Жылқының жұқпалы анемиясы


Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған "Жылқының жұқпалы анемиясы" тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды2 пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 сурет, 2 сызба қамтылды.
Анықтамалар
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мыслы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе . . . … . . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Жылқының жұқпалы анемия ауруы . . . 10
1. 2Клиникалық белгілері . . . 10
1. 3 Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . . . 11
1. 4Ауруды анықтау . . . 12
1. 5Аурудан арылу және одан сақтану шаралары . . . 12
1. 6 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері . . . 13
1. 7 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы . . . 14
1. 8 Инфекциялық аурулардың жіктелуі . . . 16
1. 9 Індет ошағын жою шаралары . . . 20
2 Өзіндік зерттеу . . . 24
3 Техника қауіпсіздігі . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Белгілер мен қысқартулар
м 2 -шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2013ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2013ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.
Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.
Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға болады.
Індетті анемиямен жылқы, қашыр, есек және түйе ауырады. Оған шошқа да шалдығуы мүмкін, бірақ бұл түлікте осы ауруға тән белгілер білінбейді, кейін ол шошқа вирус тасушы күйінде қалады.
Вирус мал денесінен әсіресе аурудың жіті түрінде нәжіспен, несеппен бірге сыртқа шығып отырады. Індет ауру мал, өлексе, сондай-ақ ауру қоздырғышы түскен жайылым, суат, ат әбзелі, күтім кұралдары арқылы таралады. Малға ауру азық пен су арқылы, ауру мал мен сау малдың тікелей жанасуынан, денесін вирус жайлаған қан сорғыш насекомдар арқылы жұғады.
Жасырын кезеңі 10-30 күн, кейде 87-90 күн. Инфекциялық анемияның клиникалық белгілері аурудың барысына қарай түрліше болады.
Індетті анемияның барысы көбіне малдың ауруға төтеп беру қабілетіне байланысты. Ал малдың бұл қасиетіне азығы мен күтімі, сондай-ақ жұмысқа жегілу тәртібі әсер етеді. Олар неғұрлым нашар, организмі неғұрлым әлсіз болса, ауру соғұрлым жіті өтеді, індет жылқы арасында тез тарайды. Әдетте инфекциялық анемия өте жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтеді.
Індетті анемияны анықтағанда оның жаз аяғында, күз басында жіті энзоотия ретінде пайда болатынын ескереді. Ауру белгілеріне қарай анықталады, бірақ қан зерттеу нәтижелерімен толықтырылады. Инфекциялық анемия кезінде эритроцит шөгу реакциясы (РОЭ) өте шапшаңдаған. Аурудың жіті түрінде РОЭ бір сағат ішінде эритроседиометрдің 70-75 бөлігіне, созылмалы түрінде 50 бөлікке теңеледі, тіпті одан да төмендейді. Жіті анемия кезінде эритроцит саны 1, 5-2 миллионнан, созылмалы анемия кезінде 4 миллионнан аспайды, тіпті одан да азайып кетеді. Аурудың жіті түрінде гемоглобин 15-20 процентке, созылмалы түрінде - 30 процентке дейін азаяды, кейде одан да төмендейді. Лейкоцит саны көп азаймайды, бірақ аурудың созылмалы түрінде лимфоцитоз (50-70 процент) болуы ықтимал. Қандағы өзгерістер әсіресе қайталау кезінің аяқ шенінде айқын байқалады [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының жұқпалы анемиясы ауруын зерттеу.
1Негізгі бөлім
1. 1Жылқының жұқпалы анемия ауруы
Қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол көңде 30 күнге, несепте 75 күнге дейін тіршілік етеді, 60 градустық ыстық ерітіндіде екі сағаттың ішінде, қайнатқанда сол бойда қырылып қалады. Қызуы 25-28 градустағы күн сәулесі вирустың уытын 1-3 сағат ішінде жояды.
1-сурет. Жұқпалы анемияның жіті түрінде іштің ісінуі
Ауруға бейімділік. Індетті анемиямен жылқы, қашыр, есек және түйе ауырады. Оған шошқа да шалдығуы мүмкін, бірақ бұл түлікте осы ауруға тән белгілер білінбейді, кейін ол шошқа вирус тасушы күйінде қалады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Вирус мал денесінен әсіресе аурудың жіті түрінде нәжіспен, несеппен бірге сыртқа шығып отырады. Індет ауру мал, өлексе, сондай-ақ ауру қоздырғышы түскен жайылым, суат, ат әбзелі, күтім кұралдары арқылы таралады. Малға ауру азық пен су арқылы, ауру мал мен сау малдың тікелей жанасуынан, денесін вирус жайлаған қан сорғыш насекомдар арқылы жұғады [1, 2] .
1. 2 Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 10-30 күн, кейде 87-90 күн. Инфекциялық анемияның клиникалық белгілері аурудың барысына қарай түрліше болады.
Індетті анемияның барысы көбіне малдың ауруға төтеп беру қабілетіне байланысты. Ал малдың бұл қасиетіне азығы мен күтімі, сондай-ақ жұмысқа жегілу тәртібі әсер етеді. Олар неғұрлым нашар, организмі неғұрлым әлсіз болса, ауру соғұрлым жіті өтеді, індет жылқы арасында тез тарайды. Әдетте инфекциялық анемия өте жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтеді. [1, 3] .
Ө т е ж і т і т ү р і. Оған көбіне құлын шалдығады. Кенеттен құлынның дене қызуы көтеріледі де, жүрек соғуы әлсірейді, мең-зең болып, жалпы күйі тым нашарлайды. Мал өледі.
Ж і т і т ү р і. Жылқы тез болдырады. Азыққа тәбеті тартса да барған сайын арықтай береді, дене қызуы әрдайым жоғары болады. Ауыз бен танаудың, көздің ішкі беті бозарып кетеді. Үстіңгі және астыңғы қабақтың түйіскен жері, қызыл иектің тіссіз ернеуі, танау желбіршегі, тілдің асты, кынаптың кілегей қабығы қанталап, олардан қан нүктелері мен қан жолақтары табылады. Жүректің серпіні күшейген, тамыр соғуы жиілеген, көбіне табиғи ырғағынан айрылған. Алқымы мен құрсағының екі жағында, аяқтарында іркілдеген ісік пайда болады. Буаз бие көбінесе іш тастайды. Кейде жеңіл-желпі шаншу тиіп, мал елеурейді. Ол біртіндеп әлсіреп, жетектегенкезде аяқтарын шалыс басып, тәлтіректейді, бөксесін бұлғаңдатады. Ауру 2-3 аптаға созылады, жылқы көбінесе өледі.
Ж і т і л е у т ү р і. Дене қызуы біресе көтеріліп, біресе төмендеп, ауру жиі қайталап отырады. Ауру белгілері жіті түріндегідей, бірақ сәл көмескілеу. Жітілеу анемия екі айға созылады. Одан мал көбінесе өлмейді [5] .
С о з ы л м а л ы т ү р і. Дене қызуы біресе көтеріліп, біресе төмендеп, ауру қайталап отырады. Аурудың қайталауы қысқа мерзім ішінде аяқталады да, мал ұзақ уақыт сау сияқты болып көрінеді (ремиссия) . Ауру белгілеріәсіресе қайталау кезінде айқын білінеді.
Ремиссия кезінде қоңы бұрыңғы қалпына келіп, жылқы жұмысқа жарайтын болады.
Жүрек қызметі бұрынғықалпына келмейді, сондықтан мал денесінде қан бөгеледі де бірден екіжакқа іркілдек ісіктер шығады, бұл әсіресе таңертең мал өрісімен байқалады.
Ж а с ы р ы н т ү р і (белгісі жоқ) . Бірнеше айға тіпті талайжылға созылады, кей кезде ауру қыска мерзімде қайталап отырады [1, 2, 4] .
1. 3 Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер
Ұлпалы (паренхиматоздық) органдар азғынданған, кілегейлі қабықтар бозарған. Органдар мен кілегейлі қабықтар қанталаған, олардан көптеген қан нүктелері мен кан жолақтары табылады.
Аурудың жіті түрінде талақ едәуір ұлғайған және жұмсарған, созылмалы түрінде - сәл ұлғайған, нығыздалып катайған, тілік беткейі түйіршіктенген. Бауырдың азғынданып, дәнекер тканьмен жайлануы әсіресе аурудың созылмалы түрінде айқын белгіленген.
Ауру жылқының қаны әбден сұйылған, шала ұйыған, сөл бездері қанталап қабынған [2, 3] .
1. 4Ауруды анықтау
Індетті анемияны анықтағанда оның жаз аяғында, күз басында жіті энзоотия ретінде пайда болатынын ескереді. Ауру белгілеріне қарай анықталады, бірақ қан зерттеу нәтижелерімен толықтырылады. Инфекциялық анемия кезінде эритроцит шөгу реакциясы (РОЭ) өте шапшаңдаған. Аурудың жіті түрінде РОЭ бір сағат ішінде эритроседиометрдің 70-75 бөлігіне, созылмалы түрінде 50 бөлікке теңеледі, тіпті одан да төмендейді. Жіті анемия кезінде эритроцит саны 1, 5-2 миллионнан, созылмалы анемия кезінде 4 миллионнан аспайды, тіпті одан да азайып кетеді. Аурудың жіті түрінде гемоглобин 15-20 процентке, созылмалы түрінде - 30 процентке дейін азаяды, кейде одан да төмендейді. Лейкоцит саны көп азаймайды, бірақ аурудың созылмалы түрінде лимфоцитоз (50-70 процент) болуы ықтимал. Қандағы өзгерістер әсіресе қайталау кезінің аяқ шенінде айқын байқалады.
Ауруды дәлірек анықтау үшін өлгеннен кейінгі белгілер гистологиялық зерттеу нәтижелерімен толықтырылады.
Ауруды біржолата анықтау үшін оны гемоспоридиоздардан, хирургиялық сепсистен және дене қызуы қайталап отыратын басқа аурулардан ажырата білу керек. Күдік туған жағдайда 5-6 айлық құлындар биологиялық сынамадан өткізіледі.
Емі. Мал денесін ұзақ уақыт вирус мекендеуіне, осыған орай ауру қоздырғышы айналаға тарап кету қаупіне байланысты. Инфекциялық анемияны емдемейді. Мал аурудан өздігінен айықпайды [1, 2, 3] .
1. 5Аурудан арылу және одан сақтану шаралары
Инфекциялық анемия табылған шаруашылыққа карантин жарияланады, ауру шыққан үйірдегі жылқылар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа ауру белгілері айқын білінген жылқы жатқызылады, оларды дереу бөліп алады да, кейін құртып жібереді немесе осы індетке шалдыққан мал топтастырылатын арнайы шаруашылыққа көшіреді.
Екінші топ - ауру белгілері көмескі білінетін, яғни ауру күдігі бар жылқы араларындағы қабырғалары бітеу арнайы бөлмелері (бокстар) бар изоляторға шығарылады, мұнда оларға бақылау онан әрі жүргізіле береді, күн сайын олардың температурасы өлшенеді, осы ауруды анықтау жөніндегі нұсқауға сәйкес әлсін-әлсін малдың қаны зерттеледі.
Анемиямен ауырғаны расталса, ондай жылқы изоляторға ауыстырылады, зерттеуден теріс нәтиже шықса, жылқы ат қорадағы өз орнына қайтарылады.
Үшінші топқа ауру шыққан үйірдегі қалған жылқы, яғии ауру жұғуы ықтимал жылқы жатқызылады.
Олардың әрбіреуін дербес жеке бағып, күн сайын температурасын өлшеп отырады. Бұл жылқыны өзара топтастырады да, ауру шыққан шаруашылықтың территориясындағы оқшау участокта ғана жұмысқа пайдаланады. Ат қора іші күйдіргіш натрдың 2-3%-тік ыстық ерітіндісімен немесе формалиннің 3-5%-тік ерітіндісімен дезинфекцияланады.
Ауру жылқының нәжісін өртеп жібереді немесе мал «қорымына» апарып көміп тастайды. Ауру жұғуы ықтимал деп табылған жылқының нәжісі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
Қан сорғыш насекомдарды өніп-өсуінің түрлі кезеңдерінде жойып жібереді. Аурудан арылған соң үш ай өтісімен соңғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.
Келесі үш ай бойы тежеу шаралары қолданылады: жылқы жұмысқа әдеттегі тәртіппен пайдаланыла береді, бірақ оларды ауру шықпаған басқа шаруашылықтарға беруге болмайды [1, 3, 5]
1. 6 Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері
Зардаптылық /патогенность/ ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. Бұл микробтың тұқымқуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық аукымы бар. Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті /бір ғана мүмкіндікті /, ал жануарлардьщ көптеген түрлерін зақымдайтьш микробты полипотентті /көп мүмкіндікті/деп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де /мұндай ауруларды уникварлық деп те атайды/, аусылдың вирусы - полипотентті болып табылады.
Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылык /вирулентность/ деп аталады. Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык - оның жекелеген штаммдарының дара касиеті. Бұл енді зардаптылыктың фенотиптік көрінісі. Уыттылық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен /DLM - dosis letalis minima / және төменгі жұқтыратын дозамен /DIM - dosis infectiosis minima / өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100 %-ін өлтіретін не ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек аныктау үшінжұқтырылған жануарлардың 50 % өлтіретін /LD 50 /, немесе ауыртатын /ID 50 /шаманы алады.
Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен туыңдайды. Б ұлфакторлар екі топка бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы /токсигендігі/. [3] .
Инвазиялылығы - микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету кабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы, энтеробактериялардың /колибактериоз, сальмонеллез қоздырушылары/ адгезиялылығы олардың өте нәзік жіпшелері - фимбриялары арқылы іске асады.
Организмнің ұлпа торшаларын микробтар бөліп шығаратын уыттылық ферменттері /гиалуронидаза, ДНҚ-аза, РНҚ-аза, коагулаза т. б. / зақымдаса, фагоцитоз бен басқа да қорғаныс реакциясьш тежеуге микробтың капсуласы, кабығындағы VI-, К-антигендері, агрессин типтес бөлінділері қызмет етеді. Микроб иесіне тән бүркеніш мимикрия антигендеріне ие болу арқылы өзіне қарсы бағытталған организмнің иммунитет күштерінің әсерінен аман калады.
Улылығы - микробтың улы заттар түзу касиеті. Б ұлулар экзотоксиндер және эндотоксиндер болып бөлінеді.
Экзотоксиндерді негізінен грам оң бактериялар бөліп шығарады. Химиялық табиғаты жағынан экзотоксиндер - ірі молекулалы жылуға сезімтал акзаттар, олар микроб торшасынан сыртқы ортаға бөлініп шығады. Бактерия экзотоксиндері табиғатта кездесетін ең күштіу. Сіреспенін азотка шаккандағы 2 мг кристалды токсині 75 млн. тышканды өлтіре алады. 1 мг ботулизм токсины 1 000 тонна теңіз тышканын өлтіреді.
Экзотоксиннің организмге әсері өзіне тән болады, өйткені олардың әркайсысы өзіне бейім торшалардың арнайы өзіне тән рецепторларымен жалғасады. Соңдықтан әрбір микробтын экзотоксині аурудын өзіне тән симптом кешенін береді.
Экзотоксиндер жарыктың, жылудың, кышкыл мен сілтінің әсерінен күшін жояды , ал формалиннің әсерінен улылығынан айрылып, токсин немесе анатоксинге айналады. Анатоксин улы болмаса да иммундеуші касиетін сактайды, сондыктан оны вакцина ретінде колданады.
Эндотоксиндер микроб торшасының бөлінбес құрамы больш есептеледі. Ол микроб тірі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді, тек кана микробты ыдыратканда ғана босайды. Негізінен грам теріс бактериялардың құрамында болады, глюцид - липидполипептид кешеніне жатады, жылуға төзімді. Эндотоксиннің организмге әсері өзіне тән емес әлсіздік, демігу, іш өту, ыстык көтерілу сиякты жалпылама өзгерістер туғызады [1, 3, 4] .
Аталған уыттылық факторлары бактерияларға және оларға туыстас микробтарға тән. Ал вирустар болса, олар бейімжануардың торшасында өніп - өсу нәтижесінде патологиялық процестер тудырады. Вирустың репродукциясы торшаны закымдап өлтіреді, не болмаса оның қызметіне нұксан келтіреді. Кейбір вирустардың, мысалы онкогендік, зардабы бірден сезілмейді. Оның нуклеин кышкьшы торшаға енген соң, вирустың геномы мен иесінің геномы қосылуы нәтижесіңце вирогения деп аталатын кұбылыс орын алады.
1. 7 Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы
Инфекция процесі организмге түскен микробтың мөлшері мен уыттылығына ғана емес, генетикалық бейім жануардың әркайсысының төзімділігіне де байланысты. Белгілі бір ауруға бейімділік /орысшасы восприимчивость/ деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасканда оны жұқтырып, содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады. Бұл жерде организмнің физиологиялық жағдайының, мал азығының құнарлылығының, малды бағып-кағу т. б. факторлардың маңызын таңдамай-ақ, ауруға бейімділіктің арнайы тетіктерін карастырып көрейік [1, 3, 5, 6] .
Ауруға бейімділіктің түпкінегізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтьщ белгілі бір үлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының /мысалы, ботулизм токсинының/ сезімтал торшаларды табуы үшінмаңызы аса зор. Макро- және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық қүрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары кажет. Бұларды тану бірлігі /сайт узнавания/ деп атайды. Олар лиганца - рецептор жүйесін құрайды /рецептор -кабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz