Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1Қозы диплококкоз ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.1Қозы диплококкоз ауруының эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.2Қозы диплококкоз ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.3Қозы диплококкоз ауруындағы өлекседегі өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1.4 Қозы диплококкоз ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.1.5 Қозы диплококкоз ауруының емі және алдын алу жолдары ... ... ... ... ... ..11
1.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... . 15
1.5 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.6 Ұйымдастыру . шаруашылық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.7 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміэ /нозологиялық балау/ қай ауру екенін анықтау болса /мысалы аусыл, немесе топалаң/, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының калыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай халықтарда ерте заманнан - ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал етіп, оны "вакциналау" деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды /үасса - латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршықтар пайдаланылды.
Қозы диплококкоз ауруы қозының өкпесін, асқазанын, буындарын зақымдайтын және өте жіті өтетін індет.Аурудың микробы сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Қой нәжісімен араласып сыртқа шыққан микроб күн сәулесінде екі айға дейін, қараңғы жерде бірнеше ай бойы өмір сүреді.Микроб 50—60°С ыстықта 10 минуттың ішінде өледі. Індет қозыға ауру қойдан жұғады, яғни ауырған саулықтың жыныс органдары, желіні қабынады да, енесін емген қозы ауруға шалдығады. Ауруға көбінесе 2—3 айлық қозы бейім келеді. Күтімі нашар қой ауруға тез шалдығады. Індет Қазақстанның оңтүстік аймағында көктем, жаз мезгілінде шығады. Ауырған төл қызуы 40—41° С-қа дейін көтеріледі. Қозының тыныс алуы қиындап, тамырының соғуы жылдамдайды. Көздері қызарады. 3—4 күн өткен соң жөтел пайда болады, қозы ыңқылдап, жүні жығылады. Төлдің іші өтіп, танауынан маңқа ағады. Нәжіске қан, жалқаяқ араласады, екі күннен кейін қозының буындары ісінеді. 3—4 күн өткен соң төл әбден арып, қиналып өледі. Өлер алдында қозы денесінің қызуы төмендейді.
Өлген төлді сойып қарағанда кілегейлі және сыртқы қабықтары, ішкі органдары қанталағанын, лимфа бездерінің үлкейгенін, іштің кеуде және үлпершек қуыстарында қан аралас жалқаяқ іркілгенін кереміз.
Талақтың үлкейгені, бауырдың ісініп босаңсығаны, өкпенің қабынып, қарайғаны айқын білініп, тіліп жібергенде өкпе ұлпасы алапестеніп тұрады. Қозы буындарының іскені байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты – қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шараларын зерттеу [1,2].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999. -135б.
2 Кононов И.В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И.В. Мәскеу, Колос баспасы, 1972.-161б.
3 Бердімұратов Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 139б.
4 Әмірбек Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -157б.
5 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-130б.
6 Төлеуіш Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-182б.
7 Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 172б.
8 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос , 1984.-115б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары тақырыбына жазылған курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1Қозы диплококкоз ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1.1Қозы диплококкоз ауруының эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.2Қозы диплококкоз ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10
1.1.3Қозы диплококкоз ауруындағы өлекседегі өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... .10
1.1.4 Қозы диплококкоз ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.1.5 Қозы диплококкоз ауруының емі және алдын алу жолдары ... ... ... ... ... ..11
1.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... . 15
1.5 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.6 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.7 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Анықтамалар

Қозы диплококкоз ауруы - қозының өкпесін, асқазанын, буындарын зақымдайтын және өте жіті өтетін індет.
Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің күшейуі.
Цитогенетиқалық метафазалық тәсіл хромосомнын саны, үлкендігі, пішіні және центромерлердің орналасуын анықтауға негізделген.
Гематологиялық зерттеуге күре тамырдан алынатын қанның әр миллилитріне антикогулянт ретінде 0,02 мл есеппен 10 % этилендиаминтетраацетат сірке қышқылын ЭДТА, яғни трилон Б қосады.
Тері лейкозы - бұл аурудың бірдең бір жазылатын түрі, негізінен 1 жастан 3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі.
Вирусологиялық зерттеулер электрондық микроскоптың көмегімен қан лейкоциттерінің аз мерзімді өсінінде, бірқабат торшалар өсінінде алынған вириондарды көруге негізделген.
Серологиялық реакциялардан лейкозды балау үш диффузиялық преципитадия реакциясы колданылады.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген) сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады.
Індеттанулық болжау -- індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру.
Індеттанулық эксперимент -- тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.

Қысқартулар мен белгілер

% - пайыз
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
м-метр
л - литр
Q - жылу
КБР- комплементті байланыстыру реакциясы
ДПР - диффузды преципитация реакциясы
ИФТ - иммунды - ферментті талдау
БР - бейтараптау реакциясы
ЦПӘ - цитопатогендік әсер
РНҚ - рибонуклеин қышқылы
рН - ортаның қышқылдығы

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2014ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2014ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет -- жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері -- арасында, zооп -- жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміэ нозологиялық балау қай ауру екенін анықтау болса мысалы аусыл, немесе топалаң, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары, індет ошағының калыптасу жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай халықтарда ерте заманнан - ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал етіп, оны "вакциналау" деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды үасса - латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршықтар пайдаланылды.
Қозы диплококкоз ауруы қозының өкпесін, асқазанын, буындарын зақымдайтын және өте жіті өтетін індет.Аурудың микробы сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Қой нәжісімен араласып сыртқа шыққан микроб күн сәулесінде екі айға дейін, қараңғы жерде бірнеше ай бойы өмір сүреді.Микроб 50 -- 60°С ыстықта 10 минуттың ішінде өледі. Індет қозыға ауру қойдан жұғады, яғни ауырған саулықтың жыныс органдары, желіні қабынады да, енесін емген қозы ауруға шалдығады. Ауруға көбінесе 2 -- 3 айлық қозы бейім келеді. Күтімі нашар қой ауруға тез шалдығады. Індет Қазақстанның оңтүстік аймағында көктем, жаз мезгілінде шығады. Ауырған төл қызуы 40 -- 41° С-қа дейін көтеріледі. Қозының тыныс алуы қиындап, тамырының соғуы жылдамдайды. Көздері қызарады. 3 -- 4 күн өткен соң жөтел пайда болады, қозы ыңқылдап, жүні жығылады. Төлдің іші өтіп, танауынан маңқа ағады. Нәжіске қан, жалқаяқ араласады, екі күннен кейін қозының буындары ісінеді. 3 -- 4 күн өткен соң төл әбден арып, қиналып өледі. Өлер алдында қозы денесінің қызуы төмендейді.
Өлген төлді сойып қарағанда кілегейлі және сыртқы қабықтары, ішкі органдары қанталағанын, лимфа бездерінің үлкейгенін, іштің кеуде және үлпершек қуыстарында қан аралас жалқаяқ іркілгенін кереміз.
Талақтың үлкейгені, бауырдың ісініп босаңсығаны, өкпенің қабынып, қарайғаны айқын білініп, тіліп жібергенде өкпе ұлпасы алапестеніп тұрады. Қозы буындарының іскені байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты - қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шараларын зерттеу [1,2].

1 Негізгі бөлім

1.1Қозы диплококкоз ауруы

Қозы диплококкоз ауруы - қозының өкпесін, асқазанын, буындарын зақымдайтын және өте жіті өтетін індет.
Аурудың микробы сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Қой нәжісімен араласып сыртқа шыққан микроб күн сәулесінде екі айға дейін, қараңғы жерде бірнеше ай бойы өмір сүреді.
Микроб 50 -- 60°С ыстықта 10 минуттың ішінде өледі.

1.1.1Қозы диплококкоз ауруының эпизоотологиясы

Індет қозыға ауру қойдан жұғады, яғни ауырған саулықтың жыныс органдары, желіні қабынады да, енесін емген қозы ауруға шалдығады.
Ауруға көбінесе 2 -- 3 айлық қозы бейім келеді. Күтімі нашар қой ауруға тез шалдығады.
Індет Қазақстанның оңтүстік аймағында көктем, жаз мезгілінде шығады.

1.1.2Қозы диплококкоз ауруының клиникалық белгілері

Ауырған төл қызуы 40 -- 41° С-қа дейін көтеріледі. Қозының тыныс алуы қиындап, тамырының соғуы жылдамдайды.
Қөздері қызарады. 3 -- 4 күн өткен соң жөтел пайда болады, қозы ыңқылдап, жүні жығылады.
Төлдің іші өтіп, танауынан маңқа ағады. Нәжіске қан, жалқаяқ араласады, екі күннен кейін қозының буындары ісінеді.
3 -- 4 күн өткен соң төл әбден арып, қиналып өледі. Өлер алдында қозы денесінің қызуы төмендейді.

1.1.3Қозы диплококкоз ауруындағы өлекседегі өзгерістер

Өлген төлді сойып қарағанда кілегейлі және сыртқы қабықтары, ішкі органдары қанталағанын, лимфа бездерінің үлкейгенін, іштің кеуде және үлпершек қуыстарында қан аралас жалқаяқ іркілгенін кереміз.
Талақтың үлкейгені, бауырдың ісініп босаңсығаны, өкпенің қабынып, қарайғаны айқын білініп, тіліп жібергенде өкпе ұлпасы алапестеніп тұрады. Қозы буындарының іскені байқалады.

1.1.4 Қозы диплококкоз ауруын анықтау

Індет эпизоотологиясына, клиникалық белгілеріне, өлекседегі езгерістеріне қарай анықталады.
Ауруды ажырату қиынға түссе, бактериологиялық зерттеу, биологиялық сынау әдістері қолданылады.

1.1.5 Қозы диплококкоз ауруының емі және алдын алу жолдары

Ауырған төлді бөліп алып, диплококкозға қарсы 5 -- 10 мл мөлшерде арнаулы қан сары - суы егіледі.
Жүрек қызметін жаксарту мақсатымен күніне 2 -- 3 рет кофеин, камфора жіберіледі. Қозының әр кг салмағына 0,02 -- 0,05 ЕД есебімен норсульфазол ішкізген дұрыс.
Бұлшық етке малдың 1 кг салмағына 1000 -- 2000 ЕД есебімен 2 -- 3 тәулік бойы күніне 2 -- 3 рет пенициллин жіберіледі. Стрептомицин 2000 ЕД есебімен 2 -- 3 тәулік бойы күніне 1 рет егіледі.
Індетке қарсы антибиотиктерді қан сарысуымен қатар қолданса нәтижелі болады.
Қора, төл күтуге қолданылған ыдыс-саймандар күйдіргіш натрдың ыстық ерітіндісімен зарарсыздандырылады.
Шаруашылықта диплококк індеті бұрын байқалған болса жаңа туған төлге аурудан сақтандыру мақсатымен 5 -- 10 мл қан сары - суы егіледі.
Ал бір апта өткен соң төлдің бұлшық етіне диплококк формол вакцинасы жіберіледі. Вакцина екі рет егілуге тиіс.
Аурудың алдын алу үшін төл азығының құнарлы, сіңімді болуына баса көңіл бөлу керек. Қораның тазалығы, жылылығы, жарықтығы ауруды болдырмауға үлкен септігін тигізеді.
Жыныс органдары зақымдалған ұрғашы малды шағыстыруға болмайды. Ондай қойдан алынған телді де 2 -- 3 аптаға дейін кеп төлге қоспай бөлек ұстау қажет.

1.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.
Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады.
Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты бір негізі -- олардың кешенді түрде жүргізілуі.
Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру -- шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз -- індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі -- олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылады.
Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.
Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады [1,2,3,6,7].

1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады.
Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау -- індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады.
Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады.
Соңымен саластырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент -- тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Бұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз.
Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді.
Соңдықтан да практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді.
Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау -- індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады.
Қысқа мерзімді болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі. Орта мерзімді болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады.
Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек.
Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт. Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы Жұқпалы аурулар курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты, үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді.
Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді.
Індеттану курсында карастырылатын ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация [1,2,4,7,8].

1.4 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау әдістері

Ал кейбір аурулар мен-барлық малдың түрі және адамдарда ауырады, қауіпті-оны зоонозы және антропозоонозы - дейді. Олар бруцеллез, туберкулез, бешенство (кұтыру), күйдіргі (сибирская язва) және басқалар.
Соған байланысты әрбір малдәрігернің басты міндеті жұқпалы аурулармен күресу және күрескенде, жұқпалы ауруды болдырмау және малдар арасына таратпау болып табылады. Ондай күресу әрекетін (предупреждение) ескерту, болдырмау немесе профилактика (алдын алу сақтандыру) дейді.
Ең басты мәселе шарушылықта, ауылда, әкімшілікте ауруды болдырмау, ауруды уақытылы білу ауру малды анықтау болған жагдайда оны әрі қарай таратпау, ол ауру шыққан жерде (ауру ошағында) ауруды жою болып табылады.
Ауру тудыратын себебіне (ауру қоздырғышына) организмге байланысты ауруды инфекциялық (жұқпалы микроб вирусханырау кұлақ риккетен) аурулар, ал қоздырғышы (кұрттар, жан-жануарлар, шыбын-шіркейлер) жануарлар болса инвазиялық аурулар деп бөледі.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Бұл ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан-жақты қолданылады.
Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты індеттің адамдар мен жануарлар арасында таралуын бірге қарастыруға тура келеді.
Малдан адамға, керісінше, адамнан малға жұғатын аурулар біршама. Бұдан келіп медициналық індеттану (эпидиомиология) мен ветеринарлық індеттанудың (эпизоотология) тікелей байланыстылығы туады
Жұқпалы ауруды зертханалық зерттеуге, бактериялык, серологиялык, биологиялық тексерулер жатады.
1. Бактериологиялық тексеру
Жұқпалы аурудың қоздырғышын табу үшін,зертханаға ауру малдың өлігін
ішкі органдарын, немесе ауру малдан бөлінген зәр, қи, тыныс мүшелерін жыныс мүшелеріннен,асказан мүшелеріннен бөлінген заттарды жібереді.
Жіберілген материал өте жаңа болу шарт. Материалды зерттейтін кұрал-саймандарда таза стерильді болуы шарт.
Алынған материалды жіберер жақсылап орау(целлофанға) керек. Ол микроб далаға түспеу керек.
Егер микроб далаға түссе ауру тарауға себепші болады. Ауыру тараудың көзі болуы мүмкін.
Бактериологиялык тексеруде микроскоп коданылады микроскоппен микробтың іздейді және микроб табса одан себін жасайды.
Тағы да себістен жағынды жасап микроскопта тексереді. Сонымен қатар зертханалык малдарды қолдан ауыртады. Одан соң ол малдарды сойып, тағы да микроскоппен көреді. Микробтың формасын, көлемін, микробтың орналасуын т.б. ажыратады.
Сондай-ақ микробтың боялу қасиетін (граммоң, граммтеріс боялу) қасиеттерін анықтайды.
2. Жұқпалы ауруларды серологиялық жолмен тану әдісі
Серологиялық ауру тану әдісі деп ару малдың канындағы сарысудағы Арнайы денешікті (антителаны) табуды, анықтауды айтады. Ол үшін дайын арнайы қан сарысуындагы антигенді пайдаланылады.
Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен колдануда. Оның ішінде агглютинация реакциясы (РА), комплемент байланыстыру реакциясы (РСК) және преципитация реакциясы (РП) әдістері кеңінен колдануда. Ол үшін ауру малдан пробикада қан алып, лабораторияға жібереді.
Зертханада дайындалған нұсқау (инструкция қанды реакцияға қойып олардың корытындысын хабарлайды, осындай әдіспен бруцеллез, туберкулез, Ауески т.т. тексеріледі.
Ауру шыкса онда ауруды таратпау үшін іс шара жасалынады. Агглютинация реакциясы-бруцеллез, паратиф, құс пуллорозы т.б. анықтау үшін колданылады.
Ол ауру малдың кан сары суындағы антителаны - агглютининді белгілі антиген (бұрынан дайындап койған қоздырғышпен) реакция арқылы аныктайды.
Егерде тексерілетін ауыру малдың кан сары суында антитела болса антигенмен агглютиннацияға түсіп (жабысып -- склейвания) болады. Оң реакция кезіде пробиркада тұнба пайда болады. Оны сәл сілкісек тарап кетеді. Сары судағы антителаны мүмкіншілігінше сұйылтады, (талаусырау) пайда болады.
Былайша айтқанда аурудың ерекше клиникалық белгілері терінің қызаруы, бөртуі, күлдіреу, демігу, жүрек қызметінің нашарлауы, әр жерлерде ісіну пайда болады.
Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің күшейуі. Мысалы туберкулезбенауырған малға туберкулин - (ол туберкулез микробын бульонда сорпада) өсіріп, оны сүзіп (фильтрден өткізіп) алынған сүйық (фильтратты), паренерально ексе, организмде аллергиялық реакция пайда болады.
Кей жағдайда аллергиялық реакция пайда болмай қалады - оны анергия - дейді.
Анергия -- екі жағдайда болуы мүмкін. Бірінші организмде қорғаныс күштер күшті (антитела күшті болғанда), екінші, аурумал организмі өте нашарлап кеткенде, егілген аллергенге организм жағдаиы жауап болады.
Аллергендер (туберкулин, маллеин, бруциллолизат) және басқада түрлері өндірісте жиі қолданылады. Мысалы, аллергиялық тексерулер жүргізу қолданамыз [1,2,7,8].

1.5 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады.
Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады.
Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау -- індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады.
Салыстырмалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қозының жыбырлақ ауруы
Жұғымтал эктимамен күрес шаралары
Жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Некробактериоз
Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу
Қой қылауының індеттанулық мәліметтерді, клиникасы және диагностикасы
Бруцеллиоз
Пәндер