Жұқпалы атрофиялық ринит ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары



Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Жұқпалы атрофиялық ринит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1.1Жұқпалы семік ринит ауруына бейімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1.2 Жұқпалы семік ринит ауруының шығуы мен жұғуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.3 Жұқпалы семік ринит ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.1.4 Өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

1.1.5 Жұқпалы семік ринитін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.1.6 Жұқпалы семік ринитінің емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.7 Жұқпалы семік ринит ауруынан арылу және одан сақтану шаралары ... .12
1.2 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... 13
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.6 Індет процесі мен індет ошағын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі – індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар, қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміз /нозологиялық балау/ қай ауру екенін анықтау болса /мысалы аусы, немесе топалаң/, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудын себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Жұқпалы семік ринит ауруын көбінесе сырттай сау шошқалар таратады. Торайларға бұл ауру жұқпалы семік риниттің созылмалы түрімен ауырып жүрген сақа шошқадан, ал сақа шошқаға енесін еміп жүрген торайдан жұғады.
Барлық жастағы шошқалар ауырады әсіресе жас торайлар көп ауырады, сау шошқамен ауру шошқаны бірге ұстағанда, тыныс жолдары арқылы жұғып ауырады.Ол ауру шошқадан сау шошқаға бірге ұсталғанда ауа арқылы да жұғады. Вирус кеңсіріктің кілегей қабығы арқылы және шошқа микроб түскен азыққа немесе суға тұмсығын тыққанда танау арқылы денеге енеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –122б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 111 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-128б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 197с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-118с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-164с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 134б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінен жазылған Жұқпалы атрофиялық ринит ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары атты курстық жұмысым 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін, 2 суретті қамтиды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Жұқпалы атрофиялық ринит ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1.1Жұқпалы семік ринит ауруына бейімділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1.2 Жұқпалы семік ринит ауруының шығуы мен жұғуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..10
1.1.3 Жұқпалы семік ринит ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... 11
1.1.4 Өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..12

1.1.5 Жұқпалы семік ринитін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.1.6 Жұқпалы семік ринитінің емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.1.7 Жұқпалы семік ринит ауруынан арылу және одан сақтану шаралары ... .12
1.2 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары ... ... ... ... ... 13
1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
1.5 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.6 Індет процесі мен індет ошағын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Анықтамалар

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет
Перкуссия - өкпе тұсын саусақ үстінен саусақпен ұрып көру
Семиотика - аурулардың белгілерін тексеру
Синдроматика - жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын анықтау
Алиментарлы жолмен жұғу - зарарлы жемшөп пен су арқылы
Геморрагиялық диатез - қанталау
Тромбоз - (гр.thrombosis - ұйып қалу)

Қысқартулар мен белгілер

мл -- миллилитр
см -- сантиметр
% -- пайыз
мин -- минут
м -- метр
т.б -- тағы басқа
мм -- миллиметр
г - грамм
рН - ортаның қышқылдығы
мг - миллиграмм
ДПР- диффузды преципитация реакциясы
ГАЖР- гемагглютинация жанасу реакциясы
ИФТ- иммуноферментті талдау
АР - Агглютинация реакциясы
БР- бейтараптандыру реакциясы Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2014ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2014ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Індетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал өсіру мен селекциялық жұмыстарды да жан-жақты ескеру керек.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескереді. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зеттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу болып табылады.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі.
Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан шаруашылықта сақтық шараларына баға беру болып есептелінеді.
Жалпы індеттану пәнінің ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар, қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық- зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады.
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық балау қоюмен қатар індеттанулық балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміз нозологиялық балау қай ауру екенін анықтау болса мысалы аусы, немесе топалаң, індеттанулық балау байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудын себептері, таралу жолдары, індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Жұқпалы семік ринит ауруын көбінесе сырттай сау шошқалар таратады. Торайларға бұл ауру жұқпалы семік риниттің созылмалы түрімен ауырып жүрген сақа шошқадан, ал сақа шошқаға енесін еміп жүрген торайдан жұғады.
Барлық жастағы шошқалар ауырады әсіресе жас торайлар көп ауырады, сау шошқамен ауру шошқаны бірге ұстағанда, тыныс жолдары арқылы жұғып ауырады.Ол ауру шошқадан сау шошқаға бірге ұсталғанда ауа арқылы да жұғады. Вирус кеңсіріктің кілегей қабығы арқылы және шошқа микроб түскен азыққа немесе суға тұмсығын тыққанда танау арқылы денеге енеді.
Ауру малдың аузынан тілінің ұшы көрініп тұрады, жоғарғы жақ сүйегінің қысқаруы себепті танау қырындағы тері қыртыстанып жиырылады. Жоғарғы жақ сүйегінің 1,5-2 айдан кейін мүлдем сиқы кетеді. Жақ сүйектері қисайған малдың езуінен азық түсіп кетеді, ол тынысы тарылып қырылдайды, оның көздері жасаурайды, өсуі тежеледі. Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды. Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады.
Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды. Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - жұқпалы атрофиялық ринит ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Жұқпалы атрофиялық ринит

Қоздырғышы -- арнайы сүзгіден өтетін вирус. Ол тауық эмбрионында қолдан өсіріледі.
Антисанитарлық зоогигиениналық жағдай, туысқандық ұрықтану азықта витаминді және минералдық заттардың жетіспеуі, байланыстанбаған азықпен азықтандыру жұқпалы семік ринитінің пайда болуына әкеледі.

1.1.1Жұқпалы семік ринит ауруына бейімділік

Бұл ауруға сақа шошқа және торай шалдығады, ғылыми тәжірибе жасап, вирусты көжектерге және 4 -- 6 күндік ақ тышқандарға енгізіп, оларды осы ауруға шалдықтыруға болады.

1.1.2 Жұқпалы семік ринит ауруының шығуы мен жұғуы

Індетті көбінесе сырттай сау шошқалар таратады. Торайларға бұл ауру жұқпалы семік риниттің созылмалы түрімен ауырып жүрген сақа шошқадан, ал сақа шошқаға енесін еміп жүрген торайдан жұғады.
Барлық жастағы шошқалар ауырады әсіресе жас торайлар көп ауырады, сау шошқамен ауру шошқаны бірге ұстағанда, тыныс жолдары арқылы жұғып ауырады.
Ол ауру шошқадан сау шошқаға бірге ұсталғанда ауа арқылы да жұғады. Вирус кеңсіріктің кілегей қабығы арқылы және шошқа микроб түскен азыққа немесе суға тұмсығын тыққанда танау арқылы денеге енеді.
Ауру малдың аузынан тілінің ұшы көрініп тұрады, жоғарғы жақ сүйегінің қысқаруы себепті танау қырындағы тері қыртыстанып жиырылады.
Жоғарғы жақ сүйегінің 1,5 -- 2 айдан кейін мүлдем сиқы кетеді.
Жақ сүйектері қисайған малдың езуінен азық түсіп кетеді, ол тынысы тарылып қырылдайды, оның көздері жасаурайды, өсуі тежеледі.
Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды. Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады [1,3,4].
Құлақ параличке ұшырауы мүмкін, ауру мал көбінесе шыр айналады, оның көмекейі мен өкпесі қабынады (ангина, пневмония).
Ауру малдың аузынан тілінің ұшы көрініп тұрады, жоғарғы жақ сүйегінің қысқаруы себепті танау қырындағы тері қыртыстанып жиырылады. Жоғарғы жақ сүйегінің 1,5 -- 2 айдан кейін мүлдем сиқы кетеді.
Жақ сүйектері қисайған малдың езуінен азық түсіп кетеді, ол тынысы тарылып қырылдайды, оның көздері жасаурайды, өсуі тежеледі.
Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды. Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады.
Құлақ параличке ұшырауы мүмкін, ауру мал көбінесе шыр айналады, оның көмекейі мен өкпесі қабынады (ангина, пневмония). 1-сурет. Атрофиялық ринитте тұмсықтың өзгеруі (мапсовидность)

1.1.3 Жұқпалы семік ринит ауруының клиникалық белгілері

Бұл ауру енесін еміп жүрген торайларда жіті өтеді. Бастапқы кезде ауру торай қайта-қайта түшкіре береді. Ол қатты нәрселерге үйкелеп танауын жарақаттайды.
Біраздан кейін екі танауынан сұрғылт түсті іріңді жалқаяқ ағады. Осы кезеңде шошқа аурудан мүлде уақытша айығып кетуі мүмкін, ауру 10-15-ші күндері асқынады.
Бұл жағдайда шошқаның астыңғы және үстіңгі тістерді тұспа түс келмейді, азықты дұрыс шайнай алмайды, жоғарғы жақ сүйегі қисайып кетеді, оның өсуі баяулайды, осының салдарынан ол төменгі жақ сүйекке қарағанда қысқа болады.
Инкубациялық периоды 15-20 күн қалыпты дене температурасы, кеңсірік қабынып, іріңді қабынуға айналада, және коньюнтивит пайда болады мұрыннан екі жақты ақшыл (мақта тәрізді) сұйық ағады.
Шошқалар, пысқырады, түшкіреді мұрнын кез келген затқа сүйкейді, басын сілкілейді. Қорытындыда бет сүйектер босап қисаяды.
Бастың үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйегінен даму нашарлап, кемдік байқалады. Мұрын пердесінде симметриялық қисық өсу болып, қисық тұмсықтық пайда болады.
Бастың жоғарғы бөлігінен, мұрын тұмсығы арасында, ердің-(егар) тәріздес шұңқыр қатпар пайда болады.
Мұрын маңдай қуысында, көз астынғы жағында ісікті қапшық, қатпарлар пайда. Сондай-ақ менингитпен ауырады да шошқа өледі. Аурудың өтуі жіті және созылмалы түрде өтеді.
1.1.4 Өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер

Пат-анатомиялық жағынан алып қарағанда жоғарғы жақ және танау сүйектерінде ринитке тән өзгерістер туады. Бұл өзгерістердің сипаты аурудың даму сатысына байланысты.
Танаудың ішіне ірің және іріп-шіріген ткань жиналады. Кеңсірік шемірішегі имектелген және жұқарған, кейде тесілген, кеуілжірі семген. Бастың тор сүйегі іріп-шіріген.
Сонымен қатар, қан тамырлары жидіген, астыңғы және үстіңгі тістері біріне-бірі тұспа-тұс келмейді, жоғарғы жақ сүйектері семіп кішірейген.
Ауру асқынса, ортаңғы құлақ қабынады, гайморит байқалады.
Бет және бас сүйектер қисайған, ірің - өлі еттенген, мұрынды қапшықтар, мұрын сүектерінде клегей қабықтарда қабыну (серозды, іріңді) - катаралды байқалады, ішкі органдар өзгерген.

1.1.5 Жұқпалы семік ринитін анықтау

Жұқпалы семік ринит клиникалық белгілеріне, пат-анатомиялық өзгерістерге және эпизоотологиялық мәліметтерге қарай анықталады.
Мына клиникалық белгілер: бас сүйектің төбе жағы әдеттегі тепе-тендігінен айрылады, тұмсықтың қисайып кетуі, астыңғы және үстіңгі тістерінің тігінен және қиғашынан тұспа-тұс келмеуі және бұл кұбылыстардың тек шошқада байқалуы - мұның бәрі ауруды жұқпалы семік ринит деп табуға негіз бола алады.
Клиникалық белгілеріне қарай қойылған диагнозды пат-анатомиялық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп тұжырымдайды.

1.1.6 Жұқпалы семік ринитінің емі

Семік ринитті емдеу тиімді емес, оны емдеудің қажеті де жоқ. Калиймен жуып тері астына пенициллин, стрептомицин, биомицин егеді.


1.1.7 Жұқпалы семік ринит ауруынан арылу және одан сақтану шаралары

Шаруашылықта жұқпалы семік ринит шықса, барлық ауру шошқаларды бөліп алып, сояды немесе бордақылайды; күдікті шошқа бес-алты күн сайын бақылаудан өткізіліп тұрады.
Ауру шошқалар тұрған қора мұқият тазаланады және дезинфекцияланады. Ферма аурудан мүлде арылғанша бірде-бір бас шошқаны, мал басын көбейту мақсатымен басқа шаруашылықтарға жіберуге болмайды.
Ауру малды бөліп алады. Қатты ауырған малды сояды. Етін тамаққа пайдаланады, басын өртейді. ЖКА белгісі бар шошқаларды бөлек ұстап азықтандырып сояды.
Қора-қопсыны 5 % Na ОН, 20 % известь ерітінділерімен дезинфекция жасайды. Қиды биотермиялық әдіспен өңдейді.
Дені сау торай алу және олардың ринитке төтеп беру қабілетін күшейту үшін:
барлық шошқаны жабдықталған лагерьге шығару, оларды өндірістің ыңғайына және жасына қарай топ-топқа бөліп ұстау;
мегежіндерді белгілі бір маусымда (бір дүркін) торайлату, сосын біреуінің шошқа лагерьде ұсталатын кезеңге тура келуі;
торайы семік ринитпен ауырған мегежіннен төл алмау;
буаз және торайын емізіп жүрген мегежіндерге құнарлы азық беру, азықта белоктың, минералдық заттардың және витаминдердің түр-түрінін жеткілікті болуы, ашық күннің бәрінде шошқаны серуенге шығару керек [1,2,4].

2- сурет.Шошқа ринитінде жоғарғы жақтың кеміс өсуі

1.2 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары

Аурудын көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы бар) қауыпті зона делінеді, -- ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық деп бөлінеді.
Мал дәрігерлік уставқа сәйкес аурудан таза емес шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді.
Шаруашылыққа карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады. Карантин ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұхсат жоқ.
Дезбарьер орнатып, күндіз түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т.б. кіріп шығады тоқтатады, ол үшін көрстекіш белгі қойылады, Қай жақтан өтуге болатыны көрсетіледі.
Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң қортынды дизенфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.
Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш топқа бөледі:
1) ауру мал
2) ауыруған күдікті мал
3) уақытша күдікті сау мал
Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы малды тағыда мал дәрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды иммуниды (сывороткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегі малдарды союға, кастрация жасауға, қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық құрал-саймандарды заласыздандырады, қора - қопсыны жөндейді, әктейді айналаны тазалайды.
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген) сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді. Эпизотияға қарсы шаралар - инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды болдырмау бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан бірінші реттен малдың жұқпалы ауруға қарсы тұратын қабілетін күшейту үшін жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және бейімді болуы қажет.
Сондай ақ микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап беріп, оған берілмеу керек. Сонымен қатар, мал тұратын ферманы, ауылды, жұқпалы аурудан қорғап, аурудың келіп қалмау жолын іздестіру қажет.
Малды жұқпалы аурудан корғау үшін өте қатаң түрде зоогигиеналық және малдәрігерлік санитарлык ережелерді сақтау керек. Оған мына төмендегілер жатады:
1) Профилактикалық қорытынды сактау. Фермаға, шаруашылыққа келген мал 30 күн карантинде тұру керек. Оны бөлек ұстап сол 30 күн бойы қадағалап, оны күнде тексеріп аурудың жасырын түрін анықтау қажет.
Малды тек жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан алу қажет. Ол аудандық мал дәрігердік станция дәрігері мал алатын жердің аурудан таза екенін анықтайтын (вет.свидетельство) беру керек, алу қажет, тек содан соң ғана малды ол жерден алуға болады.
Жаңадан келген малды, бөлек ұстап, оған арнайы күтуші адам қойып, күнде (таңертең және кешке) температурасын өлшеп, отырып оны күнделікке жазып қою керек.
Мал аурудың белгісін сәл берсе оны тез изоляторға жабу керек.
2) Малдарды үнемі жақсы құнарлы азықпен таза сумен азықтандыру қажет. Малды тайдырмай азықтандыру сансыз шіріген шөп, сабан, сасыған жем азық беру, малды нашарлатып, оның жұқпалы ауруға қарсы төзімділігін төменде де. Сапасыз азық шөп, сабан, жем және нашар суда ауру тудыратын микробтар көп болады.
Азықты дайындауды жұқпалы аурудан таза жерден, шаруашылықтан дайындалу қажет.
3) Малды дұрыс пайдалану керек. Мысалы: атты шамадан тыс арбаға қосу, көкпар шабу тағы сол сияқты, сиырды сүт алу үшін азықтандырмай пайдалану, оның организмінің төзімділігін төмендетеді.
4) Мал ұстайтын жер қора, жай орын зоогигиеналық талапқа сай болуы керек. Микроклимат ылғалдың, ауа құрамы (О2, Со2, NH3) нормада, жарық өз нормасында болуы қажет. Уақытылы тазалау дезинфекция жасалып, желдету үнемі болу керек.
5) Өлген малдың өлігін, сойылған малдың қалдықтарын уақытылы жойып отыру қажет оны жоғарыда жазғандай малдың өлігін көметін молаға не Беккери шұңқырында көму не утиль установкада жою қажет.
6) Мал ферма бөтен кісі кірмеу керек. Есік алдына дезбарьер, дезковрик, дезмат жасау қажет.
7) Малдарды уақытылы клиникалық тексеруден өткізіп және диагностикалық тексеру жүргізу (қан алып лабораторияға жіберу, аллергиялық тексеру), жоспарлы түрде вакцинация (емдеу) жүргізу керек.
8) Малдың қиын жинап, оны сақтау биотермиялық өңдеу және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау ең маңызды шаралардың бірі болып есептеледі [2,3,5].

1.3 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау болса (мысалы, аусыл немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қортындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау -- індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады.
Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі.
Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Соңымен салаыстырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент -- тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Бұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз.
Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Соңдықтанда практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді.
Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау -- індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады.
Қысқа мерзімді болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі.
Орта мерзімді болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады.
Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек.
Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт.
Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы Жұқпалы аурулар курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты, үш топқа бөлінеді.
Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді [1,2,4].

1.4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады.
Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады.
Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты бір негізі -- олардың кешенді түрде жүргізілуі.
Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру -- шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз -- індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі.
Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі -- олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады [1,2,3,5].

1.5 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері

Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурумен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Ауыл шаруашылык малдарының көптеген ачруларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Аурудың қоздырғышы
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Аурудың қоздырушысы және төзімділігі
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Лептоспироз туралы мәліметтер
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пастереллез сипаттамасы
Пәндер