Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қылмыстық құқықтың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Қылмыстық.құқықтық норманың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Қылмыстың ұғымы, белгілері және қылмыстарды топтастыру ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР құқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құқық колданудағы кемшін тұстары анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-құрылымдық, салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу әдістеріне жүгінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық құқықтан зерттелген отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып қылмыстық құқықтың міндеті мен қағидаларын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-қылмыстық құқықтың ұғымын ашу;
-қылмыстық құқықтың міндеттері және қағидаларын анықтау;
-қылмыстық құқықтың міндеттері мен мақсаттары
-қылмыстық-құқықтық норманың құрылымын
-ылмыстың ұғымы, белгілері және қылмыстарды топтастыру осы жазылған курстық жұмыстың негізгі міндеттері болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11). Алматы
Арнайы әдебиеттер

1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2006
2. Основы государства и право. Учеб. пос. Алматы «Жеті - Жарғы», 2008
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті - Жарғы», 2007
4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер», 2008
5. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. Ю.И.Лапунова – М: Новый Юрист, 2008
Баспа материалдары

1. Сот жаршысы Әділ іс ақталады №1 2011
2. Листюкин А.Б Государства и право Юридическая техника и правовые ошибки №11 2009
3. Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №9 2008
4. Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №8 2011
5. Правовой вестник, Незаконные действие органов ведущих уголовный процесс №9 2011
6. Заң газеті Сәбікенов Г Сәбікенова С Заң терминдері мен ұғымдарының орысша-қазақша сөздігі, №10 2010

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қылмыстық құқықтың
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..4
1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13

ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1 Қылмыстық құқықтың міндеттері мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 19
2.2 Қылмыстық-құқықтық норманың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Қылмыстың ұғымы, белгілері және қылмыстарды
топтастыру ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .26

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР құқықтық
жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің
жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті
қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы
орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі
де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құқық колданудағы кемшін тұстары
анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық құқықтан зерттелген отандық және
шет елдік ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып қылмыстық құқықтың
міндеті мен қағидаларын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-қылмыстық құқықтың ұғымын ашу;
-қылмыстық құқықтың міндеттері және қағидаларын анықтау;
-қылмыстық құқықтың міндеттері мен мақсаттары
-қылмыстық-құқықтық норманың құрылымын
-ылмыстың ұғымы, белгілері және қылмыстарды топтастыру осы жазылған
курстық жұмыстың негізгі міндеттері болып табылады.

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қылмыстық құқықтың ұғымы

Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды
күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-
әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына
негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық
қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған
орай Президент Н.Назарбаев мемлеке-тіміздің өмір талабына сай келетін жаңа
Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің
қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп
берді.
Жалпы, қылмыстық заңның қажеттілігі неге байланысты болады деген
сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық құқық түсінігіне анықтама
беруіміз қажет. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның
құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай
реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық
нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы. Ол қылмыс істеуге
байланысты қылмыс жасаған адам (субъекті) мен мемлекет арасында пайда
болады. Мұндай кұқықтық қатынасқа катысушылардың әрқайсысының өзіне тән
құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты
қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ
сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті
орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды
реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық
жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық
құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді
істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық
кұқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
жасалғанда олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік
өмірінде орын алған сапалық өзгерістер ескерілген. Яғни азаматтардың жеке
басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші
кезекке қойылған. Қылмыстық-кұқықтық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, республиканың
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыс­тық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері
енгізілген. 1997 жылғы Қылмыстық кодексте бұрынғы кодекске карағанда
ізгілік қағидасы басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-
әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін
қолдануға кең жол ашылған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР құқықтық жүйесіне
кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің
жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлекеттік және қоғамдық құрылыс
меншік, жеке адам, құқықтық тәртіп, коршаған орта және т. б. сияқты сан-
саналы қоғамдық қатынастар, соньң ішінде, басқа құқық, салаларымен
реттелетіндері де кіреді.
Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның
реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар қолдануға
байланысты туатын қоғамдық, қатынастар негіз болады.
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып
табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтың жауаптылықпен жазадан
босатудың талаптары мен негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа
қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің
қатысу нысандарын реттейді.
Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға
болады: реттеуші, қорғаушы, қылмыстың алдын алушы коғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаған уақытта оны жасаушы адам
мен мемлекет атынан әрекет ететін оның органдары (анықтау, тергеу, сот,
прокуратура органдары) арасында пайда болып, қылмыстық жауаптылықты
толығымен іске асырған сәтінде аяқталады.
Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны
үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыстық құқықтың барлық нормалары екіге: Жалпы және Ерекше бөлімге
бөлінеді.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен
прициптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық
жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды
реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды
түзеу ісіне қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен
оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары
да Жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де
тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның
қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықтан қылмыстық құқық ғылымы
өзгеше. Ол — қылмыстық құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс пен жаза
және олармен байланысты институттар хақындағы пікірлер мен ойлардың жүйесі,
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен белгілерін,
мазмұнын аша түседі, қылмыс құрамыньң, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі
мен заңға қайшылығын жоятын мән-жайлардың түсінігін беріп, белгілерін
зерттейді, алдын ала жасалған қылмыстық әрекеттер үшін, қылмысқа
қатысушылық үшін жауапкершіліктің теориялық негізін жасайды, қылмыстың
көптігіне түсінік беріп, оны топтастырады.
Қылмыстық жазаны реттей отырып, оның мазмұны мен мақсатын анықтайды,
жазаньң жекелеген түрлеріне, оларды тағайындау тәртібі мен негіздеріне
талдау жасайды.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті
қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы
орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі
де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құқық қолданудағы кемшін тұстары
анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.
Қылмыстық құқық ториясы дәстүрлі түрде қылмыс объектілерін жалпы,
топтық (арнайы) және тікелей түрлерге бөліп қарастырады.
Қылмыстың жалпы объектісі дегеніміз – қылмыстық заңның қылмыстық
қастық етуден қорғайтын игіліктердің (мүдделердің) жиынтығы. РФ ҚК 2-
бабының 1 -бөліміне сәйкес, олар - адам мөн азаматтың құқықтары мен бос-
тандықтары, меншік, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған
орта, Ресей Фөдерациясының конституциялық құрылымы, бейбітшілік және
адамзаттың қауіпсіздігі. Бұл объектілер мынадай мінездемемен айқындалады:
бір жағынан, кез келген қылмыс тек осы объектілерге қастық жасауы мүмкін,
ал екінші жағынан - қылмыстың қайсысы бомасын, осы объектілердің біріне
ғана қастық жасауы мүмкін, өйткені жалпы объект – қылмыстық заң қорғайтын
объектілердің қосындысы.
Топтық (арнайы) объект - бұл жалпы объектінің бөлігі. Ол өздеріне бір-
біріне ұқсас қылмыстар қастық жасайтын бір топты игіліктер жиынтығын алға
тартады. Топтық объектінің ҚК Ерекше бөлімінің жүйесін қарастырудағы мәнісі
айтарлықтай. РФ ҚК Ерекше бөлімін жікке бөлу, ал кейде тарауларға бөлуге
негіз ретінде таптық (арнайы) объект жатқызылған. Мысалы, РФ ҚК Ерекше
бөлімінің VII- тарауында біріктірілген баптарында қарастырылатын қылмыстық
топтық объектісі - жеке адам болып табылады. Ал 25-тарауда қарастырылатын
қылмыстардың объектісі - халықтың денсаулығы мен қоғамдық имандылық.
Тікелей объект - топтық (арнайы) объектінің бөлігі; бұл - белгілі бір
қылмыс жасаудың (мәселен, ұрлық немес бүзақылық, кісі өлтіру немесе
қашқындық) нәтижесінде зиян келтірілетін белгілі бір игілік (мүдде). Ерекше
бөлімнің 16-тарауындағы баптарда қарастырылған қылмыстардың тікелей
объектілері болып жеке адамның өмірі немесе денсаулығы (әрқайсысы өз
алдына) енді топтық объектінің толықтай алғандағы жеке адамның - бөлігі
ретінде алға тартылады. Тікелей объектінің қылмыстарды дәрежелеуде өзіндік
маңызы бар, өйткені бірқатар жағдайларда бір қылмысты өзімен тектес өзге
қылмыстардан бөлектеуге мүмкіндік береді.
Әдетте әрбір қылмыстың тікелей бір объектісі болады. Бірақ, бір сәтте екі
бірдей тікелей объектіге қастық қылатын (қос объектілі қылмыстар деп
аталатын) қылмыстар да кездеседі. Мұндай жағдайларда олардың біреуі басты
(негізгі), ал екіншісі қосымша қылмыс болып табылады. Ал, қай тікелей
объект негізгі, қайсысы қосымша объект болып табылатындығы жайлы мәселе
құқық қорғап түрған маңыздылығына тәуелділікке сәйкес емес, оның топтық
объектімен қандай байланысы барлығына орай шешіледі. Мәселен, қорқыту
немесе күш қолдану әрекеттері сияқты қылмыстың тікелей объектісі сот
төрелігін және алдын ала тергеуді жүзеге асыруға байланысты (РФ ҚК-нің 296-
бабы) сот төрелігінің мүдделері және жеке адам болып табылады. Бұл жағдайда
бірінші объект негізгі боладыдағы, жеке адам қосымша объект ретінде бой
көрсетеді.
Айта кетерлігі - қосымша объект қажетті немесе факультативтік объекті де
болуы мүмкін. Қажетті (міндетті) қосымша объект әрдайым өзіне жасалған ана
не мына қылмыстық қастықпен (немесе осындай жасалуы мүмкін жағдаймен)
байланысты. Ал факультативтік объектіге мүлде зиян жасалмауы ғажап емес
(немесе бұл объект зиян жасалу қатеріне килікпейді).
Қылмыс объектілерін үш сатылы (жалпы, топтық және тікелей дәрежелеу)
бұрынғы қылмыстық кодекстердің (РФ-ның 1926 ж. және 1960 ж. ҚК-тері)
қүрылымына сәйкес келді, олардың Ерекше бөлімдері тек қана тарауларға ғана
бөлінді.Бірақ РФ ҚК-нің 1996 ж. түбегейлі түрдегі жаңа құрылымы ғана
құжатта Ерекше бөлім тарауларға ғана емес, жекеленген тарауларды
біріктіретін бөлімдерге де бөлінген) кезінде әділет ғылымында жалпылай
қолдау таппаған, дәрежелеудің әртүрлі емес төрт сатылы түрін еріксіз еске
түсіреді. Мәселен, сонау 1960 жылдардың өзінде Свердловск заң институтының
профессоры Е.А.Фролов топтық объектінің ішінен "түрлік" объекті дейтінді
(топтық объектінің бөлігі ретінде, басқаша айтқанда топтың бір түрі
дегейінді білдіреді) бөліп шығаруды ұсынған болатын. Жаңа ҚК-тің қүрылымына
қарағанда, топтық объект дегеніміз - оларды жасағандығы үшін жауаптылық
жөніндегі шамалар бірегей бөлімге орналастырылған, қылмыстардың қастық
жасайтын мүдделері болып табылады. Осыған сәйкес, "түрлік" объекті (әрине,
Ерекше бөлімнің бөлігі тарауларға бөлінген жағдайда) қылмыстар қастық
қылатын мүдделер (бұл қылмыстардың жасалғанына жауаптылық жөніндегі шамалар
бір тараудың шегінде болса) дегенді білдіреді. Айталық, шамалары VII
бөлімде келтірілген қылмыстардың топтық объектісі -жеке адам да, ал түрлік
объектілері жеке адамның өмірі мен денсаулығы (16-тарау), азаттығы мен ар-
ұжаны (17-тарау), жыныстық қол сұғуға болмайтын жағдайы мен жыныстық
бостандығы (18-тарау), адам мен азаматтық конституциялық құқықтары мен
бостандықтары (19-тарау), от-басы мен кәмелетке толмағандар (20-тарау).
Оның үстіне объектінің жалпы және тікелей түрлерінің үғымы мен олардың
өзара қатынасы бұрынғыша қала береді. Ал мынадай жағдайларда - олар Ерекше
бөлімнің бөлігі қосымша тара-уларға бөлінбей, атауы бөлікке деңгейлес
келетін бір тараудан тұратын болса, онда топтық объект түрлік объектімен
дәлме-дәл келеді (мысалы, XII бөлім және 34-тарау бейбітшілік және
адамзаттың қауіпсіздігі).
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыс субъектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық
жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға
сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.
Қылмыстық кодекстің 4,6,7 – баптарының талаптарына сай Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ
адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды,
қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам –
азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген
зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс
субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді
пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда
қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке
адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене
жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал
мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып
табылады.
Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды
ұйымдар қылмыстың суъектісі болып танылмайды.
Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі
бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек
қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады.
Қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі – қылмыс жасаған адамның
есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық – қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті
жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын
және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.
Есі дұрыстық – адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың
қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс
пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар,
психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ
адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие
бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық
жауапқа тартылмайды.
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстығымен қатар және бір міндетті белгісі
– қылмыс жасаған кезде адамның заңды белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-әрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік
маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда
болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі,
кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер
болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.
Адамның есінің дұрыстығы және қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы
қылмыс субъектісінің жалпы заңдылық белгілері болып табылады, олар
қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда
біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыскердің қосымша белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және
тұрмыс жағдайын ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған –жасамағандығын,
ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық
жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан
шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау
керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар - қылмысты
қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист,
арнаулы субъект тағы басқалар.
“Қылмыс субъектісі” және “қылмыскердің жеке басы” ұғымдары бірдей емес.
Қылмыскердің жеке басы – қылмыс субъектісіне қарағанда кең түсінік береді.
Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді жалпы адам ретінде
сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және
қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық,
отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы,
сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті,
еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және
дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны,
өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі.
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс
субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең
аз ғана жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына
толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.
Қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке
даралағанда (ҚК-тің 52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің
63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің
65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе
жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-
баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.

1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері және қағидалары
Қылмыстық құқықтың міндеттерін оның пайда болуымен тікелей байланысты,
бағзыдан келе жатқан қорғау міндетінен бастауға болады. ҚР Қылмыстық
кодексінің 2-бабында: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардьң құқықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Казақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау... міндеттері көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы сөз қозғағанда екі тұрғыдан
келген ләзім. Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама ескертпесі (қылмыстың
жалпылама алдын алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу
арқылы сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен қатар
кейбір істерді жасауға жол беретін әрекеттермен де (мысалы, қажетті қорғану
мен аса қажеттілік туралы) жалпылама ескертпе жасалады. Өйткені мұндай
нормалардың да қылмыстың алдын алуда өз үлесі бар.
Екіншісі, қылмыстың жеке дара алдын алу міндеті (арнайы ескертпе). Ол
бұған дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық және
тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты шараларды қолдану
арқылы жана қылмыс жасаудан сақтандырады.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі — қылмыстан сақтандыру болып
табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге
асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-келген қылмысты істеуге
тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды
белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң, тыйым
салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық
нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске
асырылады.
Қылмыстық құқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті
қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтанушы
Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы туралы
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Кінә
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Пәндер