«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   

Жакыпбекова Бибигуль Оразкызы

«Микробиология және вирусология» пәні бойынша

дәрістер жинағы

Шымкент, 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра «Ветеринарлық медицина және зоотехния»

Жакыпбекова Бибигуль Оразкызы

051201 - Ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған

«Микробиология және вирусология » пәні бойынша

дәрістер жинағы

Оқу формасы: күндізгі

Шымкент, 2011ж

ОӘЖ 616-018 (083. 13)

КБЖ 28. 66

Құрастырған: аға оқытушы Жакыпбекова Б. О.

«Микробиология және вирусология » пәні бойынша дәрістер жинағы.

- Шымкент: М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2010. - 144 б

Дәрістер жинағы «Микробиология және вирусология » пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді меңгеруге қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.

Дәрістер жинағы 051201 - Ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған

Пікір беруші:

в. ғ. к., доцент Туткышбай И. А.

б. ғ. к., Оңтүстік Қазақстан ғылыми-

зерттеу вет. станц. директоры Қожабаев М.

Ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының мәжілісінде

(хаттама № « » 2011ж. ) және Агроөнеркәсіп факультеті

әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және басуға

ұсынылған (хаттама № « » 2011 ж)

Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесі ұсынған,

хаттама № « » 2011 ж.

©М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2011ж.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе. Микроорганизмдердің систематикасы мен морфологиясы . . . 8 Кіріспе . . . 8

1. Микроорганизмдерді жүйелеу және оның маңызы . . . 8

2. Бактериялар шамасының өлшем бірлігі . . . 10

3. Микроскоптық саңырауқұлақтар . . . 10

2. Микроорганизмдердің физиологиясы . . . 12

1. Микробтардың химиялық құрамы . . . 12

2. Қоректену және метаболизм . . . 13

3. Тыныс алу . . . 14

4. Өсу және көбею . . . 15

3. Микроорганизмнің табиғатта таралуы . . . 16

1. Ауа, топырақ, су, азық, қи микрофлорасы . . . 16

2. Эпифитті микрофлора жөнінде түсінік . . . 19

4. Микрооргаиизмдердің табиғаттағы заттарды айналдыруының маңызы . . . 20

1. Микробтардың табиғаттағы органикалық және минералдық заттарды қайта өңдеудегі, пайдаланудағы маңызы: азот, көміртегі алмасуына, күкірт, фосфор және темір

қосындыларының қайта айналымына араласуы . . . 20

5. Микроорганизмдерге сыртқы ортаның әсер ету жағдайлары . . . 24

1. Физикалық және химиялық жағдайлардың әсер етуі . . . 24

2. Микробтарға биологиялық жағдайлардың әсер етуі . . . 26

6. Микроорганизмдердің генетикасы . . . 27

1. Микроорганизмдердің гендік аппаратының құрылысы және өзгергіштік

пішіні . . . 27

2. Микроорганизмдердің өзгеру түрлері . . . 29

7. Инфекция және иммунитет . . . 32

1. Микробтардың биотикалық қарым- қатынасының типтері (комменсализм, мутуализм, паразитизм) . . . 33

2. Инфекциялық аурулардың жіктелуі . . . 37

8. Иммунитет . . . 40

1. Иммунитет деген ұғымның анықтамасы . . . 40

2. Иммунитет түрлері . . . 44

9. Антигендер мен антиденелер . . . 48

1. Антигеннің табиғаты мен қасиетінің анықтамасы . . . 48

2. Иммуноглобулиндердің негізгі кластарының табиғаты, қазіргі жіктелуі және сипаттамасы . . . 51

10. Жеке микробиология . . . 54

1. Инфекциялық ауру қоздыратын вирустардың биологиялық қасиеттері . . . 54

2. Клиникалық, патолого-анатомиялық, эпизоотологиялық, бактериологиялық, серологиялық

және аллергиялық балау әдістері . . . 55

11. Зардапты коккалар. Шошқа тілмесі қоздырушысы . . . 59

Листериоз қоздырушысы . . . 60

12. Сальмонеллез қоздырушылары . . . 62

Пастереллез қоздырушылары . . . 65

Бруцеллез қоздырушылары . . . 67

13. Зардапты бациллалар. Сібір жарасының қоздырушылары . . . 69

14. Зардапты анаэробтар. Сіреспе қоздырушысы . . . 74

Ботулизм қоздырушысы . . . 77

15. Қарасан қоздырушысы . . . 78

Қатерлі домбығу қоздырушылары . . . 80

16. Жалпы вирусология. Вирустың физикалық құрылымы және химиялық құрамы . . . 82

1. Вирустардың басқа организмдерден айырмашылығы . . . 82

2. Вириондардың құралу үрдісі (капсид, нуклеоид, суперкапсид, М-қабыршақ және басқалар) . 85

17. Вирустардың систематикасы . . . 86

1. Вирустарды жүйелеу және олардың үрдістері . . . 86

2. ДНК және РНК вирустарды жүйелеу . . . 87

18. Вирустардың репродукциясы . . . 91

1. Клетка геномы және генетикалық мәліметтің қалыпты клеткада іске асуы . . . 91

2. Вирустардың сезімтал клеткадағы көбеюі (репродукциясы) және вирустың

генетикалық мәліметінің іске асуын қамтамасыз ететін негізгі үрдістердің схемасы . . . 92

19. Вирустарды өсіру . . . 93

1. Вирустарды табиғи сезімтал және зертханалық жануарлар ағзасында өсіру . . . 94

2. Вирустарды тауық эмбрионында, клетка өсіндісінде өсіру . . . 95

20. Вирустардың экологиясы . . . 98

1. Табиғаттағы вирустар айналымының жолдары мен түрлері . . . 98

2. Түрлі вирустардың табиғаттағы айналымы мен оқшаулану ерекшеліктері . . . 101

21. Вирусқа физикалық және химиялық факторлардың әсері . . . 102

1. Вирусқа бөлме температурасының, жануарлардың дене қызуының және жылыту

мен қайнатудың, әлсіз, орташа және өте қатты тоңазытудың, УК-сәулесінің,

ультрадыбыстың, лиофильді кептірудің әсерлері . . . 102

2. Вирусқа қышқылдың, сілтінің, спирттің, дезинфектанттардың, антибиотиктердің әсері

3. Вирустарды жоюдың, инактивтендірудің және сактаудың әдістері . . . 102

22. Вирустардың генетикасы . . . 104

1. Вирустардың генетикасы . . . 104

2. Вирустар популяциясы, штамм, клон туралы түсінік . . . 105

3. Вирустардың өзгергіштігі (мутация), оның механизмі . . . 106

23. Жануарлардың вирустық аурулардың патогенезі . . . 108

1. Жануарлар организміне вирустың ену және таралу жолдары . . . 108

2. Реконвалесценция, вирусты тасымалдау және вирусты шығару . . . 109

3. Клетка деңгейіндегі, клетка популяциясы деңгейіндегі және ағза деңгейіндегі

вирустық инфекциялардың дамуы . . . 110

24. Вирусқа қарсы иммунитеттердің ерекшеліктері . . . 111

1. Вирустың антигендік құрамы және антигендердің бір жерде топталуының иммунитет

үшін маңызы . . . 111

2. Антиденелердің түзілу механизмі . . . 112

3. А, М, О кластарына жататын иммуноглобулиндер . . . 113

25. Вирустық аурулардың профилактикасы және диагностикасы . . . 115

1. Жануарлардың вирустык ауруларына диагноз қою негіздері . . . 115

2. Жануарлардың вирустык ауруларының иммундық алдын алу . . . 119

26. Бірнеше түрлі жануарларды ауруға шалдықтыратын вирустар. Құтырық вирусы . . . 122

Аусыл вирусы . . . 123

Сүт қоректілердің тұмау вирусы . . . 126

27. Ірі қара мал мен қой ауруларының вирустары. Ірі қараның оба вирусы . . . 130

Қойдың қара сүйелінің (эктима) вирусы . . . 131

28. Шошқа ауруларын тудыратын вирустар. Шошқаның еуропалық оба вирусы . . . 132

Шошканың африкалық оба вирусы . . . 133

Тешен ауруының вирусы . . . 135

29. Ет қоректілердің ауруын тудыратын вирустар. Ет қоректілердің оба вирусы . . . 136

Иттің инфекциялық гепатитінің вирусы . . . 138

30. Кұстардың ауруларын тудыратын вирустар. Ньюкасл ауруының вирусы . . . 139

Құс тұмауының вирусы . . . 141

Марек ауруының вирусы . . . 141

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі . . . 144

№1-дәріс

Кіріспе. Микроорганизмдердің систематикасы мен морфологиясы

Кіріспе

1. Микроорганизмдерді жүйелеу және оның маңызы

2. Бактериялар шамасының өлшем бірлігі

3. Микроскоптық саңырауқұлақтар

Кіріспе

Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, және табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиология тарихында Рим профессоры Афанасий Кирхердің (1601-1680) есімі ерекше орын алады. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсеендердің алғашқы микроскопты құрастырғаны мәлім. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған етте, шарап сіркесінде, сүтте түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады. Тек . XVIІ ғасырдың аяғынды ұлғайтып көрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632-1723) есімімен байланысты. Ол заттарды 160-300 есеге дейін үлкейте алатын микроскопты құрастырды. Осы қарапайым микроскоптың көмегімен ол жай көзге көрінбейтін микробтар әлемін ашты, ет тағамдарындағы зең саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді. Левенгук өзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарын, бактериялар мен инфузорияларды көрген. Оның бұл жаңалығы микроорганизмдер әлемін зерттейтін микробтар жөніндегі ғылым - микробиологияның дамуына жол ашты.

Микробиология ғылымының оданәрі дамуындағы орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740-1796) еңбегі зор болды. Ол табиғаттамикробтардың шығу тегінзерттеуде тұңғыш эксперименттік әдісі қолданды және микроорганиздерді адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне пайдаланудың мүмкіндігін дәлелдеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында микробиология баяу дамыды. Микробиология ғылымында да едәуір серпіліс байқалды. Микробиолгия ғылымының көрнекті қайраткері Луи Пастер (1822-1895) табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатынын дәлелдеді. Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады. Тағыда микробиология ғылымының дамуындағы неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910) еңбектерінің маңызы зор. Ол туберкулез, тырысқақ ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күрестің нақты жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Кох белгілі бір микроорганизмдерді өсіру үшін оны жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынды. Микробиология ғылымына елеулі үлес қосқан орыс ғалымы И. И. Мечниковтың (1845-1976) еңбегі зор. Оның әсіресе иммунитет және бактериология жағдайындағы еңбектері өте бағалы. Және де көптеген ғалымдар микробиологияның дамуына көптеп үлестерін қосты.

1. Микроорганизмдерді жүйелеу және оның маңызы

Микроорганизмдер - көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бір бөлігі - микронмен өлшенеді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін, кем дегенде 400-500 есе үлкейтетін арнаулы аспап - микроскоп қолданылады. Қазір мамандар 800 - 1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскоптарды пайдаланады. Ал жай микроскоптармен көруге болмайтын вирустарды ғалымдар бірнеше он мыңдаған есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоптармен зерттеп жүр.

Микробиологияда қазіргі люминесценттік микроскоптар да кеңінен қолданылады. Әдетте кейбір заттар оларға түскен сәуленің әсерінен ұзындығы басқаша сәуле толқынын шашыратып шығарады. Ал микроорганизмдер клеткасының мұндай қабілеттілігі нашар. Сондықтан оларды алдын ала түрлі флюрохромдармен бояйды. Содан боялған микроорганизмдерді люминесцентті микроскоптармен тірі күйінде оңай зерттеуге болады.

Микроорганизмдер бір жерге топталғанда ғана оларды жай көзбен көруге болады. Бұларды колония деп атайды. Кейде осы колониялардан бактериялардың қай топқа жататынын нақты айтуға болады. Егер түрлі сұйық заттарда, мысалы, пішен тұнбасында, сорпада микроорганизмдер кездесетін болса, онда бұл заттар лайланған тәрізденіп, түстері өзгереді. Микроорганизмдердің ұсақтығы соншалық, мың микробты бір сызық бойына орналастырсақ, не бары бір милиметр ғана болар еді, ал бір метрлік ұзындықты толтыру үшін бұлардың миллион, тіпті одан да көбірегін тізбектеп түзу қажет. Батпақты жерден алынған бір грамм лас судағы микробтардың саны бүкіл жер шарындағы жануарлар мен құстардың санынан асып түседі. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олардың клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланған. Кейде қабық қызметін цитоплазматикалық мембрана атқарады.

Микроорганизмдерді белгілі бір таксондық топқа жатқызбаса олардың негізгі сипаттамасын білу қажет. Микроорганизмдердің сыртқы түрі, оның пішіні, қозғалуы, капсуланың болуы.

Барлық таксономияларды морфологиялық, культуральдық, физиологиялық және биохимиялық белгілермен сипаттайды.

Молекулалық биологияның дамуымен байланысты микроорганизмдерге сипаттама берудің жаңа әдіс - тәсілдері табылды. Бұл микробтар жүйесін жасауға үлкен көмегін тигізді. Микроорганизмдердің тұқымқуалаушылық қасиетін бірден сипаттауға мүмкіндік туды.

Микроорганизмдерде «штамм» және «клон» деген терминдер жиі қолданылады. Әдетте штамм деп әр түрлі немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің әртүрлі культураларын айтады.

Клон дегеніміз бір клеткадан алынған культура. Бір түрдің особтарынын тұратын микроорганизмдер жиынтығын таза культура деп атайды.

Осы кездегі ұсынылып жүрген микроорганизмдер классификациясын жасанды деп айтуға да болады. Ол тұрғыдан қолданылып жүргендер: Н. А. Красильниковтың «Бактериялар мен актиономицеттердің анықтамасы» және В. Д. Скерманның «Бактериялар туыстарының анықтамасы».

Әлемде көп клеткалы және бір клеткалы микроорганизмдерден басқа клеткалық құрылымы жоқ тіршілік иелері - вирустар мен бактериофагтар болатынын жоғарыда айттық . Сонғы жылдары осы организмдерді зерттеуде электрондық микроскоптардың көмегімен бірқатар бағалы деректер алынған.

Өздерінің сыртқы түріне, тіршілік ету жағдайларына қарай микроорганизмдерді мынадай топтарға бөледі : бактериялар, қарапайымдар, микроскоптық саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар және ультрамикробтар - бактериофагтар, актинофагтар . Әр топтағы микроорганизмдер өздерінің белгілі бір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне қарай өз алдына бұдан да кішірек тармақтарға бөлінеді.

2. Бактериялар шамасының өлшем бірлігі

С ыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер - коккалар, таяқша тәрізділер - бактериялар, бациллдар және спираль тәрізділер - вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері - диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері - стрептококкалар.

Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Спора түзуші топтарын - бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды.

Таяқша тәрізділерді бактериялардың клеткаларының орналасуына қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар - екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар - моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Спора түзетін клеткаларды тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.

Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар - үтір тәріздес, екіншісі - спириллалар - бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.

Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткалары диаметрі 1 - 2 микронға тең. Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы 1 - 4 микронға, ені 0, 5 - 1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік.

Табиғатта микроорганизмдердің өте ұсақ тобы - ультрамикробтар да кездеседі. Микроорганизмдердің бұл тобының ішінен бактериофагтар, сүзілуші вирустардың адам өмірінде зор маңызы бар. Вирустардың шамасы миллиметрдің миллиондаған бөлігіне тең, яғни олардың миллимикрондармен немесе микромикрондармен өлшейді.

Бактериялардың сіңісу беті зор. Сондықтан да олар өздеріне қажетті қоректік заттарды тез арада өндіріп ала алады. Органикалық қалдықтарды тез ыдыратудың арқасында, бактериялар олардан өздеріне қажетті энергияны аз уақыт ішінде босатып алады.

3. Микроскоптық саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар құрылысы. Микроорганизмдердің ішіндегі ең үлкен тобы саңырауқұлақтар. Олардың клеткасында хлорофилі болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, дайын органикалық заттармен қоректенеді, хемоорганотрофтар, аэробты организмдер. Оларды Мусоrа деп аталатын ерекше тірі организмдер тобына жатқызады. Бұған нағыз саңырауқұлақтар және шырыштылар немесе миксомицеттер жатады. Қоректік заттар бетіне колония түзіп орналасады. Бактериялардан айырмашылығы олардың құрылысы күрделілеу және көбею тәсілі жетілген.

Саңырауқұлақтар өкілдерін макромицеттер және микромицеттер деп бөледі. Макромицеттерде ірі жеміс денелер болады. Ал микромицеттерде олар болмайды. Миксомицеттер кейбір қасиеттері жағынан саңырауқұлақтарға ұқсас, дамуының белгілі бір циклінде амебаға тән қасиеттер, яғни жалғанаяқтар байқалады. Олар жәй бөліну арқылы көбейеді. Жеміс денесінде споралар да түзіледі. Қолайлы жағдайда олар амебаға ұқсас клеткаға айналады. Осындай кейбір клеткалар бір-бірімен қосылып, зигота түзеді. Микромицеттердің ішінде өсімдіктер паразиттері де бар. Табиғатта кең тараған саңырауқұлақтар өнеркәсіпте түрлі антибиотиктерді, ферментттерді, витаминдерді, бірқатар органикалық қышқылдарды алуда және сырдың ерекше түрлерін (рокфор, шайнама сыр) дайындауда кең қолданылады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі бір-бірімен шатаса орналасқан жіңішке жіпшелерден тұрады. Мұны мицелий деп атайды. Олардың мицелийі буын-буыннан тұрады, бүйір бұтақшалары болады. Саңырауқұлақтар мөлшері жағынан бактериялар мен актиномицеттерден едәуір ірі болады. Гифтерінің диаметрі 5-тен 50 мкм, кейде одан да үлкен.

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мицелийдің өзі бөлек-бөлек клеткаға бөлінбей бір клеткадан ғана тұрады. Мұндай саңырауқұлақтарды фикомицеттер, ал мицелийі клеткаға бөлінгендерін микомицеттер деп атайды. Клетка қабырғасының 80-90 % азотты және азотсыз полисахаридтерден тұрады. Саңырауқұлақтардың клетка сыртында қабығы, ішінде цитоплазмасы бір немесе бірнеше ядролары бар. Цитоплазмада гликоген, волютин сияқты заттардан басқа, белок синтезінің мекені РНҚ-дан тұратын рибосома түйіршіктері орналасады. Осымен бірге мұнда тыныс алу ферменттері шоғырланған митохондрий, лизосома, вакуоль бар. Қоректік қор заттары волютин, липидтер, гликоген және майлардан, көбіне қанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Крахмал болмайды. Саңырауқұлақтардың көбеюі әр түрлі жолдармен жүреді. Жәй, вегетативтік жолмен көбейгенде мицелий бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер қолайлы жағдайда дами бастайды, өсіп бұтақшаланады, сөйтіп жас мицелийлер пайда болады.

Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен көбейгенде мицелийлері үзіліп, одан оидий және хламидоспора түзіледі. Ойдийлар цилиндр, шар және эллипс тәрізді болады. Хламидоспоралар мицелийдің жуандаған жері. Хламидоспоралар тыныштықтағы клеткалар, қолайсыз сыртқы ортаға төзімді. Бластоспоралар мицелийден бөлініп шығады. Пішіні аздап сопақшалау, дрожжыларға ұқсас, бүршіктену арқылы көбейеді. Артроспора мицелийдің сегменттерге ажырауынан пайда болады. Саңырауқұлақтар жынысты да, жыныссыз жолдармен көбейе береді. Жыныссыз жолмен көбейгенде жіпшелерінің ұшында споралар орналасады, ол спорангийлері.

Жыныстық жолмен көбейгенде екі клетка қосылып, спора түзеді. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда спора орналасқан ерекше қапшықтары болады. Спора бар мұндай қапшықтарды аскоспоралар дейді. Ал кейбіреулерінде споралар бүйір өскіндерде яғни базидийларда орналасқан. Жыныстық жолмен көбейген саңырауқұлақтарда екі клетка сырт пішініне қарағанда бірдей болмаса, оларды ооспоралар деп атайды. Жыныстық және жыныссыз жолдармен көбейе алатындары жетілген, ал тек қана жыныссыз жолмен көбейетіндері жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталады.

Кейбір саңыорауқұлақьар қалың қабықпен қапталған гифтер, яғни хламидоспоралар түзуге бейімделген. Сонымен саңырауқұлақтардың биологиясын жете зерттеп білгенде ғана, оның пайдалы жақтарын қолданып, зиянды әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік туатын болады.

Нағыз саңырауқұлақтар негізінен алты класқа бөлінеді:

1. Класс Chytridiomycetes. Бұларға мицелийі мүлде болмауы, ал кейде олардың сыртында кездесуі мүмкін. Бұл класс өкілдері жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Көпшілігі су организмдері, кейбіреуі топырақта өсімдіктердің ткандарында паразиттік тіршілік етеді немесе өсімдіктердің өлі қалдығымен қоректенеді.

2. Класс Oomycetes. Бұларға жыныстық жолмен көбею жатады. Көптеген оомицеттер өзінің тіршілік циклін түгелімен дерлік өсімдікте өткізетін облигатты паразиттер.

3. Класс Lygomycetes. Өзінің даму барысында қозғалу стадиясынан мүлде айырылған организмдер тобы. Бұларға жыныстық көбею басым. Ал жыныссыз жолмен көбею конидийлар немесе спорангийлерде орналасқан споралар көмегімен жүзеге асады.

4. Класс Ascomуcetes. Бұларға көп клеткалы мицелийі бар саңырауқұлақтар жатады. Жынысты жолмен көбейеді.

5. Класс Basidiomycetes. Саңырауқұлақ денелері вегетативті бөлігі мицелийден тұрады.

6. Класс Deuteromуcetes жетілмеген саңырауқұлақтар.

Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтардың басқа микроорганизмдерден айырмашылығы оның зең саңырауқұлақтарының мицелийі сияқты ұзын, бұтақтанатын мицелиінің болуында. Жалпы алып қарағанда, саңырауқұлақтар мен бактериялардағы болатын қасиеттердің актиномицеттерге де тән екендігі белгілі. Қатты қоректік ортада өскен актиномицеттерден оларға тән құрылымдар мен колониялардың бояуын жәй көзбен көруге болады. Бұл колониялардың бір жартысы қоректік орта ішінде орналасса, қалған бөлігі ауа мицелиі түрінде, оның бетінде өсіп- өнеді. Оның ұшында споралар орналасқан бұтақшалар немесе споратасығыштар түзіледі. Спора орналасқан бұтақшалардың бір бөлігімен немесе спораларымен актиномицеттер көбейеді.

Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.

№2 - дәріс

Тақырыбы Микроорганизмдердің физиологиясы

1. Микробтардың химиялық құрамы

2. Қоректену және метаболизм

3. Тыныс алу

4. Өсу және көбею

1. Микроорганизмдердің химиялық құрамы . Тіршілік ету барысында микроорганизмдер де жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және өніп - өседі. Клеткаға келіп түскен қоректік заттар оның қабықшасын және цитоплазмасын құрауға және оның энергия алуына жұмсалады. Ассимиляция және диссимиляция процестері үздіксіз жүріп жатады. Микробтар клеткасы негізінен судан және құрғақ заттардан тұрады. Мұнда су мөлшері 75-85%, құрғақ заттардың мөлшері 15-25% шамасында. Құрғақ заттар түрлі органикалық және минералдық қосылыстар. Сумен құрғақ заттың арақатынасы әртүрлі микроорганизмде түрліше болады.

Су - бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада өте күрделі химиялық процестер жүреді. Судың біраз бөлігі клеткада белоктар, көмірсулар және басқа заттармен байланысып, біраз бөлігі таза бос күйінде кездеседі. Онда клеткаға қажетті минералдық және органикалық заттар ериді. Сонымен бірге, ол клеткада жүретін көптеген химиялық реакцияларға тікелей қатысады.

Микроорганизмдердің құрғақ затында оның тыныс - тіршілігіне қажетті 4 элемент: көміртегі, азот, оттек және сутек бар. Бұл элементтер құрғақ заттың 80-90% алып жатады. Ал қалғандары фосфор, калий, күкірт, кальций, магний, натрий, темір, хлор, марганец және басқалары.

Құрғақ заттың ең негізгі бөлігі - белок . Оның мөлшері құрғақ заттың 80%-не тең. Микробтар клеткасында негізінен (жай протеиндер және күрделі протеидтер) белоктар бар. Жай белоктардағы амин қышқылдары сапасы жағынан жоғары сатыдағы организмдердің амин қышқылдарына өте ұқсас. Микробтар тіршілігінде күрделі белоктардың алатын орны ерекше. Оның құрамында белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын нуклеопротеидтер бар. Микроорганизмдердің өніп-өсуінде олардың зор маңызы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олпрдың өзгергіштігі
Микроб жасушаларының құрылысы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Фагоцитоз туралы түсінік. Фагоциттерге жататын жасушалар, олардың қызметтері, фагоцитоздың негізгі сатылары
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Иммунологиялық кезең
Бактерия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz