Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 5
1. 1 Ауыл шаруашылығының экономикадағы маңызы мен мақсаты . . . 5
1. 2 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының экономикадағы рөлі…… . . . 12
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ («ҚАПШАҒАЙ ҚҰРАМАЖЕМ ЗАУЫТЫ» АҚ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ) . . . 18
2. 1 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының даму мәселелері . . . 18
2. 2 «Қапшағай құрамажем зауыты» АҚ экономикалық көрсеткіштерін
талдау . . . 24
3 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ . . . 44
3. 1 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласын жетілдіру жолдары және тәсілдері . . . 44
3. 2 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының Қазақстандағы болашағы . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды шаруашылық іскерлікті жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді.
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның негізгі мақсаты - елдегі халықты өніммен қамтамасыз ету, ал өндеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Бұл мақсатты шешу келешектегі саланы карқындату, ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру, экономикалык катынастарды нактыландыру, әр түрлі меншік формаларын дамыту және шаруашылык түрлерімен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының жағдайын және әрекет етуін талдау.
Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалады:
- Ауыл шаруашылығының экономикадағы мақсатын ашу;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының экономикадағы рөлін көрсету;
- «Қапшағай құрамажем зауыты» АҚ экономикалық көрсеткіштерін және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді талдау;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласын жетілдіру тәсілдерін және өңдеу саласының Қазақстандағы болашағы анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласы және «Қапшағай құрамажем зауыты» АҚ.
Жұмысты орындағанда, оның жазу әдісі және құрылымында талдаулық, дедуктивті, индуктивті, логикалық және салыстырмалы әдістер қолданылды.
Осы дипломдық жұмыс жалпы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде ауыл шаруашылық мәні мен маңызы және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласының экономикадағы рөлі қарастырылады.
Екінші бөлімде Қапшағай «Құрама жем» зауыты зерттеу объектісі ретінде алынып, жалпы сипаттамасы, маркетингтік саясаты және экономикалық жағдайы мен ұйымдастырушылық - өндірістік құрылымы толық сипатталды.
Үшінші бөлімде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласын жетілдіру жолдары, ерекшеліктері мен өзгерістері анықталды.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Ауыл шаруашылығының экономикадағы маңызы мен мақсаты
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның негізгі мақсаты - елдегі халықты өніммен қамтамасыз ету, ал өндеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Бұл мақсатты шешу келешектегі саланы карқындату, ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру, экономикалык катынастарды нактыландыру, әр түрлі меншік формаларын дамыту және шаруашылык түрлерімен байланысты.
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары, тағы басқа бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықты азық- түлікпен, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келеді.
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымыңың негізін Кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
Ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін келесідей көрсетуге болады:
1. Ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі - өндірістің басты құралы ретінде жердің саналуы болып табылады. Басқа құралдармен салыстырғанда, жер тозбайды және де оны дұрыс пайдаланған кезде, оның сапасы жоғарылайды.
2. Ауыл шаруашылығында құралдар ретінде тірі организмдер пайдаланылады, яғни жануарлар мен өсімдіктер. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы өндіріс процесі тірі организмдерді дамыту процесімен қатарлас болып келеді.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру процесі климаттық зоналарға бөлінген үлкен алаңдарда жүргізіледі, сондықтан соңғы нәтижелер көбінесе қолданылған ресурстардың саны мен сапасына емес, жүзеге асырылатын өндірістің орналасқан жеріне байланысты болады.
4. Ауыл шаруашылығының тағыда бір ерекшелігі - сол жерде өндірілген өнім, келесі өндіріс процесіне қатысады
5. Ауыл шаруашылығының ең маңызды ерекшелігі - мұнда жұмысшылардың жұмыс кезеңі мен өнімді өндіру кезеңі сәйкес келмейді. Жұмыс кезеңі мен өнімді өндіру кезеңінің сәйкес келмеуі, ауыл шаруашылығының мезгілділігіне әкеліп соғады.
6. Еңбек бөлінісі, яғни ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, басқа да халық шаруашылығының салаларында басқаша жүргізіледі.
7. Ауыл шаруашылығының тағы да бір ерекшелігі - техниканы пайдаланудың деңгейі болып табылады.
Жоғарыда аталып кеткен ерекшеліктер, басқа салалармен салыстырғанда: жан-жақты талдауды, саланың материалды-техникалық базасының құрылу есебін жүргізуді, өндірісті басқару мен ұйымдастыруды, өндірістік ресурстарды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауды қажет етеді [1, 36б] .
Ауыл шаруашылығының эволюция үрдісі өздігінен дами бастап, барған сайын көптеген функцияларды қоса бастады, яғни үлкен өндірістің құралдары күрделене түсті, өндірістік саланың мамандандырылуы талап етілді сыртқы орам, сақтау, тасымалдау, сату да экономиканың өзіндік бір саласы бола бастады. Осылайша, аграрлы сектормен тығыз байланысты экономикалық салалардың тізбегі құрыла бастады.
Батыстық дәстүр бойынша, ауыл шаруашылығымен байланысты салаларды агробизнес деп атайды. Бұл терменді алғаш рет 60-жылдары американ экономисі Голдберг енгізген болатын.
Агроөнеркәсіптік кешен - өндірісті ауыл шаруашылық шикізатпен қамтамасыз етуге, еліміздің халқын қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған халық шаруашылығы салаларының жиынтығы.
Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық мақсаттары:
- елдің өнімдерге деген тапшылығын жою, ғылыми негізделген нормативтерге тұтынылатын өнімдердің деңгейін жеткізу;
- ауыл шаруашылығы шикізаттарынан жасалған өндірісітк емес тауарларға деген тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру;
- агроөндірістік кешенді аяққы өнімді өндірудің жедел өсуін қамтамасыз етуші формаға келтіру;
- тиімді өндірістің негізінде ресурстық потенциалды қолдануды жақсарту, бәсеңдету.
Агроөндірістік кешен үш сферадан тұрады:
- Агроөнеркәсіптік кешеннің қалған сфераларын, өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптің салаларымен қамтамасыз ету:тракторлы және ауыл шаруашылық машина құру; тамақ және жеңіл өнеркәсіпке арналған машина құру; химия өнеркәсібі; комбикормды өнеркәсіп.
- Ауыл шаруашылығының өзінің негізгі қызметтері:
- өсімдік және жануар өсіру;
- жануарлар мен өсімдіктерді химиялық қорғау қызметтері;
- мелиорация қызметі.
- Дайындаушы органдардың жеңіл жүйесі, ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өндіру, сақтау, тасымалдау, дайындауды қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.
Территориялық белгісіне қарай агроөнеркәсіп кешені республикалық, облыстық және аудандық агроөнеркәсіп бірлестіктеріне бөлінеді.
Агроөнеркәсіп кешенде ең маңызды орынды, өндірістің дамуын қамтамасыз ететін инфрақұрылымның салалары алады:
- көлік-жол шаруашылығы;
- байланыс;
- материалдық-техникалық қызмет көрсету;
- сақтау жүйесі;
- қойма шаруашылығы.
Әр сфераға инфрақұрылымның өндірістік және өндірістік емес салалары бөлінеді.
Қазіргі таңда жалпылама қабылданған фактінің бірі, бұл еліміздің шаруашылығы созылмалы кризис жағдайында болуы. Оның бәрі дефициттің болуы мен өндіріс сапасының төмендігінен көрінеді [2, 19б] .
Қазақстан 2030 стратегиясының басшылығына сәйкес 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестің қабілеті тұрғысынан келешегі бер еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өндеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ енеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылыс және шаруа құрылымын жасау. Осы салаларды дамыту арқылы экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес. Жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешу қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Әсіресе ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібін ішкі затпен қамтамасыз ететіндігін ескерсек, АӨК өнімдерінің көзі болып табылатын Қазакстандағы ауыл шаруашылығы мәселелерінің толастамауы үлкен мәселе қозғауға негіз бола алады. Рыноктық қатынастарға байланысты меншік түрі өзгереді. Бұрынғы колхоз, совхоздардың орнына фермерлік шаруа қожалықтары және басқалай жеке меншік мекемелер құрылды. Бірақ қандай жасалмасын, қай елде болмасын ауыл шаруашылығы бәрібір мемлекеттін асыраушысы болып қала береді. Әрине, соңғы жылдары біраз болса да ауыл шаруашылығында тұрақтылық байқала бастады. Шешілмей келген мәселелер де өз шешімін тапқандай. Атап айтар болсақ «Астық туралы» және «Жер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданады. Сонымен бірге «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға елеулі толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Салық кодексінде ауыл шаруашылығына берілетін жеңілдіктер сақталып, олардың аясы кеңейе түсті.
Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның мақсаты - жер иесін, меншік қожасын қалыптастыру. Осы бағытта мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін біртіндеп жекешелендіру саясаты жүзеге асты.
Тәуелсіздік жылдары шешіле қоймаған ең күрделі проблема - ауыл шаруашылық өндіріс мәселесі. Асығыс жүргізілген реформалардың нәтижелері қоғамды қанағаттандыра алмады [3, 2б] .
"2003-2005 жж ауыл жылдары" болып жарияланды. Мемлекет тарапынан осы жылдары ауылдың жалпы жағдайын көтеру үшін көп қаржы бөлініп, барынша көмек көрсетілді, осындай қамқорлықтың арқасында соңғы екі жылда ауылды жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді. Үш жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 38 пайызға өсіп, 772 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуі өндіріс көлемі 20 пайызға артты. Төрт түлік мал саны түгелдей өсті. Соның ішінде мүйізді ірі қара саны 2001 жылғы 4293, 5 мыңнан 2005 жылғы 5337, 0 мыңға (124, 3 пайыз), қой саны тиісінше 10478, 6 мыңнан 13702, 0 мыңға (130, 8 пайыз), шошқа 1123, 8 мыңнан 1347, 0 мыңға (120 пайыз), жылқы 989, 5 мыңнан 1135, 0 мыңға (114, 7), түйе 103, 8 мыңнан 127, 2 мыңға (122, 5), құс 21130, 2 мыңнан 25862, 2 мыңға (122, 3 пайыз) өсті.
Ауыл жылдарындағы саланың негізгі капиталын жаңартуға 600 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды. Бұл 2002 жылдан 20есе артық. Сөйтіп мемлекет инвестициясын әр бір теңгесі бес теңге жеке меншік салым тартуға мүмкіндік береді.
Экономиканың аграрлық секторының кепілдік мүмкіндігі артып, оған деген сенім күшейді. 2002 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының өндірушілерге әртүрлі көздерден бөлінген барлық несие көлемі 76, 8 млрд. теңгені құраса, 2004 ж бұл көрсеткіш 162, 9 млрд. теңге болды. Ал үстіміздегі жылдық бірінші жартысында ғана 82, 1 млрд. теңгенің несиесі алынды.
Ауыл жылдарында елімізде түңғыш рет астық қолхаттарын кепілдендіру жүйесі өмірге келді. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге екінші деңгейдегі банктер 2, 5 жыл ішінде 23 млрд. теңгеден астам несие бөлінді.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамассыз етіледі. Осы мақсатта жасалынған ұлттық стандарттан отандық өндіріс арқылы нан өнімдерімен қамтылудың қазіргі көлемі 4 есе, картоп жөнінде - 2 есе, көкөніс жөнінде - 20 пайыз, күріш жөнінде - 52 пайыз, сүт жөнінде - 17 пайыз, ет өнімдері жөнінде - 19 пайыз артып отыр.
Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуына қатысты рөліне тоқтала келе: "Жер табиғи байлықтар мен жылжымайтын мүлік пен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады", деп тұжырымдаған еді.
Тәуелсіздік алған жылдан бері мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап тұрақтандыру бағытталған, жер байлығымыздың ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешкен Жер кодексі қабылданып, жүзеге асырыла бастады.
Әлемдік тәжірбиеде соңғы кездері ерекше байқалып отырған бір мәселе халықаралық азық-түлік рыногында қатаң бәсекелестік ахуал қалыптасып отырған қазіргі кезде жерді жоғарғы тиімділікпен пайдаланған мемлекеттер ғана үлкен жетістіктерге жете алатындығы белгілі болып отыр. Мұның өзі біздің алдымызға жер әлуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың жоғарыда аталып өткен нарықтық шараларын одан әрі жетілдіре түсу міндетін қояды. Осыған орай Елбасы, нарықты қатынастар мен мемлекеттің реттеу қызметін барынша жетілдіре отырып, мемлекеттік меншікпен және жекеменшік құқығының жалпы халықтың мүддесіне сай келуін қамтамассыз етуді жер реформасын жүргізудегі маңызды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде айқындаған болатын. Бұл мәселелер жаңа жер кодексінде өтпелі ережелерді енгізу мен ауыл шаруашылық жерлерін халықтың жеке меншігіне беру мәселесін қамтамассыз ету арқылы шешіледі.
Жер кодексінің өтпелі ережелері нормаларына сәйкес азаматтардың қосалқы жалгерлікке берген жер телімдері мен шартты жер үлестеріне байланысты жасалған бұрынғы шарттарына күші (2005 ж 1-қаңтарына дейін) жойылып, оның орнына нақты шаруашылық жүргізетін қожалықтар құрылды. 2006 жылдың 1-қарашадағы мәліметі бойынша республикамызда мал шаруашылығы мақсатындағы 156482 г құрайтын 6860 жер телімі жеке меншікке сатылған жерлерден жиыны 3 млрд. 203, 2 млн. теңгенің қаржысы түсті. Ол қаражат Жер кодексінің 9-бабына сәйкес Ұлттық қорға аударылды [4, 3б] .
Ауыл шаруашылығы экономикасы - экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Ауылшаруашылық экономикасы агроөндірістегі мамандардың экономикалық біліктілігі жүйесінде өндірістік міндеттерді шешуде коммерциялық және кәсіпкерлік қызметке дайындық жасауды қалыптастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылықтары, 8 мыңдай ауыл шаруашылық кооперативтері, 500 ауыл шаруашылық акционерлік қоғамдары және 50-ден астам ұжымдары айналысады.
Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, соңғы нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық, практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді [5, 27б] .
Ауылшаруашылығы саласына өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауылшаруашылығына қызмет көрсету жатады.
Ауылшаруашылық өнімі рынокты және рынокты емес болып бөлінеді.
Рынокты емес өндіріс - дегеніміз - шаруашылықтың өзі тұтынатын өнім. Ауылшаруашылығының рынокты өнім өндіруіне кіреді:
- мал шаруашылық - өнімі - өсірілген шикі өнімнің құны және ауылшаруашылық жануарларының шаруашылықта пайдалану құны, малды, құсты өсіру құны және т. б.
- ауылшаруашылығына көрсетілген рыногтық және рыногтық емес - жерді жақсарту, топырақты химиялау, өсімдікиерді аурудан және жәндікңтерден сақтау, зоотехникалық және ветеринарлық қызметтер су шаруашылық кәсіпорындарының қызметі
Мал шаруашылық өнімдері төменгі көрсеткіштермен бағаланады:
Үй жануарларынан алынатын өнім:
- жалпы сүтті жинау, кг
- 1 процент сүтке, сүттің стандарттық майлығына және басқа шартты натуралды көрсеткіштерге еғсептелген сауылымы
- жүн қырқу кг жеке түрлері (қой, ешкі, түйе, ) және сапасы бойынша
- қырқылған жүнді жуылған жүнге аударып есептеу, кг.
- түрлері бойынша жұмыртқаны жинау [6, 174б]
1. 2 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының экономикадағы рөлі
Мал шаруашылығы өнім өндірісінің ұлғаюы және оның тиімділігінің жоғарылауы жем-шөп базасыз мүмкін емес. Жем шөп базасы деп жем - шөп көлемі құрылымы, оның алу көздері деп түсіндіріледі. Жем - шөп өндірісі бұл жем - шөп өндірісін дайындаған және сақтылығын құрайтын сала.
Малдардың өнімділігі үлкен дәрежеде жем - шөптеу деңгейіне байланысты болады. Малдардың өмір сүруін қамтамасыз етуіне құрама жемнің тағам қоспаларына кеткен шығындар олардың әр түрлі өнімділігінде де бірдей болатыны мәлім.
Жоғары қолданылатын барлық жем - шөп өнімділіктің жоғарылауына әкеледі. Сонымен, егер малға көбірек жоғары қолданылатын жеммен тамақтанырса онда оның өнімдері жоғары болады.
Баланстандырылған тамақтану кезінде баланстандырылмаған тамақтандыру кезіндегіге қарағанда жем шөп шығындары бірдей болғанда өнім өнімділігі 1, 5 есеге көп болады. Мал өнімінің деңгейіне жем шөп көлемімен оның құнының әсерінен басқа мал өнімінен өндірістің экономикалық тиімділігіне және оның өзінділік құнына үлкен әсерін тигізеді. Мал өнімін өзіндік құнындағы жем шөпке кеткен шығындар үлесі 30-45% құрайды. Жем шөптің 3 тобын бөліп көрсетуге болады:
- Өсімдік
- Мал
- Минерал
Өсімдік жемдері - өз кезегінде 4 топқа бөлуге болады. Шоғырландырылған бидай өнімдері, құрамажем, шөп ұнтағы, жмых, және . б. (қатты жем, шөп, сенаж), жасыл шөп (жайылым шөбі), шырынды (сенос, тамыр тұқымдастар, картоп, жом және т. б. ) . Мал жемдеріне сүт және оның қалдықтары (обрат, сарысу, пахта) ет, балық және сүйек ұны.
Тұтыну көлемі бойынша алдыңғы орында өсімдік жемі алып жатыр, оның үлесі жем шөптің жалпы шығындарының шамамен 95% құрайды. Өсімдік жемдерінің көздері болып дала және жайлы жем өндірісі болып табылады. Жем дақылдарын егістік науқан көлемі табиғи шөп шабындылары және жайылым көлемінен 2 есеге аз болса да, жемнің жалпы өндіріс көлемінің 75%-н жем дақылдары құрайды. Дәнді дақылдардың өнімділігі табиғи жеммен 3-5 есе төмен болғанына байланысты.
Жем шөп өндіріс тиімділігінің мәселелері жалпы ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігінің мәселелеріне қарағанда аз көңіл бөлінеді. Бұл сала ерекшеліктеріне түсіндіріледі. Бірінші: жем шөп өндірісі бірден сатылымға кететін соңғы өнімді өндірмейді, осыдан пайданы және рентабельділікті анықтауда қиыншылықтар туады, нәтижесінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау қиын. Бұл мәселелердің шешудің бірнеше нұсқалары бар.
Сөйтіп жем шөп бірлігінің бағасын сұлудың 1 ц бағасын есептеу кезінде салыстырады және бұл негізде таза табыспен рентабельдік деңгейі анықталады.
Екіншіден: Ауыл шаруашылығында есеп беру қазіргі жүйесі жем шөп өндірісінің өндірістік қорларын мөлшерін, салада жұмылдырылған жұмысшылар санын жалпы табыста жем шөп сапасын, дайындау, сақтау кезіндегі жем шөптің жоғалтуларын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Науқаншылықтағы өндіріс шығындарымен амортизация сомасы пропорционалды түрде жем шөп өндірісінің негізгі қорларын бағалауға мүмкіндік береді. Жем шөп өндірісінде жұмылдырылған жұмысшылардың санын орташа жылдық санын өсімдік шаруашылығы орташа жылдық санынан жем өнімдеріне жұмсалған еңбектің тікелей шығындарын анықтау мүмкін.
Сонымен, жем шөп егістігінің көлемін, негізгі өндірістік қорларын және жұмысшылар санын біле отырып, жем шөп өндірісінің ресурстық потенциалын, одан кейін ресурс қайтарымын және осы сала тиімділігін басқа да көрсетілген анықтамаларға мүмкіндік болады.
Жем шөп тиімділігін талдау үшін тәжірибеде келесі көрсеткіштер пайдаланылады:
- жем шөп дақылдарының өнімділігі
- жем шөп дақылдарының 1 га егіс жерден шығуы
- жалпы өнім, теңге
- жем шөп бірлігі цент
- қарастырылатын протеин, ц
- жем протеин бірлігі, ц
- өндіріс шығындарының 1 теңгеден алынды
- жалпы өнім, теңге
- жем протеин бірлігі, ц
- 1 ц өзіндік құны, теңге
- заттай жем
- жем бірлігі
- жем протеин бірлігі
- еңбектің тікелей шығындарын 1 адам сағатына өндіріледі
- жалпы өнім, теңге
- жем протиен бірлігі
- жем бірлігінің бір центнеріне кеткен еңбектің тікелей шығындарды, адам сағатына өндіргенде
Жем шөп дақылдарының өндірісін экономикалық бағалау кезіндегі басты көрсеткіш астық өнімділігі болып табылады. Жер көлемі бірлігінен дем бірлігімен қаратылатын протеин максималды алынуы астық ауқымының аз бөлігіндегі жем өндіруінде мүмкін болады.
Астық өнімділігі жоғары болған сайын өнім бірлігіне шаққандағы ақшалай қаражаттар және еңбек шығындары аз болады. Сәйкесінше астықтың жоғары өнімділігі кезінде жем егістік ауқымдарын, еңбек және материалдық ресурстарын пайдалауына тиімді болады.
Жем шөп өндірісінің экономикалық тиімділігне әсер ететіні факторларды 7 топқа бөлуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz