Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I Мұсылман ағартушылығы және оның тарихи маңызы
- Ислам және ғылым арасындағы бірлік - мұсылман ағартушылығының
негізі . . . 11
1. 2 Мұсылман ағартушылығы және оның қазақ қоғамына ену жолдары, тигізген әсері . . . 16
II ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылмандық ағартушылық
- ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы халық ағарту ісі және мұсылман ағартушылығының жағдайы . . . 32
2. 2 ХІХ ғасыр аяғы - ХХ ғасыр басындағы Оңтүстік Қазақстандағы білім беру жүйесінің барысы және мұсылман діни білімінің дамуы . . . 40
2. 3 Қазақстандағы мұсылман дін басыларының қызметі . . . 56
Қорытынды . . . 62
Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халық ағартушылығы мәселесі үнемі адамзатты толғандырған, шешуін таппай қинаған, сонда да қайтсе де іске асыруға талпынған өзекжарды мәселенің бірі болып табылады. Әсіресе, тақырыбымызға негіз болып отырған мұсылман ағартушылығы ешкім де қаламын кеңге сілтеп жазып кете бермейтін, көп ізденуді, негіздетіп зерттеуді қажет ететін мәселе болып табылады. Мұсылман ағартушылы. ы өз бастауын ҮІІ ғасырдан яғни Ислам дінінің пайда болуынан бастау алады. Осы кезден бастап Ислам діні мен ғылым-білім арасында ажырамас көпір, берік тұтастық орнайды. Ислам дінінің ІХ-Х ғғ. Қазақстанға енуі гүлденген мәдениет пен ғылым-білімнің өркендеуіне жаңа негіз қалайды. Ресей империясы отарлауына дейін қазақ даласы осы мәдениет пен ғылымның асыл маржандарына еркін сусындап дамиды. Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін де Қазақстандағы мұсылман ағартушылығы патша өкіметі тарапынан қысым көргенімен халыққа білім беру ісінде өз заманына сай оқимын деген тілектегі адамдардың көзін ашты, халықтың үлкен сұранысына ие болды және рухани жұтаңдықтан сақтауда табандылық көрсетті деп ауыз толтырып айта аламыз.
Негізгі қозғайын деп отырған мәселеміз - ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылмандық ағартушылық болып табылады. Бүгінгі таңға дейін аса маңызды мәселеге айналып отырған халыққа білім беру ісі, ХІХ ғасырда да Ресей империясының да, сол кездегі қоғам қайраткерлерін де қатты ойландырған мәселе еді.
Зерттеудің мақсаты: Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысын ашып көрсету.
Осындай мақсатты басшылыққа ала отырып, төмендегідей міндеттерді қойдық:
- Ислам және ғылым арасындағы бірлікті ашу арқылы - мұсылман ағартушылығының негіздету;
- Мұсылман ағартушылығы ұғымын және оның қазақ қоғамына ену жолдарын, тигізген ықпалын талдау;
- ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының жағдайының мазмұнын ашу;
- ХІХ ғасыр аяғы - ХХ ғасыр басындағы Оңтүстік Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы және мұсылман діни білімінің дамуын көрсету;
- Қазақстандағы мұсылман дін басыларының қызметіне тоқталу.
Зерттелу деңгейі. Мәселенің зерттелуіне келсек, ХІХ ғасырдағы мұсылман ағартушылығына байланысты бірыңғай еңбектің әлі жазылмағанын ерекше атап өтуіміз қажет. Дегенмен егемендік алғалы бері қаламын кеңге сілтеген тарихшы ғалымдарымыздың еңбектері мұсылман ағартушылығына арналмағанымен, осыған қатысты бірқатар мәліметтері, ой-пікірлері, тұжырымдары өте құнды болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін мұндай тақырыптарды зерттеу қатаң қадағалауда болатын. Мұсылман ағартушылығы - бізде біржақты, атеистік тұрғыдан ғана зерттелген тақырып. Шындығына келсек, қазақ жұртын, оның әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрін исламнан бөлек қарау мүмкін емес. Жай ғана қарапайым мысал келтірейік: біздің дүниені, айналамыздағы құбылыстарды білдіретін негізгі ұғымдарымыздың аты мен заты - арабтікі (кейде парсынікі) . Сөздік қорымызда неше пайыз араб сөзі (қазақтық қалыпқа түскен) барын дәл есептеу қиын. Ислам мәдениетімен бір кеңістікте болғанымызды дәлелдейтін фактының бірі - түркі тайпаларынан шыққан бірсыпыра ғұламалар соңынан араб тілінде мол мұра қалғандығы. Бұл туралы ғалым Әбсаттар Дербісәлі былай дейді «Өйткені, олар өмір сүрген кезде мұсылман шығысында ғылым мен білім тілі араб немесе парсы тілі болды . Олрдың шығармалары да бізге сол тілдер арқылы жетті . . . Бұл ғалымдарды әдебиетіміздің араб тілінде жазған өкілдері» деп қабылдаймыз. Сонымен, ғалым Қыраубайқызының сөзімен айтқанда, «түркі әдебиеті - көне шығыстан, жер жүзі мәдениетінің дамуынан бөлек, түйық жатқан құбылыс емес солармен тығыз байланыстағы дәстүрлі әдебиет » . Ал ол байланысты кейін шегіндірмей жан жақты қарастыру - қазақ ғылымының көкейкесті міндеті . Бұл мәселеде біздің материалистік диалектика заңдылықтарына суарылған дүниетанымымыз дәтке қуат бермейді . Сондықтан діл тазалығы мен айрықша ой - тұжырымдар қажет . Біз мұндай ой сілемдерін ғалым Ақжан Машанов (әл- Машани) шығармашылығынан көреміз . Ол: «Шығыстың және мәдени лұғатындағы ғалым бақас дегеніміз - даналық пен надандық майданы. Осы майданның бір көрінісі Абай заманында, дүниежүзілік тұрғыдан алып қарағанда, шығыс елдерін отарлау әрекетімен ұштасты. Сонда халықтың ғадалатты арын сақтаушылардың бірі болып Л. Толстой, М. Гандимен бірге Абай шықты», - дейді. Әл-Машани сондай-ақ атеизм мектебінен өткендердің ешқашан тіс батпайтын - Құран және ғылым тақырыбына бара алған. Ғалым мұны Мұхаммед ғ. с. пайғамбардың: «Ман ахаб ал-ғилми уал ғұламат фикуа рафиқи фи ал - жаннати» яғни: «Кімде-кім ғылымды және ғұламаны сүйсе, ол менің жаннатта көршім болады», деген сөзімен бастайды.
Мұндай көзқарас, сөз жоқ, отандық ғылымдағы жаңа арнаны көрсетеді. Қандай заңдылықты болсын өз кезегіне сәйкес қарау қажет. Исламда да адам мен қоғам, деректі мен дерексіз арасын әртүрлі саралаған ой ағыстары, көзқарастар болған (мысалы, әл-Ғазали мен ибн Рушд арасындағы пікір қайшылығы) . Осының бәрі ислам діні мен ол қалыптастырған ілімдердің бір орында тұрақтап қалмай, ағып тазаланып отырғанын көрсетеді. Сонымен бірге, тұрлаусыз уақыт пен имансыз саясаттың шаңы ислам ілімін де қапты. «Дүмше молда дін бұзар» (Абай) - басқа діндердегі секілді, исламға да тән еді. Мұсылман ағартушылығы исламды уақыттың шалған кірінен тазалау үшін, оны халыққа анағұрлым жақындату үшін дүниеге келді. Оны да халықтың даму сұранымы әкелді. Сондықтан әлем әдебиетіндегі ағартушылық, реформалық өзгерістерді қарастырғанда, араб тілді халықтардың ізденісін айналып өтуге болмайды.
Бізге мұсылман ағартушылығының көшбасшысы болған Мысырдың танымдық еңбектері бірнеше жолмен келді. Бірінші жол - төте жол. Отандық ғалымдарымыздың ішінде Ғ. Ахмедовтің ізденісіне қарағанда, Ғабдолғазиз Мұсағалиев есімді зиялы Каир университетін тәмәмдап, бірнеше қазақ медреселерінде, соның арасында «Мамания» медресесінде сабақ берген (Бұл азамат «Айқап» пен «Қазақтың» тұрақты авторы) . Дәл осыған ұқсас деректі тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков зерттеулерінен ұшырастырдық. Ғалым 1928 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, тәркіленген азаматтардың қатарында Мәдине медресесінде, Арабиядағы «Ифшха» медресесінде, Каирдегі «Жамш Асхари» медресесінде оқыған Ахмет Әділбаев есімін атайды. Талас Омарбековтың тапқан деректерінде зиялы А. Әділбаевтың ОГПУ-ге жазған өтінішінің мәтіні берілген. Ол: «Отаныма ибн-Халдун, ибн әл-Асир, Талфикул Акбар, ибн Халликан және басқалардың еңбегін әкеліп, ислам тарихын жаза бастадым. Осы тарихқа байланысты кейбір ескерткіштерді һәм Қазақстандағы ислам тарихына қатысты құжаттарды зерттей бастадым», - деп жазыпты. Сөз жоқ, алдыңғы қатарлы араб тарихшыларына сүйенген қазақ зиялысы санаткерлер еңбегін ескермеуі мүмкін емес.
Екінші жол - Түркия арқылы келген жол. ХІХ ғасырда халықтар арасында «Исламды туғызған «Арабия, таратқан - Түркия» деген сөз айтылғаны мәлім. Бұл, енді, Осман империясының басына қонған бақты меңзеу болғанымен, негізі «жаңа әлемдегі» Түркияның орнын бағалаудан туған сөз сйяқты. Қазақ зиялыларымен аралас-құралас болған башқұрт қайраткері Зәки Уәлиди Тоған былай жазады: «Ағам Стамбұлдан алдыртқан кітаптарды құныға оқушы едім. Осылайша, шамамен 16-18 жасымда ғылым мен діннің байланысы туралы Стамбұлда басылып шыққан Эрнест Ренен, американдық ғалым Д. В. Дрепер, неміс Шопенгауэр, мысырлық Мұхамед Абдо мен Фарид Ваджи еңбектерімен таныстым. Бұлардың біразы ислам қоғамтануына қатысты ізденген еді». Егер Зәки Уәлиди мен қазақтың бірқатар зиялылары ортақ ғылымдық және білімдік кеңістікте өмір сүргені рас болса, М. Абдо сынды реформаторлар еңбегі соңғылардың қолына тимеді деу қисынсыз.
Үшінші жол - Қазан мен Бақшасарайдан тартылады. ХІХ-ХХ ғасырларда дүниежүзіндегі орны елеулі елдің бірі - Ресей империясы болса, осы мемлекеттің мұсылман ұлттарының ішіндегі білімдісі татар еді. Сұлтанмахмұт: «Анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр», - дейді. Татарлар мұсылман ағартушылығын өздерінше (Ресей жағдайына сәйкес) дамыта алды. Дамытушылық басында Ш. Маржани мен Қырым татары И. Гаспринский тұрды. Осы орайда З. У. Тоған естелігінен мынандай жолдарды оқимыз: «Қазанның ірі ғалымы Маржаниды бізде Шихаб Қазірет деуші еді. Оның исламдіні догматтарына қатысты еркін ойларын консерватор молдалар да қабылдайды. Бірақ Маржанидың тарихи еңбектері мұндай қолдауға ие болмайтын. Өйткені оларда қазақ пен башқұртты төмендететін пайымдар кездесетін». Бұл жерде Зәки Уәлиди ағартушы Маржанидың 1890 жыл Қазанда басылған «Әл-тариқат әл-масали уа әл-акидат әл-хасани»(Үлгілі тәсіл және оңтайлы көз жеткізу) атты трактаты мен 1885 һәм 1900 жылдары Қазанда 2 том болып жарияланған «Мұстафа әл-ахбар фи ахуали Қазан уа Булгар»(Қазан және Бұлғар тарихы бойынша дерек көздері) атты зерттеуін тілге тиек етіп отыр. Алдыңғы айтылған трактат ХХ ғасыр басында Ресейде басқа да мұсылман ұлттарының оқығандары секілді қазақ зиялылары да қолдан-қолға өткізіп, көшіріп таратқан еңбек болған. Ал, И. Гаспринскийге келсек, оның мұсылман ағартушылығына қосқан үлесі өлшеусіз. Қайраткердің «Орыс мұсылмандығы»(«Русское мусульманство», 1881) және «Орыс-Шығыс келісімі»(«Русско-Восточное соглашение», 1896) атты зерттеулері мен сансыз кітап, оқулық, мақалалары Ресейде реформаторлық ағым - жадитшілдікті негіздеді.
Мұсылмандық ағартушылықтың қазақ зиялыларына тигізген әсерін бағамдауда біз З. У. Тоған естеліктеріне жиі тоқталатын боламыз. «Түркі жұртына ортақ бір тіл жасар болсақ, мұндай тілдің ролін қазақ тілі атқара алады» деп есептеген және Әлихан, Ахмет, Мұстафалармен қоян-қолтық достық қарым-қатынаста болған Зәки Уәлиди қазақтармен жақсы араласқан ағасы туралы: «Ол 1883 жылдан түркі зиялысы, қырым мұсылманы, үнғатар тайпасынан шыққан озық пікірлі Зейнулла шейхтың адал ізбасары Исмаил Гаспринский шығарған «Тәржіман» газетін оқып тұратын», - дейді. Әрине, жаратқан ғұмыр бұйыртса, қазақ зиялылары да осы мазмұндас естелік жазар еді.
Қалай дегенде де, қазақ ағартушылығының бір қайнар көзі мұсылман ағартушылығы екені талас тудырмайды. Нақты тарихи деректерді айтпағанның өзінде бұл тұжырымның растығын Шәді Жәңгірұлы, Мақыш Қалтайұлы, Әбубәкір Кердері, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, т. б. шығармашылығы дәлелдейді.
Деректік қоры қолданылған әдебиеттер тізімінде келтіріледі.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХІХ ғасыр болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде бітіру жұмысының өзектілігі, мақсат-міндеттері және тарихнамалық шолу жасалған. Бірінші тарау Мұсылман ағартушылығы ұғымы және оның тарихи маңызы деп аталады. Онда Ислам және ғылым арасындағы бірлік - мұсылман ағартушылығының негізі ; Мұсылман ағартушылығы және оның қазақ қоғамына ену жолдары, тигізген әсері мәселелері қарастырылған. Екінші тарау ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылмандық ағартушылық мәселесіне арналған және ол келесідей мәселелерді қамтиды: ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының жағдайы; ХІХ ғасыр аяғы - ХХ ғасыр басындағы Оңтүстік Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы және мұсылман діни білімінің дамуы; Қазақстандағы мұсылман дін басыларының қызметі.
- Мұсылман ағартушылығы және оның қазақ қоғамына ену жолдары, тигізген әсері
Ислам мәдениетімен бір кеңістікте болғанымызды дәлелдейтін фактының бірі - түркі тайпаларынан шыққан бірсыпыра ғұламалар сонынан араб тілінде мол мұра қалғандығы. Бұл тұралы ғалым Әбсаттар Дербісәлі былай дейді «Өйткені, олар өмір сүрген кезде мұсылман шығысында ғылым мен білім тілі араб немесе парсы тілі болды . Олрдың шығармалары да бізге сол тілдер арқылы жетті . . . Бұл ғалымдарды әдебиетіміздің араб тілінде жазған өкілдері » деп қабылдаймыз. Сонымен, ғалым Қыраубайқызының сөзімен айтқанда, «түркі әдебиеті - көне шығыстан, жер жүзі мәдениетінің дамуынан бөлек, түйық жатқан құбылыс емес солармен тығыз байланыстағы дәстүрлі әдебиет » . Ал ол байланысты кейін шегіндірмей жан жақты қарастыру - қазақ ғылымының көкейкесті міндеті . Бұл мәселеде біздің материалистік диалектика заңдылықтарына суарылған дүниетанымымыз дәтке қуат бермейді . Сондықтан діл тазалығы мен айрықша ой - тұжырымдар қажет . Біз мұндай ой сілемдерін ғалым Ақжан Машанов (әл- Машани) шығармашылығынан көреміз . Ол: «Шығыстың және мәдени лұғатындағы ғалым бақас дегеніміз - даналық пен надандық майданы. Осы майданның бір көрінісі Абай заманында, дүниежүзілік тұрғыдан алып қарағанда, шығыс елдерін отарлау әрекетімен ұштасты. Сонда халықтың ғадалатты арын сақтаушылардың бірі болып Л. Толстой, М. Гандимен бірге Абай шықты», - дейді. Әл-Машани сондай-ақ атейзм мектебінен өткендердің ешқашан тіс батпайтын - Құран және ғылым тақырыбына бара алған. Ғалым мұны Мұхаммед ғ. с. пайғамбардың: «Ман ахаб ал-ғилми уал ғұламат фикуа рафиқи фи ал - жаннати» яғни: «Кімде-кім ғылымды және ғұламаны сүйсе, ол менің жаннатта көршім болады», деген сөзімен бастайды.
Мұндай көзқарас, сөз жоқ, отандық ғылымдағы жаңа арнаны көрсетеді. Қандай заңдылықты болсын өз кезегіне сәйкес қарау қажет. Исламда да адам мен қоғам, деректі мен дерексіз арасын әртүрлі саралаған ой ағыстары, көзқарастар болған (мысалы, әл-Ғазали мен ибн Рушд арасындағы пікір қайшылығы) . Осының бәрі ислам діні мен ол қалыптастырған ілімдердің бір орында тұрақтап қалмай, ағып тазаланып отырғанын көрсетеді. Сонымен бірге, тұрлаусыз уақыт пен имансыз саясаттың шаңы ислам ілімін де қапты. «Дүмше молда дін бұзар» (Абай) - басқа діндердегі секілді, исламға да тән еді. Мұсылман ағартушылығы исламды уақыттың шалған кірінен тазалау үшін, оны халыққа анағұрлым жақындату үшін дүниеге келді. Оны да халықтың даму сұранымы әкелді. Сондықтан әлем әдебиетіндегі ағартушылық, реформалық өзгерістерді қарастырғанда, араб тілді халықтардың ізденісін айналып өтуге болмайды [6] .
Арабтың ағартушылық әдебиеті - Египет, Ливан, Тунис және Сирияда қатар шықты. Тарихтан белгілі, 1798-1801 жылдары Напалеон экспедициясы Таяу және Орта Шығысқа барған болатын. Бұл - Францияның отарлау аясын кеңейту мақсатында жасалған жорық еді. Араб елдері осыдан аса қауіптенді. Батыс елдерінің қауырт дамуында араб ғылымының үлесі болса да, беймарал өмір сүріп жатқан мұсылман жұртын сол дамудың зиянды ызғары оятты. Араб елдері шұғыл шаралар қолданбаса, іс насырға шабуға айналды. Мысалы, Египетті Мұхаммед Әли басқарған кезеңде (1850) бұл ел Осман империясынан тәуелсіздік алып, бірқатар реформалар жүргізген-тін. 1821 жылы Булакта баспахана ашылды. 1828 жылы тұңғыш газет - «Мысыр жаңалықтары» («әл-Вакаи әл-Мысрия) шықты. 1835 жылы аудармашылар мектебі ашылды. Атақты әл-Азхар медресесі шәкірттерге дін оқуымен бірге жаңа заманға лайық ғылымдарды үйретті. Осы медреседен алғашқы араб ағартушылары: филолог, ақын Хасан әл-Аттар (1766-1838) осы оқу орнынабасшы болған қайраткер, «Мысыр жаңалықтарының» бірінші редакторы, тілші Ибрагим ад-Дасуки (1811-1883), араб тілінің маманы, еуропалықтарға ана тілін үйретуші Рифа ат-Тахтауи шықты. Мысыр Фрациямен тығыз байланыс орнатқандықтан, араб зиялыларының біразы Парижде болып, Еуроап өмірінің, ғылымының жетістіктерін көрді [7] .
Францияда болған Тахтауи «Парижді суреттеуде таз алтынды бөліп шығару» атты қолжазба жариялады. Ғалым А. А. Долинина ат-Тахтауи туралы: «Ат-Тахтауи өз жазбаларында еуропалық қоғам өмірінің формалары исламға қайшы еместігін дәлелдеп, құран мен хадистерден көп дәйексөз келтіреді. Ол теңдік, еркіндік, шындық туралыМонтескье, Руссо пайымдарын халқына ұсынады», - деп жазады. Әл-Азхар білімдары Мұхамед ат-Тахтауи Ресей астанасына арнайышақырумен барып, дәріс оқиды. Египетте әл-Аттар және оны әл-Қуайдыр, ад-Дәруіш тәрізді шәкірттері жаңа рухта көркем шығармалар жаза бастайды. Ал Сирияда мұсылмандар мен христиандар қатар өмір сүргендіктен, арабтар Италия, Франция арқылы келген жаңалықтарды сараптап қабылдап жатты. Мұнда баспа ісі Мысырдан әлдеқайда бұрын қолға алынды. 1847 жылы осында «Ғылым мен өнерді игеру қоғамы» құрылды. Бұл араб ағартушылығына дем берді. Оның мүшелері ішінде Назыф әл-Языжи(1800-1871) араб тілінің стилистикасы мен грмматикасынан бірнеше нұсқаулық, Бутрус әл-Бустани «Мұхит әл-Мұхит» атты үлкен араб сөздігін, «Даират әл-Мағриф» атты араб энциклопедиясын жазды. Сирия әдебиетіндегі ағартушылықтың алғашқы кезеңінде Ниқұла ат-Түрік, Бутрус Караме сынды ақындардың поэзиясы, Ахмед аш-Шидийяк сияқты жазушылардың сатиралық жолжазбалары, Марун ан-Наккаш тәрізді драматургтың алғашқы аударма пьесалары дүниеге келді [8] .
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында Мысырдың мәдени-ағарту жүйесінде тағы да өсу байқалады. Билік басындағы Ысмайыл білімге, мәдениетке мол қаржы бөледі. 1870 жылы Ұлттық кітапхана, Каир опера театры, Булак ескілік музейі, 1873 жылы «Ғалымдардың оқу үйі» ашылады.
70-жылдарлың соңында Мысырға Франция мен Англиядан қауіп төнеді. 1879-82 жылдары жүргізілген ұлт-азаттық қозғалысы, өкінішке қарай, жеңіліс табады. Мысыр ағылшын отарына айналады. Бұл отарлау саясаты 1907 жылға дейін созылды. Осының ХІХ ғасырдың екінші жартысында Египетте байқалған рухани-ғылыми күш ғылымда «мұсылман реформациясы» деп аталады. Жамал ад-Дин әл-Афгани (1839-1897) мен Мұхамед Абдо (1849-1905) басқарған осы қозғалыс мұсылман халықтарын ағарту саласында жаңа деңгейге көтеруге себепші болды. Исламның тарихи орнын зерттеген француз ғалымы А. Массэ бұл діндегі жаңғырулар туралы: «Дін саласында модернистер иждихатты (діни құқықтық мәселелерді еркін қарастыру мен талқылау хұқы) қалпына келтіруге тырысты. Үндістанда Алигарх университетінің негізін салған Ахмах-нан Бахадур (1898 жылы өлген) құранға жаңа мутазалиттік, яки рационалды тұрғыдан түсініктеме берді. Оның шәкірттері мұсылман діні барлық бүгінгі өмірге жарайды деп санады. Ал, Египетте Мұхамед Абдо Жамал ад-дин әл-Афганимен бірігіп, «Салафийя» (прогресшілдер) партиясын құрды. Абдо дін мен ғылымды жақындатуды мақсат тұтты. Бұл ислам мен мутазализмді біріктірмек болған Ғазалиді еске түсіреді», деп жазды [9] .
Сонымен ХІХ ғасырда Мысыр, Үндістан болып жалғасып жатқан араб әлемі дүниежүзілік алпауыт елдердің текетіресуінде, біріншіден, өзгенің боданында кетуді қаламай, екіншіден, қайта оянып, серпілуді ойластырып баскөтергеніне көз жеткіземіз. Ғалым А. А. Долинина: «Мұсылман жаңғыртуының негізгі мақсаты - еуропа мәдениетін қабылдау емес, өзінің озық дәстүрін қайта өрлетіп, арабтың мәдени мұрасын жаңғырту еді», - деп тұжырымдайды. Осы тұста француз және орыс ғалымдары қолданған «модернизация» терминіне ой жібергіміз келеді. Неге, ол «модернизация»? Бұл, әрине, дінді кемсітушіліктен туған көзқарас. Араб ғұламаларының «жаңғыртамыз» ыңғайындағы ұғымы - «кірден тазалаймыз» дегенге келеді. Ал, «модерн» - тарихи сабақтастықтан ада етіп, «бүгінгі күннің қажетіне жарату» деген мағынадағы француз сөзі. Мұсылман ағартушыларында соңғы мағынадағы ойдың болмағанын орыс ғалымының өзі айтып тұрған жоқ па?
Жаңғырығы бір жағынан Азия мен Кавказды көктей өтіп - Петерборға, екінші жағынан Испанияны шола жүріп - Еуропаға жеткен әл-Афгани мен Абдоның негізгі тұжырымдары төмендегідей:
1. Ислам адамдардың табиғи мүмкіндіктерін ашатын, ақылға негізделген барлық уақыт пен барлық халықтың діні;
2. Ислам халықтың әл-уқатын, еркіндігін көздеген күллі өзгерісті қолдайды;
3. Ислам ұлттық кемсітушілікті, дүние үшін екінші бір елді немесе көршіні жаулауды терістейді;
4. Ислам ұлтқа бөлмейді, халықтан бөлектенбейді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz