Індеттік процесс және қозғаушы күштер


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Індет процесі . . . 9

1. 2 Инфекциялық аурулардың білінуі және өтуі . . . 11

1. 3 Індет ошағы туралы түсінік . . . 12

1. 4Індет ошағын жою шаралары . . . 14

1. 5Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары . . . 16

1. 6Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы . . . 18

1. 7Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар . . . 20

1. 8Жұқпалы ауруларға қарсы емдік - дауалық және ветеринариялық- санитарлық шаралар . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 25

3 Техника қауіпсіздігі . . . 30

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Індеттік процесс және қозғаушы күштер» тақырыбына жазылған курстық жұмыс аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу әдістері, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыс 34 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Індет ошағы деп - індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік аталады.

Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша іңдет ошағына күзет посты қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.

Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсендеуі қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай коймайтын жұкпальг аурулар кезіңде /мысалы, сарып сакау/ қолданады.

Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік

Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.

Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.

Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,

темпераментін анықтау.

Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан

және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.

Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни

қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.

Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы

мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.

Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра

құрылымдарының ыдырауы.

Энцефаломиелит - ми-жұлын қабынуы.

Иммунитет - организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан, қорғану қабілеті.

Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы.

Парез - жартылай сал.

Пастеризация - ысытып зарарсыздандыру.

Ревакцинация - қайталап вакцина егу.

Сал - орталық және шеткі нерв жүйесінің зақымдануына байланысты мүлде қозғала алмай қалу.

Сенсибилизация - организмнің бөгде заттарға деген сезімін арттыру.

Қысқартулар мен белгілер

нм - нанометр

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

ДПР - диффузды преципитация (шөгеру) реакциясы

ИФТ - иммуноферментті талдау

°C - градус

% - пайыз

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 7
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. )

Індет процесі - індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан да анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.

Жұқпалы ауруларға қатысты құбылыстарды үш түрлі деңгейде қарастыруға болады. Оларды микросистема, мезосистема, макросистема, яғни тиісінше мөлтек жүйе, орташа жүйе жәнее үлкен жүйе деп атайды. Мөлтек (шағын) жүйе бұл құбылыстарды молекула, клетка деңгейінде қарастырса, роташа жүйе ұлпа, мүше, организм деңгейінде зерттейді. Ал үл кен және жүйе бұл мәселелерді популяция, биоценоз, биосфера деңгейінде қарастыруға талдайды. Инфекциялық процесс пен иммунитет алғашқы екі жүйе деңгейінде, ал індет процесі соңғы үшінші жүйе деңгейінде қарастырылады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - індеттік процесс және қозғаушы күштерді зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1 Індет процесі

Індет процесі - індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан да анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.

Жұқпалы ауруларға қатысты құбылыстарды үш түрлі деңгейде қарастыруға болады. Оларды микросистема, мезосистема, макросистема, яғни тиісінше мөлтек жүйе, орташа жүйе жәнее үлкен жүйе деп атайды. Мөлтек (шағын) жүйе бұл құбылыстарды молекула, клетка деңгейінде қарастырса, роташа жүйе ұлпа, мүше, организм деңгейінде зерттейді. Ал үл кен және жүйе бұл мәселелерді популяция, биоценоз, биосфера деңгейінде қарастыруға талдайды. Инфекциялық процесс пен иммунитет алғашқы екі жүйе деңгейінде, ал індет процесі соңғы үшінші жүйе деңгейінде қарастырылады.

Індет процесіне қазіргі көзқарас бойынша оны екі бір-біріне жат, тіпті қарама-қарсы, жүйенің, бір жағынан микробтар тобының, екінші жағынан жануарлар тобының өзара әсерінен туындайтын құбылыс ретінде қарастырылады. Сонымен індет пргоцесі кезінде ауру қоздырушы микроб бір жануардың организіміне енуімен шектелмей, басқа жануарларға кезекпе-кезек ауысып, малға жұғады.

Індет процесіндегі мақсат - ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады, індет басылып екінші рет қайталағанша осы аралықта микроб қайда және қалай сақталады, індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар әсер етеді және т. б. анықтау болып табылады.

Организмнің сыртқы ортамен өзара қатынасы арқасында (зиянды факторлармен қатынаста) пайда болған иммунобиологиялық қасиет иммунитет, невосприимчивость - қарсылық көрсету), кей кезде, қарсылық көрсету емес, ал керісінше оның сезімділігін, күшейтіп немесе өзгертіп жіберетін жағдайлар болады.

Індет процесі (эпизоотический процесс) дегеніміз осы аталған үш құрама бөліктің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс. Бұл аурудың үздіксіз, жануарларға бірінен біріне жұғуы, қоздырушының ауру малдан сау малға беріледі. індет процессін індеттену деп, ал індет өте кең жедел тарағанда лаңдану деп атайды.

Жоғарыда келтірілген үш фактор індет процесінің негізгі құрамы, негізгі немесе бастапқы қозғаушы күштері, немесе індет бағалауының негізгі буындары деп аталады. Олардан басқа қосалқы немесе қосымша қозғаушы күштері бар. Оларға табиғи географиялық және әлеуметтік-экономикалық шаруашылық факторлары жатады. Негізгі қозғаушы күштердің бірі болмаса, жалпы індет процесі де болмайды, қосымша қозғаушы күштері негізгі қозғаушы күштері арқылы індет процесінің барысына әсер етеді.

Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі. Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауыктыру шаралары белгіленеді.

Карантин және шектеу. Індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.

Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша іңдет ошағына күзет посты қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.

Кейбір аса қауіпті індет кезінде баска елді мекендермен барлық қатынас токтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.

Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыкқан кезде койылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте -аусыл топалаң, бруцеллез, сиырда - оба, мәлік, қарасан, жылқыда - маңка, мандам, жұқпалы анемия, делбе, койда - шешек, ешкіде - кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар әрібір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.

Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге, немесе араластыруға

тиым салынады. Кей жағдайда мал өнімдері мен дайындау, жем-шөпті әкету токтатыльш, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады. Сиыр обасы, аусыл сиякты аса қауіпті аурулар кезівде барлық басқа шаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді. Кей аурулар /аусыл, топалаң/ кезінде карантиңцелген ің ошағының манайында кауіп төнген аймақ /зона/ белгіленеді. Бұл аймакта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектв қойылып, ветеринарлық бакылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.

Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсендеуі қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай коймайтын жұкпальг аурулар кезіңде /мысалы, сарып, сакау/ қолданады.

Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады. Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінін және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзактығына байланысты. Жасырын және микроб алып жүру кезендері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шекти кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін тағы да белгілі мерзімге шектеу калдырылады. Мысалы, аусылдан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сакталады.

Карантин мен шекгеуді алар алдында мал қораларын корытынды дезинфекция мен санитарлық жөндеу жүргізіледі. Сонымен кабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.

Катер төнген аймакка індет ошағын коршаған аймак жатады. Оның ауданы табиғи-географиялык, экономикалық жағдайларға, қатынас жолдарының орналасуына және олардағы козғалыстың деңгейіне, т. б. байланысты аныкталады. Қатер төнген аймакта жүргізілетін шаралар негізінде шектеу шараларымен такылеттес болады. Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде /аусыл, оба бұл шаралардын талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді.

Карантин мен шектеу індет буындарьшың ішіңде аур) коздырушысыньщ берілу тетігіне әсер етеді. Ауру коздырушысының берілу тетігіне қарсы бағытталған шараларға сонымен бірге дезинфекция, дезинсекция, дератизация, калдыктарды /өлексені, көңді, т. б. / зарарсыздандыру жатады.

1. 2 Инфекциялық аурулардың білінуі және өтуі

Ауру тудыратын микробтар малдың денесінде тез көбейеді де және көбейю кезінде өзінің керек емес өнімдерін бөледі. Оны токсин (улы зат) Дейді. Бөліну процессі қанга, клеткаға мүшеге (органга) бөледі. Микроб кірген жерге токсин бөледі уландырады немесе бүкіл организмді уландырады.

Инфекциялық ауру ерекше белгілермен (типично) өтеді, бұл оның
жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы болып есептеледі.

Инфекциялық ауру малда болсын, не адамда болсын, микроб денеге түскен кезде ауру белгісі бірден білінбейді ол жайлап, біртіндеп біліне
бастайды. Сау малдың организмі микробпен күресіп, өзінің қорганыш
механизмдерін жұмылдырады. Осы периодты микробпен қорғаныс механизмдерін күресуге кеткен уақыты инкубаниялык (немес жасырын) период дейді. Сондықтан аурдың бірінші белгісі пайда болу үшін, бірнеше сагат, күн, ай өтуі мүмкін, содан соң ғана дененің температурасының көтерілуі, аппетиттің жоғалуы, көңіл күйдің нашарлауы т. б. біліне бастайды.

Жұқпалы ауруларда оның симптомы немесе оның клиникалық белгісі өте еркше білінетіні сондай, ол ауруларды бір - бірінен ажыратуға болды.

Аурудың өтуі әр түрлі. Ауру мал микробпеы күресіп жеңіл жазылып кетуі

де мүмкін не болмаса өліп кетуіде мүмкін. Инфекциялық аурларды өтуі (аурудың) белгісі мен ауру тудыру процессіне қарай сиппатталады:

1) . Тез жіті (сверх острый) ауру 1 - 2 күн болып клиникалық белгісі білінбей өліп кетеді. (күидіргі, құс чуммасы) .

2) Жіті - аурудын бүл түрінде, процесс тез өтіп, клиникалық белгілер айқын білінеді. Жоғарғы температура бір екі күнге созылады (жылқы күйдіргісі, шошқа чумасы, ірі қараның ауызсыл (ящур) .

3) Жітіден төмен-ауру ұзак уақытка (2-3 апта) созылып ауру белгісі онша білінбей өтеді инфекциялық анемия (жылқыда), шошқа пастереллезі т. б. ) .

Ауру қоздырғыш микробтың күші (вирулентності) төмен немесе малдың организмі күшті, микробтың күшіне қарсы тұру қаблеті жоғары болса, ауру белгілері анау - айтқан біліне бермей ұзақ уақытқа (бірнеше айға, не жылға) созылса созылмалы (хроникалық) ауру деп айтады. Бұл ауру өте қауіпті ауру өйткені ол микробты таратуға (себуге) себепші болды. Аурудың жасырын таратушы көзі болып есептеледі. Инфекциялық аурулар сыртқы орта жағдайына байланысты тез тарап кетуі мүмкін осыған байланысты, олар мына төмендегідей болып бөлінеді. Жекелеген ауру таратудың түрін спородиалық дейді. Бұл түрде бір, екі мал ауырады.

Көп мал ауырып, бірақ ауру шектелген территорияда таралса (бірнеше шаруашылық, елді мекенді қамтыса - эпизотиялық дейді. Ал ауру аудандарга, облысқа, республикаға тараса мал басының үлкен санын ауыртса - эпизотиялық дейді. Егер де ауру бүкіл елді немесе бірнеше мемлекетті қамтыса -панзоотиялық дейді.

Барлық инфекциялық аурулардың ортақ қасиетті - оларда инкубациялық (жасырын) периодтың болуы, ауру жұққаннан аурудың белгісінің біліну уақыты. Оның ұзақтығы, әр ауруда әр түрлі, ол малдың резиктеностына, қоздырғыштың вирулентностына байланысты. Инкубациондық периодтың ұзақтығына, микробтьщ дене ену жолына да байланысты. Мәселен, бешенство (құтыру) да, орталык жүйке жүйесінің қанша алыс болса, сонша оның продромальный период (аурудың алғашқы белгісі), ол ерекше емес ауру белгілері пайда болмен сипатталады. Бұл период тез, ерекше айқын, ауру белгісімен әр аурудың өзіне тән клиникалық белгісімен келесі стадияға (кезеңге) етеді.

Аурудың пайда болуы уақыты жэне оның белгісінің сипаттамасы жоғарыда айтылды. Ол жіті, жітіден төмен, созылмалы болып бөлінеді. Әдетте, ауру малдың температурасы көтеріледі, ол 40-41 градусқа дейін, кейде 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Аурудың ауыр түрінде мал көңіл күйсіз аппетит нашар, тіптен жоқ,
жүні үрпиген, жылтырауы жоғалган, тері кұрғақ, көздері жартылай
жабылган, қабығы ісіп кеткен, көзден жас ағады, ірің ағады. Мал жиі-жиі демалады, немесе әрең демалады, кейде мал тынышсызданады, мөңірейді. кісінейді, үреді, қарқылдайды.

Ал біракта жоғарда айтылған ауру белгілерімен, малдың жұқпалы ауру мен ауырғанына күдік жасау керек, егерде дәл осындай белгімен бірнеше бас мал ауырса онда ол инфекциялык ауру болуы әбзәл.

Мал дәрігері, ауру малды тез бөліп алып оны тексеру кажет, хабарлау керек, керек болса лабараторияға материал жіберу қажет, сөйтіп ауруды анықтап алу, ал отарға, табунға, ферма бакылау қою қажет.

1. 3 Індет ошағы туралы түсінік

Індет ошағы деп - індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қауіпі сақталған аймақ.

Ошақ - қазақ тіліндегі байырғы сөз . оның мағынасы от жағатын орын. Бұл ұғым халықтың індетті тілсіз жау - отпен салыстыруынан туған. Орыс тілінде індет ошағы эпизоотологический очаг деп аталады. Ошақ сөзінің іс жүзінде еш бір өзгеріссіз орыс тіліне ауысуы алтын орда дәуірінде болса керек.

«Індет ошағы» ұғымын инфекция ошағы ұғымымен шатастырмау керек. Індет ошғы аймаққа тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады. Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке шалдыққан дене мүшесі немесе ұлпаны айтамыз. Індетті ошағының әрекентті және әрекетсіз түрлері болуы мүмкін

әрекетті індет ошағында аурудың бұдан әрі таралу қауіпі сақталады деп есептелінеді. Іс жүзінде кез-келген індет ошағын әрекетті деп санаған жөн.

Індет ошағын жою - жұқпалы аурулармен күоресудің басты мақсаты мен негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция қоздырушысының бастауын құрту және сыртиық орта объектілерін түбейгейлі зарарсыздандыру. Бірақ кей жағдайда зардапты микроб қалай да болмасын, сыртқы ортада сақталып қалады.

Індет ошағының түрлері. Індет ошақтары жаңа өше бастаған тұрақты және табиғи болып бөлінеді. Індет ошағы жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан жануарлардың саны әлі де өсіп келе жатса, ол жаңа болып есептеледі. Мұндай ошақтан аурудың одан әрі қарай кету қауіпі жоғары болады.

Өше бастаған ошақта жүргізілген індетке қарсы шаралардың нәтижесінде немесе ауру әбден жұғып болады, аурудан малдардың сауығуына байланысты індет бәсендей береді. Қоздырушының белсеңді бастауларына азаюына байланысты аурудың одан әрі таралу қауіпі де төмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Жұқпалы атрофиялық ринит ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Ауруға бейім жануарлар
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Ботулизм жайлы
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Індеттік процестің даму заңдылықтары және сатылығы
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz