Ешкінің індетті плевропневмониясы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары


Анықтамалар
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы - дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Аурудың таралған аймағын - нозоареал деп атайды.
Тетрациклиндер - төрт ядролы гидроароматты қосындылардың конденсациялық туындылары. Бұл топтың негізін тетрациклин, хлортетрациклин және окситетрациклин құрайды.
Тетрациклин - бұл препарат құрылысы жөнінен тетрациклин қосындыларының ішіндегі ең қарапайымы, бірақ оларға тән микробтарға қарсы әсерімен бірге биологиялық белсенділігі толық сақталған.
Морфоциклин - тетрациклиннің синтетикалық туындысы. 1 мг-да 600 ӘБ бар. Әсері тетрациклинге ұқсас, бірақ суда жақсы еритін болғандықтан, тез нәтиже алу үшін қолданылады.
Эпидемиология - медициналық індеттану.
Эпизоотология- ветеринарлық індеттану.
Инфектология - жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығы.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Аллергия дегеніміз-организм сезімділігінің күшейуі.
Індеттанулық эксперимент - тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.
Аннотация
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен жазылған «Ешкінің індетті плевропневмониясы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» атты курстық жұмысым 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе . . . ……… . . . ……. 8
1Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Ешкінің індетті плевропневмониясы . . . 10
1. 1. 1Ешкінің індетті плевропневмониясының қоздырушысы . . . 10
1. 1. 2 Ешкінің індетті плевропневмониясының індеттік ерекшеліктері . . . 10
1. 1. 3Ешкінің індетті плевропневмониясымен дерттенуі . . . 11
1. 1. 4 Ешкінің індетті плевропневмониясы өтуі мен симптомдары . . . 11
1. 1. 5 Ешкінің індетті өлекседегі өзгерістер . . . 12
1. 1. 6 Ешкінің індетті плевропневмониясын балау . . . 12
1. 1. 7 Ешкінің індетті плевропневмониясының емі . . . 12
1. 1. 8 Ешкінің індетті плевропневмониясының иммунитеті . . . 13
1. 1. 9Ешкінің індетті плевропневмониясын дауалау және күресу шаралары . . . 13
1. 2 Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы . . . 13
1. 2Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 13
1. 3 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 18
1. 4 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 21
2 Өзіндік зерттеу . . . 23
3 Техника қауіпсіздігі . . . 27
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Қысқартулар мен белгілер
м 2 -шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
Ә. Б. - әсер ету бірлігі
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2014ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2014 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2014ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
«»кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2014ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2014ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, детов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. )
Бұл аурумен көбінесе жас қозылар ауырады. Байқалатын кезі - қой қоздайтын мезгіл. Індеттін, коздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ететіндіктен ауру қайта-қайта өрши беруі мүмкін.
Індет сау төлге ауру қойдан жұғады. Өйткені дизентерия қоздырғышы бар қойды қозы емеді де, ауру енесінің сүті арқылы төл ге енеді. Сонымен катар, ауру қоздырғышымен ластанған қой қоралар, қой қоздайтын бөлмелерден індет жаңа туған қозыларға тарайды.
Аурудың қоздырғышы ішек куысында уын шығарады да, оның іріткіш қасиетінің салдарының ішектің кілегей қабығы қабынады. Соның әсерінен пайда болған токсин қозы организмін улайды.
Сонымен қатар, токсин қанның ақ түйіршігін уландырып, олардың фагоцитарлық қызметін жояды. Осы уланудың салдарынан ыдыраған тканьдер кеселді одан сайын өршіте түседі.
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы - дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі. Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, түйеде - ақшелек, ешкіде - кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді.
Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді. Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді.
1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды. Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады.
Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - ешкінің індетті плевропневмониясы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Ешкінің індетті плевропневмониясы
Ешкінің жұқпалы плевропневмониясы- дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі.
Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, түйеде - ақшелек, ешкіде - кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді.
Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді.
Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді.
1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды.
Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады.
Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді.
1. 1. 1Ешкінің індетті плевропневмониясының қоздырушысы
Қоздырушысы-Mycoplama mycoides түрінің cаpri варианты - морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұқпалы плевропневмониясының қоздыруышысына ұқсас, одан тек антигендік құрамы арқылы ерекшеленеді.
Микоплазманы жаңадан алынған патматериалдан сұйық және тығыз қоректік орталарда өсіру арқылы оңай бөліп алуға болады.
Тығыз ортада шық сияқты мөлдір, ортасы батыңқы, формасы түймеге ұқсас өсін береді. Өсінділері екі түрлі S және R формалы болып келеді. Сұйық орта сәл ғана лайланып бетінде нәзік қабыршық түзіледі.
Микоплазма сыртқы ортаның әсеріне төзімсіз, 55-56ºС оны 40 мин өлтіреді. 1 % креолин ерітіндісі 5 мин, 0, 25 % фенол 2 сағатта өлтіреді. 50 % глицерин ерітіндісіне салғанда қоздырушының уыттылығы үй температурасында 27 күн, ал 10-12ºС-та қараңғы жерде 50 күн сақталады.
Шіріген материалда белсенділігін 3 күн, ал минус 1-ден 2ºС-ге дейінгі аралықта уыттылығын 2 айға дейін сақтайды.
1. 1. 2 Ешкінің індетті плевропневмониясының індеттік ерекшеліктері
Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдан койға жұқтыруға болады, бірақ барлық жағдайда емес.
Табиғи жағдайда 3 жасқа дейінгі ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысының. бастауы ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сорамен және несеппен бөліп шығарады.
Қоздырушысы аэрогендік жолмен жұғады. Шыққан ауру сол ағымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ға жетеді.
1. 1. 3Ешкінің індетті плевропневмониясымен дерттенуі
Кебенектің микоплазмасы өкпеге енген соң бронхалар арқылы бронхоаралық ұлпаға өтіп, онда тез өсіп-өнеді, қабыну процесін тудырады. Алдымен алвеолалар зақымданады да, бастапқы пневмония ошақтары пайда болады.
Олар ірі ошақтарға бірігеді де, сырты қабыршақтанып, өліеттенген телімдерге айналады.
Бұның нәтижесінде өкпедегі ауа алмасуы бұзылады. Пневмония одан әрі өршігенде экссудативті процесстер басым болып, плевраны да қамтиды. Дерт асқынғанда екі өкпеніде зақымдайды.
Қабынған өкпе ұлпасы қызыл гепатизация, кейде сұрғылт гепатизация сатысында болады.
Зақымданған қан және сөл тамырлары тромбамен бітеледі де, өкпе ұлпасының өліеттеніп, шіріп, секвестрлер пайда болуына әкеліп соғады. Бұдан барып дерттің бүкіл денеге жайылып, өлітию байқалады.
1. 1. 4 Ешкінің індетті плевропневмониясы өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 1-3 апта. Ауру әдетте жіті, кейде созылмалы өтеді.
Жіті өткенде жануардың ыстығы бірден 41-42ºС-қа көтеріледі, жүруі қиындайды, жем-шөпке қарамайды.
Ауру мал шөлдеп, жөтеледі. Бастапқыда құрғақ, қатты жөтеледі, кейіннен экссудативті плеврит байқалғанда жөтел дымқылданады.
Танаудан бастапқыда сұйық, кейіннен қоймалжың іріңді экссудат ағады.
Өкпені тыңдағанда бастапқыда везикулярлық, кейіннен бронхалық тыныс естіледі, сырыл пайда болады.
Қабырғаларының арасын басқанда жануар ауырсынады.
Ауру өршіген сайын жүректің қызметі бұзылып, жүрек соғысы жиілейді. Тынысы тарылып, демігеді.
Кей жағдайда ауырған малдың қабақтары ісініп, көзінен ірің ағады. Буаз ешкі іш тастайды. Өлер алдында іші өтеді, 7-10 күнге созылады. Өліммен аяқталады.
Созылмалы өткенде аурудың белгілері бәсең байқалады, дененің ыстығы өзгермелі, негізінен созылмалы пневмонияның белгілері байқалады.
Малдың күтімі нашар болса ауру асқынып кетеді. Ауру жануар тірі қалса да, толық жазылып кетпейді, ұзақ уақыт сақталады.
1. 1. 5 Ешкінің індетті өлекседегі өзгерістер
Ауру жіті өткенде көкірек қуысында 1-2 л қызғылт-сары түсті лайланған экссудат жиналады. Өкпе тұтастай немесе жеке бөліктері бауырланудың әртүрлі сатысында, ал тіліп көргенде «мәрмәр» түсті болады.
Плеврада ұйыған фибрин жіп тәрізді немесе жұқа қабыршақ болып жабысып тұрады. Бронх төңірегіндегі және өкпе аралық сөл түйіндері ұлғайып, суланады.
Кебенек созылмалы өткенде өкпе өліеттеніп, өліеттенген телімдердің айналасы қабықтанады. Өкпенің ұлпасы іріңдеп, ыдырайды.
1. 1. 6 Ешкінің індетті плевропневмониясын балау
Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі.
Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз.
Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады(КБР-мен анықтайды) .
Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды.
Ажыратып балау. Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады.
Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.
1. 1. 7 Ешкінің індетті плевропневмониясының емі
Кебенекпен ауырған ешкілерді емдеу үшін новосальварсан немесе оның туындысы новарсенол қолданылады. Новосальварсанның дозасы ересек ешкіге - 0, 5 г, лаққа 0, 3 г. Оны 5 мл дистилденген суға ерітіп, көктамырға баяу, өте мұқият 1-2 мин бойы жібереді.
Ерітіндінің тері астына болмашы мөлшері кетіп қалса, асептикалық қабыну процесін тудырады.
Новарсенолды малдың әр кг. массасына 0, 01 г мөлшерде 2% судағы ерітіндісін көктамырға жібереді.
Бұл дәрілерді бергеннен кейін мал жазыла қоймаса 5-6 күннен кейін емдік процедураны қайталайды.
Сонымен қатар осарсолмен емдеуге болады. Жануардың 1 кг массасына 0, 01 г мөлшерде 2% сода ерітіндісіне езіп, күніне 1 реттен 5 күн бойы ішкізеді. Бұдан басқа тетрациклин тобындағы антибиотиктерді: биомицин, тетрациклин немесе окситетрациклинді пайдалануға болады.
1. 1. 8 Ешкінің індетті плевропневмониясының иммунитеті
Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өкпенің зақымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалған пайдаланылады.
1. 1. 9 Ешкінің індетті плевропневмониясын дауалау және күресу шаралары
Кебенек шыққан шаруашылыққа карнтин қойылады. Барлық ешкілер күн сайын тексеріліп, термометрияланады.
Күдікті ешкіні бөліп алып, емдейді. Ауруларын сойып, етін шартты жарамды ет ретінде пайдаланады. Қалған ешкілерді оқшаулайды.
Қораны тазалап, 2% күйдіргіш натрийдің қыздырылған 70º ерітіндісімен, 2% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Карантин ең соңғы ауру ешкі сойылған немесе өлгеннен кейін 2 айдан соң алынады.
1. 2 Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы
Сиырдың жұғымтал плевропневмониясы (мәлік, ала өкпе, Рleuropneumonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) - өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның жұқпалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатындығын көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ру (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.
Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында мәлік дүние жүзінде кең тарады, ал қазір бұл ауру көптеген елде жойылды. Сөйтседе бірақтар Африка және Азия елдерінде әлі де болса кезігеді, ал кейбір Европа елдерінде оқтын-оқтын байқалып қалады. Бұрынғы Кеңес Одағында ауру 1928 ж. жойылды деп есептеледі.
Қоздырушысы - Мусoplasта тусоіdes var. Mусоides микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша Моlicutes класының Мусоplasmatales қатарына жатады. Аса полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады. Үлкендігі 0, 2-0, 8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді.
Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиеті мықты торша қабырғасы болмай, оның орнында тәуелсіз қабатты цитоплазмалық мембрананың болуынан. Қоздырушы аурудың асқынған кезеңінде экссудат пен ішкі ағзалардан оңай бөлінеді, қан сарысуы мен ашытқы экстрактары қосылған Мартен сорпасында өседі.
Микоплазмалар химиялық және физикалық әсерлерге төзімсіз. Күн сәулесінен немесе ауада кептіруден 5 сағ, 58°С температурада 1 сағ ішінде өледі.
Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында қапысыз зарарсыздандырады. Сонымен қатар микроб кейбір жағдайда ұзақ сақталады. Шіріген материалда 9 күн, суықта қатырылған өкпенің кесіндісінде жыл бойы тіршілігін жоймайды. Лиофильдік жағдайда кептірілген микоплазманың уыттылық куаты 5 жылға жетеді.
Індеттік ерекшеліктері. Сиырдың жұғымтал плевропневмониясымен табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, кодас, бизон, енеке (зебу) ауырады. Қолдан қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік бұғысына жұқтыруға болады.
Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған флегмониялық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм тұтастай уланады.
Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі. Егер материалды (сөлді) құйрықтың ұшындағы тері астына жіберсе, аздаған ғана орны шектелген реакция байқалады. Кейде өліеттеніп, малдың құйрығы түсіп қалады, асқынып кетсе тіпті өлімге соқтырады.
Жұқтырудың басқа жолдары (көк тамырға, кеңірдекке, өкпеге, жеммен бірге) мәлікке тән құбылыстар бермейді. Плевра ішіне жұқтыру өкпені зақымдамай экссудативтік плеврит тудырады.
Шово мен Нокар ауруды қолдан жұқтару үшін ауру сиыр мен сау сиырдың тұмсықтарын қан арқылы қосарлап тұмшалап оң нәтижеге жеткен болатын.
Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал. Әсіресе созылмалы түрде ауырған мал аса қауіпті, өйткені ондай жағдайда аурудың көзге түсер белгілері байқалмайды.
Ауру ауырған мал мен сау малды бірге ұстағанда жұғады. Бұл үшін аз уақыт жанасудың өзі жеткілікті.
Ауру малдың денесінен қоздырушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі - респираторлық жолмен жұғуы. Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген ошақтарында жылдан аса уақыт сақталады. Ауруың асқынуы микробтың сыртқы ортаға бөлінуіне себеп болады.
Сиырдың мәлікке бейімділігі әр өлкеде әртүрлі болуы заңды құбылыс. Ауру ұзақ уақыт жайлаған аймақта жергілікті малдың оған төзімділігі жоғары болады.
Ал сырттан әкелінген мал тез ауырады. Табындағы мал түгелдей ауырмайды, олардың бір бөлігінде ауру жұкқан кезде тек қана ыстығы көтеріліп, серологиялық оң реакция байқалады да, өкпесі зақымданбайды.
Жұқпалы плевропневмония індеті баяу өрбіп, бірнеше жылдарға созылады. Малдан малға жұғуы тығыз, нашар желдетілетін қорада тезірек өтеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ке жетеді.
Дерттенуі. Мәліктің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы еніп, ұсақ бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дәнекер- ұлпаны зақымдап, оны домбықтырады.
Сол тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пневмония өрбіп, осы ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әртүрлі стадиялары байқалады [1, 3, 4] .
Қабыну, қан және сөл тамырларының бітелуі нәтижесінде өкпенің зақымданған бөлігінің анемиялық өліеттенуі байқалады. Бұл процесс кеудеаралық және бронхалық сөл түйіндерін және өкпе пердесі - плевраны қамтиды.
Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дәнекер ұлпадан құралған қабыршақ түзіледі де, секвестерлер пайда болады. Олардың ішінде ауру қоздырушысы ұзақ уақыт сақталады да, қабыршақтың бүтіндігі бұзылса айналадағы сау ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. Баяу типтес сезімталдық дерттің өрбуінде біршама маңызды роль атқарады.
Жұқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа созылып, толықтай жазылып кетпейді. Сөл тамырларының қабынуы мен бітелуі экссудаттың сіңірілуіне бөгет жасайды.
Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек, жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыратады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады. Ауру аса жіті, жітіден төмен, созылмалы және кәдімгідей емес түрде өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz