Жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Жұғымтал эктима . . . 9: 1. 1 Жұғымтал эктима . . . 9
:

1. 2 Жұғымтал эктима ауруының этиологиялық деректері . . . 11

1. 3 Жұғымтал эктима ауруының індеттік деректері және клиникалық белгілері . . . 13

1. 4 Жұғымтал эктима ауруының диагнозы . . . 19

1. 5 Жұғымтал эктима ауруымен күресу шаралары . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 24

3 Техникадық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Аннотация

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен «Жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 31 беттен тұрады. Бұл курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.

МемСТ 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МемСТ 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МемСТ 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МемСТ 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МемСТ 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МемСТ 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы

МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) . Техникалық жағдайлар

МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

МемСТ 26670 - 91- Өсіру әдістері

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

Анықтамалар

Осы курстық жұмыста төмендегі анықтамалар қолданылды:

Жұғымтал эктима (Есthima contagiosa) - инфекциялық пустулезді стоматит, індетті стоматит, престоматит болып та аталады. Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары, ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып, қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, кең тараған, жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.

Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара

Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара

Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Стоматит- ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы

Жұғымтал эктима - инфекциялық пустулезді стоматит

Пустулалар - күлдіреуіктер

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы

Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы

Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті

Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет

Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет

Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою

Д езтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Қысқартулар мен белгілер

Курстық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:

ҚР- Қазақстан Республикасы

0 с - цельсия бойынша градус

% - пайыз

См - сантиметр

Мм - миллиметр

Кг -килограмм

Х -арифметикалық орта көрсеткіш

РН -сутегі иондарының концентрациясы

АҚ - авторлық куәлік

См 2 - квадратты сантиметр

мин. - минут

сағ. - сағат

мм - миллиметр

нм - нанометр

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

АШМ - Ауылшаруашылық Министрлігі

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2014ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2014ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті мәселесі.

Осыған орай мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық-санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні - еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.

Аталған аурудың ең басты қауіптілігі, онымен жаңа туған төлдер ауырады. Аурудың салдарынан төлдер өсуін тоқтатып, салмағын жоғалтып, мезгілінде емдемесе, тіпті өлім-жітімге ұшыратады. Індет ошағында ауруға шалдыққан саулықтардың желіні зақымданып, сүт беру қабілетінен айырылып, бірнеше қозылар жетімдікке ұшырап, сүт іздеп басқа саулықтардың желініне жабысып, оларға ауру жұқтырады. Осыған орай қой шаруашылықтары халыққа қажетті жүн, тері және етті барынша өндіре алмай экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Сонымен бірге елімізде қой басының өсуі де азаяды.

Курстық жұмыстың мақсаты - жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1 Жұғымтал эктима ауруы

Жұғымтал эктима (Есthima contagiosa) - инфекциялық пустулезді стоматит, індетті стоматит, престоматит болып та аталады. Аурудың негізгі мінездемесі ауыздың кілейгейлі қабықтары, ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып, қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, кең тараған, жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру.

Жұғымтал эктима - Ecthyma contagiosum (син. контагиозды эктима, қара сүйел) --- ешкі мен қойдың жіті түрде өтетін ауруы. Бұл теріде, баста, ерінде, желінде, аяқта және ауыз қуысының кілегейлі қабығында - түйін, везикула, пустула (іріңді күлдіреуік), қабыршық пайда болуымен сипатталады.

Бұл ауру ерте заманнан-ақ белгілі, мұны алғашқы рет 1787 жылы Стееб ауыз қотыры деген атпен ашқан. Ауру барлық елдерде қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының дамуымен қатар дамыған.

Қоздырушысы. 1921 жылы француз ғалымы Эйно бұл аурудың вирусты этиологиясын анықтады. Қоздырушы Parapoxvirus туыстығы Poxviridae тұқымдастығының өкілі. Қысқа таяқ тәрізді пішіні бар, мөлшері 250нм.

Вирус кептіруге өте төзімді, бекітілген ампулада 6 жылға дейін, бөлме температурадағы қабыршақта 15 жылға дейін, қида - 200 күн, жайылымда 270 - 300 күнге дейін сақталады. Ультракүлгін сәулесі әсерінен де шыдамды. Вирус қайнатқанда 1 минутта-ақ өледі. Фенол, формалин, қышқылдар, сілтілер вирусты инактивтендіреді.

Вирустың антигендік құрылымы әлі зерттелмеген. Ағзада вирусқа қарсы комплементті байланыстырушы, преципитиндеуші, гемагглютиндейтін және вирусты бейтараптандыратын антиденелер синтезделеді.

Бұлар эпителиотропты вирустар, қара сүйел вирустың репродукциясы басқа да поксвирустар сияқты өтеді. Морфогенезі вирусты фабрикада жүреді. Вирустың элементарлы бөлшектері (денешіктері) клетка ішінде және сыртында Морозов әдісімен бояғанда, жағындыда жақсы байқалады.

Вирус клетка себіндісінде жақсы өсіп-өнеді. Бұл үшін қозы бүйрегін, қой мен ірі қара эмбрионын, тері және енді пайдаланады. Вирусты тышқанның жаңа туған балаларына жұқтырыпта өсіреді.

Алдын ала балаудың әдістері:

1. Эпизоотологиялық - барлық жастағылары ауырады, көбіне 4 күнмен 10 айлық арасындағы қозылар мен лақтар. Аурудың стационарлы ошағы болады.

2. Клиникалық - қозыларда ауыз қуысының кілегейлі қабығы, бас терісі аумағы, ерін аумағы, желін аумағы және ішкі жамбастың бетінде жарақаттар пайда болады. Алғашқыда қызарып, сосын ісініп, теріде ісіктер және түйіндер пайда болады. Кейде тұяқ араларында жарақаттар кездеседі.

3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер теріде және ауыздың кілегейлі қабығынды эрозия және некротикалық ошақтар пайда болады.

Зертханалық балау. Вирустың индикациясы:

1. Микроскоптық зерттеу - мұнда, Морозов әдісі бойынша боялған жағынды да вирустың элементарлық денешіктері байқалады. Вириондар жарық микроскопында жеке-жеке шашылып жатқан шар тәрізді көрінеді.

2. Гистопрепаратта арнамалы вирус-денешіктерін көру арқылы жүргізіледі.

3. Биосынаманы - 3-6 айлық қозыларға, лақтарға қояды, теріні инемен жыртып вирусты скарификациялайды.

4. Электронды микроскопта - вирустардың пішіні, көлемі, құрылымы анықталады.

Вирустың серологиялық идентификациясы БР, ДПР және КБР -да жүзеге асады. Ретроспективтік балауы әлі жүзеге асырылмаған.

Ажыратып балау. Қара сүйелді шешектен, аусылдан, некробактериоздан, катаральды қызбадан, жаралы және микотикалық дерматиттен ажырата білу керек.

Иммунитет және арнамалы дауалау. Ауырып жазылған малдарды 1 жылға дейін иммунитет пайда болады. Ол арнамалы дауалау үшін культуралы вакциналар қолданылады.

Р. Ф. Сосов (2) бойынша қой және ешкінің жұғымтал эктимасы ойылымды дерматит, жұғымтал ойылымды стоматит немесе ауыз қуысының кілегейлі қабығында, еріннің терісінде сүйел, көпіршіктенген-ойылымдармен мінезделетін вирустық ауру.

Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының қоздырғышы вирус, ауыз қуысының кілегейлі қабығында, ерін терісінде, аяқта, желінде, жыныс мүшесінде сүйелденген көпіршік, кейіннен қабыршықтанатын патологиялық үрдіспен сыйпатталатын және жіті өтетін инфекциялық ауру [1, 3, 4] .

А. К. Строговтың деректері бойынша аурудың клиникалық белгілері туралы алғашқы жазба мәліметті англияда 1787ж. Стиб берген.

Гутира мен марек ауырған малдан В. Necrobacterum микробын бөліп алды да, содан бері бұл ауруды барлық жерде некробактериоз ретінде қабылдап келді.

1921 жылы Францияда Эйно жұғымтал эктиманың нағыз қоздырушы вирусын бөліп алып, одан вакцина даярлады.

Француз ғалымдары Aynaud (1921-1923) алғашқылардың бірі болып жоғарыда аталған ауруды қойдың жұғымтал пустулезді стоматиті екенін және оның қоздырғышын эксперименталдық әдіспен вирус екенін дәлелдеді. Кейіннен басқа авторларда Aynaud ашқан аурудың бүкіл дүние жүзінде таралғанын жариялаған.

ТМД елдерінде қойдың жұғымтал эктимасы ұзақ уақыт бойы некробактериозбен шатастырылып, басқа аттармен белгілі болды Орловский, Андреев, Тебельский, камбулин, Козлов т. б.

Алғашқы болып 1935 жылы А. Мольс Батыс Сібірде қойдың ауруыныңжеке қоздырушысы, жел сүйелі десе, Солтүстік Кавказда өліеттендіруші бактерия емес, сүзбелі вирус екендігін жариялады.

Г. А. Шакорян 1937 жылы Арменияда қойдың ерніндегі сүйелдің қоздырушысы, сүзбелі вирус екендігін жариялады.

Кейінірек қойдың жұғымтал эктимасы дара вирусты ауру ретінде Украинада (1960), Молдавияда (1961), Азербайджанда (1967, 1968), Қазақстанда (1963-1974), Қырғызстанда (1965-1968), Белоруссияда (1966), Грузияда (1968), Бурятияда (1971) тірелген. Дегенмен аталған инфекция ТМД елдерінің басқа қой шаруашылықтарында кеңінен таралғандығын жобалауға болады [1, 2, 3, 4, 5] .

1. 2 Жұғымтал эктима ауруының этиологиялық деректері

Жұғымтал эктиманың қоздырушысы шешек вирусы тұқымдастарына жатады, құрамында ДНҚ бар, үлкендігі 250 нм, ірі вирус, микроскопқа көру үшін препаратты Морозов әдісімен даярлайды.

Жұғындыны Пашен бойынша бояғанда, немесе оны Морозов бойынша күмістендірумен зерттегенде вибриондар дөңгеленген көріністе болып, сырт пішіні ұсақ Кокктарға ұқсайды. Вирустың мөлшері кейде 274х163 нм аралығында болатындығы жарияланған.

А. Рахимов, Г. К. Ковалев, В. Н. Сюрин 1965 бойынша элементарлық дене қайырылған ұштары бар қысқа таяқшаға ұқсайтындығын жариялаған. Вирустың өзіндік қабықшасы 10-11 диагональды орналасқан жіпшік тәрізді көріністе болып, әртүрлі авторлардың зерттеу нәтижесінде вирустың мөлшері 70-110 ангстерм аралығында вирустың ішкі құрылымының көрінісі нуклеин қышқылымен субстанция құрып пішіні S әрпіне ұқсас жарқыраған.

М. Ж. Жаңбырбаев (2006) бойынша, электрондық микроскопияда, эктиманың вибриондары овальды пішінде, 290-150нм мөлшерде болып, капсула қабырғасы 10-11 параллельді филоменттердің көлденең жазықтығында орналасқан. Сонымен бірге кейбір бос нуклеойдсыз да капсула көрінген. Осыған байланысты бұндай құбылыс тек Қазақстандық штаммаларға тәнді деп автор қорытындылаған.

Қоздырғыш Беркефельд пілтесімен қиып сүзілсе Шамберлан арқылы L2 қоздырғыштың кейбір штаммаларын алғашқы және қорытылатын торшааралық ұлпаларда өсіруге болады. Бірақта осының әсерінен қоздырғыш тез өзгеріске түсіп, вируленттік және иммуногендік қасиеттерін өзгертеді .

Вирус культураішкілік торшада өсіп-өнеді. Культура ішкілік көбейгенде вирустың цитопатогендік әсері байқалады. Ішкі плазмалық дене пайда болып, пішіні өзгеріп, вакуолизацияға ұшырап және торша шығынға ұшырайды .

Б. Лиес (B. Liess, 1962), C. Иши, И. Каваками, С. Фукухвард, В. Грауструбер, А. С. Грейга, М. Абдуссалам, М. М. Рыков зерттеулері бойынша вирус тауық эмбрионында өспеген.

Басқа авторлардың И. А. Фарзалиев қызметкерлерімен 1967-1968; З. М. Мисиров, А. М. Шпаков, А. С. Грищенкованың 1969 зерттеулерінде жұғымтал эктиманың вирусы тауық эмбрионында жақсы өсіп-өніп штаммалар алынған. Жоғарыда аталған авторлардың вирусты өсіру жөніндегі анықтамаларының әртүрлігі олардың қолданылған штаммаларына байланысты болуы мүмкін.

Жұғымтал эктиманың вирусына қой және ешкіден басқа жасанды залалсыздандыру мөтеліне қоян жататынын көптеген зерттеші ғалымдар жариялаған. Кейбір зерттеушілер аталған инфекцияны жасанды түрде жылқыға жұқтырғаны мәлім (81), ал бұзауға жұғымтал эктимамен табиғи жағдайда Гималай жануарларының ауырғандығы белгілі. Бұғымен тау текесінің ауырғандығы белгілі. Бұғымен тау текесінің ауруға шалдығуы да тіркелген .

Бұл ауруды теңіз шошқасына және тағы басқа жануарларға жасанды әдіспен жұқтырудан теріс нәтиже алған зерттеушілерде жеткілікті М. Эино, 1923; Р. Е. Гловер, 1930; И. А. Говарт, 1929; М. Абдуссалам, 1956; М. И. Рыков, 1965; И. А. Фарзалиев, Ю. Г. Аликперов, В. Д. Сафралиева, 1962; Х. У. Джанибеков, 1968 және т. б.

Ақ тышқанға М. Эино, Р. Л. Гловер, М. Абдуссалам, И. Борсила қызметкерлерімен, 1956 т. б. ; атжалманға М. Олах, П. Елек, Т. Н. Самойлов, 1969; көгершінге А. Ланфранши; М. Гаудишоу, 1926; Р. Е. Гловер, С. Иши, И. Кавакани, С. Фукухара; тауықтарға А. Ланфранши, П. Оляк, П. Елек, 1964; кірпіге М. А. Абуссалам, 1956; тасбақаға М. Эино; шошқаға П. Олах, П. Елек, 1953; Я. Виртяк, М. И. Рыков, 1964; Х. У. Джанибеков, 1967 және түйеге К. Н. Бучнев қызметкерлерімен, 1963 [1, 6, ] .

Жұғымтал эктиманың вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Құрғақ сүйелді қабыршақты рефрижераторда сақтағанда 22 жыл, ал бөлме температурасында 15 жылдан артық тіршілігі сақталған.

Аурудың қоздырғышы ылғалды ортада +64 2 минуттың ішінде өлсе, +60-та 5 минутта, ал + 56-та 30 минут аралығында жойылады. Ол дистилденген суда 24 сағатта белсенділігін жойса, кепкен тері қабыршығында бөлме температурасында 15 жыл тірі қалған.

Инфекцияланған жайылымдарда вирус айлар бойы өзінің белсенділігін жоймайды (75, 76, 84), ал мал қораларында 3 жылдан артық сақталған (85, 86) . Төменгі температурада мұздатып қатыру вирусқа қатты әсер етпейді.

Кейбір авторлардың деректері бойынша бөлме температурасындағы қабыршақтағы вирус 20 жылға дейін сақталады .

Құрғақ ыстықтың әсері (100-110) вирустың белсенділігін 3 сағатта, ал 200-10 минутта инактивацияға ұшыраған [6, 7, 8] .

Дезинфекциялық заттардың ішінен, Н. Г. Самойловтың деректері бойынша вирусқа мықты әсер етіп жойатын 1-2% формалин күшейтілген N, K қышқылының ерітініділері 10-20% жаңа сөндірілген әк, кальций гипохлориді (2-5% белсенді хлоры бар) оның белсенділігін толықтай жояды.

Авторлардың айтуынша, ұсақталмаған патматериалды (тері қабыршағы) залалсыздандыруға ең жақсы әсер беретін препарат ысытылған натрий мен калийдің 4% ерітінділері. Оның себебі басқа препараттар тері қабыршаққа еніп сіңуі қиын болатындықтан.

Жұғымтал эктима вирусыныңсыртқы ортада сақталуынан Европа елдерінің қой фирмаларында ауру кеңінен етек алғанын келтіруге болады.

Великобритания фермерлерінің қой шаруашылықтарында қойдың тұяғы әртүрлі себептерден - тас жолмен айдаудан, батпақты, ылғалды жерде ұстап бағудан, бөгде заттардан жарақаттанудан, тұяқ мезгілінде кесілмегенде қоздырғыштар түсіп жануарлар ақсап, қоңдылығы төмендеген. Экологиялық себебін тексергенде Fusobacterium neerpphorus, Bacteroides nodosus, ящур вирусы және осымен бірге эктима вирусының қосарланып қатысуы аныұқталған.

Францияның фермасында бағылған 44 қойдың және 74 қозының арасынан тұмсығы және құлақ жанында жаңадан ісік пайда болған. Зерттеу барысында папилома екендігі анықталған. Аталған ісікпен сақа қойлар аырмай тек 42 бас қозы (57%) папиломаға ұшыраған. Аурудың этиогиясын анықтағанда зақымданған эпидермисте эктима вирусының қатысқаны тіркелген.

Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының вирусының сыртқы ортада төзімділігінен ауру басқаға континенттерде тіркелгені белгілі.

Суданда қой және ешкінің жұғымтал эктимасының өршуі 1980 жылы жауатын кезеңнен соң басталған. Барлық мал басының 85% ауырып, оның 15% өлген. Төлдерде ауру зілді өтіп бір жұма ішінде өлім-жітімге ұшыраған төлдрдің ауыз қуысының кілегейлі қабығы, ерін терісі, тіл ойылып, өлі еттеніп қабыршақтанған. Сақа қойларда ауру зылсіз өтіп, желін терісі зақымданған. Ауыз қуысының кілегейлі қабатынан бөлінген эктима вирусы 20ºС 3 жыл сақталса, хлорформға сезмтал, РН4, 0-9, 0 уыттылығын жоймаған.

Қорыта келгенде, дүние жүзінің көптеген қой және ешкі шаруашылықтарында жұғымтал эктиманың кеңінен етек алуы, оның қоздырушысы - эктима вирусына байланыстылығы дәлелденген.

1. 3 Жұғымтал эктима ауруы індеттік деректері және клиникалық белгілері

Табиғи жағдайда жұғымтал этимамен ең бастысы қой мен ешкі ауруға шалдығады. Кейбір күйіс қайыратын жануарлардың (бұғы, тау ешкі) ауруға шалдығуы сирек кездеседі. Көптеген зерттеушілердің айтуынша аталған ауруға негізінен жас малдар бейім келеді .

Жұғымтал эктимаға ересек қойлар сиректеу шалдығатындықтан көптеген авторлар жариялаған.

Ошақты жұғымтал эктимамен залалданған ерсек қойлар аурудан айыққан соң мүлдем шалдықпайды. Оның себебін көптеген зерттеушілер, олардың вируспен сыртқы ортадан реммунизациалануынан немесе малдың жас кезінде ауырғандығынан жұғымтал эктима ошағындағы қойларда ауруға қарсы жастық иммунитеттің пайда болатындығын, бұл процестің спонтандық инфекцияы алуымен және вакцинацияға байланысты еместігін дәлелдеген.

Бұрыннан жұғымтал эктимадан таза шаруашылықта пайда болуы оған ауырған немес ауырып жазылған малды әкелуге байланысты, немесе сау малды вируспен ластанған қора-жай мен жайылымдарға орналастырудан болады.

Аурудан тазартылмаған шаруашылықтарда мал көбінесе көктем, жаз, күз айларында орын алады.

ТМД елдерінің мал шаруашылығында жұғымтал эктима жылдың кез келген айларында кездеседі. Мысалы, Азербайджанда, Дагестанда, Қырғызстанда, Бурятияда малдың ауруға шалдығуы жиі жағдайда көктем-жаз айларында, қозыны енесінен бөлген мезгілде кездеседі .

Дегенмен, Қырғыстанның кейбір аймақтары мен Украинада жұғымтал эктима күз-қыс айларында орын алған .

Алғашқы болып Қазақстанда жұғымтал эктиманы 1963 жылы К. Н. Бучнев қыщзметкерлерімен анықтаған. Авторлардың зерттеу нәтижелерінде аталған инфекция елімізде кеңінен жайылып, әсіресе Алматы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тіркелген. Аталған инфекцияның ұшқындауын Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Жұғымтал эктима Республиканың оңтүстік аймақтарында осы күнге дейін кеңінен тараған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұғымтал эктима ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұғымтал эктимамен күрес шаралары
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының шығу тарихы
Қой мен ешкінің эктима қоздырушысы
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Қой мен ешкінің қара сүйелі ( эктима )
Инфекция қоздырушысының бастауы ауру және бактерия алып жүруші мал
Ірі қара малдың шешек ауруы
Шешек вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі
Некробактериоз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz