге тиіс. Бұл тапсырмаларды
оптимизациялау критерийлерін жасауды жеңілдетіп, жүйе қызметінің
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Пайданы максимизациялау немесе
өндіріс шығындарын минимизациялау сияқты мақсаттарды толық өлшеуге болады.
Ал тұрақтылықты сақтау, жаңа өнім түрлерін шығару арқылы рынокқа ену сияқты
тапсырмалармен бұл жұмыс күрделене түседі. Орнатылған мақсаттардың
жеткіліксіз өлшенуі мақсаттарды орындауды қамтамасыз ету үшін барлық
жүйелердің өзара үйлесімділігін күрделендіреді.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
1) негізгі жалпы экономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және
оның бәсекелестерінің нарыққа тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі
сатулар мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
2) ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта
қызмет көрсету мен өндірістің оптималды құрылымын анықтау керек;
3) қолда бар ресурстарды жедел есептеп және оларды икемді, шебер
пайдалану қажет;
4) жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз
уақытында жоспарды түзетіп отыру керек.
Жоспарлау – тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс,
өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен
альтернативаны белгілеуде орасан қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты
экономикада коньюктура ұдайы құбылып тұрғандықтан жоспарларды түзету, оны
дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар жүйесінің құрылу
процесі, барлық жоспарлар жиынтығының үйлесуі басқарылатын объектің ортақ
мақсатқа талпынуына тікелей байланысты. Бұл жерде жоспарлауда қолданылатын
сапалы және сандық көрсеткіштер жүйесінің маңызы өте зор. Ұзақ мерзімді
және орта мерзімді жоспарлардың көрсеткіштері қысқа мерзімді жоспарлар мен
бюджет көрсеткіштерімен бірдей болуы керек. Алайда соңғы көрсеткіштер егжей-
тегжейлі тәптіштелінеді. Жоспарлардың дұрыс үйлесуін қамтамасыз етуі үшін
түрлі жоспарларды құру процестерінде қатысушы басқарушылар өзара тәуелді
жұмыстарды атқару тиіс. Осы жұмыстар үйлесуіне сай әр басқарушының іс-
әрекет бағыты, оның табысы, жоспардың орындалуының әрменгі жұмысының сапасы
білінеді. Ортадықтандырылған басқару ұйымдарында ұзақ мерзімді, орта
мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар ылғи да өзгермейтін адамдар тобымен
жасалады, сондықтан бұл жоспарлар оңай бірігеді. Ал көптеген кәсіпорындарда
орталықсыздандырылған басқару тән, мұндай жағдайда жоспарлар түрін
біріктіру өте күрделі жұмыс болып табылады. Ұйым жоспарларының өзара
байланысы. Ұйымның стратегиясын қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға жету
үшін қажетті іс- әрекеттердің жалпы жоспары ретінде анықтауға болады; ал
мақсаттар – болашақ іс белсенділігінің қалаулы түпкі нәтижелері деп
анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қоршаған жағдайды және күтпеген жағдайды
есепке ала отыпып, кәсіпорын қызметінің болашақ перспективаларын зерттеу
нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің ықтимал бағыттар диапазоны
қарастырылып немесеәрі қарай тәптіштеп зерттеу үшін бірнеше вариантын
белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізгі баптарын қойыоған
мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сүйеніп орнатады. Қандай өнім
шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды, кәсіпорын ресурстарын
және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы өзінің іс-әрекетінің
бағытын қалыптастырады. Ортақ немесе негізгі мақсаттар келесі түрде
орнатылады. Жоғарғы басшылар әр бөлімше үшін бірнеше жылдық кезеңге алғы
бастағы жалпы және таза табыс шамасының түрлі варианттарын ұсынады. Әр
бөлімше әбден талқылағаннан кейін өздерінің ой-тұжырымдарының білдіреді,
одан кейін оны штаб қызметкерлері мен тікелей басшылар алдын-ала дәйекті
талқылайды. Сөйтіп, жалпы стратегияны жобалауға негіз салынады. Бекітілген
мақсаттар кәсіпорын не оның болімшелері үшін өзгергенге дейін өз күшін
сақтайды. Стратегиялық жоспарды құру кезінде көптеп қабылданған шешімдер
ішінде кәсіпорынның жалпы, басты мақсаттарын белгілеу маңызды орын алады.
Қалған шешімдердің маңыздылығы төмендеу, олар ортақ мақсаттарды тиімді
орындау үшін арналған.
Ұзақ мерзімді жоспарларға тән мына ерекшеліктерді атап өтуге болады:
1) жоспарлар әдетте іс-әрекеттің тек бір стратегиясын қамтып көрсетеді;
2) қоршаған ортада қолайлы мүмкіндіктер немесе қатерді талдағанда
кәсіпорынның барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады;
3) жоспарлар әдетте алғы шарт пен болжауларды қамтиды, бірақ олар
тәптіштеліп жасалынбайды. Көптеген жағдайларда тәуекелділік дәл
анықталмайды, алайда есептеуіш техникалардың дамуы және қолдануы
жақсарған сайын тәуекелділікті талдау мен ықтималдылықты бағалау жиі
ескерілетін болды;
4) жоспарлар кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерін белгілейтін
нақты мақсаттарға негізделеді. Мақсаттар қаржы көрсеткіштері арқылы
тұжырымдалады;
5) ұзақ мерзімді жоспарда қаржы жағына көп назар аударылады.
Жоспарланатын бүкіл іс-әрекет қаржылық сипаттамалармен бейнеленіп,
тиісті құжаттарда қамтып көрсетіледі.
Бүкіл кәсіпорынның стратегиялық жұмыстарын белгілеу жұмысты аяқталған
соң, мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін олар, көрсеткіштер жинағы түрінде
беріледі. Бұл өндірістік кәсіпорындардың басқару жүйесінде қолданылатын
іріктелген стандартты көрсеткіштер. Орта мерзімді жоспарларда көрсеткіштер
нақтылау түрде беріледі. Мұнда, ұзақ мерзімді жоспарлардан туған
мақсаттарға жету үшін құрал таңдалынады және ресурстар тиімді қолдануы
ескеріледі. Орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау үшін бастапқы деректер
ретінде өнімге күтілетін сұраныс, өнімнің техникалық сипаттамасы, бюджеттік
шектеулер және ойда жоқ, күтпеген өзгерістер мүмкіндігі туралы мәліметтер
пайдаланылады. Орта мерзімді жоспарларды жобалау процесінде қабылданатын
шешімдер стратегиялық шешімдерге бағынышты болады және де жуық болашаққа
бейімделінеді. Қысқа мерзімді жоспарлау ішкі нақтылы мәселелерді шешеді,
тікелей өндіріс сферасындағы жедел іс-қимылдарды белгілейді және
ресурстарды үлестірумен айналысады. Қысқа мерзімді жоспарлаудағы
шешімдердің мақсаты - өндірістің календарлық бағдарламаларын жасау және
өндірістің орындалуын бақылау, тауарлы – материалды запастарды басқару,
тұтынушыларға ұсынылған несиені кең тарату. Қысқа мерзімді жоспарлау әдетте
жуықтағы бірнеше аптаны қамтиды, ал оперативті – күнделікті кәсіпорын
жұмысын анықтайды. Іс-қимылды тәптіштеп реттеу, жұмыстың бастау мен аяқтау
мерзімін, жаңа заказ болған жағдайда жұмыс орынндалу ретін өзгерту, пайда
болған дауларды шешу т.б қысқа мерзімді жоспарлаудың функциялары болып
танылады. Даулар сәтті шешілсе шығарылатын өнім көлемінің үнемділігі,
ресурстардың шектілігі, орнатылған мерзімдер, жұмыс күшіне сұраным,
өндірістік қуаттарды қолдану арасында келісімге келуге болады. Сонымен,
тиімді жоспарлау жүйесін құрудың қажетті шарттарының бірі болып ұзақ, орта
және қысқа мерзімді жоспарлардың өзара үйлесімдігі танылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Әкімшілік менеджменттің теориялық негіздері
Айша тігін фабрикасын басқарудың экономикалық формаларын талдау және бағалау
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру
Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Персоналды басқару және кадрлық саясат
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Пәндер