Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары


Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен пәнінен «Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары» тақырыбына жазылған курстық жұмыс аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Мазмұны
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 10
1. 1 Бруцеллезі ауруының қоздырғышы . . . 10
1. 2 Бруцеллез ауруын анықтау . . . 12
1. 3 Бруцеллез ауруының эпизоотологиясы . . . 15
1. 4 Бруцеллез ауруының індеттік ерекшеліктері . . . 16
1. 5 Бруцеллез ауруының дерттенуі . . . 17
1. 6 Бруцеллез ауруының өтуі мен симптомдары . . . 18
1. 7 Бруцеллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері . . . 18
1. 8 Бруцеллез ауруын балау . . . 19
1. 9 Бруцеллез ауруының иммунитеті . . . 20
1. 10 Бруцеллез ауруын дауалау және күресу шаралары . . . 21
2 Өзіндік зерттеу . . . 23
3 Техника қауіпсіздігі . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Қысқартулар мен белгілер
мин. - минут
сағ. - сағат
см - сантиметр
мм - миллиметр
нм - нанометр
км - километр
мкм - микрометр
мкл - микролитр
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
л - литр
мл - миллилитр
ҚР - Қазақстан Республикасы
АШМ - Ауылшаруашылық Министрлігі
°C - градус
% - пайыз
ИФТ- иммуно- ферментті талдау
ПТР- полимеразды - тізбекті реакция
ЕПА - ет - пептонды агар
ЕПС - ет - пептонды сорпа
Анықтамалар
Бруцеллез ауруы - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет
Бацилла - спора түзетін бактериялар
Аэробты - оттегі бар жерде өсетін бактериялар
Анаэробты - оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар
Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою
ЕПА - ет - пептонды агар
ЕПС - ет - пептонды сорпа
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Дезинфекция - оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету
Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою
Дератизация - кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жою
Анемия - қан аздық
Интоксикация - денені уландыру
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.
МемСТ 2. 104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МемСТ 2. 301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МемСТ 2. 601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МемСТ 2. 304- 81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МемСТ 2. 701- 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МемСТ 2. 321- 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. )
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Аталған аурудың ең басты қауіптілігі, жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі, буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Қой мен ешкі 3-5 айлығында іш тастайды.
Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт - қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі - іріңді, соңынан іріңді - фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий /жатыр/ түтікшелері қабынады.
Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануардың жыныстық қабілетін нашарлатып, соңы бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін.
Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның
ұзақтығы сиырда 4 - 5 жыл, қойда 2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің
ерекшелігі, ол бастапқы кезеңде стерильді емес, яғни организмде қоздырушы
микроб сақталады, ал соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі басталып, организм қоздырушы микробтан арылады. Иммуңді организмде бруцеллалардың ұзақ сақталуы себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық
тұрғыдан жазылып кетсе де, басқа жануарлар
үшін
қауіпті, инфекция
қоздырушысының бастауы болып табылады. Бруцеллезге қарсы иммунитет клеткалық факторларға негізделген, ал антиденелердің қорғаныс қабілеті оншама емес, олар тек жануардың ауруға шалдыққанының белгісі ретінде ғана бағаланады.
Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан иммунитет, бұл микробтың басқа түрлерінен де қорғайды.
Банг 1906 ж. қой мен сиырға бруцеллезге қарсы қоздырушы микробты тірі және өлтірілген өсіндісін егіп, өлі микробтың иммундік қасиетінің төмен болатыңдығын анықтады.
Американдық ғалым Виск /1930/ ұзақ уақыт қоректік ортада өсіру арқылы уыттылығы төмен В. аbогtus 19-штаммын алып, оны вакцина ретіңде үcынды. Бұл бруцеллезге қарсы қолданылған вакциналардың ішіндегі дүние жүзіңде ең көп қолданылғаны.
Оның артықшылықтары - қасиеттерінің тұрақтылығы және иммуногендігінің күштілігі, сонымен қатар кемшілігі - егілген жануардың организмінде антидене ұзақ уақыт сақталады да, серологиялық әдіспен тексергенде нағыз аурудан ажырату мүмкін болмайды. Бруцеллезге қарсы иммунитет аурудың жұғуынан толық сақтай алмайды, соңдықтан егілген малды да оқтын-оқтын тексеріп, ауруға шалдыққан жануарларды оқшаулап отыруға тура келеді.
Вакцинадан соңғы серологиялық реакция, әсіресе ересек жануарларда /сиырларда/ ұзақ сақталады, ал жас малда, әсіресе 4 айдан аспаған торпақта аз уақыт ішінде өшеді [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - бруцеллез ауруын балау және сақтандыру шаралары зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Бруцеллезі ауруының қоздырғышы
Бруцеллез - /Вгисеllum/ - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бүзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бруцеллездің адамда байқалатын белгілерін Гиппократ сипаттады, ал жан - жақты зерттеулер ХУШ-ХІХ ғ. жүргізілді.
Ф. Марстон /1861/ Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдына дербес ауруы екендігін көрсетті, ал Д. Брюс /1877/ оның қоздырушысын бөліп алып
Місrococcum теlitensis
деп атады. Бүлар ағылшын ғалымдары еді.
Даниялық ветеринария дәрігерлері В. Банг және Стрибольт /1896/ ауру қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум /1914/ іш тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір туыстастықка біріктіріліп Брюстың құрметіне Бруцеллалалар деп аталынды.
19 - ғасырдың аяғы мен 20 - ғасырдың басында бруцеллез ауылшаруашылық малдарының арасында барлық жерде де кеңінен тарады.
Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, алғаш рет 30-жылдары Семей облысында Тасбұлақ деген жерде ветаринария дәрігері Тавельский хабарлады.
Қоздырушысы. Бруцеллезді әртүрлі түлікте
Вrucellа
туыстастығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады. Аурудың қоздырғышын 1886 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Д. Брюс анықтаған. Оның негізінен
бес түрі бар. Олар: мелитензис бруцелласы, абортус бруцелласы, суис бруцелласы, неотома бруцелласы және канис бруцелласы.
Бұл түрлердің өзі бірнеше жіктерге бөлінеді.
Бруцеллез бактериясы микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, өте қысқа таяқша тәріздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалардың арасынан орын алатын микроорганизм. Олар көбінде ретсіз, кейде бір-бірімен тізбектеліп немесе қосарланып жатады, спора құрамайды, қозғалу қабілеті жоқ. Қоздырғышы организмде клетка ішінде тіршілік ететін болғандықтан, бұл аурумен ауырған малды емдеу өте қиын.
Бруцеллез бактериясы колониясы түссіз, мөлдір, дөңестеу, сырты жылтыр, әрі жұмсақ, ылғалды, тегіс жиекті дөңгелек болып келеді. Бұл «S» формасындағы өзгермеген негізгі бруцелла клеткаларына тән қасиет. Кейде бруцелла колониясының формасы қоректендіргіш ортаның рН-на, оның ылғалдылығына, кұрамына және микробтағы бактериофагтың шамасына байланысты өзгеруі ықтимал.
Сыртқы ортаға бөлінген бруцеллез ауруының қоздырғышы оның қатерлі әсеріне біршама төзімді. 3. А. Кучеренко (1934) жасаған тәжірибе бойынша бруцелла жер бетінде 40 күнге дейін, 5-8 см тереңдікте 60 күнге дейін, ылғалды жерде үш айдай тіршілік ету қабілетін жоймайды екен.
Е. С. Орловтың (1974) деректерінде, жазда тікелей түскен күн сәулесі бруцелланы бірнеше минутта 3-4 сағат аралығында, ал әлсіз шашырап түскен күн сәулесі болса 7-8 күннің ішінде өлтіреді делінген [1, 3] .
Бруцеллез қоздырғышы 60° ыстықта 30 минуттың ішінде, ал 100 градуста бірден қырылады, белгілі бір проценттік ерітіндісінде тез жойылады. Оларға 2 проценттік фенол, бір проценттік креолин, 0, 5 проценттік лизол, 1-2 проценттік формалин, 0, 01 проценттік хлорамин, 2-3 проценттік карбол қышқылы, соданың 5 проценттік ыстық жэне бір проценттік хлорлы эк ерітінділері жатады [2, 3] .
В. теlitensis қой мен ешкі үшін зардапты және адам бруцеллез ауруының негізгі қоздырушысы, 3 биотипі бар.
В. аbortus
сиыр, қодас, буйвол, бұғы, марал, түйе және жылқы үшін
зардапты, 9 биотипке бөлінеді. Кейбір биотиптерінің адам үшін уыттылығы
едәуір дәрежеде.
B. suis шошқа, қоян, солтүстік бұғысы үшін зардапты, 4 биотипі бар, оның 1, 2 және 3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4-шісі бұғыда тоғышарлық етеді.
В. пеоtотае шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі. 1957 ж. АҚШ-та бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке бөлінбейді.
В. ovis қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырушысы. Адам үшін зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ. 1953ж Жаңа Зеландия мен Австралияда бөлініп алынған. Биотиптері айқындалған жоқ.
В. сапis ит үшін зардапты, бұл жануардың эпидидимиті мен іш тастауының себепкері. 1968 ж. АҚШ-та тазы иттерден бөлініп алынған. Адамға зардаптылығы белгісіз. Биотиптерге бөлінбейді.
Барлық бруцеллез қоздырғыштары полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тәрізді, сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді. Спора жэне қауашақ түзбейді, қозғалмайды, грамтеріс. Сарысулы және Хоттингер ортасында, ет-пептон агарында /ЕПА/, ет-пептон сорпасында /ЕПС/ өседі. Ең жақсы өсін бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза қосылған орталарда, құрамында балық пен дрожжалар гидролизаттары бар Д ортасында, шарана көмірсуы - эритритол қосылған эритрит агарда байқалады.
Бруцеллез қоздырғыштары терең орналасқан және бетінде ораналаскан S-антигендері бар. S-антигенінің А және М екі түрі кездеседі. А-антиген, В. аЬогtusта, ал М-антиген В. теlitensis түрінде басым болады.
Микробтың R - формасы әртүрлі дәрежеде R- антигенін жоғалтады да, ал бруцелланың минус вариантында бұл антиген мүлдем болмайды. SR диссоциациясы S-антидененің, ал RS диссоциациясы бактериофагтың қатысуымен трансдукция арқылы жүреді. Сонымен қатар, Ь-трансформация мен антигендік мимикрия да табиғи жағдайда орын алады.
Бруцеллез қоздырушысының физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімділігі орташа, 60° С кезінде 30 мин 70° С-та 5-10 мин өткенде ал 90-100° С-та бірден өледі. Ет және сүт өнімдерінде бірнеше тәуліктен 2-5 айға дейін, ал топырақта, көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады. Қазіргі дезинфектанттардың жалпылай қабылданған концентрациясы толық зарарсыздандырады [1, 2, 3] .
b-трансформацияға және диссоциацияға ұшыраған бруцеллалар грамоң, ал Козловский әдісі бойынша көк түске боялуы мүмкін. Бұндай гетероморфты бруцеллалар өзгере бастаған сәтте осы микроб түріне арналған орталарда: эритрит-агарда, ет-пептон-бауыр-агарыңда өсе береді. Бірақ, жақсы өсінді 10-20 % шарана суы немесе қан сарысуы қосылған ортада да алынады [1, 2, 4] .
1. 2 Бруцеллез ауруын анықтау
Ауруды дер кезінде анықтау оны жою және болдырмау үшін жүргізілетін шаралар жүйесінің нәтижелі болуының негізгі себебі болып табылады. Ол үшін бірнеше тәсілдер қолданылады.
Олар - ауруды сыртқы белгілері бойынша анықтау (клиникалық), ауру қоздырғышын бөліп алу (бактериологиялық), арнаулы әйнектің үстіне жұқа жағынды жағып, микроскоп арқылы, ауру қоздырғышын табу (бактериоскопиялық), лабораториялық жануарларды ауырту (биологиялық), қан сарысуын зерттеу (серологиялық) және аллергиялық тәсілдер.
Осы тәсілдердің ішінде ауру қоздырғышын бөліп алу тәсілі өте тиімді
болып саналғанымен, оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Сондықтан әлгі
аталған тәсілдерді түгел пайдаланған жөн.
Клиникалық тәсіл. Буаз мал ауруының сыртқы белгісі іш тастау болғанымен, көпшілік жағдайда, біз әлгінде ескерткеніміздей, аурудың сыртқы белгісі анық білінбей өтеді. Сондықтан бұл тәсіл, ғалымдардың (С. Н. Вышелесский, Е. С. Орлов, М. К. Юсковец, К. П. Студенцов тағы басқалар) айтуы бойынша, уақытша болжам беретін тәсіл. Себебі, бруцеллез ауруында болатын сыртқы белгілер басқа ауруларда да кездеседі.
Мысалы, буаз сиыр - трихомоноз, вибриоз, жұқпалы вагинит, ал қой - паратиф, вибриоз, шошқа - лептоспироз деген ауруларға шалдықса іш тастайды. Бұған қосымша малдың барлық түрінің іш тастауы, шуының түспеуі, бүкіл дененің улануынан, мал күтімінің нашарлағандығынан да болуы ықтимал. Міне, сондықтан бруцеллез ауруы екенін анықтау жоғарыда келтірілген лабораториялық тәсілдер арқылы ғана іске асады.
Бактериологиялық тәсіл арқылы бруцеллез ауруының қоздырғышын қоректік ортада бөліп алатын болсақ, онда аурудың дұрыс анықталғаны. Егер қоздырғыш бөлінбеген күнде де малда бруцеллез ауруы жоқ деп санауға болмайды, себебі бұл ауру қоздырғышының бөлінуі жіберілген патологиялық материалдың сапасына, жасанды қоректік ортаның сапасы мен рН көрсеткішіне, бактериологтың қабілеттілігіне және бруцелланың алғашқы ұрпағы өте жай, көмірқышқыл газын қажет етіп өсетіндігіне байланысты. Негізінен бұл тәсілмен тексеруге түсік немесе оның бөлшектері жіберіледі.
Ал, қошқардың жұқпалы қарақаптал ауруын анықтау үшін, ауру қошқардың енін, оның бездерін, ал саулық болса - жыныс мүшесінен шығатын қызғылт, иіссіз кілегей мен түсікті тексерген жөн.
Қоректік ортада бөлініп алынған микроб колониясынан арнаулы әйнекке жағынды жасалынады. Осы жағындыны спиртовка жалынымен қыздырады да, Грам немесе Козловскийдің арнайы тәсілімен немесе Циль-Нильсеннің түрлендірілген тәсілдерінің біреуін пайдаланып бояйды. Жағындыны микроскоппен қарағанда, бруцелла клеткалары қызыл, көз алдындағы алаң көк түсті болуы тиіс.
Биологиялық тәсіл. Бруцеллез ауруының қоздырғышын бөліп алу үшін теңіз шошқасының, ақ тышқандардың, кейде үй қояндарының тері астына патологиялық материалдан дайындалған суспензия жіберу жолымен биологиялық тәсіл қолданылады.
Аллергиялық тәсіл. Бұл тәсілді бірінші рет 1922 жылы Бурнет адамдар арасында бруцеллез ауруын анықтау үшін ұсынған. Автордың дайындаған аллергені -«Милитин» үш тәулік сорпада өскен мелитензис бруцелласының сүзіндісі. Егер бруцеллезбен ауырған адам не мал организміне бруцеллез антигенін (аллергенді) тері астына жіберсе, онда денеде аллергиялық реакция пайда болады.
Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп есептелді. Бұл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылды. Оны тері ішіне және тері астына /көздің астыңғы қабағына/ жібердік. Бірақ аллергиялық әдістің сезімталдығы серологиялық реакциялардан көп төмен болды.
Бруцеллезді анықтау үшін оны басқа аурулардан ажыратып балау керек. Әсіресе, малдың іш тастауына әкеп соқтыратын кампилобактериоз, трихомоноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан ажырата білу керек.
Серологиялық тәсіл. Аурудың пайда болуы мен асқынуы, оның дене мүшелерін зақымдауы организмде иммунологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады. Солардың бірі - организмге енген ауру қоздырғышына қарсы егуге болмайды. Сондықтан жұқпалы ауруларды болдырмау үшін жасалатын шаралар жүйесінде, аурудың қоздырғышына қарсы, организмге ерекше емес және ерекше төзімділік қабілетін енгізудің маңызы зор [2, 3, 4, 5] .
З. В. Ермольеваның (1968) көрсетуі бойынша, егер организмнің иммунобиологиялық реакция туғызу қабілетін төмендетіп алсақ, онда химиотерапиялық препараттармен әсер еткенде, оның тиімділігі төмендейді. Сондықтан мұндай жағдайда, ерекше терапия қолданбас бұрын, организмнің иммунобиологиялық реакция туғызу қабілетін көтеру жағдайын ескерген жөн.
Иммунобиологиялық реактивтікке дененің жүқпалы ауру қоздырғыштары мен табиғи жұқтырмаушылық қабілетін де жатқызуға болады.
Табиғи жұқтырмаушылық қабілет негізінен, организмде болатын бір қатар заттардың денеге енген микробтарды ерітіп, жоюы және организмнің кейбір клеткаларының (лейкоциттер мен РЭС клеткалары) микробтарды жұлуы, содан соң жансыздандырып, ерітуі (фагоцитоз) деп түсіну қажет.
Осы кезде мал организмдерінде (қан мен тканьдерде) ауру қоздырғыштарына тікелей әсер ететін көптеген күрделі химиялық қосылыстардың барлығы белгілі. Солардың бірі лизоцим, комплемент пропердин жүйесі және тағы басқалар.
Организмнің табиғи төзімділік қасиеттері қанның құрамындағы микробтарды жойғыш заттарға, малдың жасына, жынысына және физиологиялық халіне тікелей байланысты.
Кейбір ғалымдардың деректері бойынша, төлдің ұрғашы малға
қарағанда бруцеллез ауруына төзімділігі күшті екен. Бірақ бұл
төзімділік төл өскен сайын төмендей беретіндігі де анықталған. Қозылардың
сақа қойларға қарағанда бруцеллез бактериясына төзімділігі Д. К. Бессонов, В. А. Штритер, ал жас балалардың бруцеллезге төзімділігін Харду бастаған
авторлар: Климмер, Олин, П. А. Вершилова, Р. Т. Асланян өз тәжірибелерінде дәлелдеген. Дегенмен, жасқа байланысты төзімділіктің өзі де салыстырмалы ұғым (М. А. Журнакова, Н. П. Янушевич, М. А. Авакумов, А. А. Аливердиев, М. Н. Перехожаева, К. Т. Козлов тағы басқалар) [4] .
Бұл авторлардың айтуы бойынша бұзаудың кез-келген уақытта бруцеллезбен ауруы ықтимал. Бұзаудың ауруға шалдығуы оның физиологиялық халіне және сыртқы ортада кездесетін бруцелланың дозасына байланысты. Төл бруцеллезбен ауырған күннің өзінде көпшілік жағдайда, серологиялық реакциялардың теріс нәтиже беруі мүмкін, ал реакциялар тайыншалардың жыныс мүшелерінің толық жетілу кезінде оң нәтиже береді (В. С. Зарубкинский, А. А. Аливердиев, К. П. Студенцов, Ф. И. Усманова, М. Пломмет бастаған авторлар) [3, 5, 6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz