Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
1. 1 Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты және оның жүзеге асуы . . . 7
1. 2 Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі және оның ауыр зардаптары . . . 28
II Қазақстандағы отырықшыландыру науқанынан кейінгі миграциялық процесіндегі теріс тенденциялар
2. 1 Ресей және Орта Азия жеріндегі қазақ босқындарының
қайғылы тағдыры . . . 37
2. 2. Қазақтардың шетелге ауа көшулері . . . 52
Қорытынды . . . 62
Сілтемелер мен қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 63
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тарих ғылымында идеологиялық ықпал жасап келген Коммунистік партияның уақыт санына төтеп бере алмай тарауы және республикамыздың өз тәуелсіздігіне қол жеткізу бір кездегі Қазақстанда шаруаларды меншігінен айыру және олардың қожалықтарын үжымдастыру мэселесін жан - жақты зерттеп, зерделеуге жол ашты. Кез келген мәдениетті халық өзінің үлттық тәуелсіздігін алып, басқа мемлекеттің саяси ықпалынан босанған сэтте бүрын отаршылдық бүғауында бүрмаланған тарихын қайта қарауға жэне үлт тарихының назардан тыс қалған мэселелерін толық қамтып жазу мәселесін жедел қолға алуға ұмтылды. Елімімз бен қоғамымыз бастан кешкен жеке басқа табыну жэне тоқырау кезеңі Қазақстан еңбекшілерімен қазақ халқы XX ғасырдың 20-30 жылдардың соңы мен 30 - жылдардың басында тап болған жаппай үжымдастырумен ашаршылық « Жариялануға жатпайды » - деген айдар мен архив қойнауында жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда Қазазқстан Республикасы тәуелсіз ел болып, өз тарихын баса назар аударған шағымызда XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен тәркілеу, үжымдастыру, отырықшыландыру, саясатын ашып көрсетпеу біз үшін үлкен қателік болар еді. Тэркілеу науқаны, ұжымдастыру саясаты ашаршылық бұның барлығы бір - бірі мен байланысты. XX ғасырдың 20-30 жылдары республикада өмір сүрген басқа үлттарда сталиндік қуғын сүргін азабын қазақтармен бірге тартқаны белгілі. Бірақ, қазақ халқының басынан өткен нәубәт, басқа үлттарға қарғанда ана ғүрлым ауыр болды деп ашық айта аламыз. Қызық халқына бүл жағдайдың ауыр тигенін және өзгешелігін ресейлік тарихшы А. И. Яковлев былай түсіндіреді: « Қазақстан үшін бүл (ұжымдастыру) ерекше қиын міндет болды. өйткені байырғы халықтың (қазақтардың ) төрттен үші көшпелі жэне көшпелі өмір сүрді. өлке халқы орналасқан сол кездегі табиғи тарихи жағдайда көшпелі мал шаруашылығ толығымен үжымды шаруашылық болып табылды. Ол жақсы түрмыстың жэне халықтың өзінің өмір сүруінің негізі еді. Бірақ дэл қазақтардың -дәстүрлі көшпелілердің қысқа мерзімде отырықшылыққа көшу маңдайларына жазылған екен. Мүны қаламаушылық сыннан өткен әрі сенімді әдіске - күштеуге жол ашты ». [1] Өткен тарихымыздың « Ақтаңдақ беттері» - болып саналған тәркілеу, үжымдастыру саясаты мен оның орны толмас зияны - қазақ халқының жаппай аштықтан қырылуы бүгінгі отардың тарихымыздың ең күрделі, аса өзекті тақырыптарының бірі.
Тақырыптың деректік қоры. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ халқының ауыр зардабын біз деректерге сүйене отырып айта аламыз. 20-30 жылдар тарихынан шынайы да ақиқат деректер беретін болыпевиктік партия мен кеңес өкіметі органдарында сол жылдары жауапты қызметтер атқарған Т. Рысқұловтың, Л. Мирзоянның, О. Исаевтың Мэскеудегі И. Сталиннің жэне В. Молотовтың аттарына жазылған және өзара жазысқан хаттарының, сондай ақ тарихымызда «Бесеудің хаты » деген атпен мэлім болған Ғ. Мүсіреповтың, М. Ғатаулиннің, М. Даулеткалиевтің, Е. Алтынбековтың, Қ. Қуанышовтың Ф. Голощекинге жазған хатының жэне Ғ. Исқақовтың, І. Қабіловтың, Ж. Арыстановтың, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың Сталинге жэне Мерзоянға жазған хатының қазақ шаруаларын жаппай басқыншылыққа жэне аштан қырылу себептерін дэлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы апаттың демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мэліметтер де беретінін ерекше атап көрсеткен жөн. Бүны біз мына еңбектерден көре аламыз: Об итогах июньского пленума ЦК ВКП (б) . Докл. Тов. У. Исаева на собр. Алма -Атинского партактива в июля 1931г., Алма - Ата, 1931г; Курамысов И на путях социалистического переустройства казахского аула. Алам - Ата 1931; Кулумбетов У Переход на оседлость в Казахстане - Вопросы оседания кочевников. Сб. статьи и материалов под ред. С. М. Диманштейна. М., 1931; М. Кохеани о задачах партийной работы. А- ата -МоскваД932. Қазақ қалай аштыққа үшырады. А., 1991 [2] .
20-30 жылдарға қатысты мол деректерді біз БК (б) П «Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз органдары»Еңбекші қазақ (1992жылдан Социалистік Қазақстан) «Советская степь» (1932жылдан «Казахстанская Правда»), «Большевик Казахстана», «Бюллетень Казахского краевого Комитета ВКП (б) », «Қызыл Қазақстан» ала аламыз.
Мәселенің зерттелу деңгейі (тарихнамасы) 20-30 жылдардағы Қазақстан шаруаларының тарихы туралы тарихнамалы зерттеулер тым аз жэне олардың өздеріне тек 60 жылдардың соңынан бастап қана жазыла басталды. Алғашқы мэліметті Ковальский С. Л. Из итории полимики конца 20 начало 30 годов по поводу освоение земельных рессурсов Казахстана. - Вопросы истории. КазГУ Алма -Ата 1973, вып. 5; Алимбаев Н. А. к вопросу историографии коллективизации сельского хозяиства Казахстана конца 20 -30 годов - Некоторые вопросы историографии Казахстана, Караганда 1980; 80 - жылдардың соңына қарай күштеп ұжымдастыру қасіретін әшкерлейтін алғашқы тарихи мақалалар жарық көре бастады. Ол: Омарбеков Т, Атабаев Қ «Кооперативтендіру сабақтары », « Лениншіл жас», 1988, 3-4 тамыз; 13-14 желтоқсан. Абылхожин Ж. Б. Қозыбаев М. К. Татимов М. Б. Казахстанская трагедия. - «Вопросы и истории», 1989, №7., Төленбаев Б. А, Осипов. В. П. Асырмайда жасырмай айтылар шындылық, - « социалистік Қазақстан », 1989 14-қаңтар. 90-жылдардан кейін қазақ халықтарының, шаруалардың тәркілеуге, ұжымдастыруға, отырықшыландыруға, шаруалар көтерілісіне байланысты еңбектер жазылды. Оны біз Т. Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті » А., 1997ж. [3], М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді » А., 1993 [4], Т. Омарбеков «Зобалан» А., 1994 [5], Т. Омарбеков « Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері » А., 2003 [6], ала аламыз. Тағыда М. Қозыбаевтың [7] М. Тәтімовтың [8] қарастырылып отырған мәселеге байланысты еңбектерін атап өтуге болады. Сол кезеңде эр түрлі ағымдарды айта кетіп, қазақ зиялыларының осы кезеңде «шылдық» атын жамылдырып қойған Голощекин туралы мэліметті толығымен Д. Махаттың [9] еңбегінен көруімізге болады.
Диплом жұмысының мақсаты: XX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда ұйымдастырылған қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру саясаты мен оның қазақ халқына тигізген зардаптарын барынша нақтылай ашып көрсету және осы 20-30 жылдарды терең меңгеру. Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді шешуді көздеймін:
- XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихын оқи отырып, отырықшыландыру науқаны мәселелерін ашып көрсету;
- Тақырыптың деректік қорын жетік меңгеріп, оны анықтау;
- Мәселенің зерттелу деңгейін (тарихнамасын) жан жақты ашып
көрсетіп, оған талдау жасау;
- Отырықшыландыру, ірі байларды тәркілеу науқанын, күштеп ұжымдастыру саясатының барысын және нәтижелерін анықтау;
- Отырықшыландыру саясатының ауыр зардаптарын талдау.
- Кеңес өкіметі жүргізген солақай саясаттың, тоталитарлық
жүйенің қазақ қоғамы үшін жат болғандығын дәлелдеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 20-30 жылдары немесе нақтылап айтатын болсақ, 1927-1931 жылдарды қамтиды. Бұл кез И. В. Сталиннің және Голощекиннің билік басына келіп тоталитарлық биліктің күшеюінен, жеке басқа табынудың етек алуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде қазақ халқының басынан отырықшыландыру, тәркілеу, ұжымдастыру саясаты жүріп, қиын халді басынан өткізген кезең болды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жүмыс кіріспеден оның ішінде (өзектілігі, деректік қоры, мәселенің зерттелу деңгейі (тарихнамасы) мақсат-міндеттері, хронологиялық шеңбері), екі тараудан (әр тарау екі бөлімшеден тұрады), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
1. 1 Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты және оның жүзеге асуы
Бүкіл Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру процесі басталған кезде көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру қажеттігі айтыла бастады. Жаңадан ұйымдастырылатын ірі колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Бұл мәселе әсіресе Қазақстанға тікелей қатысты болды. Өйткені бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтардың 80 процентке жуығы осы Қазақстанда болатын. Қазақстандағы отырықшыландырудың бастаушысы болған Ф. И. Голощекин о бастан-ақ бұл жұмысқа саяси сипат беруге күш салды. «Отырықшыландыру, - деді ол өзінің осы мәселеге байланысты І Өлкелік кеңесте (1930ж., 9-10 қараша) сөйлеген сөзінде, - бәрінен бұрын таптық мәселе. Мұны Сіздер естеріңізде қатты ұстауларыңыз керек . . .
Отырықшыландыру - бұл ұлттық мәселе. Отырықшыландыру арқылы біздің нені шешкіміз келеді ? Біз қазақ ауылының экономикасын көтеруді қалаймыз. Біз қтырықшыландыру жолымен астық мәселесін, қазақтар қожалығында мал шаруашылығын жөндесек дейміз. Әлі басталмаған жаңа жұмыста түсініксіз нәрселер де аз емес еді. Отырықшыландыру процесі бәрінен бұрын көшпелі және жартылай көшпелі шаруапар қожалықтарының санын нақты анықтауды қажет етті. Өйткені бұл іске байланысты жүргізілетін көп салалы жұмыс және бөлінетін қаражат осыған тікелей тәуелді еді [10] .
Сондықтан 1931 жылы 14 желтоқсанда Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитеттің техникалық кеңесінде бұл мәселе арнайы қарапған. Мәжіліс хаттамасында төмендегідей жолдар бар: «1. Жаппай отырықшыландыру жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізілуге жататын қожалықтар санын анықтау (Леоновтың инфор. ) .
Тыңдалды: Барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар мемлекеттік жоспарлау (Госплан - Т. О. ) бойынша 706 000. Осы саннан 5 процентті құрайтын 42000 байлар қожалықтары шығарылып тасталынады. Қалған 664000 шаруашылық төмендегідей жіктеледі:
1930 жылғы жерге орналастыруға дейін отырықшы-
ланғандар - 70 000 қожалық; Орталықтары отырықшыландыру мекендерімен шартты сәйкес келетін шаруашылық ауылдарға орналасқандар - 30 000; 1931 ж. өнеркәсіпке кеткендер - 20 000; 1932 ж. өнеркәсіпке беруге жобаланғандар - 57 000; 1930-1931 жылдары жоспарлы отырықшыланғандар - 164 000; Жоспарлы отырықшыландырумен шартты түрде қамтамасыз етілгендер - 75 000; ҚАКСР аумағынан шығып кеткендер - 37 000 қожалық.Еуропалық поселоктар бойынша отырықшыланғандар - 20 000; Отырықшыландырумен толық қамтуға жататындар - 191ООО».
Қазақстанда еңбек еткен белгілі ғалым М. Г. Сириустың есебі бойынша, әр малшы қожалығындағы жан басылары саны 6 адамнан айналатынын ескерсек, онда 1931 жылы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының саны 4 млн 236 мың адам болып шығады [11] .
Дегенмен бұл жерде бір ескеретін нәрсе бар. Біз айтып отырған бұл 4 млн 236 мың қазақ тек көшпелі және жартылай көшпелілер ғана. Жоғарыдағы деректерде солай көрсетілген. Ал енді бұрыннан отырықшы болып келген қазақтарды қосқанда күштеп ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда барлығы қанша қазақ қожалығы болғанын есептеп көрелік. Архив қойнауында 1928 жылы қазақтардың барлық қожалықтарының саны 826 мың болғаны туралы дерек бар. Егер мұның 120 мың қожалығы отырықшы, ал жоғарыдағы 706 мыңы көшпелі және жартылай көшпелі деп есептесек және отырықшы отбасылардың әрқайсысында орта есеппен 5 жаннан бар десек, сонда Қазақстандағы барлық қазақтың саны 4 млн 836 мың адам екенін көреміз.
Сол жылдардағы барлық әлеуметтік, саяси-экономикалық процестерге тікелей басшылық жасаған партия органдары отырықшыландыруда да бастамашы болды. Елде жаппай ұжымдастырудың басталуына байланысты Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6 қарашадағы өзінің мәжілісінде «Қазақ халқын отырықшыландыру туралы қарарды бекіту» мәселесін арнайы талқылады. Оңда «қазақтардың үлгі боларлық отырықшы шаруашылық ұяларын» жеделдете жасау қажеттігі партия және кеңес органдарына ескертілді. Қабылданған қаулы тұңғыш рет 1929 - 30 жылдары «отырықшыландыру аудандарындағы қожалықтардың барлығының кем дегенде 12% қамтуды» талап етті. Егер, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарының жалпы саны 708 000 екенін ескерсек, жоғарыдағы қаулы бойынша олардың алғашқы жылы кем дегенде 84 000-нан астамы отырықшыландырылуы тиіс болғанын көрер едік. Кабинет жағдайында қабылданған осынау әміршіл-әкімшіл үстірт шешім өмір шындығынан аулақ жатты және қазақ ауылының объективті, субъективті мүмкіндіктерін ескермеді.
Осылайша қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысы социалистік құрылысқа қарама-қарсы қойылып, қоғамда оған деген жаулық көзқарас қасақана жандандырылды. Енді көшпенділіктің өзі «тағылық», «над-андық» және «мәдени артта қалу» деген тәрізді тұжырымдармен түсіндірілетін болды. Қазақтарды жедел де жаппай отырықшыландыруға зор мән берген Өлкелік партия комитетінің бюросы 1930 жылы 19 қаңтарда өзінің «Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру туралы» келесі қаулысын қабылдады. Оңда 78, 3 мың көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыруға байланысты шаралардың «тіптен де жеткіліксіз» дәрежеде жүргізіліп жатқаны және бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігі атап көрсетілді.
Мұндағы 78, 3 мың деген көрсеткіш алғашқы қаулыдағы белгіленген мөлшерден бірнеше мың ғана төмен еді. Бірақ көп кешікпей-ақ бұл меже басшы органдарда талқылау барысында қайтадан 84 000-нан асып түсті [12] .
Отырықшыландырудағы мұндай көтеріңкі жоспардың қабылдануын 1930 жылы 9-10 қазанда болып өткен «Қазақ халқын отырықшыландыруға байланысты I Өлкелік кеңесте Қазақстанның ХКК төрағасының орынбасары Ұ. Қүлымбетов төмендегідей түсіндірді: «Алғашқыда біз отырықшыландыруға жататын жекелеген аудандарды белгілеген кезде, арада біраз уақыт өткен соң жекелеген ұйымдар тарапынан, дәлірек айтсақ, Павлодардан, Оралдан, Гурь-евтен және т. б. олардың жоспарларын ұлгайтуды өтінген қаптаған жеделхаттар мен хаттар алдық». Ұ. Құлымбетов өздерінің бұл өтініштерді қанағаттандырғанын айта келіп, сонымен қатар басқа аудаңцарда да отырықшыландыру жоспарын орындай алмаймыз деп наразылық білдірудің орын алмағанын атап көрсетті.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе түңғыш рет Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, осы мәселе бой-ынша «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Бұл шешімді орындау үшін Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан 1930 жылы 8 қаңтарда құрылған Комитет отырықшылаңдыруды жоспарлаумен белсенді айналысты. Алғашқы күннен бастап-ақ отырықшыландыруды қан-дай аудаңдарда және қалай жүргізу керек, - деген мәселе осы комитеттің күн тәртібінде тұрды. Жаппай ұжымдастырылуға тиісті аудандарда отырықшыландырудың жаппай жүргізілетіні әрине елдің бәріне түсінікті еді. Ал енді жаппай ұжымдастыруға жатпайтын аудандардағы отырықшылаңдыру қалай болады? Міне осындай күрделі сұрақ Қазақстан басшыларын бұл жұмыс қолға алына бастаған алғашқы күндерде-ақ мазалады. Өйткені әлі басы ашылмаған түсініксіз мәселелер жеткілікті еді [13] .
Қазақтарды отырықшыландыру мәселесінде республика басшыларының өздерінің де жүйелі, жан-жақты ойластырылған тиянақты көзқарастары болған жоқ. Қазақстан ХКК-нің төрағасы О. Исаевтан басқа қазақ басшылары жаппай отырықшыландыруға едәуір сақтықпен қарады. Олардың бірі құрылысты барлық колхозда жүргізу мүмкін еместігін айтса, ал екіншісі отырықшыландыру үшін 3 - 4 алқапты ғана таңдап алуды үсынды, ал үшіншісі алғашқы жылы қазақтарға үлгі боларлық поселоктар ғана
салғанды жөн санады. Тіптен осы мәселеде негізінен Ф.
Голощекинмен пікірлес болған О. Исаевтың өзі де
отырықшыландыруды «кең майданда» жүргізуді ұсына
тұрса да отырықшылаңдыратын аудандардағы қожалықтардың жалпы санының алғашқы жылы 25-30 мыңнан аспағанын қалады.«1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе Қазақ АКСР-ы ХКК-нің жанынан құрылған отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің 4 ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды.
Онда жайылма суару мүмкіндіктері бар аудандар нақты көрсетідці. Және олардағы отырықшыландырылатын жерлер белгіленді. Сондай-ақ осы жиналыста қабылданған қаулының №2 тармағында «отырықшыландыру аудандарына үкімет белгілеген жаппай ұжымдастырылатын қазақ аудандарының жататыны» айтылды.
Республика үкіметі отырықшыландыру аудандарындағы колхоздардың бастапқы түрі ЖБӨС (жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер) және МҚС (малды қауымдастыратын серіктіктер) болулары тиіс екенін, олардың «отырықшыландырудың орнығуы барысында біртіндеп ауыл шаруашылығы артелдеріне ұласулары тиістігін» атап көрсетті. Айта кеткен жөн, жасалған ұсыныс негізінен дұрыс болса да «біртіндеп ұласудың» қалай болуы керектігі еш құжатта айқын көрсетілмеді. Ал мұның өзі колхоз құрылысында аса жедел қарқынның орын алып кетуіне жол ашты.
1930 жылға арналған отырықшыландырудың Қазақстан көлеміндегі жоспары жергілікті жерлерге наурыз айының соңына қарай жіберілді. Бірақ отырықшыландыруға даярлық жұмыстарына байланысты мемлекеттік негізгі нұсқаулар отырықшыландыруды жүзеге асыратын тұрақты комитеттер құрылмастан және осы жұмысқа байланысты жоғарыдағы жоспар жасалмастан бұрын-ақ қаңтар-ақпан айларында жергілікті жерлерге жедел жолданған еді.
Үкімет жоспарлы отырықшыландыруды қаржыландыру процесін оны жедел жоспарлаумен қатар қолға алды. Одақтық бюджеттен қазақтарды жерге орналастыру үшін 1400 мың com ақша бөлінді. Республика Халық Комиссар-лары Кеңесінің 1930 жылы 8 наурыздағы шешімімен қазақтар отырықшыланған колхоздарға 8 жылға дейін процентсіз үй және мал қораларын салуға арналған қарыздар берілетін болды [14] .
Үкімет әуелден-ақ тым жоғары жоспарды - 1929-30 жылдары бірден 84 340 қазақ шаруалары қожалықтарын отырықшыландыруды жүзеге асыруды көздегендіктен бұл істе көптеген өрескел кемшіліктер орын алды. Алғашқы жылға жоспарланған көрсеткіш біз жоғарыда атап кеткен О. Исаевтың алғашқы жылы 25 - 30 мыңдай ғана қожалықтарды отырықшыландыру туралы ұсынысынан әлдеқайда көп еді [15] .
Жаппай отырықшыландыру қарқынының күшейе түсуіне Одақтық мекемелердің отырықшыландыру процесіне байланысты Қазақстан басшылығы ұсынған бақылау сандарын бесжылдық жоспарды бекіту барысында ескеруі де себеп болды. Бұл бойынша бірінші бесжылдықтың қапған үш жылы ішіндегі Қазақстандағы отырықшыланатын қожалықтар саны төмендегідей болып белгіленді:
Жылдар 1930-31 ж. 1931-32 ж. 1932-33 ж.
қожалықтар саны 8 1 12 [16] .
Кестеден көрінетініндей, Қазақстандағы отырықшыландыру қарқыны жылдан жылға өсе түсуі керек болды. БК(б) П 7-Бүкілқазақтық партия конференциясында (1930 ж. мамыр- маусым) бұл туралы былай деп қорытынды жасалды: «Бесжылдық мемлекет көмегі негізінде - 380 мың қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтарын жоспарлы отырықшыландыруды көздейді, ал бұл қазақ аудандарындағы егістік көлемінің алғашқы жылғы 1 миллион гектардан, соңғы жылы 5 млн гектарға дейін өсуіне ықпал ететін болады». Дегенмен, жоғарыда айтылды Қазақстанның өлкелік партия комитеті және үкіметі жоғарыдан арнайы нұсқау күтпей-ақ белсенділік танытып 1930 жылы наурызда-ақ алғашқы 1929-30 жылға арналған отырықшыландыру жоспарын өздері белгілеп, жергілікті жерлерге жіберіп те қойған еді.
1930 жылы 15 тамызда Өлкелік колхоз Одағы жергілікті жерлерде отырықшыландыру жұмыстарының 58 507 қазақ қожалықтарын қамтығаны туралы мәлімет алды. Бұл жоспардағының 70 проценті ғана еді. Көрсетілген қожалықтар 743 колхозға, ал колхоздар 48 колхоз топтарына бірікті [17] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz