Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары



Мазмұны



Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Бруцеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Бруцеллез ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Бруцеллез ауруының эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Бруцеллез ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.5 Бруцеллез ауруының дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.6 Бруцеллез ауруының өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.7 Бруцеллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.8 Бруцеллез ауруын балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.9 Бруцеллез ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.10 Бруцеллез ауруын дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.11 Жануарлар бруцеллезіне қарсы ic.шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 1.12 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.13 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті мәселесі.
Осыған орай, мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық - санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні – еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Міне, осыған орай елбасының жолдауы мен алға қойған мақсатында, мал шаруашылығы мен қожалықтарын жедел өркендетуге және одан алынатын өнімдерді көбейтуге мән берілетіндігі баса көрсетілген. Бірақ, қой басын және одан алынатын өнімді көбейтіп, сапасын жақсарту ісіне, малдың кейбір инфекциялық аурулары кеселін тигізуде. Атап айтсақ, қой мен ешкінің бруцеллез ауруы экономикалық шығынға ұшыратуда және малды күтіп – бағатын адамдар арасында бруцеллез ауруы жылдан жылға көбеюде.
Аталған аурудың ең басты қауіптілігі, жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі, буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Қой мен ешкі 3-5 айлығында іш тастайды
Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт - қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі - іріңді, соңынан іріңді - фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий /жатыр/ түтікшелері қабынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов - Алматы: Қайнар, 1992. – 121б.
2Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 89с.
3 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-140б.
4 Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-145б.
5 Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров - Москва: Колос, 1975.- 35с.
6 Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин - Алма-ата: Кайнар,1992. -70с.
7 Салмаков, К.М. Живая вакцина из штамма 82: /К.М.Салмаков - Ветеринария. 1975.- №7, 43-45с.
8 Сайдулдин, Временное наставление по применению живой
вакцины ИЛТ-82 8К бруцелла абортус против бруцеллеза крупного рогатого скота / Т.С. Сайдулдин және т.б. Астана: Утв. Департаментом Вет. надзора МСХ РК от 6.12.2000 г.- 4с.
9 Степин, В.С. Компоненты клеточного иммунитета в зависимости от способа введения вакцины /В.С.Степин, Л.М. Проскурина - Вестник сельскохозяйственных науки Казахстана, 1986. - № 4, 66 – 67с.
10 Кононов, И.М. Ветеринарлық анықтама / И.М. Кононов - Москва: 1984.-72с.
11 Сысоев, А.А. Физиология размножения сельскохозяйственных животных: учебник для вузов / А.А. Сысоев - М.,1978. -160с.
12 Құрманова, К. Адамға малдан жұғатын аурулар: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / К.Құрманова - Алматы: Санат, 2000.-173б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен жазылған Бруцеллез
ауруы, сақтандыру шаралары атты курстық жұмысым 34 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника
қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және 1 кестені
қамтиды.

Мазмұны

Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Бруцеллез
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Бруцеллез ауруын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 12
1.3 Бруцеллез ауруының
эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
1.4 Бруцеллез ауруының індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.5 Бруцеллез ауруының
дерттенуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
1.6 Бруцеллез ауруының өтуі мен
симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.7 Бруцеллез ауруының патологоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.8 Бруцеллез ауруын
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..19
1.9 Бруцеллез ауруының
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20
1.10 Бруцеллез ауруын дауалау және күресу шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.11 Жануарлар бруцеллезіне қарсы ic-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2 1.12 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.13 Індетке қарсы шаралар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34

Қысқартулар мен белгілер

Курстық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:
мин. – минут
сағ. – сағат
см – сантиметр
мм – миллиметр
нм – нанометр
км – километр
мкм – микрометр
мкл – микролитр
кг – килограмм
г – грамм
мг – миллиграмм
л – литр
мл – миллилитр
ҚР – Қазақстан Республикасы
АШМ – Ауылшаруашылық Министрлігі
°C – градус
% - пайыз
ИФТ- иммуно- ферментті талдау
ПТР- полимеразды - тізбекті реакция
ЕПА – ет – пептонды агар
ЕПС – ет – пептонды сорпа

Анықтамалар

Бруцеллез ауруы - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит,
орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін
жұқпалы ауру.
Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде
арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші
болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз
иммунитеті
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды иммунитет – уыз арқылы берілген иммунитет
Бацилла – спора түзетін бактериялар
Аэробты – оттегі бар жерде өсетін бактериялар
Анаэробты – оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар
Биологиялық сынама – ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы
диагноз қою
ЕПА – ет – пептонды агар
ЕПС – ет – пептонды сорпа
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Дезинфекция – оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету
Дезинсекция – сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою
Дератизация – кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жою
Анемия – қан аздық
Интоксикация – денені уландыру

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.

МемСТ 2.104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МемСТ 2.301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МемСТ 2.601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МемСТ 2.304- 81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МемСТ 2.701- 84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МемСТ 2.321- 84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 2888- 68 - Ветеринарлық термометр
МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан
сарысуы
МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін). Техникалық
жағдайлар
МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар
МемСТ 26670 – 91- Өсіру әдістері
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Ф. 7. 04 – 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2013ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2013ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____
факультеті

___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2013ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі
алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын
жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті
мәселесі.
Осыған орай, мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс
және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-
түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану –
бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен
айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын
шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық - санитарлық
жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық
ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік
ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін,
тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны
белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу
және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір
пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да
дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан
болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық
тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды.
Қойдың жүні – еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан
жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе
қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон
тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға
бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Міне, осыған орай елбасының жолдауы мен алға қойған мақсатында, мал
шаруашылығы мен қожалықтарын жедел өркендетуге және одан алынатын өнімдерді
көбейтуге мән берілетіндігі баса көрсетілген. Бірақ, қой басын және одан
алынатын өнімді көбейтіп, сапасын жақсарту ісіне, малдың кейбір инфекциялық
аурулары кеселін тигізуде. Атап айтсақ, қой мен ешкінің бруцеллез ауруы
экономикалық шығынға ұшыратуда және малды күтіп – бағатын адамдар арасында
бруцеллез ауруы жылдан жылға көбеюде.
Аталған аурудың ең басты қауіптілігі, жануарлардың барлық түрінде
бруцеллездің басты белгісі, буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш
тастау. Қой мен ешкі 3-5 айлығында іш тастайды
Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс
мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт - қоңыр түсті сора ағады.
Іш тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі - іріңді,
соңынан іріңді - фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда
эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий жатыр
түтікшелері қабынады.
Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп
кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануардың жыныстық қабілетін
нашарлатып, соңы бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін. Жекелеген жануарларда
бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, ал еркек малдарда
орхит жэне эпидидимит байқалып, ені ісініп, кейде шектен тыс
ұлғайып, салбырап жүреді. Әсіресе жұқпалы эиидидимитке шалдыққан
қошқардың ені ісініп, еннің шылауы білеуленіп, сипап көргенде резеңке түтік
тәрізденіп қолға білініп тұрады. Жыныс мүшелерімен қатар басқа ағзалар да
зақымданады. онымен жаңа туған төлдер ауырады. Осыған орай қой
шаруашылықтары халыққа қажетті жүн, тері және етті барынша өндіре алмай
экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Сонымен бірге елімізде қой басының өсуі
де азаяды.
Бруцеллездің таралуына келсек, бұл індетті ауру ТМД елдерінің қой
шаруашылықтарына кеңінен таралған. Атап айтсақ, бруцеллез біздің
елімізде, әсіресе Орта Азия мен Закавказье республикаларында,
Қазақстанда, Поволжьеде, Батыс Сибирьде кездеседі. Қазақстанда бұл аурумен
негізінен солтүстік жэне орталық облыстар шаруашылықтарының ірі қарасы жиі
ауырады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – бруцеллез ауруын сақтандыру шараларын
зерттеу болып табылады.

1 Негізгі бөлім

1.1Бруцеллез ауруы

Бруцеллез - Вгисеllum - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу,
эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бүзылуы
арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бруцеллездің адамда байқалатын белгілерін
Гиппократ сипаттады, ал жан - жақты зерттеулер ХУШ-ХІХ ғ. жүргізілді.
Ф.Марстон 1861 Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдына дербес ауруы
екендігін көрсетті, ал Д.Брюс 1877 оның қоздырушысын бөліп алып
Місrococcum теlitensis деп атады. Бүлар ағылшын ғалымдары еді.
Даниялық ветеринария дәрігерлері В.Банг және Стрибольт 1896 ауру
қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум 1914 іш
тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында
бір туыстастықка біріктіріліп Брюстың құрметіне Бруцеллалалар деп аталынды.

19 - ғасырдың аяғы мен 20 - ғасырдың басында бруцеллез ауылшаруашылық
малдарының арасында барлық жерде де кеңінен тарады.
Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, алғаш рет 30-
жылдары Семей облысында Тасбұлақ деген жерде ветаринария дәрігері
Тавельский хабарлады.
Қоздырушысы. Бруцеллезді әртүрлі түлікте Вrucellа туыстастығына
жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады. Аурудың қоздырғышын 1886
жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Д. Брюс анықтаған. Оның негізінен
бес түрі бар. Олар: мелитензис бруцелласы, абортус бруцелласы, суис
бруцелласы, неотома бруцелласы және канис бруцелласы.
Бұл түрлердің өзі бірнеше жіктерге бөлінеді.
Бруцеллез бактериясы микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, өте қысқа
таяқша тәріздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалардың арасынан
орын алатын микроорганизм. Олар көбінде ретсіз, кейде бір-бірімен
тізбектеліп немесе қосарланып жатады, спора құрамайды, қозғалу қабілеті
жоқ. Қоздырғышы организмде клетка ішінде тіршілік ететін болғандықтан, бұл
аурумен ауырған малды емдеу өте қиын.
Бруцеллез бактериясы колониясы түссіз, мөлдір, дөңестеу, сырты
жылтыр, әрі жұмсақ, ылғалды, тегіс жиекті дөңгелек болып
келеді. Бұл S формасындағы өзгермеген негізгі бруцелла
клеткаларына тән қасиет. Кейде бруцелла колониясының формасы
қоректендіргіш ортаның рН-на, оның ылғалдылығына, кұрамына және
микробтағы бактериофагтың шамасына байланысты өзгеруі ықтимал.
Сыртқы ортаға бөлінген бруцеллез ауруының қоздырғышы оның
қатерлі әсеріне біршама төзімді. 3. А. Кучеренко (1934) жасаған
тәжірибе бойынша бруцелла жер бетінде 40 күнге дейін, 5—8 см тереңдікте 60
күнге дейін, ылғалды жерде үш айдай тіршілік ету қабілетін жоймайды екен.
Е. С. Орловтың (1974) деректерінде, жазда тікелей түскен күн сәулесі
бруцелланы бірнеше минутта 3—4 сағат аралығында, ал әлсіз шашырап түскен
күн сәулесі болса 7—8 күннің ішінде өлтіреді делінген [1,3].
Бруцеллез қоздырғышы 60° ыстықта 30 минуттың ішінде, ал 100 градуста
бірден қырылады, белгілі бір проценттік ерітіндісінде тез жойылады. Оларға
2 проценттік фенол, бір проценттік креолин, 0,5 проценттік лизол,
1—2 проценттік формалин, 0,01 проценттік хлорамин, 2—3 проценттік
карбол қышқылы, соданың 5 проценттік ыстық жэне бір проценттік хлорлы эк
ерітінділері жатады [2,3].
В.теlitensis қой мен ешкі үшін зардапты және адам бруцеллез ауруының
негізгі қоздырушысы, 3 биотипі бар.
В.аbortus сиыр, қодас, буйвол, бұғы, марал, түйе және жылқы үшін
зардапты, 9 биотипке бөлінеді. Кейбір биотиптерінің адам үшін уыттылығы
едәуір дәрежеде.
B. suis шошқа, қоян, солтүстік бұғысы үшін зардапты, 4 биотипі бар,
оның 1,2 және 3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4-шісі бұғыда тоғышарлық
етеді.
В.пеоtотае шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі. 1957 ж. АҚШ-та бөлініп
алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке бөлінбейді.
В.ovis қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы эпидидимитінің
қоздырушысы. Адам үшін зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ. 1953ж Жаңа
Зеландия мен Австралияда бөлініп алынған. Биотиптері айқындалған жоқ.
В.сапis ит үшін зардапты, бұл жануардың эпидидимиті мен іш
тастауының себепкері. 1968 ж. АҚШ-та тазы иттерден бөлініп алынған. Адамға
зардаптылығы белгісіз. Биотиптерге бөлінбейді.
Барлық бруцеллез қоздырғыштары полиморфты, сыртқы бейнесі коктар
тәрізді, сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді. Спора жэне қауашақ
түзбейді, қозғалмайды, грамтеріс. Сарысулы және Хоттингер ортасында, ет-
пептон агарында ЕПА, ет-пептон сорпасында ЕПС өседі. Ең жақсы өсін
бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза қосылған орталарда, құрамында балық
пен дрожжалар гидролизаттары бар Д ортасында, шарана көмірсуы - эритритол
қосылған эритрит агарда байқалады.
Бруцеллез қоздырғыштары терең орналасқан және бетінде ораналаскан S-
антигендері бар. S-антигенінің А және М екі түрі кездеседі. А-антиген,
В.аЬогtusта, ал М-антиген В.теlitensis түрінде басым болады.
Микробтың R - формасы әртүрлі дәрежеде R- антигенін жоғалтады да, ал
бруцелланың минус вариантында бұл антиген мүлдем болмайды. SR диссоциациясы
S-антидененің, ал RS диссоциациясы бактериофагтың қатысуымен трансдукция
арқылы жүреді. Сонымен қатар, Ь-трансформация мен антигендік мимикрия да
табиғи жағдайда орын алады.
Бруцеллез қоздырушысының физикалық және химиялық факторлардың әсеріне
төзімділігі орташа, 60° С кезінде 30 мин 70° С-та 5-10 мин өткенде ал 90-
100° С-та бірден өледі. Ет және сүт өнімдерінде бірнеше тәуліктен 2-5 айға
дейін, ал топырақта, көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады. Қазіргі
дезинфектанттардың жалпылай қабылданған концентрациясы толық
зарарсыздандырады [1,2,3].
b-трансформацияға және диссоциацияға ұшыраған бруцеллалар
грамоң, ал Козловский әдісі бойынша көк түске боялуы мүмкін. Бұндай
гетероморфты бруцеллалар өзгере бастаған сәтте осы микроб түріне
арналған орталарда: эритрит-агарда, ет-пептон-бауыр-агарыңда өсе береді.
Бірақ, жақсы өсінді 10-20 % шарана суы немесе қан сарысуы қосылған
ортада да алынады [1,2,4].

1.2 Бруцеллез ауруын анықтау

Ауруды дер кезінде анықтау оны жою және болдырмау
үшін жүргізілетін шаралар жүйесінің нәтижелі болуының негізгі себебі болып
табылады. Ол үшін бірнеше тәсілдер қолданылады.
Олар — ауруды сыртқы белгілері бойынша анықтау (клиникалық), ауру
қоздырғышын бөліп алу (бактериологиялық), арнаулы әйнектің үстіне жұқа
жағынды жағып, микроскоп арқылы, ауру қоздырғышын табу
(бактериоскопиялық), лабораториялық жануарларды ауырту (биологиялық), қан
сарысуын зерттеу (серологиялық) және аллергиялық тәсілдер.
Осы тәсілдердің ішінде ауру қоздырғышын бөліп алу тәсілі өте тиімді
болып саналғанымен, оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Сондықтан әлгі
аталған тәсілдерді түгел пайдаланған жөн.
Клиникалық тәсіл. Буаз мал ауруының сыртқы белгісі іш тастау
болғанымен, көпшілік жағдайда, біз әлгінде ескерткеніміздей, аурудың
сыртқы белгісі анық білінбей өтеді. Сондықтан бұл тәсіл, ғалымдардың (С.
Н.Вышелесский, Е. С. Орлов, М. К. Юсковец, К. П. Студенцов тағы басқалар)
айтуы бойынша, уақытша болжам беретін тәсіл. Себебі, бруцеллез ауруында
болатын сыртқы белгілер басқа ауруларда да кездеседі.
Мысалы, буаз сиыр - трихомоноз, вибриоз, жұқпалы вагинит, ал қой -
паратиф, вибриоз, шошқа - лептоспироз деген ауруларға шалдықса іш тастайды.
Бұған қосымша малдың барлық түрінің іш тастауы, шуының түспеуі, бүкіл
дененің улануынан, мал күтімінің нашарлағандығынан да болуы ықтимал.
Міне, сондықтан бруцеллез ауруы екенін анықтау жоғарыда келтірілген
лабораториялық тәсілдер арқылы ғана іске асады.
Бактериологиялық тәсіл арқылы бруцеллез ауруының қоздырғышын
қоректік ортада бөліп алатын болсақ, онда аурудың дұрыс анықталғаны.
Егер қоздырғыш бөлінбеген күнде де малда бруцеллез ауруы жоқ деп санауға
болмайды, себебі бұл ауру қоздырғышының бөлінуі жіберілген патологиялық
материалдың сапасына, жасанды қоректік ортаның сапасы мен рН көрсеткішіне,
бактериологтың қабілеттілігіне және бруцелланың алғашқы ұрпағы өте жай,
көмірқышқыл газын қажет етіп өсетіндігіне байланысты. Негізінен бұл
тәсілмен тексеруге түсік немесе оның бөлшектері жіберіледі.
Ал, қошқардың жұқпалы қарақаптал ауруын анықтау үшін, ауру қошқардың
енін, оның бездерін, ал саулық болса — жыныс мүшесінен шығатын қызғылт,
иіссіз кілегей мен түсікті тексерген жөн.
Қоректік ортада бөлініп алынған микроб колониясынан арнаулы әйнекке
жағынды жасалынады. Осы жағындыны спиртовка жалынымен қыздырады да, Грам
немесе Козловскийдің арнайы тәсілімен немесе Циль-Нильсеннің түрлендірілген
тәсілдерінің біреуін пайдаланып бояйды. Жағындыны микроскоппен
қарағанда, бруцелла клеткалары қызыл, көз алдындағы алаң көк түсті
болуы тиіс.
Биологиялық тәсіл. Бруцеллез ауруының қоздырғышын бөліп алу үшін
теңіз шошқасының, ақ тышқандардың, кейде үй қояндарының тері астына
патологиялық материалдан дайындалған суспензия жіберу жолымен биологиялық
тәсіл қолданылады.
Аллергиялық тәсіл. Бұл тәсілді бірінші рет 1922 жылы Бурнет адамдар
арасында бруцеллез ауруын анықтау үшін ұсынған. Автордың дайындаған
аллергені —Милитин үш тәулік сорпада өскен мелитензис бруцелласының
сүзіндісі. Егер бруцеллезбен ауырған адам не мал организміне бруцеллез
антигенін (аллергенді) тері астына жіберсе, онда денеде аллергиялық реакция
пайда болады.
Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп
есептелді. Бұл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылды. Оны тері ішіне және
тері астына көздің астыңғы қабағына жібердік. Бірақ аллергиялық әдістің
сезімталдығы серологиялық реакциялардан көп төмен болды.
Бруцеллезді анықтау үшін оны басқа аурулардан ажыратып балау керек.
Әсіресе, малдың іш тастауына әкеп соқтыратын кампилобактериоз, трихомоноз,
лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан
ажырата білу керек.
Серологиялық тәсіл. Аурудың пайда болуы мен асқынуы, оның дене
мүшелерін зақымдауы организмде иммунологиялық өзгерістердің пайда болуына
әкеп соғады. Солардың бірі — организмге енген ауру
қоздырғышына қарсы егуге болмайды. Сондықтан жұқпалы
ауруларды болдырмау үшін жасалатын шаралар жүйесінде, аурудың қоздырғышына
қарсы, организмге ерекше емес және ерекше төзімділік қабілетін енгізудің
маңызы зор [2,3,4,5].
З.В.Ермольеваның (1968) көрсетуі бойынша, егер организмнің
иммунобиологиялық реакция туғызу қабілетін төмендетіп алсақ, онда
химиотерапиялық препараттармен әсер еткенде, оның тиімділігі төмендейді.
Сондықтан мұндай жағдайда, ерекше терапия қолданбас бұрын, организмнің
иммунобиологиялық реакция туғызу қабілетін көтеру жағдайын ескерген жөн.
Иммунобиологиялық реактивтікке дененің жүқпалы ауру қоздырғыштары мен
табиғи жұқтырмаушылық қабілетін де жатқызуға болады.
Табиғи жұқтырмаушылық қабілет негізінен, организмде болатын бір қатар
заттардың денеге енген микробтарды ерітіп, жоюы және организмнің кейбір
клеткаларының (лейкоциттер мен РЭС клеткалары) микробтарды жұлуы, содан
соң жансыздандырып, ерітуі (фагоцитоз) деп түсіну қажет.
Осы кезде мал организмдерінде (қан мен тканьдерде) ауру
қоздырғыштарына тікелей әсер ететін көптеген күрделі химиялық
қосылыстардың барлығы белгілі. Солардың бірі лизоцим,
комплемент пропердин жүйесі және тағы басқалар.
Организмнің табиғи төзімділік қасиеттері қанның құрамындағы
микробтарды жойғыш заттарға, малдың жасына, жынысына және физиологиялық
халіне тікелей байланысты.
Кейбір ғалымдардың деректері бойынша, төлдің ұрғашы малға
қарағанда бруцеллез ауруына төзімділігі күшті екен. Бірақ бұл
төзімділік төл өскен сайын төмендей беретіндігі де анықталған. Қозылардың
сақа қойларға қарағанда бруцеллез бактериясына төзімділігі Д. К. Бессонов,
В. А.Штритер, ал жас балалардың бруцеллезге төзімділігін Харду бастаған
авторлар: Климмер, Олин, П. А. Вершилова, Р. Т. Асланян өз
тәжірибелерінде дәлелдеген. Дегенмен, жасқа байланысты төзімділіктің өзі
де салыстырмалы ұғым (М. А. Журнакова, Н. П. Янушевич, М. А. Авакумов, А.
А. Аливердиев, М. Н. Перехожаева, К. Т. Козлов тағы басқалар) [4].
Бұл авторлардың айтуы бойынша бұзаудың кез-келген уақытта
бруцеллезбен ауруы ықтимал. Бұзаудың ауруға шалдығуы
оның физиологиялық халіне және сыртқы ортада кездесетін бруцелланың
дозасына байланысты. Төл бруцеллезбен ауырған күннің өзінде көпшілік
жағдайда, серологиялық реакциялардың теріс нәтиже беруі мүмкін, ал
реакциялар тайыншалардың жыныс мүшелерінің толық жетілу кезінде оң нәтиже
береді (В. С. Зарубкинский, А. А. Аливердиев, К. П. Студенцов, Ф. И.
Усманова, М. Пломмет бастаған авторлар) [3,5,6].
Литтл және Оркутт 1922—23 жылдардың өзінде-ақ бруцеллезбен ауырған
сиырдан туған бүзаулардың қан сарысуында антителалардың болмайтындығын, төл
дайын антителаны тек енесінің уызы арқылы алатындығын анықтаған болатын.
Ф.П.Локтеваның тәжірибесінде төлге енесінің сүтімен комплемент
байланыстырғыш заттар берілмейді делінген. Сондықтан бес күндік және одан
да үлкен бұзаулардың қан сарысуын бруцеллезге тексергенде РСК оң нәтиже
берсе, төлді бруцеллезге шалдыққан деп есептеу қажет.
Көптеген ғалымдар (Г. А. Коломокин, Г. Г. Черемисин, И. А. Косилов,
Ф. А. Емченко, А. И. Попов) төлдің (бұзау, қозы, торай) қан сарысуында
тіршілігінің алғашқы күндерінде антителалар болмайды, оларды төл
колостралдық жолмен алады деген ойды қуаттайды. Бұл жас төл бруцеллезге
қарсы төзімділікке тек енесінің бауырында жүрген кезде ие болады деген сөз.
Осындай қорытындыға П .С. Уласович, К. А. Хлусцов, М. Сеелмани, А. Мейер,
Ф. Вишинг, Е. С. Шулюмова бастаған авторлар да келген [2,3].
Сонымен, жас төл енесінің уызы мен сүтін ему барысында дайын
антителаларды алып, пассивті иммунитетке ие болады. Мұны М. М. Иванов
төмендегіше түсіндіреді: малдың плаценті іштегі төлді микроорганизмдерден
қорғаумен қабат, енесінің қан сарысуындағы антителаларды да жібермейді.
Себебі бұл антителалар, қан сарысуындағы глобулиндермен байланысып,
молекулалық салмақтары жоғарылап плаценттен өте алмайды екен. Бұған
қосымша, автордың айтуынша, енесін вакциналағанмен ұрықтың иммунды
болмауының себебі, плаценттің антителаларды, микробтарды, олардың
токсиндерін жібермеуден басқа, іштегі төлдің өз тканьдері мен органдары әлі
толық пісіп-жетілмегендіктен деп түсіндіреді.
¥зақ уақыт (1940 жылға дейін) эпизоотологтар мен эпидемиологтардың
арасында бруцеллез ауруында тек стерилденбеген немесе инфекциялы иммунитет
қана болады деген пікір басым болды. Демек, бұл иммунитет организмде ауру
қоздырғышы бар кезде ғана болады, ал организм ауру қоздырғышынан арылса,
иммунитет те өшеді, жоғалады дегең ой еді.
Кейінгі ғылыми зерттеулер мен бруцеллезбен ауырған малдың өздігінен
аурудан сауығып кету мүмкіндігі әлгінде айтылған мәселеге (иммунитетке)
жаңаша қарауды қажет етті.
Бруцеллез ауруының генерализациялық түрінен, жасырын түріне
(латентті), одан организмнің ауру қоздырғышынан түгел арылу кезеңіне
өтуі иммунитеттің прогрессивті түрде күшейгендігін дәлелдейді. Екінші
жағынан, көпшілік жағдайда бруцеллез ауруының созылмалы түрге қалыптасуы,
ауру малдың өте жай (бір немесе бірнеше жылдар ішінде) сауығуы бруцеллез
ауруында иммунитеттің пайда болуы мен өршуі және оның күшеюі қиын
екендігін көрсетеді.
Сонымен, көптеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер бруцеллез
ауруында иммунитет организм ауруға шалдыққан кезде және ауру малдың
сауыққан шағында да болатындығын анықтады [1,4,5,6].

1.3 Бруцеллез ауруының эпизоотологиясы

Бруцеллез біздің елімізде, әсіресе Орта Азия мен
Закавказье республикаларында, Қазақстанда, Поволжьеде, Батыс Сибирьде
кездеседі. Қазақстанда бұл аурумен негізінен солтүстік жэне орталық
облыстар шаруашылықтарының ірі қарасы жиі ауырады.
Кейбір түрлері өзара бірнеше биоварға биотипке бөлінеді.
Бруцеллезбен ауырған мал ауру таратудың негізгі көзі болып саналады. Бұл
аурудың қоздырғышы ауру мал организмінен сүт, несеп, нәжіс арқылы
сыртқы ортаға шығады. Іш тастаған мал өте қауіпті. Себебі олардан қағанақ,
шарана суымен бруцелла көптеп бөлінеді. Сонымен, бруцеллез сау малға
ауру малдан жұғады. Егер адамдар мал дәрігерлік ережелерді сақтамаса,
бруцеллезбен ауырған малды күтіп - баққан кезде, оның залалсыздандырылмаған
сүті мен етін ішіп - жегенде ауруға шалдығады. Аурудың бүқаның ұрығы арқылы
тарайтыны да бар.
Бруцеллезбен ауырған сиырдан туған бұзау да ауру тарату көзі болып
табылады. Себебі, олардың организміне сүт арқылы барған бруцелла бола
тұрса да серологиялық әдіспен ұрықтандыру мерзіміне жеткенге дейінгі
аралықта, ауру екенін анықтау қиынға соғады. Сондықтан да, бруцеллез
ауруынан алдын ала сақтандыру және жою жөніндегі
нұсқауда шаруашылықтарда бруцеллезбен ауырған малдан туған ұрғашы
төлді одан әрі өсіруге қатаң тыйым салынған.
Бруцеллезден таза шаруашылықтардың малына ауру әдетте фермаға, немесе
табынға сырттан әкелінген асыл тұқымды мал арқылы да, көлік
қатынасынан да, бруцеллезбен ауырған малдың түсігін, шуын
жеген иттерден де тарайды [2,4,5,6].

1.4 Бруцеллез ауруының індеттік ерекшеліктері

Бруцеллез ауруына 60-тан артық үй және жабайы
жануарлар түрлері бейім. Әсіресе, тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі,
шошқа, солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде қаулайды. Түйе
жылқы, марал, қодас, буйвол сияқты жануарларда бәсеңдеу тарайды: ит, мысық,
қоян, сайгак, түлкілерде шектеулі дәрежеде, болмаса спорадия
ретінде кездеседі. Бүл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады,
әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай
жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан
сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб
сонымен қатар, сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және несеппен бірге бөлінеді.
Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-
оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Бруцеллез бактерияларымен ластанған өнімдер және малдан алынған
шикізаттар байланысты, аурудың клиникалық белгілері білінбей, көбінесе
микроб алып жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш,
су, топырақ, малды қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру факторлары
болып табылады. Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен ,
енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарларға алиментарлық жолмен және
шағылысқанда жанасу арқылы жұғады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде карантиндеу
ережелерін сақтамаған кезде, ауру және сау малдарды бірге жайғанда, бір
суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал
қораға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе, олар бруцеллезге шалдыққан
малдардың шуымен не тастанды төлмен жанасқан жағдайда микроб тасымалдаушыға
айналады [1,3,6,7].
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60 %-ке дейіні
инфекцияға шалдығуы мүмкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай
іш тастауы мүмкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал
қосқанда іңдеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрынғы ауырған малдарды қоса
қамти, іш тастау қайтадан қаулауы мүмкін. Малды араластыру індетті өршітіп,
оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып - күткеңде ветеринариялық - санитариялық
талаптарды дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға
төзімділігінің нашарлауы, уақтылы шу мен тастаңды төлді жинамау, көңді
тазаламау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына
жағдай тудырады [1,4,7].

1.5 Бруцеллез ауруының дерттенуі

Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс
жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюнктивасынан тоқтаусыз өтіп,
сөл жүйесіне түседі де, одан маңайыңда орналасқан сөл түйіндерінде
тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға
енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция
регионарлык инфекция, генерализация бойға жайылу немесе денеге шабу
және екінші латенция.
Регионарлық шектелген инфекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір
ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне
қоймайды. Бұл кезеңде сөл түйіңдерінің синустарында гиперплазия
басталып, үлпершек ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын
микрогранулалар түзіліп, лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық
макрофагтардың қордалануы байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде
ұзаққа созылады.
Жалпы алғанда, бұл құбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын
иммунитеттің алғы шарттары болып табылады. Сондықтан, жас малдың организмі
бруцеллезге төзімдірек келеді. Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа
болады және бір ерекшелігі антидене түзу баяу жүреді де, серологиялық
көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады. Генерализация кезеңі буаздықтың,
төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады.
Буаздықтың екінші жартысы кезінде жиірек өрбиді. Шаранада болатын эритрит
көмірсуы бруцеллалардың өсуін тек жеделдетеді деп есептейді. Күйлі кезең
бактериемиямен және айқын клиникалық белгілермен ерекшеленеді. Жануарлардың
денесінде әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өліеттенген қабыну процестері
өрбіп, оның нәтижесінде орхит, бурсит, тендовагинит, эндометрит сияқты
бруцеллездің негізгі белгілері пайда болады [2,3,6].
Жатырдың кілегейлі қабығы қағанақ қабының және ұрықтың зақымдануы
салдарынан бұл жануарлар іш тастайды.
Генерализация кезіңде антидене түзілуінің күшеюіне байланысты
серологиялық реакциялар оң нәтиже береді. Бірақ, аборт болғанда қанға көп
мөлшерде түскен бруцеллалардың антигендері антиденелерді бейтараптап,
серологиялық реакциялардың нәтижесі теріс болуы мүмкін.
Генерализациядан кейін байқалатын екінші латенция кезеңіңде аурудың
клиникалық белгілері өше бастағанымен, денеден ұзақ уақыт бойы микроб
бөлініп шығады. Бұл кезеңде организмде осы ауруға тән өзгеше аллергиялық
құбылыстар байқалады [4,6,7].

1.6 Бруцеллез ауруының өтуі мен симптомдары

Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан кейін серологиялық немесе
аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер
ауру жұққан малдардың ішіңде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді.
Онда шалдыққан малдарды серологиялық немесе аллергиялық тексеру арқылы
ғана анықтауға болады.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі
буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5-8
айлығында, қой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50
күн болғанда іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш
тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін [6,7].
Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс
мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт-қоңыр түсті сора ағады. Іш
тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі - іріңді, соңынан
іріңді - фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке
қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий жатыр түтікшелері қабынады
(Қосымша С,Д Бруцеллезбен ауырған сиыр).
Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп
кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануардың жыныстық қабілетін
нашарлатып, соңы бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін. Жекелеген жануарларда
бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, ал еркек малдарда
орхит және эпидидимит байқалып, ені ісініп, кейде шектен тыс
ұлғайып, салбырап жүреді. Әсіресе жұқпалы эпидидимитке шалдыққан
қошқардың ені ісініп, еннің шылауы білеуленіп, сипап көргенде резеңке түтік
тәрізденіп қолға білініп тұрады.
Жыныс мүшелерімен қатар басқа ағзалар да зақымданады. Шошқада тері
астындағы шел мен ішкі ағзаларда абсцессалар пайда болып, аяқ бұлшық
еттері салданады. Жылқының желкесі мен шоқтығында бурсит кездеседі. Қазіргі
кезде бруцеллезге қарсы вакциналардың кеңінен қолданылуына байланысты
комплемент байланыстыру реакциясы КБР, комплементт жүруші ретінде,
симптомсыз өтеді [2,4,7,8].

1.7 Бруцеллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері

Іш тастаған малдың қағанағы қабынып, оның бетіне фибрин
ірімтіктері мен ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры ісінеді,
бауырында абсцесс болуы мүмкін. Еркек малда іріңдеген өліетті орхит, ал
ұрғашы малда мастит, аналық бездің кистасы кездеседі. Кейбір жануарларда
шорбуын, бурсит байқалады.
Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді.
Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин ірімтіктері бар қызыл-қоңыр түсті
сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек-қарынның
кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынады, ал бауырында өліеттенген
қабыну процестері байқалады.
Гистологиялық тексеру кезінде әртүрлі мүшелер мен ағзаларда
өліеттенген ошақтар табылады. Оларда лимфоидты торша элементтері мен
гистиоциттерден құралған микрогранулемалар және бөлікше аралық ұлпада
полиморфтық торшалардан құралған инфильтраттар кездеседі [1,4,7,8,9].

1.8 Бруцеллез ауруын балау

Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық,
аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.
Індеттанулық деректерден бұл жерде бұрынғы уақытта бруцеллездің
болған - болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қорытындылары
еске алынады. Айрықша көңіл бөлетін мәселе, шеттен әкелінген мал және
оны карантиңдеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған төлдің санына
аналық малдын іш тастауы мен қысыр қалуына және оның себептеріне мүқият
талдау жасалынады.
Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит,
ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса
көңіл аударылады. Клиникалық тексеру арқылы еннің шылауын сипап қошқардың
жұқпалы эпидидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.
Буаз мал іш тастаса, міндетті түрде лабораториялық тексеру жүргізеді.
Ол үшін бактериологиялық зерттеуге тастанды төлді ұрық қабымен немесе
төлдің қарнын екі жағын буып ішіндегісімен, бауыр мен көкбауырдың
кесінділерін, енін шылауымен, жатырдың өзгеріске ұшыраған тұстарынан
кесінді және сөл түйіндерін алады. Аталған материалдарды ауырған малдың
әрқайсысынан жеке - жеке кешіктірмей бірден іш тастаған немесе сойған кезде
алып, лаборатарияға консервіленбеген күйі жеткізеді. Егер
патологиялық материалды тексеруге бір тәулік ішіңде жеткізу мүмкін болмаса,
оны тастанды төлден басқасын глицериннің 30 %-ті судағы
ерітіндісімен консервілейді. Сонымен бірге, лабораторияға серологиялық
тексеруге сол малдың сүтін, қанын немесе қанның сарысуын жібереді
[1,4,8,9].
Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап,
ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық
сынама жасайды. Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру
үшін кеңінен қолданылады. Бұлардың ішіңдегі ең танымал әдістер:
агглютинация реакциясы АР, комплемент байланыстыру реакциясы, ұзақ
байланыстыру реакциясы ҚҰБР, сонымен қатар роз бенгал сынамасы РБС.
Соңғы кезде Қазақстанда ашылған Т.Сайдуддин, 1972 конглютининдеуші
кешенді байланыстыру реакциясы ККБР немесе Сайдулдин реакциясы (СР)
практикаға енгізіле бастады. Жалпы індеттік жағдайды бақылау үшін сүтпен
қойылатын шығыршық реакциясын ШР пайдалануға болады.
Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп
есептеледі. Бүл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне және
тері астына көздің астыңғы қабағына жібереді. Бірақ аллергиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары
Бруцеллез ауруына қарсы жүргізілетін күнтізбелік жоспар
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шаралары
Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу
«ОҚО Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы малдарының «бруцеллез (сарып)» ауруынан алдын алу және онымен күресу шаралары
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Пәндер