28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада – 2017 қорытындысы.Алматы қаласы (биатлон)


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Дене тәрбиесі кафедрасы

Мәнжазба

Тақырыбы: 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада - 2017 қорытындысы. Алматы қаласы (биатлон)

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Универсиада тарихы
  • Негізгі бөлім
  • Қысқы Универсиадада қазақ елінің көрсеткіші (биатлон)
  • 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада - 2017 қорытындысы бойынша Қазақстанның жеңісі
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Универсиада - Халықаралық студенттік спорт федерациясының қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. 50 жылдан астам уақыт бойы Универсиада, екінші ірі және әлемдік спорттық аренада күрделі халықаралық іс-шараның көрінісі болып табылады. Универсиадаға 17-28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар қатыса алады.

Қазақстан Универсиада 1993 тартылған болды. Осы жылдар ішінде, 700-ден астам спортшы 125 медаль жеңіп алды қатысты.

29 қараша 2011 Халықаралық студенттік спорт федерациясы2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге Алматы қаласы жариялады. Бұрынғы ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстан Қысқы Универсиаданы өткізеді.

Жарыстарға Алматыда қысқы Универсиада 64 елінен 2000 спортшы қатысады деп күтілуде. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Ол деп күтілуде көрермендер саны 1 млрд болады деп. Хабар жүргiзудiң бүкіл әлем бойынша 80 елде өтеді деп жоспарланып отыр.

C:\Users\Alser\Desktop\universiada_2.jpg

Негізгі бөлім

Қысқы Универсиадада қазақ елінің көрсеткіші (биатлон)

Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты - спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

C:\Users\Alser\Desktop\п.jpg

Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.

Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады.

Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда салды.

Универсиаданың бесінші күні Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті. Биатлон бойынша спринттік жарыста сынға түскен отандасымыз Галина Вишневская қарсыластарының бәрінен озып, жеңіске жетті. Екінші орында украиналық спортшы Яна Бондарь, үшінші орынға ресейлік Анастасия Егорова табан тіреді.

C:\Users\Alser\Desktop\еремин-биатлон-1024x683.jpg

Универсиадада биатлоншыларымыз жергілікті жанкүйерлерді күн сайын дерлік қуантуда. Галина Вишневскаяның алтынынан кейін тағы бір қазақстандық биатлоншы Роман Еремин 10 шақырымдық спринттен қола медаль олжалады. Айта кетсек, доданың алғашқы күні биатлоншы қыздар алғашқы алтын мен күміс медаль иеленген еді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Биатлонистердің халықаралық одағының (IBU) президенті Андерс Бессеберг Алматыдағы екіжақты кездесу барысында елімізде аталған спорттың даму болашағы мен саланың өзекті мәселелерін талқылады.

- Биатлонистер халықаралық одағының тұрақты басшысы және ірі кәсіби тәжірибесі бар спорт менеджері ретінде сіз биатлонның барша әлемдегі дамуына елеулі үлес қосудасыз. Қазақстан қысқы спорт түрлерінің дамуына, соның ішінде, қазақстандық арасында биатлонның танымалдығын арттыруға ерекше мән береді - деді министр. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы биатлонның дамуы мен өзекті мәселелерін шешуде халықаралық ұйыммен жан-жақты ынтымақтастыққа дайындығын растады. Өз кезегінде халықаралық одақ басшысы Бүкіләлемдік студенттер ойындарының дайындық деңгейіне ризашылығын білдірді.

C:\Users\Alser\Desktop\480573e125b7a96163492fd0598f04d3_Generic.jpg

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында екі тарап ортақ бастамалар бойынша бірқатар ұсыныстарды, халықаралық одақтың түрлі бағдарламаларын, соның ішінде, балалар-жасөспірімдер спорты, мамандарды даярлау, сапалы жаттығу үрдістерін ұйымдастыру және т. б. салалардағы бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды.

Бұл жолы Вишневская әйелдер арасында 12, 5 шақырымдық масс-старт жарысында жеңімпаз атанды.

C:\Users\Alser\Desktop\photo_54806.jpg

Бір рет қана мүлт кетіп, ол барлық қышықтықты 39 минут 26, 6секундта бағындырды.

Екінші болып, тағы бір қазақстандық спортшы Алина Райкова (+44, 4) келді, ал үшінші болып отандасымыз Дарья Усанова (+1:33, 1) келді. Бірақ Азиада-2017 ережесі бойынша, жеңісті тұғырға бір елден екі ғана спортшы шыға алады. Сол себепті жарысты төртінші болып аяқтаған жапониялық Фуюко Татидзаки қола медальді иеленетін болады.

Вишневская әйелдер арасындағы 10 шақырымға із қуу жарысында үздік болған.

C:\Users\Alser\Desktop\07.02.2017%20Биатлон%20-%20масс-старт%20-%20женщины%20-%20Церемония%20награждения%20-%20Галина%20Вишневская,%20Яна%20Бондарь,%20Лариса%20.jpg C:\Users\Alser\Desktop\AX1_8548.jpg

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада - 2017 қорытындысы бойынша Қазақстанның жеңісі

Қысқы Универсиада 2017 - 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.

Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтті. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар.

C:\Users\Alser\Desktop\bde383065be2645a3c87a949ebfae2d6.jpg.png

2017 жылғы Алматыдағы 28-Дүние жүзілік қысқы Универсиада Эстафетасы - олимпиадалық қозғалыс тарихында теңдесі жоқ бірегей концепция. Универсиада алауының іргетасын Қазақстанның түкпір-түкпірінде туатын 16 от қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Қазақстанда жүзеге асырылған ұлттық маңызды жобалар
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
КӨЛІК ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz