Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ТАРАУ. ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Сабақта оқушылардың шағармашылық қабілетін

дамыту жолдары . . . 7-10

1. 2. Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті

қалыптастыру . . . 11-13

1. 3. Өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын әдіс тәсілдер . . . 14-16

1. 4. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың

ғылыми -теориялық негіздері . . . 17-20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 22

КІРІСПЕ

Курыстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: . ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.

Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы түрлі ғылым салалары - философия, педагогика, психология, лингвистика т. б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен шығармашылық дарындылық - экономикалық өркендеу кепілі.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ж. Баласағұн және қазақ ойшылы А. Құнанбаев, философтар Ғ. Есім, Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, М. Орынбеков еңбектерінен кең орын алған. Сонымен бірге шетел философтары Платон, Гегель, И. Фихте, Декарт, Д. Дьюи, И. Кант, Г. Лейбниц, Б. С. Гершунский және т. б. еңбектерінде жан-жақты талданған.

Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж. А. Қараев, С. Қ. Қалиев, Ш. Т. Таубаева, К. Ж. Қожахметова, К. Оразыханова, Б. А. Тұрғынбаева, М. М. Жанпейісова, Ә. С. Әмірова, К. М. Нағымжанова, Д. Н. Исабаева және т. б. зерттеген.

Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Мектеп оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.

Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.

Біз зерттеу жұмысымызда өзін-өзі тану абағын алып отырған себебіміз, жекеадамның шығармашыл тұлға ретінде дамуына бұл пәннің мәні зор.

Зерттеудің көкейтестілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы - креативті даму мен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген шығармашылық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.

Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін саралап, зерделеу нәтижесінде төмендегідей қарама-қайшылықтар туындады:

қоғамға мәселелерді жүйелі, ретімен және сапалы шешуге қабілетті шығармашыл белсенді тұлғаның қажеттілігі мен тұлғаның шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үдерісінің тиімділігін арттыратын педагогикалық жағдайлардың жеткіліксіздігі;

Мектеп оқушыларының игеруі қажет білім деңгейіне қойылатын талаптардың артуы, оларды қолдануға дайындығы мен бастауыш мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру жүйесінің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмауы;

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әлеуметтік мәні мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткілікті деңгейде жасалынбауы;

Оқушылардың шығармашылық әрекеттерін объективті түрде бағалау қажеттілігі мен Мектеп оқушыларының шығармашылық әрекет нәтижелерін бағалау үшін қолданылып жүрген педагогикалық құралдардың жеткіліксіздігі.

Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің курыстық жұмысымыздың тақырыбын «Өзін - өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс -әрекеттерін ұйымдастыру » деп таңдауымызға негіз болды. Курстық жұмыстың мақсаты: Оқу үрдісінде өзін - өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс - әрекеттерін ұйымдастыруда ғылыми тұрғыда негіздеу және әдістемелік жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, әдіс-тәсілдерін меңгеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету
  • Оқушылардың өздеріне деген сенімділігін, жауапкершілігін, бірегейлігін қалыптастыру.
  • Оқу үрдісіне қатысушылардың қарым - қатынасында оқушы белсенділігіне сол өзіндік жұмысты ұйымдастыруда пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
  • жаңа технологияның ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде зерттелу деңгейін анықтау;
  • оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталған жаңа технологияның ұйымдастыру;
  • Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпе қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Курстық жұмыстың нысаны: Оқушының шығармашылық қабілетін тану.

Курстық жұмыстың жаңалығы: : Оқушыны шығармашылық іс -әрекетке баулуда оқу процесін гуманизациялау идеасын қолдану және оны жүзеге асыру бағытында бірқатар ғылыми -әдістемелік жұмыстарды, Ресейлік және Қазақстандық ғалым педагогтардың (С. Н. Шиянов, Л. В. Хазова, А. А. Столяр, А. А. Бейсенбаева, М. Ж. Жадрина, Х. М. Рахымбекова және т. б. ) ғылыми зерттеулерін атауға болады.

Өзін - өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық -адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осылай қарапайым ақиқатына- жақсы адам болуға балтаны жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор . Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процессті ұйымдастыра алады

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады

1. ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1. Сабақта оқушылардың шағармашылық қабілетін дамыту жолдары

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілмен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды сөйлесуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамың рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Оқушының оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі - бұл жылдар бойы көптеген ғылым - психологтардың, педагогтардың, практик мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.

Олар:

1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу;

3. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы мақсатым - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қыйын терең ісі - деп атап көрсете келіп, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар. »

•Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

•Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;

•Шығарма шағын әңгіме құру;

•Сөз жұмбақ құру, шешу;

•Қиялдау арқылы сурет салу;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенде келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» - деп түсіндіріледі. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтерем деп есептейді. Ол пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Соңғы жылдары «Шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатаң «бастамалылық, белсенділік ұғымдары» астарлас қолданылып жүр.

Оқушылардың шығармашылығын

дамыту жалпы шығармашылық

үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Кейінгі кездерде оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім және тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап қалыптасып келеді. Оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктерімен педагогикалық әдістері жан-жақты талданып, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындайды. Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан балалардан жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады.

Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторларда кездесіп қалады. Негізінде талантты арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе дарындылық ақыл-ой қызметі ең жоғары дәрежесімен сипатталады. Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санасында, іс -әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның «әрекет»

ұғымымен тығыз байланысты екені анықталады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастық құрайды. Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Оқушылардың шығармашылық процестерінің әр кезеңінде әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәтте шығармашылыққа деген күдік шығармашылық елес орын алады. Әрине шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жату мүмкін. Дегенмен тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың тиімді жолы белгілі бір нәтиже алуға бағытталған тұлға.

Шығармашылық тапсырманы шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Оқушылардың шығармашылық ісмерліктерін дамыту олардың сын пікірін қалыптастырумен тығыз байланысты. Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, Олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі.

Мектеп жасындағы оқушыларды өзін- өзі тану пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. Өзін- өзі тану пәні адамның өз ортасының әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншелекке баулиды.

Өзін- өзі тану пәні орта мектептерде алатын орны ерекше. Әрбір оқушы өзін- өзі тану пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

1. 2. Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәні сабақтарында театр қойылымдары арқылы оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДА РЕФЛЕКСИВТІ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны оқыту әдістемесіндегі оқушылардың танымдық даму мәселесінің қазіргі жағдайы
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz