Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 бетті құрап, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кестені қамтиды.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Жылқының ринопневмониясы . . . 9

1. 1. 1Жылқының ринопневмониясының қоздырғышы . . . 9

1. 1. 2 Жылқының ринопневмониясы ауруына бейімділік . . . 9

1. 1. 3 Жылқының ринопневмониясы ауруының шығуы мен жұғуы . . . 9

1. 1. 4 Жылқының ринопневмониясының клиникалық белгілері . . . 9

1. 1. 5 Жылқының ринопневмониясындағы өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . . . 10

1. 1. 6 Жылқының ринопневмониясын анықтау . . . 10

1. 1. 7 Жылқының ринопневмониясының емі . . . 10

1. 1. 8 Жылқының ринопневмониясынан арылу және одан сақтану шаралары . . . 10

1. 2 Жұқпалы плевропневмония . . . 11

1. 3Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 12

14Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 14

1. 5 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары . . . 17

2 Өзіндік зерттеу . . . 21

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста төмендегі анықтамалар қолданылды:

Ринопневмония (вирустық іш тастау) - ДНК-лы герпес вирус қоздыратын, тыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздықтың екінші жартысында іш тастаумен ерекшеленетін, жіті өршитін жылқы ауруы.

Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара

Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара

Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Каверна - қуыс

Маллеинизация - маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.

Орхит - ені қабынып ісіп кетеді

Некроз - өлі етке айналу

Этиотропты ем - аурудың себебіне /этиологиялык факторына/, яғни оның коздырушысына қарсы бағытталады

Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай - күйіне байланысты, дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.

Қысқартулар мен белгілер

Осы курстық жұмыста төмендегі қысқартулар мен белгілер қолданылды:

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат

О-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

ПВС-поливинилді спирт

РНК - Рибонуклеин қышқылы

ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы

млн - миллион

т. б. - тағы басқа.

КБР - комплемент байлаланыстыру реакциясы

АР - агглютинация реакциясы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zооп - жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады.

Алыс және жақын шетелдермен шекараның ашылып, сауда-саттықтың - оның ішінде мал импорты мен экспортының (оның өнімдерінің) қатынасы жолға қойылып қарқынды дамуда. Осыған орай мал дәрігерінің қызметкерлері жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік ережелерді бұлжытпай орындауға міндетті. Осымен бірге, үш мемлекеттің - Ресей, Белорусия, Қазақстан Республикасының кедендік Одағының құрылуына байланысты жануарлар мен мал түліктері арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды емдеу мал дәрігерінің басты міндеттернің бірі болатындығы сөзсіз. Жоғарыдағы аталған мәселелерді шешуде індеттану ілімінің (эпизоотологияның) маңызы зор [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының ринопневмония ауруымен күресу шараларын ұйымдастыруды үйрену.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Жылқының ринопневмониясы

1. 1. 1Жылқының ринопневмониясының қоздырғышы

Ринопневмония (вирустық іш тастау) - ДНК-лы герпес вирус қоздыратын, тыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздықтың екінші жартысында іш тастаумен ерекшеленетін, жіті өршитін жылқы ауруы.

Сондай-ақ денеге енген стрептококк, диплококк, ішек таяқшасы сияқты және басқа да шартты патогендік микробтар да малға іш тастатуы мүмкін. Іш тастау микробтан болмаса, түсік қарынындағы жын мен қағанақ суынан бактериофагтар табылады.

1. 1. 2 Жылқының ринопневмониясы ауруына бейімділік

Індетті іш тастау ауруына еркек ұрғашылығына, жасына және физиологиялық күйіне қарамастан тек жылқы шалдығады.

1. 1. 3 Жылқының ринопневмониясы ауруының шығуы мен жұғуы

Таралуының ең қауіпті жолы - ауру мал. Ауру қоздырғышы іш тастау кезінде қағанақ суына, сондай-ақ нәжіске ілесіп мал денесінен сыртқа шығады. Ауру шағылысу кезінде және микроб тамған азық, қора-жай арқылы жұғады. Ол құрсақтағы құлынға да жұғуы мүмкін, мұндай құлын көбінесе қылауға шалдығып туады.

Індетті таратуда ауруға шалдыққан тұқымдық айғырлардың ерекше мәні бар. Денесінде минералдық заттар мен витаминдер жетіспеген, белок алмасуы бұзылған мал ауруға шалдыққыш келеді. Соңғы себептерден алдымен мал әдеттегі жұқпайтын іш тастауға душар болады да, кейін денесіне шартты патогендік микробтар мәселен, қылау қоздырғышы еніп, індетті іш тастауға ұшырайды [1, 2, 3] .

1. 1. 4 Жылқының ринопневмониясының клиникалық белгілері

Бие көбінесе құлындауы жақындаған кезде іш тастайды. Іш тастар алдында оның сарпайы ісіп кетеді, желіні дүмпиіп ұлғаяды, бие тыпыршып тынышсызданады. Ол дертінен тез айығады, көбінесе оның шуы сол бойда түсіп, жатыры қабынбайды. Тұқымдық айғырда ауру белгілері білінбейді. Ал осы дертке ұшыраған жас құлынның температурасы көтеріледі, буындары ісініп жалпы күйі өте-мөте нашарлайды, көбіне ол өледі.

1. 1. 5 Жылқының ринопневмониясындағы өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер

Хорионның сыртқы беті лайсаң тартып, сарғыш қызыл түске боялған, оның кей жері қызарып, кей жері бозарған, өн бойы қанталаған. Хорион бүртікшелері табиғи жылтырақ түсінен айрылып, тегістелген. Әдеттегі қағанақ суы ылайланып сарғыш не қызғылт түске боялған. Түсік арық, оның кілегейлі қабықтары сәл сарғайған, шелі қанталап ісінген, бұлшық еттері босаңсыған. Талақ пен бауыр ұлғайған, босаңсып қопсыған, қанталаған, олардың әр жері өлі етке айналған (некроз) [1, 3, 4] .

1. 1. 6 Жылқының ринопневмониясын анықтау

Клиникалық белгілері бойынша қойылған диагноз түсіктен алынған материалдарды бактериологиялық зерттеу және іш тастаған бие қанының сары суын РА агглютинин (шөгеру реакциясы) бойынша зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады.

1. 1. 7 Жылқының ринопневмониясының емі

Ринопневмония мен тұмауда симптоматикалық ем қолданылады. Індет ошағындағы малға жақсы жағдай тудырып, сапалы азықпен қоректендіреді. Сонымен қатар аутогемотерапия қолданылады. Секундарлы инфекцияны дауалау мақсатында антибиотиктер немёсе сульфаниламид препараттары қолданылады. Соңғыларын ингаляция түрінде қолдану тиімді.

Аурудың белгілері мен барысына қарай сол белгілерді жоятын дәрілер қолданылады. Ауру асқынса, антибиотиктер, сульфаниламид препараттары пайдаланылады. Ауру құлынға сепсистен (қағынудан) сақтайтын дәрілер беріледі, бұлшық етке 30-50 мл мөлшерінде 2-3 рет енесінің қанын жібереді. Зақымданған буынға спирт пен ихтиолдан компресс жасайды. Тері астына глюкоза араластырылған физиологиялық ерітінді құяды [1, 2, 4, 5] .

1. 1. 8 Жылқының ринопневмониясынан арылу және одан сақтану шаралары

Іш тастаған және іш тастайтын биелерді бөліп алып, емдейді. Ауру шыққан топтағы басқа жылқылардан алынған қанның сары суын РА бойынша зерттейді.

РА бойынша реакция бергендерін оқшау шығарады да, басқа жылқыларға жанастырмай бөлек бағады. Ем ретінде қоздырғыштың жергілікті штаммаларынан әзірленген бактериофаг қолданған жөн.

Ауру шыққан топтағы жылқылардың рационына витаминге бай азықтар қосып, онда ас тұзының мөлшерін көбейтеді. Бұл топтағы жылқылар жеңіл жұмысқа пайдаланылады. Бие аурудан айыққан соң ғана шағылысқа түсіріледі. Оны қолдан ұрықтандырады немесе осы аурудан айыққан айғырға қосады, Айғырдың қаны РА бойынша реакция бермеуі шарт. Қора жаңа ғана сөндірілген әктің 10-20 проценттік ерітіндісімен немесе креолиннің 3-5 проценттік ыстық ерітіндісімен дезинфекцияланады.

Көң биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Аурудан арылған соң ақырғы рет дезинфекция жасайды да, шектеу шараларын жояды [1, 4, 5, 6

1. 2 Жұқпалы плевропневмония

Қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус.

Оған диплококк, стрептококк, пневмококк, страфилококк сияқты шартты патогендік микробтар қосақтаса жүреді. Олардың бәрі де сыртқы жағдай мен дезинфекциялағыш заттардың әсеріне төзімсіз келеді.

Ауруға бейімділік. Бұл аурумен көбінесе ересек жылқы, есек пен қашыр ауырады.

Аурудың шығуы мен жұғуы. Ол әдетте ауру жылқыдан сондай-ақ аурудан айыққан, бірақ вирустан арылмаған (вирус тасушы) жылқыдан жұғады. Ауру жұғу үшін сау мал ауру малмен жанасуы, қора-жайға вирус түсуі шарт.

Белгілері. Жасырын кезеңнің ұзақтығы 10 күннен 60 күнге дейін, көбінесе 2-3 апта. Ауру басталысымен температурасы күрт көтеріліп, мал азыктан бас тартады, жұмыс бабында тез болдырады. Келесі күндері мал демігіп, жөтеле бастайды, оның екі танауынан сарғыш қызғылт түсті қою маңқа ағады. Маңқа алғашында кілегейлі су тәрізді, кейін таза іріңге айналады.

Бастапқы кезде мал қиналып, қатты жөтеледі, бірақ қақырық шықпайды, кейін қақырық жұмсарып, молаяды да, тыңқылдаған құрғақ жөтел, қиқылдаған күркілге айналады. Көздің, танау мен ауыздың іші қызарып, сарғыш тартады. Өйткені тыңдаған кезде сырыл, үйкелген және шылпылдаған дыбыстар естіледі, кеудені нұқып тыңдағанда бір қатар жерде дыбыстың әлсірегені байқалады, кейін осы жерлерден ешқандай дыбыс естілмейді.

Ауру асқынса өкпесі шіріп (гангрена), жылқы өледі. Аурудың барысы жеңіл болса, 5-7 күн бойы температурасы көтеріледі де (өкпесі зақымданбайды), мал әдетте аурудан жазылып кетеді.

Өлекседегі патолого - анатомиялықі өзгерістер . Өкпенің әр жерінде кішігірім нығыздалған бүртіктер кездеседі, оларды кесіп қарағанда тілік беткейінің сипаты мраморға ұқсайды. Бүртіктерден бауыр сияқты беріштенудің түрлі сатысы табылады. Өкпе бөлікшелерінің арасындағы дәнекер ткань ісініп, ұлғаяды, сондықтан ол нығыздалып қатайған ақ жолаққа ұқсайды. Плевраны жұп-жұқа фибрин қабығы басқан, плевра қуысында жалқаяқ жиналған. Ұлпалы органдардың көптеген жері нүкте тәрізді болып қанталаған.

Ауруды анықтау. Ауру клиникалық белгілеріне қарай анықталады, бұл кезде аурудың өршуі белгілі бір маусымға байланысты екені, оның барысы ескеріледі. Мал онымен көбіне жылдың жауын-шашынды мерзімдерінде, әсіресе қорада баққан шақта ауырғыш келеді, ол энзоотия ретінде өтеді. Ауруды дәл анықтау үшін оны өкпенің кенеттен шыққан жалпы қабынуынан ажырата білу керек. Соңғы ауруға новарсенол емдік әсер етпейді.

Емі. Салмағының әр килограмына 0, 01 грамнан шағып малдың күре тамырына новарсенол жібереді. Препарат тұздан арылтылған суда 1 : 25 қатынаста ерітіледі. Новарсенолмен бір сәтте жүрек сергіткіш дәрілер қолданылады. Керек болса, мұнымен қатар тиісті мөлшерде антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары беріледі. Кеудеге ауада тез ұшып кететін линимент жағып ысқылайды да, оны іле-шала қымтап жылытады немесе кеудеге горчичник қояды. Микробсыз бітеу жарадан (абсцесс) ірің шығару үшін әуке терісінің астына 4-6 мл скипидар енігізіледі. Қақырық түсіргіш дәрілерден хлорлы аммоний және басқа препараттар тағайындалады.

Аурудан арылу және одан сақтану ишралары. Ауруға шалдыққан және күдікті жылқыларды бөліп алып емдейді, қалғандарының дене қызуын өлшеп отырады. Аурудан сақтану мақсатымен тұздан арылтылған суда 1 : 25 қатынаста ерітіп, күре тамырға 2-2, 5 г новарсенол енгізеді. Бұдан кейін жылқыны таза қораға шығарады да, жұмыстан босатады, немесе жеңіл жұмысқа салады. Ат қора күйдіргіш натрдың 2-4%-тік ыстық ертіндісімен немесе креолиннің 3-5%-тік эмульсиясымен дезинфекцияланады.

Көң биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді алып тастайды [1, 3, 5, 6, 7] .

1. 3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.

Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.

Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары. Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау - індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.

Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Соңымен саластырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.

Індеттанулық эксперимент - тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Бұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Соңдықтанда практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам қолданылады.

Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді. Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.

Індеттанулық болжау - індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады [1, 2, 4, 6, 8] .

Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады. Қысқа мерзімді болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі. Орта мерзімді болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады.

Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек.

Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт.

Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.

Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет.

Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы «Жұқпалы аурулар» курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты, үш топқа бөлінеді.

Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді.

Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді.

Індеттану курсында карастырылатын ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация [1, 2, 4, 6, 9] .

1. 4 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері

Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурумен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Індетке қарсы шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Бруцеллездің алдын алу
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Иммунитет туралы түсінік
Дәрілік заттар түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz