Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық дамуына талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
1. 1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы . . . 5
1. 2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары . . . 12
1. 3 Мемлекеттің инновациялық саясатының қалыптасуы . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ . . . 24
2. 1 Кәсіпорынның индустриалды-инновациялық қызметін сипаттау және оның қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау(«Үштөбе-Айдын» ЖШС мысалында) . . . 24
2. 2 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер . . . 35
2. 3 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау . . . 42
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ . . . 52
3. 1 Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің индустриалды деңгейінің жоғарылауы . . . 52
3. 2 Қазақстанның инновациялық қызметінің инвестициялық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу жүйесінің жетілдірілуі . . . 60
3. 3 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырудың басты бағыттары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты - ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация - негізгі қозғаушы күш болмақ. [1]
Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат, телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді:
«2010 жылғы қаңтардағы халыққа Жолдауымда мен Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жарияладым.
Оның жүзеге асуының бірінші жылының нақты нәтижелері бар.
Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.
Ел бойынша барлығы сегіз жүз әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды.
Біз химия және жеңіл өнеркәсіптің белсенді түрде қалпына келуі және дамуы процесін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде секіріс жасадық.
2014 жылға дейін 8, 1 триллион соммаға 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бірінші индустриалдық бесжылдықтың бірінші жылының басты қорытындысы - бұл экономиканың нақты секторы есебінен экономикалық өсуде күрделі құрылымдық өзгерістердің басталуы». [2]
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті - Қазақстанның инновациялық дамуын талдау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:
- инновация ұғымын экономикалық категорияретінде зерделеу;
- инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдаук жасау;
- инновациялық дамуды жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
- ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің басымдылықтарын анықтау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық инновациялық жүйенің құрылымдары және оларды жетілдіру бағыттары жайлы отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінде соңғы кездері көптеп жарияланып жатыр, себебі бұл біздің экономикамызда жүргізіліп жатырған жаңа өндірістік іс-шара болып табылады. Осы мәселелерді жетілдіру, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыру, адам ресурстарының маңыздылығы жайында келесі Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жарияланған: Әубәкіров Я. Ә., Кошанов А. К., Сабден О. С., Кенжегузин М. Б., Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, Көпешова С. Т. және т. б.
Зерттеу пәні - Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеу объектісі - Ұлттық экономикадағы интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қорлары, тұрғындарының ғылыми әлеуеті, кәсіпорындар мен қоғамдар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салалары.
Зерттеу жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, суреттер, кестелерден тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
Кез-келген қоғамдағы мемлекеттің экономикалық рөлі оның нақты қызметтерінің жиынтығы арқылы көрінеді. Мемлекеттің рөлі мен оның қызметтері мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының әртүрлі модельдерінде ғана емес, әр елдің әртүрлі нақты тарихи жағдайлары бар бір модельінде де өзгеше. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық рөлі мен атқаратын қызметтері рыноктық экономикасы жоғары дамыған мемлекет пен өтпелі экономикалы мемлекетте бірдей болуы мүмкін емес. Бұл жерде нақты, ерекше жағдайлар да маңызды. Мұндай өзгешеліктер көптеген объективті, материалдық факторларға байланысты, сонымен бірге әр қоғамға тән дәстүрлер мен көзқарастардың (менталитет) әсерінен пайда болады.
Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілуімен бірге оның дамуы, экономика субъектілері арасындағы шаруашылық байланыстардың күрделенуі, қоғамдық өмірдің кейбір сфераларының маңызының артуы және интеграциялық процестердің күшеюі нәтижесінде мемлекет қызметтері толықтырылады, нақтыланады және жаңа қызметтер пайда болады. Соңғысының қатарына экономистер [3. 5б] жатқызады:
- өте дәлдікпен қалыптастырылған өнеркәсіп саясатын жүргізу;
- қазіргі заманғы технологиялар жасау мен енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, жекелеген аймақтар мен сфералардың дамуын ынталандыру;
- ел шекарасын анықтау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру көбінесе әртүрлі мемлекеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Дамыған рыноктық экономикада макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге, оның техника-технологиялық базасын дамытуға ықпал ететін қызметтер басты болады әрі жиі қолданылады. Ал6 экономикасы өтпелі елдерде ескі жүйені рыноктық жүйеге жедел қайта құруға мүмкіндік беретін қызметтер басты болады. Сондықтан әр ел мемлекеттік реттеуге қатысты әртүрлі ұстанымдарды қалыптастырады, әртүрлі ағымдық және стратегиялық мақсаттар қояды, оларға жетудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.
Экономикаға мемлекеттік ықпал ету ауқымы туралы мәліметті келесі көрсеткіштер береді. Жиі қолданылатын көрсеткіш- бюджет және бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінетін ЖІӨ-нің үлесі. 90 жылдардың басында Жапония мен АҚШ-та бұл үлес 35-40% болған, Германия, Франция, Италия, Канада елдерінде- 50%-дан жоғары болса, ал Швецияда- 60%-дан жоғары [3. 35б] . Бұл үлес жоғары болған сайын мемлекеттің экономиканы реттеу ауқымы да жоғары болады.
Экономикадағы мемлекеттің рөлі елдің ұлттық активтеріндегі мемлекеттік меншіктің үлесі арқылы сипатталады. Оның үлесінің жоғары болуы, басқа жағдайлар тұрақты болғанда, мемлекеттің экономикаға қатысуы елеулі екендігін куәландырады.
Мемлекеттік реттеудің көлемін мемлекеттік шығыстардың үлесі арқылы да анықтауға болады. Осы көрсеткіш бойынша әлем елдерін үш топқа бөлуге болады:
1. ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстардың үлесі 50%-дан жоғары елдер: Бельгия, Италия, Швеция, Нидерланды, Норвегия.
2. ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстардың үлесі орташа елдер, үлестік салмағы- 40-50%: Германия, Ирландия, Испания, Жаңа Зеландия, Канада, Франция.
3. ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстардың үлесі төмен елдер, үлестік салмағы 40%-дан төмен: Австралия, АҚШ, Швейцария, Жапония [4. 34б] .
Ресейлік экономистер мемлекеттің экономикадағы рөлін сипаттайтын тағы бір көрсеткішті бөліп қарастырады - жұмыспен қамтылған жалпы халықтың ішіндегі мемлекеттік қызметкерлердің үлесі. Олар бұл көрсеткішті аса қолайлы дей отырып, оның елеулі кемшілігін де бөліп көрсетеді - еңбек өнімділігінің өзгерісі мен өндірістік ресурстардың өзара алмасушылығын ескермейді.
1 сурет Рыноктық экономикадағы мемлекет үлесінің өсуі, %
Деректер негізі: [16. 12б. ]
Ескертпе: Рыноктық экономикасы дамыған елдер топтары бойынша ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстардың пайыздық көрсеткішінің өсімі (Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, АҚШ, Франция, Швеция, Швейцария, Жапония) .
Мемлекеттің белсенділігіне қарсы сын-пікірлер өршіп тұрған кезеңдердің өзінде бірде-бір дамыған ел макроэкономикалық реттеуден бас тартпағанын айта кеткен жөн. 80-жылдары мемлекеттік сектордың өсуі баяулағанымен, мемлекеттік реттеудің экономикалық қуатының өсу процесі тоқтаған емес (1-сурет) . Оған дәлел ретінде Ұлыбританияны мысал ретінде алуға болады. 1980 жылы М. Тэтчер үкіметі экономиканы мемлекетсіздендіруге бағытталған реформаларды жүзеге асыра бастаған кезде мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі 43% болатын. 10 жыл ішінде бюджеттік баптар мен мемлекеттік қызметкерлер санын елеулі қысқарту нәтижесінде мемлекеттік шығыстардың үлесі 42%-ға дейін ғана азайған. Соңғы жылдары ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстардың өсуі жалғасуда және Ұлыбританияның мемлекеттік шығыстарының ЖІӨ-дегі үлесі 1980 жылғы көрсеткішіне қайта жақындады. Бұл процесс өмір үшін маңызы бар бірқатар тауарлар мен қызметтерді өндіруші ретінде мемлекет рөлінің әлсіреуімен емес, жеке кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыратын төреші және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретіндегі рөлімен байланысты туындайды.
Әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден бір сара жолы инновациялық даму бағыты болып табылады. Ал, инновациялық дамудың негізгі мақсаты - жаһандану үдерісі аясында ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтынаң өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, «инновациялық даму - бұл нарықта адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, «инновациялық даму - ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтын даму». Осы тұжырым келесі үлгіде бейнеленген (2-сурет) .
2-сурет Инновациялық дамудың құраушылары
Деректер негізі: [22. 12б. ]
Инновациялық дамудың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құраушы бөліктері қазіргі экономикалық өсу қағидаларына сай өркендеуде үлкен мәнге ие болып отыр. Халықтың қажетті материалдық игіліктермен және шарттарының заңды түрде орындалуы, адам құқықтарының қорғалуы, денсаулығы, білім алуға қабілеттілігі, әлеуметтік қамсыздандырылуы, адамның өзін-өзі жетілдірілуіне қажетті бос уақытының бар болуы және басқалары сапалы экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштері болып табылады.
Бұл инновациялық дамудың әлеуметтік сипатын бейнелесе, экологиялық шиеленістердің үдеуі, табиғи ресурстар қорының жылдан-жылға азаюы, осы аталған проблемаларды шешудің теориялық және тәжірибелік деңгейде нақты әдістерінің, тәсілдерінің жеткіліксіздігі оның экологиялық құраушы бөлігінің маңызын анықтайды. Экологиялық зардаптарды жою, қоршаған ортаны ластанудан қорғау талаптарының жыл өткен сайын қатаң қадағалануы энергетика, биотехнология, химия, нанотехнология сияқты ғылыми бағыттардың дамуын жеделдетеді. Олай болса, инновациялық дамудың аталмыш құраушылары экономикалық дамудың тек сандық жағына емес, сапалық көрсеткіштеріне де мән беруге жетелейді.
Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, бәсекелік-жаһандық рыноктық қатынастарға тән заңдылық, қозғаушы күш - ол әлі күнге дейін пайданы максималдауға деген ұмтылыс. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, инновация түсінігіне келесідей анықтама туындап отыр: инновация - бұл қоғамның әл-ауқатын сапалы түрде жақсартуға жағдай жасайтын, кәсіпкерді жоғары пайда алуына ынталандыратын ғылыми-зерттеу жетістіктері мен өнертабыс қызметінің нәтижесі.
Қазіргі таңда, Қазақстан бірқатар экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенімен де өнімділіктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиісті дәрежесін игере алмай келеді, сонымен бірге экономиканың дамуына әлемдік қаржылық дағдарыс әсерінің келуі де елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында қиыншылықтар туындап отыр.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілік ахуалын сипаттау үшін М. Портердің «бәсекелік ромб» (немес «бәсекелік алмас») көрсеткіштер жиынтығы - өндіріс факторлары мен сұраныс жағдайы, бірлескен және қызмет көрсетуші салалар, бәсеке мен стратегиялық даму жағдайы қарастырылды. Осы үлгінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторларының қатары кеңейтіліп, толықтырылды (3-сурет) . Аталмыш үлгіде Қазақстан экономикасын әлемдік даму үрдістеріне сәйкес дамыту үшін елдің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, алтыншы технологиялық укладтың негізгі салаларын өркендету қажеттілігі, төлем қабілетті сұраныс жағдайы, инновациялық процестің ұтымды жүзеге асуына негіз болатын институционалдық, ұйымдастырушылық және инновациялық серпіліс нүктелері сияқты құраушылардың құндылығы сипатталып, жетілдіріліп отыр.
3 - сурет Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы жүйесіндегі инновациялық даму үлгісі
Деректер негізі: [23. 4б. ]
Қазіргі әлемдік шаруашылық жағдайындағы ұлттық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігі қатал бәсеке жағдайында прогессивті дамуды қажет ететін ерекшелігінде. Ұлттық экономиканы сақтап қалудың жалғыз критерийі болып сыртқы рыноктық бәсекеге түсе алатын экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар мен салалар қамтамасыз ететін тиімділік болып табылады. Бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе - тек қана әлемдік рынокта тұрақты сұранысқа ие болатын өнімді өндіруге бағытталған жүйе. Мемлекет экономикасының тиімділік деңгейі бүгінгі күні оның қолда бар ресурстардың ішкі бәсекелестік күресте рационалды пайдалана отырып, отандық өнімге сұранысты кеңейтуге, экономиканы жүйелі ұйымдастыруға байланысты болып отыр. [5. 52б] .
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика) ;
- өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
- экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
- Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29, 7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2, 8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш - 0, 22 - 0, 3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0, 4 -0, 6; Канада мен Қытайда - 0, 8 - 1, 2 киловатт сағатты құрайды.
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты - ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға, өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясатты қарқынды жүргізуге тиіспіз. Яғни инновация - негізгі қозғаушы күш болмақ.
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады:
- өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 - 8, 4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым - техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Күтілетін нәтижелер: Индустриялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8, 8 - 9, 2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3, 5 - 3, 8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 - 8, 4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0, 9 %-дан 2015 жылы 1, 5 - 1, 7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. [5. 65б] .
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен саясатын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдеріне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әр қилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.
Қорытындылай келе, елімізде индустриялы-инновациялық дамуды жетілдіру үшін төмендегідей шараларды атқарылуы қажет:
- елдегі инновациялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл - білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
- индустриялы - инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.
Сол себепті экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға, экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау керек.
1. 2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz